А.

Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

ӘОЖ 811.512.122′373.1

Қолжазба құқығында

МАҚҰЛБЕК АЗАМАТ БОЛАТБЕКҰЛЫ
ҚАЗАҚ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ФОНОСЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

10.02.02 – қазақ тілі

филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:
филология
ғылымдарының
докторы, профессор
К.Ш.Хұсайын

1

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
Қазақ тіліндегі халықтық географиялық терминдердің
фоносемантикалық сипаттамасы
7
1.1 Халықтық географиялық терминдерді фоносемантикалық тұрғыдан
қарастырудағы глоттогенез мәселесінің рөлі
8
1.2 Физика-географиялық апеллятивтердің фоносемантикалық
сипаттамасы
26
1.3 Жер бедері (орографиялық) апеллятивтерінің фоносемантикалық
сипаты.
47
2. Қазақ топонимдерінің этимологиялық фоносематикасы
65
2.1 Қазақ тіліндегі дыбыс еліктеуіш топонимдерді фоносемантикалық
сипаты.
65
2.2 Қазақ тіліндегі дыбыс символикалы гидронимдердің
фоносемантикалық этимологиясы
83
2.3 Қазақ оронимдерінің этимологиялық фоносемантикасы
105
Қорытынды
120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
122
1.

2

КІРІСПЕ
Адам тіліндегі сөздердің дыбыстық тұлғасы мен олардың мағынасы
арасындағы байланыс мәселесі лингвистерді өте ерте заманнан бері
қызықтырып келе жатқаны белгілі. Көне грек философы Гераклит пен
Демокрит дыбысталған сөз бен оның мағынасы арасындағы байланысы
жөнінде пікірталас жүргізген. Платон жекелеген дыбыстар мен аталған
заттардың сипаттары арасында ассоциация, яғни байланыс бар деп есептеген.
Дыбыстық символика құбылысы әлемнің барлық тілдерінде кездеседі
және лингвистикалық әмбебап қатарына жатады. Сондықтан да болуы керек
осы мәселе көрнекті лингвистер назарында болып келді.
Дыбыс бейнелеуіш сөздер құбылысы Э.Сепир, Н.И.Ашмарин,
И.М.Коржинек, В.Скуличка, Х.Марчанд, Р.Якобсон, А.А.Леонтьев,
В.В.Левицкий,
А.М.Газов-Гинзберг,
А.П.Журавлев,
И.Н.Горелов,
Ж.М.Петерфальви, С.В.Воронин, А.М.Шахнарович, Б.М.Журковский,
А.Н.Журинский,
Е.А.Гурджиева,
Г.Е.Корнилов
т.б.
ғалымдардың
зерттеулерінде қарастырылды.
Дыбыс бейнелеуіш сөздер біршама түркі, тұңғыс - манжұр, палеоазит,
финно - угор, кушит, чад, корей, хинди, жапон, эстон, славян т.б. тілдер
материалдары негізінде М.Ф.Фазылжановтың [1], Г.А.Пактың [2],
А.Ц.Германовичтың [3], М.Худайкулиевтың [4], К.Е.Черевко [5],
В.А.Горцевскаяның [6], А.Йоханессонның [7], А.М.Газов - Гизбергтың [8],
З.К.Иилмухаметовтың [9], Э.А.Вельдидың [10], В.А.Чернышевтың [11],
Н.И.Ашмаринның [12], Л.В.Шагдаровтың [13], В.В.Левицкийдың [14],
В.И.Гореловтың [15], А.П.Журавлевтың [16], Г.Е.Корниловтың [17] т.б.
ғылыми еңбектерінде зерттелді.
Тіл білімінде ХХ - ғасырдың 80 - ші жылдарынан бастап пайда болған
фоносемантика бағыты С.В.Ворониннің есімімен байланысты. С.В.Воронин
ұсынған фоносемантикалық талдау (сараптау) әдісі түрлі тілдер негізінде
И.В.Братусьтың [18], О.А.Казакевичтың [19], Т.Х.Койбаеваның [20],
А.Ю.Афанасьевтың [21], Е.И.Кузнецованың [22], Э.А.Вельдидің [23],
И.А.Мазанаевтың [24], Л.Ф.Лихоманованың [25], К.Ш.Хусаиновтың [26]
және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қолданылды.
Қазақ тіл білімінде дыбыс еліктеуіш сөздер А.И.Ысқақов [27],
Ш.Ш.Сарыбаев [28], А.Т.Қайдар [29], Б.Ш.Қатембаева [30], С.Р.Ибраев [31]
еңбектерінде зерттелді. Осы ғалымдардың зерттеулерінде дыбыс еліктеуіш
сөздер лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғысынан,
яғни сөз тобы ретінде қарастырылды.
3

Дыбыс бейнелеуіш (дыбыс еліктеуіш) сөздердің зерттелу тарихының
екінші кезеңі К.Ш.Хұсайынның еңбектерінен бастау алады. Профессор
К.Ш.Хұсайынның зерттеулерінде бұл мәселе бүгінгі тіл білімінің жаңа
талаптарына сай, озық әдістемелер негізінде жаңа қырынан зерттелді. Атап
айтсақ: «К.Ш.Хұсайын еңбектерінде қазақ тілінің бейнелеуіш сөздері
фоносемантиканың теориялық қағидалары мен әдістемелері негізінде 9500ден астам бейнелеуіш түбір және негіз дериватив сөздерді, қырықтан астам
туыс және туыс емес тілдердің (түркі, тұңғыс-манчжур, үндіеуропалық,
семиттік тілдер) негізінде олардың экстралингвистикалық сипаты ескеріле
отырып, салыстырмалы типологиялық түрде зерделенген. Нәтижесінде,
тіларалық генетикалық және типологиялық сәйкестіктер айқындалып,
дыбыстардың астарлы табиғаты психолингвистика теориясы қағидалары
негізінде сарапталған» [32,16].
К.Ш.Хұсайынның жаңа бағыттағы фоносемантика теориясы саласындағы
ізденістері шәкірттері С.А.Өткелбаева [33], А.Ислам [34], М.Жұбанова [35]
еңбектерінде өз жалғасын тапты.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілінің еліктеуіш сөздері морфологиялық
жағынан қарастырылып жүйеленгенімен және де фоносемантика ғылымы
негізінде жаңаша үрдісте зерделенгенімен, қазақ тілі сөздік қорының
көптеген лексика-семантикалық, тақырыптық және категориялық топтары
осы тұрғыдан әлі зерттелмеген. Жалқы есімдер категориялық топқа жататын
қазақ топонимдері мен негізгі сөздік қорындағы географиялық апеллятивтер
фоносемантика теориясы тұрғысынан арнайы зерттеу нысаны ретінде қазақ
тіл білімінде күні бүгінге дейін қарастырылмаған. Ғ.Ж.Ермекбаевтың
диссертациялық еңбегінің шағын тараушасында тек орографиялық
апеллятивтер – жер бедері атауларының фоносемантикалық сипаттары
зерделенген.
Ал, қазақ тілінің топонимиялық және географиялық терминология
қорында өте көне, ежелгі сөздер «консервіленген» түрінде сақталғанын
ескерсек, олардың фоносемантикалық болмысын және сипаттарын ашу
барысында глоттохрония сырларының шет жағасы ашылатыны күмәнсіз.
Сонымен бірге дыбыстық символика құбылысының зерттеу нысаны бүгінге
дейін тек жалпы сөздер болғандықтан, жалқы есімдер шеңберінде
жүргізілген фоносемантикалық ізденістер жаңа, тың деректер беретіні дау
тудырмайды.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі және топонимдер мен географиялық
терминдердің фоносемантикалық талдау нәтижесінде айқындала түсетін
жалпы дыбыстық бейнелуіштік табиғатының жаңа қырларын ашу
мүмкіндіктерінен туындайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі сонымен бірге жалпы тіл біліміндегі
антропоөзектік бағытқа сәйкес дыбыс бейнелеуіштік тіл табиғатын адам
болмысымен, оның қимыл әрекетімен ұштастыра талдаумен айқындалады.

4

Зерттеу нысаны. Фоносемантикалы (дыбыс бейнелеуіш) сипаты бар
қазақ тіліндегі гидронимдер мен оронимдер және орографиялық,
гидрографиялық апеллятивтер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі
мақсаты – қазақ оронимдері мен гидронимдердің, орографиялық және
гидрографиялық терминдерінің фоносемантикалық сипатын, этимологиялық
фоносемантикасын ашу.
Аталған мақсат мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:
-халықтық географиялық терминдерін фоносемантикалық тұрғыдан
қарастырудағы глоттогенез мәселесінің рөлін айқындау;
-гидрографиялық апеллятивтердің фоносемантикалық сипаттамасын
анықтау;
-жер
бедері
атауларының
(орографиялық
апеллятивтер)
фоносемантикалық сипатын талдау;
-қазақ тіліндегі дыбыс еліктеуіш топонимдердің фоносемантикалық
сипатын айқындау;
-қазақ тіліндегі дыбыс символикалы гидронимдердің фоносемантикалық
этимологиясын ашу;
-қазақ оронимдерінің этимологиялық фоносемантикасын сипаттау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Қазақ тіл білімінде
арнайы түрде қазақ топонимдері мен географиялық терминологиясы
фоносемантика теориясы тұрғысынан алғаш зерттелді.
Фоносемантика ғылымының талаптарына сәйкес, озық әдістер мен
тәсілдер негізінде жұмыста бірінші рет төмендегі өзекті мәселелер өз
шешімін тапты:
-қазақ топонимдері мен географиялық терминдердің дыбыс еліктеуіш
және дыбыс бейнелеуіш сипаттары анықталды;
-тілдің пайда болу дәуіріндегі идеофон мен имитатив табиғатының кейбір
қырлары мен сипаты қарастырылған материалдар негізінде айқындалды;
-зерделенген материалдар негізінде глоттогенез мәселесі фоносемантикалық тұрғыдан қарастырылды;
-дыбыс еліктеуіш пен дыбыс символикалы сөздердің айырым белгілері
мен ерекшеліктері анықталды;
-фоносемантикалық талдаудың әдіс тәсілдері нақтыланды;
-кейбір топонимдердің фоносемантикалық этимологиясы анықталды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Қазақ тіл
біліміндегі фоносемантика теориясының ғылыми негізін айқындау, оның
ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін топонимика (ономастика) саласында
пайдалану мүмкіндігі зерттеудің теориялық маңыздылығы мен практикалық
мәнділігі болып табылады.
Зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар
фоносемантика, ономастика, психолингвистика, тілдер типологиясы
мәселелерін жан-жақты зерделеуге, олардың теориялық қағидаларын қазақ
тілі деректері негізінде дәйектеуге көмектеседі.
5

Зерттеудің нәтижелері мен материалдарын фоносемантика, ономастика,
жалпы тіл білімі, топонимика, лингвистикалық типология пәндері мен ғылым
салаларын оқытуда, топонимикалық және де басқа сөздіктер құруда
пайдалануға болады.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу барысында жинақтау,
сипаттау, жүйелеу, салыстыру және алты операциядан (тәсілден) тұратын
С.В.Воронин ұсынған фоносемантикалық талдау әдісі жұмыста кеңінен
қолданыс тапты. Сонымен бірге индкутивтік, жүйелеу, сипаттама,
салыстырмалы, салғастырмалы т.б. тісіл мен әдістер қолданылды.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
-қазақ тілінің географиялық терминология және топонимиялық сөз
қорындағы дыбыс бейнелеуіш сөздер идеофон және имитатив сипаттарына
ие;
-тілдің пайда болу дәуіріндегі бір буынды идеофондар мен имитативтер
түбір-негіз ретінде лексикаланған, грамматикалық формаларға енген туынды
сөздер құрамында сақталған;
-жер бетінен биікте жатқан табиғи нысан атауларының фоносемантикалық
сипаты мен имитативтік бейнесі еріндік дыбыстардың символизміне
негізделген;
-дыбыс еліктеуіш топонимдер қатарындағы атаулардың түбірі
имитативтік сипатта болған, яғни түбір құрамындағы әр идеофон және
түбірдің өзі табиғи дыбыстарға, үннің шығуына еліктейді;
-дыбыс символикалы гидронимдердің түбірлер құрамындағы фонемалары
(идеофонемалар) өздерінің артикуляциялық ерекшеліктері арқасында
синестезия, синестемия негізінде судың (ағынның, өзеннің) түрлі визуальді,
тактильдік, сенсорлық, акустикалық сипаттарын фоносемантикалық деңгейде
бейнелейді;
-фоносемантикалық талдау негізінде қазақ оронимдерінің тұлғасындағы
түбірлердің имитативтік, дыбыс символикалы сипатын, болмысын
айқындауға болады.
Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы.
Зерттеу жұмысының құрылымы. ... беттен диссертациялық зерттеу
кіріспеден, әрқайсысы үш бөлімнен тұратын екі тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

6

1. Қазақ тіліндегі халықтық географиялық терминдердің
фоносемантикалық сипаттамасы
Халықтық географиялық терминологияның қазақ тілінің сөздік
қорындағы орны ерекше деп айтуымызға болады. Олай дейтініміз
біріншіден, қазақ халқының географиялық терминологиясы аса бай болып
келеді, екіншіден, көптеген халықтық географиялық терминдер түпкі сөздік
қорды құраушы өте көне лексикалық бірліктер болып табылады, үшіншіден,
халықтық терминдер қазақ тілінің құрылымымен тығыз байланысты,
төртіншіден, қазақ халықтық географиялық терминологиясы халықтың сан
ғасырлық тарихымен, мал шаруашылығын ұйымдастыру жүйесімен, табиғат
жағдайларымен және халқымыздың этноэкологиялық негіздерімен өзара
берік байланыста.
Жоғарыда аталған қазақ халықтық географиялық терминдерінің
(атауларының) жан-жақты сипатына қарай осы лексикалық бірліктерді түрлі
тұрғыдан қарастырып, тарихи лексикология, морфология, этникалық
(этнологиялық) топонимика, фоносемантика, глоттогенез және т.б. ғылыми
арналарда зерделеуге болады.
Халықтық географиялық терминдердің топонимикалық зерттеулердегі
маңызы өте зор, себебі халықтық терминдер көптеген қазақ жалқы
географиялық есімдерінің негізгі тілдік тірегі болып табылады,
топонимикалық сөздік құрамына кіреді, топонимдердің мән-мағынасын
ашып беретін атаулар болып келеді. Белгілі географ, топонимист-ғалым
Э.М.Мурзаевтың байқауынша: «Терминдер – топонимиканың негізі, олар
географиялық атаулардың мағыналық мазмұнын анықтайтын бөлігі болып
табылады... кез келген топонимикалық зерттеу халықтық географиялық
терминдерді талдаудан басталуы қажет, сондай - ақ қазіргі түбірлі
(субстратты) жергілікті терминология міндетті түрде ескерілуі қажет» [38,9899].
Қазақ
тіліндегі
халықтың
немесе
жергілікті
географиялық
терминологияның географиялық, топонимиялық қырлары жекелеген
еңбектерде біршама қарастырылды. Осыдан жарты ғасыр бұрын жазылған
Ғ.Қоңқашбаевтың көлемді мақаласында қазақ топонимдерінің құрамында
кезедесетін және де дербес қолданыстағы көптеген халықтық (жергілікті)
терминдердің географиялық сипаттамасы берілген [37]. Қазақ географиялық
терминдері басқа түркі халықтарының географиялық терминологиясының
құрамында Э.М.Мурзаевтың еңбектерінде талданды [38].
7

Қазақ халқының географиялық терминдері арнайы зерттеу нысаны
ретінде қарастырылмағанымен, қазақ ғалымдарының еңбектерінде,
сөздіктерінде, мақалаларында сөз етілді. Мәселен, қазақ топонимдерінің
құрамында кездесетін терминдердің этимологиясы А.Әбдірахмановтың
«Топонимика және этимология» монографиясында [39] берілген, проф.
Т.Жанұзақтың «Очерк казахской ономастики» атты монографиясында [40],
Қ.Рысбергеннің «Историко-лингвистическое исследование топонимов
Южного Казахстана» атты еңбегінде [41], Е.Қойшыбаевтың «Қазақстанның
жер-су аттары» сөздігінде [42], Ә.Нұрмағанбетұлының «Жер-судың аты –
тарихтың хаты» кітабында [43], В.Н.Попованың «Словарь географических
названий Казахстана, Павлодарская область» сөздігінде [44], академик
Ә.Қайдар мен Е.Д.Керімбаевтың «Этнолингвистические аспекты казахской
ономастики» атты мақаласында [45], Б.Тілеубердиевтің «Оңтүстік Қазақстан
топонимдерінің этнолингвистикалық лексикасы» [46] монографиясында
біршама қарастырылған. Қазақ орографиялық терминологиясы, яғни жер
бедері атаулары Е.Ә.Керімбаевтың «Лексико-семантическая типология
оронимии Казахстана» атты тақырыпта жазған кандидаттық диссертациясында қарастырылды [47]. Осы және де басқа еңбектерде қазақ тілінің
географиялық халықтық терминологиясының түрлі лексика-семантикалық
топтары, тарихи-лингвистикалық, этнолингвистикалық, этимологиялық,
құрылымдық, мазмұндық, ақпараттық т.б. қырлары (аспектілері) сөз етілді.
Қазақ тіліндегі халықтық географиялық терминдердің ғылыми-теориялық
маңызы жоғарыда көрсетілген аспектілермен шектелмейді, себебі
географиялық терминдердің семантикалық ауқымы өте кең, басқа тілдерді
қамтитын фоно-морфологиялық және мағыналық параллельдері айтарлықтай
фоносемантикалық сипатта болып келеді.
Қазақ тіліндегі біршама жер бедерінің атауларының, фоносемантикалық
сипатын
алғашқылардың
бірі
болып
Ғ.Ж.Ермекбаев
зерттеді.
Ғ.Ж.Ермекбаевтың «Жер бедері атаулары (семантикалық, морфологиялық
талдау
және
фоносемантикалық
сипаттама)»
атты
кандидаттық
диссертациясында жер бедері атауларының бұрын - соңды сөз етілмеген
дыбыстық бейнелеуіштік, яғни дыбыстық символизмдік ерекшеліктері
қарастырылған [48].
Географиялық жалпы атаулардың фоносемантикалық табиғаты адамның
бастапқы, «алғашқы» сөздік қорының белгілі бір бөлігін құрайды деген
пікірге немесе болжамға жетелейді, сол себепті глоттогенез негізінде тілдің
пайда болуы, шығуы мәселесіне қатысты қазақ тіліндегі халықтық
географиялық терминдерді зерделеуге болады.
1.1 Халықтық географиялық терминдерді фоносемантикалық
тұрғыдан қарастырудағы глоттогенез мәселесінің рөлі

8

«Алғашқы» немесе бастапқы сөз қорының белгілі бір бөлігін
ғалымдардың пікірінше жергілікті (халықтық) географиялық терминдер,
«алғашқы сөздер» құраған. Э.М.Мурзаевтың байқауынша, көне адамзат
өзендер мен көлдерді, бұлақты т.б. су нысандарын су деп атаған, тауды тау
деген, демек алғашқы адамзат қауымының топонимиясы, яғни жер-су
атаулары халықтық (жергілікті) географиялық сөздер (терминдер) болып
келген [36,122]. Алғашқы жер-су атаулары тілдің шығу дәуірінде адамзаттың
қауымдастық тіршілігі үшін бірінші кезекте үлкен маңыздылыққа ие болған.
Сол себепті халықтық географиялық терминдерді глоттогенез, яғни тілдің
шығуы мәселесіне қатысты қарастыруымызға болады.
Кеңестік дәуірде тілдің шығуы еңбек процесімен байланысты Маркстік
теорияда қаралды [49,438-443; 50,306-316]. Маркстің теориясы тілдің пайда
болуындағы еңбектің рөлін көрсетеді, алайда дыбыстық тілдің шығуын өте
қарапайым «теория трудовых выкриков», яғни еңбек, қимыл - әрекеттердің
барысында шығарған дауыстармен байланысты «теориямен» шектейді.
Аталмыш «теория» дыбыстық тілдің жасалу механизмін, оның негізгі
«материалдық» табиғатын ашып көрсетпейді.
Атақты кеңес ғалымы Н.Я.Марр өзінің яфеттік теориясында тілдің пайда
болуының бейнелеуіштік табиғатын теріске шығарады. Н.Я.Маррдың
пікірінше: «Біз адамзат тілінің пайда болуындағы дыбысқа еліктеудің қандай
болмасын рөлін дәріптейтін адасушылыққа осы бастан тыйым салуымыз
керек... Тілдің шығуы кезінде адам өзі пайымдаған әлде бір құбылыстардың
дыбыстық еліктеуіштік белгісін таңбалайтындай сөз мөлшерінің де
болмағаны факт емес пе?» [51,2-199]. Н.Я.Маррдың пайымдауынша,
дыбыстық тілдің пайда болуында ым-ишаралардың рөлі өте зор: «Адам тілі
дыбыстық тілден бастау алмайды. Дыбыстық тіл-ым-ишаралық немесе көп
сызықтық тілдің жалғасы» [51,3-73].
Кеңестік дәуірде орын алған осындай тілтанымдық теориялар жөнінде
А.М.Газов-Гинзберг былай деп жазды: «Бұл теориялар тіл материалының
пайда болуы, сөздің жасалу тетіктері мәселесімен айналыса отырып,
шындығына келгенде тілдің келіп шынды мәселесімен шұғылданған жоқ.
Келесі жағынан алғанда, сөздің келіп шығуы шарттарына белгілі бір
анықтама беретін марксизм – ленинизм классиктерінің еңбектерінде тіл
материалының пайда болуы туралы, дыбыстық мағынамен құру тетіктері
туралы мәселе тікелей қозғалмайды» [52,4].
А.М.Газов-Гинзберг өзінің «Был ли язык изобразителен в своих истоках»
(М., 1965) атты монографиясында және де басқа еңбектерінде семит
тілдеріндегі және басқа төрт туыс емес тілдік семьяларындағы дыбыс
бейнелеуіш түбірлерді салыстыра келе, тілдің пайда болуындағы дыбыс пен
мағынаның байланыстылығын көрсеткен. Чуваш ғалымы Г.Е.Корнилов
өзінің зерттеулерінде идеофон және имитативтер символикалық түрде дыбыс
бола тұра, жанды немесе жансыз объектілерді бейнелей алады, - деген пікірді
дәйекті түрде ұсынды. Адамның сөйлеу тілінің алғашқы пайда болуында
имитативтердің үлкен рөлі мен мәні жөнінде Г.Е.Корнилов былай дейді:
9

«Адам сөзіне өзіндік бір бастау құра отырып, имитативтер әрмен қарай,
өзіміз көріп тұрғанымыздай, сөзсіз ретте артқа шегіншектей түсу тиіс болды»
[53,14]. Г.Е.Корниловтың пікірі бойынша, «имитатив – бейнелейтін заттың
сапасы, қасиеті, соған тән белгісі туралы түсінікті білдіретін музыкалық
бейне. Имитатив деп дыбыс пен дыбысталуға еліктеуді түсінбеу керек,
имитатив дыбыс пен дыбысталудың көмегімен бір затқа, іс-әрекетке, сапаға
еліктеуді білдіреді» [53,59]. Сонымен қатар ғалым қазіргі ұлттық тілдердегі
фонемалардың мағына айырғыштық қызметі мен адамзат сөйлеуінің алғашқы
қалыптасуы, дамуы кезіндегі дыбыстардың мағынаны көрсете білу қызметі
арасындағы генетикалық байланысты табуға тырысады [54,41].
Тіл білімінде ХХ-ғасырдың 80-жылдарынан бастап пайда болған
фоносемантика бағыты С.В.Ворониннің есімімен тығыз байланысты.
С.В.Ворониннің еңбектерінде тілдің пайда болуы мен дамуындағы дыбыс
бейнелеуіш құбылысының рөлі жөнінде де сөз етіледі.
Ғалым тілдегі дыбыс бейнелеуіш жүйесін екіге бөліп қарастырады:
1) дыбыс еліктеуіш сөздер жүйесі;
2) дыбыс символикалы сөздер жүйесі [55,22].
Қазақ халықтық географиялық терминдердің құрамында дыбыс еліктеуіш
және дыбыс символикалық сөздер кездеседі, сол сөздердің біразын
«алғашқы» сөздер ретінде тануға болады, себебі осы сөздерге жататын
табиғи нысан атауларының тұлғаларында (формаларында) фонемотип
(С.В.Воронин) немесе имитативтерден үлкен семантикалық жүк бар екенін
көреміз.
Ежелгі Грекия философы Платонның еңбегінде жеке дыбыс пен
заттардың қасиеттері арасындағы ұқсастық идеясы бар екендігі туралы
айтылған. Платонның пікірінше: «/r/ дыбысы – қозғалысты, /І/ жұмсақтықты, /і/ - жіңішкелікті, /а/ - үлкендікті, /е/ - ұзақтық пен шексіздікті
бейнелеуге икемделген» [55,471-475].
Сократтың пікірінше, алғашқы сөздерде дыбыстар заттың сипаттарын
бейнелеген: «Ең алдымен rein “ағу” сөзінен туындайтын өзен, ағысты жер
(roe) есім сөздері r дыбысының арқасында ұмтылысқа, қарқынға еліктейді;
соңынан діріл (tromos), жүгіріп өту (treichen), сондай-ақ ұсақтау (kroyein),
қирату (trayein), жырту (ereikein) сияқты етістіктер де – бұлардың барлығы r
дыбысына орай мәнерлі, бейнелеуіш сипатқа ие болып отыр. » [56,101].
Көне заманнан бері қазіргі тілтанымға дейін және қазіргі кезеңде
фоносемантика бағыты өркендей бастаған жағдайда сөздегі дыбыс пен
мағына байланысы көптеген ғалымдарды толғандырды. Дыбыстағы заттың
(аталған нысанның) символикалық немесе еліктеуіш көрінісі кейбір
ғалымдар тарапынан тілдің пайда болу мәселесімен байланысты қаралды.
Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілінің негізгі сөздік қорында сақталып қалған
кейбір географиялық терминдерді еліктеуіш және де дыбыс символикалық
сөздер ретінде «алғашқы» сөздер қатарына жатқызуымызға болады.
Бастапқы немесе «алғашқы» сөздер дыбыс бейнелеуіш сөздер болғаны
жайында академик Ә.Қайдар былай жазады: «Бағзы заманда дыбысты
10

елестетудің өте көне ең қарапайым түрі әрбір тілде тек бір ғана дауысты
дыбыстың көмегімен жүзеге асса керек және осылай болуы күмәнсіз де.
Демек, о баста ата-бабаларымыздың қоршаған ортадағы дыбысты елестету
қабілеті өте бір жақты, жалпылама, яғни сөйлеу тіліндегі /а/, /ә/, /о/, /ө/, /е/,
/ұ/, /ы/, /і/ секілді дауысты дыбыстар негізінде дүниеге келген. Мысалы, ы
дыбыс символикасы қоршаған ортадағы кез келген ұқсас дауысты дыбысқа –
адам ауызды жартылай ашқанда айтылатын фонемаға сәйкес келген. Өз
кезінде бұл дыбысты елестету нені білдірді? Ол туралы тек қазақ тіліндегі
«ы»-дан пайда болған туынды негіздерді зерттеу арқылы ғана жорамал жасай
аламыз» [57,170-171].
Өте көне географиялық терминдердің құрамында ілкі еліктеуіш түбір
сақталғанымен, тілдің эволюция барысында ол түбір – дыбыс бейнелеуіш
тұлға дербес қолданудан қалады, себебі «құбылысқа еліктеудің мәні мен
мағынасына, табиғатына қарай, дауысты дыбысқа үнемі дауыссыздар
үстемеленіп жалғанып отырған» [57,174]. Еліктеуіш негіздердің құрамдық
дамуы бірнеше тарихи сатыдан өтіп, ұзақ кезеңдерді өткізгенін ескерсек,
қазақ тіліндегі көне деп саналатын географиялық терминдердің тілдік
тұлғасынан ілкі еліктеуіш түбірді тауып алып, оны фонемотип немесе
идеофон, имитатив сипатында қарастырып, фоносемантикалық сипаттамасын
бере аламыз. Басқаша айтқанда, тілдің пайда болған кезеңде туындаған
«алғашқы» сөздер ретінде географиялық терминдер таза, дербес күйінде күні
бүгінге жетпеуі мүмкін, бірақ ілкі бейнелеуіш түбірді сондай көне терминдер
өз морфемдік (морфологиялық) құрамында сақтап қалған.
Бастапқы, ең көне, «алғашқы» еліктеуіш сөздердің ілкі түбірлері мен
негіздері дыбыстың символикалық қасиетін сақтай отырып, кейінгі туынды
негіздердің жасалуына іргетас болған көрінеді. «Ілкі түбірге, - деп жазады
Ә.Қайдар, - әрбір жаңадан жалғанған грамматикалық формант оған жаңа
мағына үстемелейді, өзі бейнелеп, образды елестетіп отырған құбылысты
нақтылай, тиянақтай түседі, осылайша еліктеуіш сөз бірте-бірте тілдің
кәдімгі лексикалық бөлшегіне (единица) бір табан жақындайды» [57,175].
Академик Ә.Қайдардың пікірінше, дыбыс бейнелеуіш сөздік қоры «...
оның дамуындағы едәуір ежелгі кезеңі өнімдеріне қатысты болып келеді.
Мұнда адамның образды түсініктері, сезімдік түсініктері мен сезімдері,
психологиялық және өзіне де қабылдауларының алуан түрлерін қоса
алғандығы дыбыстық символдары туралы нақты немесе жалпылама білдіру
тәсілдері, дүниетанымы мен ойлау образдарының ерекшеліктері, табиғаттағы
көру, есту, түс-түстік, қозғалыс құбылыстары, сондай-ақ адамның өз
әрекеттері көрініс тапқан» [57,169].
Ә.Қайдар монографиясында берілген сөздікте бір буынды ілкі түбірлер
құрамында жетпіске жуық географиялық апеллятивтер, топонимдер
санатында кездесетін мағынасы күңгірттенген түбір элементтері ұшырасады.
Тілдің пайда болу дәуіріндегі «алғашқы» сөздердің, бүгінгі қазақ
халықтық географиялық терминдердің сол тіл шығу кезеңіндегі күйі, өмір
сүру формасы имитатив теориясы (Г.Е.Корнилов) және фоносемантика
11

теориясы (С.В.Воронин) тұрғысынан қарастырылып отыр. Имитатив және
фоносемантика теориялары глоттогенез, ностратикалық тілдер мәселелерінің
жаңа қырларын ашуда өз септігін тигізері анық.
Қазақ халықтық географиялық терминдерінің құрамында кездесетін өте
көне сөздердің, олардың тілдің алғашқы шығу дәуірінде пайда болғанын
көрсететін дәйекті және жанама сипаттамаларына жататын мына белгілерді
атап кетуімізге болады: 1) олар, әдетте, бір буынды ілкі түбірлі сөздер болып
келеді; 2) географиялық термин ретінде бірнеше, көптеген тілдердің сөздік
қорында кездеседі, тіптен бір-біріне жанаспайтын, туыс емес тілдерде де
ондай географиялық апеллятивтер ұшырасып қалады; 3) өте көне, «алғашқы»
географиялық түбірлерде (сөздерде) дыбыс бейнелеуіштік қызметін
атқаратын имитатив, идеофон (Г.Е.Корниловтың терминологиясы бойынша)
немесе
фонемотип,
фоносемантикалық
модель
(С.В.Ворониннің
терминологиясы бойынша) міндетті түрде болады.
Қазақ халықтық географиялық терминологиясында кездесетін, бірақ
мағынасы көмескіленіп қалған және де қазіргі кезде дербес қолданылмайтын
қара сөзінің (Найзақара, Үшқара т.б. топонимдерде) фономорфологиялық
және семантикалық параллельдері трансконтинентальдық ареалдарда
ұшырасады. Э.М.Мурзаевтың көрсетуінше, мысалы, осындай семантикалық
және морфемдік тұлғалары өте жақын апеллятивтерге орыс тілінде гора,
ауған тілінде гар, грузин тілінде гора – «горка, холм», албандарда – gur,
армяндарда кар – «камень», авестада gairi – «гора», хиндиде – гар – «замок,
крепость», тибетте гархи – «крепость», әзербайжандарда отгар – «гора с
хорошими пастбищами», Сахарада гара – «холм с твердыми склонами,
скалистый останец, столовая гора» жатады [36,109]. Қазақ халықтық
географиялық қара термині мағыналық және тұлғалық жағынан Сахарадағы
гараға өте ұқсас, жақын: «Қара (қара; дәлме - дәл мағынасы - қара;
карталарда көбіне - гара) жалаңаш тұстары көбіне кәдімгі қара түсті болып
келетін қатты тау жыныстарынан құралған шоқы немесе салыстырмалы
түрде ірі болып келетін биіктік. Көкжиектен қарағанда мұндай биіктіктің
сұлбасы алыстан қара болып көрінеді. Осыдан келіп ол қара деген атау алған.
Қазіргі таңда қара сөзі термин ретінде қолданылмайды, бірақ өзіндік
географиялық атау құрамына жиі енеді: Үшқара, Берікқара, Иманқара,
Жетіқара және т.б. Моңғолдар да жалқы есім құрамында Нарынхара,
Доланхара (салыстырып көріңіз: адыр, шоқы) деген биіктік атаулар кездеседі
[37,19].
Иллич Свитыч Каrл «скала», «крутая возвышенность» праформасы
(бастапқы формасы) бар ностратикалық қатарға семитахалист qr «скала»,
«гора», «холм»; үндіеуропа ker - «скала», «камень»; дравид kar(а) - «берег»,
«край» және де сұрақ белгісімен алтай тілдеріндегі «kira» (түркі - kyr, монгол
- «kira», тұнғыс-маньчжур - «kira») [58,146].
Бұл сәйкестіктердің негізгі (орталық) мағынасы «жартас (тас) - тау»
екенін атап көрсеткен зерттеуші Ғ.Ж.Ермекбаев осы семантикалық қатарды
алтай тілдері бойынша былай толықтырады: жазба моң. хada/n/, моң. хaд/ан/,
12

«жартас», «тау», бур. хада «тау», қалм. хад «жартас», тұнғыс–ман.: эвенк.
кадауа //кадар, орок. қада, мән. хада т.б. «Жартас»; түркі тіл.: алт., шор. т.б.
қайа, түрік. qаса, азерб. гайа, қар. қайа, қыр., қаз. қыйа, як. хадага//(хадар)//
хада «жартас»/ [48,69].
Жоғарыда келтірілген географиялық терминдердің негізі болған қар
архетипін имитативика және фоносемантика теориялары тұрғысынан
талдайтын болсақ, к идеофоны үлкен, бірақ асуға (асып өтуге) болатын
кедергіні дыбыс түрінде сипаттайды; «идеофон к символизирует
значительное, но преодолимое препятствие ... » [53,8].
С.А.Өткелбаева жүргізген мағынасы жоқ жасанды сөздердің
(квазисөздер) көмегімен қазақ тіліндегі дыбыстардың символикалық мәнін
анықтау барысында «үлкен» көлемімен о, а, ұ дыбыстарының байланысы
дәлелденді. [59,14].
Сонымен, ка/қа имитативі дыбыстық символикалық кешен ретінде
«үлкен, бірақ асуға болатын», яғни шыңына шыға алатын кедергіні, яғни
биікті, жартасты, тауды бейнелейді. Ка/қа имитативі дауысты және дауыссыз
екі-ақ дыбыспен дыбыстық символика арқылы «тау», «биік» (үлкен),
«жартас» ұғымын, бейнесін, сипатын беріп отыр. Ә.Қайдар айтқандай,
«еліктеуіш негіздердің дамуын біз дауысты дыбыстардың еліктеу
құбылыстарының сипаты, табиғаты мен мәніне байланысты, дауыссыз
дыбыстармен ұдайы толығып отыруынан көреміз» [57,171].
Жеке дауыстылар (моносиллабтар) тілде пайда болған дәуірде дыбыстық
символдар болғаны жөнінде Ә.Қайдар былай жазады: «...қайсыбір тілдегі
есту, көру, акустикалық, қимылдық,біразды және басқа да қабылдаулардың
өте ежелгі дыбыстық символдары ретінде Г және сГ моносилабтары: *а, *ә,
*е, *о, *ө, *ұ, *у, *ы, *і, сондай-ақ *ты, *ды, *пы, *шы, *сы тағы басқа да
дыбыс тіркестері танылды» [60,17].
Бір кездерде, шамасы, тілдің пайда болған дәуірінде бір дауысты сөздер –
имитативтер болған деп жорамалдауымызға болады, себебі ұлттық тілдер
дамуы заманында да сондай кейбір сөздер тілдік қорда сақталғаны жөнінде
мәліметтер бар. Ол жөнінде академик Ә.Қайдар былай дейді: «Көне түркі
ескерткіштерінде жазылған жалпыға танымал кейбір фактілер бір кездері
түркі тілдерінде бір дыбыстық имитативтер болғандығын (Г сияқты)
көрсетеді. Мәселен, о - “ойлау”, ы - “шолдау”, ү - “әл”, ұ – ұйқы, олар тілдің
өзге де бірліктері сияқты тиісті ретте туындап, дамып отырды. Біздер бір
буынды, сондай-ақ көп буынды еліктеуіш негіздер де өздерінің құрылымдық
дамуында осындай үдерісті (процесті) бастан кешірді деп болжаймыз. Бір
дыбысты түбірлі туынды элементтерге келетін болсақ, олар бұрынғы
өздерінің дербестігін айрылып, бұзылмаған күйінде немесе өлі қалдықтар
түрінде туынды негіздердің құрылымында сақталып қалынды» [60,17].
Қа/ка «тау», «жартас», «биік» имитативінде к және а өлі
(консервіленген) рудименттер кезінде дербес дыбыстық символика сөздер
болған деп жорамалдауымызға болады. Б.Сағындықұлының зерттеуі
бойынша ішкі флексия болмаған кезде, яғни дауысты дыбыстар лексика13

семантикалық, стилистикалық т.б. қызмет атқармаған уақытта «әр түсінік
үшін бір дауысты жеткілікті болған» [61,101].
В.В.Левицкий 28 тілдің деректерін келтіріп, «үлкен-кіші» ұғымдарын
талдап, «үлкен» ұғымын артқы, ұяң, шұғыл, діріл (әсіресе, [о], [а], [r], [d], [z])
дыбыстар білдіреді деп жазады: «Понятие «большой» символизируется
задними и нижними гласными, звонкими, смачными, дрожащими» [62,58].
Осы деректерге сүйенсек, *кар архетипінде р(r) а дауысты дыбыспен қоса
«үлкен», яғни «биік» деген ұғымды символикалық түрде көрсетіп тұр.
Т.В.Быстрова, В.В.Левицкий, О.Ф.Шевченко фонемалар тіркеуінің
символикалық қызметі жайында жазған мақаласында qr (яғни к (а) r)
«үлкен» ұғымын береді деп пайымдаған [63,34].
Сонымен, ежелгі дәуірде *кар/қар имитативі немесе фоносемантикалық
моделі «тау», «жартас», «биік» ұғымдарына байланысты пайда болып, жеке,
дербес сөз ретінде пайдаланылған деп болжауымызға болады. Осы
имитативтің өзі жоғарыда көрсеткеніміздей жеке идеофондардан құралған,
мүмкін, кезінде сол жеке идеофондар, атап айтсақ к/қ, а, р дербес сөз ретінде
де қолданылған шығар. Сол бастапқы тілдің пайда болуы заманындағы
имитативтерді сөз деп айтуға болмайды, себебі «ол дәуірде сөйлеу тілінің
сапалық басқа күйі болатын» [53,67].
Г.Е.Корниловтың имитативика теориясына сай барлық тілдердің байырғы
түбірлері өздерінің жаратылысында сөздер емес имитативтер болған, ал
имитативтер тілдің (сөйлеудің) басқа күйін, сапасын көрсетеді: «... по нашей
теории все исконные корни всех языков по происхождению не слова, а
имитативы, единицы качественно иного состояния речи» [53,67].
Имитатив тілдің алғашқы пайда болған кезіндегі адамның бастапқы
сөйлеу тілінің материалдық көрінісі. Тілдің бірлігі ретінде ол мүлдем басқа
күйде болған. Г.Е.Корнилов имитатив туралы мынандай түсінік береді:
«Сонымен, осы монографияның авторы имитатив термині ретінде
дыбыстардың көмегімен жанды және жансыз табиғат нысандарына, сондайақ олардың қасиеттері мен сапасына, оқиғалар мне құбылыстарға еліктеуді
түсінеді; имитативтер мағына бірлігін білдіретін идеофондардан құралады;
егер қазіргі кезеңдегі постимитативтік тілдерде имитативтер сөз таптарының
біріндегі сөздердің мәртебесіне дейін төмендетілген болса, ал алдыңғы
имитативтік дәуірде олар предикативтілік, модальдылық пен шақ
категорияларының тұлымдық жағдайын өз бойында тасымалдайтын сөздің
мүмкін болған бірден - бір ең көп үзіндісі болып келеді.
Имитатив дегеніміз – бұл бейнелеуші нәрсеге тән белгі (қасиет), сапа
туралы ұғымнан құралған музыкалық образ; бұл нысанды немесе құбылысты
бір мезгілде ойлау арқылы және көркем – эмоцоиналды қабылдаудың
нәтижесі» [53,60].
Тілдің (тілдердің) пайда болуы, шығу дәуірі тілдің (тілдердің)
имитативтер түріндегі күйімен байланысты болған. Сол себептен,
имитативтік табиғаты бар өте көне, бір-біріне тіптен ұқсамайтын, ешқандай
туысқандығы жоқ тілдерде консервіленген түрде сақталған географиялық
14

терминдер бір-біріне ұқсас немесе бір болып келеді. Тілші ғалымдар ондай
ұқсастықты тілдер арасындағы туыстықпен, алмасу процестерімен
түсіндіреді, бірақ осы көне, «алғашқы» географиялық сөздер арасындағы
түпкі, түбегейлі ұқсастықтар олардың имитативтік табиғатында жатқан
көрінеді. Басқаша айтқанда, қазіргі дәуірде әртүрлі алуан тілдерде белгілі
болып отырған бір-біріне жақын, мағынасы өте ұқсас және құрылымы жақын
географиялық терминдер бәріне ортақ бір имитативтен (имитативикалық
түбірден) өрбіген болуы керек.
Мысалы, сөз етіліп отырған кара (гара) термині бір-біріне мүлдем
жанаспайтын, туыстығы жоқ, қатынасы болмаған тілдерде бірдей немесе өте
ұқсас мағынаға ие. Үнді-иран тілдерінде бұл термин авест. qаіrі, пушту және
тәжік тілінде гар. Батыс-славян тілдерінде де “тау” мағынасында: поляк,
словен, серб-хорват, чех, орыс тілдерінде гора, беларус тілінде гара; балт.
qиrаs, груз. тілінде гори.
Өте көне (палеотопоним) жер-су аттарын зерттеген ғалым
А.М.Малолетко қазақ, моңғол тілдерінде кездесетін қара, кара терминдерін
иран тілдерінің қалдықтары (реликты) деп санайды [29,172]. А.М.Малолетко
кара/гара тізбегінде туыс емес, бір-бірімен қатынасы болмаған тілдердегі
деректерді келтіре отырып, олардың (терминдердің) ұқсастықтарын түсіндіре
алмайды: «Қарастырылушы үндіиран (үндіеуропа) терминдерінің өзге
тілдердегі фонетикалық тұрғыдан жақын келетін терминдерімен туыстық
байланыстары онша айқын емес» [64,172].
А.М.Малолетко келтіріп отырған терминдердің ареалдары Алдыңғы
Азия, Шығыс Орта Теңізі, Солтүстік Шығыс Африканы қамтып отыр. Осы
ареалдардағы тілдердің бір-біріне туыстықтан басқа ешқандай қатынасы
болмағаны әрине, анық.
А.М.Малолетконың деректеріне сүйенсек: «Басктер тілінде bizkar “тау
жотасы”. Күшіттік мысалдар да пайымдауға қажет материалдар береді:
сомали kar, оромо qara, анфилла qura, бворо quuro “тау”, мачча qaara
“жоғарыда”, “үстінде”; Сахарада гара – бұл қатты жартасты еңістерге ие
төбе. Араб тіліндегі кара, караг және иврит тіліндегі хар - “тау”. Халд
тіліндегі kir “жер”, албандағы карне “тас” сөздері де осы бір “тас - жартас тау - шың” семантикалық шеңберіне кіруі мүмкін. Язгулде уар “жартасты
шың”. Кет (арин) тілінде кор “тау” дегенді білдіреді(калгункар “төбе”, дәлме
- дәл мағынасы, “кішкентай тау”). Өзара қатынастары айқын емес, демек,
шумер тіліндегі кур “таулар” жапон тіліндегі куро “шағын биіктік” атты
қарастырылушы терминдердің туыстық байланысы болуы қиын шығар»
[64,172].
Имитатив дәуірінен басталған бір буынды (алғашқыда жеке дауысты
дыбыстар) кейінірек лексикаланып, тұлғасына (құрылымдық формасына)
басқа дыбыстарды, буындарды қосып, кәдуілгі лексикалық бірліктерге
(сөздерге) айналды. Мысалы, архетиптік (имитатививкалық) *то
силлабофонемадан түркі тілдерінде мынадай сөздер туындады: тұ-м-сық
15

(қаз). ту-м-чук (алт.), ту-м-шук (қыр), то-м-шык (тат), ду-м-чук (тув.), ту-мус
(як.) т.б. [30,16].
Түркі ата тіліндегі буынның (силлабофонеманың) мәні жөнінде
М.Моллова былай деп жазады: «Түркі ата тілі дәуірінде, тіпті одан да көне
дәуірде фонолологиялық бірлік қызметін буын атқарды. Лексикалық
бірліктер дауыстылары мен дауыссыздары фонологиялық жағынан
ажыратылмаған силлабофонемалардан тұрды. Түркі сөзінің бір буынды шығу
тегін жақтаушылар теориясын ұстансақ, бұл дәуірде оның жалғыз
силлабофонемалардан тұрғанын мойындаймыз» [65,59].
Бір буынды дыбыстық символика буындардың ұзақ тарихи эволюциясы,
олардың морфологиялық өзгерістері, сол өзгерістердің заңдылықтары
жөнінде академик Ә.Қайдар өз ойын төмендегіше түйіндейді: «Бір буынды
еліктеуіш негіздердің құрылымындық өзгеріс эволюциясы мынандай болып
келеді, яғни ол белгілі бір дәрежеде түркі тілдерінің морфологиялық
құрылысы дамуының ұзаққа созылған тарихи процесін көрсетеді. Бұл
процесте аглютинация қағидаттарына сәйкес тұрақты қайталанып отыратын
негіздер мен ілкі түбірлерді өсіру арқылы қарапайымнан күрделіге қарай
өтудің белгілі бір реттілігі мен бағыттылығы байқалады. Сонымен,
имитативтердің бір буынды сегменттері аясында Г және сГ түріндегі
дыбыстық символ - ілкі түбір және модельдеуші форманттардың
модификаторлардың немесе Э.В. Севортянның терминологиясы бойынша,
грамматикалық индикаторлардың көмегімен жасалатын туынды негіздер жиі
табылып жатады. Бұл индикаторлар әдетте, имитатив негізіне (алғашқы,
екінші және кейінгі) жаңа мағына беріп, адамның сыртқы дүниеден алатын
есту, көру, акустикалық, қимылдық және өзге де қабылдауларының
үзілмелілігін, бір сәттілігін, жалғаса түсуін, көп рет қайталануын нақтылай
отырып, оған материалдық түр береді » [60,16-17].
«Тау» мағынасындағы имитативтің немесе фонемотиптің (С.В.Воронин)
дауыссыздардан құралатын қаңқасын қ және р дыбыстары көрсетеді. Осы екі
идеофонның арасында географиялық атаулар болып келетін сөздерге а
немесе ы дауысты идеофондары бар. А идеофоны С.А.Өткелбаеваның
еңбегінде «үлкен» деген мағынаға ие екені дәлелденсе, ы «қырлы» деген
мағынаға сәйкес келеді екен. Көне түркі тілінде ы «посылать» деген ұғымды
көрсетуіне байланысты бұл идеофонның семантикалық ауқымында «алыс»,
«созылыңқы», «қырқалы» т.б. мағыналар бар деп болжауымызға болады.
Қарада а «үлкен» мағынаны символикалық түрде бейнелесе, қырда ы
керісінше (үлкенге қарағанда) кіші биіктікті меңзейді. Қырдың географиялық
(физика-географиялық) сипаты да сол ы – «аса үлкен емес», «кіші»
идеофондық ұғымына сай келеді. Салыстырыңыз: «қара – сопка и
сравнительно крупная (астын сызған біз – М.А.) возвышенность» [37,19], ол
кыр (қыр) – гребень возвышенности; возвышенность (не особенно высокая –
Т.А.); у монголов хира – низкий (Т.А.), сильно разрушенный массив,
мелкосопочник [37,22].
16

Э.М.Мурзаевтың түркі және түркі емес тілдеріндегі қырларға берген
географиялық сипаттамасына қарасақ, аса биік емес, созылып жатқан
қыраттарға, қырқаларға, тіпті дала (тегіс) жерлерге байланысты қойылған
географиялық нысандардың атаулары екенін байқаймыз. Біздің пікірімізше,
бұл қазір мүлдем ұмыт болған, ал кезінде дыбыстық символикаға
байланысты туындаған (қойылған) к(қ) мен р ортасындағы ы-ның кіші,
«аласа», «созылыңқы» т.б. мәндеріне сай фоносемантикалық атаулар.
Э.М.Мурзаевтың еңбегінде [36,113-116] қырлардың (көбінесе) физикогеографиялық сипаттамасы ы идеофонның негізгі мағыналарына сәйкес
келеді: «Түрікменстанда қыр - гир - “үстірттің, жазық бөктерлердің қатты
беті, Солтүстік қарақұмның меридиан бойлап созылған түбірлі үшінші бір
тізбектері – қыр тұрақтары қираған үстірттің куәгерлері. Түрік тіліндегі кыр
“дала, сахара, жазық жер”. Қазақстанда - “биіктік, төбешік таулар”,
Қырғызстанда - “тау шотасы, тау қырқасы, адыр, қырат, қыр”, Дағыстандық
түркі тілдерінде қырай “жағалау”. Өзбек тілінде қыр - қырат, төбелі дала;
кыргак - “жағалау”. Башқұртша кыр - “дала, егіндік жер, жабайы”. Түркі сібір
тілдер мен тува тілінде кыр - “тау жотасы, тау, шет, шекара”; хакас тілінде
кыр - қырат, тау, шет, шекара”; Алтай өлкесінде кыр - “тау, жота, төбелі дала,
Ноғайша кыр - “дала, егіндік, сахара”. Якутияда кырдалы – өзен бағыты
бойлап параллель қатарлармен созылып жататын, биіктігі 2-3 метрге дейінгі
ұзартылған шалдар түрінде келетін шағын бедерлердің (макрорельефтердің)
өзіндік бір пішіндері». Көне түркі сөздігі мен М.Қашғариде бұл сөз “жазық
тау”, “қырат”, “төбелі дала” мағынасында кездеседі.
Монғол тілдерінде келесі параллельдер кездеседі: халла - монғол хира “төмен тау сілеті, қираған және су шырып кеткен қырат, тау бөктері”, бурят
тілінде хэр, хээр - “дала, сахара”.
Э.М.Мурзаев қырдың параллельдерін финн-угор, үндіеуропа тілдерінде
де бар екенін атап көрсетеді: «Еділ бойында (удмурт тілінде) кыр - “дала,
ашық жер”; марийлықтарда - курык, ал таулы – марий диалектісінде кырык;
комиде кыр - “төбе, кішігірім тау, тік жартас, қырат, беткей, сайлы жағалау”.
Фин тілінде korkea - “биік, көтеріңкі”; Эстон тіліндегі керге – сөзі де осындай
мағына береді; кыргуйик - “қырат”. Саам тілінде кыры - “таулы үстірттегі
немесе жотадағы кішігірім томпақ қырат”, жалпы пермдік kur - “тау”».
Егер үндіеуропа тілдерінің материалдарына назар аударатын болсақ, онда
тәжік тілінде kup - “қырат, тас төбе”, армян тілінде kup “тасты шөлейтті
жазық дала”, болгар тілінде кър - “дала”.
Түркі халықтарының топонимиясында кең орын алған қыр орографиялық
термині моңғол, финно-угор, үндіеуропа тілдерінен, басқа да халд тілінде кіrа
– «жер», армян тілінде erkir – «жер, ел» т.б. кезедеседі, оның таралу ареалы
орасан зор – Солтүстік Мұзды мұхиттан Жер орта теңізіне дейінгі алып
кеңістікті қамтып отыр [36,113-116].
“Қыр” географиялық атауының көптеген бір-біріне туыстығы жоқ және
алмаспайтын тілдерде жолығуы, орасан алып трансконтинентальды ареалда
таралуы – оның өте көне, тілдің пайда болу дәуіріндегі имитатив екендігінің
17

дәлелі. Ежелгі заманда имитатив ретінде қолданыста болған бұл дыбыстық
символдың барлық тілдерде немесе басым көпшілігінде болуы заңды
құбылыс, себебі дүниежүзінің барлық тілдері өз басынан имитатив (тілдің
шығу дәуірі) кезеңін өткерген (Г.Е.Корнилов).
Сол бағзы заманнан қалған имитативтердің саны өте аз мөлшерде
болғанымен, ол географиялық терминологияда, анатомиялық лексикада,
туыстық атауларда, сондай-ақ т.б. базистік сөз қорларында сақтаулы. Әрине,
кейбір дыбыс бейнелеуіш сөздердің кейінгі тарихи кезеңдерде пайда болуы
мүмкін, бірақ имитативикалық сипаты, табиғаты бар сөздер өте көне, ежелгі
сөздер қатарына жатады және негізгі (базистік) сөз қорында сақтаулы.
Географиялық апеллятивтік қара/гара, қыр/кыр имитативтері бір буынды
болып келеді, бір буындылық имитативтерге тән құбылыс және бір буынды
моносиллабтар дыбыс бейнелеуіштік қызметті өте көне заманда атқарған:
«Қайсы бір тілдегі есту, көру, акустикалық, қимылдың образды және басқа да
қабылдаулардың өте ежелгі дыбыстық символдары ретінде Г және СГ
моносиллабтары танылды» [60,17].
Бір буынды (бір, екі, үш дыбысты) имитативикалық түбірлер ұзақ тарихи
кезеңде «әрбір жаңадан жалғанған грамматикалық формант оған жаңа
мағына үстемелейді, өзі бейнелеп, образды елестетіп отырған құбылысты
нақтылай, тиянақтай түседі, осылайша еліктеуіш сөз бірте-бірте тілдің
кәдімгі лексикалық бөлшегіне бір табан жақындайды» [57,175].
Г.Е.Корниловтың пайымдауынша, имитативтер адамның сөйлеу тілінің
бастапқы көрінісінен хабардар етеді; қазіргі тілдерде сол ілкі түбірлер
фонетикалық тұрғыдан азды-көпті деформацияға ұшыраған, қызметі де
біршама өзгерген. Сол алғашқы ілкі түбірлер түптеп келгенде имитативтер
еді, олардың қызметі қазіргі сөйлемдердің, яғни атрибутты-предикативтік
синтагмалардың қызметіне сай болған [53,181].
Кыр имитативтік ілкі түбірге негізделген, түркі тілдерінде сол
имитативтен өрбіген бірнеше морфологиялық модельдер жасалынған. Қазақ
тілінің өзінде «қыр» имитативі негізінде қыран, қырат, қырқа сөздері
жасалынып, өзі бейнелеп, образды елестетіп отырған құбылысты нақтылай,
тиянақтай түскен.
Г.Қонқашпаевтың көрсетуінше: «кырат – сравнительно крупная, но
невысокая возвышенность»; «қырқа – возвышенность с ясно выраженным
гребнем, сложенная из твердых пород»; «қыран – приподнятая местность»
[37,21].
Әлем тілдерінің дамуының тарихи кезеңдерінде ілкі түбірлерге (әдетте,
олар бір буынды болған) грамматикалық индикаторлар (Ә.Қайдар), яғни
модификатор (К.Хұсайын) жалғанып отырған. К.Хұсайынның байқауынша:
«Аффикстік мормефоны әрі формалды, әрі семантикалық тұрғыдан тарихи
қатпарлардан аршып алу нәтижесінде дыбыс бейнелеуіш түбірлердің о
бастағы шартты тұлғасынан бастап, туынды түбірге айналып, одан әрі біртебірте жеке-дара лексикалық единица дәрежесіне дейін жеткен даму
процестерін бақылауға мүмкіндік туғызып отыр» [32,13].
18

Біздің зерттеумізде имитативтік (фоносемантиалық) сипаты бар қазақ
тілінде сақталған географиялық терминдердің (сөздердің) морфологиялық
құрылымының
қалыптасу
мәселелері
тарихы
арнайы
түрде
қарастырылмайды. Бұл мәселеге қатысты кейбір айқындамалар халықтық
географиялық терминдердің (сөздердің) фоносемантикалық табиғатына
сәйкес глоттогенез мәселесін қарастыруға пайдаланылды.
Қазақ тіл білімінде алғашқылардың бірі болып жер бедері атауларының
фоносемантикалық тұрғыда глоттогенез мәселесіне қатысын қарастырған
зерттеуші Ғ.Ж.Ермекбаев болды. «Ең алғашқы жер бедерлік мәнді атаулар
тілдің имитативтік дәуірінде адамның қауымдастық тіршілігі үшін бірінші
кезекті маңызға ие болған ұғымдық таңбалар жүйесінен орын алады. Осы
тұрғыда, яғни жергілікті бедер атауларының адамның «алғашқы» сөздік
қорының белгілі бір бөлігін құрауы себепті және бұған орай тілдің
имитативтік шығу көзі жайлы айқындамамыз белгілі болғандықтан, сөз
болып отырған тақырыптық топ кіші тақырыптық-семантикалық топтың
глоттогенез мәселесіне қатысты қойылуын, оларға ортақ жайларды ашып
айту міндет» [48,86].
Ғ.Ж.Ермекбаев жер бедері атауларының дыбыстық бейнелеуіштік
табиғаты тұрғысынан глоттогенезге қатысты теориялық негіздеулерді атақты
кеңес ғалымы Н.Я.Маррдың яфеттік теориясымен байланыстыра көрсетумен
шектелді. «Аталған теорияның, - дыбыстық бейнелеуіштік айқындамадан
ұстанымдық айырмашылығы болғанымен, олардың өзара ортақ тұстары аз
емес. Атап айтқанда: «алғашқы» сөздердің кешенді ұғымды беруі, жер
бетіндегі биік жатқан нысан аттары оның бір бөлігін қамтуы, алғашқы
дыбыстардың африкаттық табиғаты тілдің пайда болу дәуіріндегі ымишаралардың рөлі» - деп жазады Ғ.Ж.Ермекбаев [68,16-17].
Ғ.Ж.Ермекбаев қарастырған және идеофондар деп санаған *та, -қар,
«үлкен», «тас», «тау» архетиптердің дыбыстық құрамын, морфологиялық
тұлғасын түсінуге яфеттік теория қосымша материал береді деп есептейді.
Ғ.Ж.Ермекбаевтың пікірінше: «Аталған формаларға Н.Я.Марр барлық
сөздердің таралуына негіз болды дейтін 4 элементтің біріншісі (SAL) сай
келеді. Оның тілдегі көрінісі: сөз басында с, ц, ч, ш, ж, д, т (тіс, тіл алды); г,
к, х (көмей); сөз ортасында а, о, у, и, е, э (анықтала қоймаған дауыстылар);
сөз соңында р, л (үнді, мұрын жолды) (Н.Я.Марр). Бастапқы, орта және
соңғы позициядағы мұндай дыбыстық ауытқулар бұл құбылыстың тау, төбе,
шоқы тәрізді бедер атаулары туындаған имитатив формаларының өзіне де
тән екендігін көрсетеді» [48,89].
Қазақ халықтық географиялық терминология құрамындағы өте көне
тұлғалы, имитативтік сипаты бар, тілдің шығу мәселесіне (дәуіріне) қатысы
бар атауларды ностратикалық тілдер теориясы тұрғысынан қарастыруға
болады.
Бүгінгі таңдағы компаративтану ғылымы жиырмаға жуық тілдер
семьяларын жіктеп отыр. Ал кейбір көршілес болып келетін тілдер
семьялары арасында біршама ұқсастықтар байқалады, сол себептен олар
19

туыстас болып саналады. Осындай кең көлемдегі тілдік қауымдастықтар
макросемья деп аталып кетті. ХХ ғасырдың басында даниялық ғалым
Хольгер Педерсен орал-алтай, үндіеуропа және афразиялық тілдер
семьяларын туыстас болып келеді деген болжам айтты және де осы тілдер
қауымдастығын ностратикалық тілдер макросемьясы деп атады.
Ностратикалық макросемьяның құрамын ғалымдар түрлі етіп анықтайды.
Мәселен, бір концепция бойынша ностратикалық макросемьяға афразия,
үндіеуропа, картвель, орал, дравидий, алтай тілдері кіреді.
Ал енді басқа бір зерттеушілердің пікірінше, афразия тілдері жеке
макросемьяны құрайды, генетикалық тұрғыдан басқа ностратикалық
тілдермен байланысы жоқ.
В.М.Иллич-Свитыч нострат ата тілін реконструкциялауды ұсынды және
де нострат тілдерінің салыстырмалы үш томын жария етті (қараңыз: ИлличСвитыч В.М. Опыт сравнения ностратических языков. Сравнительный
словарь (т.1-3). М.: Наука, 1971-1984). Г.П.Мельников түбірдегі дауысты
дыбыстардың алмасу ерекшеліктері негізінде ностратикалық тілдерді батыс
борей және шығыс – борей деп екі топқа бөлді.
Нострат тілдерінде грамматикалардың, морфемалық (соның ішінде
сөзжасам аффикстердің) және лексикалық құрамының (дене мүшелерін,
туыстық қатынастарды, табиғат құбылыстарын, хайуанаттар мен өсімдік
атауларын білдіретін сөздердің) ұдайы сәйкестіктермен өзара байланысқан
жоғары дәрежелі ұқсастығы байқалады [69,244].
Негізгі, төл немесе базистік тіл қорына жататын дене мүшелері, туыстық
қатынастар, табиғат құбылыстары (оның ішінде географиялық апеллятивтер),
хайуанаттар мен өсімдік атауларының нострат тілдер арасындағы
сәйкестіктер мен ұқсастығын тек қана макросемьяға енетін тілдердің
генетикалық туыстығымен түсіндіруге болмайтынын Г.Е.Корнилов атап
көрсетті. В.М.Иллич-Свитычтың «ностратикалық» теориясына сын көзбен
қараған Г.Е.Корнилов былай деп жазды: «Негізінде, В.М. Иллич-Свитычтың
теориясы тілдік семьялардың шығу тектерінің романтикалық және
жұмбақтық пердесін сыпырып алып тастағанымен, сондай-ақ түркі және
финн - угор тілдерінің үндіеуропа, семит – хамит, дравид және т.б. тілдердің
қоса алғандығы Еуразияның барлық тілдерінің диалектілерімен “түбірлес”
туыстығын көрсеткенімен, өзінің уақыттың тереңдігіне, алуан түрлі тілдердің
материалын кең түрде қамтуына қарамай, ішкі логикалығы мен бірізділігіне
қарамай, ол көптеген қатынастары жағынан шектелуі болып келеді. Зат,
қимыл және олардың атаулары арасындағы объективтік байланыстың болуы
мен оның сипаты туралы мәселе ретінде Гераклит пен Парменид дәуірінен
бері тілтанушылар мен философтар ақыл – ойларын толғандырып келген
глоттогенездің осындай түбегейлі мәселелері В.М. Иллич-Свитычтың
теориясы аясынан тыс қалып қойды, соған орай мұнда тіпті ностратикалық
түбір сөздің келіп шығуы туралы мәселе де қойылмайды» [53,178].
Г.Е.Корниловтың пікірінше, нострат тілдерінің «туыстығын» дәлелдейтін
ілкі түбірлердің сәйкестігі, ұқсастығы, олардың – нострат тілдеріндегі ұқсас
20

түбір атаулардың барлық тілдер басынан кешкен имитатив, яғни тілдер пайда
болған өте көне, бастапқы дәуірдің көрсеткіші, жемісі. Егер В.М.ИлличСвитыч жасаған сөздіктегі «ностратикалық» тілдік қорды құрайтын
түбірлердің имитативикалық (дескриптивтік) табиғатын, негізін дәлелдей
алсақ, «ностратикалық сөздіктің» өзін жоққа шығаруға тура келеді, - деп
есептейді. Г.Е.Корнилов: «Өйткені, түптің түбінде, егер де нақты жанда
сөйленістердің, айтылымдардың және диалектілердің деректердің пайдалану
кезінде “ностратикалық сөздікті” құрған барлық немесе барлық дерлік
голотенді түбірлерін / негіздерінің дескритивтілігі дәлелденетін болса, және
де осы түбірлер / негіздер үшін тұрақты фонетикалық сәйкестіктердің
“маңызды түрдегі бұзулыларын анықтайтын корреспонденциялар мен
туынды сөздер айқындалатын болса, онда автордың логикасының ізімен
жүре отырып, бүкіл “сөздікті” жоққа шығаруына тура келеді”» [53,178].
Негізінен тілдің (тілдердің) бастапқы шығу дәуірімен байланысты дыбыс
бейнелеуіштік түбірлер барлық дерлік тілдерде кезедеседі. Әсіресе дыбыс
бейнелеуіш атаулар көбірек түркі, тұнғыс-мәнжүр, палеоазиат, финно-угор,
кушит, чад, корей, жапон тағы басқа евроазиат, африка континенттері
тілдерінде ұшырасады. Мәселен, А.М.Газов-Гинзбергтің байқауынша 181
жалпытүркілік етістік түбірлерінің 115 - і дыбыс бейнелеуіш түбірлерге
жатады [52,169]. К.Ш.Хұсайынның мәлімдеуінше, Э.В.Севортянның түркі
тілдерінің
этимологиялық
сөздігіндегі
сөздердің
төрттен
бірі
этимологияланған дыбыс бейнелеуіш сөздер қатарына жатады, немесе
сондай атаулардан тарихи бастау алған деп есептеуге болады [70,158]. Қазақ
тіліндегі еліктеуіш сөздердің санын Ш.Ш.Сарыбаев екі мың десе [71], ал
зерттеуші Б.Ш.Катембаева дыбыс бейнелеуіш және дыбыс символикалық
сөздердің санын үш мыңға жеткізеді [72].
Осы және басқа тілдерден алынған деректерге сүйенсек, дыбыс
бейнелеуіштік лексика барлық тілдерде азды-көпті бар дегеніне, және де
оның пайда болуы тілдің алғашқы шығу тарихымен байланысты екеніне
көзіміз жетеді. Дыбыс бейнелеуіштік сөздердің ностратикалық макросемья
тілдеріндегі негізгі сөздік қорында кездесуі - ол сөздердің «алғашқы» сөздер
қатарына жататындығының белгісі.
Қазақ топонимикасында кең орын алған (гидронимдердің морфологиялық
құрылымында)
және
жеке
қолданыстағы
жергілікті
халықтық
терминологиялық көл атауының нострат тілдер қауымдастығында да өз орны
бар.
Көне түркі тілінде «qоl» долина; орхон-енисей ескерткіштеріндегі гол
“бассейн реки, неизменность”, түркмен тілінде кöл; азербайжан, салар
тілдерінде гöл; башқұрт, татар тілдерінде кÿл; қазақ, қарақалпақ, қырғыз,
хақас, шор, чулым тілдерінде кöл; тува тілінде хöл; қумық тілінде коl; якут
(саха) тілінде кÿöл – осы көрсетілген тілдерде аталған географиялық
апеллятив «көл» мағынасына ие.
Аталған географиялық апеллятив иран тілдерінде де кең таралған.
Мысалы, курд тілінде qоl «озеро, пруд», осетин тілінде киl//коlое «глубокая
21

лужа», «глубокое место в реке», «глубокая вода», афган – коl, шугнан
тіліндегі qūl, бартанг тіліндегі qūl, ишкашим тіліндегі qиl – «озеро», «пруд».
Үнді тілдеріндегі: урду кūl «озеро», «пруд», пенжаб кūl «берег»,
«побережье». Бұл термин моңғол, кавказ, балқан т.б. тілдерде де бар: қалмақ
кöl «озеро», абазин qöl, кабарда qol, румын qiol, албан qiol, балкан qеol –
«озеро».
Иллич-Свитыч кülа – «озеро», «небольшой водоем» праформасы
біріктіретін төмендегі ностратикалық қатарды келтіреді: семит-хамит кгоl
«водоем», «озеро», «река» - орал к(ä)tл «озеро», «речной залив» - дравидий
киlа – «водоем», «пруд», «озеро» - алт. (түрк.* кöl «озеро»). [73,159]
Трансконтинентті ареалды қамтитын ностратикалық макросемьяларда
фонетикалық тұлғасы да, мағынасы да бірдей немесе өте жақын осындай
географиялық апеллятивтердің құпия сыры күні бүгінге дейін беймәлім
болып келді. Осыдан отыз жылдай бұрын атақты географ, белгілі топонимист
Э.М.Мурзаев осы мәселе жөнінде былай жазған: «...кейбір географиялық
терминдер қазіргі лингвистикалық шекаралармен санаспайтын таңқаларлық
кең ареалдарда байқалады. Семантикалық тұнықтығы мен фонетикалық
біртектілігіне немесе айқын жақындығына қарамай, мұндай терминдердің
ұқсастығы жан - жақтылық пен скепсисті тудырады. Жылдар өтеді, арелдар
бірлігін бұлтартпайтын дәлелмен көрсететін фактілер саны да ұлғаяды, бұл
фактілер терминдердің түсіндіріп болмайтын тұрақтылығын және
Еуразияның ұлан - байтақ даласындағы ежелгі тарихи - географиялық
байланыстарды көрсете білетін болады» [74,30].
Э.М.Мурзаев жоғарыда сөз етілген құбылысты субстрат және тілдер
арасындағы
ауысу
процестерімен
түсіндіреді.
Оның
пікірінше,
топонимикалық субстрат ондаған, жүздеген мыңжылдықтар бойы мұздық
кезеңдеріне байланысты қалыптасқан. Сол дәуірлерде трансконтинентальді
ареалда фонетикалық және мағыналық тұлғасы бірдей немесе өте жақын
географиялық терминдер (атаулар) қалыптасып тараған: «Біздер әлдебір
ауданның топонимиясын зерттеген кезімізде, уақыт факторын, оның жас
ерекшелігін жиі бұрмалаймыз. Оның өзі тіптен алуан түрлі болуы мүмкін
ғой. Әдетте, тарихи дәуірлерге – бірнеше мыңжылдықтарға сүйеніп отырады.
Солай бола тұра адам кем дегенде миллион жылдан бері өмір сүріп, еңбек
етіп және сөйлеп келеді. Бұл кезеңде географтар бекерден - бекер антропоген
деп айтпаса керек. Мұз дәуірінен кейінгі кезең - голоцен - 10-12 мың жылға
созылған. Осындай абсолюттік мезгіл белгісіне біздер радиокөміртекті әдіс
жетістіктері арқасында міндеттіміз. Жаппай мұздануды бастан кешірмеген
солтүстік жарты шардың оңтүстік ендіктерінде топонимиялық субстраттың
қалыптасуы біртіндеп көптеген мың, тіпті жүздеген мың жылдар бойына
жүріп отырады. Солтүстік жекелеген біркелкі қоңыршай ендіктерде адам
артқа шегінуші мұздықтардың ізімен жүре отырып, салыстырмалы түрде
жуырда ғана географиялық нысандарды (геологиялық тұрғыдан айтқанда)
атай бастады. Сондықтан сканденевил, Шығыс Еуропаның Солтүстігі мен
Сібірдің топонимясының қалыптасуы едәуір кейінгі кезеңде бастау алды.
22

Алайда, бұл процесс мұнда да оқшау сипатта болған жоқ. Адам көшіп қонып жүріп, тілмен бірге географиялық терминологияны да қоса алып
жүрді, сөйтіп өзіне бұрыннан таныс қарапайым модельдер бойынша
топонимияны құрды. Мына бір жайтты ұмытпау керек, алғашқы адам
бастапқыда тауды тау, өзен мен көлді су деп атады. Басқаша айтқанда, бүкіл
топонимия ЖГТ- ге (жергілікті географиялық терминдерге) сайып келді»
[74,31-32].
Ностратикалық тілдерде осы тілдердің бәріне ортақ географиялық
атаулардың қалыптасуын субстрат, кірме сөздерге тән құбылыстармен
түсіндіруге болады, бұл құбылыстар тілдер тарихында барлық кезеңдерде
орын алғаны белгілі. Бірақ, Э.М.Мурзаев өзі көрсетіп отырғандай, ежелгі
(первобытная) топонимия ең алғашқы сөздерден құралған және белгілі
қарапайым модельдер арқылы («строил топонимию по уже ранее известным
ему простым моделям») қалыптасқан.
Сол ежелгі «қарапайым» модельдер Г.Е.Корниловтың имитатив теориясы
бойынша имитатив (идеофон), фонемотип (фоносемантикалық модельдер)
арқылы іске асқан болуы әбден мүмкін. Ностратикалық тілдердің деректері,
фоносемантикалық және имитативика теориялары осы болжамымызды
(жоғарыда көріп отырғанымыздай) толығымен растайды.
Имитативтік және де фоносемантикалық талдау ностратикалық
салыстырулармен үйлеседі. Фоносемантика теориясы негізін қалаушы ғалым
С.В.Воронин ностратика мен дыбыстық бейнелеуіштік арасында қарамақайшылықтық жағын айтады [75,153-156]. Ал, Г.Е.Корнилов: «ностратика
имитативикамен жан-жақты үйлесіп жатуы керек, алайда ностратикалық
ататіл шығу тегінде дыбыстық бейнелеуіштік болмауы да ықтимал десек, –
бұл мүмкін емес», - дейді [76,18].
Ностратика, имитативика, фоносемантика деректерінің біршама
байланысын, үйлестілігін қазақ тіліндегі шоқы және сол терминмен сәйкес
келетін көптеген тілдерде бар атаулардың материалы негізінде
қарастыруымызға болады.
Г.К.Қонқашпаевтың мәлімдеуінше, шоқы – «возвышенность, имеющая
конусообразную форму или выделяющаяся остроконечная вершина гор.
Встречается также у киргизов, узбеков и у монголов (цохио)» [37,46].
Өте көне (палеотопоним) жер-су аттарын зерттеген ғалым
А.М.Малолетко алтай термині чоку-ге сәйкес көптеген тілдердегі атауларды
тізіп шыққан:
Түркі тілдері
өзб. чуккы – пик, вершина
каз. шоқы - одинокая коническая возвышенность
караим. чигыыв – холм, возвышенность
уйг. чока, чакка – вершина, макушка
кирг. чоколок – вершина горы, холма
Моңғол тілдері
23

монг. сохо, цохë – вершина, возвышенность с камнями
Тұңғыс-мәнжұр тілдері
эвенк. човко, чуку, сохо, цоко – вершина горы, пик (горы)
тунг.-маньчж. чокондо, сохондо – исполинская вершина
Самодий тілдері
нен. сохо – высокая остроконечная сопка с широким основанием
Финн-угор тілдері
саам. чокка, чооко – вершина (горы)
коми чук – вершина горы, малая возвышенность
мар. тьшик – маленькая куча
манс. чакур – пик, холм
Иран тілдері
пушту цука – вершина
вах. цук – вершина (гир цук – горы вершина)
язгул. гарчук – гора (горы вершина)
лар. чоку – вершина горы
Абхаз-адыгей тілдері
адыг. шыгу – вершина
каб.-черк. шыгу – вершина
убых. шак(о) – верх холма
Алдыңғы (Передняя) Азия үндіеуропалық емес тілдері
хатт. шак-(ту) – гора
Славян тілдері
хатт. шак-(ту) – гора
серб.-хорв. чука – холм, гора, вершина
Басқа тілдер
япон. такэ – пик
алб. чуке – пик
енис.(юг) чиг – голова
кушит. билим säq – вершина горы
ирак. saqe - верх и т.д. [64,164-165].
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге қарағанда, шоқы терминінің
құрылықтарда таралуы А.М.Малолетканың айтқанындай, Эфиопиядан
Жапонияға дейін орасан зор трансконтиненттік кеңістікті қамтиды.
Талданып отырған атаудың трансконтиненттік ареалы оның ностратикалық,
яғни хронологиялық көнелігін көрсетеді: «Чоку терминінің және оның
24

фонетикалық өзге де түрлерінің арелы Эфиопиядан бастап Жапонияға дейін
қамтиды, мұның өзі терминнің ностратикалық (бореалды) хронологиялық
деңгейінен көрсете алады» [64,166]. А.М.Малолетко чоку (шоқы) терминінің
ностратикалық деңгейіндегі көнелігін көрсеткенімен, оның себебін
фоносемантикалық (имитативтік) табиғатынан іздемейді. Көптеген басқа
ғалымдар сияқты осындай сөздердің трансконтиненттік ареалын субстрат
тілдердегі ауысу үдерістері мен кірме сөздер құбылыстарымен түсіндіреді.
Мәселен, А.М.Малолетканың пікірінше, бұл термин иран тілдерінде аса кең
тарамаған, ал славян, албан тілдеріне осы термин түркі тілдері әсерінен
енген. Финн-угор тілдерінде чоку атауының пайда болуы белгісіз, бірақ иран
тілдерінің әсері финн тілдеріне қола дәуірінен бастап болғанын
лингвистикалық және археологиялық деректер дәйектейді. “Егер кушит, хатт,
адыг-абхаз атауларын осы терминдік тізбекке қоссақ, - дейді А.М.Малолетко,
аталған терминнің ностратикалық көнелігі жөнінде әңгіме етуге болады”
[64,166].
Шоқы
атауындағы
шо-ның
Ғ.Ж.Ермекбаев
фоносемантикалық
сипаттамасын берген. Оның пікірінше, *шо,*то имитативінің варианты;
еріндік дауысты символизміне негізделген *то тілдің пайда болу дәуірінде
дыбыс бейнелеуіш сөздердің ең алғашқы формаларының бірі. *То/*шо-ның
имитативтік мағынасы, мәні «томпақ»; «көтеріңкі» болып келген және осы
архетип түбір қазақ, моңғол тілдеріндегі біраз географиялық апеллятивтерге
негіз болған: «реконструкцияланған архетип түбірлердің имитативтік немесе
дыбыс бейнелеуіштік табиғаты олардың акустика-артикуляциялық
ерекшелігіне қатысты қаралса, мағыналық ортақтығы, осы негізде
түсіндірілетін «томпақ», «көтеріңкі» мәні болмақ. *Шо текті мұндай бедер
атауларының саны көп емес. Атап айтқанда: шоқы, шоқат, (ұсақ) шоқылық,
шоқалаң, шоңғал. Атаулардың түркі тілдеріне ортақ «төбе», «тау басы»
мағыналарына қоса моңғол тілдік сәйкестіктерді көрсету имитативтің
«көтеріңкі» мәнді түрлі бедер формаларына атау болғанын айғақтайды: «цохе
– жел қаққан жыныстары, я жекеленген үлкен тас қатпарлары бар ұзын
қырат», «шобхо - таудың үшкір басы», «цумцис – басы үшкір төбе»
(Казакевич В.А.); «шовх үзүүр, шовх хад «шоқы» (Базылхан Б.)» [48,81].
Академик Ә.Т.Қайдар сөздігінде шоқ «үйінді», *шоқ «шоқпар», *шоқ
«шоқы» (етістік), *шоқ «шоқы», «шоқтық» түбірлерінің біртектес болу
мүмкіндігін көрсеткен [57,303-304]. Қазақ тіліндегі осы сөздер қатарына
Ғ.Ж.Ермекбаев *шом «үлкен», «жуан нәрсе», «шомбал», шоң диал «үлкен»,
*шош «шошақ» түбірлерін де жатқызады [48,82].
*То/*шо архетип түбірлерінің (имитативтерінің) еріндіктер
символизміне негізделген бастапқы номинациялық уәж тілдің (тілдердің)
тарихи даму кезеңдерінде ұмыт болған және де архетиптердің кешенді
семантикасының жекелеген мағыналары туынды сөздерге тән дара түрінде
қалыптасып сақталып қалған: мәселен «таудың үшкір басы», «шоқы»,
«үлкен», «жуан нәрсе», «үлкен», «томпақ», «төбе» т.б. Бірақ осы жекелеген
25

сөздердің дара мағыналары бір-біріне жақын, синонимдес болып келеді,
себебі түпкі архетиптік имитативтік кешенді мағынадан өрбіген.
Ғ.Ж.Ермекбаевтың пікірінше, *то/*шо алғашында жерден көтеріңкі
орналасқан табиғи нысандардың (төбе, жота, қыр, шоқы т.б.) дөңгелек
формасы негізінде пайда болса, кейінірек нысандардың биіктік, үлкендік
қасиеттері де болуы себепті осы сипатқа ие басқа нысандардың (немесе
дерексіз ұғымдардың, етістіктердің) фонетикалық уәжділігі қызметін
атқарады [48,82].
Мұндай заңдылық өте кең көлемде алынған ностратикалық
материалдардан да байқалады, бірақ түрлі тілдерде орын алған белгілі
терминдердің
өзара
ұқсастығы
біртектілігіне,
яғни
имитативтік
(фоносемантикалық) табиғатына байланысты екені даусыз. Бұдан шығатын
қорытынды ностратикалық – имитативтик – фоносемантикалық
біртектіліктің түп төркіні тілдің шығу дәуіріне апаратыны байқалып отыр.
1.2 Физика-географиялық
сипаттамасы

апеллятивтердің

фоносемантикалық

Географиялық жалпы атаулар (апеллятивтер) табиғи нысандарды немесе
нысандардың кешенін, олардың элементтерін атайды. Әдетте, физикагеографиялық
апеллятивтерді
геоморфологиялық
(орографиялық),
гидрологиялық және топырақтану терминдерінен бөліп қарастырады.
Топонимдердің морфемдік құрылымында, кез келген тілдің топонимиясында
географиялық терминдер жиі кездеседі. Көп жағдайда физика-географиялық
термин (апеллятив) жер-су жалқы есімдерінің негізі, семантикалық тірегі
болып келеді, сол себепті көптеген топонимдердің этимологиясы, мағынасы
құрамындағы
географиялық
апеллятивке
байланысты.
Халықтық
географиялық немесе жергілікті географиялық терминология әлемдік және
отандық топонимика ғылымында біршама зерттелді деп айтуымызға болады.
Халықтық географиялық терминдердің этнолингвистикалық сипаты,
семантикалық,
морфологиялық
қырлары,
жер-су
атауларының
(топонимдердің) қалыптасуындағы орны мен мәні, этимологиясы мен тілдік
төркіні, әдеби-тілдік арналарда қолданылу ерекшеліктері т.б. мәселелер
ғалымдардың назарында болғанымен, географиялық жалпы есімдер
(апеллятивтер) фоносемантикалық тұрғыдан қарастырылмады. Тек
Ғ.Ж.Ермекбаев қазақ тіліндегі жер бедері (рельеф) атауларын өз алдына жеке
тақырып
етіп
олардың
семантикалық,
морфологиялық
және
фоносемантикалық сипатын зерттеген.
Соңғы
жылдары
жүргізілген фоносемантикалық зерттеулердің
барысында анықталғандай, дыбыс бейнелеуіштік (әсіресе, дыбыс
символикалық) сөздер тілде аса көп, бірақ олардың басым көпшілігі бірден
танылмайтын, «бетперде киген» тілдік құрылымдар, ал олардың бастапқы
26

дыбыс бейнелеуіштік табиғаты тек талмай-шаршамай «инемен құдық
қазғандай» ізденістер, талдау арқылы ғана ашылады [77,70].
Дыбыс еліктеуіш (звукоподражательные) сөздер дыбыстық уәжділікке ие
өзара байланысты сөздер тобын қамтиды, яғни бұл топта нысан (детонат)
тарапынан дыбысталатын фонетикалық құрылымдарға еліктеуден туындаған
сөздер жатады; мәселен, көкек, тарс, күрс, тарсылдау, шиқылдау т.б. Ал
дыбыстық символикаға негізделген атаулардың көзге көрініп тұрған
дыбыстық белгілері жоқ, сол себепті олардың уәждік аясын анықтау қиынға
соғады.
Қазақ халықтық географиялық терминологиясында дыбысқа еліктеуден
туындаған атаулар жоқтың қасы (қара: қорыс – «болотистая, непроходимая
местность, поросшая камышом» (Г.К.Конкашпаев). Қазақ халықтық
географиялық апеллятивтердің құрамындағы дыбыс бейнелеуіш сөздердің
басым көпшілігі дыбыс символикалы атаулар болып табылады.
Географиялық (физика-географиялық) нысандарды, кешендерді атайтын
дыбыстық символика сөздер сол нысандардың (кешендердің) қандай
сипаттарын белгілейді деген сұрақ туындайды. Жалпы дыбыстық символика
атаулардың уәждік негіздерін зерттеген ғалымдар жеке тілдер материалдары
бойынша бұл сұраққа жауап іздеген.
Мәселен, Г.И.Петрованың деректеріне қарасақ, нанай тіліндегі дыбыс
символикалы сөздер, негізінен, заттың қозғалысы немесе тыным күйде
тұрғандағы сыртқы түрі туралы, табиғаттың кейбір құбылыстары, көңіл-күй
жағдайлары туралы түсініктерді білдіреді [78,529].
Палеоазиат, яғни эвенк және маньчжур тілдерінде бейнелеуіш сөздер
мимика, сыртқы түр, адамның жүрісі, жарық құбылыстары және түрлі түстер
атаулары болып келеді [79].
Л.Н.Харитонов саха тілінің бейнелеуіш сөздеріне а) қозғалыстың
түрлерін, ә) сезімдік құбылыстарын білдіретін және б) көру арқылы
қабылданатын етістіктерді жатқызады [80].
Тәжік тілінде дыбыс символикалы сөздер қозғалысты, жарық
құбылыстарын, физиологиялық және эмоционалдық жағдайларды білдіреді
[81].
Қазақ тілінде бейнелеуіш сөздер көру мүмкіндігі арқылы қабылданатын
заттың жағдайын, сыртқы көрінісін, түрін, солармен қатар қозғалыс, жарық
құбылыстарын, заттың формасын білдіреді [82].
Дыбыс бейнелеуіштік сөздердің уәждік негіздері әртүрлі болып келеді,
бірақ дыбыс еліктеуіш сөздер мен дыбыс символикалық сөздердің арасында
айтарлықтай айырмашылықтар бар. Дыбыс еліктеуіш сөздер мен дыбыс
символикалық сөздердің басты айырмашылығы: дыбыс еліктеуіш сөздер
жүйесінің пайда болып қалыптасуы дыбыстық уәжділікке негізделген болса,
дыбыс символикалы сөздер жүйесі уәжі «дыбыстық емес» болып келеді. Ол
жөнінде С.В.Воронин
былай дейді: «... представляется оправданным
определить (с некоторой неизбежной долей условностей) сферу мотивации (и
27

первоначальной денотации) звукосимволических слов в целом как не звук»
[75,88].
Қазақ тіліндегі географиялық апеллятивтер негізінен дыбыстық сипаты,
қасиеті жоқ денотаттарды (нысандарды) белгілейді, сол себепті фонетикалық
(дыбыстық) уәжділікке негізделмейді, яғни нысан – денотатты атайтын сөз,
сол аталған нысанның «дыбысына» еліктемейді. Осыған орай «географиялық
апеллятивтердің дыбыстық символикасы қандай, сол дыбыстық символиканы
тудыратын негізгі себептер қандай болып келеді?» деген сұрақтар
туындайды.
Осы сұрақтарға С.В.Воронин ұсынған фоносемантикалық талдаудың
қорытынды
нәтижелері
жауап
беретін
сияқты.
С.В.Ворониннің
фоносемантикалық талдау тәсілі алты операциядан тұрады, сол жүргізілетін
алты операцияның нәтижесінде белгілі бір сөздің дыбыс бейнелеуіштік
қасиеті бар ма, я жоқ па, сол қаситеттің ерекшелігі, табиғаты қандай деген
сауалдарға жауап беріледі.
Бірінші операция: «Семантика». Талданып отырған сөзде «дыбыстық»
мағына бар ма, әлде жоқ па?, егер сөз семантикасында бір ғана болса да
«дыбыстық» мағына болатын болса, бұл сөз дыбыс бейнелеуіш (онаматоп)
сөзі болғаны.
Екінші операция: «Критерийлер». Семантикалық критерийлер –
1)экспрессивтік және сезімділік (эмоциональность); 2)семантиканың
бейнелілігі; 3)семантиканың нақтылылығы; 4)адамның психофизиологиялық
универсумының қарапайым элементтерінің белгіленуі; грамматикалық
критерий – 5)морфологиялық гипераномальдылығы; сөзжасамдық критерий
– 6)редупликация; құрылымдық-фонетикалық критерийлер – 7)фонетикалық
гипераномальдылық; 8)тұлғаның (форманың) шартты түрдегі біркелкілігі;
9)фонетикалық гипервариативтік қосымша дыбысты (практикалық) сонант
(сонорный), метатеза, «дауыстылардың алмасуы», «дауыссыздардың
алмасуы»; функциональдік критерий – 10)стилистикалық шектеулік.
Үшінші операция: «Этимология». Сөздің этимологиясын жасау –
барынша түп-төркінін барлау, түбіне жету және де фонетика-семантикалық
корелляттарын туыстас тілдерден табу.
Төртінші операция: «Экстралингвистика». Акустикалық және/немесе
артикуляторлық сипаттамаларын (этимонның дыбыстық тұлғасының)
денонаттың сенсорлық-эмоциональдық сипаттамаларына теңеп салыстыру.
Соның нәтижесінде уәждің мотиві, дыбыс бейнелеуіштік сөздің уәжділігі
анықталады.
Бесінші операция: «Типология». Туыстас емес тілдер құрамында
талданып жатқан сөзбен фонетикалық тұлғасы және семантикасы
(фонемотиптері) сәйкес, ұқсас сөздерді табу.
Алтыншы операция: «Summa summarum». Фоносемантикалық талдаудың
финалдық кезеңі. І – V операцияларда алынған кешенді нәтижелерге баға
беру. Осы операцияда сөздің дыбыс бейнелеуіштік қасиеті, табиғаты жөнінде
қорытынды тұжырым жасалады. [77,68-69].
28

Қазақ тіліндегі жалпы географиялық есімдер (географиялық
апеллятивтер,
халықтық-географиялық
терминдер)
және
жалқы
географиялық есімдер (топонимдер) құрамында дыбыс бейнелеуіштік
сөздерді табу және сипаттау үшін жоғарыда көрсетілген С.В.Ворониннің
фоносемантикалық талдау тәсілін (әдісін) қолданамыз. Шын мәнісінде, біз
азын-аулақ
жүргізген
фоносемантикалық
талдау
барысында
фоносемантикалық (имитативтік) сипаттама жасалатын сөздегі белгілі бір
дыбыстың немесе дыбыс тіркесінің (сг, гс, сгс т.б. ежелгі түбірлер) белгілі
бір түсінікпен (мағынамен) немесе түсініктер (мағыналар) кешенімен
байланысы жөнінде жорамал, болжам ұсынылады, дәлел, дерек ретінде
фонетикалық және семантикалық белгілері ұқсас, жақын немесе дәл келетін
лексемалар (сөздер) келтіріледі. Мысалдар бір тілден келтірілуі мүмкін, ал
көп жағдайда бірнеше тілден (ностратикалық, тілдер семьясы, туыстас
тілдер) ауқымынан тартылады.
Зерттеу еңбегімізде осыған дейін жүргізілген фоносемантикалық
талдауларда қазақ тіліндегі қыр, шоқы, көл географиялық апеллятивтерге
басқа туыс немесе туыс емес ностратикалық деңгейде кездесетін бірнеше
географиялық термин апеллятивтерді мысал, дерек ретінде пайдаландық.
Ал енді дыбыс бейнелеуіштік (дыбыс символикалық) сөздердің
туындауындағы нейрофизиологиялық негіздер механизміне келетін болсақ,
синезтезиялық теорияға жүгінуіміз керек.
Синезтезиялық теория бойынша дыбыстық символика синезтезиялық
процестің бір көрінісі, яғни дыбыстық символика - дыбыстың дыбыстық емес
ассоциацияларды білдіру қабілеті түрлі бағытты қамтитын сезім
түйсіктерінің біріккен қызметінің нәтижесі.
Фоносемантика теориясы негізін қалаған С.В.Воронин «синестемия»
құбылысы дыбыс символика механизмін шын мәнінде түбегейлі түсіндіре
алады деп есептейді. С.В.Ворониннің «синестемия» терминіне берген
анықтамасы төмендегідей: «Біздер синестемия деп, түрлі модальдық
сезімдері (сирек ретте - бір ғана модальдық сезімдері) және түйсіктер мен
эмоциялар арасындағы сан алуан өзара әрекеттерді түсінеміз, олардың
бастапқы деңгейдегі нәтижесі сезіну қасиеттерінің ауысуы (немесе
импульстардың ауысуы) болып табылады, екінші сигналдық деңгейде дыбыс
символдық сөзде мағынаның ауысуы болып саналады» [75,77].
Синестезия тек сезімдік шеңберді қамтитын болса, синестемия түйсіну
сезімдері мен эмоциялық элементтерді біріккен әрекетінің нәтижелерін
қамтамасыз етеді, яғни интермодальдық ассоциациялар мағына (мағыналар)
деңгейінде белгілі бір дыбысқа ауысады. Сонымен, синестемия
психофизиологиялық универсалия – соның (синестемия) негізінде дыбыстық
символизм лингвистикалық универсалия түрінде қалыптасқан, пайда болған:
«синестемия есть психофизиологическая универсалия, лежащая в основе
звукосимволизма как универсалий лингвистической» [75,85].
Қазақ халықтық географиялық терминдеріндегі дыбыстық символика
құбылысын талдау барысында және нәтижесінде аталған физика29

географиялық нысандардың қандай қасиетін, сипаттарын, белгілерін
дыбыстық түрде символдайтынын анықтауымыз қажет. Әрине, аталатын
дыбыстық деңгейде сипаттайтын географиялық нысандардың айырым
белгілері сан алуан, бірақ дыбыс символикалық атауда солардың қайсылары
белгіленді, қалай белгіленді? – осындай сұрақтарға біз жауап беруіміз керек.
Сол себепті С.В.Воронин ұсынған фоносемантикалық талдау әдісін
қолданбақпыз.
Гидрографиялық, яғни су нысандарының физикалық сипаттары
орографиялық, яғни жер бедері нысандарынан мүлдем бөлек болатыны
белгілі, сол айырма, ерекше аталатын денотаттарға ғана тән сипаттар
дыбыстық деңгейде қалай символданады, белгіленеді, осы және де басқа
мәселелер фоносемантикалық талдау барысында анықталуы тиіс.
Қазақ топонимиясында топонимдер (гидронимдер) құрамында жиі
кездесетін гидрографиялық халықтық апеллятив – су: Ақсу, Қарасу, Қасқасу,
Қызылсу т.б. Түркі тілдерінде бұл географиялық термин «бұлақ», «су»,
«өзен» (кішігірім), көл (кішкентай) деген ұғымдарды береді. VІІІ ғасырға
жататын Токьюкук, Мойынгар көне түркі ескерткіштерінде suв «су»
формасында белгілі. Өзбек, кұмық, ноғай тілдерінде бұл термин сув; хакас
және тува тілінде суг түрінде кездеседі.
Бұл термин Сібір түркі тілдерінде төмендегідей формаларында тіркелген:
су, чул, шул, ю, суг (варианттары зуг, сунг, зу). М.А.Абдрахманов және
А.А.Банюховтың мәліметтеріне қарасақ: «суг - «река, вода», варианты – зуг,
сунг, су, зу.
Примеры: арачилыгсуг - «дальняя, теплая речка»; курусуг – «сухая
речка»; карасуг, каразу (диалектный вариант – карасу) – «черная
(родниковая) речка»; орсунг, кöнсунг – «плесовая речка», қазырсу, сöрöрсу,
кусу. Некоторые названия имеют термины «река» различного
происхождения: кичигчулсу, улугчулсу. Здесь к элементу чул – «река»,
характерному для хакасского, присоединяется тюркский термин су(г).
В русской адаптации термин суг передается в виде – са, -за, зы, например:
Карасуг, рус. Караса; Адиаксуг – Адиакса, Чылыксуг – Чилису, Чилиса;
Игесу – Егоза (Йегоза); Кубанзу – Кубанза; аргысуг – «дальняя речка» Аргазы» [83,163-164].
Түркі тілдеріндегі «су мен» байланысты формалардың моңғол тілдерінде
де параллельдері бар: монг. суваг «канава», «ров», «траншея», «канал»,
«теснина»; моңғол жазба тілінде subaz, сойон тілінде sulak «ручей, приток».
Su түбірі бар usип «вода», «река» барлық моңғол тілдерінде кездеседі:
жазба моңғол тілінде usип, монғол тілінде ус(ан), бурят тілінде уһа(н),
калмақ тілінде usп.
Бір қызығы корей тілінде су – «вода», «река», қытай тілінде шуй (суй) –
«вода», «река», тибет тілінде чу – «вода», «небольшая река» [80,528].
Жоғарыда келтірілген фонетикалық және семантикалық параллельдердің
түпкі себептері қандай? Осы құбылысты әдеттегідей тілдердегі лексикалық
ауысу
процестерімен
түсіндіргісі
келетіні
байқалады.
Мәселен,
30

Л.В.Дмитриева түркі және басқа алтай тілдеріндегі географиялық
апеллятивтердің этимологиясын қарастырған мақаласында былай дейді:
Көрсетілген параллельдерге, ең алдымен монғол тіліндегі u-sun сөзіне
түркілік suв/su қандай қатынаста болып тұр? Біздіңше, монғолдың u-sun
(эвенк, т.б.) және түркілік suв/su бір-біріне қатысты емес, өйткені монғол
тілдерінде (ең алдымен орта моңғол тілдерінде) сөз басында (h-) дауыссызы
келетін usun лексемасының тұлғасы жазылмаған. Осыған орай осы тілдерде
сөз басында s түсіп қалған деп болжауға бола ма екен? Сондай-ақ бұл
тілдерде suваз//суваг “ор”, “арна” термині де бар. Осы негізде біздер мынадай
болжам жасай аламыз: қарастырушы апеллятив өзінің шығу тегі бойынша
түркілік болып келеді, ол бағзы замандарда кейбір моңғол тілдеріне
(жазбаша моңғол, моңғол) кірме сөз ретінде енген. Мұның өзі кейіннен бірлі
- жарым (көрші) түркі тілдеріне (сойондық sudak) қайтадан кірме сөз ретінде
енгендігін жоққа шығармайды. Моңғолдың suвоз//суваг сөздерінің
семантикасы, біздің пікіріміз бойынша, басқа тілден енген кірме сөз екендігін
дәлелдейді: түркі тілдерінде suв/su “су”, “көл”; ал моңғол тілдерінде
suваз/сува едәуір тар, “ор”, “арна” деген туынды мағынада ғана келеді,
өйткені оларда “су”, “көл” мағынасында usun байырғы лексемасы бар. Ол өз
кезегінде бірқатар тілдік топтарға ортақ болып келеді (әрине, олардың
кейбірінде өздеріне тән аффиксациясы бар). Түркілік suв/su сияқты моңғол
тілдерінде де aγ-dak сөзжасам аффикстерін иеленеді [73,154].
Түркі және моңғол тілдері арасындағы лексикалық бірліктердің ауысу
процестері көнеден келе жатқан тілдік құбылыс. Бұл жөнінде ғылыми
әдебиеттерде кеңінен жазылды. Талай ғасыр көршілес отырған халықтардың
арасында тілдік, этнологиялық т.б. деңгейлерде ауысулар байқалатыны анық.
Ал енді тибеттің, қытайдың шу-ын алсақ, эвенк тіліндегі ў-ды моңғолдың
и-sun-нымен және удмұрт тіліндегі ву-мен салыстырсақ, параллельдер
көбейіп, ностратикалық деңгейге шыққанымызды байқаймыз.
Фоносемантикалық (имитативтік) сөздердің басты белгілерінің бірі –
олардың ностратикалық деңгейде таралуы. Ностратикалық параллельдер
фоносемантикалық атаудың имитативтік табиғатын, сипатын көрсетуімен
қатар оның өте көнелігін, тілдің шығу дәуірінде пайда болғандығын
білдіреді. Сол ежелгі, бастапқы замандарда қалыптасқан фоносемантикалық
сөздің барлық тілдерде өлі түбір, рудимент немесе туынды сөздердің
құрамында сақталып қалуы заңды нәрсе, себебі барлық тілдер өз басынан
алғашқы имитативтік дәуірді өткерген.
Дыбыс бейнелеуіштік табиғаты бар сондай сөздерді (түбірлерді) бірден
тану өте қиын, себебі алғашқы фонетикалық уәждің ізі қалғанымен, сол ізді
табу үшін арнайы фоносемантикалық талдау жүргізу қажет. Осы жәйт
жөнінде С.В.Воронин былай дейді: «звукоизобразительными являются не
только те слова, которые ощущаются современными носителями языка как
обладающие фонетически мотивированной связью между звуком и
значением, но и все те слова, в которых эта связь в ходе языковой эволюции
оказалась затемненной, ослабленной и даже на первый взгляд полностью
31

утраченной, но в которых с помощью этимологического анализа
(подкрепленного «внешними» данными типологии) эта связь выявляется.
Следовательно, звукоизобразительное слово – это и слово, изобразительное в
своей основе, по происхождению» [77,66-67].
Сонымен, дыбыс арқылы денонатты бейнелейтін сөздер ататегінен
фоносемантикалық (имитативтік) сипатқа ие, демек, пайда болған, туындаған
кезінде барлық тілдерде бірдей немесе өте ұқсас дыбыстық тұлғаны және
семантикалық ортақтықты иемдеген және әдетте бір дыбыс немесе бір
буынды дыбыстар тіркесі (гс, ег, гес, сгс, сгсс) болып келген. Академик
Ә.Қайдардың пікірінше: «...қайсыбір тілдегі есту, көру, акустикалық,
қимылдық, біразды және басқа да қабылдаулардың өте ежелгі дыбыстық
символдары ретінде Г және сГ моносилабтары: *а, *ә, *е, *о, *ө, *ұ, *у, *ы,
*і, сондай-ақ *ты, *ды, *пы, *шы, *сы тағы басқа да дыбыс тіркестері
танылды.
Что означали эти гласные и звукосочетания в свое время – трудно
сказать. Ясно одно – они послужили основой для образования целого ряда
односложных производных основ подражаний и о них можно судить теперь
только по значениям этих основ» [60,17].
Біздің болжамымыз бойынша, түркі және басқа тілдердің ататілінде
(праязык) у дауысты идеофон (имитатив), фонемотип (С.В.Воронин) «су»
деген кешенді мағынаны білдірген. «У» - судың кешенді түстік, дыбыстық,
тактильдік, сенсорлық, қимылдық т.б. сипаттарының бір ғана дауысты дыбыс
(моносиллаб) арқылы берілген бейнесі. Ал, кейінірек у-ға анлаутты қосылған
с дыбысы судың жылжитын, ағатын, сылдырайтын, сырғанайтын,
сорғалайтын, жылтылдайтын, жалтылдайтын т.б. сипаттарын осы идеофон
арқылы бейнелеген. Г.Е.Корниловтың пікірінше, идеофон тілдердің пайда
болған кезінде семантикалық деңгейде сөзге тең еді, ал идеофондардан
құралған имитатив (мәселен, су имитативы) мағыналық тұрғыдан сипатына
қарай сөйлем қызметін орындаған [53,12].
Қазіргі ұлттық тілдерде көрініс тапқан у-дың//су-дың фонетикалық
варианттары тілдердің кейінгі даму дәуірлерінің жемісі деп есептеумізге
болады. Г.Е.Корниловтың пікірінше, ататілдің имитативтік сипаты
кейініректе сақталған, бірақ ол сипат туынды түбірлерде байқалады, ал
«радиксоид – түбірлердің» «семьяаралық» біркелкілігі көне дәуірдің көрінісі.
Г.Е.Корнилов «имитативтік» кезеңнің тілдердегі әсері жөнінде былай
дейді: «Имитативный [этап] (отразился позднее в пределах собственно
имитативного фонда современных языков и в погашенном виде – в составе
производящих корней - радиксоидов обычных современных слов; при этом
важно не упускать из виду, что фонетическая самобытность подражательных
слов в национальных языках – явление более позднее, а «межсемейная»
идентичность от имитативных корней – радиксоидов – явление наиболее
древнее)» [53,12].
Түркі тілдерінің алғашқы (көне) даму кезеңдерінде бір дыбысты (Г
типтес) имитативтер болған көрінеді: көне түркі тілінде о – «ойлау», ы –
32

«жіберу» («посылать»), ұ – «ұйқы» т.б. бір түбірлі, бір ғана дауыстыдан
тұратын сөздер болған [60,17].
Түркі тілдерінің географиялық терминологиясында у//су –дан туындаған,
өрбіген географиялық (гидрографиялық) апеллятивтер тізімін және
мағынасын атақты географ, топонимист Э.М.Мурзаев келтірген: «Түркі
тілдеріндегі: сөз (“су” - Т.А.) бірқатар туынды терминдерді қалыптастырады:
суат - құдық түбінде, өзеннің, көлдің жағасында мал суғаратын орын, мұның
өзі түрік тілінің suwat “водопой” сөзіне сәйкес келеді; болгар тіліндегі
суват-“жазғы тау жайылымы”, “суат”; саат - “көл бойындағы суат орны”,
суат - “алды бөгелген су айдыны”, кырым - татар тіліндегі учансу “сарқырама”, өзбек тіліндегі учарсув - “сарқырама”, сөзбе - сөз аударғанда
“ұшатын су”, субойи - “жағалау”, “су бойы”,субаши - “көл басталуы”,
“ағыстың басы, суғаруға арналған суда бөлетін лауазым”, суак “суландыратын, су жүретін ор”, “арық” әзірбайжанша субасма - “тасқын су”,
“сел”, суайрычи - “суайрық”, сулу - “су басқай”, сузус - “сусыз”, суамбар “су айдыны”, “су қоймасы”. Жалпы түркілік карасу, хакастық - харасуг “қайнар көз”, “бұлақ”, “бастау”; алтай тіліндегі талайсу - “теңіз” (моңғол
тілінде далай - “көз жетпес”, “орасан зор”); хакас тіліндегі суглыг - “сулы”;
агынсу - “ағын су” және т.б. Қызықты бір жайт, Р.Ш.Жарылғасынова корея
топонимиясынан су терминін кан терминімен ауысу процесін көреді: Пилюсу
көлі бүгінгі күнде Пилюкан. Таулы Алтайдағы суу сөзінің терминологиялық
және топонимиялық мағынасы туралы О.Т.Молчановадан қараңыз.
(Молчанова.О.Т. Топоними-ческий словарь Горного Алтая. Горно - Алтайск,
1979). Еуропа мен Азияның ұлан байтақ даласында су терминімен келетін
гидронимдердің саны шексіз (басым мөлшерде сөздің екінші бөлігінде
келеді): Қарасу, Сарысу, Ақсу, Қызылсу, Тугтусу, Қашқасу, Көксу, Ұлысу,
Қайсу, Адылсу. Енисей мен Абақан бассейнінде көптеген гидронимдер суг
терминімен келеді: Қазынсуг, Сарысуг, Уньсуг, Ызаксуг, Демирсуг; Алтайда
- Суг, Сугат, Қарасук» [84,528-529].
Көне у//су имитативімен туынды сөздер тілдердің кейінгі даму
кезеңдерінде тек қана географиялық терминология саласында пайда болған
жоқ. Біздің болжауымызша, бұл имитативтік түбір басқа да көптегенн
сөздерге негізгі түбір болып келеді, бірақ оның фоносемантикалық табиғаты
қазіргі тілдердегі туынды сөздерде тіптен сезілмейді. У, СУ имитативтердің
негізінде пайда болған сөздерге біз қазақ тіліндегі уыз (уыздай, уыздан,
уыздау, уызды, уыздық), уылдырық, уылжы, сулау, сұйық, сүт, т.б.
жатқызамыз.
Басқа тілдерде де осы имитативтик ізі қалған. Мысалы, мордва тіліндегі
су, эрзя тіліндегі сув, финн тіліндегі sumu “туман” мағынасында белгілі. Бұл
мағына кезіндегі негізгі мағынаға (су имитативінің) байланысты туындауы
мүмкін. Біздің болжауымызша, қазір ұмыт болған су имитативінің негізінде
жасалған тек фоносемантикалық терең талдау, барлау барысында
анықталатын түрлі тілдерде төмендегідей географиялық апелятивтер бар:
Сувара – приречная часть долины; плоская пойма; низкая терраса реки,
33

заливаемая водой при высоком уровне воды (азерб); ср. турец suwarmak“орошать”, “поливать”, “поить скот”; Суводь – водоворот, обратное течение
воды, круговое течение под яром; сувот (см.) воды; суводить “кружить,
волновать, мутит воду”. Суводистая речка, суводок (В.И.Даль). В Сибири
известно форма сувоть – “водоворот” (сообщение Г.Д. Рихтера) от приставки
су; к слову вода (Фасмер). ♦ суводь в Кировской области; Сувой – волнение
на море, место столкновения двух встречных течений при начале прилива.
Особенно ярко такой процесс появляется в преливах между материком с
прибрежными островами (Белое море). У И. М.Дурова[1929] дана и ферма
субой. Сувоем называют жители Мезенского края фарватер р. Печоры.
Снежный сугроб с застругами; водокруть. Сувойное течение – “спорное”
(В.И.Даль) От су + вой (вить), Судак – ручей, приток реки (алт., тув); ср.
Монг. Судаг – “лог”; “ложбина”; “балка”; калм. Зувс - “горная трепа”.
Вспомним и монг. Судал - “ложбина”, “овраг”, “полоска”, “кровеносный
сосуд”, “артерия” [84, 429-530]
Жоғарыда келтірілген тілдік деректерден көргеніміздей, алғашында
имитативтік (фоносемантикалық) табиғаты, сипаты бар көне түбірлер
негізінде
морфологиялық және семантикалық деривация құбылысы,
процестері нәтижесінде жаңа сөздер (лексемалар) пайда болып, сөз қорлары
молайып, толыға түсті.
У/Су имитативтік түбірлердегі у дифтонгоид болып келеді, ал
дифтоногоидте артикульяция жағынан бір-біріне ұқсас, жақын дауыстылардың элементтері бар. Сол себепті кейбір жағдайда, кейбір тілдерде белгілі бір
дауысты дыбыс (дифтонгоид) құрамындағы қосымша дыбыстық элемент
негізгі орынға шығып басқа (бірақ бұрынғы дыбысқа артикуляциялық
жағынан жақын) дыбысқа айналады. Осы құбылысты мәселен мынадай
тізбек арқылы көрсетуге болады: уиу (ю)  дж (ж) ч немесе
уйуйк немесе ууавб т.б
У және и дыбыстық (артикуляциялық) жағынан біркелкі (біртұтас) емес
дауыстылар – дифтонгоидтер қатарына жатады. Олардың осы ерекше сипаты
жөнінде М.И. Матусевич былай жазды: “Суть их заключается в том, что
гласный имеет в начале (или в конце) незначительный элемент другого
близкого ему обычно по артикуляции гласного, наличие которого придает
звучению гласного несколько неоднородный характер, не производящей еще
однако впечатления дифтонга” [85, 81-82]
Тілдің пайда болу дәуірінде туындаған у имитативы сөз (лексема) ретінде
якут (саха) тілінде күні бүгінге дейінгі сақталып қалған. Басқа тілдерде бұл
имитатив (идеофонның) фонетикалық тұлғасы уа, в, б, иу, ю, дәи, ч-ден
басталуы әбден мүмкін себебі осы тізбекте көрсетілген дыбыстар түптеп
келгенде у (и) дифтонгоидтердің фонетикалық варианттары болып келеді.
Ал енді тілдердің (тілдің) тарихи даму кезеңдеріне байланысты бастапқы
идеофон (имитативке) басқа дыбыстар жалғанып, бұрынғы идеофон
(имитатив) деривацияланып, морфологиялық және семантикалық өзгеріске
ұшыраған. Мәселен, бурят тілінде у уса(н) түріне айналса, монғол тілінде
34

ус – “су” мағынасында қолданылады. Ал у-ға д (а) дауыссыз дыбыс
қосылғанда, судың тағы бір сипаты осы дыбыс символикалық сөз (имитатив)
арқылы бейнеленген: “жай, ақырын ағыс”. Эвенк тілінің диалектісінде уда –
“спокойное, тихое течение; длинный”[84,572]. Ал жайбарақат, ақырын судың
ағысы, әдетте, “ұзын”, яғни “созылмалы” мағыналармен, дәлірек айтсақ, жай
ағып жатқан судың (ағынның) көзге көрінетін сипатымен байланысты болып
келеді. Осы туынды мағына тұңғыс-мәнжұр тілінде “суға байланысы жоқ”
сөзде, лексемада тұрақталып калған: уда – “медлить”, ал бурят және монғол
тілдерінде уда – “медлить”, “мешкать”, “задерживаться” [84, 572]
“Уда” атты өзен аттары Ресей Федерациясының Иркут, Хабаровск облыстарында кездеседі. Уда атты өзендердің этимологиясы әлі де ғылыми түрде
анықталмаған. Мәселен, зерттеуші Т.А. Бертагаев осы географиялық атау
жөнінде былай деп жазды: “Не совсем ясным представляется название реки
Уда... возможно, Удэ как название реки, есть позднейшее звуковое переоформление идэ – резвый , удалой (в половоды)”. [84, 572]
У фонемотипі (идеофон, имитатив) негізінде жасалған тағы бір фоносемантикалық сөзге Ул (уль) гидрографиялық терминді жатқызамыз. Кет
тілінде ул, (уль) – “су”, “өзен” мағынасында қолданылады [84, 574]. А.П.
Дульзонның мәлімдеуінше: “Слово уль в значении вода употреблялось во
всех Кетских языках, за исключением имбатского наречия, в котором наряду
с этой формой встречает вариант ур и финского, в котором употреблялось
исключительно куль” [86, 58]
Осы гидрографиялық (фоносемантикалық сипаты бар) термин эвенк
тілінде туынды мағынаға ие болды: “Ул – впадина, глубокое место в реке”
[84, 574]
Осындай туынды, бірақ негізгі, бастапқы (у идеофонындағы) мағынамен
байланысы бар (әр байланыс тілдердің тарихи даму кезеңдерінде мүлдем
ұмыт болған) лексикаланған, туынды сөздерде де байқалады. Бастапқы у
“су”-ға байланысты осы мағыналар В.И. Лыткин және Г.И. Гуляев келтірген
финн-угор тілдеріндегі сөздерден байқалады. Бұл сөздер суға байланысты
гидрографиялық нысандарды атамайды, бірақ, біздің пікірімізше, бастапқы
идеофон у-дың бір мағынасымен – “ылғалды” (сырой, влажный, мокрый)
қазіргі кезде сезілмейтін байланысы, қатысы бар. Басқашалап айтқанда,
кешенді мағыналы болған полисеманикалық идеофон у-дың бір мағынасы
(синонимдес мағыналары) осы сөздерде тұрақталып “қатып” қалған. Э.М.
Мурзаев өзінің сөздігінде [84, 576] осы сөздерді В.И. Латкин мен Е.И. Гуляев
деректеріне қатысты келтіреді: “В.И. Лыткин мен Е.И. Гуляев” [1970]
сопоставляют коми уль- “сырой”, “влажный”, “мокрый”, “оттепель”; удм.
ыль - “сырой”, “мокрый”; мар. Иле - “сырой”, “влажный”, “живой” (о
дереве); манс. иль - “сырой” (о дровах); улис - “влажный”, “сточный”,
“полный”, “сырой”.
Жоғарыда келтірген сөздердің туынды мағынасы (мағыналары) пайда
болуына л дыбысы үлкен әсер (ықпал) еткен сияқты, себебі осы мағыналар
бар сөздерде
міндетті түрде л дыбысы кездеседі. Қазақ тілінің
35

материалдарын қарасақ, ыл* түбірі арқылы жасалынған “ылғал” (мокрый,
влажный, сырой) мағынасы (мағыналары) сөздер бар екеніне көзіміз жетеді.
Академик Ә.Т. Қайдар бір буынды түбір сөздер қатарында осы мағыналар
бар “ыл” түбірі арқылы жасалынған сөздерді келтіреді: *ыл [il] I: ылғал <
ыл+ғал влага; ылас < ыл+ас грязный; ылжыра < ыл+жыра становиться
мягким, влажным, намокшим; ылай < ыл+ай муть, грязь [57, 309].
Э.В. Севортянның пікірінше, кезінде түркі тілдерінде “йыл” - “су”
мағынасындағы термин болған: Э.В. Севортян (1988) вполне определенно
писал о том, что в прошлом в тюрских языках бытовал термин йыл “вода”
ныне сохранившийся в терминах:
караим, йылгча “ложбина, лощина, русло, лож (реки)”,
уйг. бараб. татары илга “ручей, река”,
башк. йылга, елге “река”,
чув. йалка “протока, речка”,
ног. йлга “балка, овраг, река”,
казан. тат. елга “ложбина”,
том. тат. йылга “речка, ключ, речушка”.
совр. уйг. джилга “ложбина, лощина, овраг, балка”.
каз. жылга “речка”,
кирг. жилга “ ложе ручья, ложбина, длинная впадина, балка”,
як. элге “река, речка, ручей, речка в овраге”.
монг. джалга “узкий лог, овражек, сухое русло, буерак”.
бур. жалга “лощина, ложбина, овраг, балка”.
тадж. (из тюрь) джилка, чилга, “овраг, балка, небольшая река” [64, 131132]
Осы келтірілген тілдік деректерге қарасақ, бастапқы фонемотипі бар сөз
(сөздер) кейінірек тілдердің тарихи даму барысында фоносемантикалық және
морфологиялық, грамматикалық деривацияға ұшырайды. Суға байланысты
атаулар су ағатын сай, жылға, арнаға қатысты қолданыла береді. Мұндай
метонимиялық өзгерістер бастапқы фоносемантикалық сөздердің көбісінде
кездеседі. Сөйтіп, фоносемантикалық алғашқы сөздер (идефондар,
имитаивтер) лексикаланып, грамматикалық индикаторлар, модификаторлар
арқылы өзгеріп, олардың фоносемантикалық табиғаты, негізі күңгірттеніп,
жасырын болып, тіпті фоносемантикалық түп – төркіні сезілмейтін жағдайға
жетіп, бейфоносемантикалық (фоносемантикалық емес) сөздер қатарына өтіп
кетеді. Бұл үрдіс және үдеріс кез келген тілдің жалпы сөз қорын, соның
ішінде географиялық аппелятив (терминдер) қорын көбейтуге, байытуға өз
септігін тигізеді.
Ил, йыл фоносемантикалық сөздердің негізінде жасалынған
географилялық терминдердің және топонимдердің ареалы (таралу аймағы)
өте кең. Э.М. Мурзаевтың мәлімдеуінше, елга / джилга, жилга атты
гидронимиялық терминдердің және солардан құралған гидронимдердің
ареалы Украина, Поволжье, Моңғолияны қамтиды: “Елга / джилга / жилга,
река, речка, овраг, ложбина, балка”. Ареал очень большой, как
36

терминологический, так и топонимический, от Украины и Поволжья до
Монголии включительно. Слово весьма активно в образовании гидронимов и
названий типов отрицательного рельефа. М.Р. Розен сообщает что в прошлом
слово применялось для номинации и больших рек: Иртис – Елга, Ом – Елга,
Та – Елга (Тара), ныне в гидронимике Западной Сибири оно сохранилось в
гидронимах малых рек: Еланчик – пр. р. Боксы. Топонимы с елга / жилга
можно обнаружить почти в любом региональном топонимическом словаре,
за исключением, кажется, севера Европейской части России. Для Повольжя
Р.Х. Субаева приводит примеры: Кармалыелга “вязовая”; Нарателга
“сосновая”; Каинелга, “березовая”; Ташелга “каменная”; Упуелга “большая”,
Сазелга “болотистая”. В Башкирии Инзелга, Икейелга, Бурзянелга, Караелга
(в оригинале всюду йылга ); сюда же г. Кинель в Самарской области
(эллинтированная форма от кин елга широкая); в Казахстане Жилгасай; в
Оренбургской области Суелга; на Памире обрыв Сарыджилга. Интересно,
что С.Т. Аксаков в своих “Литературных театральных воспониманиях”
свидетельствует, что имя р. Муелга русскими переосмыслено в Иволгу. Но
самый большой гидронимический ряд с елга относится к Татарстану Ф.Г.
Гарипову приводит сотни таких примеров, среди них наиболее продуктивна
определительная: Уртатау – Йлгасы, Аргытемак – Йылгасы, Озинчишме –
Йылгасы, Омар – Йылгасы, Урин – Йылгасы, но есть простые
словосочетания с определительными – прилагательными: Урта – Йылга, Кара
– Йылга, Сазлы – Йылга. [87, 120-121]
Көріп
отырғанымыздай,
түркі
және
де
басқа
тілдерде
фонемотип(идеофон,
имитатив)
негізінде
жасалынған,
кейінірек
фоносемантикалық төркіні мен табиғаты ұмытылған географиялық
терминдердің (физика – географиялық апеллятивтерін), топонимдердің саны
өте көп және де олар өте кең ареалдарда кездеседі. Бұл, әрине, тілдердің
тарихының сан ғасырлар дамуының нәтижесі мен жемісі. Г.Е. Корниловтың
пікірінше, ежелгі идеофон өзінің қызметі мен мағынасы бойынша сөзге тең
еді, ал идеофондардан құралған имитатив қазірге сөйлемге тең. [88, 109-110].
Идеофон сиволикалық түрде аталған нысанның түрлі сипаттары,
ерекшеліктері бір емес, бірнеше болғандықтан, идеофонның, әсіресе,
имитативтің бірнеше, одан да көп мағынасы болған – идеофон (фонемотип,
имитатив) кешенді семантикаға ие болған. Сол себепті у идеофонның
негізіндегі басқа идеофондар, имитативтердің мағыналары (денонатты
сипаттайтын семантикалық белгілері) түрлі, бірақ бір – бірімен байланысты,
бір – біріне қатысты болып келеді.
Осыған қарағанда, су нысандарын атайтын йыл / ил / ел / жыл имитативтері және оның артикуляциялық варианттары бірнеше мағынаға ие. Ол
мағыналар “сырой”, “влажный”, “мокрый” (В.И. Латкин, И.Е. Гуляев, Э.В.
Севортян) немесе “вода” болуы мүмкін.
А.М. Малолетканың болжамынша, “ыйл” – дың мағынасы өте кең
болған: “Забытый тюрками термин йыл изначально имел, очевидно, более
широкое значение, нежели “вода”, как предполагал Э.В. Севортян. Корень
37

термина (первый слог) сохранился во многих тюркских языках со значением
“влага”, “сырость”: туркм. ол, якут. уол, уиг. йол, алт. (канд), шор, коиб, ул.
Наращивание корня аффиксам ка / га создало понятие носителя действия
“река, ручей” или место действия “русло, ущелье”. Однако указанные выше
формы являются именными, а не глагольными. Поэтому можно считать и
понятия “сырость”, “влага” не изначальными для приведенных выше лексем.
Возможно, что изначальное понятие термина было “переливаться,
разливаться”. С таким значением в одном из диалектов турецкого
сохранилось слово йыл” [64, 132 - 133].
А.М. Малолетко көрсеткен “переливаться, разливаться” деген мағына
бастапқы мағына болғанымен, “сырой”, “влажный”, “мокрый”, “вода” т.б.
мағыналар да бастапқы, себебі у (ю, иу) йыл / жыл / ел / ил имитатив,
идеофондарында бұл мағыналар кешенді, синкретикалық түрде о баста
(тілдердің имитативикалық дамуының дәуірінде) сол аталған идеофон / фонемотип, имитативтерде бар еді. Ол мағыналар бір бірінен туындамаған, сол
себептен ең бірінші, бастапқы “мағына деп атаудың өзі қате, имитативикалық
дәуіріндегі сөздерде” – идеофондарда (имитативтерде) сол мағыналар
біртұтас, кешенді, синкретикалық түрде идеофонның семантикалық өрісінде
өмір сүрген.
“Ылғал” да, “влага”, сырость, “влажный”, “мокрый”, “переливаться”,
“разливаться” т.б. мағыналар (семантикалық белгілер) “су” деген нысанмен
(денотатпен) байланысты, себебі осы мағыналар түптеп келген судың сипаттарын, ерекшеліктерін, айрықша белгілерін атайды, айқындайды. Жалпы
суды атайтын, идеофон ретінде қолданылған дауысты дыбыстар қатарына и
дыбысын да жатқызуға болатын сияқты. Осы и дыбысын біз йыл / ил / жыл /
ыл / иль имитативтер құрамында қарастырамыз.
Іле гидронимнің этимологиясы жайында жазған белгілі топонимист
ғалым А.Әбдірахманов іле атауын И және ла деген компоненттерге бөліп
қарастырады. Біздіңше, атау екі компоненттен жасалған и+ла. И сөзі түркі
тілдерінде “ылғал”, “су” деген мағынада да қолданылатыны белгілі. Мысалы,
“қамырдың иі қану” деген тіркестен ұн мен суды жеткілікті араластыруды
түсінеміз. Немесе, “жаңбырдан жер иленіп кетті” дегенде, жердің суы
молайып кетті дегенді ұғамыз.
Ал атаудың екінші компоненті – ла көне және қазіргі түркі тілдерінде зат
есімге жалғанып, жаңа сөз жасайтын өнімсіз (непродуктивный) жұрнақ [39,
202-203].
Су нысандарының гидрографиялық нысандарын атайтын, дыбыс
символикалық түрде сипаттайтын дауысты дыбыстар қатарына у, и – ден
басқа және ю (иу) дыбысын жатқызуға болады. Бұл идеофон юг, юган
имитативтер құрамында кездеседі деп болжамдаймыз. Бұл идеофонның ізі
негізінен финн – угор тілінде сақталған.
Белгілі топонимист ғалым Э.М. Мурзаев осы идеофон имитативке
қатысты финно – угор тілдерінде кездесетін гидронимиялық терминдердің
төмендегідей тізбегін келтіреді. Ср. др. – пермское юг, юк; коми ю; фин. joki;
38

эст. joqi, также juga – “водопад”; кар. ёки, ливское ёг, морд. (эрзя) ёв - “река”;
мар йогы - “течение”; саам. ёкка, ненец. ю – “река”, “исток реки”; хант. юган
- “река”; удм. юшор - “река”, юкмес - “колодец”, “прорубь”; венг. Jo - “река”
(в топонимах) [84, 640].
Қазақ тілінде жоғарыда көрсетілген идеофондармен (имитативтермен)
онтогенезде (жаратылысында) қатысы болған сөздерге, біздің пікірімізше,
ұйма (жерг. тартпа, ми батпақ), ұйы (сүттің айранға айналуы), ұйық (ұйма,
тартпа, май батпақ) [89, 681] сөздер жатады. Осы қатарға суйық [ су+йық
(юг)] сөзін қосуға болатын сияқты.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында Көксайек елді мекені бар.
Осы топоним екі компоненттен құралған: 1. Көксай, 2. Йек (ёк, ойек, оёк).
М. Малолетко ойек, оёк термині жөнінде былай жазады: Ойек, оёк.
“Кішігірім көл”, “бұлақ” мағынасындағы терминдер екі жақты жолмен
жасалған, әрбір жекелеген жағдайда оларды бөлу қиын немесе мүмкін де
емес.
Алғашқы жағдайда термин көне түркі эгюк сөзін (шамалап оқылуы)
трансформациялау есебінен жасалады, яғни мұнда интервокал г дыбысы
түсіп қалған. Нәтижеде уюк, оёк немесе тіпті ёк деп дыбысталатын термин
пайда болады. Тувадағы Уюк атының келіп шығуы осындай, мұнда УюкТуран көлінде Эгюк - Катун (бүгінгі күнде жай ғана Уюк көлі) көлі аталатын
көне түркі жазбасы табылған. Абақанның сол жақ ағысы Камышты көлі Уюк
[Боргояков, 1970], Ок [Катенов, 1885]және тіпті Ёк [Адрианов, 1886]
атауымен табылған. Барлық осы фонетикалық айырмашылықтар орыс
алфавитімен түркі тілдерінің фонетикасын, әсіресе, жоғары, сондай-ақ төмен
көтеріліп айтылатын алдыңғы қатардағы еріндік дауыстыларды дұрыс
көрсету мүмкін болмауымен түсіндіріледі.
Терминдердің жасалуындағы екінші тәсіл ой түркі терминін кішірейту
мәнін беретін ёк аффиксімен қосып қолданудан көрінеді. Ой термині түркі
тілдерінің көпшілігінде (тува, хакас, алтай, түрікмен, қазақ, қырғыз) бір мәне
ұғылады: бұл ойпаң, төмен орын, қойнау, жыра, кейде (түрікмен) көл
жайылмасы, шұңқыр. Тек тофс тілінде ғана бұл термин кішігірім тұрақты су
ағынын, бұлақты, бұлақ арнасын білдіреді [64, 81-82].
Біздің пікірімізше, көне түркі және тофалартілдерінде суға байланысты
мағынасын сақтап қалған ойек / оёк / уюк терминнің (гидронимнің) фоносемантикалық негізгі сипаты бар.
Көксайек топонимі “Көксайы суы”, “Көксай өзені” ретінде (мағынасында) оқылады, себебі сайдың (көктемде, жазда – сай көк, жасылға оранған)
арнасында өзен, су ағып жатыр (қазір ол өзен Сайрам су деп аталады).
Ыйл / ил / иль / ел / жыл имитативтері су (гидрографиялық) нысандарды
өте ерте замандарда атаған және де судың (өзеннің, көлдің, бұлақтың,
ағынның т.б.) түрлі сипаттарын символикалық түрде дыбыс арқылы
суреттеген, бейнелеген. Зерттеушілердің пікірінше, ол сипаттар “ылғал”,
“влажный”, “разливаться”, “мокрый”, тағы басқа, яғни зерттеушілер
көрсетпеген, бірақ аталған сипаттар болуы мүмкін. Судың (өзеннің,
39

бұлақтың, көлдің, көздің, ағынның т.б.) адам сезім мүшелерімен
қабылдайтын сипаттары қандай көп болса, сол сипаттар, біздің пікірімізше,
имитативтерде, яғни олардың семантикалық кеңістігінде солай толығымен
қамтылған. Ал енді ілкі, бастапқы имитативтер тілдің (тілдердің) ұзақ,
тарихи дамуы барысында сол кешенді семантикасынан арыла бастайды да,
имитативтің негізінде жасалынған, лексикаланған сөзде (атауда) бір (сирек
екі) ғана мағына қалып қояды, белгілі бір ғана нысанды атауға қолданылады.
Осы жолмен қазір физика – географиялық халықтық терминдер
(аппелятивтер) қатарына жататын атаулар қалыптасқан болуы әбден мүмкін.
Олардың сөзге айналуына, атау болып қолданылуына, бірден – бір септігін
тигізген тілдің құбылыс – грамматикалану,
яғни аффиксация –
морфемалардың (граммати-калық индикатордың, модификаторларды)
имитативтерге жалғануы, қосылуы. Кезінде тілдің (тілдердің) шығу, пайда
болуы шағында өз қызметін атқарған идеофондар (фонемотиптер),
имитативтер кейінгі тарихи дәуірлерде түбір (ілкі, бастапқы түбір) рөлін,
қызметін атқара бастады.
Бастапқы немесе ілкі имитативтердің тілдің (тілдердің) алғашқы шығу,
пайда
болу
дәуірінде
де,
біздің
пікірімізше,
фонетикалық
(фоносемантикалық) варианттары болған. Ол варианттар идеофонның
артикуляциялық жағынан жақын, бір – біріне ыңғайлас келетін
идеофондардың, яғни дыбыстардың болуынан пайда болған. Осы тұрғыдан
алғанда, п, у идеофондардың фоносемантикалық варианттары ретінде
олардың артикуляциялық сыңарларын, уа, в, б, иу (ю), й, дж, ж, ч, с, ш
идеофондарды атауға болады. Осы идеофондар (фоносемантикалық
варианттар) имитативтер құрамына енген соң, имитативтер деңгейінде
имитативтердің фоносемантикалық варианттары жаңа имитативтер пайда
болған. Осы жаңа имитативтер қорын көбейте түсе, жаңа нысандарда немесе
аталған нысанның жаңа (әлі дыбыстық формада) белгіленбеген,
сипатталмаған ерекшеліктерін атау үшін (дыбыс символика түрінде)
қолданылған.
Осындай жолмен (алгоритіммен) пайда болған (и, у (ю) идеофондар
негізінде) имитативтер қатарына йыл, ол, уол, йол, ул, іл(ил), жыл, жил, уль,
ыль, иле, иль, эл, джал, (құрамында л идеофоны бар); немесе юг (юк), юга,
йогы, югон, ұйық, юкмес, йоки, ёкка (құрамында г (к) идеофоны бар)
имитативтерді жатқызуға болады.
Осы имитативтер (кейінірек грамматикаланған түрде) түбір ретінде
көптеген тілдерде өзіндік мағыналарымен атау қызметінде түрлі тілдерде
тұрақтап қалды. Нақтылап айтатын болсақ, коми тілінде уль – “сырой”,
“влажный”, “мокрый”, “оттепель”, удмурт тілінде иль - “сырой”, “мокрый”,
марий тілінде иле - “сырой”, “влажный”, “живой” (ағым жөнінде) манси
тілінде иль - “сырой”, улис – влажный, “сточный”, “полный”, “сырой”,
караим тілінде йылга - “ложбина, лощина, русло, ложе реки, ұйғыр, бараба
татарлары тілінде йлга - “ручей, река” башқұртта йылга, елга - “река”,
чувашта йалка “протока, речка”; ногайларда илга - “балка, овраг, река” қазан
40

татарларында елга - “ложбина”; том татарларында йылга - “речка, ключ,
речушка”; ұйғыр тілінде джилга – ложбина, лощина, овраг, балка”; қазақ
тілінде жылға - “речка”; қырғыз тілінде жилга - “ложе ручья, ложбина,
длинная впадина, балка”; якут (саха) тілінде элге - “река, речка, ручей, речка
в овраге”; моңғол тілінде джалга – “узкий лог, овражек, сухое русло, буерак”;
бурят тілінде жалга - “лощина, ложбина, овраг, балка”; тәжік тілінде (мүмкін
түркі тілінен ауысқан) джилка, чилга – овраг, балка, небольшая река; түркмен
тіліндегі ол, якут (саха) тіліндегі уол, ұйғыр тіліндегі йол, алтай (кондом),
шор, койбал тілдеріндегі ул – барлығы “влага”, “сырость” мағыналарында
белгілі, - Иу (ю) идеофонның негізінде құралған имитативтер, жалпы
алғанда, финн – угор тілдерінде гидрографиялық нысандарды атайды: көне
перм тілінде – юг, юк; финн тілінде – йоки; Эстон тілінде – йоги; карел
тілінде – ёки; лив тілінде – ёг; мордва (эрзя) тілінде ёв – река; марий тілінде
йогы – течение; салм тілінде ёкка, ненец тіліндегі ю – “река, исток, реки”;
ханты тілінде “юган – река”; удмурт тілінде юшор - “река”, юкмес “колодец” т.б.
Ылғал, яғни суды сипаттайтын ул / ол соның варианттары джуль, жуль,
чуль, шул, хул имитативтері біраз тілдерде географиялық аппелятив
(терминдер) ретінде өзінің бастапқы мағыналарының кейбіреулерін сақтап
қалған. А.М. Малолетконың пікірінше, түркі тілдеріндегі ол / ул (хол / хул)
“мокрый, сырой, влажный” мағыналарында басқа тілдерде өзінің
фонетикалық, семантикалық паралельдері (сыңарлары) ретінде кездеседі.
Интересный материал для размышления дает тюрских термин ол / ул (хол /
хул) “мокрый, сухой, влажный”, с которым имеются близкие фонетические и
смысловые паралели в других языках: кет. ул, имб. улхей, улем “мокрый,
сырой”; эвен. ул - “увлажнять”, эвен. орок. ула – (на) мочить; коми уль, удм.
ыль, мар. иле, манси или “сырой, влажный” [64, 74]
Өзі келтірген осы сәйкестіктерді А.М. Малолетко тілдер арасындағы
ауысу нәтижелерімен түсіндіргісі келеді. Оның болжамынша, көне үнді
(индия) тіліндегі ждуль “вода” термині түркі тілдерінде ауысу нәтижесінде
юл, дьюл, гул, шул терминдер ретінде белгілі: “Возможно, древнеиндийское
(санскрит) происхождение имеет термин джуль “вода” используемое для
наименования многих рек Хакасии, от которого возникли как производные
др. тюрк юл, алт дьюл, ср. – чул, шор, хак. чул, хак (кызыл. диал.) шул” [64,
24]
Осы болжамның растығын дәлелдей алмаған А.М. Малолетко сөз етіліп
отырған терминдердің өте көне екендігін, және де түп – төркіні белгісіз көне
(ежелгі) көзден алынғандығын, ауысқандығын алға тартады: “Не вдаваясь в
решении спорного вопроса о происхождении рассматриваемого термина
(отметим только, что А.П. Дульзон допускал его заимствование тюрками от
кетов - ассанов) выскажем предположение о весьма древнем его появлении и
несомненном заимствовании из неясного источника”[64, 74]
Көріп отырғанымыздай, А.М. Малолетко “ылғал”, “су” мағыналары бар
сөздердің (терминдердің) түркі және де финно – угор тілдерінде, санскритте
41

фонетикалық және мағыналық сәйкестігін тілдердегі кірме сөздер
процесімен, құбылысымен түсіндіргісі келеді. Ал осы аталған сөздердің
фоносемантика-лық табиғатын ескеретін болсақ, әңгіме етіп отырған
терминдер арасындағы фоно – морфо – семантикалық сәйкестіктер
(паралельдер) тілдің (тілдердің) алғашқы пайда болған кезеңдердегі
имитативтік сипатынан туындағанын көрер едік. Ілкі, бастапқы, алғашқы
тілде (тілдерде) идеофондар, имитативтер құрамы, құрылымы бірдей немесе
өте жақын болған, себебі имитатив тіл (тілдер) дыбыс бейнелеуіш (дыбыс
символикалық) тілдер еді, ал дыбыс символикалық ілкі түбірлер дәлме – дәл
аталып отырған денотанттың дыбыстық суретін барлық жағдайда (барлық
тілдерде – тілде) бірдей етіп беріп отырған. Ал сол тілдің (тілдердің)
бастапқы имитативтік күйін көрсететін имитативтер (идеофондар) лексема
(лексикалық бірліктер) түрінде қазіргі тілдерде сақталып қалғаннан кейін,
соның нәтижесінде осындай терминдердің таң қаларлық, туыс емес тілдер
арасындағы фонетикалық және семантикалық сәйкестіктерді (паралельдерді)
байқап отырмыз. Басқашалап айтатын болсақ, барлық тілдерде кездесетін
фоносемантикалық сөздердің түпкі қоры – бір; ол қор имитативтік дәуірде
жасалынған, себебі алғашқы ілкі тіл (тілдер) имитативтік тіл болған (Г.Е
Корнилов)
Имитативтік “төркіні” бар кейбір гидрографиялық терминдер жалқы
есімдер деңгейінде қолданылып, түрлі тілдерде бірдей (немесе өте жақын)
айтылып та, жазылып та жүр. Гидронимдер деңгейіндегі осындай
сәйкестіктерді (бірақ олардың имитатив екенін сезбеген) зерттеуші А.М.
Малолетко түркі, тұңғыс, финн – угор тілдері материалдарынан көрсетеді. В
тюркской среде это произошло с термином ул / юл: Ула (ныне Туба), левый
приток Енисея, Юл – левый приток р. Алтарык в системе Чулыма (обского)
Улу – юл “большая река”, Чичка – юл, “малая (букв. узкая) река”, Юлчек
“речка”, Ири - юл “старая (главная) река” в системе Чулыма, Йул – правый
приток р. Мундыбали (Шория), Юл – в бассейне верхнего течения колыма.
Тунгусскими являются гидронимы р. Улья (впадает в Ототское море; ср.
Эвен. ули “река”), Сахалян – Ула “черная река” (Амур), реки в системе
Амура: Ул, Кунгул Моргул, Моренул, Ченгуль и др. Марийское название
Волги – Иул также восходить к волжско – финскому варианту
рассматриваемого понятия многочисленные гидронимы с компонентом – уль
в Приуралье могут иметь как тюркское, так и восточно – финское
происхождение, так как эта территория с давних времен освоена восточными
финнами а позднее (с I тыс. н.э.) активно населялись с тюрками. Это р. Ула,
приток Волги, Ола и Бироюль – притоки Волги, р. Юль в бассейне Камы.
Очевидно, тюркскими по происхождению являются гидронимы на юге
России Гайчул и Ян – чул.
Кетскими по происхождению считаются имена рр. Боготол (ранее
Боготоюл), Тисуль (ка), Косуль (около Боготола) [64, 75]
Қазақ топонимиясында (гидронимиясында) осы фоносемантикалық
(имитативтік) табиғаты бар гидрографиялық термин негізінде жасалған
42

географиялық жалқы есімдер бар. Соның бірі, біздің пікірімізше, Ойыл.
Ойыл – Қазақстанның батыс өңірінде орналасқан, ұзындығы 628 км өзеннің
аты. Ә. Абдрахманов, Е. Қойшыбаевтардың пікірінше, бұл атау екі
компоненттен құралған: ой (Ә. Абдрахманов осы компонентті “етістік” десе,
Е. Қойшыбаев “зат есім” дейді) + ыл (зат есім жасайтын жұрнақ). Ойыл
гидронимнің этимологиясын көрсеткен Ә. Абдрахманов та, Е. Қойшыбаев та
“ыл” – дың, немесе “ойылдың” “суға”, “ылғалға” өзенге қатысы бар екенін
айтпаған.
Ол / ұл имитативіне қатысты қалыптасқан, туындаған қазақ гидронимдері
қатарына Ұландырақ, Ұласты, Ұлан өзен аттарын жатқызуымызға болады.
Ә. Абдрахманов Таулы Алтайдағы өзен аты Ұландырақ – ты моңғолдың улан
(қызыл) және тураг > қазақ тілінде дырық (изюбр – бұғының еркекі) деген
сөздерден шығарады: “сонда бұл атау “қызыл бұғы” деген мағынаны
білдіреді” деп жазады [39, 180] Ұласты – тарбағатай тауынан басталатын
өзен атын Ғ. Қоңқашпаевтың пікіріне сүйене келе, Ә. Абдрахманов осы
таудың этимологиясын былай етіп шығарған: Ульяс > Ұлас (терек монғолша)
+ ты (туынды сын есім жасайтын, осы заттың барлығын білдіретін түркі
тілінің жұрнағы) = Ұласты [39, 180-181].
Ұлан гидронимі жөнінде Е. Қойшыбаев былай жазған: “Ұлан – тау өзені,
аудан аттары (Шығыс Қазақстан). Шамасы, түркі этнонимі былайша аталуы
керек. Бұл сөздің түркі тілдеріндегі негізгі мағынасы “бұғы” ұғымын
білдіреді, ал моңғол тілдерінде “қызыл” мағынасындағы түсті көрсетеді” [42,
180-181].
Жоғарыда келтірілген гидронимиялық атауларды фоносемантикалық
тұрғыдан зерттегенде, талдағанда, әрине, мүлдем этимологиялары басқа
болары анық.
Ол / ул (ұл) юл (юль) қатарындағы тағы бір имитатив чул / шул, осы
имитативтің негізіндегі чул (шул) гидрографиялық термині қалыптасқан.
Э.М. Мурзаевтың сөздігінде бұл гидрографиялық терминнің географиялық
мағынасының топонимиядағы (гидронимияда) көрінісін былай түсіндіреді:
Чуль – река (чулымское, шор, сельск); ручей, речка, горная река (хакас).
Варианты – юл, джул, жул, шул.♦ Талды – Чул в Туве; Устьчул, Шепчул,
Хараджул, р. Узунчул в Хакасской АО; р. Тулуюл в Кемеровской обл.; р.
Чул, Усть – Чульск, р. Сынжул, Минжул в Красноярском крае; реки Зынчул,
Инчул, Изыкчул, Итчул, Балықтычул в бас. Чулыма; Чулту, р.м.; нп Чулуш,
р, оз., м. Чулча на Алтае [84, 620].
Жоғарыда келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, чул / шул
термині, негізінен Сібір түркілерінің тілдерінде тараған, және өзен, “бұлақ”,
“тау өзені” мағыналарында қолданылады. А.М. Малолетконың деректеріне
сүйенсек, қырғыздарда джуль формасы қолданылады. [64, 138]. Көне түркі
тілінде jul - “источник” (көз), “ручей” (бұлақ). Қазақ тілінде шул немесе чул,
сул терминдері кездеспейді. Шығыс Қазақстан облысындағы Шұлба
атауындағы шұл жоғарыда келтірілген фоносемантикалық сипаты бар
43

сөздерге жатады ма, әлде жатпайды ма, осы мәселе арнайы зерттеуді қажет
етеді.
Таулы Алтай топонимиясын зерттеген О.Т. Молчанов чул, іул, ул, жул,
сул, тараған аймақты Хакасия деп біледі: “Для нас ясно одно: из всех
тюркских территорий центром топонимов на чул, іул, ул, жул, сул остается
Хакаская автономная область. Как, где, когда это слово распространилось в
Хакасском языке и топонимии Хакасси, остаётся пока нерешенным” [90, 43]
Сөз етіліп отырған гидрографиялық терминдердің түркі тілдеріне
(Сибирь түркілерінің, әсіресе, Хакас тілінде, Хакасия топонимиясында кең
тараған) тән екендігіне қарамастан, бұл терминдер финн – угор тілдерінде
ұшырасатынын зерттеушілер атап өткен. Мысалы, Ф.И. Гордеевтің
мәлімдеуінше, Юл - марий тіліндегі Волганың аты: “Юл - марийское название реки Волги. Общемарийская форма этого слова может быть востановлена
в форме йола; фин. jala  carajala – море (в фольклоре), jola  sarajola. Про
форму всех выше названных слов на финно – угорском уровне
представляется возможно реконструктировать в виде jala со значением вода,
так же индоиранское происхождения Санскр. Jala – вода” [84, 642].
Имитативтік сипаты бар, яғни ілкі имитативтің негізінде қалыптасқан
сөздер, жоғарыда көріп отырғанмыздай, көптеген (барлық) тілдерде
кездеседі. Әдетте, осы сөздердің түркі тілдік төркіні (язык - источник) таба
алмай зерттеушілер әлекке түседі. Көп жағдайда осындай терминдердің түрлі
тілдердегі фонетикалық және семантикалық параллельдігі лексикалық ауысу,
кірме сөздер құбылысы ретінде түсіндіріледі. Алайда, кейбір тілдер арасында
ауысу тіптен мүмкін емес болғанымен, осы тілдерде фонетикалық тұлғасы
мен мағынасы бірдей немесе өте жақын сөздер кездеседі. Аталған сөздердің
міндетті түрде имитативтік төркіні, сипаты бар болып шығады. Демек,
барлық тілдер басынан өткерген, тілдің (тілдердің) ілкі, алғашқы пайда
болған дәуірдің сол кездегі имитативтік қордың бізге жеткен сарқыны.
Қазақ, түркі, түркі емес (финн - угор, үндіиран, үндіеуропа т.б.) тілдердегі
халықтық, яғни көне тарихы бар гидрография терминологияның бір бөлігі
фоносемантикалық
(имитативтік)
сипатқа
ие.
Олай
дейтініміз,
гидрографиялық (гидронимиялық) терминнің құрылымында ежелгі идеофон
немесе идеофондардан құрылған имитатив бар екені талдау барысында
анықталып отыр. Қазақ және де басқа гидрографиялық аппелятивтер
құрамындағы фоносемантикалық сипаты бар сөздерде негізгі, түбір жасаушы
немесе имитативті құраушы идеофон дауысты дыбыс болып келеді. Осы
дерек екі басты тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Бірінші: тілдің
(тілдердің) ең бастапқы ілкі даму немесе пайда болу кезеңінде – имитативтік
дәуірде жеке дауыстылар үлкен дыбыс бейнелеуіш (дыбыс символикалық)
рөл атқарған. Екінші тұжырым: дауысты дыбыстар, яғни идеофондар су
нысандарын дыбыстық түрде бейнелеуге өте ыңғайлы, тиімді болған, себебі
суға (су нысандарына) байланысты адамда туындайтын интермодальдық
ассоциялар
дауысты
дыбыстың
(дыбыстардың)
артикуляциялық,
фонологиялық, бейнелік, ұғымдық қасиеттеріне сәйкес келеді. Дауысты
44

дыбыстар судың (су нысандарының) дыбыстық бейнелерін, оған сәйкес
келетін ұғымдарын атауға өте ыңғайлы болған көрінеді.
Қолымызда бар, талданған халықтық гидрографиялық апеллятивтер
материалдарынан байқағанымыздай, негізінен фоносемантикалық сипаты бар
гидрографиялық апеллятивтер (құрамында бір) төмендегідей бір дауысты
идеофондардан құралған: у, и. Ал енді фоносемантикалық гидрографиялық
апеллятивтер құрылымындағы уа, й, иу, (ю), о идеофондарды біз негізгі,
бастапқы у, и идеофондардың фоносемантикалық варианттары туынды
идеофондар деп қарастырамыз.
Белгілі тілші ғалым Б. Сағындықұлы “түбіртек” деп қарастырып жүрген
“түбірлердің түбірі, негіздердің түп негізі” деп санайтын “бір ғана дауысты
дыбыс пен бір ғана дауыссыз тіркесуінен тұратын” тілдік бөлшектің
фоносемантикалық табиғаты болуы әбден мүмкін. Сол тұрғыдан алғанда,
“түбіртек” – идеофон, я имитатив.
Академик Ә. Қайдар түрлі ілкі түбірлердің семантикасын кешенді ұғымға
жақын ұғымды беретін мағыналар жиынтығы деп есептеген. Байқап қарасақ,
имитативтердің де жалпы мағыналық сипаты да ілкі түбірлер семантикасына
сәйкес, жақын болып келеді, себебі имитатив аталған нысанның түрлі
белгілерін, ерекшеліктерін дыбыстар арқылы бейнелей келе, нысанға
қатысты ұғымды санамызға, көз алдымызға келтіреді.
Академик Ә. Қайдар ең көне ілкі түбірлердің семантикасы жөнінде былай
жазады: “Это было даже не столько лексическое значение предметов и
явлений, сколько понятие и представление первобытного человека об этих
предметах и явлениях” [57, 162]
Гидрографиялық апеллятивтердің құрылымында және құрамында
табылып отырған имитативтер ілкі дауысты идеофондардың негізінде
қалыптасқан, пайда болған. Тілдің шығу кезінде, пайда болу кезеңінде
нысандардың, соның ішінде су нысандарының дыбыстық бейнесін жасаған
дауысты дыбыстар болған.
Осы аталған заңдылық жөнінде академик Ә. Қайдар былай деп жазады:
“Наидревнейшее, самое элементарное звукопредставление в далеком
прошлом, вероятно, реализовывалось наличными в каждом языке гласными
звуками, так как другой возможности он не имел и не мог иметь
Следовательно, реализация самых простейших звукопредставлений
практически могла осуществляться нашими предками только на основе
гласных [а], [ә], [о], [ө], [е], [ұ], [ү], [ы], [і]. Думается, что в первоначальные
звукопредставления были весьма обобщенными и обязательно содержали
элементы указанных выше звуков речи ” [57, 170]
Осы келтірген үзіндіде академик Ә. Қайдар негізінен дауысты дыбыстардың дыбысқа еліктеуіш (звукоподрожания) қызметі жөнінде айтып отыр. Ал
идеофондар мен имитативтер тек қана еліктеуіш функциясына ие емес,
сонымен қатар дыбыстық символика қызметіне ие.
Г.Е. Корнилов имитатив жөнінде мынадай түсінік береді: “имитативы не
подражания звуком и звучаниям, а подражания объектом, процессам,
45

состояниям, качествам с помощью звуков и звучаний” [53, 60]. Академик
Ә. Қайдардың байқауынша, “каждый звук в комплексе подражаний несет
определенную семантическую нагрузку, реагируя на слуховые, зрительные,
двигательные, цветовые, и прочия проявления внешней среды” [57, 172].
Осы келтірген мәліметтерді, деректерді есепке алсақ, гидрографиялық
аппелятивтердің құрамындағы (түбірлеріндегі) идеофондар мен имитативтер
судың (су нысандарының) түрлі (түс, қимыл, акустикалық, сенсорлық,
тактильдік т.б.) белгі – ерекшеліктерін дыбыс, дыбыс тіркестері арқылы бере
алған. Идеофондардың және имитативтердің осындай қасиеттері кейінірек
тілдердің ұзақ тарихи даму барысында ұмыт болған және де идеофондар
фонема ретінде, ал имитативтер түбір (ілкі түбір, бір буынды түбір) кейпінде
танылып кетті. Соған қарамастан, күні бүгінге дейін бір кездегі (тілдің
[тілдердің] пайда болу дәуірінде өз қызметін атқарған, қолданылған)
идеофондар мен имитативтер түбірлер құрамында жасырын түрде сақталып
қалған.
Біз талдаған фоносемантикалық түбірлердің құрамындағы э, й, иу, о, ө,
идеофондар бастапқы немесе туынды, яғни у, и, идеофондардың
фоносемантикалық варианттары болуы мүмкін. Б. Сағындықұлының
көрсетуінше, дауыстылар қатарындағылар ең көне формалар (архетиптер) а,
у, и, дауысты дыбыстар болып келеді: “Біздің ұзақ жылдар бойғы зерттеу
жұмыстарымыз дауыстылардың ең көне формалары (архетиптері) а, у, и
екендігін, дауыссыздардың ең көне формалары и, ч, аффрикаттары н, р
сонорлары һ көмей дауыссызы екендігін көрсетті. /.../ У дауыстысы бір
бағытта дамығанда, у соноры екі бағытта дамығанда, у-о-ө дауыстылары,
үшінші бағытта дамығанда у-ұ-ы-і дауыстылары тілдік өмірге келген.
Генезисі бір дыбыс сәйкестіктерінің дыбыстық қатарын бірінің орнына бірін
алмастырып қолдана беруге болады” [91, 45].
Сонымен, фоносемантикалық сипаты бар гидрографиялық терминдердің
ілкі түбірлері болып келетін имитативтердің негізі, бастапқы құрылымдық
тегі, элементі бір дауысты идеофондар. Ал имитативтердің ілкі түбірлердің
құрамындағы (міндетті түрде имитативтердің соңғы дыбысы болып келетін)
дауыссыз дыбыс әдетте л болып келеді; салыстырыңыз: йыл / ел / жыл / ил /
уль / юль / т.б. Судың сипатын бейнелейтін имитативтердің құрамында
(имитивтің соңғы дыбысы ретінде) болатын л идеофоны дыбыс
символикалық мәнге ие.
Тіл білімінде имитатив теориясын жасаған чуваш ғалымы Г.Е.
Корниловтың байқауынша, л идеофоны сұйық, газ тәрізді, қатқыл, өлі немесе
тірі, жарықтың – түрлі ортада, түрлі күшпен сырғанау идеясын береді,
суреттейді: “... по разному голосованный или расширенный сонорный
плавный - л ) л; обобщенно передающий идею скольжения твердого,
жидкого, газообразного - живого или неживого, света и т.п. – в разных
средах, с различной силой и т.п.” [53, 160]. Міне, көріп отырғанымыздай,
идеофондардың, имитативтердің дыбыс бейнелеуіш, дыбыс символикалық
мүмкіндіктері мол.
46

Қорыта келгенде, тілдің (тілдердің) алғашқы, бастапқы, ілкі (Г.Е.
Корниловтың терминологиясы бойынша - имитативтік) дәуірінде пайда
болған су, су нысандарын дыбыстық символика түрде бейнелейтін,
суреттейтін кейбір идеофондар мен имитативтер гидрографиялық
аппелятивтер құрамында сақталған. Осы имитативтер, идеофондар кейінірек
өзінің дыбыстық символикалық сипатынан, қызметінен арылып, қазіргі
фононемаларға, бір буынды түбірлерге айналған. Сол бір буынды (бір немесе
екі, үш дыбысты) түбірлер лексикаланып, яғни бір лексикалық мағынаға ие
болып, грамматикаланып (аффикстерге, индикаторларға, модификаторларға
ие болып), кәдімгі сөздерге, яғни гидрографиялық аппелятивтерге айналған.
Әрине, біз сөз еткен фоносемантикалық модельдер, яғни идеофондар мен
имитативтер басқа (гидрографиялық аппелятив, терминдер емес) сөздерде де
ұшырасады. Ол сөздерді біз имитатив теориясы тұрғыдан фоносемантикалық
сипаты бар сөздер ретінде жұмысымызда да қарастырған жоқпыз.
1.3 Жер бедері (орографиялық) апеллятивтерінің фоносемантикалық
сипаты.
Алдыңғы тараушада негізінен суды, су нысандарын атайтын
гидрографиялық аппелятивтердің фоносемантикалық сипаты қарастырылды.
Топонимист ғалымдардың пікірі бойынша, алғашқы ежелгі тас дәуіріндегі
топонимия, жалпы айтқанда, “жергілікті” ілкі географиялық аппелятивтерден
құрылған, яғни су нысандарын ежелгі адам “су” мағынасындағы немесе суды
сипаттайтын “алғашқы” сөздермен белгілеген, ал құрлық, жер бедері
нысандарын “тау / төбе / ой” ұғымындағы бастапқы сөздермен атаған.
Имитатив (фоносемантика) теориясы бойынша, аса алғашқы сөздер қатарына
жататын географиялық аппелятивтер шындап келгенде сөз емес “идеофон”
немесе “имитатив” деп бүгінгі тілші – ғалымдар атап жүрген тілдік бірліктер
болған. Ол бастапқы тілдік бірліктердегі дыбыстар дыбыс бейнелеуіш,
дыбыстық символика қасиетіне ие еді, яғни дыбыс арқылы аталған нысанның
түрлі сипатын дыбыстық деңгейде бейнелеп, суреттеген. Сол “имитативтік
қордың” сарқыттары, іздері күңгірттенген “өм” түбірлердің құрылымында
және құрамында осы бүгінге дейін жеткен.
Осындай имитативтік (фоносемантикалық) сипаты бар географиялық
аппелятивтер
құрамындағы,
санасындағы
кейбір
гидрографиялық
аппелятивтерге алдыңғы тараушада фоносемантикалық талдау жасадық.
Фоносемантикалық сипаты көмескіленген сөздердің, соның ішінде
географиялық аппелятивтер саны айтарлықтай екенін біз жинаған
материалдардан да байқауға болады. Жалпы айтқанда, географиялық
аппелятивтер қоры кез келген тілдің негізгі (базистік) қор түріне жатады,
яғни түп – түркіні диахроникалық тұрғыдан қарағанда ең төменгі қабаттарда,
тіпті “алғашқы” ілкі сөздер санасында екенін болжауымызға болады. Ал, Г.Е.
Корниловтың “имитатив теориясы” бойынша тілдің (тілдердің) ең алғашқы
пайда болған кезеңі “идеофондар” және “имитативтер” дәуірі болған десек,
47

әрине, географиялық аппелятивтердің ең ежелгісі көнесі имитативтік,
идеофондық негізінде жасалынған сөздер немесе бастапқы идеофон мен
имитатив түрінде болған тілдік қабат.
Зерттеу нысанымыз болып отырған фоносемантикалық сипаты
көмескіленген, яғни дыбыстық символикасы бар географиялық аппелятивтер,
айқын еліктеуіш, дыбысқа еліктейтін географиялық аппелятивтер мен
географиялық атаулар диссертацияда біршама қарастырылғанмен,
фоносемантикалық сөздердің осы тобы ең көне қабаттарға жатпайды, себебі
дыбысқа еліктейтін сөздердің пайда болуы тілдердің даму тарихының барлық
кезеңдерінде байқалады.
Дыбыстық символикаға ие орографиялық аппелятивтердің құрамындағы
дыбыстардың, дыбыс тіркестерінің, яғни идеофон, имитативтердің аталған
нысандар мен сәйкестігі дыбыстардың фонологиялық, артикуляциялық
сипаттарының
сәйкестеріне
негізделген.
Осындай
сәйкестіктерді
фоносемантика саласында зерттеушілер жүргізгенін ғалымдар табуда.
Мәселен: шар тәрізді, томпақ, шығыңқы заттардың атауларындағы
түбірлерде бір немесе бірнеше лабиалды дыбыстар бар екені жөнінде А.М.
Газов – Гинзберг, В.Г. Лобин, С.В. Воронин, А. Йоханенссон сынды
ғалымдар жазды [92]. Осы ғалымдардың пікірінше, осы сәйкестік еріндік
символизіміне негізделген: “ауыз (ерін) қимылы домбақ (шар тәрізді) заттар
формасын бейнелейді”. Бұл аталған қимыл лабиальды (еріндік)
дауыстыларды (о, ө, ұ, у, ү) дыбыстағанда жасалады.
Еріндік дауыстылардың символизіміне негізделген фоносемантикалық
орографиялық аппелятивтерге төбе, шоқы, қуыс т.б. аппелятивтерді жатқызуға болады. Ғ. Ермекбаетің пікірінше, жер бетінен биікте жатқан табиғи
нысандардың (төбе, дөң, шоқы, төмпешік т.б.) басым көпшілігінің
құрамында еріндік дауыстылардың ұшырауы кездейсоқ емес: “Домалақ,
дөңес, яғни жер бетінен көтеріңкі жатқан табиғи нысандардың негізгі
белгілерінің еріндіктер фонетипімен байланысы адамның сезімдік қабылдау
саласына байланысты. Бұл жерде сезімдік қабылдаудың екіншісіне ауысуы,
яғни синестемия көрініс береді” деп жазады [93, 77]. Синестемия
құбылысында интермодальдік сезімдік ассоциялар дыбыстық деңгейге
(дыбысқа, дыбыс тіркестеріне) ауысады, синестемия, психофизиологиялық
универсалия, өз кезегінде бұл универсалия дыбыстық символика
универсалияның негізі болып келеді (С.В. Воронин).
Синестемия құбылысы негізінен пайда болған сөзді С.В. Воронин
звукоизобразительное слово “- дыбыс бейнелеуіш сөз” деп атады. С.В.
Ворониннің пікірінше, дыбыс бейнелеуіш сөзге дыбысқа еліктеуден пайда
болған сөзді, фонетикалық уәжділігі айқын сезінетін сөзді (сөздерді) ғана
жатқызбаймыз, дыбысбейнелеуіш сөздер қатарына фонетикалық уәжділігі
сезілмейтін, көмескіленген, бірақ, фоносемантикалық талдау барысында
анықталатын сөздерді жатқызуымыз тиіс [77, 67].
Дыбыс бейнелеуіштік сөздердің тілдік тұлғасында міндетті түрде
фонемотип (С.В. Ворониннің термині) бар. Фонемотипте аталған заттың кем
48

деген бір сипатына қатысты фонема болуы тиіс – фонемотиптер акустикалық
(дыбысқа еліктеуіш сөздерде) болып екі түрге бөлінеді [77, 67]. Мысалы,
“томпақ”, “домалақ”, “үрлеген” заттардың сипатына сәйкес келетін дәл
сондай сипаттар еріндік (лабиалды немесе лабиальданған) дауысты,
дауыссыздарда бар. Сол себепті осы аталған артикуляциялық фонемотип
“томпақ”, “домалақ”, “үрленген” заттарды атайтын сөздерде қолданылады.
Зерттеу нысаны болып отырған фоносемантикалық сипаты бар деп
есептелетін географиялық аппелятивтерді және географиялық жалқы
есімдерді (топонимдерді) біз “дыбыс бейнелеуіш сөздер” (звукоизобразительные слова) қатарына жатқызамыз. Дыбысбейнелеуіш сөздер фоносемантика теориясы бойынша екі түрге бөлінеді: дыбысқа еліктеуіш сөздер
(звукоподрожательные слова), екінші түрі – дыбыстық символика сөздер
(звукосимволические слова). Біз талдап отырған географиялық аппелятивтердің (терминдердің)
құрамында негізінде дыбыстық символика сөздер
ұшырасады, себебі дыбыстық символика (звукосимволические слова) сөздер,
әдетте ең көне “алғашқы” сөздер қатарына жатады. Соған қарағанда,
географиялық аппелятивтердің белгілі бір бөлігі өте ерте дәуірлерде, тіпті
тілдің (тілдердің) алғаш пайда болған дәуірінде қалыптасқан, “өмір сүрген”
болуы мүмкін. Ал енді, дыбысқа еліктеуіш (звукоподражательные слова)
сөздер сипатындағы географиялық жалқы есімдер (топонимдер) қазақ
топонимиясында бар және осы аталған топтағы фоносемантикалық сөздер
зерттеу нысанымыз болып табылады.
Зерттеу еңбегімізде имитатив теориясын (Г.Е. Корнилов) және де
фоносемантика (фоносемантика теориялық негізін қалыптастырушы С.В.
Воронин) теориясын қатар қолданғанымызға байланысты қазақ тіліндегі
географиялық аппелятивтер мен топонимдерді талдаған кезде, “имитатив”,
“идеофон”,“фонемотип”, “фоносемантикалық сөз” т.б. терминдерді қатар
немесе аралас қолданамыз. Түптеп келгенде “имитатив теориясы” мен
“фоносемантика теориясы” бір – бірінен онша алшақ емес және көп жағдайда
бір-бірін растап, толықтыра түседі.
Жоғарыда көрсетілген теориялық ұстанымдарға сүйене келе, қазақ
тіліндегі орографиялық аппелятивтерге фоносемантикалық талдау
жасамақпыз. Қазақ орографиялық сөздік қорындағы фоносемантикалық
атаулардың түп – төркіні сонау “имитативтік” дәуірде жатқандығынан,
бастапқы фонемотиптер қазақ тілінен басқа (түркі, үндіеуропа, семит т.б.)
тілдерде кездесетін орографиялық аппелятивтер құрамында ұшырасады. Сол
себепті зерттеу нысандары етіп алынған фоносемантикалық қазақ
аппелятивтерін басқа тілдердегі
фоносемантикалық географиялық
(орографиялық) аппелятивтер қатарында, солардың кең ауқымында
қарастырудамыз. Біздің пікірімізше, сонда ғана талдауға түскен
аппелятивтердің фоносемантикалық табиғаты ашыла түседі және де сол
атаулардың өте көнелігі дәйектеледі. Сонымен, қазақ оронимдері мен
топонимдерінде жиі кездесетін және де басқа, әсіресе, түркі тілдерінде кең
тараған орографиялық аппелятивтердің бірі – төбе. Қазақ тілінде: “Төбе I
49

Топырақ, құм, немесе тастан үйіліп қалған биік дөң, шоқы. Төбе II 1. Бастың
ең үстіңгі бөлігі. 2. Бір заттың ұшар басы, ең жоғарғы жағы” [89, 645]. Көне
түркі тілінде töpü темя, макушка, голова, вершина.
О.Т. Молчанова осы сөздің түркі тілдеріндегі мағыналарын көрсеткен
“Тöбö (основное значение – макушка головы, телья) в алтайское топоними
означает вершину горы; небольшое возвышение; холм, пригорок; ср. Азерб.
тэпэ – телья, макушка; холм, пригорок, горка, сопка, высь, вершина,
верхушка; башкирск. тÿбэ – крышка, кровля; вершина, холм; казах тöбе –
холм; кирг. тöбö – макушка горы, хребта; вершина (в географическом
аспекте), дöбö – холм, возвышенность, дöбö и дöн почти всегда синонимы;
каракалп. Тöбе – верх, вершина, холм, сопка, возвышенность; татарск. тÿбэ –
крыша, кровля, вершина, верхняя часть чего – либо, туркм. депе – 1) бугор,
холм, сопка; бархан; 2) верх, верхушка, вершина; макушка; 3) телья,
теменной, доагын депеси – вершина горы; узбек. тепа – 1) холм, бугор; 2)
верх; вершина, верхушка; макушка; шор. тöбе – холм, вершина горы; якутск.
тöбö - 1) голова; головной; 2) верхушка; макушка, вершина, хайа тöбöто –
вершина горы; 3) конец, кончик; др. – тюрк. Тöпÿ – 1) темя, макушка; голова;
2) вершина” [90, 97].
Жоғарыда келтірілген сөздердің ортақ түбірі тöб (варианттары тэп, тÿб,
дöб, деп, тöп) көрсетілген туысқан түркі тілдерінің негізгі (түпкі) сөздік
қорының бір тілдік элементі болуы мүмкін. Осы сөздің фоносемантикалық,
яғни имитативтік төркіні, сипаты бар деген жорамалды дәйектеу үшін
аталған түбір (сөз) тегі басқа тілдерде де кездесуі тиіс.
Ондай деректерді белгілі топонимист ғалым Э.М. Мурзаев өз сөздігінде
берген: Тепе – вершина, бугор, сопка, холм (тюрк). Др. – тюрк. töpü – телья;
“макушка”; “голова”; “вершина”. Варианты: дене, добо, топпа, тепа, тобе,
тюбэ, тäпä. В рус. геогр. литературе часто принята форма тепе. В Западной
Сибири – тубя. Тепелик – “мелкосочник”, “холмогорье” (азерб). В тадж. яз.
заимствовано в форме теппа, в перс. – тебе, тубе, тепа. В болг. диал. тепе –
“холм”, “бугор”, “вершина”, “пик” из турецк. яз. Ясные параллели: бур.
добо – “холм ”, халха – монг. добо – “небольшая горка”, “холм”, “курган”,
“насыпь”, добек – “вершина горы”, “пик”; эвенк. Дуеэ – “конец какого – то
предмета”; “вершина”, “исток реки”; орочское дувэ, дуэ – “конец”, “острие”,
“мыс”; маньчж. дубэ “конец”; “вершина горы, дерева”, “устье реки”, “край”,
“предел”, Ср. Хинди тибба, тибби, типа – “холм”; “горка”, “невысокая и
небольшая возвышенность” [84, 549].
Э.М. Мурзаев келтірген мәліметтерге қарасақ, аталған түбір түркі
тілдерінде ғана емес, сонымен қоса палеозиат, тұңғыс – маньчжур, иран,
хинди тілдерінде кездеседі. Осы орографиялық терминнің аса кең аймақты
және туыстығы жоқ көптеген тілде таралуы кездейсоқ нәрсе емес. Егер,
кейбір тілдер арасан (мысалы, түркі мен моңғол, түркі мен тұңғысманьчжур) ауыс – түйіс, тілдік тоғысулар (контакттар), соның нәтижесінде
кірме сөздер (төбе сөзіне, мысалы, қатысты) болуы мүмкін болса, тегі мен
50

орналасуы өте алыстағы тілдер арасындағы ортақ сөздердің төркіні –
имитативтік (фоносе-мантикалық) табиғатында екенін мойындауымыз керек.
Ал енді осындай сөздердің фоносемантикалық (имитативтік) төркінін,
сипатын дәлелдеу үшін аталған сөздердің құрылымында идеофон немесе
фонемотип, немесе имитатив табуымыз, айқындауымыз қажет. Сол
фонемотип, я идеофон, имитатив осы көп тілдерде ортақ түбірдің негізгі,
бастапқы мағынасын түсіндіруі тиіс.
Байқап қарайтын болсақ, төбе сөзіне қатысты көрсетілген көптеген
тілдердегі аппелятивтердің жиі кездесетін, яғни бәріне ортақ мағына үстіңгі
бір нәрсенің жоғары шығып тұрған басы, бөлігі. Осы мағынадан туындаған,
осы мағынаға қатысы бар “биік”, “төбе”, “шың”, “дөң”, “бас”, “төбе
(адамның)”, “ұш (бір нәрсенің ұшы)”, “өзеннің басы”, “аяғы”, “шек”,
“қақпақ”, “үйдің төбесі (кровля)” т.б. мағыналары негізгі мағынадан өрбіген,
тілдердің ұзақ ғасырлар бойы даму барысында негізгі мағына негізінде
қалыптысқан мағыналар болуы мүмкін.
Сөздің немесе түбірдің имитативтік, яғни фоносемантикалық табиғатын,
сипатын, төркінін дәлелдеу үшін, сол талдауға түскен сөзде (түбірде)
фонемотип (идеофон, имитатив) табылуы, болуы тиіс. Фонемотип (Г.Е.
Корнилов терминологиясы бойынша - идеофон) дауысты немесе дауыссыз
дыбыс болуы мүмкін еді, яғни болған.
Талдап отырған сөздердің түбірінде (бір буынды түбір) көбірек
кездесетін, яғни бәріне ортақ дауысты дыбыс ö (варианттары – у, о, э, е). Б.
Сағындық-ұлының зерттеуі бойынша “әр түсінік үшін бір дауысты жеткілікті
болған...ү(у) – “үстінгі”, і(и) “ортасы, арасы”, а – “төменгі жақ” мағыналары
бекітілген” [26, 101-105]. Ал енді “төбе” сөзіне қатысты аппелятивтерде
түбірлерде кездесетін ö, о, э, е – у (ү)-нің варианттары, яғни барлығы дерлік
еріндік (лабиальды) дауыстылар. Еріндік у дыбысының басқа да
символикалық мағыналары бар.
И.И. Даль сөздігі бойынша орыс тіліндегі жеке дыбыстардың
семантикасын зерттеген А.К. Камалаев о дыбысы “айнала”, “дөңгелек”
мағынасына тән екенін болжады [94, 43-44]. А.М. Газов – Гинзбергтің, Е.А.
Дубинскаяның мәлімдеуінше, туыс емес тілдер бойынша берілген
мысалдарда у “домалақ”, “томпақ” мәндерге ие екені көрінеді [95, 104]. Ал
енді “үстіңгі” мағынасы “көтеріңкі”, “жоғарыңқы”, яғни бас жақтағы = басы,
“домалақ – шар тәрізді”, яғни “томпақ” т.б. мағыналармен қандай байланыста
болса, сол о / у / э еріндік дауыстылардан символизімі сондай байланыста деп
айтумызға болады. Басқаша айтқанда, лабиальді о / у / иу (ю) дыбыстарын
жеке дыбыс, яғни идеофон ретінде мағынасы полисемантикалық аталған
денотаттың түрлі сипатын (мысал, домалақ, томпақ, үстіңгі, көтеріңкі, бас
жақтағы, биіктегі т.б.) бір ғана жеке дыбыста суреттей, бейнелей алған. Сол
себептен болуы керек, о / у идеофондары “дөңгелек”, “томпақ”, “төбе”,
“үстіңгі”, “көтеріңкі”, “домалақ” т.б. сипаты бар денотаттарды (нысандарды)
атайтын сөздерде кездеседі. Ғ.Ж. Ермекбаев тікелей үстіңгі мекендік мәніне
және жердің үстінде орналасқан, яғни көтеріңкі бедер атауларын
51

(орографиялық аппелятивтерін) білдіретін ү (у), (о / ө) – нің дыбыстық символикасы бар екенін айтады [93, 76].
Жоғарыда айтылған мағыналарды көрсететін, тілдік бейне ретінде суреттейтін у / о-ны біз фонемотип, яғни идеофон ретінде түсінсек, төбе сынды
фоносемантикалық (дыбыс бейнелеуіш) сөздерде “ілкі түбір”, яғни имитатив
болуы тиіс. Г.Е. Корниловтың теориясы бойынша, имитативтер
идеофондардан кұралады және оның мағынасы (семантикасы) сөйлемнің
мағынасына (семантикасына) тең келеді.
“Төбе” мәнді орографиялық аппелятивтердің негізі болған имитатив
формасын туб / тоб / төб / доб / теп / деп санамуызға болатын сияқты. С.В.
Воронин көрсеткендей: “домалақтақ” шар тәрізді үрілген томпақ заттың
маңызды белгісінің бірі; еріндік дауысты, дауыссыздар белгілерінің бірі де
осы; бұдан домалақ нәрсені білдіретін дыбыс бейнелеуіш сөз түбірінде
еріндіктердің артикуляторлық фонемотипіне тиісті, ең болмағанда бір
фонеманың болу қажеттігі келіп шығады: салыстырыңыз: түр tepalak,
tembalak “домалақ шар тәрізді”, rob “домалақ ыдыс” [77, 67-68]. Жоғарыда
көрсеткен “төбе” мәнді дыбыс бейнелеуіш сөздердің имитативтік түбірінде
бір емес, кем дегенде екі еріндік дауыс: / о / у / ө дауысты фонемотиптері
және б / п дауыссыз фонемотиптер бар. Ал енді у / о / ө фонемотиптері
“томпақ”, “домалақ”, “шар тәрізді” денотаттарды дыбыстық түрде белгілейді
десек, денотаттарды осы аталған сипаттары “шығыңқы”, “көтеріңкі”, яғни
“биікте”, “бас жағында”, “басында”, “төбесінде” деген ұғым түсініктермен,
сипаттармен ыңғайлас, сыңарлас жақын болып келеді. Демек, аталған
фонемотиптер – дауыстылары немесе дауыссыздары болсын “көтеріңкі”,
“үстіңгі”, “басындағы”, “бас”, “төбе”, “биік” деген мағыналарды, әсіресе жер
бедеріне қатысты бере алады, көріп отырғанымыздай береді де.
Осы фонемотиптер тек қана жер бедеріне қатысты нысандарды
(денотаттарды) олардың аталған сипаттарына сәйкес дыбыстық (символикалық) деңгейде суреттемейді, басқа да нысандарды (заттарды) имтативтік
тұрғыдан белгілеуге атсалысады. Қазақ тілінің материалдарын қарасақ: доп,
топ, дөң, дөңгелек, думпи, томпаю, тобыр, доңғал, доболай т.б. сөздерде
лабиальді (еріндік) фонемотиптер аталған сипаттарды көрсетіп тұр.
Жоғарыда келтірілген сөздер тізімінде ң дауыссызы еріндік болғанымен, м
сияқты мұрын жолды болып келеді және үнді немесе сонар дауыссыздар
қатарына жатады, яғни артикуляциясы өте жақын.
Қазақ тіл білімінде фоносемантика теорисы негізін қалыптастырған
профессор К.Ш. Хұсайынның мәлімдеуінше, қазақ тілінде лабиальді немесе
лабиальданған дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізінде “томпақ”,
“шығыңқы”, “домалақ”, “шар тәрізді” заттарға, сол заттарға қатысы бар
қимылдарға байланысты өзі жинақтаған жүзге жуық (әрине олардың саны
одан көп) сөздер бар.
Осы тізімдегі сөздерді біріктіретін , бәріне ортақ немесе бір – біріне
жақын сағыналарына негіз болған сөз К.Ш. Хұсайынның пікірінше,
сөздердің түбірлеріндегі лабиальді, лабиалданған дыбыстар. В современном
52

казахском языке встречается ряд корней и основ с одной, двумя и более
лабиальными фонемами (лабиальные в широком смысле, т.е. включающие
как собствненно лабиальные, так и лабиализованные) [р], [w], [m], [u], [ü],
[o], [ö], и т.д. Например: ‘борби’, набухать, разбухать, ‘бөксе’, ‘бөрік’
меховая шапка; ‘бөрт’ опухать, вспухать; ‘буаз’ беременная; ‘бунақ’
сплетение, кольцеобразное утолщение ‘бұра’ кудрявый, ‘бұра’ крутить,
‘бұршақ’ град, ‘бүйір’ бок, ‘бүк’ выпуклая сторона альчика; ‘бүкір’
горбатый; ‘домалақ’ круглый, шарообразный; ‘дөңгелек’ круглый; ‘доп’ мяч;
‘дудар’ кудрявый; ‘думпи’ вспыхать, вздыматься; ‘көбік’ пена; ‘көкрек’
грудь; ‘көмпи’ разбухать; ‘күбі’ кадушка, бочок; ‘күжірей’ нахохмится,
сгорбиться; ‘күпі’ шуба, тулуы; ‘қобди’ сундук, короб; ‘монтию’ грузно
вгромоздиться; ‘мұрын’ нос; ‘томпаю’ выдаваться, выпирать; ‘төс’ грудинка,
грудь и.т.д. Этот список названий округлых, шарообразных, выпуклых,
выпяченных предметов и связанных с ними движений и действий можно
было бы значительно дополнить (нами собрано их более ста), но в данном
случае нас больше интересует не их количество, а звукоизобразительная,
точнее, звукосимволическая функция лабиальных. Случайное употребление
одной или нескольких лабиальных в словах с указанными значениями? [96,
153-154].
Жоғарыда келтірілген тізімдегі сөздердің фонетикалық құрылымында
кездесетін бір немесе бірнеше лабиальды дыбыстар сөз етіп отырған
мағыналарды заңды түрде көрсетеді, яғни лабиальды дыбыстардың
артикуляциялық сипаттары аталған зат, нысан, қимыл т.б. сипаттарымен
символикалық түрде сәйкес келеді, осы болжамды растау үшін К.Ш.
Хұсайын басқа тілдер материалдарына жүгінеді. К.Ш. Хұсайын қолданып
отырған әдіснамалық тәсіл - имитативика және фоносемантика теория
тұрғысынан орынды және тиімді деп қарастырады.
Мәселен, Г.Е. Корниловтың пікірінше: “Туынды сөз түбірінің келіп
шығуы (алғашқы кезекте негізгі сөздік қордағы сөздер) бұрынғы және қазіргі
ұлттық тілдердің пайда болуына дейінгі дәуірге болып келеді; бір ғана себеп
ойынша (тұтас құралған сөзден айырмашылығы) түбір бір ғана жеке тілдің
аясында ғана емес, туыстығы жақын топтың немесе туыстығы алыс тілдердің
семьясы шеңберінде ғана емес, сондай-ақ жалпы алғанда, ешбір шеңбер
немесе шектеулерсіз алғашқы шығармашылықтың әлдебір дәрежесіндегі
заңды түрдегі біздерге келіп жеткен факт ретінде қарастырылуы мүмкін” [97,
4].
С.В. Воронин ұсынған дыбыс бейнелеуіш сөздердің фоносемантикалық
талдауындағы v – ші операция “Типология” деп аталады. Бұл операцияда
талданып отырған сөздермен фонемотиптері бірдей немесе ұқсас сөздерді
туыс емес тілдердің құрамында тауып, қарастыру көзделген: Операция V:
“Типология: Выявление в неродственных языках слов, сходных по звуковой
форме ( в терминах фонемотипов, но не отдельных конкретных фонем!) и
семантике с рассматриваемым новом данного языка” [77, 69].
53

Жоғарыдағы пікірді дәйектеу үшін К.Ш. Хұсайын, П. Йоханессон, В.И.
Абаев, А.М. Газов – Гинзберг келтірген тілдік материалдарға сүйенеді.
Мәселен, П. Йоханессон үндіеуропа, семит, полинезий, түркі және исланд
тілдерінде кездесетін kap сынды түбірлерде басқа мағыналармен қатар
“домалақ” (круглый) мағынасы бар екенін көрсетті. В.И. Абаева осетин
тіліндегі kopp ‘деревянная чашка’, коробка; koppa ‘голова’ (птичья);
‘верхушка’, латын тіліндегі cuppa ‘чаша’; cupa ‘бочка’; болгар тіліндегі kupa
‘глубокая чаша’, нидерлан тіліндегі kopp, ағылшын тіліндегі ‘cup’ ‘чаша’,
англосакс тіліндегі cop ‘голова’, неміс тіліндегі kopf ‘голова’, түрік тіліндегі
fopa ‘чаша, бокал’, эстон тіліндегі kopp ‘чаша’, финн тіліндегі koppa ‘полный
предмет’, удмурт тіліндегі kobэ ‘ковш’, грузин тіліндегі kope, абхаз тіліндегі
kopey, сван тіліндегі kob ‘ковш’ т.б. сөздерді салыстыра келе мынадай
тұжырымға келген: “Наличие идентичтных по звучанию слов с одинаковым
значением в различных неродственных и несоприкасающихся языках не
оставляет сомнения, что имеем дело с “изобразительными” словами,
возникающими на почве звуковой символики” [63, 636-637]. Осы тізімге
кейінірек В.И. Абаев орыс. куб, шағат. köb ‘пузатый сосуд’, түрк. kub, kup
‘кувшин’ cob ‘толстяк, глыба, куча, косточка’, top ‘верхушка, хохолок’, coop
‘корзина’, comb ‘мера зерна, сосуд’, лат. сaput, итал. capo ‘голова’, coppa
‘чаша, кубок’, coppo ‘кувшин’, coppoluto ‘пузатый’, исп. cabo ‘кончик’, мыс
т.б. сөздерді қосқан [98, 154-155].
В.А. Абаев ұсынған “томпақ, домалақ, шар тәрізді” мағыналары бар бір
немесе бірнеше лабиальді дыбыстары бар сөздер тізімін А.М. Газов –
Гинзберг семит тілдеріндегі сөздермен толықтырады: евр. giba ‘холм’,
gabnon ‘возвышенность, холмик’, gabb ‘спина, загор...’ gibben ‘горбатый’,
араб. Gabal ‘гора’, kabb ‘выпуклость’, kubba [t] ‘купол’, rubba [t] ‘шарик,
опухоль’, KBKB ‘вздуваться’ т.б. [52, 77].
Ғылымдар келтірген осындай мол тілдік (фоносемантикалық) деректер
лабиальді (лабиальданған), яғни еріндік дауысты және дауыссыз дыбыстар
(фонемалар) кезінде фонемотип (идеофон) қызметін атқарғандығы-ның
дәлелі мен дәйегі. Ал осы аталған фонемотиптердің мағыналық сипатына
тоқталсақ, “томпақ”, “домалақ”, “шар тәрізді”, “шығыққы”, “көтеріңкі”,
“үстінгі” т.б. солардан туындаған немесе өте жақын, сыңарлас мағыналарды
осы фонемотиптер (идеофондар) дыбыстық символика түрінде бейнелейді.
Біздің қарастырып отырған орографиялық аппелятивтердің бір буынды
(дауыссыз + дауысты + дауыссыз) ілкі түбір – имитативтердің ортасында
фонемотип о / у / ө / ю болып келеді де, анлауттағы дауыссыз фонемотип
(идеофонема, идеофон) д / т болып келеді, ал анлауттағы (соңғы
позициядағы) идеофон – фонемотип әдетте б / п дауыссыз еріндік фонема.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан көріп отырғанымыздай, о / у / о / ю
фонемотиптердің және соңғы позициядағы (анлауттағы) б / п еріндік
дауыссыз фонемотиптің (идеофонның) мағыналық сипаты айқын.

54

“Дауыссыз + еріндік дауысты (о / ө / у/ ю) + еріндік дауыссыз (б / п)”
моделіндегі анлауттағы (бірінші позициядағы) т / д фонемотипінің
фоносемантикалық мағынасы бізге белгісіз.
Анлауттағы т / д фонемотипінің идеофондық (фоносемантикалық)
мағыналық сипатын анықтау үшін біз біріншіден, дыбысқа еліктеуіш
сөздердегі анлауттағы т / д дыбыстарының сипатын айқындауымыз қажет.
Алдыңғы (бірінші позициядағы) т фонемасы бар дыбысқа еліктеуіш
сөздердің мысалдарын К.Ш. Хұсайынов пен М.Х. Жубанова “Проблемы
фоносемантической деривации” атты монографиясында келтірген; “... каз.
тапылдат ‘топать, топтаться’, топыр ‘топат, стук обуви при ходьбе’, тыпырла
‘топтаться, не стоять на месте’, туркм. тапыр – подр. монотонному топоту
множества ног, копыт; кирг. тап – подр. шлепенью ступней по земле или
ладонью по чему – либо, топ – подр. глухому стуку, тып – подр. звуку
упавшей капли, отрывистому звуку; як. тап – подр. легкому хлопенью,
легкому удару. тип – подр. глухому отривистому стуку, тэп – подр. легкому
отрывистому стуку; узб. тап – подр. глухому звуку от удара или падения,
топта, топтать, растаптывать; тув. топта – топтать мять ногами, растаптывать трамбовать” [99, 81]
Алдыңғы позициядағы дауыссыз т – ның осындай дыбыс еліктеуіш сөздерде болуын А.М. Газов – Гинзберг былай түсіндіреді: “Взрывной
переднеязычный выбран здесь потому, что это одним из наиболее сильных
(вследствие силы фона ) взрывных звуков речи; так как шум создается здесь
при участии твердого тела (твердое, нёбо, зубы), фонема подходить для
передачи звука удара твердых тел в природе в отличие от губного взрыва, где
участвуют лишь мягкие орган” [52, 53-54]. Осы үзіндіден байқағанымыз т / д
фонемалары қатты, яғни жұмсақ (сұйық) емес заттарды (нысандарды)
дыбыстық формада белгілілеуге немесе суреттеуге бейім келеді.
Ал осы (анлауттағы) позициядағы қолданылған еріндік б керісінше қатты
емес жұмсақ, сұйық, ылғалды және сол мағыналарға жақын немесе солардан
туындаған мағыналарды бейнелейді. Осындай тұжырымды анлауттағы б
идеофоны (фонемотипі) бар төмендегідей сөздердің мағыналарын салыстырғанда байқауымызға болады. (К.Ш. Хұсайынның мысалдары): Ср. Каз.
балқы – плавиться, расплавляться, балшылда – разбрызгивать, разлетаться;
былбыра – размякнуть, обмякнуть, развориться, балдырла – лепетать,
лопотать; балпылда – неуместно болтать, молоть языком; балпақ –
разжиревший, рыхлый; туркм. балк – балк подр. блеску влажных глаз. як.
бал, балк подр. звуку падения студенистой, полужидкой или тестообразной
массы, палчык сырая глина; палчылда – издавать звук, палч, шлеп
шмякнуться; балдыгырла – учащенно издавать мягко хлюпающие звуки (о
жидкой грязи, о мягком произношении звуков речи)’; узб. палчик жидкая
глинистая грязь, и; балгам ‘мокрота’; кирг. балкы – ‘расплавляться ,
размякать, разомлеть’; тув. балар ‘тина, ил’, балалчак ‘запачканный,
замазанный, грязный’; хак. палчас, палчах грязь (напр. дорогиная) [96, 182]
55

Осы тізімде берілген сөздердің бәріне ортақ, басты мағынасы “қатты
емес, жұмсақ, балбыраған, былшылдаған, яғни сұйық, балжыр, балқыған” т.б.
ұғымдарды қамтитын мағына. Анлауттағы т / д және б / п идеофон
(идеофонема) яғни фонемотиптерді салыстырғанда және “т / д тізбектегі”
және “б / п тізбектегі” сөздерді өзара салыстырып, ортақ мағыналарын
айқындағанда “төбе” сынды фоносемантикалық сөздер моделіндегі т қатты,
жұмсақ емес, көтеріңкі, томпақ, үстіңгі (басындағы), биік табиғи нысандарды
дыбыс символика тұрғысынан белгілейтінідігі анықталады.
Якут тіліндегі фоносемантикалық сөздерді арнайы зерттеген Л.А.
Афанасьева д фонемасы (Л.А. Афанасьевтің терминологиясы бойынша
“идеофонема”) кеңістікте тік тұрған нысанды символдайды: “идеофонема д
символизирует вертикальность расположения в пространстве” [100, 9]. Біз
жоғарыда атап көрсеткен т / д - ның мағыналары Л.А. Афанасьев айқындаған
мағынаны қосар болсақ, “төбе” моделіндегі т / д төмендегідей ұғымдарда
идеофон (фонемотип) ретінде өте ерте замандарда қолданылған – қатты
(жұмсақ = сұйық емес), көтеріңкі (шығыңқы), томпақ (үстіңгі), басындағы
(бас жағындағы, биіктегі) тік орналасқан табиғи нысан, яғни төбе, дөң, дөңес
т.б. Фоносемантикалық сөз (модель) ортасындағы о / ө және аяғындағы б / п ның беретін мағыналары ұғымдары жөнінде зерттеу еңбегіміздің тиісті
жерінде айтқанбыз. Б – ның фоносемантикалық сипаттарына Л.А. Афанасьев
тұжырымдаған осы фонемотиптің (идеофонның) символикалық мағынасын
қосуымызға болады: “... идеофонема б символизирует выпуклость,
объемность, большой размер”.
Жоғарыда жасалынған фоносемантикалық талдау барысында, нәтижесінде біз мынадай тұжырымға келеміз: төбе сынды (типтес) орографиялық
аппелятивтердің арғы, ілкі негізі болған бір буынды түбір, шын мәнісінде,
тілдің алғашқы пайда болған дәуірінде сапалық қасиеті мүлдем басқа
имитатив еді. Г.Е. Корниловтың теориясы бойынша, имитативтер
идеофондардан құралады. Идеофон жай фонема емес, бұл дыбысты (ол
дауысты немесе дауыссыз болуы мүмкін) аталған заттың түрлі (акустикалық
түстік, формалық, сенсорлық, тактильдік т.б.) сипаттары синестемия
негізінде сол дыбыстық артикуляциялық және акустикалық сипаттарымен
сәйкестендіріліп, сол дыбыс арқылы символикалық түрде сүреттеледі,
бейнеленеді. Идеофонда бір ғана емес, кешенді мағыналар жинақталған, сол
себепті идеофон ұғымды (ұғымдарды) да бере алған. Басқалап айтқанда,
имитатив дәуірінде идеофон (Л.А. Афанасьев бойынша идеофонема)
мағыналық жағынан қазіргі “сөзге” тең еді. Ал идеофондардың құрылған
имитативтік қазіргі түсініктегі “сөйлемге” тең. Сөйлемнің мағынасы қандай
күрделі, кешенді болатын болса, имитативтің мағынасы да сондай кешенді
болған көрінеді. Имитативтің сондай мағыналық, ұғымдық қасиетінің
негізінде аталған нысанның (денотаттың) толыққанды бейнесі жасалынған.
Мысалы, төб- / туп- / туб- / доб- / тоб- вариантты * түб имитативінің
кешенді мағынасын реконструкциялайтын болсақ, сонда аталған имитативтің
құрылымындығы идеофондардың мағыналары негізінде жаңғыртамыз
56

(реконструкциялаймыз). Сонымен, * түб имитативінің алдыңғы (анлауттағы)
позициясындағы т “қатты, жұмсақ емес, көтеріңкі, үстіңгі (басындағы), биік,
тік тұрған т.б.” + у (ө, о) – имитатив ортасындағы дауысты идеофон, томпақ,
домалақ, шар тәрізді, үстіңгі, биіктегі айнала, дөңгелек + ауслаттағы б – Л.А.
Афанасьевтің пікірінше, “дөңес, дөңесті, томпақ”, “аумақты, ауқымды,
көлемді”, “үлкен” мағыналарына ие: ... идеофонема б символизирует
выпуклость, объемность, болшой размер [99, 32]. Егер осы идеофондардың
кешенді мағыналарын имитатив құрамында (құрылымында, тұлғасында,
формасында) біріктіретін болсақ, сонда төбелердің, дөңестердің сипаттары,
ерекшеліктері, формасы көз алдымызға (визуальді түрде), түйсігімізге,
жадымызға келетіні анық. Ал енді сондай мүмкіншілікті тілдің (тілдердің)
имитативтік ілкі дәуірінде “ежелгі адамдар толығымен пайдаланған” деп
болжауымызға болады. Сол дәуірде имитативтер аталған нысандардың
акустикалық (дыбыстық) толыққанды бейнелері ретінде өз қызметін
атқарған.
Имитативтерге тән қасиеттер, сипаттар жөнінде имитативика теориясы
негізін қалыптастырушы ғалым. Г.Е. Корнилов былай деп жазған:
“...имитатив термині ретінде дыбыстардың көмегімен жанды және жансыз
табиғат нысандарына, сондай-ақ олардың қасиеттері мен сапасына, оқиғалар
мне құбылыстарға еліктеуді түсінеді; имитативтер мағына бірлігін білдіретін
идеофондардан құралады; егер қазіргі кезеңдегі постимитативтік тілдерде
имитативтер сөз таптарының біріндегі сөздердің мәртебесіне дейін
төмендетілген болса, ал алдыңғы имитативтік дәуірде олар предикативтілік,
модальдылық пен шақ категорияларының тұлымдық жағдайын өз бойында
тасымалдайтын сөздің мүмкін болған бірден - бір ең көп үзіндісі болып
келеді.
Имитатив дегеніміз – бұл бейнелеуші нәрсеге тән белгі (қасиет), сапа
туралы ұғымнан құралған музыкалық образ; бұл нысанды немесе құбылысты
бір мезгілде ойлау арқылы және көркем – эмоцоиналды қабылдаудың
нәтижесі»” [53, 60-61].
Жоғарыда төбе ұғымына қатысты реконструкцияланған имитативтік
(идеофондық, фонемотиптік) мағыналар Ғ.Ж. Ермекбаевтың осы төбе сынды
фоносемантикалық сөздерге (олардың мағыналарына) берген талдау,
тұжырымдамаларымен сәйкес, бір болып келеді.
Жер бедері (соның ішінде төбе – ге қатысты) атауларының
фоносемантикалық сипатын зерделеген Ғ.Ж. Ермекбаев мынадай
тұжырымдар жасаған: “Біздіңше, адам табиғатпен тығыз байланыста болған
тілдің пайда болу дәуірінде тау, қырат, шоқы, тәрізді табиғи нысандар осы
уақытта көкейкесті мәнге ие болған “домалақ”, “үлкен”, “биік” сияқты
ұғымдардың заттық көрінісі болғаны дау тудырмайды. Біз аталған жер бедері
атаулары қатарының тілдік таңбаларын фоносемантикада “домалақ”,
“томпақ” мәнінде белгілі болған еріндіктер символизімінен байланысты
қараймыз. Еріндіктер символизмі жер бетінен биікте жатқан табиғи нысан
атауларының (төбе, жон, шоқы және т.б.) басым көпшілігі құрамында
57

ұшырасатын еріндік дауыстыларға , С.В. Воронинге сүйеніп айтқанда,
фонемотипке (фонемотип – заттың белгілі бір типіне қатысты фонема)
негізделеді” [68, 14-15].
Төбе атауларына қатысы бар имитативтік формасын біз үш дыбысты
(дауыссыз + дауысты + дауыссыз) еріндік тұйық бір буынды * туб (тоб)
түрінде ұсынсақ, Ғ.Ж. Ермекбаев аталған имитатив формасын басқаша
берген: “Біз құрамына төбе атауына кіретін “томпақ”, “көтеріңкі” мәнді жер
бедері атауларының қазақ тіліндегі кіші – тақырыптық – семантикалық
топтарының архетипін, зерттеу нысанымыз бойынша имитатив формасын ,
еріндік ашық бір буынды * то түрінде көрсетеміз. Бұлай деу еріндік
дауыстылардың жалаң күйінде дыбыс бейнелеуіш қызметін атқару
мүмкіндігін, ал көрсетілген форма бұлардың дыбыстық – құрылымдық
дамуының нәтижесі болуы мүмкіндігін теріске шығармайды. Екінші
жағынан, * то дыбыс имитативтер-мен бір мезгілде пайда болуы да мүмкін.”
[48, 77 -78].
Имитативтер бір буынды болғаны анық, себебі өте көне (ілкі) түбірлер
бір буынды болып келеді. Алайда, сол бір буынды (ілкі) түбір – имитативтер
қай формада (екі дыбысты (дауысты + дауыссыз) немесе үш дыбысты
(дауыссыз + дауысты + дауыссыз немесе дауысты + дауыссыз + дауыссыз
т.б.) болғаны белгісіз. Көрсетілген формалардың барлығы да имитативтік
дәуірде өмір сүрген болуы мүмкін.
Бастапқы түбір имитативтің дәл формасын табу қиындығы көне
түбірлердің “диффуздық” тұлғасында болуымен түсіндіруге болады. Пра
(арғы) түркілік түбірлердің фоносемантикалық (бұл жерде морфологиялық)
сипаттамаларын зерттеген ғалым Е. Қажыбеков бастапқы сөздер формасы
мен семантикасы “диффуздық” және көмескі түрінде болғанын атайды:
“...формальный облик “первых” слов был многолик и вариативен. Таким
образом, и форма и содержание древних слов были одинаково диффузны и
расплывчаты” [100, 97]
Дегенмен, Ғ.Ж. Ермекбеавтың пікірінше, *то бір жағынан тілдің пайда
болу дәуіріндегі дыбыс бейнелеуіш сөздердің ең алғашқы формаларының
бірі, екінші жағынан, қазақ тіліндегі көптеген жер бедері көптеген
атауларынан шығуына негіз болған, олардың ортақ ерекшеліктерін неғұрлым
дәлірек түсіндіруге қолайлы форма [48, 78].
Дегенмен, Ғ.Ж. Ермекбаев * то имитативін төмендегідей жер бедері атауларын бір қатарға біріктіретін ілкі негіз ретінде көрсеткісі келеді: * тө-бе ( төбе-шік), тө-м-пе-шік, тө-с (тө-с-кей), тұ-м-сық, (тұ-м-сық-ша), тү-бек, дө-ң
(дө-ң-ес). Алайда, * то жер бедері атауларына қатысы жоқ сөздерде кездеседі.
Ол сөздерге Ғ.Ж. Ермекбаев академик Ә. Қайдар сөздігіне сүйеніп,
төмендегідей сөздерді жатқызады: топ “доп”, “тобық”; тон “киім”, тұм
“тұмылдырық”; том “томар”, “томаға”, “томпақ”; тол “толғақ”, “толға”,
“толығу”; * тоқ “тоқпақ”, “тоқылдақ”, “тоқал”, “тоған”, “той”. Зерттеушінің
пікірінше, соңғы мысалдарға тән ортақ мағына “томпақ”, “томпайған зат”
архетип түбір мағынасын нақтылай түседі. Осы тұжырымға қатысты
58

келтірген мысалдардан шығатын басқа тұжырымдарды біз алға тартар едік.
Топ, тон, том, төл, тоқ түбірлері сөздердегі “томпақ”, “томпайған зат”
мағынасы жер бедері атаулары төбе, төмпешік, төс, тұмсық, түбек, дөң
кездескенімен, сол атаулардың мағынасын нақтылай түсетін көрсетілген
“томпақ”, “томпайған зат” мағынасы емес, * туб / тоб имитативтеріндегі
формадағы б идеофоны, сол * туб / тоб архетиптік формасы (түбірі) бар
сөздер. Ал, Ә. Қайдар тізіміндегі сөздер негізгі (жер бедері, яғни төбе
атауының) мағынасын нақтылай түспейді, ортақ мағынасы болғанымен,
керісінше, ортақ мағынадан алыстай кеткен, мүмкін туынды мағыналарды
көрсетеді. Осы қатардағы “тоқылдақ”, “тоқпақ” сөздер тіпті дыбыс
символикалық емес айқын дыбысқа еліктеуіш (звукоподражательные) сөздер.
Тағы бір байқағанымыз, үш дыбысты имитативтің негізінде қалыптасқан
сөздердің саны екі дыбысты имитативтер түбірі бар сөздерден әлдеқайда аз.
Бұл құбылыс үш дыбысты (фонетипті, идеофонды) имитатив негізінде
қалыптасқан фоносематикалық сөздердің мағыналары бір ыңғайлы,
төркіндес, нақтыланған болып келетіндігін айқындайды. Ал екі дыбысты
(фонемотипті, идеофонды) имитативтерден құралған сөздердің арасындағы
мағыналық алшақтық бірден көзге түседі (ортақ мағынасы бір болғанымен),
сол себепті де сондай архетипі (имитативі) бір сөздердің саны көп болады.
Біз қарастырған фоносемантикалық сөздердің (жер бедеріне қатысты
атаулар) түпкі, архетиптік негізі болып келетін имитативтер екі немесе үш
идеофон – фонемадан құралып, міндетті түрде бір буынды болып келеді.
Академик Ә.Т. Қайдардың пікірінше, ең алғашқы дыбыс бейнелеуіш
түбір бір дауысты, яғни бір буынды одан кейін екі дауысты (дауыссыз +
дауысты немесе дауысты + дауыссыз) бірақ бір буынды болған [57, 171-172].
Дыбыс бейнелеуіш алғашқы тілдік таңбаның бір буынды болатындығын
жөнінде басқа ғалымдар да өз пікірін білдіріп отырған.
Мысалы, Ц.Б. Цыдендамбаевтің пікірінше,: “Дыбыс бейнелеуіш
сөздердің шығу тегі көне: біріншіден, олардың көпшілігі бір буынды,
құрылымдық жағы онша жетілмеген” [101, 149]. Л.Н. Харитоновтың
мәлімдеуінше: “Адамның сөйлеу тілі дыбыстарымен неғұрлым қысқа,
қарапайым немесе ұзақ болғанымен, біртектес дыбыстарды дәл беруге
болады. Дыбыс күрделеніп, түрленіп, яғни ұзара түскен сайын, оны бейнелеу
де қиындай түседі. Сондықтан тілде ұшырасатын алғашқы дыбыстық
еліктеуіш түбірлер түгел дерлік бір буынды құрылымға ие” [102, 49]. Л.Н.
Харитоновтың осы пікірі дыбысқа, еліктеуіш (звукоподражательные)
түбірлерге қатысты айтылғанымен, оның тұжырымын көптеген мысалдар
көрсеткендей дыбыс символикалық түбірлерге де қатысты жасауға болады.
Түркі тілдерінің арғы ата тегінде де бір буынды түбірлер (имитативтер)
дербес семантикалық және фонологиялық мәнге ие болған көрінеді. Түркі
тілдеріндегі вокализмді зерттеген М. Моллова осы жайт жөнінде жазады:
“Түркі ата тілі дәуірінде, тіпті одан да көне дәуірде фонологиялық бірлік
қызметін буын атқарады. Лексикалық бірліктер дауыстылары мен
дауыссыздары фонологиялық жағынан ажыратылмаған силлабофонема59

лардан тұрды. Түркі сөзінің бір буынды шығу тегін жақтаушылар теориясын
ұстансақ, бұл дәуірде оның жалғыз силлабофонемадан тұрғанын
мойындаймыз” [66, 59].
Ғ.Ж. Ермекбаев * то имитативін силлабофонема деп қарастырады, ал жер
бедері атауларының қатарындағы тө-, дө-, тү- түбірлерінің * то силлабофонеманың фонетикалық варианттары деп таниды. Зерттеушінің пікірінше,
көрсетілген түбірлер бір архетиптен шыққан, яғни өзара гомоген. Осы
тұжырымның дәлелі -, Ғ.Ж. Ермекбаевтың ойынша, - кез келген
вариантының немесе ұялас түбірлерінің өзге түркі тілдерінен табылуы [48,
80]. Мысалы, тұмсық атауына қатысты: тұ-м-сық (қаз.), ту-м-чук (алт.) ту-мшук (қыр), то-м-шық (тат.), ду-м-чук (тув.), ту-мус (як). т.б. [103, 16].
Келтірілген сөздер қатарындағы т / д алмасуы түркі тілдері анлаутындағы
қатаң – ұяң дауыссыздардың алмасуына жатады. Н.З. Гаджиеваның пікірінше
анлауттағы қатаң – ұяң дауыссыздардың алмасуы фонологиялық мәнге ие
емес [104, 79].
Т / д – ның мағына ажыратушылық қызметінің болмауы – олардың бір
фонемотип, яғни идеофон сипатында қолдануында. Басқа сөзбен айтқанда,
имитатив анлаутындағы т болсын д болсын екеуіне бірдей идеофондық
мағыналарды көрсетіп тұр – тік орналасқан, “көтеріңкі”, “томпақ”, “үстіңгі”
т.б.
Қазақ тілінде бірқатар орографиялық аппелятивтер * шо имитатив –
түбірден құралған: шоқы, шоқат (ұсақ) шоқылық, шоқалаң, шоңғол. Осы
сөздердің орографиялық (географиялық) мағыналарына тоқтайтын болсақ:
шоқы “биік жота, төбе”; шоқат “төбешік; қырат, қырқалар”; шоқылы(қ)
“шоқысы бар, шоқысы көп” – орографиялық ландшафттың бір түрі
(мелкосочник); шоқалақ “кедір – бұдыр, ойлы – қырлы жер”; шоңғал
“тіңкиген үлкен тас” [89, 735 - 737]. Аталған сөздердегі “төбе”, “биік”, “тау
басы”, “кедір - бұдыр”, “ойлы - қырлы” сынды мағыналарды біріктіретін
мағына көтеріңкі (томпақ), “шоқ, бір дара немесе топ болып тұрған”. Осы
мағыналық тұрғыдан алсақ қазақ тілінде бар тағы да осы мәнді сөздерді
жоғарыда келтірген сөз қатарына қосумызға болады: шоқ “біртоп, бір буда,
бірдесте”; шоқақ “шоқақтаған жайсыз желіс, текірек, шоқырық”; “шоқаң,
шоқаң етті “шойнаң етті, шоқыраң етті”, шоқи “екі тізесін бүгіп, шоқайып
жүресінен отыру”. Жарбию, шоқаю, ербию”; шоқима “шоқиған бас киім”;
шоқпар “басы домалақтанып келген, берік таяқ қару”; шоқтық “таудың ең
биік жері, ұшар басы”; шоқша “бір топ боп шоқтанған, бір шоғыр”; шодырай
“томпаю, бұлтаю”; шой “орасан зор, үлкен”; шом жерг. “үйсінді, төбешік”,
шомбал “ірі, шымыр, тұтас, кесек, зор, алпамса, етжеңді шоң”; шоң “үлкен,
дәу, дөкей, әйдік” т.б.
Мысалдарда берілген сөздердің мағыналары бір – біріне жақын, бір –
біріне байланысты деп қарайтын болсақ, олардың түпкі негізі, яғни алғашқы,
ілкі түбір – имитативі бір деп санауымыз тиіс. Сонда бәрін біріктіретін
акустикалық және артикуляциялық сипатында, ерекшеліктерінде аталған
нысандарды, қимылдарды, құбылыстарды мағыналық және дыбыстық түрде
60

бейнелеген *шо имититиві (архетипі) болып тұр. Тілдердің қазіргі күйінде
(сапасында) лексикаланған, грамматикаланған, дифференцияға ұшыраған
жоғарыда келтірген сөздердің арғы атасы, бабасы бір – ол имитатив дәуірінде
өмір сүрген, өзінің тілдік, яғни дыбыстық символика қызметін атқарған ілкі
имитатив *шо.
Имитативтің көнелігі жөнінде Г.Е. Корнилов былай дейді: “Осы имитативтің дыбыстық / идеофондық құрамының көнелілігін және ол жасаған
формуланың көнелілігін айыра білген жөн; жаңартылған дыбыстық қабаттың
соңында ерекше түрде көне болып келетін ырғақты сурет жасырынып жатуы
мүмкін. Мәселен, ескі әуен үшін қазіргі заманға сай сөздер толқуы мүмкін.
Сондай-ақ едәуір ежелгі имитатив фонетикалық өзгерістердің немесе
логикалық – этимологиялық қайта пайымдаулардың салдарынан өзінің
ырғақты суретін / морфологиялық типін жаңарта алады” [53, 61].
Ғ.Ж. Ермекбаев *то мен *шо – ны бір имитатив немесе *шо – ны *то –
ның басқа дыбысына қатысты варианты деп есептейді. Олай дейтіні “*то мен
*шо – ның бір имитатив негізінде қаралу мүмкіндігі олардың әрқайсысының
денонтантқа қатысты фоно – семантикалық байланысын анықтау нәтижелерінен көрінеді” [48, 81].
Ғ.Ж. Ермекбаев және біз жүргізген реконстркуцияланған *то мен *шо
негізінде қалыптасқан сөздердің ортақ мағыналары “томпақ”, “көтеріңкі”,
“шошақ”, сияқты бір топ мәнді екені анықталады. *То мен *шо – ның бір
немесе вариантты формалары болатынының тағы бір дәлелін Б.
Сағындықұлының мына бір болжамынан аңғаруымызға болады: “...
дауыссыздардың ең көне формалары ц, ч аффрикаттары, н, р сонорлары, һ
көмей дауыссызы екендігін көрсетті. Бұлардан басқа дыбыстардың барлығы
тарихи даму барысында бірте – бірте жоғарыда санамаланған дыбыстардан
пайда болған” [56, 45]. Егер Б. Сағындықұлының осы болжамы рас болса,
ғалымның өзі айтқандай, “ч (тш) аффрикатынан т, ш қатаңдары, ұяңдағанда
дж аффрикаты, д, ж ұяңдары пайда болған” [91, 45]. Осыдан келесі тұжырым
жасауымызға болады: мағыналық, артикуляциялық, акустикалық ортақтығы
бар *то -, *шо – архетиптерінен (имитативтерінен) басқа да *цо -, *чо -, *до -,
*джо -, *жо вариантты архетип – имитативтер пайда болған. Сол аталған
имититивтердің лексикалық “іздерін” қазақ және басқа тілдерден іздеп
көрелік. Біздің шамалауымызша, қазақ тілінде, *жо – имитативтің негізінде
қалыптасқан сөздерге мына лексикалық бірліктерді жатқызуымызға болады:
жоғары “үсті, бас жағы”; жолан көне “мықты, әлді, күшті”; жон “арқа, ту
сырты, жота”, “тау қырқасы, қырат, үстірт”; жонда “қырқалап, қырлап,
жоталап жүру”, “қырын шығарып қырлау”, жондан “жон – жон болып үйілу,
жоталану”; жон – жон “жоты - жота”, “қырқа – қырқа”; жон – жота “жонды,
жоталы биік жер”; жота – жота “қырат – қырат, жал – жал”; жоташық
“кешірек келген қырқа, жота”; жоян “ешкім тең келмейтін қарулы, өте
күшті”, “ерекше, керемет, орасан, зор, үлкен” т.б. [89, 239-242].
*Чо архетипіне байланысты басқа тілдердегі лексикалық деректерді О.Т.
Молчановадан алуымызға болады: “Чоку аппелятиві аотай сөздерінің
61

ешбірінде жазылмаған, халық оның жалпы мағынасын біледі (адам немесе
жануардығ бас шоқысы), бірақ оның географиялық мазмұнын анықтауда жиі
қиналады (таудың өткір ұшы немесе үшкір шыңы бар тау). Сөз өзі тұрақты
кездесетін өзге түркі тілдерімен жақсы салыстырылады: салыстыр. кирг чоку
– 1) теменная кость; 2) голова (человека), макушка; 3) шихан, мар. (горный
рельеф), вершина, макушка, тоонун’ чокусу – вершина горы; казах. шокъы “одинокая коническая возвышенность; острый холм, бугор , сопка, пик;
остроконечная вершина горы”; узб. чукъкъи – вершина горы, горный пик;
монг. цохио – утёс; калм. цох – 1) висок; ступа. Чоку как составная часть
входить в ряд географических наименований, например, р., кл., ур. Бараон –
Чоку, г. Бес – Чоку и др. [90, 105].
Осы берілген қатардағы сөздердің орографиялық, яғни “көтеріңкі”,
“төбе”, “шың”, “бас” мәні бар екені аңғарылып тұр. О.Т. Молчанова чоку
сөздер қатарына ц – дан, ш – дан басталатын сөздерді де жатқызып отыр.
А.М. Малолетко чоку терминінің фоно-семантикалық параллельдерін
көптеген (түркі, моңғол, тұңғыс – маньчжур, самодей, финн – угор, иран,
абхаз – адыгей, славян т.б.) тілдерінде тауып отыр. Өзі берген мысалдарында
ш - т -, с -, ц – дан басталатын чоку – ның варианттарын да келтіреді:” Чоку
совершенно произвольно этот алтайский (быв. ойротский) термин со
значением “вершина горы”, “макушка”, мы взяли за эталон целой серии
терминов, бытующих и бытовавших в самых различных языковых группах и
на обширнейшей территории старого света.
Тюркские языки
Узб. чуккы “пик, вершина”
Каз. шокы “одинокая коническая возвышенность”
Караим. чигиыв “холм, возвышенность”
Уйг. чока, чокка “вершина”, “макушка”
Кирг. чоколок “вершина горы, холма”
Монгольские языки
Монг. сохо, цохё “вершина”, возвышенность с камнями (из. тунг. или
наоборот)
Тунгусо – Маньчжурские языки
Эвен. човко, чуку, сохо, цоко, “вершина горы”, “пик (горы)”
тунг. – маньчжи. чокондо, сохондо “исполинская вершина”
Самодийские языки
Чен. сохо “высокая остроконечная с широким основанием”
Финно – угорские языки
Саам. чокка, чокко “вершина” (горы)
Коми. чук “вершина горы”, “малая возвышенность”
Мар. тьшик “маленькая куча”
Манс. чакур “пик”, “холм”
Иранские языки
пушту цука “вершина”
вах. цук “вершина” (чир цук “горы вершины”)
62

язгул. чарчук “гора” (горы вершины)
лар. чоку “вершина горы”
Абхазско – адыгейские языки
адыг. шыгу “вершина”
каб. черк. шыгу “вершина”
убых. шак (о) “верх холма”
Неиндоевропейские языки Передней Азии
хатт. шак – (ту) “гора”
Славянские языки
серб – хорв. чука “холм, гора”, “вершина”
Другие языки
ян. такэ “пик”
алб. чуке “пик”
енис. (юг) чиг (написание приблизительное) “голова”
кушит: билин säg “вершина горы”, ирак. sage “вер”, аса
sago – k и sogo – g“верх”
Аталған чоку терминнің және оның фонетикалық варианттарының орасан
кең (“Эфиопиядан Жапонияға дейін”) ареалын және көптеген тілдерде
кездесетінін А.М. Малолетко оның (олардың) ностратикалық (бореальдық)
табиғатымен (ностратикалық тілдерде таралуымен) түсіндіреді. Осымен
қатар, кейбір тілдердегі осы терминнің ортақтығы тілдер тоғысқанда
туындайтын сөздердің ауысуымен, кірме сөздер құбылысымен түсіндіріледі:
“От Эфиопии до Японии – таков ареал термина чоку и его иных
фонетических
разновидностей,
что
может
свидетельствовать
о
ностратическом (бореальным) хронологическом уровне термина. Обращает
внимание слабая представительность термина в иранских языках, которая,
возможно, вызвана тюркским влиянием. В славянских и албанском языках
тюркское заимствование несомненно. Не ясно происхождение рассматриваемого термина в финно - угорских. В этих языках возможно как очень
древнее, так и сравнительно молодое (из иранского) его происхождение.
Иранское влияние на финские языки было длительным (с эпохи бронзы) и
имеет безупречные доказательства как лингвистического, так и
археологического характера. Если кушитские формы не являются
случайными в рассматривае-мом ряду, и хаттские, как и адыг – абхазские
входят в этот ряд сравниваемых терминов, то можно допустить
действительно древнее (ностратическое) происхождение термина” [64, 166].
Әрине, осы үзіндіде келтірілгендей, кейбір терминнің көптеген тілдерде
ұшырасуын кірме сөздер құбылысымен немесе өте ерте кезеңдегі ностратикалық тілдегі ортақ сөздік қорының тілдік белгілерімен түсіндіруге болады.
Бірақ, бұл құбылыстың фоносемантикалық (имитативтік) табиғаты, сипаты,
төркіні бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Э.М. Мурзаев сөздігінің
материалдарына жүгінетін болсақ, *чо / *шо / * що архетипінің негізінде
құралған фоносемантикалық сөздердің (орографиялық аппелятивтердің)
санын арттыра түсеміз: Чой - гора, пригорок, горка, крутой спуск (холм). Ср.
63

хант. чыв – “пригорок”, “бугор”, “склон”; Чок пик, острая вершина горы
(саам.); Чоколок - мелкая песчанная гряда или накопление песка на первой
террасе р. Амударьи; кустовой песчанный бугор (туркм.); Чоло вершина
горы, очень крутой склон горы (укр. диал.) Чолопок - вершина горы (укр.
диал.). М. Юрковский считает уменшительной формой от чолб – то же и
указывает на дериваты: щоб, щовб, щовба, щолопок, щомб, щомбур в
значениях: “вершина горы”, “скала”, “возвышенность” и добавляет неясно;
чонга холм, горка, вершина: чонгата - “бугор” (мар); чорр горный хребет с
плоской вершиной и отходящими от него отрогами, с ландшафтами тундры
(саам). Варианты – чарра, шерра, чарре, джер, чубок вершина горы (укр.
диал... Западня Украина). ср. рус. чуб. М. Юрковский сопоставляет с польск.
сzubek - “острый или выступающий конец чего - либо”; чуга гора без
растительности (укр. диал.), ср. болг. чука. - “каменистая вершина”, “каменистая возвышенность”; чукъ - “высокое место”, “холм”, чеш. čihati - “подстерегать”, “поджидать”, словац. čuhati – “выглядывать”. ...Отправными
значениями целесообразно, по – видимому, признать такие, как: виднеться,
торчать, выдаваться (откуда затем вторичные – поджидать, выглядывать и т.)
надо признать глагол čugati экспресивном образованием на – ati от имени,
представленного остатачного в укр. дига чуга. Н.П. Ковачев в одном ряду
перечисляет болг. формы: чука, чугла, чукар, чуклина, джуглина “конусообразная вершина”, “скалистая гора”; чугас одинокий холм в низине
(бас. Тобола). Из хант. t’uges – то же; чурбукэ, чурбукэн холм, бугор; сугроб
(эвенк) из глагола чурбу - “сложить в кучу”. Ср. якут. Диал. Чурбука “высокий бугор”; щоб вершина горы, гребены горы, кряж, отдельная гора,
холм (авар); щоб, щовб крутая верхушка горы, утёс (укр. диал). У Фасмера с
олонец. щолоб - “красная глина”, англ. shelf - “отмель”, “полка” щолопок
верхушка, макушка (укр. Полтовская обл.); щомб, щомбур вершина горы
(укр. диал) [84, 618-635].
Жоғарыда берілген* тоб / туб / түп / төб /доб және *то / до / ту / шо / чо /
со / цо / що имитативтік архетип негізінде жасалынған қалыптасқан
орографиялық және де басқа сөздердің кешенді ұғым мен мағыналар жүйесі
бір екені генетикалық немесе ареалдық байланысы жоқ алуан тілдер
ауқымында байқалады. Бұл жағдай, әрине, кездейсоқ нәрсе емес. Бұл
құбылыстың негізі мен себебі қарастырылған атаулардың идеофондық
(фонемотиптік, фоносемантикалық, имитативтік) болмысында, сипатында
деп білеміз.

64

2. Қазақ топонимдерінің этимологиялық фоносематикасы
Қазақ тілінің еліктеуіш сөздер жүйесін дыбыстық символизм құбылысы,
фоносемантиканың теориялық қағидалары мен әдістемелері негізінде 9500 –
ден астам бейнелеуіш түбір және негіз, дериватив сөздер, қырықтан астам
туыс және туыс емес тілдердің негізінде салыстырмалы топонимикалық
түрде қазақ тіл біліміндегі фоносемантика бағытының негізін салушы проф.
К.Ш. Хұсайынның еңбектерінде зерттелді. Профессор К.Ш. Хұсайын
алғашқылар-дың бірі болып дыбыс бейнелеуіш құбылысын қазақ тіліндегі
орнитоним, зооним, топоним және гидроним атауларының негізінде
қарастырды. Фоносемантикалық бағыттағы зерттеу нысаны ретінде ғалым
көкек, үкі, үәпілдек, әйек, дуадақ, қарға, қарқара, қызғыш, күркетауық,
кекілік, тартар, ләйлек, тауық, сұңқар, тырна, барқылдақ торғай, шағала,
тоқылдақ, бытпылдақ, қарлығаш, бақа, арыстан, қабылан, торсылдақ,
шегіртке, Балқаш, Даңғырлақ, Жаңғырық, Күркіреуік сынды сөздерді дыбыс
бейнелеуіш сөздер қатарына жатқызады. Осы атаулар негізінде табиғи
дыбыстық (қоршаған орта, жанды және жансыз нысандар дыбыстайтын)
тілдік белгідегі дыбыстық көрінісі, яғни тілде бейнеленуі, (еліктеуі)
дәйектеледі [96, 165-186].
Жалпы есімдер материалдары фоносемантикалық бағыттағы зерттеулерде
барынша және тиянақты түрде қамтылғанымен, жалқы есімдер, соның ішінде
топонимдер әлі де түбегейлі, арнайы түрде аталған бағытта зерделенбеген,
қарастырылмаған. Жалпы алғанда, географиялық апеллятивтер (терминдер)
құрамының тек жер бедері (орографиялық апеллятивтер) лексикалық құрамы
Ғ.Ж. Ермекбаевтың диссертациялық жұмысында көлемі шағын екі тараушада
ғана фоносемантикалық тұрғыдан сөз етілген.
Осы жайттарды ескеретін болсақ, әрине, қазақ тіл біліміндегі фоносемантикалық бағыттағы жүргізілетін зерттеулердің өз кезегін, күтіп тұрған зәру де
65

өзекті мәселелерінің бірі – жалқы есімдердің (соның ішінде топонимдердің)
фоносемантикалық сипаты (табиғаты) мәселесі екенін аңғарамыз.
2.1 Қазақ тіліндегі дыбыс еліктеуіш топонимдердің
фоносемантикалық сипаты.
Кез келген тілдің дыбыс бейнелеуіш лексикасын екі түрге: дыбысқа
еліктеуіш (звукоизобразительный) және дыбыстық символика (звукосимволический) түрлеріне бөлуге болатын сияқты, қазақ тіліндегі топонимиялық
лексиканы (топонимдерді) осы аталған екі түрге бөліп қарастырамыз.
Дыбыс бейнелеуіш сөздерді осы екі түрге бөлудің өз негізі бар. Қазақ
тіліндегі дыбыстық символика құбылысын зерттеген С.А.Өткелбаева былай
деп жазады: “Зерттеу жұмысымызда сыртқы дүниенің дыбыстық құбылыстарына еліктеуді білдіретін сөздер дыбыс еліктеуіш сөздер, ал дыбыстық
емес құбылыстарды білдіретін сөздер дыбыс символикалы сөздер деген
атаулармен беріледі. Себебі, алғашқы аталған сөздер дыбыстарға, шуға
дыбыстық тұрғыдан еліктеуіді білдірсе, екіншілері оларға символдық түрде
ғана еліктеуді білдіреді” [59, 10].
Дыбыс бейнелеуіш сөздердің фоносемантикалық сипаты, әсіресе, дыбыс
еліктеуіш сөздерде айқын көрінеді. Дыбыс символикалы сөздердің
имитативтік табиғатын анықтаудың өз қиыншылықтары бар, себебі сол
аталған сөздердегі дыбыстар табиғи нысандардың дыбыстарын емес,
дыбыстан бөтен түрлі сипаттарына еліктейді. “Үндемейтін”, “тіс жармайтын”
сенсорлық, тактилдік, түстік (визуальдік) т.б. сипаттардың дыбыс
символикалы сөздер құрамындағы дыбыстарға айналуын анықтау әрине, өте
күрделі, оңай жұмыс емес.
Ал енді дыбыс еліктеуіш сөздердің фоносемантикалық сипатын ашу
барысында біз аталған сөздер құрамындағы дыбыстардың тілде белгіленіп
отырған нысан шығаратын (дыбыстайтын) дыбыстарға сәйкестігін табуымыз
қажет. Ол сәйкестік дыбыстар арасындағы жай сәйкестік емес,
фоносемантикалық этимологияның басты мақсаты – фоносемантикалық этимонды табу, яғни фонемотиптің я фоносемантикалық модельдің дыбыстық
тұлғасын айқындау болып табылады: “Целью этимологического анализа
является выявление фоносемантического этимона, который в соответствии с
общей теории звукоизобразительности может выступать как обобщенный
фонемотип или как унифицированная фоносемантическая модель” [61, 164].
Дыбыс еліктеуіш сөздер өзара екі түрге бөлінуі мүмкін: 1. Жанды
нысандар шығаратын дыбыстарға еліктейтін, 2. Жансыз табиғи нысандар
дыбыстарына еліктейтін сөздер.
Мысалы, Даңғырлақ топонимінің фоносемантикалық тұлғасын біз дыбыс
еліктеуіш сөздердің екінші түріне жатқызамыз.
Белгілі топонимист - ғалым проф. Т. Жанұзақов Даңғырлақ атауының
дыбыс еліктеуіш сипатын Б. Нұржекеевтің мәліметіне сүйене атап кеткен:
Даңғырлақ - өзен, Панфилов ауданы. Жазушы Б. Нұржекеевтің айтуынша:
66

“Өсек өзені Жаркент қаласының бас жағынан екіге бөліне ағады, батысқа
қарай аққан тармағы тастақты жермен сарқырай аққандықтан, Даңғырлақ
аталыпты” (Б. Нұржекеев. Өзендер өрнектеген..) [105, 78].
К.Ш. Хұсайын осы дыбыс еліктеуіш топонимді тиянақты түрде
фоносемантикалық тұрғыдан қарастырған: Даңғырлақ - название горного
склона (К. Койчубаев – автор словарной статьи о топониме Даңғырлақ не
указывает место расположения горного склона – К.Ш.Х.) букв. ‘грохочущий’. ср. каз. даң ‘шум, гам, гомон, грохот’, даңғыза ‘шум, галдёж’; даңғыр
‘звон, шум, громыхание, даңғыра’ вид ударного музыкального инструмента;
громыхать, звенеть, звякать, дандақ пустая, бессодержательная речь, даңдама
‘шумное веселье’, многоголосный шум; др – тюрк. daŋ - duŋ подр. грохоту,
грому; кирг. даң подр. звуку удара о металический предмет, сильному и
четко повторяющемуся звуку (напр., барабана); ‘веселый шум, оживление’;
як. даң подр. звуку колокола, гулкому звону; узб. доңғилла – ‘издавать звон,
звенеть, звонить (о колоколе)’ и.т.д. Звукоизобразительное происхождение
данного названия совершенно очевидно [96, 184].
Академик Ә. Қайдардың сөздігінде даң бір буынды түбір – негіздің
мағынасы былай берілген: “подр. шуму, голосу, звону жестяных предметов,
больших колоколов, ударных инструментов; даңғыр < дағ + ғыр громыхание
(металического предмета)” [57, 200].
Даңғырлақ топонимінің және сол қатардағы сөздердің фонемотипі немесе
фоносемантикалық этимоны (фоносемантикалық моделі) даң түбірі болмақ.
Осы фоносемантикалық (дыбыс бейнелеуіш) түбірден қазақ тілінде бірталай
сөздер пайда болып, қалыптасқан (осы сөздер арасында туынды, ауыспалы
мағыналары бар сөздер де кездеседі): даң - айғай – ұйғай, у-шу; даңғаза
-даурықпа, лепірме; даңғой - есер, әулекі, мақтаншақ, даңғылан даурығу,
желігу, есерсоқтану; даңғыр ішкі қуыс заттың басқа нәрсеге соғылуынан
шығатын қаңғыр – күңгір дыбыс; даңғыра муз. қазақтың қағып ойнайтын
дыбысы күшті музыкалық аспабы; даңғыра - күмбірлеу, саңғырлау;
даңғырақ - даңғыр – дүңгір, даңғырлаған; даңғыр – дұңғыр - даң – дұң,
қаңғыр – күңгір; даңғырла 1. даңғыр – дұңғыр; салдыр – гүлдір ету;
даңғырлақ даңғыр – дұңғыр еткен, қаңғырлақ, даңғырлақ; даң – дұң қаңғыр-күңгір, шаң – шұң; даңк абырой – атақ; абырой; даңққой даңқшыл,
атақ – құмар; даңққойлық даңққұмырлық, атаққұмырлық, мансапқорлық;
даңқты - көпке аты жайылған, атақты, әйгілі; даңылда - даңғырлап қатты
дауыс шығару [89, 143].
Осы келтіріліп отырған фоносемантикалық сипаты бар сөздерге ортақ
түбірді біз фонемотип немесе имитатив ретінде қарастыруымызға болады.
Сонда ол түбір, я фонемотип (имитатив) үш идеофонды даң(нг) – (д + а + нг)
формасында өзінің дыбыс еліктеуіш қызметін атқарған, атқаруда. Дыбыс
еліктеуіш түбір – имитатив болғандықтан бұл фонемотип қандай дыбысқа
(немесе табиғи дыбыстар кешеніне) еліктейді деген сауал туындайды. Ол
дыбыстардың (шудың) сипаты (жоғарыдан қараңыз) мынадай болып келеді:
“ішкі қуыс заттың басқа нәрсеге соғылуынан шығатын қаңғыр – күңгір
67

дыбыс”, “күмбірлеген, саңғырлаған дыбыс”; “даң – дүң” еткен “қаңғыр күңгір” еткен дыбыс; “даңғыр - дүңгір” еткен, “салдыр – гүлдір” еткен;
“даңғырлап қатты дауыс еткен” дыбыс; айғай – ұйғаға, у-шуға ұқсайтын
дыбыс т.б. Ал енді академик Ә. Қайдардың көрсетуінде бір буынды түбір даң
темір, жез бұйымдары, заттар шығаратын (ұрғанда) дыбысқа, шуға
еліктеуден туындаған.
Даң формасындағы әр фонема – идеофон (идеофонема) белгілі бір
еліктеуіш мағынаға ие. Еліктеудің негізі сипатын, болмысын осы
фоносемантикалық модельде дауыссыз д және ң дыбыстар (идеофондар)
көрсетеді. Ал фоносемантикалық сөз ортасындағы дауысты дыбыс (идеофонема) еліктеуіш түбір (сөз) суреттейтін дыбыстың күштілігін, әлсіздігін және
тонын сипаттайды.
Қоршаған ортадағы табиғи (адами емес) дыбыстарды имитациялайтын
сөздердің анлауттағы (басқа позициядағы) дауыссызының еліктеудегі рөлі
өте зор. Еліктеудің басты сипатын берудегі осы шешуші, маңызды рөлі
анлауттағы дауыссыз дыбыстың артикуляциялық ерекшеліктерінде деп
айтуымызға болады. Осы заңдылық жөнінде ағылшын тіліндегі дыбыс
еліктеуіш сөздерді зерттеген Г. Марчен былай деп жазды: “в английских
словах, обозначающих звук, имитационный принцип играет большую роль в
развитии начальных символов, как в / b / и / p /, которые демонстрируют
дыхательный взрыв при помощи внезапного разделения губ и поэтому,
кажется, явлются наиболее натуральной передачей того, что ухо
воспринимают как взрыв вовне. Мы имитируем в инстиктивном
параллелизме звуковой взрыв во внешним мире при помощи движения
наших органов речи, дающего сходный результат. Символы / t / и / d / часты в
словах, обозначающих удар или стук по чему – либо. Они могут быть
имитированы благодаря движению языка: кончик ударяет о зубы или
альвеолы и отнимается со взрывом” [99, 75].
Сөз етіліп отырған даң фонемотипінің (имиативінің) анлаутындағы д
өзінің артикуляциялық сипатына, ерекшеліктеріне қарай t(т) – ға өте жақын,
тек д ұяң “жұмсақ” болса, т қатаң (шулы) дауыссыз – ал басқа артикуляциялық ерекшеліктері (альвеоляр, таңдай алды, тіс, жабысыңқы, шұғыл) бірдей.
Т / д дүрсілдейтін, дүңкілдейтін, тарс – тұрс ететін, тарсылдайтын,
тақылдайтын, соғу, қағу әрекеттерінен туындайтын кешенді табиғи дыбыстар
шығаратын нысандарды (денотаттарды) символдайтын сөздердің анлаутында
кездеседі. Осы позициядағы бұл дауыссыз дыбыс (идеофонема) көптеген
гомоген немесе гомоген емес тілдердегі аталған дыбыстарға еліктейтін
сөздерде кездеседі. Бұл құбылысты фоносемантикалық заңдылықтар немес
фоносемантикалық универсалия қатарына жатқызуымызға болады.
Алдыңғы t / д – ның (осы фоносемантикалық модельдегі) дыбыс
бейнелеуіш қызметін А.М. Газов – Гинзберг былай түсіндіреді: “Взрывной
переднеязычный выбран здесь потому, что это один из наиболее сильных
(вследствие силы органа) взрывных звуков речи: так как, шум издается здесь
при участии твердого тела (твердое небо, зубы), фонема подходит для
68

передачи звука удара твердых тел в природе (в отличие от губного взрыва)
где участвуют лишь мягкие органы” [52, 53-54].
Ал, ауслаутта орналасқан увуляр, сонар, мұрын жолды ң – ның дыбыс
бейнелеуіш сипатын А.М. Газов – Гинзберг бірнеше генетикалық туыстығы
жоқ тілдерден алынған мысалдар арқылы былай түсіндірген: “наличие
увулярного сонарного ң в конце односложного звукоизобразительного корня
является универсальным языковым средством выражения звона, бренчания,
резонирующего звука” [99, 80]. Дауыссыз дыбыстар сияқты осы
фоносемантикалық модельдегі дауыстылардың да өзіндік дыбыс бейнелеуіш
(дыбыс еліктеуіш) сипаты бар. Жалпылап айтқанда, “сочетания с увулярным
сонорном ң узкие и губные гласные передают более такие, приглушенные
резонирующие звуки, а широкие – более сильные и звонкие” [99, 80].
Осы тұжырымды қазақ тілінен алынған төмендегідей мысалдармен
дәйектеуге болады: “даңғырла – даңғыр – дүңгір еткен”, яғни “даңғырлап
қатты дауыс еткен” мағынаға ие болса, діңгіл - діңгіл “діңкілдеген жіңішке
үн”; діңгір “дыңғырлаған жіңішке үн”; діңкіл “дің – дің еткен дыбыс”; дүңкіл
“торсылдаған, дүрсілдеп дүрілдеген, гуілдеген қатты дыбыс” болғанымен
“даңғырлаған” дыбысқа қарағанда ашық емес, тұншыға (приглушенный)
шығатын дыбысты елестеді (имитациялайды). Осы мысалдарда инлауттағы
қысаң, езулік, жіңішке дауысты дыбыс с және де қысаң, еріндік, жіңішке
дауысты дыбыс ү дыбыс бейнелеуіш (дыбыс еліктеуіш) айырма мағынаға ие
екендігін көрсетіп тұр.
Еріндік және жіңішке дауысты дыбыстар қарастырылып отырған
фонемотипте жай шығатын, ашық (анық) естілмейтін (тұншыға естілетін)
немесе дыңылдаған, зыңылдыған, сыңғырлаған, дыбыстарға еліктейді, яғни
сондай сынды дыбыстарды (дыбыстар кешеніне) суреттейді, бейнелейді,
символдайды.
Соңғы тұжырымды Ш.Хұсайын мен М.Х.Жұбанованың ағылшын және
бірнеше түркі тілдерінен келтірген мысалдарымен деректендіруге болады:
“Англ. ding ‘звон колокола; звенеть о металле’; sing ‘свист (пули), шум
(ветра) звон (в ушах); петь, свистеть (о пуле), звенет (в ушах)’; ting ‘звон,
звяканье, дзинканье; звонить в колоколчик, звенеть’; tingle ‘звон
колокольчика или металических предметов; звяканье; звенеть, звонить,
звякать’; ring ‘звон; звенет’; ping ‘стук, звук от удара; удариться со стуком’;
jingle – jangle ‘звон, перезвон, позвякивание’; chink ‘звон, звяканье (станком,
монет’); каз. даңғыр ‘звон, шум, гомон, громыхание’; дүңгір ‘глухой звук
домбры, небольшого колокола’; даңғырла – ‘звенеть, звонко звучать,
бренчать’, діңкіл ‘глухо звенящий, гудящий звук’, зыңылда – ‘звенеть,
бренчать, брякать, дребезжать’, як. даң – подр. звону колокола, кирг. дың –
подр. слабому звону, вонзикаю-щему от слабого щелчка по барабану или от
капель дождя, подающих на пустое ведро, тув. конга ‘звонок, колокол’,
туркм. тиң – подр. звуку струны при игре на дутаре, заң – подр. лязгу, узб.
чиңгилла – ‘звенеть, издавать звон’, тув. шынгырла – ‘звенеть’ и т.д.” [98,
80].
69

Анлауттағы дауыссыз дыбыстар фоносемантикалық тұрғыдан қарастырғанда айырма мағыналық, релеванттық қызметке ие, себебі жоғарыда
көрсетілген мағыналарды дифференциялайды: т, д, к дауыссыздар төменгі
тоналды (әуезді), ал з, ш, ч – жоғары тоналды (әуезді) немесе “зыңыл” немесе
резонансты (жаңғырық) дыбыстарға еліктейді [99, 80-81].
Резонансты дыбыстарға еліктеуден туындаған топоним жөнінде
К.Ш. Хұсайын мынадай мәліметтерді келтіреді (оларды түгелімен осында
келтірдік): “Жаңғырық - название речки и ущелья в Заилийском Алатау,
букв. Эхо: По утверждению С.Е. Дмитриева и Е. Койчубаев, происхождение
названия связванно с шумом, грохотом реки, эхом, раздающимся по всему
ущелью. Гидроним жаңғырық в качестве нарицательного существительного
со значением ‘эхо’ имеет звукоизобразительное происхождение. Ср.: др –
тюрк. janyċz – ‘звучать, звенеть’, jaŋyuшулк шорх, эхо; каз. жаң – жұң
звонкие голоса, резонирующее разноголосье; кирг. жаңғыр / жаңғыра –
‘издавать громкий крик, звучать, отдаваться (об эхе), греметь’; туркм. жаң
‘колокол, звонок’; узб. жанг ‘бой, сражение, битва’, жангир подр. звону,
бряцанию, лязгу; тув. чаңгы ‘эхо’ и т.д.” [96, 184-185].
Қазақ топонимиясында дыбыс еліктеуіш тағы бір гидронимиялық термин
және гидроним бар. Ол сарқырау “судың биіктен төмен қарай күшті
сарынмен құлай ағуы; сарылдау” деген мағынасы бар етістіктен жасалған
сарқырама гидрографиялық (гидронимиялық) термині және Сарқырама
гидронимі. А.С. Титованың сөздігінде бұл фоносемантикалық сипаты бар
сөзге (терминге, гидронимге) мынадай түсінік берілген:
“Сарқырама – Сарқырама; от глагола сарқырау – грохотеть; производить
шум; течь с шумом. Водопад; грохочущий поток. Термин встречается как
самостоятельное географическое название: р. Саркырама в Акмолинской
области; проток Саркырама в Джамбульской области” [106, 38].
Осы атаудың дыбыс еліктеуіш түбірі сар болатын болса, түбірлес
сөздердің де мағыналары жақын немесе бірдей болуы тиіс. Осындай сөздер
қазақ тілінде бар: “сарқ – сұрқ” сұйық заттың қатты қайнауы, бұрқ етуі; “сар сар” сарқырап шыққан дыбыс; сарыл “сар – сар еткен дыбыс, сырыл”;
сарылда “сар – сар еткен дыбыс дыбыс шығару, сарқырау”; сарыл “сарылдап,
күрілдеп дыбыс шығарған ағын” [89, 556-558]. Келесі сөздің ұмыт болған
түпкі мағынасы, фоносемантикалық этимоны сар – түбіріндегі мағыналарымен байланасы бар деп есептейміз. Салыстырыңыз: сарың көне. Ән
жанрының бір қалыпты дауыспен, ырғақты айтылатын түрі. 2. Әуен, саз,
ырғақ [89, 558].
Сар / шар түбірі “сарылдап ағу ”, “сарқырау” (суға, ағынға, сарқырамаға
(водопад) мағыналарында тек қана қазақ тілінде ғана емес, басқа түркі тіптен
түркі емес тілдердеде кездеседі. А.М. Малолетконың мәлімдеуінше: “В кирг.
шарқыратма, ккалп. саркырама “водопад” является от глагольным существительным со значением грохот”, то есть “грохочущий”, без номенклатурного
форманта “вода” В вах. шор - ас “водопад буквально озночает “грохотание”,
что близко к упомянутым киргизскому и каракалпакскому терминам. Близко
70

по структуре и семантике имена рек Куркуре (настолько рек на Алтае),
Курлек (Томский район и ручей в системе Мрассу). Два протока р. Коксу
(Алтай) с алтайскими названиями Куркулек ныне имеют русские имена
кальки Громатуха (Нижняя и Верхняя). В языке пушту шаршара “водопад
(небольшой)”, букв. “шуршание” (звукоподражание)”. [64, 72].
Келтірген үзіндіден көріп отырғанымыздай, түркі емес тілдерде, атап
айтсақ, вахан тілінде шор, пушту тілінде шар судың сарқырап шыққан
дыбысына еліктейді. Күр (кур) судың дыбысталуының тағы бір түрін
көрсетеді және кур түбірі дыбыс еліктеуіш гидронимдерінде кездеседі (А.М.
Малолетконың мәліметтеріне қараңыз).
Қазақ топонимиясында да осы күр түбірлі дыбыс еліктеуіш гидронимдер
кездеседі. Т. Жанұзақовтың “Алматы облысы бойынша Қазақстан
географиялық атаулары” атты сөздігінде Күркілдек гидронимі жөнінде былай
делінген: “Күркілдек – Талдықорған аймағындағы өзендердің бірі. Өзеннің
күрілдеп, сарылдап ағуымен байланысты қойылған атау” [105, 109]. Күр
дыбыс еліктеуіш түбірден жасалынған қазақ тілінде бірнеше сөз бар.
Олардың мағынасы “Қазақ тілінің сөздігінде”. (Жалпы. ред. басқанған Т.
Жанұзақов. Алматы, 1999) былай етіп берілген: “Күр – күр күркілдеген,
күркіреген дыбыс, гүр – гүр; күрк – күрк, күрк күркілдеген дыбыстың
дүркін – дүркін қайталануы; күркіл күрк – күрк еткен дыбыс; күркілде 1.
Күрк – күрк жөтелу; 2. Тауықтың, кептердің т.б. құстардың үн қатуы, дыбыс
білдіру; 3. Күркілдеу, күжілдеу; Күркілдек күркілдей беретін, көп
жөтелетін; Күркір күркіреп жаңғыра шығатын дыбыс; күркіре 1. Жаңғыра
күркілдеу, гүрсілдеу; 2. Ауыс. Асып – тасу, болып – толу; күркіреуік
тынымсыз күркірей беретін” [89, 342].
Осы қатардағы сөздердің дыбыс еліктеуіш сипатын салыстыра қарасақ,
күркілде(к) сөзі құс, адам, яғни жанды нысандар шығаратын дыбыстарға
еліктеу болып табылады, ал күркіре, күркіреуік сөздерінде дыбыстың
(шудың) жаңғыра күрілдеуі, тынымсыз күркіреуі бейнеленген. Күркірейтін,
күркілдейтін дыбыстарға еліктеген сөздердегі дыбыс бейнелеуіш
мағыналарының айырма белгілері кір және кіл, әлде р және л грамматикалық
форманттарға
(индикатор,
модификатор)тән
акустикалық
және
артикуляциялық айырма белгілерінде, ерекшеліктерінде болып отыр. Сонда,
күркір және күркіл формаларындағы соңғы тұрған р мен л
фоносемантикалық (имитативтік), яғни дыбыс бейнелеуіш (дыбыс еліктеуіш)
мағынасы, қызметі еліктенген дыбыстардың айырма белгілерін,
айырмашылықтарын көрсетіп тұр.
Қазақ топонимиясында күркір моделіндегі атау (атаулар) бар. Соның
біріне К.Ш. Хұсайын мынандай фоносемантикалық сипаттама берген:
“Күркіреуік - название водопада в Каскеленском районе Алма Атинской
обл., источников в Актюбинской и Гуревской обл. (букв. грохочущий).
Звуко-изобразительный корень күр встречается во многих тюркских языках.
Ср.: др. Тюрк. Kürlän ‘греметь, грохотать’; каз. күрілде – ‘гудеть, шуметь,
громыхать, греметь’; кирг. күрп – күрп подр. шуму, грохоту (напр.
71

ударяющейся о скалы бурной воды); туркм. күрк ‘наседка, клушка’; як. кур
подр. звуку при обвале, проваливании льда, сухой земли, мелких камней и
т.д” [96, 185].
Күр - дегі әр дыбыстың (идеофонның, идеофонеманың) өз фоносемантикалық (имитативтік) сипаты бар. Анлауттағы дауыссыз к еліктенген
дыбыстың (шудың) түрінен (типінен) хабардар етеді, дифференциялайды
(салыстырыңыз барқ – қарқ; күрк – шүрк; құрқ – күрк т.б.). Инлауттағы
дауысты дыбыс (идеофонема) ү; мысалы, а - ға қарағанда еліктеуге түскен
дыбыстың басқа тонын және (салыстырмалы түрде) әлсіздеу екенін
көрсетеді: салыстырыңыз: тарқылдау – тырқылдау (күлу) [бұл жерде ы - мен
ү – бір тектес, яғни жіңішке дыбыс ретінде сәйкестірінделеді]; қарқылдап
күлу - күркілдеп күлу т.б. Ауслауттағы р вибранты, әдетте, дыбыс
бейнелеуіш сөздерде діріл, тербелген (вибрацияға түскен) дыбыстарға
еліктейді.
“Күр” деген дыбыс еліктеуіш түбірге түрлі модификатор қосу арқылы
еліктенген дыбыстың (шудың) бірнеше түрін немесе типін көрсетуге болады.
Осы заңдылықты қазақ тілі материалдарынан, мысалдарынан да байқаумызға
болады.
Мәселен, күр фоносемантикалық түбірге қосылған п, с, т модификаторлары бар сөздердің дыбыс еліктеуіш сипаты түрлі болады, әрқайсысының
өзіндік дыбыс еліктеуіш айырма белгілері бар.
Салыстырыңыз: күрп - күрп сүт сауғанда, сүтті піскенде шығатын үн;
күрпіл күрп - күрп еткен үн, дыбыс; күрпілде мал сауғанда сүттің ыдысқа
күрп – күрп етіп құйылуы; күрпілдек күрп - күрп ете беретін (қар) – бұл
қатардағы дыбыс бейнелеуіш сөздерде түбірге жалғанған п модификаторы;
күрс салмақты нәрсе құлағанда шығатын дыбыс; күрс - күрс бірінен соң бірі
құлағанда, қатты жөтелгенде шығатын дыбыс; күрсіл қатты шығатын дыбыс,
гүрсіл, тарсыл; күрсілде 1. күрс - күрс ету, тарсылдау, 2. тұмау тигенде қатты
жөтелу; - бұл қатардағы дыбыс бейнелеуіш сөздерде түбірге жалғанған с
модификаторы; күрт – күрт қатты нәрсені шайнағанда, не бір зат сынғанда
шығатын дауыс; күртілде күрт - күрт еткен дыбыс шығу; қытырлау – бұл
қатардағы бейнелеуіш сөздерде түбірге жалғанған т модификаторы.
Инлауттағы дауысты дыбыстардың да фоносемантикалық, дыбыс бейнелеуіштік (дыбыс еліктеуіш) мәні бар. Мысалы, инлаутта о дауысты дыбысы
бар дыбыс еліктеуіш қор түбірі бар сөздердің дыбыс бейнелеуіш сипаты
былай болып келеді: қор - қор етті қорылдаған дыбыс шықты, қорылдады;
қорқ - қорқ етті қорқылдады, қорқырады; қорқыл қорқ етіп шыққан дыбыс;
қорқылда қорқ - қорқ ету; қорс: қорс етті а) үшкір нәрсені сұғып алғанда
шығатын дыбыс; ә) әзіл - оспақты, қалжыңды көтере алмай ашуланып, дүңк
ете түсті; қорсыл шошқаның қорс - қорс еткен үні [89, 409].
Еліктеуіш түбір қор жөнінде К.Ш. Хұсайын мынандай мәліметтерді келтіреді “қор” подр. храпу, хрюканью, хриплым звукам низкой тональности:
қор ете қал – ‘всхрапнуть, захрепеть’; қор - қор ет -, қорылда – ‘храпеть’,
қор - қор ‘кальян’ қорқ – қорқ ет -, қорқылда – ‘издавать хлюпающие,
72

булькающие звуку низкой тональности (напр., при ходьбе в мокрой обуви, в
процессе питья и т.д.)’ қорс подр. звуку, производимому при вонзании,
втыкании острого предмета в мягкий предмет, қорс – қорс ет -, қорсылда –
хрюкать (о свинье), шумно всхлипывать [96, 116].
Қор түбірі “қорылдаған” дыбыстарға еліктесе, с модификаторы бар қорс –
тың сипаты басқалау (“қорсылдаған”, “үшкір нәрсені сұғып алғанда шығатын
дыбыс”, “шошқа қорс көрсеткен дыбыс”, “құрғақ бұтақтарды сындарған
кезде шығатын” т.б.) дыбыстаға еліктейді.
Осы қор және қорс түбірлердің дыбыс бейнелеуіш сипатын проф. К.Ш.
Хұсайын былай түсіндіреді: “Звукоизображение храпа и других хриплых,
клокочущих звуков низкой тональности в казахском языке передается звуко
комплексом, в анлауте которого - увулярный смычный, в инлауте широкий
губный заднего ряда, в ауслауте - дрожащий сонорный. Этот состав звуков
обусловлен естественными движениями при храпе: вибрация мягкого нёба
или язычка, приближающегося или прикасающегося к корню языка или к
задней стенке носоглотки. Присоединение модификаторов конкретизирует
семантику подражательного слова, при этом если увулярный смычный
обозначает резкость, отрывистость звука, то щелевый переднеязычный с - его
незначительную протяженность” [96, 117].
Қорс топонимінің фоносемантикалық бейнесі жөнінде К.Ш.Хұсайын, Е.
Қойшыбаев пен В.Н.Шнитниковтың мәліметтеріне сүйене отырып былай
дейді: “Қорс название урочища в дельте р. или в районе г. Баканас. Е.
Койчубаев,
ссылаясь
на
свидетельство
В.Н.
Шнитникова
(путешествовавшего по данной местности в начале века) о том, что “когда
пробираешься по этому месту, то раздаётся непрырывный треск от
ломаемого саксаула”, указывает на звукоподражательное происхождение
топонима. Интересно, что данный гидроним сохранился в форме
подражательной основы с модификатором с в ауслауте, т.е. употреблен. В
усеченно - экспресивной форме, встречается крайне редко. Кроме того, қорс
в значении резкого треска при ломке сучьев в казахском языке менее
употребим по сравнению с қорс в значении ‘хрюкать’ [96,185].
Қазақ жер - су атауларының құрамында судың (ағынның) үні мен
дыбысына еліктеудің негізінде қалыптасқан, пайда болған гидронимдер
кездеседі. Сондай гидронимдер қатарына Шар, Шарбұлақ, Шарын (Чарын),
Сарпылдақ, Сорсу, Сорбұлақ, Шарлама т.б. гидронимиялық атауларды
жатқызамыз.
Осы гидронимдердің дыбыс бейнелеуіш сипатын есепке алмағандақтан
олардың этимологиясы көп жағдайда, біздің пікірімізше, дұрыс берілмеген .
Мысалы, Шарын (Чарын) атауын алып қарайық. Белгілі топономист ғалымдың Ғ. Қоңқашпаевтың, Е. Қойшыбаевтың, А. Әбдірахмановтың, Т. Жанұзақтың осы атауға жасаған этимологиясы әр қилы.
Айтылған сөзіміз дәлелді болу үшін осы этимологияларды түгелінен
беріп отырмыз. Ғылым А. Әбдірахмановтың жасаған этимологиясы: ЧАРЫН
– Алматы облысындағы Ілеге құятын өзен аты. Ғ.Қоңқашпаевтың пікірі
73

бойынша бұл гидроним XIV ғасырдан белгілі. Жергілікті тұрғындар бұл
сөздің мағынасын түсінбейді. Ал оның ескі мағынасы Шынжаң – Ұйғыр
автономия облысындағы ұйғырлардың тілінде сақталған: чарын - ясень
(қазақша шетен) деген сөз. Сол жерде болған ғалым Г. Грум –
Гржимайлоның сөзіне қарағанда шарбақ жасау үшін шетен ағашын
отырғызатын көрінеді. Оның үстіне Чарын өзеннің бойында әлі де шетен
ағашының шоқтары өседі. Сондықтан өзен аты осы ағаштың атынан
қойылған. (Г. Конкашпаев. Некоторые малопонятные географические
названия в Казахстане. Сб.: “Вопросы географии Казахстана”. Вып. 9, Алма –
Ата, 1962, 240 беті). Ғ. Қонқашпаевтың пікірі толықтыра түсуді қажает етеді.
Чарун сөзін М. Қашқари яғма тілінде “чинар дарақты” деп түсіндірген. (М.
Қашқари, І, Ташкент, 322). Ендеше бұл ағаш аты көне түркі тілдерінде
болған. Ал шарын сөзі башқұрт тілінде балық ұстау үшін өзенге құрылып
қойылатын шетен екенін айтуымыз керек (Башкирско – Русский словарь. М.,
1958, 655 беті). Бурят – монғол тілінде шорон сөзі сырғауылдан қатар - қатар
қағылған қазық. Сөйтіп, бұл тілдерде чарын деген ағаштан жасалған құрал
аты ғана сақталған болуы керек. [39, 186]
Е. Қойшыбаевтың берген этимологиясы: “Шарын – тау өзені аты.
(Алматы обл.) Көне түр. Чар (ет.) (жар) + ын афф. - “жырынды” (су орған
арна). Көне түркі тілдерінде чарын // чағат формалары тау жылғаларын, тар
шатқалдарды білдіреді. Солар бойынша этникалық топ атаулары
қалыптасқан. Қаз. этникалық топ атауы Барынмен сал.” [42, 238].
Т. Жанұзақтың этимологиясы: “Шарын - с., өзен, Ұйғыр ауд. Көне түркі
тілдерінде чаран - “арынды, тасқынды, екпінді, қарқынды өзен”. Қырғыз
тілінде шар - “жылдам, тез, арынды ағыс”, монғол тілінде царга - “арынды,
асау, тентек”. Демек, бұл өзен аты түркі, моңғол тілдеріне ортақ болып келіп,
“арынды, қарқынды, екпінді, тасқынды” деген мағынаны білдірген. Атау
қойылған заманда бұл өзен ағысының қазіргідей баяу ақпай, ағысының қатты
да арынды, аса тасқынды болғанын байқаймыз. Кейіннен осы өзен атынан
қазіргі село аты қойылған.” [105, 194].
Судың (ағынның) салдырлап, гүрілдеп, күркіреп, салдырлап, шалдырлап,
шүрілдеп, сарқырап, шұрылдап т.б. ағуын ескеретін болсақ, су және су
(гидрографиялық) объектілер атауларында осы дыбыстарды сипаттайтын,
белгілейтін, осы сипаттағы дыбыстарға еліктейтін түбірлер болуы заңды
құбылыс. Э.М. Мурзаевтың сөздігінде осы ойымызды дәлелдейтін
төмендегідей мысалдарды таптық: “ШАРШАРА водопад, порог на реке,
быстрина (узб. тадж.) Ср. узб. шар – звукоподражение урчанию, журчанию,
шелесту; кирг. шар - “быстрое, бурное, течение”, “быстрина”; шарқырама “бурлящая, буйная вода”; ШАРЛАМА водопад, поток (татар). Ср. кирг.
шарқыратма, туркм. шарлавук - “водопад” Ср. глагол шарла - “журчать”,
“быстро течь” ♦. р. Шарлама в Тюменской обл.; Шарлаук в Хорезмской и
Красноводской обл” [84, 625].
Жоғарыда берілген сөздердің дыбыс бейнелеуіш (дыбыс еліктеуіш)
сипаты байқалады. К.Ш. Хұсайынның мәлімдеуінше “в казахском языке в
74

значении ‘течь с шумом’ корень сор / шор по составу согласных однотипец
сар / шар, имеющим ряд производных с общим значением. С точки зрения
звукоизобразительности, щелевой и плоскощелевой звуки передают
текучесть, протяженность действия, движения, дрожащий сонорный –
продолжительный шумовой эффекты” [96, 112].
А.М. Малолетконың мәлімдеуінше иран тіліндегі шар “шумно течь”,
пушту тіліндегі шаршара “небольшой водопад” және “шуршание; вахан
тілінде шор - ас” грохотение [64, 72-73].
Осы мысалдарды қортындыласақ шар түбірі өзінің дыбыс еліктеуіш
сипаты арқылы (ал ол сипат - “шарылдап, сарылдап ағу”) гидрографиялық
аппелятив (термин) және гидроним атаулары кездеседі. Сондай атаулардың
бірі – Шарын (Чарын).
Біздің пікірімізше, сор / шор / шар / сар дыбыс бейнелеуіш түбірлерден
қалыптасқан Сорбұлақ, Сарыбұлақ, Шарбұлақ, Сарыөзек сынды гидронимдер “сары”, “сор” (тұзды) мәнді деп түсіндірілуі, кейбір жағдайларда,
шындыққа жатпайды. Әрине, сондай атаулармен аталған гидрографиялық
нысандардың суы сары түсті немесе тұзды болса, түске, дәмге қатысты
этимологиялармен келісуге болады. Алайда, түсі де дәмі де аталған
этимологиялық мәндерге сәйкес келмесе, басқа, соның ішінде, дыбыс
бейнелеуіш сипатына қарай қойылған гидроним болуы әбден мүмкін.
Мысалы, Шар өзен атын зерттеушілер “сары” немесе “өгіз” мағыналарымен байланыстырады. Топонимист ғалым Ә. Абдрахманов Шар
этимологиясын былай қарастырады. Шар – Семей облысындағы өзен аты,
басы Қалба тауынан шығып Ертіске құяды. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі
бойынша, бұл монғолдың сары не болмаса өгіз деген сөзінен қойылған.
XVIII ғасырда Шар өзені Гурбан – Шар аталған. Осындағы гурбан –
монғолша үш деген сөз. Сонда өзен аты үш сары дегенмен байланыста ма,
болмаса үш өгіз дегенге сай ма? Үш сары деген өзеннің үш саласына
байланысты болуы да мүмкін, болмаса үш өгіз деген өгізге байланысты
оқиғаға да қойылуы ықтимал. (Г. Конкашпаев. Географические названия
монгольского происхождения... Известия АН Каз ССР. Серия филология и
искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 96-97 беттері). Мұнда Ғ. Қонқашпаев өз
пікірін дәл басып, ашық айтпаған.
Біздің ойымызша, осы Шар “сары” мағынасынан қойылған болуы керек.
Бұл ертедегі түркі – моңғол тіл бірлестігі кезеңінен қалған сөз болуы әбден
ықтимал. С мен ш дыбыстарының алмасуы – монғол мен түркі тілдерінің өз
ішінде де жиі кездесетін құбылыс. Мысалы, моңғол мен қазақ тіліндегі
мынадай сөздерде ш / с алмасуы бар: Шавар – сабыр (батпақ), Шалтах –
сылтау, Шийр – сирақ, ширдәг – сырдақ, сырмақ, шонхор – сұңқар, шор –
сор, шөл – сөл, шулых – сылу, шунгах – сүңгу т.б. Сондықтан шар сөзінде
монғол тілінің түрі сақталуы ықтимал да, ал атаудың қойылуы өте ертеден
болуы керек. Шар атауында қазір информациялық мән жоқ, тек белгілі бір
өзеннің, селоның т.б. аты есебінде ғана түсініледі. Алғашқы сары мағынасы
мүлде ұмтылған [39, 190].
75

Сар / шар / сор / шор имитативтері өзен, бұлақ атауларында судың
сарылдап, шарылдап, сорылдап, шорылдап, яғни қатты екпінмен немесе
“шорылдаған” кезде баяу тар жермен ағуының дыбыстық сипатын көрсетеді.
Сонымен қатар осы фоносемантикалық модельдің дыбыс символикалық
қызметі бар: анлауттағы с / ш судың (немесе кез келген сұйықтың) шумен
жылжуын, ағуын, ағудың түрлерін көрсетсе, инлауттағы ашық а ағынның
көлемін, кең жайылғанын (үлкендігін) көрсетеді, ал ауслауттағы р - вибрант
ретінде аққан судың (сұйықтың) діріл, шу, үн сипаттарын символдайды.
К.Ш. Хұсайын сор, шор – дың дыбыс бейнелеуіш (дыбыс еліктеуіш)
мәндерін былай көрсеткен: Сор, шор подр. звукам, звукам струящейся воды
(белгілеген біз – М.А.), сосания, швырканья, сор – ‘сосать, всасывать, высасывать поглощать’, сорап! обращение к верблюду с тем, чтобы он пил воду,
сорапта – ‘пить воду (о верблюде)’, түйеше сорапта – ‘пить воду подобно
верблюду (с шумом, большими глотками)’; сорпа ‘бульон’, сорпылда ‘шумно сосать, издавать швыркающие звуки’, сорғала – ‘струиться, течь
тонкой струей’, шорылда ‘течь с шумом, журчать, литься или течь с
булькающим звуком’ [96, 111-112].
Ср / шр консонанттық тұлғасы (қаңқасы) бар сөздер. Г.Е. Корниловтың
мәлімдеуінше судың, сұйықтық ағу түрлерін көрсетеді: “группа согласных
ср / шр – символизирует и просто различные виды течения воды,
жидкости...” [53, 141].
Сонымен, шар / сар / сор / шор түбірі бір гидрографиялық нысандардың
дұрыс этимологиясын табу үшін этимологиялық ізденістермен қатар,
аталған нысандарды өз көзімен көріп сараптама жасалуы тиіс. Егер
нысанның түсі сары (сарғылт) немесе дәмі тұзды, соры бар жердегі нысан
болса - “сары”, “тұзды” мәнді этимологиясы дұрыс болғаны. Ал егерде
нысандардың аталған сипаттары болмаған кезде, басқа, яғни судың ағуына
байланысты дыбыстық т.б. сипаттарын айқындауымыз қажет. Таулы - қырлы
жермен ағатын, ағыны қатты, сарылдап, шарылдап, сорғалап немесе
шорылдап
ағатын
су
нысандарының
жоғарыда
көрсетілген
фоносемантикалық этимоны бар деген сөз.
Аққан судың шуына, үніне байланысты қойылған басқа да географиялық
атаулар қазақ топонимиясында бар: Мысалы, Т. Жанұзақов Алматы облысы
топонимдер сөздігінде Өкір тауының атауын келтірген: “Өкір - тау,
Райымбек ауданы, Шелек өзенінің басындағы бұл тау аты - биік жерден
сақырай, ақ көбік атып, бұрсана аққан өзеннің ағысынан тау - тастың
жаңғырығын, арқырап, өкіріп жатқандай қатты дауыс шығаруына
байланысты қойылса керек”. [105, 157].
Жоғарыда келтірген мәліметтерден аңғарылатыны – тау атына негіз
болған дыбыс бейнелеуіш өзен аты. Өзен аттарынан тау, төбе, қыр, шатқал
аттарының қойылуы түркі топонимиясында кеңінен таралған құбылыс. Э.М.
Мурзаевтың мәлімдеуінше: “Очень ярко проявляется обычай переноса названия реки и озера на ближайшие горы. Примеров таких можно привести
множество” [87, 41].
76

Ал енді атаудың дыбыс бейнелеуіш сипаты жөнінде К.Ш. Хұсайын былай
деген: “Исходное значение звукоизобразительного глагола в тюркских
языках связано с ревом животного, что явно выражено во мнгоих
производных. Ср.: др - тюрк, kökrä - ‘реветь’; каз. өкір - ‘реветь (о быке),
реветь, глосить, рыдать, громко плакать’, өкірік ‘рев, крик, мычание’; кирг.
өкур - ‘реветь (о быке), громко плакать и причитать (о мужчине)’; турк. бөгур - ‘реветь, мычать (о быке), громко плакать’; як. өөх подр. реву
напуганной или раненной скотины, звуку, издаваемому при рвоте; узб. огур –
‘реветь, кричать (о косуле)’, өк ‘гортань, глотка’ и т.д.” [96,214].
Аң, жануар, құс шығаратын, дыбыстарға жансыз (су, өзен, тау т.б.) нысандардың үнін (дыбыстарын) сәйкестендіру - адамның (әсіресе, көне
адамның) табиғатты, табиғат құбылыстарын жанды деп есептеудің, елестетудің бір белгісі, нәтижесі деп санаумызға болады.
Тек қана қазақ топонимиясында емес, басқа ұлттардың да жер – су
атауларында дыбысқа еліктеуден туындаған атаулар кездеседі. Осы жәйт
жөнінде Э.М. Мурзаев топонимист ғалым А.К. Матвеевтің сөздерін келтіреді: “О” звучащих” топонимах: говорящих, кричащих, откликающихся в
горах, скалах, реках, озёрах и других объектах читаем у А.К. Матвеева:
“Физико - географическим субстратом для всех названий такого рода
является наличие шума или способность создавать эхо. Бесчисленные речки
с названиями Шумиха и Гремуха могут быть отнесены в этом случае к числу
топонимов, прямо характеризующих объект. Нередки и образные,
возникающие на основе олицетворения: речка Говоруха, скала Говорливый
Камень, гребень Откликной, казахское Айгайтас - “кричащий камень”
(название скалы), мансийское Рохн - Эква - Ахвтас (камень кричащей
старухи)” [107, 19].
Э.М. Мурзаев, А.К. Матвеевтің “үнді” топонимдер жайындағы
мәліметтерін келтіре отырып, түркі тілдері мен топонимиясындағы дыбыс
еліктеуіш атаулары жөнінде былай дейді: “В тюркских языках от глагола
шарла - “ журчать, быстро течь” – образованы термины шарлама, шарлавук,
шаршара, шаркырама - “водопад, бурлящая, буйная вода, поток”. У Узбеков
шар - “звукоподражание урчанию, журчанию, шелесту”.
В Тюменской области течет река Шарлама. Отмечается населенные места
Шарлаук в Узбекистане и Туркменистане, Шаршара в Таджикстане. Ф.Г.
Гарипова отметила среди гидронимов Татарстана реки и родники Шарлавык,
Шалтыравык, Шарлама (повторяется много раз), Шарылдавык и др. В
Башкортистане река Шалтыран (поворяется трижды) и родник Шалтырзык”
[107, 19].
Қазақ топонимиясында кездесетін дыбыс бейнелеуіш атаулардың
фоносемантикалық этимологиясымен арнайы айналыспағанымен, кейбір
зерттеушілер жекелеген топонимдердің дыбыс бейнелеуіш табиғатын алға
тартады. Мысалы, проф. Т. Жанұзақ Топар өзені атауының мынадай этимологиясын береді: Топар – өзен, ұз. 152 км. Іле алабында; с: Балқаш ауданы.
Бұндай атау Семей облысың Майлин а / о, Аягөз ауданында және Қарағанды
77

облысы жұмысшы кентінің (поселкесінің) атаулары ретінде кездеседі. Кейбір
зерттеушілер: “Бұл этникалық. топ атауы, түп және ар лексикасынан
құралған “түптегі ел” мәнін береді,” – деген (Е. Қойшыбаев, 1983). Осы көне
атаудың шығу төркіні мен мағынасы туралы басқаша ой – пікір әлі айтыла
қойған жоқ. Біздің пайымдауымызша, бұл өзен аты оның ағасы мен
табиғатына байланысты қойылса керек. Ал шығу төркіні жағынан түркі және
үнді еуропа тілдерінен тарайтын болса керек. Өйткені, еліміздегі тапыр –
тапыр (қатты жүріспен байланысты еліктеу мәндегі сөз), апыл – тапыл “асығыс - үсігіс”, апыр - топыр - “астаң - кестең” тәрізді қос сөздердің
құрамындағы тапыр, топыр сөздері және топан су - “ағыны қатты сел, су”
тіркестеріндегі топ сөздерінің синкретикалық түбірі - тап // топ. Мұндай
сөздерді туысқан қырғыз, т.б. тілдер жүйесінен де көреміз: апыл – тапыл “быстро, проворно”, тапыр – тапыр - “звукоподражание сильному топоту”.
Бұл тап түбірінің көне дәуірлерде – ақ түркі тіл байлығында кеңінен
қолданылғанын жазба ескерткіштер біздің дәуірімізге қаз – қалпында
жеткізген. Оны сөздіктерде былайша көрсетеді: тар, тап - “вмиг, сразу”,
tavrag - “быстрый” (ДТС, 533, 543), дабыра // таврат- “скакать, мчаться”
(Севортян, т.2, 1980, 113). Ал атаудың екінші құрамындағы ар тұлғасын сөз
түрлендіретін қосымшадан гөрі жеке мағыналы сөз деп танудың орны бар.
Өйткені, бұл сөз жеріміздегі Ырғыз, Ертіс, Арыс, сияқты көне заманнан келе
жатқан өзен аттары (құрамындағы ыр, ер тұлғалары мен ар түбірінің негізі
бір, дыбыстық варианттар) және арық, арна сөздеріндегі ар тұлғаларының
түбірі де, мағыналары да бірдей. Ол ар (варианттары ар, ер, ор) иран, венгер
тілдерінде “су”, “өзен” деген мағынадағы сөз екені ғылымда дәлелденген
(Мурзаев, 1984, 53, 55). Жоғарыдағы деректерді қорыта келе айтар болжам:
Топар - “жылдам, тез, ағыны қатты өзен” деген мағынада қойылған тәрізді.
Бастапқы тап түбірінің топ (Топар) тұлғасында өзгеріп аталуы кейінгі
дәуірдің жемісі. Атаудың бергісі Үйсін заманы, арғысы Сақ, Сармат
дәуірінен бізге жеткен көне мәдени ескерткіш деп қараудың реті бар сияқты
[105, 178-179].
Ә. Абдрахманов Топар гидронимі этимологиясына екі түрлі жорамал
жасады. Бірінші жормалы бойынша: Топар “қысқа” дегенді білдіріп, өзен осы
қасиетіне сай келуі ықтимал, - деп жазады Ә. Абдрахманов. Бірден айта кету
керек, Топар өзенінің ұзындығы 152 км., сол себептен де “қысқа” деген
этимология бұл жерде қисынға келмейді.
Ә. Абдрахмановтың екінше жорамалы мынадай: “Қазақ тіліндегі тобыр
(көпшілік), топырлау (көп адамның жиналуы) сөздері де осы сөзбен түбірлес.
Ендеше, көне топар сөзі сол өзеннің құяр маңындағы көп (топ // топар)
көлдерге байланысты айтылып, осы өлкенің де, өзеннің де атына айналуы
ықтимал” [39, 176].
Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, Топар атауының төрт түрлі
этимологиясы бар. Әр этимологиялық жорамалдың дәлелі, дәйекті және де
осал болжамдық тұстары бар.
78

Сондай әр түрлі, болжамды түрде айтылған этимологиялық гипотезалар
Қарқара (Қарқаралы) топонимі жөнінде де бар. Қарқара (лы) атауының этимологиясы хақында Ә. Абдрахманов, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақ, С.
Медетбеков т.б. жазды және де әр түрлі этимологиялық жорамал жасады.
Осы ғалымдардың ғылыми пікірлерін жинақтаған, саралаған - белгілі
ономаст проф. Т. Жанұзақ. Ол Қарқара атауы жайлау, өзен аты екенін
көрсетіп, сол топоним жөнінде бірталай мәліметтер келтірген: Өзеннің
ұзындығы 113 км, су алқабы 1970 км2. Күнгей Алатаудың солтүстік
шығысынан басталып, Қарқара жайлаудың Тиектес тұсынын басып өтіп
Шарын өзеніне құйып, тар да терең шатқал арқылы ағып, Іле өзеніне
қосылады. Қарқара жайлауының көрінісін көрнекті ақын І. Жансүгіров
былайша суреттейді.
“Қарқара қалың қазақ кебісіндей,
Албанның албырт – ерке енесіндей,
Қарағай қапталдағы, жыныс арша,
Қыдырлы малдың құты келесіндей.
Қарқара жарасымды жазық жайлау,
Үй - күлше, құрттың жайған өресіндей”
Қарқара атауының шығуы жөніндегі халың аңызының бірінде: “Жер және
өзен аты, сол жерде қарқара деген құс болған, сонымен байланысты
қойылған,” – дейді. Академик В.В. Радлов: “Қарқара сөзінің қазақ, қырғыз
тілдерінде құс атауы ретінде кездесетінін, оның орыс тіліндегі атауы цапля
екенін айта келіп, осы құстың қауырсынын қадаған қыздардың бас киімі
қарқара аталады, осы атау кейінен тау атауына негіз болған” деп жазады
(В.В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Спб,. 1893, Т.1.С. 190).
Қазақ халқының әдет – ғұрып, салт – сана және ауыз әдебиетін жинап
зерттеген орыс ғалымы М. Красовский 1883 жылы қазақ даласынан
географиялық және статистикалық материалдар жинау кезінде: “Қазақтар
көшіп қону кезінде түйеге артатын, төбесіндегі қақпағы үй шатырына ұқсас
шошақ кебежені қарқара деп атаған. Осы кебеже мен тау көрінісі ұқсас
келгендіктен, тау қарқара аталып кеткен” – дейді (М. Красовский. Область
Сибирских киргиз. Спб., 1988. Ч.1. с. 108-109). Бұндай пікірді Ш. Уалиханов
та айтқанды. Ғалымның сол пікірін орысша жазылу қалпында беруді орынды
көрдік: “Каркара – киргизы так называли перышки, султаны на голове двух
молодых девушек – калмычек, захваченных у речки...”, - дейді (Ч.Ч.
Валиханов. Собр. соч. Т.1.1984. С.250). Ғылымдардың бұл пікірін А.
Әбдірахманов толығымен қуаттап, мүлтіксіз қабылдады. Қарқара
топонимінің этимологиясына назар аударған ғалымдар бұл пікірлерге
қосылмай, жаңаша қарастыруға тырысты. Е. Қойшыбаев топонимнің “қар
форманты тым көне топоэлементтік гар (“биік”) формасымен қатысты болуы
мүмкін. Мысалы: Қалқағар, Талғар. Олай болған күнде Қарқара атауының
мәні “биік тау қыры” деген ұғымға жуықтар еді. Сөйтіп, Қарқара атауын
қазіргі қазақ тілінде “биік қыр” ұғымына жақын деуге әбден болады” деген
пікір ұсынды (Е. Қойшыбаев. Қазақстан жер – су аттары сөздігі. А., 1985, 162
79

б.) Бірақ та ол атаудың бірінші сыңары қар формантын талдағанмен, оның
екінші сыңары қара формантын сөз етпеген. В.М. Иллич – Свитыч еңбегінде
қара (қар, ғар) сөзі жайлы ностратикалық тілдер көлемінде өте маңызды
салыстырмалы – лингвистикалық материалдар берілген. Олардың ішінде
араб. qara “жеке дара тұрған шың, жартас”, “төбе”, көне египет тілінде qьr
“төбе, жота, шоқы”, сомали тіл. qar “шет”, “биік тау”, арм. тіл. кар - “тас”,
“шың”, “жартас”, груз. тіл. karkar - “биік жартас”, түркі тілд. қыр - “тау,
қыраты”, “тау жотасы”, монғ. тіл. kira, xar, xara - “жал, биіктік”. Осы қара,
ғара, хара сөздері қатарына үнді еуропа тілдеріндегі гар, гара “тау” сөздерін
де жатқызуға болатынын көрсетеді. (В. Иллич – Свитыч. Опыт сравнения
ностратических языков. Спб., 1971. С. 340-342). Осы ғар - қар - гер сөзінің
шығу төркіні жайлы кейінірек Э.М. Мурзаев оны мысалдармен толықтыра
түседі.Ауған тілінде гар - “тау”, “гаранг” - “түпсіз”, “құз”, тәжікше гардан “асу”, “бел”, “арт”, көне иран тілінде gari, авестин тілінде garoy «тау», «тау
қыраты», араб тілінде гара «оқшау жота, төбе, шоқы» мәніндегі сөздер екенін
көрсетті (Э.М.Мурзаев. Словарь народных географических терминов. М.,
1984. с.139, 140).
Қарқара
топонимінің
этимологиясын
тереңдете,
фольклорлықэтнографиялық, жағырапиялық-лингвистикалық һәм тарихи тұрғыдан
қарастырған біздің мақаламыздан кейін С.Медетбекованың жазған көлемді
мақаласы көптің назарына бірден ілінді. «Қарқара атауы, біздің ойымызша,
әу баста құсқа байланысты емес, жер бедеріне байланысты туған және өте
көне атау. Олай дейтініміз алғаш қоныстанған адамдар ең әуелі бұл өңірдің
басты ерекшелігін көрді де, «тау», «таулы жер» деді. Сонсоң оның заңғар
екендігіне көзі жетті де, «биік» деді, яғни «тау биік» деді. Ежелгі түріктер
тілімен шамалап айтсақ, «Қарқара» деп атады дей келе, атау құрамындағы
қар (гар, гер) – «тау жоталары» дегенді білдірсе, ал қара (ғара, гара) – «биік»,
«алып», «ұлы» деген мағынада бүгінге дейін қолданылып келеді» деген
түйінге келген (Ана тілі. №32, 1993). Автордың бұл пікірін күні бүгінге дейін
республикамызда қолданылып жүрген көне топонимдер: Қаратау, Қара Ертіс,
Егізқара, Жуанқара, Қосқара, Найзақара тәрізді тау аттары дәлелдей түседі
[105,126].
Т.Жанұзақ сөздігінен келтірілген көлемді үзіндіде бірнеше ғалымның
Қарқара атауына өздері жасаған этимологиялары берілген. Біздің
байқағанымыз, этимологиялар жалпы Қарқара атауына арналған, ал Қарқара
сөзі жоғарыда көрсетілгендей құс, өзен, тау аттары ретінде қолданылады.
Олай болатын болса, құс атауы ретінде қолданылған Қарқара сөзінің
этимологиясы бір басқа, өзен атауы ретіндегі осы сөздің этимологиясы бір
басқа, ал тау аты (ороним) ретіндегі бұл сөздің этимологиясы мүлдем бөтен
болуы әбден ықтимал.
Проф. К.Ш.Хұсайын көрсеткен Қарқара сөзімен аталған нысандардың
(денотаттардың) төмендегі қатары едәуір екені байқалып тұр: «Қарқара
название реки, местности, совхоза в Алма-Атинской области, Қарқаралы
название города в Карагандинской области, Қарқара украшение в виде
80

перьев птиц (филина и др.), прикрепляемое к верхней части женского
головного убора; Қарқара - головной убор девушек и молодых замужних
женщин; Қарқара - высокий головной убор; Қарқара - птица, находящаяся во
главе треугольником летящей стаи журавлей или гусей; Қарқара - вершина
горы, очень высокой; Қарқаралы қыз - девушка с украшением из птичьих
перьев на головном уборе, перен. совершеннолетняя девушка; Қарқарасы
қисаған // Қарқарасы тайған - лишенный счастья, богаства, власти;
Қарқаралы көш - пышно украшенная, величественно передвигающаяся
процессия перекочевывающего на новое место богатого аула (с украшениями
из птичьих перьев на голове верблюда, идущего во главе каравана); Қарқара
очень дорогая, ценная вещь; вид орнамента, обработки ювелирного изделия»
[96,170].
А.Әбдірахмановтың Қарқаралы этимологиясына арналған сөздік
мақаласында «Қарқара сөзінің үш түрлі мағынасы бар екенін байқадық:
1)түйеге теңделетін әбдіре; 2)құс аты; 3)сол құс үкісінен жасалған қыздардың
бас киімі. Қарағанды облысындағы тау аты, Алматы облысындағы көл мен
жер аты осы үш мағынаның қайсысынан алынғаны әзірге белгісіз. Дегенмен,
атаудың құс атынан қойылу мүмкіндігі қалғандарынан басым. Сонда Қарқара
(құс) + лы (туынды есім жұрнағы) > Қарқаралы жолымен жасалуы әбден
орынды» [39,122].
Қарқара атауының мағынасы, шығу төркініне этимологиялық ізденістер
жасаған ғалымдардың пікірін ескере отырып, біздің ойымызша, өзен, тау,
құс, бас киім этимологияларын бөлек-бөлек қарастырған жөн.
Тағы бір ескеретін нәрсе - өзен аты Қарқара (Қарқыра) тау аты Қарқараға
қатысы бар ма, жоқ па? Яғни тау аты өзен атынан қойылған ба, я керісінше,
өзен аты тау атымен қойылған ба? Жоқ осы гидронимдік және оронимдік
атаулар омонимдер ме, демек, шығу төркіні бөлек-бөлек, мүлдем байланысы
жоқ жеке-жеке атаулар ма? Біздің пайымдауымызша, осы аталған жайттарды
ескермесек аталған сөздің (сөздердің) дұрыс этимологиясын табу қиындыққа
соғады.
Ал құс атауы Қарқара-ның этимологиясы, осы сөздің фоносемантикалық
(дыбыс еліктеуіш) төркінінде жатқандығын К.Ш.Хұсайын өз еңбегінде
дәлелді түрде, нақтылап түсіндіріп берді.
Қарқаралы атауындағы туынды сын есім жұрнағы тау атына («биік тау»)
немесе құс атына («цапля»), я «қыздардың бас киімі» атауына жалғанған ба?
– осы жағдайды анықтамай Қарқаралы атауының дұрыс этимологиясына
жақындай алмаймыз.
Осы сауалдарға қатысты этимологиялық ізденістер жасайтын болсақ,
Қарқара атауларының фоносемантикалық (дыбыс еліктеуіш немесе дыбыс
символикалық) табиғатын, төркінін ашуға мүмкіндіктер туар еді. Басқа
сөзбен айтқанда, құс және өзен атауларындағы Қарқара дыбыс еліктеуіш
сөздерге жақын, деп алдын-ала болжамдауымызға болады, себебі біраз құс
атаулары мен өзен атаулары дыбыс еліктеуіш сипатында қойылған.
81

Ал тау атындағы Қарқара дыбыс символика мағынасына ие болуы
мүмкін, себебі біраз ғалымдар көрсеткендей (В.В.Иллич-Свитыч,
Э.М.Мурзаев, Е.Қойшыбаев, Т.Жанұзақ т.б.), қар (гар) топоформанты
көптеген (ностратикалық) тілдерде кезедеседі. Бір сөздің немесе түбірдің
генетикалық я ареалдық байланысы жоқ тілдірде кездесуі – оның (сөздің,
түбірдің) фоносемантикалық (имитативтік дыбыс бейнелеуіш) табиғатының
ерекше бір белгісі болып табылады.
Жоғарыда атап кеткендей, Қарқара құс атауының фоносемантикалық,
яғни дыбыс еліктеуіш төркінін, табиғатын тиянақты түрде проф.
К.Ш.Хұсайын көрсеткен. Соны ескере отырып, К.Ш.Хұсайын жасаған
Қарқара (құс аты) сөзінің фоносемантикалық талдауының бір сөзін
қалдырмай түгелімен беріп отырмыз: «Қарқара «цапля». Крик цапли звучит
приблизительно как арк-арк-арк. При сопоставлении названия цапли в
различных языках обнаруживается из значительная топологическая близость.
Ср.:кир. gargyra, gargyrag turna (в южных диалектах), журавль-красавка; узб.
gargаra «цапля»; уйг. gagіra «цапля», журавль; тур. gуrgyra «цапля»; лит.
garnys «аист, цапля»; латыш. garnis «аист, цапля»; санстр. karayika «род
журавля». «Корневая часть названия, по-видимому, представляет собой
звукоподражательную глагольную основу на – ир, а именно, карк-ир/каркыр; доказательством могут служить, например, кирг. карк/карк-карк/кырккырк подражание крику журавля, карк-ыл-да «кричать, керкать (о журавлях);
кыррк, кыр-р-рк подражание протяжному крику журавля. Ср. также
приведенный выше киргизский термин – словосочетание кар-ыр-ах турна,
журавль-красавка; узб. қуруқ-ур-а курлыкать (о журавлях)» (Базарова Д.Х. О
словообразовательных моделях в системе тюрских звукоподражательных
названий, образованных с помощью непродуктивных суффиксов – а/-э, -(и)т//
Исследования по лексике и грамматике тюрских языков. Ташкент, 1980,
с.77). Интересно отметить, что в арабском языке типологически сходная,
аналогичная по звуковому составу звукоподражательная форма каркара
имеет следующее значения: ворковать (о голубе); реветь (о верблюде);
мурлыкать (о кошке); урчать (о собаке); хохотать, грохотать, греметь (о
);
булькать (о кипящей воде).
В казахском языке указанной модели соответствуют такие
звукоподражательные слова, карқ-карқ ету, - қарқылда – каркать; громко
смеяться [96, 169-170].
Құс атауы қарқара «таза» дыбыс еліктеуіш сөздің тұлғасы (формасы).
Өзен атауы Қарқара, біздің пайымдауымызша ол да дыбыс еліктеуіш сөз,
бірақ бұл сөз пайда болуының түпкі негізі мүлдем басқа. Құс атауы қарқараның шығу төркіні сол құстың шығаратын арқ (қарқ) ететін дауысына
байланысты болса, су (өзен) атының дыбыс еліктеуіш табиғаты ағынның,
ағыстың гүрілдеген, қарылдаған үнімен сәйкестелу ерекшелігімен
айқындалады. Қарқара өзені тар да терең шатқал арқылы ағады, сол себептен
де оның дауысы жаңғырып, гүрілдеп, арқырап, қарқырап естіледі.
Г.Е.Корнилов кр/гр консонанттық негізінде қалыптасқан түбірлері бар
82

сөздердің түрлі фоносемантикалық (еліктеуіш) мағыналарын былай
көрсетеді: «Следует считать восходящим к единому корню кр/гр –
производные: русские гр-ом/гр-ем, гр-ох-от; тадж. гр-ум, гур-с; осетин. gwyr:
gwyr – gwur; турец. gur-; малай. gur-: gurungun; япон. kor-: koro-koro; чуваш.
кер-/кēрр-/кēр-с «эффект, производимый громом, грохотом, моментальным
выходом воды под давлением, сильным током пара от перегретой каменки,
дружным хохотом, взлетом необычно большой стаи, гулом большого
колокола, сильного/быстрого потока, водопада, летящего самолета,
артиллерийской канонады, проходящей колонны машин и т.п.»; откуда
интранзитив кēрле – «греметь, шуметь, грохотать и т.д. (о ком, чем-либо
исключительно сильном, энергичном, большом, огромном, многочисленном
и т.д.)» [53,117-118].
«Тау аты, әдетте, биік түрлерін көрсетеді немесе сол тауда өсетін ағаш
және басқа өсімдік түрлеріне қатысты қойылады. Тау аттарының «екінші
түріне», мысалы, Қарағайлы, Ырғайлы, Доланалы, Киікті, Архарлы, Қарғалы
т.б. жатады.
Қарқаралы тау аты құс атауына қатысты қойылған десек, сол тауды
немесе жақын маңын кезінде көптеп қарқаралар (тырналар) мекен еткен
болуы керек. Егерде ондай болмаған болса, Қарқаралы оронимінің негізі
қарқара «қыздардың биік бас киімі» мағынасында қолданған болуы мүмкін,
себебі биіктің (таудың) сырт келбетін, формасын қазақ өміріндегі елеулі
орын алатын зат, бұйымдармен салыстырған. Мысалы, Найзалы, Қазанды,
Үкілі, Айдарлы т.б. Сонда Қарқаралы тауының (немесе шыңдарының)
шошайған формасы биік қарқараға (қыз-келіншектердің бас киіміне) ұқсаған
болуы керек.
Орыс офицері Красовскийдің мәліметіне сүйенсек, Қарқаралы
тауларының атауы шыңдардың формасы «қарқара» деп аталатын әбдіреге
ұқсайтын болған соң қойылған. А.Әбдірахмановтың мәлімдеуінше: «Бұл атау
жөнінде осыдан 100 жыл бұрын 1863 жылы Красовский былай деп жазды:
«Каркаралинские горы» - по рассказам киргизов (т.е. казахов – А.А.), горы
получили настоящее название, вследствие большого сходства некоторых
вершин с ящиком, устанавливаемым при перекочевках каркара (материалы
для географии и статистики России, собранные офицерами генштаба.
Область сибирских киргизов. Часть І. Составил Красовский, СПб., 1868, 134
беті)» [39, 122].
Қарқара оронимі (туынды сын есім жұрнағы жоқ) Е.Қойшыбаев,
Т.Жанұзақ, С.Медетбеков ұсынған этимологияға сүйенсек, мағынасына сай
қойылған деп есептеуімізге болатын сияқты. Бірақ, аты аталған зерттеушілер
осы географиялық атаудың фоносемантикалық, дәлірек айтсақ, дыбыс
символикалық мағынасын, уәжділігін көрсетпеген.
2.2
Қазақ
тіліндегі
дыбыс
фоносемантикалық этимологиясы
83

символикалы

гидронимдердің

Алдыңғы тараушада қазақ топонимиясы құрамында кездесетін дыбыс
еліктеуіш жер-су атауларының фоносемантикалық сипаты қарастырылды.
Дыбыс еліктеуіш топонимдер аталған географиялық нысандарына тән
дыбыстық құбылыстарына еліктеуді білдіретін сөздер болып табылады.
Қазақ тіліндегі дыбыстық символика құбылысын зерттеген жас ғалым
С.А.Өткелбаева «...дыбыстық емес құбылыстарды білдіретін сөздер дыбыс
символикалы сөздер деген атаулармен беріледі. Себебі, алғашқы аталған
сөздер (дыбыс еліктеуіш сөздер – М.А.) дыбыстарға, шуға дыбыстық
тұрғыдан еліктеуді білдірсе, екіншілері оларға символдық түрде ғана
еліктеуді» білдіреді [59, 10].
Қазақ
тілі
фонетикалық
жүйесінің
символикалық
қасиеттері
К.Ш.Хұсайынның «Звукоизобразительность в казахском языке» атты
еңбегінде жекелеген фонемотиптердің символикалық мәнін айқындауға
байланысты нақты деректер ретінде зерттелді. Сонымен қатар, аталған
еңбекте қазақ тілі орнитоним, зооним, топоним және гидронимдерінің дыбыс
бейнелеуіш қасиеті қарастырылды. К.Ш.Хұсайын Даңғырлақ, Жаңғырық,
Қорс, Күркіреуік сынды топонимдерді дыбыс еліктеуіш атаулардың қатарына
жатқызады. Балқаш гидронимін зерттеуші дыбыс символика гидронимі
есебінде танып дәйекті түрде фоносемантикалық талдау жасады.
Балқаш этимологиясы жайында С.П.Толстов, С.Е.Малов, И.В.Сергеев,
Е.Қойшыбаев, А.Т.Қайдар, Т.Жанұзақ, К.Ш.Хұсайын т.б. жазды. Осы
гидронимнің шығу төркіні, мағынасы жайында ізденістер жүргізген
жоғарыда аталған ғалымдардың пікірлерін Т.Жанұзақ өз мақаласында былай
етіп келтіреді: «В историко-лингвистических исследованиях имеется ряд
мнений об этимологии озера Балхаш. В средние века это озеро аборигенами
называлось Кокчетенгиз «Синее море» и Атраколь «Отделившееся озеро».
Известный историк-востоковед С.П.Толстов писал: «Несомненно, что
название Балхаш с общей основой bal/bar восходит к какому-то древнейшему
языку урало-алтайской семьи ІІІ-ІІ вв. до н.э. и связано с понятием «вода».
По мнению известного тюрколога С.Е.Малова, «общераспространенная
этимология Балхаша – кочки на болоте, зыбкое место, грязь».
По мнению Е.Койчубаева, «в гидрониме Балхаш мы имеем два
синонимных компонента: балық вода, озеро и аш, который означает также
вода, т.е. водный бассейн. Иную этимологию читаем в работе А.Кайдарова:
«бал//bal» водянистое, болотистое, топкое, бал-каш болотистая местность,
топь; балшық – жидкая грязь, всякая глина; был-жыр мокрый, намокший. Ср.
мал, малш, бал [108, 297-298].
Көріп отырғанымыздай, балқаш сөзінің этимологиясын ғалымдар
«батпақ, балшық, былқылдақ, лай, сазды» ұғымдарымен байланыстырған.
Қарастырылған этимологияларында осы сөздің (түбірдің) дыбыс бейнелеуіш
қасиеті, сипаты сөз етілмеген.
Е.Қойшыбаев балқаш сөзінің басқа да мағыналарын қазақ тілінің
түсіндірме және диалектологиялық сөздіктеріне сүйене келе алға тартты:
84

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» балқаш сөзінің мәні көгал, шүйгін,
соны, балдыр т.б. соған жуық ұғымдарда түсіндіріліпті.
«Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі». Балқаш – сөзі лай, батпақ деген
мәнде қолданылады. Балқаштау – лайланған, кірлеген деген мағыналарды
білдіреді. Балқаш сөзінің адам аты және сөйлеу тілінде жер бетінің бедері
(бұдыры) мәтінде жиі айтылатын кездері бар [42, 65].
1999 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің сөздігінде» балқаш, балқашты
сөздері былай түсіндірілген: Балқаш мал жайылымына қолайлы, шөбі шүйгін
сулы жер. Көкорай шыққан балқашы, жеусіз тұрып сорласа (Ақберен)
Балқашты шүйгіні мол жер [89, 81].
Қазақ тілінің сөздіктерінде берілген балқаш сөзінің мағыналары, біздің
пікірімізше, семантикалық дериваттар. Балқаш сөзіндегі бал түбірінің негізгі
(бастапқы) мағынасы «су, ылғал» ұғымдарымен байланысты болған көрінеді.
Сол синкретикалық түбір семит-хамит, үндіеуропа және алтай тілдерінде
кездеседі. Сол жөнінде Т.Жанұзақ былай дейді: «Сходство и соответствие
синкретичного корня бал//bul обнаруживаем в семито-хамитских,
индоевропейских и алтайских языках. Это достаточно убедительно показал в
своей работе В.М.Иллич-Свитыч. По данным ученого, семит. bi, ар. bji
смачивать, смешивать, сир. bji смешивать, увлажнять, др.-егип. bej (<bej)
быть влажным. В др.-англ. Blantan, др.-нем. Blantan смешивать, мутить, в
алтайских языках: монг. bul грязный, эвенк. bula - <bulai болото, топь, тюрк.
bulra смешивать, мутить. Как видно, во всех вышеприведенных этимологиях
синкретичный корень bal/bul/be/bll имеет значение влага, вода [108, 298].
Фоносемантика немесе имитатив теориясы тұрғысынан қарағанда бал/бул
түбірін семито-хамит, үндіеуропа және алтай тілдерінде бірдей немесе жақын
мағыналарындағы сөздерінде кездесуі аталған түбірдің имитативтік дәуірді
меңзейтін дыбыс бейнелеуіш (дыбыс символиканы) табиғатының,
сипатының тілдік (ареалдық) белгісі, дерегі болып табылады.
Фоносемантикалық сөздердің аталмыш белгісін бал/бел/балт(д) түбірі бар
гидрографиялық терминдердің көптеген тілдірде таралуы негізінде де
көрсетіп, деректеуге болады. Бұл жерде, бал/бел/бул (балт(д)) т.б.
синкретикалық түбірлердің консонанттық негізі, сүйегі болған түбір бл
фонемотипі екенін аңғаруымызға болады.
Сонымен, түбір бл фонемотипіне байланысты географиялық мәндегі
апеллятивтердің алуан түрлі тілдерде таралуын Э.М.Мурзаев сөздігінде
берілген төмендегі сөздік мақалалары көрсетеді: «Бала болото (литов.,
латыш)». Другие значения: «мокрая низина», «пруд», «мокрый топкий луг»,
«глинистая низина без деревьев», «большая долина»; balinas – «болотистая
местность», «большое болото». Е.М.Капюнова [Балтийские языки и их
взаимосвязи со славянскими, финно-угорскими и германскими языками.
Рига, 1973] считает, что многие реки и озера в бассейне Западной Двины
(Белая, Беловица, Бельчица, Бельская, Бельки, Беляны, Белусишки), как
правило, заболочены, заторфянены или расположены среди болотистых и
торфяных мест и получили свое название от балт. основы bal/bal. Ср.латыш.
85

belute – «яма с водой», «лужа» и слав. бель – «болото», литов. baltas –
«белый» и славянские соответствия: белый, bily, bialy, бял. Совпадения слов
белый и болото характерны не только для литовского языка. Некоторые
этимологи связывают литов. Baltas c именем Балтийского моря»; Балда,
Балдовина, Баловина заросшее мелкое озеро, изобилующее карасями
(Ярославская обл. Поволжье). Ср. балта – «болото». В «Этимологическом
словаре славянских языков», возможно, родственно балка. Большая Балда –
дельтовый рукав Волги выше Астрахани и Малая Балда – проток там же. «С
корнем bald ... известно около 40 латвийских топонимов, ряд литовских и
древнепрусских [Дамбе, 1970]»; Балкаш, Балхаш кочковатое болотистое
место, топь (казах.уст). В настоящее время в живой речи казахами почти не
употребляется, но встречается в виде собственных географических названий
(Г.Конкашпаев, 1951). Ныне предложена другая этимология имени оз.
Балхаш: от архаичного балык в значении «вода» (от др. основы в уралоалт.яз. bal, bar, связанной с понятием «вода» [Е.Койчубаев, 1974]. Но ср.
назв. балгаш – «грязь», «болото», тюрк. палгаш – «глина», «ил», «почковатая
топь» в Южной Сибири; Балта нижняя часть речной поймы, обычно залитая
водой и не пересыхающая даже в межень (Нижний Дунай). Заболоченная
долина, болото (Карпаты). В старослав. и болг. блато; рус. болото. Молд.
Балтэ – «болото»; рум. balta – «болото», «озеро», «пруд»; алб. balte – «топь»,
«болото»; итал.диал. balta – «грязь»; греч. balmос – «болото»; гагауз. балта –
«болото», «низина, неудобная для земледелия». В болг.диал. отмечена и
форма балта – «болото», как заимствованное из рум., куда слово вошло из
староболгарского. Ср.литов. bala – «грязь», «лужа», «болото», baltas –
«белый»; лавт. бала – «болото», «мокрое глинистое место»; Балчуг, балчыг –
«влажная земля, глина, жидкая грязь, болото» (тюрк.). Термин, широко
распространенный на юге СССР: казах. – балшик, азерб. – палчыг.
Э.В.Севортян считает древним заимствованием из половецкого balcug.
Возможно, отсюда рус. арго бачуг, балчиха – «базар», «там, где грязно» (иная
трактовка: балчук – «базар», «рыбный базар» от балык – «рыба», что менее
аргументировано). Параллельно монг. балчиг – «болото», «трясина» [84; 67,
68, 70].
Көріп отырғанымыздай бал/бел түбірінен жасалынған «батпақ», «саз»,
«ылғалды, сулы жер», «көл», «лай», «балшық» т.б. мағыналары бар
географиялық апеллятивтер литва, латыш, славян, түркі, тува, көне славян,
молдаван, румын, албан, итальян, грек, гагауз, көне болгар, қазақ,
азербайжан, половец (құман) тілдерінде кездеседі. Осы құбылыс, біріншіден,
бал/бел түбірін және тараған сөздердің көнелігін көрсетеді; екіншіден,
аталған түбірдің имитативтік (фоносемантикалық) сипаты болуы мүмкін.
Екінші түйін – тұжырым біріншімен байланысты, себебі көптеген тілдерде
(әсіресе генетикалық я ареалдық байланысы жоқ тілдерде) кездесетін түбірсөздердің өте көне, яғни тілдің пайда болу дәуіріне жетелейтін төркіні
болады. «Алғашқы сөздер» қатарындағы түбірлердің фоносемантикалық
болмысын, табиғатын, сипатын айқындау үшін, сол түбірлердегі я
86

фонемотиптердегі идеофондардың (идеофонемалардың) дыбыс символикалы
мағыналарын зерделеуіміз қажет.
Балқаш гидронимдегі фоносемантикалық я имитативтік түбір бал деп
есептейтін болсақ немесе сол атаудағы фонемотипті түбір бл фонемотипі деп
айқындасақ, сол түбір (фонемотип) құрамындағы идеофондардың дыбыс
символикалы мағынасын ажыратуымыз керек, яғни символикалық әуелетін
(потенциясын) анықтаймыз.
Бал – түбірінің немесе түбір бл – фонемотипінің анлаутта тұрған л
идеофоны судың немесе сулы нысанның (ол лай, балшық болуы мүмкін)
жылтыр, сырғу, тайғанақтау, тайғақтау, сырғанау сипатын символдайды.
Г.В.Корниловтың мәлімдеуінше, «...по-разному огласованный или
расширенный сонорный главный –л обобщенно передает идею скольжения
твердого, жидкого, газообразного – живого или неживого, света и т.п. – в
разных средах, с различной силой» [53,161].
Батпақты, балшықты, яғни балқашты жермен жүргенде адам сырғанап,
тайғақтап, сонымен бірге «былш-былш», «балш-балш» етіп жүреді. Сол
балқып, былжырап, былқ-былқ етіп және де жоғарыда көрсеткен дыбыстар
шығарып тұратын ылғалды, батпақты жерлерді символикалық (бұл жерде
дыбыстық символика жөнінде айтып отырмыз) түрде бал/б..л
фоносемантикалық түбір суреттейді, бейнелейді. К.Ш.Хұсайынның
мәлімдеуінше, «в якутском и туркменском языках звукоизобразительный
корень бал в чистой форме, а в других тюрских языках в составе
производных слов обозначает подражание хлюпающим, шлепающим звукам,
получаемым путем прикосновения к жидкой массе» [96,183].
Балшықты, батпақты жерлердің тактильдік, сенсорлық және дыбыстық
ерекшеліктерін дәлме-дәл дыбыс бейнелеуіш идеофондар (идеофонемалар)
имитативтік түбір (фонемотип) құрамында беріп, жалпы, сол нысанды дыбыс
символикалық түрде бейнелеп көрсетіп тұр.
Басқалап айтқанда, балқаш сөзі балшықты, батпақты, сазды жердің
дыбыстық суреті. Академик Ә.Қайдардың пікірінше: «Атаудың бірінші
сыңарындағы бал «сулы, балшықты, батпақты», яғни Балқаш – балшықты,
батпақты жер, тартпа: балшық < бал+шық сұйық батпақ, жабысқақ балшық,
саз» [57,191].
К.Ш.Хұсайын осы түбірдің фоносемантикалық табиғатын, сипатын
айқындау үшін, аталмыш түбір морфеманы (сөз негізін) бірнеше тілдер
материалдары арқылы көрсетті: «Ср.: каз. балқы – плавиться, расплавляться;
балшылда – разбрызгивать, разлетаться; балбыра – размякнуть, обмякнуть,
развариться; балдырла – лепетать, лопотать; балпылда – неуместно болтать,
молоть языком; балпақ – разжиревший, рыхлый; туркм. балк-балк подр.
блеску влажных глаз, бал, балк подр. звуку падения студенистой,
полужидкой или тестообразной массы, балдьыгыраа – учащенно издавать
мягко хлюпающие звуки (о жидкой грязи, о мягком произношении звуков
речи); узб. палчик – жидкая глинистая грязь, ил; балгам – мокрота; кирг.
балкы – расплавляться, размякать, разомлеть; тув. балар – тина, ил; бапалчак
87

– запачканный, замазанный, грязный; хак. палчас, палчах – грязь (напр.
дорожная) и т.д. [96,182].
Фоносемантикалық түбір бал – формасының негізгі дыбыс символикалы
элементі л фонемасы: «употребление этой фонемы в качестве основного
корневого элемента, артикуляторным особенностям которого характерны
опреленные
ощущения
тактильной
модальности,
мотивирует
звукосимволическое выражение указанных значений» [96,184].
Бал түбіріндегі немесе түбір бл – фонемотипінде л-ға қарағанда
символикалық әлеуеті (потенциясы) төмен анлауттағы б-. Бірақ, б-ның да әлі
біз таппаған дыбыс символикалық мағынасы бар, себебі, «су», «ылғал», т.б.
ұғымдары бар сөздердің анлауттағы позициясында жиі кездеседі: салыстыр
бұлақ, болото, блато, балта, бруда, бруя, бу, бы, бунар, бурва, буркут,
бурлянка, бучало т.б. осы қатардағы сөздердің географиялық мағынасы
Э.М.Мурзаевтың «Словарь народных географических терминов» деген
сөздігінде берілген [84]. Б-дан басталатын осы географиялық терминдердің
әр-қайсысының су нысандарының ерекшеліктеріне, түріне, сипатына
байланысты өзіндік мағынасы бар.
Бұлақ сөзіндегі бал – түбірінің фоносемантикалық варианты болып
келетін бұл (бул) – түбірі сақталған. Бал - түбіріндегі инлаут позициясында
тұрған езулік ашық дауысты –а- «кең, жайылған, жалпақ» т.б.
фоносемантикалық мағыналарды көрсете, бұл-дағы лабиальді еріндік у
«кішкене», «ұзын», «тар», бір нүктеден (көзден) «шығатын мағыналарды
көрсетеді, себебі артикуляциялық ерекшеліктері сол сипаттарға сәйкес келеді
немесе синестемия негізінде суреттей алады.
«Бұлақ» сөзіне арналған Э.М.Мурзаевтың сөздік мақаласында осындай
фоносемантикалық және географиялық т.б. мәндер аңғарылады: «булак,
булаг, булок – источник, родник, ручей (тюрк., монг., тунг.-маньч.).
Распространенный термин евразийского ареала. Др.-тюрк. bylag –
«источник», «канал», «арык». Слово широко известно, хотя и не во всех
тюрских языках. В татарском языке болак – «канал», «ручеек», «рукав»,
«проток». В казахском языке приобретает дополнительные значения ручей,
иногда речка, а в соединении с определениями кайнар, каскат, кора, акпа,
акан образует индикаторы, которые детализируют характер родников»
[В.Н.Попова, 1969]. В тувинском языке еще и «горная долина». Алт. булак,
узб. булок, хакас. пулух, пулах – «источник»: За пределами тюрк. яз.: бур. и
монг. булаг, калм. булг – в тех же значениях эвенк. булак, балак – «ручей»,
«топкое место». Из тюрк.: тадж. булок и лезгин. булах и былах – «источник»:
/.../ Э.В.Севортян указывает на связь с глаголом була – «течь», «мешать»,
«перемешивать»; булга – «мутить», откуда русское булга – «тревога»,
«суета»; казах. и др.рус. булчак – «смятение» [84,100].
Бал және бұл түбірлерінің жалпы немесе бастапқы мағынасы «су, ылғал»
ұғымымен байланысты болғанымен (бұл жерде тағы ескеретін бір жай –
түбір – имитативтің мағынасы кешенді мағына болатыны, ал сол
имитативтен туындаған, жасалған қазіргі сөздерде бұрынғы кешенді
88

мағынаның бір ғана бөлігі сақталған) өзара бал – мен бұл мағыналарының
айырма белгілері бар. Бал – түбірі негізінен «балшық, батпақ»
мағыналарымен және «балшылдау, былшылдау, шылқылдау, шалпылдау»
сынды мағыналарымен байланысса, бұл – түбірі «көз, бастау, бұлақ» және
«араластыру, бұлғау, лайлау» сынды мағыналарына қатысты қолданады.
Салыстырылып отырған бал – және бұл – түбірлердің консонанттық сүйегі
бірдей, біркелкі - тек инлауттағы дауысты дыбыстар әр түрлі болып келеді: а
– ашық, езулік дауысты болса, ұ – жуан, еріндік болып келеді. Сонда,
инлауттағы –а- мен –ұ- ның (имитатив дәуірінде осы фонемалар идеофон
қызметін атқарған) дыбыс символикалық және дыбыс еліктеуіш мағынасы,
қызметі бір-бірінен бөлек болғаны.
Ал енді бал – түбіріндегі анлауттағы б-ны метатеза арқылы, мысалы, шмен ауыстырсақ, К.Ш.Хұсайынның мәлімдеуінше, шал – түбірінен
жасалынған сөздер бал түбірлі сөздердің фоносемантикалық варианттары
болып келеді де, мағына жағынан аса алыстамайды: Ср.: каз. шалпылда –
плескаться, шлепать по воде, шалшық – лужа, грязная вода, слякоть, шалап –
напиток, кислое молоко с добавлением воды, шалкар – широкий,
просторный, необъятный, шылпылда – хлюпать, шолпылда – плескаться,
хлопать по воде, шелпек – лепешка; др.-тюрк. čаlраq – грязь, нечистоты;
кирг. шалпыр ич – лакать, шалп эт – шлепнуться, бухнуться; туркм. чалпав –
болото, лужа; як. чалк – подр. звуку падения слизистой массы или капли в
жидкость, чалыптаа – всплескивать, булькать; узб. чалп, шалоп подр. плеску,
шлепанью, чавканью, шалток – навозная жижа, грязь, слякоть; тув. шалбаа –
лужа, болото, шалдыла – плескаться (о волнах); хак. чалги – лизать,
вылизывать, лакать и т.д. [96,183].
Сонымен, Балқаш гидронимінің бал – түбірі фоносемантикалық сипатқа
ие, нақтылап айтсақ, осы түбірдің дыбыс символикалы және де сонымен қоса
дыбыс еліктеуіш мағыналары бар. Аталмыш түбірдің дыбыс бейнелеуіш
ерекшеліктері мен сипаты жөнінде фоносемантикалық талдау барысында
жоғарыда айтылды. Оны қайталап жатудың қажеті жоқ.
Біздің ойымызша, қазақ гидронимиясында Балқаштан басқа да
фоносемантикалық сипаты бар су (өзен, көл, бұлақ т.б.) атаулары бар.
Солардың қатарына біз Іле, Сырдария, Елек, Желек (Шелек), Ұлан, Ұласты,
Шұлба т.б. гидронимдерді жатқызамыз. Аталған гидронимдер этимологиясы
жайында біраз ғалымдар өз пікірлерін ұсынды. Кейбір этимологиялар
гидронимдік атаулардың фоносемантикалық сипатына мағынасына сай
келеді,
бірақ
фоносемантикалық
тұрғыдан
олар
дәлелденбеген,
дәйектелмеген, жай ғана болжамды, не болжамсыз түрінде айтыла салған.
Мысалы, «іл» деген сөз (түбір) – Іле атауындағы «су», «ылғал» мағынадағы
сөз делінген, ал не себепті іл формасы осындай мағына береді – ол жағы
түсіндірілмеген, фоносемантикалық этимологиясы ашылмаған.
Жоғарыда көрсетілген қатардағы бір ғана гидронимнің этимологиясы
фоносемантикалық тұрғыдан Е.Ә.Керімбаев сипаттаған Сырдария өзен
атының этимологиясы (Қараңыз: Керимбаев Е.А. Вопросы этимологической
89

фоносемантики, топонимов (К звукоизобразительности номинации
древнейших гидронимов Казахстана)// Известия АН КазССР. Серия
филологическая, 1991, №3. с.21-31).
Фоносемантикалық сипаты бар деген өзен атауларының бірі Іле атауының
этимологиясы жайында сөз етелік. Іле этимологиясын қарастырған
Е.Қойшыбаев, А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақ т.б. ғалымдар болды. Сол
зерттеушілердің Іле атауына берген этимологиясына тоқталамыз:
Е.Қойшыбаев өзінің «Қазақстан жер-су аттары сөздігі» атты еңбегінде
Іленің этимологиясын былай қарастырған: «Іле – Жетісу өлкесіндегі ірі өзен
аты». «Орыс тілінің ил негізінен деген версия этимология емес. Іле атауының
дублет формалары оның өзінің тым көнелігін көрсетеді. Мәселен, Бичурин
томдарындағы Или – гол атауы немесе Батыс Монғолияның Или-кемі, Іле
бойындағы Или-Балық қаласы соған дәлел. В.В.Радлов ілä деген фарс тілінің
дариясымен тең дейді. Жөн айтылған. Келтірілген деректер Іле атауын көне
түркілердің йел немесе йіл түбірімен байланысты деуімізге болады, демек
семантикалық жағынан желек/еспе сөздерінің ауқымына келеді» [7,245].
Е.Қойшыбаев сілтеген Желек атауына қарасақ: «Челек немесе шелек
атауымен пара-пар», - делініпті [42,115]. Шелек атауы былай түсіндірілген:
«Көнеде чи сөзі жел мағынасын берсе, аяққы – ек қосымшасы сол мекендегі
соғатын желдің құбылысын білдіреді» [42,239].
Сонымен, Е.Қойшыбаев талдауындағы Іле тұлғалық жағынан көне
түркілердің йел немесе йіл түбіріне жақын келеді және «жел» мағынасымен
байланысты болғаны. Осылай түсінсек, Іле атауы желді «(өзен) немесе жел
соғатын жердегі өзен» я Жел өзені болып шыққаны.
Е.Қойшыбаев нұсқаған еспе сөзінің мағынасы төмендегідей: «Еспе көбіне
құмдауыт немесе сор топырақты аудандарға тән атаулар. Жалпы еспе сөзі
(сын) «ақпа, сусымалы, борпылдақ» мәндеріндегі құмның, қардың (кейде
құбылмалы желдің) сипатын көрсетеді. Еспе атауы қаз. есу етістігінен – «ес»
етістігінің қимыл тұлғасы» [42,98-99].
Осы мәліметке қарасақ, Іле мағынасы құмға, қарға, желге байланысты,
яғни қардың, құмның, желдің «ақпа, сусымалы, борпылдақ» сипаттарына
қатысты мәндегі атау.
Түптеп келгенде Е.Қойшыбаевтың топшылауында Іле атауы «жел»
мағынасында немесе жел сипатында «есу» мағынасындағы сөз. Солай болған
болса, бұл өзен не себепті көне түркі тіліндегі «йел» немесе «йіл», я қазақ
тіліндегі жел формаларымен аталмайды. Осы жайтка қарағанда, Іле
атауының этимологиясы мүлдем басқа болуы мүмкін.
А.Әбдрахмановтың Іле гидрониміне берген этимологиясы осы атаудың
фоносемантикалық сипатына біршама жақын, бірақ А.Әбдрахманов і+ла (ле)
формасындағы «су, ылғал» мағынасын фоносемантикалық тұрғыдан
түсіндірмейді, яғни Іле атауының дыбыс символикалы мәнін ашпаған.
Атаудың екінші компоненті ле-ні ла-деп қарастырып Э.В.Севортянның
деректеріне сәйкес сөз жасайтын өнімсіз жұрнақ деп санаған. Ал біздің
90

пайымдауымызша, Іле имитативіндегі –л- идеофондық (судың сусымалы,
ағу, жылжу, сырғу т.б.) сипаттарын символдық түрде сипаттайды.
А.Әбдірахманов Іле атауына арнаған сөздік мақаласында осы атауға
қатысты Э.М.Мурзаевтың да пікірін келтірген, бұл пікірдің Іле сөзінің
фоносемантикалық сипатына жанама қатысы бар екенін біз тиісті жерінде
айтармыз.
Ал енді жоғарыда келтірілген мәліметтеріміз деректі болуы үшін,
А.Әбдірахмановтың Іле гидронимінің этимологиясына арнаған сөздік
мақаласын келтірейік: «Іле – Талдықорған, Алматы облыстарын басып өтіп,
Балқаш көліне құятын өзен аты. Топонимист Э.М.Мурзаевтың зерттеуі
бойынша Іле – «жалтыраушы», «жарқыраушы» деген қалмақ (монғол) сөзі.
Халқа – монғол тілінде іл (ил) – ашық, іле (илэ) – ашық, айқын деген сөз.
Сөйтіп, Іле (суы, өзені) гидронимі «ашық өзен» деген ұғымды білдіруі
мүмкін, бірақ бұл пікір әлі де зерттей түсуді қажет етеді, - деп қорытады
автор (Э.М.Мурзаев. Природа Синьцзяна и формирование пустынь
Центральной Азии. М., 1966. стр.341).
Э.М.Мурзаевтың пікірі қаншалықты қызықты көрінгенімен де, оның осал
жақтары да бар. Біз моңғол және қалмақ тілі сөздіктерін зер сала қарап
шықтық (С.Хабшай, Ә.Мініс. Монғолша – қазақша сөздік. Уланбатыр, 1954,
105 беті; Краткий русско-калмыцкий словарь. М., 1969, 332 беті). Бұларда
«ашық», «айқын» деген мағынада иле сөзі жоқ, ил деген сөз бар. Ал ил
сөзінен кейін не себепті е дыбысының қосылатынын дәлелдеу қажет. Міне,
сол себепті де автор «бұл пікір әлі де зерттей түсуде қажет етеді» деп
есептейді.
Біздің ойымызша, Іле атауы түркі тілдерінің негізінде жасаған. Мәселен,
Іле гидронимі М.Қашқари еңбегінде үш рет кездеседі. Ол кезде, яғни ХІ
ғасырда бұл атау Ила субы деп аталған, өйткені М.Қашқари жазып алған
өлеңде «Іла сұwiн кэчтіміз», - деп келеді.
Біздіңше, атау екі компоненттен жасалған и+ла. И сөзі түркі тілдерінде
«ылғал», «су» деген мағынада да қолданылатыны белгілі. Мысалы,
«қамырдың иі қану» деген тіркестен ұн мен судың жеткілікті араласқанын
түсінеміз, немесе, «жаңбырдан жер иленіп кетті» дегенде «жердің суы
молайып кетті» дегенді ұғамыз.
Ал атаудың екінші компоненті –ла көне және қазіргі түркі тілдерінде зат
есімге жалғанып, жаңа сөз жасайтын өнімсіз (непродуктивный) жұрнақ»
[39,202-203]. Осы жерден ары қарай А.Әбдірахманов Э.В.Севортянның –ла
жұрнағына арнаған көлемді үзіндісін келтіреді.
Іле атауына арнаған сөздік мақалысының аяғында А.Әбдірахманов
мынадай қорытынды түйін жасаған: «Бұл келтірілген фактілердің негізінен
зат есімге, кейде кейбір басқа да сөз таптарына көне –ла өнімсіз жұрнағы
қосылып, зат есім жасайтынын байқадық. Ендеше Іле (ертедегі Ила) атауы
осы жолмен жасалған дегіміз келеді. Көне ила (ылғалды, сулы деген
мағынада) сөзінің мағынасы күңгірттеніп, мұның өзі іле формасына көшуіне
себепші болған. Оның үстіне қазақ тілінде й дыбысынан басталатын түркі
91

негізіне жататын сөз аз екенін де ескерген жөн. Сол сияқты басқа түркі
тілдеріндегі и дыбысы қазақ тілінде і түрінде келеді. Міне осы себептер Ила
> Іле түріне көшуіне дәйек болған» [39,203].
Т.Жанұзақтың этимологиясы Іле атауына берген А.Әбдірахмановтың
этимологиясына жақын: «Біздің пікірімізше, Іле атауының түбірі іл//ыл
сөздері болса керек, өйткені Махмұт Қашқари сөздігінде ол ыла тұлғасында
берілген. Бұл тұлғалы іл, ыл сөздерін республикамыздағы басқа да өзен
аттарынан кездестіреміз: Есіл, Еділ, жуан тұлғалары – Ойыл, Қиыл, Тобыл,
т.б. бұған қарағанда іл//ыл әуел баста жеке мағыналы сөз ретінде «су»,
«ылғал» мағынасын білдіріп, кейіннен үлкен өзендер ретінде, «дария»
мағынасында айтылса керек. Соған карағанда, Іле – «үлкен дария» деген
мағынаға бейім келеді» [105,201].
Арғықазақ мифологиясын зерттеген Серікбол Қондыбай іле сөзінің
мағынасы жөнінде былай жазған: «Іле» сөзінің мағынасы іл – «ылғал», «су»
дегенді білдіреді деп шамалаймыз. Қазақ және оған іргелес жерлердегі Еділ,
Есіл, Тобыл, Ойыл, Қиыл, Өскіл (Оскол), Еміл сияқты өзен аттарына
формант болған «-іл» формантының сөз басында, негізгі мағына беріп тұруы
екі жерде ғана кездеседі. Бірі – Ақтөбе облысындағы Елек өзені болса,
екіншісі – осы Іле өзені [109,538].
Жоғарыда келтірілген этимологияларда А.Әбдірахманов «су», «ылғал»
деген мағыналарды і формасына тән десе, Т.Жанұзақ, С.Қондыбай аталған
мағыналар
ыл/іл
формаларында
сақталған
деп
жорамалдайды.
А.Әбдірахманов бұл қорытындағы і(и) дыбысы бар «иленіп» және «иі қану»
деген сөз тіркесінің мағынасын талдау арқылы келіп отыр. Ал, Т.Жанұзақ
және С.Қондыбай іл/ыл (екі дыбысты) түбірдің мағынасы «су», «ылғал»
дегенімен, ойын нақтылай түсетін дәлел келтірмеген.
Біздің ойымызша, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, тілдің
(тілдердің) имитатив дәуірінде и, а, у дауысты идеофондар судың, су
нысандарының түрлі түстік, қимылдық, тактильдік т.б. сипаттарын
дыбыстық деңгейде символдай алған. Бұл жерде тағы бір ескеретін нәрсе:
аталған дауыстылар біздің қазіргі түсінігіміздегі фонемалар емес - фонемалар
жеке, дербек мағынаға ие емес, ал идеофондар болса семантикалық деңгейде
кешенді мағынасы бар сөздің қызметін атқарған көрінеді. Осы ойды
болжамды түрде имитативика теориясының негізін қалыптастырушы чуваш
ғалымы Г.Е.Корнилов былай деп айтқан: «...Если предположить низшую
стадию развития языка/речи, представленную только и исключительно
имитативами, и условно противопоставить ее высшей стадии развития
языка/речи, представленной только и исключительно антиимитативами (к
этой стадии очень близки почти все современные литературные языки), и
если заняться отысканием функциональных соответствий, то окажется, что
современная фонема – звук соответствует только конкретному
артикуляционному компоненту былого идеофона.

92

Функции былого идеофона (не общепринятое определение см.выше, в
самом начале) в современном языке / в современной речи выполняет слово»
[53,12].
Бұрынғы идеофондардың (идеофономалардың) жекелеп алып қарағанда,
нақтылы қандай кешенді (ұғымға жақын) мағыналарды дыбыстық деңгейде
символдағаны жөнінде дәлдеп айта алмаймыз. Дегенмен, фоносемантикалық
талдау негізінде (С.В.Воронин ұсынған) және де «семантикалық айырым
(методика «семантического дифференциала»), салыстырмалы, іріктеу,
эксперименттік
әдістер
арқылы
кейбір
идеофондардың
(қазіргі
фонемалардың) фоносемантикалық (идеофондық, имитативтік) сипатын,
мағынасын анықтап таратуға болады.
Якут (саха) тілінің бейнелі (образные) сөздерінің фоносемантикасын
зерделеген Л.А.Афанасьев фоносемантикалық сипаты бар деген семантикасы
жақын сөздерді бір-бірімен салыстыру-салғастыру әдісі арқылы сол
сөздердің құрамындағы фонемалардың (идеофонемалардың) мағынасын
айқындаған. Л.А.Афанасьевтің пікірінше: «Идеофонема б символизирует
выпуклость, объемность, большой размер; идеофонема д – вертикальность
расположения в пространстве; идеофонема й – плавное покачивание,
мягкость; идеофонема л – гладкость, расширенность; идеофонема н –
центральную расположенность, утолщенность и т.д.» [99,32-33].
С.А.Өткелбаева мағынасы жоқ жасанды сөздердің (квазисөздер)
көмегімен қазақ тіліндегі дыбыстардың символикалық мәнін анықтауға
әрекет жасады. Жүргізілген эксперимент негізінде дауыстылардың жеке
мағыналарымен жалпы байланысы анықталды. Мысалы, «үлкен» көмегімен –
о, а, ү дыбыстары; «күшті» шкаласы – а, о, ұ, ы; «әлсіз» шкаласы – і, ә, е
дыбыстары; «жақсы» мағынасы – ы, ұ, ү, і дыбыстармен, «дөңгелек» - о, е, ұ;
«қырлы» - ы, ұ, і дыбыстарымен, сол секілді «жарқыраған» мағынасы – а, ә
дыбыстарымен байланыстырады [59,14].
Жоғарыда берілген үзінділерден байқағанымыздай, идеофондардың
(идеофонемалардың) семантикасы кешенді, синкретті болып келеді, яғни
жекелеген бір идеофонда бірнеше мағына, ұғым топтастырылған. Идеофон
тек акустикалық, визуалдық, тактильдік, сенсорлық т.б. сипаттарды
символдай қоймайды, сонымен қатар абстракттық ұғымдарды да символдай
алады. Идеофондардың осындай мүмкіндіктері олардың синестемия негізінде
іске асатын артикуляциялық және акустикалық сипаттарында, дыбыс
бейнелеуіш (дыбыс символикалық) әлеуетінде жатыр деп есептеуіміз қажет.
Жалпы алғанда, дауысты идеофондар сұйық, газды, яғни сусымалы,
формасын өзгертіп тұратын немесе кез келген формаға ене алатын,
құбылмалы, тұрақты тұлғасы жоқ, ағатын, созылмалы, шу, үн шығаратын,
кең, ұзын, жалтыр, толқымалы, жарқыраған, жалпылдаған тағы көптеген
басқа сипаттары бар денотаттарды (нысандарды) белгілеуге бейім келеді.
Оның себебі – дауыстылардың дыбыс ретіндегі өз сипаттары жоғарыда
аталған сипаттарға сәйкес немесе өте жақын болып келеді.
93

Ал енді, «алғашқы сөздер» ретінде имитативтік дәуірде и, а, у
идеофондары (басқалары емес) судың, су нысандарының түрлі түстік,
қимылдық, тактильдік, визуалдық, сонорлық т.б. сипаттарын дыбыстық және
семантикалық деңгейде символдануына не себеп деген сауалға келетін
болсақ, біз Б.Сағындықұлының төмендегі тұжырымына сүйендік. «Біз ұзақ
жылдар бойы зерттеу жұмыстарымыз дауыстылардың ең көне формалары
(архетиптері) а, у, и екендігін, дауыссыздардың ең көне формалары ц, ч
аффрикаттары, н, р сонорлары, һ көмей дауыссызы екендігін көрсетті.
Бұлардан басқа дыбыстардың барлығы тарихи даму барысында бірте-бірте
жоғарыда санамаланған дыбыстардан пайда болған. /.../ У дауыстысы бір
бағытта дамығанда, у соноры, екінші бағытта дамығанда у-о-ө дауыстылары,
үшінші бағытта дамығанда у-ұ-ы-і дауыстылары тілдік өмірге келген.
Генезисі бір дыбыс сәйкестілерінің дыбыстық қатарын бірінің орнына бірін
алмастыра қолдана беруге болады. Мұның сөз этимологиясын ашуға көп
көмегі тиеді», - деп жазады Б.Сағындықұлы.
Б.Сағындықұлының мәліметтерін басшылыққа алсақ, Іле атауындағы
бастапқы идеофон и түрінде, ал анлауттағы е-а түрінде, сонымен Іле-нің
алғашқы немесе көне формасы Ила. Ортадағы, яғни инлауттағы дауыссыз
дыбыс л соноры болуы заңды дейміз, себебі нәресте тіліндегі филогенездік
құбылыс (р-ның орнына л, й-деп айту) тілдің онтогенезін қайталайтын болса,
алғашқы (ең көне) дауыссыздар қатарына біз л-ні да жатқызуымыз керек.
Сонымен, Ила – имитативтік түбір, сол көне форманы М.Қашқаридің тілдік
деректері де растайды.
«Алғашқы сөздер» қатарына жататын и идеофоны судың (су
нысандарының) бір ғана немесе бірнеше ғана сипатын мағыналық түрде
белгілемейді, и судың (су нысандарының) дыбыстық деңгейдегі бейнесі
болғандықтан, бұл бейненің семантикалық өрісіне көптеген мағыналар
кіреді. Ол мағыналар визуалдық, тактильдік, сенсорлық т.б. судың
сипаттарымен, ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін.
Судың көптеген сипаттары и идеофон семантикалық өрісінде
белгіленгендіктен, оларды жекелеген түрде санамалап шығу қиындыққа
соғады. Бір сөзбен айтқанда, суды (су нысандарын) бейнелейтін и
идеофонында сол су (су денотаттарында) байқалатын түрлі сипаттар
имплицитті (жасырын, кодталған) түрде бейнеленген.
И идеофоны жеке түрінде қазіргі тілдер сөздік қорында сақталмаған. Сол
себепті и немесе соның фоносемантикалық варианттары болып келетін
идеофондардың мағыналарын имитативтік түбірлер (құрамында и
варианттары бар) мағыналарынан жанама түрде байқауымызға болады. Осы
мақсатты көздеп біз Г.Е.Корнилов келтірген йе идеофоны (фонемотипі) бар
бірталай сөз қатарын (чуваш тілінен алынған) беріп отырмыз: «...йел/йей
«стоять лужей, быть разлитым, разлившимся, разливаться (о внешних водах,
дождевых потоках и т.п.)»; йел/йей/йейу «вода в понижениях, заливах и
проливах», откуда йелке/йейлеке/йелнеке/йелнек/йелпешке/йĕлĕке «мелкий,
неглубокий, плоский, пологий (о водоеме, емкости, посуде)»; йельу/йейу
94

«разлив, залив, пролив» (скорее всего не с йал «село», а с йель/йелĕ «разлив»
связано название райцентра ЧАССР – Йелчек, по-русски Яльчики, ср. на
семантическом уровне русск. ст. Разлив; йелпĕн/йелпер/йелпĕрен
«разливаться, мокнуть» (того же корня топоним Иленор/Илепер, по русски
Илебары в Козловском районе ЧАССР, букв. «Мочилки»?); йелпен/йелпĕн
«сочиться из торца сырых поленьев в печи при сжигании (см.ниже чила-);
плохо пропекаться, печься, не образуя корки (о хлебе и др.мучных
изделиях)»; йÿл/йÿлеке/йÿле «цвиль, цвет, ряска на воде, жидкости; слизь (на
рыбе и т.п.)»; йăлкав «тина в реке, на дне водоема»; йал «блеск огня,
жидкости, глаз: ритм улыбки»; йăлăм «заливной, луговой берег реки; низина,
низменность; дол/долина; Заволжье»; йăлка «светиться; быть топью,
мокнуть»; йăлка «незамерзающая топь»; йăлма «липкий, вязкий; тина
(см.выше); йăлпăрăн «нарывать, нагнивать, нагноиться»; йăлтăр «яркий
блеск, сверкание, блистание светил, звезд, сияний, зарниц, молний, огня,
глаз; металлической, снежной, ледяной или водной поверхности» (соиденены
в зародыше идеи огня и воды, как у расмотренных выше сĕлтĕш/сĕлкĕш и
т.п.); йăлха «топкий» (см.выше); йĕлĕ «дождевой червь, слеза, гнойные
выделения из глаз»; йелмĕ, ильм (дерево); йелпенчек «гной, истечение, течь;
гноящийся, воспаленный, слезливый»; йĕлтĕр «скользилки; лыжи, коньки»
(точнее: вăрăм); йĕлтĕр «лыжи», предпочитались из гибкого ильма [53,173].
Осы үзіндіде келтірілген сан алуан мағыналар мен сөздердің тұлғалық
тірегі мен негізі ретінде и(й) идеофоны имитативін қарастыруымызға болады.
Әрине, көрсетілген сөздер мен сөздердің мағыналары «таза» имитативтік
(идеофондық) мағыналары емес, біразы туынды сөз бен туынды мағыналар,
бірақ олардың ерте болған кешенді идеофондық, имитативтік семантикалық
ауқымымен, өрісімен байланысы бар. Сол себепті жоғарыда көрсетілген,
жалпы алғанда, су сипаттарымен идеофондық, имитативтік болмысындағы и
және ил(а)-дан өрбіген деп топшылауымызға болады.
Бір кездегі (имитативтік дәуірде) кешенді мағыналы идеофондар мен
имитативтердің кейінірек лексикаланған (грамматикаланған) «үрім-бұтағы»
жеке сөздер ретінде әрқайсысы - бір (сирек – екі) мағынаны өз тұлғасында
сақтап қалған.
Ил(е) – имитативтік тұлғасындағы л, айтып кеткеніміздей, сұйық, газды
субстанциялардың сипаттарын: ағу, сырғу, жылжу, шалпылдау, илену,
былжырау, ылғалды болу, толқу т.б. көптеген ерекшеліктерін символдайды.
Ал енді, бір кезде имитативтік күйде болған ил – түбірінен өрбіген
лексикаланған сөздерді географиялық терминология ауқымында қарастырып
көрелік. Э.М.Мурзаев сөздігінде: «Ил – общеславянское слово в значениях
«ил», «глина», «суглинок»; Илан – непроходимое болото, топь (башк.);
Иланка, иланкас - залив реки, моря (литов.); Илга, йелга - река (татар.,
ногайск.) ср. узб. йилга – ручей, проток; башк. Йылга – река. В мар. йылга из
тюрк. См. джилга, елге; Иловай – пойменный мелкий болотистый залив;
затон; топь; песчания отмель; Илой – низина, топь от ил. Ср.болг. Иловица –
вид глины; рус. Иловина – илистая почва, глинистая земля светлой окраски,
95

малоплодородная; Иловка – илистая глина; Иловатка – высохшее озеро с
илистым дном в Ростовской области; Иломе – низина, небольшая долина,
впадина, ложбина (литов.); Ильмень – мелкое озеро в дельте Волги с
заросшим тростником и камышами берегами; старица, заполненная водой;
понижения между буграми, грядами, залитые водой; пресное, заросшее
растительностью озеро, образованное весенним половодьем Волги. Озеро
средних размеров в пойме на Урале. В Астраханской области также –
длинный залив. На Дону и Днепре – пойменный разлив, озерное окно в
тростниковых зарослях. Озеро на низких террасах» [84,232-233].
И мен е-нің артикуляциялық және акустикалық жақындығын ескерсек ел
түбірін ил-дың фоносемантикалық варианты ретінде қарастыруымызға
болады. Э.М.Мурзаев сөздігінде: «Ел ключ, родник (хант., диал.); Елга река
(тюрк., монг.). Термин весьма распространен в гидрономии Поволжья.
Обычен и в Башкирии, где по мнению Д.Г.Киекбаева, елга –
русифицированная форма башк. йылга. Отсюда и мар. диал. йылга. Термин
прослеживается на громадном пространстве СССР и за его рубежом – в
Монголии, в Западном Китае и т.д. В Казахстане жилга (джилга) – ручей,
река в овраге; в Киргизии – жылга - овраг, ложбина и т.д. Известно и в
монг.яз.; В Бурятии жалга, ялга – овраг, сухое русло реки; Ель – лесной
ручей, речка. Небольшая речка с озеровидными расширениями, перекатами,
завалами деревьев, недоступная для лодок (Коми). А.П.Афанасьев говорит о
генетической общности с ю, ëл, ëв и строит однотипные гидронимические
ряды: Ев, Евва, Евга; Ела, Елива, Елка, Ель, Ельва, Ельма, Еляëль, Ëв, Ëвва,
Ëла, Ëль, Ëова, Ëя; Иол, Иола и т.д.» [84,198-200].
Э.М.Мурзаев сөздігінен келтірілген жоғарыда тілдік мысалдар Іле
атауының фоносемантикалық (имитативтік) сипатын дәлелдей түседі, себебі
ил/йыл/ель/ел/жыл түбірлері бір ғана емес, көптеген тілдерде бірдей немесе
жақын мағынаға ие, бұл құбылыс өз кезегінде глоттогенез үдерісінің бір
екенін көрсетеді, яғни барлық тілдердің ең көне, «алғашқы» түбірлері
имитатив немесе идеофондар еді (Г.Е.Корнилов).
Сапалық күйі өзгеше, мүлдем басқа (қазіргі тілмен салыстырғанда)
имитативтік тілдегі дыбыс бейнелуіш (дыбыс еліктеуіш және дыбыс
символикалы) имитатив – «сөздер» (олар бір буынды «түбірлер» болған)
тілдердің мыңжылдықтар бойы даму барысында лексикаланып, модификатор
(грамматикалық форманттарды) өз тұлғасына қосып, фоно-морфологиялық
және семантикалық деривацияға ұшырады, дегенмен, бүгінгі күнге дейін
жетті. Осындай өзгерістерге ұшырыған имитативтік төркіні бар сөздерде
фонемотип сақталған. Фонемотипте фонеманың (идеофондық) кем дегенде
бір артикуляторлық немесе акустикалық сипаты аталған денотаттың
(нысанның) кем дегенде бір сипатына сай, сәйкес келеді (С.В.Воронин).
Мысалы, ил – фонемотипінде (имитативінде) и фонемасы тілдің таңдайға
жақындауынан, алға жылжуынан және ауыздың сәл ғана ашылуынан
жасалады. И-дің бұл артикуляциялық сипаттары судың созылмалы, сұйық
ретінде алға жылжу, сырғи ағу т.б. сипаттарына имитациялық, символикалы
96

тұрғыдан сәйкес келеді. Жалпы, сұйық, ауа, газды денотаттарды (олардың
түрлі сипаттарын) дауысты фонемалар символдауға бейім, себебі дауысты
дыбыс айтылғанда (дыбысталғанда) кедергісіз шығатын фонациялық ауаның
көптеген сипаттары. Сол сұйық (су), ауа, газдың сипаттарына сәйкес келеді.
Судың жылжу, ағу, құйылу, жалтырау, сусымалы т.б. сипаттарына л
фонемасының артикуляциялық ерекшеліктері сай келеді деп топшылаймыз.
Осы ойымызды л фонемотипі су, ылғалды денотаттар атауларында көптеген
(ареалдық я генетикалық байланысы жоқ) тілдер ауқымында кездесетіні
дәлелдей түседі.
Ил/іл/ел/жел/шел т.б. имитативтік түбірлер өзара фоносемантикалық
варианттар болып табылады және де көптеген (барлық) тілдер сөз қорында
кездеседі. Қазақ гидронимиясында аталған түбірлер Елек, Шелек, Есіл,
Ойыл, Тобыл, Қиыл, Жылға т.б. атауларында ұшырасады.
Сол атаулар қатарындағы Елек өзені атына тоқталайық. Е.Қойшыбаевтың
талдауынша: «Елек - өзен аты. Оралға құяды. Түр. йел (жел) тұлғасына сын
есімдік – ек жұрнағын жалғау арқылы жасалған атау. Әуелде, сол бір
аймақтың желмен байланысты аты болуы керек. Көне түр. Челек атауымен
пара-пар» [42,95]. Е.Қойшыбаев Елек этимологиясын табиғат құбылысы
«желмен» байланыстырады: ол өңірде өзен атауына негіз болатын желдің
болмауы да мүмкін, болғанның өзінде не себепті жел өзен аты болуы тиіс –
(«Желді сай», «Желді тау» т.б. болса әңгіме басқа) - өзеннің (судың) толып
жатқан басқа сипаттарымен атауға да болады ғой. Бірақ, бұл жерде Елек
атауындағы ел түбірінің жел сөзімен фоносемантикалық байланысын атап
кеткеніміз жөн. Ел/жел/шел/ил/іл т.б. фоносемантикалық түбірлердің
(фонемотиптердің, фоносемантикалық модельдердің) дыбыс символикалы
әлеуеті және мүмкіндіктері бірдей, яғни түрлі денотаттарға ортақ сипаттарды
символдай алады. Нақтылап айтсақ, судың да делде ортақ сипаттары бар,
демек, су да жел де сусысамалы, қозғалысы жылдам немесе баяу, сырғитын,
есетін, құбылмалы қозғалыста болатын, т.б. болмысын ел, жел, ил т.б.
фоносемантикалық түбірлер Іле, Елек, Шелек, жел, желек т.б. сөздерде
бірдей бере алады.
А.Әбдірахманов Елек атауына берген этимологиясы гидронимнің
фоносемантикалық мәніне сай келеді. “Елек – Ақтөбе облысындағы өзен аты.
Бұл өзеннің аты Геродотта бар. Біздің эрамызға дейін 517 жылы Дарий І
шабуылмен келгенде, төрт өзеннің бірі Геродотта Лик деп аталатын осы Елек
(Илек) өзені болса керек (Геродот, ІV, 120-123). Өйткені, Ор, Ырғыз, Елек
өзендері бір-біріне жақын орналасқан. Бұл сөздің бастапқы түрі Илек болуы
ықтимал. Түбірі – и (су деген мағынада), осыған көне – лек қосымшасы
жалғанып, гидронимге айналған тәрізді. –Лақ/лек, -тақ/тек, -дақ/дек
варианттарындағы бұл жұрнақтан жер аттарын жасау кездеседі. Мысалы,
Илек сөзін тастақ, құмдақ деген сөздермен салыстырыңыз. Сөз басындағы и
дыбысының е дыбысына айналуына екінші буындағы е дыбысы әсер еткен
тәрізді.
97

Сөйтіп, атау этимологиясы: и (ылғал, су) + лек (туынды есім жасайтын
көне жұрнақ) >Илек >Елек” [39,89-90].
Елік, Елікті көл, Емелеу гидронимдеріндегі ел элементінің
фоносемантикалық сипаты болуы мүмкін, яғни «су» мәнді атауларда ел/ил
және соның фоносемантикалық варианттары көптеп кездеседі.
Есіл гидрониміндегі іл түбірі (бір кездегі имитатив) фоносемантикалық
сипатқа ие деп есептейміз. Е.Қойшыбаев Есіл атауын ес етістігімен және сын
есім еспемен жақындастырады: Есіл – Қазақстанның солтүстік
атырабындағы суы мол өзеннің аты. Сондай-ақ аудан аты (Торғай обл.). Қаз.
ес етістігінің (бұйрық рай) өзгелік етіс түріндегі есіл формасынан
қалыптасқан атау. Еспе (сын) топонимімен жақын туысады.
Есіл атауын түр. йашыл > жашыл > жасыл тұлғаларымен жанастыру –
үлкен әбестік [42,100].
Е.Қойшыбаев Есіл атауының этимологиясын «жасыл» мағынасынан
шығару «үлкен әбестік» деген болса, А.Әбдірахманов Есіл «жасыл (өзен)
деген мағынаны беретін көне түркі сөзі» , - дейді. Осы тұжырымын зерттеуші
Есіл гидрониміне арнаған мақаласында төмендегідей дәйектейді: (Есіл –
Целиноград, Қарағанды облыстарындағы өзен және Целиноград
облысындағы темір жол станциясының аты. Бұдан басқа бір өзеннің аты
йашыл угуз түрінде Күлтегінге қойылған ескерткіште кездеседі (С.Е.Малов.
Памятники... , 30 бет, 17). Есіл өзені де ескі түркі тілдерінде бір кезде
йашыл/йасыл, йешіл/йесіл (угуз, өзен) деп аталуы ықтимал. Бұл сөз туралы
көрнекті тюрколог Н.К.Дмитриев «Турецкому (йешіл) «зеленый» в других
тюрских языках соотвествует йашыл/жашыл//жасыл» (Исследования по
сравнительной грамматике тюрских языков. Фонетика. І. М., 1955, стр.115) –
деп жазды. Бұл қазіргі қазақ тілінде Жасыл (өзен) деген сөз. Бірақ гидроним
аты қазақ тілінде басқа түркі тілдеріндегі сөз басында й дыбысының ж
(жоқающий) дыбысына алмаспаған кезінде жасалған болуы керек. Сөйтіп,
түркі диалектерінде йашыл/ йасыл, йешіл/есіл/жасыл/жашыл болып айтылып
жүрген осы көк түсті білдіретін сөзден Есіл гидронимі жасалған сияқты.
Оның фонетикалық өзгеріске түсіп қалыптасуы, біздіңше, төмендегідей
түрде болған тәрізді. Йашыл//йасыл > йешіл// йесіл > Есіл. Сөйтіп бұл –
жасыл (өзен) деген мағынаны беретін көне түркі сөзі. Кейбір түркі тілдерінде
йашыл, йешіл сөзі осы күні де кездеседі» [39,94-95].
Біздің пікірімізше, Есіл сөзі «йашыл»-дың өзгерген түрі емес – бұл сөзде
ежелгі замандардан қалып қойған іл немесе ил имитативтік сипаты болған
түбірлер сақталған. Бұлай дейтініміз, йашыл (жасыл) сөздерінің түпкі,
бастапқы түбірі де *йал/нал*/ніл*/ніп (нал/нап формаларында да ил
фоносемантикалық имитатив байқалып тұр). Осы бастапқы түбірдің кешенді
семантикасы «жасыл-шөп-ылғал болғандықтан, мағыналық кешендегі ең
басты мағына «ылғал», яғни «су», ал «жасыл», «шөп» мағыналары осы басты
мағынадан өрбіген туынды, «екінші», «үшінші» орындағы мағыналар.
Осы ойымыз дәлелді болу үшін төмендегі деректерді келтіреміз:
«Корневой морфемой для лексемы уаšïl является *jāš(<*jāĺ<*ńāĺ), которая в
98

древнетюркском означает 1. зеленый, молодой, свежий; 2. зелень, сюда же
ряд авторов подключает значение «год», «жизнь», а также «слеза».
Тюркский корень восходит к общеалтайскому *jaĺ<*ńāĺ (-ľ). Ср.монг. nilqa
«молодой, маленький; свежий, незрелый»; п.-мо. nilaγan<*nilawun<*n,alawun
«сырой»; бур. nul-gar<*nilugar<*nalugar «клейкий, слизистый». Общее
происхождение с этим корнем имеют монгольские «слезы».
В тунгусо-маньчжурских языках сюда относятся эвенк. н,аликин, эвен.
н,алакча, нег.н,алихан, уд. н,алиди, ульч н,алу(н), нан. н,алõ/ý, орок.налу
«сырой», влажный, мокрый (о мясе, рыбе, дереве), «недоваренный» наконец,
корейское мал – сырой, незрелый семантикой и формой поддерживают эту
этимологию.
Таким образом, семантический комплекс «свежий, зеленый – трава –
сырой – влажный» убедительно перемешивается на основе общеалтайских
проформ *рöl и n,al» [110,185-186].
Ең алғашқы «ылғал/су» мағынасынан «шөп» мағынасы өрбіген, себебі
шөп (өсімдік) ылғалды, суы бір жерде өседі және өзі де «ылғалды» (құрғақ
емес) нысандарға жатады. Өлең шөптің де бастапқы мағынасы өл «ылғал, су»
мағыналы түбірмен байланысты (ө - дәне л – идеофондардың
фоносемантикалық сипаты жөнінде кезінде айтқанбыз). Шөптің (өсімдіктің)
түсі жасыл екені белгілі, сол себепті оны мағына «шөп» мағынасымен
байланысы бар, ал жасыл сөз формасында ыл (*jal, *nal) түбірлерінің су
сипаттарына қатысты фоносемантикалық мәні бар.
Ойыл гидронимдік атауында біз ыл/йыл/йыул формалы түбірді су (өзен)
сипаттарын дыбыс символикалы түрде белгілейтін имитативтік негіз
(фонемотип, фоносемантикалық модель) ретінде қарастырамыз. Алайда,
А.Әбдірахманов және Е.Қойшыбаев ыл-ды есімді жасайтын өнімді жұрнақ
ретінде танып, ойыл мағынасын орографиялық мәні бар «ойдан» шығарады.
А.Әбдірахманов талдауында ойылдың этимологиясы төмендегідей.
«Гидроним аты біздіңше ой+ыл элементтерінен жасалған. Мұның бірінші ой
бөлімінің көне заманнан бері омонимдік екі мағынасы бар: 1. «яма,
углубление», 2. «долбить, делать углубление» (Древнетюркский словарь. Л.,
1969, стр.365).
Бірінші мағынадағы ой сөзі – географиялық термин Қараой, Сарыой деген
атауларға негіз болған. Бір ғана осы сөзден қазақ тілінде оймақ, оймыш,
ойлаң, ойпат, ойық, ойыс сияқты сөз-терминдер жасалған.
Бұл термин басқа түркі тілдерінде де жаңа сөз жасаудың ұйытқысы
болды. Мысалы, ойғаш – шор тілінде котловина, оймақ – сағай, койбал, кач
тілдерінде «низменность, котловина, углубление», ойман – ұйғыр тілінде
«углубление», оймат Бараба татарлары тілінде «кішкене көл», ойыс – шор
тілінде «низменность, лог», алтай тілінде ойлыағаш «маленькая
низменность», телеуіт тілінде ойым – низменность, долина» түрлерінде
кездеседі (В.В.Радлов. Опыт словаря тюрских наречий. Т.І, часть 2, стр.9691038).
99

Ойыл гидронимінің екінші –ыл элементі, біздіңше етістіктен зат есім
жасайтын жұрнақ. –Ыл, -іл, -л жұрнағы – қызметі кең, өнімі мол
қосымша /.../. Қорыта келгенде, ойыл гидронимінің аты ои (етістік)+ыл (зат
есім жасайтын жұрнақ) арқылы жасалған демекпіз [39,139-140].
Е.Қойшыбаевтың талдауындағы ой – етістік емес, зат есімдік тұлға. Осы
ойын топонимист-ғалым былай етіп дәйектейді: «Ойыл - өзен, село және
аудан аттары (Ақтөбе обл.). Түр. ой сөзіне –ыл жұрнағын қосу арқылы
жасалған атау. Бірақ ой сөзі етістік тұлғасында емес, зат есімдік тұлға, атап
айтқанда, шор тіліндегі ойғаш «котловина», кач, койбал, сағай тілдеріндегі
оймақ «низменность», ұйғыр тіліндегі ойман «углубление», шор тіліндегі
ойыс «низменность», башқұрт тіліндегі уйыл «долина» тұлғалары пара-пар
және ойыл атауындағы –ыл жұрнағы проф. А.Ысқақов келтіргендей, қазақ
тілінде есімдер мен етістік тудыратын омонимдес жұрнақтарының бірі.
Мәселен, «...тіліміздегі қаңқыл, жарқыл, жалтыл, батыл тұлғалары белгілі бір
сөз тобына ғана емес, бірнеше грамматикалық категорияға ортақ, нағыз
омоним форма екендігі айқын көрінеді» [42,196].
А.Әбдірахманов ой сөзін «етістік» десе, Е.Қойшыбаев «зат есім» дейді.
Шын мәнісінде, ой – синкретикалық түбір. Оның синкретикалық табиғатын
академик Ә.Т.Қайдар осы сөзден жасалған өнімді бірталай сөзжасамдық
модельдер арқылы көрсетеді: «В казахском языке самостоятельно
функционирует корень ой, который по своей природе синкретичен: выемка,
углубление, яма, низина/ долбить, прорубить, образовать яму, лунку и т.д. В
силу этого, вероятно, он обладает исключительной словообразовательной
продуктивностью. Иначе говоря, на нем зиждется целый ряд разных моделей:
Ма выем, выдолбленный
Мак наперсток из кожи, в котором вырезается отверствие для
пальца
Аз впадина, углубление
Пат долина речная, низина, низменность
Ан диал. низменная местность
Қыш неровная, с рытвинами местность
Қыл впадина, котлован
Паң низина, впадина
Ыс вогнутый, выдолбливать, перемещаться
Сыра перен. понести большой ущерб, урон
Лы местность, имеющая впадину
Ыл впадина
Ық ниша, углубление в стене
Дым (то же, что) ойқыш
Қыл (то же, что) ойқыш
Дыр заставить долбить яму и др.» [57,134].
Жоғарыда көрсетілген ой түбірінен өрбіген сөздер қатарында ойыл сөзі де
бар. Ойыл сөзі «ой, ойдым, ойпат, ойыс (жер)» деген мағынадағы сөз. Сонда
Ойыл өзенінің аты осы мағынада қолданылғаны ма?
100

Біздің пікірімізше, өзендердің, көлдердің көне атауларында міндетті түрде
немесе көп жағдайда гидрографиялық мән, мағынасы болуы тиіс.
А.Әбдірахманов пен Е.Қойшыбаевтың осы сөзге берген этимологиясында
гидрографиялық мән де мағына да жоқ. Алайда, Ойыл гидронимінде біз ылды жұрнақ ретінде емес, имитативтік түбір ретінде қарастырсақ осы көне
атаудың гидрографиялық (фоносемантикалық) мәні мен мағынасы бар
екеніне көзіміз жетеді, демек, «ойылдың» суға, өзенге қатысы бар екені
көрінеді.
Алдыңғы тарауда біз и, у (ю) идеофондар негізінде пайда болған ыл, йыл,
жыл, іл(ил), ол, уол, йол, йул (юль), ыль, иле, иль, жал (джал) т.б. (құрамында
–л идеофоны бар) және иуг (юг, юк), юга, йолы, юган, ұйық, юкмес, йоки,
ēкка (құрамында г(к) идеофоны бар) имитативтік түбірлердің көптеген
тілдердегі географиялық терминдердің құрамында бар екенін нақтылы тілдік
мысалдар арқылы көрсеткенбіз, оны қайталап жатудың қажеті жоқ.
Осы тұрғыдан қарағанда, А.Әбдірахманов жасаған Қиыл гидронимінің
этимологиясы дұрыс болып шықпайды. А.Әбдірахманов талдауындағы:
«Қиыл гидронимі, қи (етістік) + ыл (зат есім тудыратын жұрнақ)
элементтерінен жасалған. Етістіктің түбірі – көне түркі тілдерінде бар бір
буынды сөз. Бұл М.Қашқарида «срезать, резать (наискось, косо)» деген
мағынада қолданылған (Древнетюркский словарь, стр.440).
В.В.Радловтың мәліметтеріне қарағанда, қый етістігі көптеген түркі
тілдерінде «обрезывать, подрезывать, урезать с боку» деген мағынада
қолданылады (Опыт словаря тюркских наречий. Том І, часть1. стр.688).
Атаудың екінші әлементі –ыл жұрнағы - етістікті зат есімге
айналдыратын қосымша. Бұл жұрнақ синхрондық және диахондық тұрғыда
қолданылуы Ойыл (қараңыз) атауында толық аталғандықтан, бұл арада
тоқталмаймыз. Қиыл гидронимі Ойыл (ой+ыл), болжал (болжа+л) сөздері
үлгісімен жасалған. –Ыл ертеде түркі тілдерінде етістікті зат есімге
айналдырып, атауды тиянақтайтын жұрнақ болған. Қиыл атауы өзеннің
Ойылға қиылып көлденеңінен қосылатын географиялық көрінісін дәл
берген» [39,123-124].
Қиыл гидрониміндегі ыл/йыл компонентінің «су», «өзен» мәнді
фоносемантикалық (дыбыс символикалы) сипаты бар деген болсақ, бірінші
позицияда тұрған қи – компонентінің мағынасын анықтауымыз қажет. Егер
ол компоненттің фоносемантикалық сипаты болған деп есептесек, сол немесе
сондай тұлғалы гидрографиялық терминдерді (немесе вариантты формасын)
басқа тілдерден болса да іздестіргеніміз жөн. Олай дейтініміз,
фоносемантикалық (имитативтік) термин – сөз тілдерді таңдамайды, тілдің
пайда болу дәуірінде сол термин алғашқы тілде (тілдерде) болып, кейінгі
дәуірлерде көптеген тілдерде немесе бірнеше тілдерде сақталып, ал
жекелеген тілде сақталмауы әбден мүмкін. Сондай терминдер топонимдер
құрамында мыңжылдықтар бойы қалып қоюға бейім, себебі топонимдер
«консервіленген» түрінде ғасырдан ғасырға өтіп, халық жадында сақталады.
Сондай ұзақ мерзімде бастапқы мағынасы, уәжділігі ұмытылып немесе
101

халықтық этимология негізінде басқа мағынаға ие болып, сол көне
(«алғашқы») топонимдер ұлттық топонимияда өз өмірін жалғастыра береді.
Сондай атаулардың қатарына Қиылды атауын да қосуымызға болады. Ал
Қиылдың бірінші компонентіне келетін болсақ, Э.М.Мурзаевтың сөздігінде:
«кы, гы река (селькуй); на картах: кэ, ка. Камак – «устье реки»; кыру, кыге,
кеге – «речка»; кык, гык река (ительменский); куэ (къуэ) овраг, балка, речка
(каб.) ср.адыг. къу, къо – «долина», «речка»; дбых кхъуэ – «долина»; кууль
глубокая речка, приток (гуют); ср.коряк. куюль – «проток», «бухта»; киг река
(ительменск.); киви камень (эст., кар., фин.) ср.мар. ку, морд. кев, манс. ку,
венг. кö – «камень» [84,273,326].
Дыбыс
символика
сипаты
бар
Қазақстан
гидронимдерінің
фоносемантикалық этимологиясын арнайы түрде алғашқылардың бірі болып
қарастырған ономаст ғалым Е.Ә.Керімбаев болды. Ол өзінің «Вопросы
этимологической фоносемантики топонимов (к звукоизобразительности
номинации древнейших гидронимов Казахстана) атты мақаласында
Сырдария, Іле, Елек, Сілеті т.б. гидронимдерінің фоносемантикалық (дыбыс
символикалы) сырын ашты. Сонымен қоса ғалымның осы еңбегінде
фоносемантикалық сипаты бар гидронимдерді талдау барысында
айқындалған әдіснамалық негіздер мен тәсілдерді байқауымызға болады.
Мақаланың басында Е.Ә.Керімбаев ономастикалық (онимиялық) сөз
қорының ең көне, яғни бастапқы бөлігі географиялық терминология негізінде
қалыптасқанын айтады. Ономастикалық қордың «алғашқы», ежелгі бөлігі
дыбыс бейнелеуіш сөздерден құралған көрінеді.
Осы дыбыс бейнелеуіш ежелгі географиялық терминдердің негізінде
қалыптасқан топонимдердің фоносемантикалық уәжділігін анықтау,
Е.Ә.Керімбаевтің пікірінше, топонимдер этимологиясын ашудың жаңа әдісі
болып табылады. Осы әдісті негіздеуге К.Ш.Хұсайынның ғылыми
еңбектерінің ерекше маңызы бар екенін Е.Ә.Керімбаев атап өткен және
көрсеткен. К.Ш.Хұсайын қазақ тіл білімінде ең бірінші болып Балқаш,
Күркіреуік, Жаңғырық, Қорс топонимдерінің дыбыс бейнелеуіш сипатын
дәлелді түрде айқындады.
Е.Ә.Керімбаев қазақ топонимдерінің фоносемантикалық уәжділігін
Сырдария гидронимі негізінде қарастырады.
А.Абдрахманов ұсынған «Інжу өзені» және Е.Қойшыбаевтың «Сыр
жұртының өзені» немесе «ұйытқыған дария» этимологияларының
жаңсақтығын Е.Ә.Керімбаев былай дәйектейді: «Приведенная выше краткая
сводка этимологий гидронима, вернее, его корневой морфемы Сил (Сыр),
показывает, что попытка реконструкций исходного этимона на основе
фонетических принципов анализа с привлечением некоторых фактов
исторических изысканий не имела, на наш взгляд, положительного
результата, так как не в полной мере были привлечены фоно-семантические
параллели из других языков, не была учтена диахроническая глубина
(древность) односложного корня – основы, каковым, в сущности, является
гидроним Сыр/Сил» [111,23].
102

Өте көне (ежелгі, алғашқы) деп танылған географиялық атаулардың
этимологиялық талдаудың барысында қолданатын әдіс пен тәсілдердің
тиімділігі және қажеттілігі жөнінде Е.Ә.Керімбаев былай деп жазады:
«Исходной позицией (или принципом) при этимологизации данной группы
топонимов (древнейших, генетически начальных) должна служить гипотеза
об их звукоизобразительной сущности (природе), стремление раскрыть и
объяснить звукоизобразительность их номинации. Указанием на возможную
звукоизобразительную природу рассматриваемого звукокомплекса служит
его определенная структурная оформленность (односложность), так как в
казахском языке звукоизобразительные корни реально выраженной форме
встречаются в трех разновидностях ОКО: ГС, СГ и СГС, при этом последняя
является наиболее распространенным структурным типом.
Фонетический анализ рассматриваемого ОКО (топонима) должен быть
направлен на выявление той связи, которая существует между денотатом и
его обозначением. Для репрезентации в языке/речи какого-либо признака или
суммы признаков (а их – признаков – может быть бесчисленное множество)
денотата («молчащего» или звучащего) используется определенная фонема
или их сочетание, и качественная (с точки зрения звукоизобразительности)
характеристика данного материально выраженного звука (звукосочетания)
помогает установлению фоносемантического этимона, выраженного одним
из фонемотипов, или унифицированных фоносемантических моделей»
[111,23].
Осы әдіс пен тәсілдерді басшылыққа ала отырып, Е.Ә.Керімбаев
анлауттағы с-, инлауттағы –ы/і – және ауалауттағы –л/р-дың
фоносемантикалық сипатын қарастырды. Ол үшін жал/жыл дыбыс
бейнелеуіш түбірлеріндегі –а мен –ы(ның) (инлауттағы) имитативтік
ерекшеліктерін салыстыра келіп ы-ның фоносемантикалық сипатын
айқындады. Сл/ср құрамындағы ы(і) (сыр/сіл) – сор/шор құрамындағы о-мен
салыстырғанда су ағынының басқа күйін (түрін) символдайтыны жөнінде
зерттеуші былай деп жазады: «Выявленная нами звукосимволика ы состоит в
обозначении, изображении спокойного, умеренного, медленного, плавного,
протяженного (качества, действия, состояния), а в данном звукокомплексе –
течения воды» [111,25].
Сл/ср және с мен р, л (фонемотип және идеофондардың) дыбыс
символикалы сипатын анықтап, дәйектеу үшін Е.Ә.Керімбаев, Г.Е.Корнилов
анықтаған төмендегі (осы фонемотип және идеофондарға қатысты)
мәліметтерді келтіреді: «... группа согласных ср/шр символизирует и просто
различные виды течения воды, жидкости» [53,174]; «...по-разному
огласованный или расширенный сонорный плавный –л-, обобщенно
передающий идею скольжения твердого, жидкого, газообразного – живого
или неживого, света, и т.д. – в разных средах, с рачличной силой и т.п.»
[53,160]. Соларға қоса академик Б.А.Серебренниковтың мына мәліметін де
келтірген: «сонанты р, л значение множественности имеют в самых
различных языках мира» [112,6].
103

Осы және де басқа деректерді келтіре отырып Е.Ә. Керімбаев сіл / сыр
имитативтік түбірінің төмендегідей фоносемантикалық сипаты болған екенін
тұжырымдайды: “Таким образом, можно заключить, что звукоизобразительное (звукосимволическое слово) или имитатив (по терминологии Г.Е.
Корнилова), сіл / сыр, существующий (сохранившейся) в языке и речи в
качестве гидронима, обозначал (имеет генетически начальное фонетически
мотивированное значение): “спокойная, сверкающая, трепещущая, медленно, плавно текущая, скользящая (просторная, широкая) вода”. Унифицированная фоносемантическая модель сл / ср заключает в себе (имитирует в
обобщенной форме образ (идею) скольжения просторной, гладкой, ровной
(мерцающей, колышущейся, блестящей, сверкающий, трепещущей)
поверхности воды)” [111, 26].
Г.Е. Корниловтың мәлімдеуінше, идеофондардан құрылған имитатив
қазіргі предикативті – атрибутивтік синтагмаға, яғни сөйлемге тең [53, 12].
Осы аталған құбылысты ескере отырып, Е.Ә. Керімбаев сыл / сир-ді төмендегідей сөйлемдер түрінде келтіреді: “Вода (река) с гладкой, ровной, просторной поверхностью, которая медленно, плавно (долго) скользит, блестя,
сверкая, колыхаясь... или скольжение медленное, плавное просторной
поверхности течения (воды), которая трепещет, сверкает, мерцает колеблется...” и.т.д. С данной точки зрения сил / сыр заключает в себе развернутое
обобщенное и в то же время наглядное образное представление (или
сообщение) об этой конкретной реке. В связи с этим нельзя не вспомнить
утверждение Г.Е. Корнилова, что “подражание - имитатив - это художественно - музыкальный образ предмета или явления действительности,
создаваемый с сознательной целью вызвать те или иные ассоциации и
психофизиологические реакции со стороны ближнего” [111, 26].
Өзінің мақаласында Е.Ә. Керімбаев Іле, Елек, Сілеті, Селенга өзендерінің
гидронимдік атауларын А. Әбдірахманов, Е. Қойшыбаев, Т.А. Бертагаев т.б.
ғалымдар тарапынан берген этимологияларына сын көзбен қарайды. Осы
аталған гидронимдер құрылымындағы іле, сіл имитативтік түбірлерге Е.Ә.
Керімбаев фоносемантикалық талдау жасап Іле, Елек, Сілеті, Селенга т.б.
гидронимдерінің фоносемантикалық сипатын және этимологияларын
көрсеткен.
Е.Ә. Керімбаевтың пікірінше: “С семасиологической точки зрения
исходная праформа – звукоизобразительной корень или имитатив сіл (іл) –
характеризовалась древнейшей (первичной) комплексностью семантики.
Нужно подчеркнуть, что при весьма длительной эволюции исходной
праформы в результате его грамматикализации и лексикализации происходит
движение от первичного нерасчлененного общего комплексного значения к
более конкретным и частным, реализуемым в производных словах как
аппелятивного, так и ономастического уровня” [111, 30].
Фономотипі (имитативтік түбірі) ортақ сөздердің түпкі этимоны бірдей
болғанымен, сол алғашқы түбірден өрбіген сөздердің лексикалық мағынасы
әр түрлі, алуан болуы мүмкін: “Целый спектр значений может развиваться и
104

закрепиться в производных от имитатива (фонемотипа, унифицированной
фоносемантической модели) сл, подобно тому как из одного корня вырастает
растение со множеством веток и листьев но любой, казалось бы, очень
большой разброс значений в огромной кроне производных слов имеет всё же
изначальный, уходящий в глубину времён единый, общий семантический
корень (образ - имитатив)” [111, 26].
Осы теориялық мәні бар тұжырымның негізінде түрлі тілдерде кездесетін
түпкі мағынасы, имитативтік сапасы бір, бірақ қазіргі лексикаланған
күйіндегі мағыналары бөтен, алуан болып келетін төмендегі сөздерді
біріктіретін бәріне ортақ фонемотип, имитативтік сипаты бар және бір
фоносематикалық этимон: “Что же касается сопоставления и сближения
таких разных, казалось бы, по семантике и конечно, по языковому
происхождению нарицательных и собственных слов, как Силис (Сырдарья),
сілекей, селехе, слюна, слизь, слеза, жылтылда, жылтыр, жылпылда,
йылпйылп, йылпылда, йылдыз, йылчыр, йылтилла, йил - йилт,
юлдуз,чылтырас, чылтыри, чылтырах, ылғал, ылас, ылай, ылақ, ылди, ылдым,
сырғы, сырғанақ, жылжы, жылан, жылбыра, йел, йелку, йельу, Іле, Елек,
Есіл, Сілеті, Йул, Итиль, Еділ, Изель, Сэленгэ, Сэлэ, Сэлэнгде, Сэлэмде
и.т.д., то в возможности их снабжения лежит тот факт, что все они имеют
дескриптивный / отымитативный характер, и это доказывается структурным
и семантическим тождеством производящих основ с исходным имитативом,
образованным сочетанием – звуков – идеофонов со смысло – выразительными свойствами. Говоря по – другому, во всех этих примерах выявляется один
и тот же или близкий друг к другу фоносемантический этимон, который в
соответствии с общей теорией звукоизобразительности выступает как
обобщенной фонемотип или как унифицированная фоносемантическая
модель” [111.30].
Жоғарыда келтірген сөздерге ортақ болып келетін фонемотип сл ал
соның консонанттық сүйегі (негізі) арқылы жасалған фоносемантикалық
модельдер (имитативтік түбірлер) ил, сыл, жыл, йыл, йул, сіл, сел, йел, іл,
ель, иль, сэл т.б. болып келеді. Осы (кезінде имитативтік болған) түбірлерден
жасалынған сөздердің мағыналары бөлек болғанымен бір – бірінен
туындайды, немесе жақын, себебі олардың арғы бабасы болып келетін
кешенді мағынасы болған, семантикалық өрісі кең бір имитативтен
(фономотиптен, фоносемантикалық модельдерден) тараған. Сол арғы,
алғашқы, түпкі, бастапқы имитатив - түбірдің кешенді семантикасы, біздің
пікірімізше, судың алуан түрлі сипаттарымен байланысты. Ал оның (судың)
сипаттарын санамалап шықсақ, Е.Ә. Керімбаев көрсеткен (әлі кейбіреуі де
көрсетілмеген болуы мүмкін) сіл / сыр имитативі символдаған сипаттарын
атар едік: қараңыз “спокойная, сверкающая, трепещущая, колыхающаюся,
медленно, плавнотекущая, скользящая (просторная, широкая)”, немесе
синтагмада көрсетілген “Вода (река) с гладкой, ровной, просторной
поверхностью, которая медленно, плавно (долго) скользит, блестя, сверкая,
105

колыхаяс”, “скольжение медленное, плавное просторной поверхности
течения (воды), которая трепещет, сверкает, мерцает, колеблется...”
Осы көрсетілген мағыналық сипаттар жоғарыда келтірген сөздер
қатарында болуы заңды құбылыс, себебі ол сөздерде бұрынғы кешенді
семантикасы болған имитативтік түбірдің жеке, дара (бөлектенген)
мағыналары қалыптасып, сақталып қалған. Мысалы, жылтыр, жылтылда,
йылдыз, юлдуз сөздерінде “жылжу”, “жылтылтау”, “жылтырау” идеялары,
слеза, сілекей, слюна, сөздерінде “су ылғал” идеясы; сырғы, сырғанақ,
жылжы т.б. сөздерінде “сырғу, жылду, тайғанау” идеялары бар; мысалдарды
ары қарай жалғастыруға болады.
2.3 Қазақ оронимдерінің этимологиялық фоносемантикасы
Жер бедері нысандарының жалқы есімдері этимологиялық фоносемантика тұрғысынан арнайы түрде зерттелмеген. Жалпы есімдерге жататын жер
бедері атаулары Ғ.Ж. Ермекбаевтың диссертациясында фоносемантикалық
қырынан қарастырылды. Зерттеуші жер бедері атауларының дыбыстық
бейнелеуіштік, дәлірек айтқанда, дыбыстық символизмдік ерекшелігін
көрсеткен. Ғ.Ж. Ермекбаев жер бедері атауларының іштей белгілі бір кіші
топтамаларға бөліп, сол топшалардағы атаулардың ортақ мағынасын
көрсетіп архетип түбірлерін реконструкцияланған.
Зерттеуші кейбір архетип түбірлердің имитативтік сипатын зерделеген.
Мәселен, “томпақ”, “көтеріңкі” мәнді көрсететін еріндік ашық бір буынды
*то архетипті имитатив деп танып, сол имитативтік архетип тө-бе (тө-бешік), тө-м-пе-шік, тө-с (тө-с-кей), тұ-м-сық (тұ-м-сық-ша); тү-бек, дө-ң (дө-ңес) атауларын біріктіреді деп есептейді [48, 78].
Сонымен қатар Ғ.Ж. Ермекбаев өзінің еңбегінде *чо / шо, *то, *та, *ка(р)
орографиялық архетиптерінің фоносемантикалық сипаты жөнінде сөз етеді.
Қазақ оронимдерінің фоно – морфологиялық тұлғасында көптеген
жағдайда орографиялық және де басқа терминдер кездеседі. Жалпы алғанда
бұндай құбылыс топонимияның басқа салдарында да және түрлі ұлттық
топонимияда кездеседі. Көптеген халықтардың жергілікті географиялық
терминологиясын жинақтап зерттеген проф. Э.М. Мурзаев осы заңдылық
жөнінде былай жазған: “Уже давно обратили внимание на активное участие
МГТ (местных географических терминов – М.А.) в образовании собственных
географических названий. Разнообразные модели топонимов очень часто
образованы при помощи таких терминов, и кажется, нет стран или языков, в
которых топонимия была бы лишена их” [74, 16]. Қазақ (түркі) топонимиясында бұл құбылыс қандай көрініс тапқан десек “в средах тюркской,
монгольской, тунгусо – маньчжурской топонимии большинство топонимов
образовано с участием местных терминов” [74, 16].
Сонымен, қазақ (түркі) топонимнің, біздің жағдайда, оронимнің фоносемантикалық этимологиясын айқындау үшін (көп жағдайда) ороним
106

тұлғасындағы жергілікті халықтық географиялық терминнің (апеллятивтің)
фоносемантикалық сипатын (төркінін, болмысын) анықтаумыз қажет.
Топонимдердің этимологиясын ашудағы жалпы сөздердің (географиялық
терминдердің) тигізер пайдасы жөнінде белгілі топонимист А. Әбдірахманов
былай жазған: “Ал жер – су аттарының (топонимдердің) этимологиясын
зерттеуге мұндай жалпы сөздердің шығу, даму төркінін іздеген еңбектердің
тигізер пайдасы мол. Әсіресе, топонимдер құрамында кездесетін ойпат,
қайнар, айрық, қапшағай, құдық, асар, балқаш, басат, жарма, мұқыр, сеңгір,
шұбар т.б. толып жатқан географиялық терминдердің этимолгиясын ашу –
әдеттегі сөздердің түп – төркінін ашудан алыстап кетпейді. Алайда
топонимдердің этимологиясын ашу жай сөздердің түп – төркінін ажыратудан бір шама ерекшеленеді, өйткені топонимдер, әдетте, қойылған соң көп
өзгеріске түспейді, тілдің көне көрінісін сақтайды. Сондықтан олардың
этимологиясын зерртеуге сол көне тілдер деңгейінен кеу қажет” [113, 17].
Фоносемантикалық этимологиясы бар атаулардың, соның ішінде
оронимдік атаулардың құрылымындағы және құрамындағы географиялық
(орографиялық) терминдердің шығу төркінін көне дәуірлерге, тіпті тілдің
(тілдердің) алғаш пайда болған кезеңіне – имитативтік дәуіріне жетелейді.
Г.Е. Корниловтың жорамалы (гипотезасы) бойынша адамзат тілінің басынан
тарихи төрт этапқа (дәуірге) бөлінеді: 1) имитатив дәуірінен алдынғы этап
(доимитативный) – маймылдар дыбыстайтын үндерге ұқсас дыбыстық сигнал
белгілер; 2) имитативтік этап (имитативтік түбірлер “әлсіреген” күйінде
қазіргі тілдер қорында сақталған, ал олардың тіларалық біркелкілігі –
көнелігін көрсетеді; 3) постимитативтік (бұл дәуір имитативтік дәуірден
кейін күні бүгінге дейн жалғасуда) дәуір; 4) “болашағы белгісіз дәуір” - әбден
формалданған, ғылымның тіліне (метаязык - метатіліне) ұқсас тіл –
болашақтың? тілі [53, 12-13].
Қазақ оронимдерінің фоносемантикалық этимологиясын сипаттау үшін
біз имитативтік дәуірде пайда болған, өмір сүрген имитивтік түбірлердің
(архетиптердің) түп – төркініне, болмысына бағдар жасауымыз қажет.
Имитативтік дәуірдегі тілдің сапалық күйі қазіргі тілдердің табиғатымен
салыстырғанда мүлдем басқаша болған, себебі имитативтік қазіргі
түсініміздегі “сөз” емес еді, қызметі және семантикасы жағынан қазіргі
сөйлемдерге тән денотаттардың дыбыстық символикалық бейнесі болған [53,
181]. Қазақ оронимдерінің (жалпы алғанда – топонимдерінің, географиялық
апеллятивтерінің, басқа сөздердің) фоносемантикалық этимологиясын
анықтау үшін біз имитативтік түбірлердің осы дыбыс символикалық қасиетін
айқындап талдағанда есімізде мықтап ұстаумыз керек. Онсыз болмайды да,
сөздің (атаудың) фоносемантикалық төркіні ашылмайды.
Тілдік атаулардың фоносемантикалық этимологиясын айқындау
барысында тағы бір ескеретін жағдай – фоносемантикалық этимон ретінде
қарастырылатын көне түбірдің көптеген тілдерде кездесуі. Бұл маңызды
белгі - осындай түбірлердің тіл аралық (әсірісе, генетикалық я ареалдық
байланысы жоқ тілдер арасындағы) біркелкілік (“идентичность”) олардың: 1)
107

өте көнелігін, 2) имитативтік дыбыс символикалық табиғатын көрсетеді. Г.Е.
Корниловтың мәлімдеуінше: “...фонетическая самобытность подражательных
слов в национальных языках – явление более позднее, а “межсемейная”
идентичность отимитативных корней – радиоксоидов – явление наиболее
древнее” [53, 12]
Сонымен, зерттеу нысанымыз болып отырған оронимдердің
фоносемантикалық этимологиясын анықтау үшін сол оронимдердің
құрамында кездесетін географиялық (орографиялық) терминнің көп тілдерде
(орасан кең ареалдарда) кездесетінін анықтауымыз қажет. Сондай болған
жағдайда сол терминнің (түбірдің) имитативтік, фоносемантикалық
болмысы, сипаты бар екендігі жөнінде жорамал, болжам жасалынады. Сол
болжамды, жорамалды дәлелдеу, дәйектеу үшін имитативтік түбірге
фоносемантикалық талдау жүргізу қажет. Фоносемантикалық талдаудың
негізгі мақсаты – сол сөздің (терминнің, түбірдің, имитативтің) дыбыс
бейнелеуіш (дыбыс символикалы) сипатын анықтау. Түбір сөздің
(имитативтің) дыбыс символикалы сипатын анықтау дегеніміз, түптеп
келгенде, атаудың фоносемантикалық этимологиясын айқындау, ашу болып
табылады.
Осындай тәсіл, әрекеттерді біз Талғар оронимінің этимологиялық
фоносемантикасын талдау барысында қолданамыз. Талғар атауының
этимологиясына қалам тартқан А. Әбдірахманов, Е. Қойшыбаев, Т. Жанұзақ
сынды ғалымдар осы тәсілдірді біршама қолданған, бірақ фоносемантикалық
талдау жүргізбеген. Мәселен, А. Әбдірахманов Талғар тау атының этимологиясы жөнінде былай деп жазған: “Біздіңше Талғар атауы екі компоненттен
құралған: Тал+ғар. Тал – тәжік тілінде “холм, пригорок, горка,
возвышенность, бугорок” (Таджикско – русский словарь. М., 1954, стр. 377).
Атаудың екінші бөлімі ғар көптеген семья тілдерде, соның ішінде түрк
тілдерінде тау дегенді білдіреді. Бұл жөнінде көрнекті топонимист Э.М.
Мурзаевтың мына пікірін еске сала кеткен орынды: “Внимательный топонимист заменит сходство семантики и фонетики во многих словах,
относящихся к разным языкам индоевропейской семьи или даже за
пределами её. Приведу такой ряд с упоминавшимся термином гора: слав.
гора. афг. гар в том же значении, алб. gur, арм. кар “камень”, др. - инд giris,
авест. gairi “гора”, хинди, гар “замок, крепость”, тибеть. гархи “крепость”,
топоним Гардой (Янгоб. Тадж. ССР) “горная земля”, груз. gora “горка”,
азерб. отгар “гора с хорошими пастбищами” (тюрк. от - “трава”). Пока связь
всех этих элементов легко объяснима: в тибетском языке можно думать о
заимствовании из хинди или санскрита, в азербайджанском и грузинском из
окружающих индоевропейских языков, в первую очередь из иранских,
которые обогатили лексику кавказских языков” (Э.М. Мурзаев. Местные
географические термины и их роль в топонимии. Сб. “Местные
географические термины”. М., 1970, стр.23)
Э.М. Мурзаевтың бұл пікірінің бірінші салыстыру бөлімі әбден дұрыс.
Бірақ гар // гора термині үнді еуропа тілдерінен басқа тілдерге ауысты деуі
108

талас туғызады, өйткені кар // кер / қр формадағы сөздер “тау, тас, шың”
мағынасында семит - хамит, картвель, үндіевропа, урал, дравид және алтай
(түркі тілдері осыған кіреді) семья тілдерінде кездеседі (В.М. Иллыч –
Свытич. Опыт сравнения ностратических языков. М., стр. 340-341).
Қар // кер, ғар // гер, қара // ғара // гора элементтері біз Керей
этнотопонимі этимологиясын талдағанда толық тоқтағанбыз. Сол себептен
біз Талғар оронимінің екінші ғар бөлігін осы элементтермен тығыз байланысты деп қараймыз.
Сонда Талғар оронимнің этимологиясы былай: Тал (иранша: “тау”) + гар
(көптеген тілдерде соның ішінде көне түркі тілінде де: “тау”), яғни “тау +
тау” [39, 168-169].
Е. Қойшыбаев Талғар оронимнің этимологиясын қысқа ғана етіп қайыра
салған: “Талғар – тау тізбектерінің ең биік шоқылары (Іле Алатауында.
Күнгей Алатау мен Теріскей Алатауының түйіскен жері), сол бойынша өзен
және оның жағалауындағы қаланың аты. Үнді - иран немесе санскрит
тілдеріне саятын “көнегөз” тал (<дал>) → тала > дала+ғар (“тау”)
терминдерінен қалыптасқан “жер шоқтығы” мәндес атау” [42, 215].
Ә. Абдрахманов, Е. Қойшыбаев сөз еткен ғар топонимикалық (оронимикалық) форманттың немесе түбірдің имитативтік сипаты бар деген болжамды
пікір жасау үшін осы тілдік элементтің көптеген, яғни генетикалық, я
ареалдық байланысы жоқ тілдерде кездесетіні жөнінде деректер болуы тиіс.
Ондай деректерді біз Э.М. Мурзаевтың “Словарь народных географических терминов” атты сөздігінде таптық: КАР камень (арм). Первоначальное
значение - “твердый” Упомянем хачкар (словосложение крест - камень) –
христианская символика армян. Г.А. Меликишвили [Урартский язык. М.,
1964] указывает урертское слово qarbe - “скала”. Армянское слово неодиноко
в индоевр. яз. афг. кар (-ка) - “скала”, “гора”; греч. кари, карин - “вершина”;
др. - инд. каркара - “гравий”, “галька”; совр. Хинди канкор - “галька”, алб.
karpe - “скала”, “утес”; словен. кар - “высота”. За пределами этих языков
вспомним груз. qore - “стена из простого камня без глины”. Подробный
анализ индоевр. арела кар у И.Хубшмида [сб. Этимология, 1967, 1969],
который пишет: “Пожалуй, здесь скорее нужно исходить из до индоевр.
karr - камень”, но ныне упоминает при этом арм. слово. В.И. Георгиев
[“Вопросы языкознания”6 1956,1] Считает др. арм. яз. особым фракийскам
диалектом и объясняет топоним Карпаты из Фракийского (s) korpata-“скалистая”. Так же у с. Роспонда – из доиндоевр. caro - “камень”. В
Чихардж [сообщения чехославацких ориенталистов. М.,1960] видит базис
carra - “камень в средиземноморском до индоевр. субстрате. Помимо
отмеченных выше алб., болг. и словен. слов. И. Хубшмид сюда относит рум.
scarpa - “скала”; дарокум” - “склон дороги”; сербоховр. škrapa - “трещина в
камнях” и в диал. - “мелкие камни”; словен. čeren - “скалистое место”. Не
исключения, видимо, и иллирийское carsum - “каменистая область”; словен.
kras - “твердая почва”. В этот же ряд И.Хубшмид включает топоним
Карпаты. Как тут не вспомнить не вспомнить международный
109

географический термин Карст (англ. karst), заимствованный из сербохорв.
крас? Так же название пустынного известнякового плато в Словении. У В.А.
Никонова [1969] читаем: кельтское cara - “скала”, “камень”; иллирийское
karant - “скала”, что, возможно, породило топоним Каринтия – южная
область Австрии. Как объяснить наличие лексем карка – “камень” в
даргинском языке в Дагестане, ваханское гар (кгар) – камень в
Таджикистане? Можно ли для понимания таких далеких параллелей
привлечь индоиран. гар – “гора”? Еще более неожиданном кажется
сомалийское кар - “скала”, “гора” в языке кушитская группы в Африке, а
также фин. и кар. kari - “утес”. У В.И. Иллича Свитыча [1971] можно
обнаружить много параллелей на уровне ностратических языков. Здесь среди
других лексем наряду арм. кар отмечены арабское qara - “отдельно стоящая
скала; “холм”; египетское qrr – холм”; др.- ирл. carrac - “скала”, “камень”;
тамильское carai - “берег”, “край”; груз. каркар - “высокий утес”; тюрк. кыр “гора”, “хребет”, “грань”; монг. kira, xar, xarа - “гребень”, “возвышенность”
ит.д” [84, 225].
Э.М. Мурзаевтың сөздік мақаласында берілген тілдік деректер кар / ғар
терминнің фоносемантикалық (имитативтік) сипаты бар деген гипотеза –
болжамды дәйектейді. Имитатив теориясы бойынша белгілі бір сөздің,
терминнің (түбірдің) тілдер семьясы аралығындағы біркелкілігі
(идентичный) оның көне (ежелгі, алғашқы) имитативтік екендігін дәлелдей
түседі, себебі барлық тілдер (немесе, ата – тіл (праязык) өзінің даму
тарихында ең алғашқы (тілдің пайда болуы) дәуірін өз басынан өткерген.
Жоғарыда берілген тілдік деректерді салыстыра келсек, кар / ғар түбірдің
бастапқы мағынасы “тас”, “жартас” болған көрінеді, сол бастапқы мағынадан
“тау”, “тасты жар”, “шың”, “биік”, “қыр”, “қорым тас” (гравий, галька) т.б.
өрбіген көрінеді. Осыған орай айта кететініміз ғар / кар имитативінің
фоносемантикалық
сипатын
“тау”
емес
“тас”
мағынасымен
байланыстырудың қажеттілігі. Басқа сөзбен айтқанда, ғар / кар имитативі
таудың емес тастың сипаттарын дыбыс символикалы деңгейде (түрде)
бейнелеген.
Географиялық терминдер қатарында кездесетін қара термині және сын
есім қара сөзі туынды (“тас”, “жартас” мағыналарына байланысты)
мағыналарға ие деп есептеуімізге болады.
Кара, гора, хара сөздерінің осы және де басқа мағыналары, сипаты
жөнінде Э.М. Мурзаев жазды: КАРА, ГАРА, ХАРА, букв. “черный”,
“плохой”, “злой” (тюрко - монг). кирг. диал. кара - “непокрытое место в
горах”. В Казахстане – сопка и сравнительно крупная другая возвышенность,
сложенная из твердых пород с частыми обнажениями, обычно темного цвета
силуэт такой возвышенности, вырисовываясь на горизонте, издали кажется
темным, отсюда и название [Г.К. Конкашпаев, 1951]. В настоящее время как
живое слово не употребляется, но часто входит в состав собственного
географического названия: Ушкара, Бериккара, Иманкара, Джетыкара в
Казахстане; у монголов также встречается в составе собственного названия
110

возвышенности: Нарынхара, Доланхара, Нарийн – Харуул. В другой работе
Г.К. Конкашпаев [1963] пишет, что слово кара “в конце сложного географического названия (типа Алсанкара и Бериккара) означает сопку или другую
сравнительно крупную возвышенность, сложенную из твердых пород с
обнажениями темного цвета”. В связи с этим вспомним араб. гара - холм с
твердыми склонами, скалистый останец, столовая гора в Сахаре. Эти два
определения до странности совпадают [84, 256].
Біздің пайымдауымызша, имитативтік дәуірде кар / ғар моделі (яғни
қазіргі қара сөзі) тасты (жартасты) символдаған болса, кейінірек бұл
фоносемантикалық сөз тасты биіктерді – тауларды, шыңдарды, жартастарды,
ал одан кейін жалпы (тасты болмаса да) табиғи биіктерді (төберлерді) атауға
қолданылған. Мұндай құбылыс географиялық терминология және
топонимияда белгілі. Мысалы, қазақ тіліндегі тау, қырғыз тіліндегі тоо, алтай
тіліндегі туу тауды атаса, якут тіліндегі тыа орманды, эвенк тілінде де
орманды атауға қолданылады [74, 21]. Сол сияқты камень термині “тау”,
“жартас”, “мүйіс”, “қыр”, “шың”, “төбе”, “қырат” мағыналарында
қолданылатыны Э.М. Мурзаев өз сөздігінде көрсеткен [84, 249-250].
Сонымен, ғар / кар / гар имитативтік түбір бастпқы кезеңде “тас” ұғымымен байланысты екенін ностратикалық тұрғыда деректенетін “тас-тау”
мағыналық сәйкестік көрсетіп тұр.
Ендеше гар / кар имитативінің дыбыс символикалық қызметін “тас”
ұғымымен байланыстыра қарастыруымыз қажет. Газ, ауа субстанциялы
дауысты дыбыстар, әдетте, “жұмсақ”, яғни сұйық, созылмалы денотаттарды
символикалық түрде белгілеуге бейім, себебі дауыстылар дыбысталғанда
фонациялық ауа еш кедергісіз шығады және де оларды созуға, құбылтуға
тонын өзгертуге болады. Осындай сипатттар “жұмсақ” яғни сұйық, газды, ау
нысандарында да бар.
Дауыссыздар дыбысталғанда түрлі кезеңдерден (тіл, тіс, ерін, т.б.) өтеді,
яғни “қатты” денотаттарды символикалық түрде бейнелей алады. Әсіресе,
шұғыл дауыссыздар (қ, т, п т.б.) “қатты” кедергілерді, яки нысандарды атау
құбылысында жиі қолданылады. Сол қатты кедергілердің бәрі - тас (жартас).
Инлауттағы қолданылған а идеофон (идеофонема) символданған денотаттың (нысанның) көлемдігін, яғни “үлкен - дәу - биік” екенін осы фоносемантикалық модельде көрсетіп тұр. К.Ш. Хұсайынның көрсетуінше: “Дыбыс
символизмі (ең болмағанда көлем мәніндегі өлшем бойынша) әмбебап
сипатқа ие... Оның негізгі дыбыстың физиологиялық қасиеттері жатыр.
В.В. Левицкий “үлкен” ұғымын артқы, ұяң, шұғыл, діріл әсіресе [о], [а], [r],
[d], [z] дыбыстар білдіреді деп еді” [96, 134].
Жер бедері атауларының фоносемантикалық сипаттарын зерттеген Ғ.Ж.
Ермекбаевтың пайымдауынша: “Акустика - артикулициялық ерекшеліктер
идеофондар тіркесінің мағынасымен, яғни табиғи нысанның физикалық
қасиеттерін сезімдік қабылдау көрінісімен толық үйлеседі. Атап айтқанда,
шұғыл айтылатын дауыссыздың дауыстыға ұласуы, мұның жақтың бірден
ашылуы мен осы қалпында қалуы арқылы берілуі (әңгіме *кар архетипінің
111

*ка (* та) идеофондар тіркесі жайлы – М.А.), қалыпты я кішкентай заттардан
өзгеше, үлкен шектеуге келмейтін биік нысандарға қатысты синестезия
көрсетеді” [48, 84].
Идеофондар мен имитативтердің көп мәнді, көп мағыналы болатыны
белгілі. Басқа сөзбен айтқанда, идеофон немесе имитативтің тұлғасында
(формасында) визуалдық (түр, түс, форма, көлем т.б.) Сонымен қоса
кинемалық, яғни қимылдық (қимылдың түр - түрлері: жылдам, баяу,
созылыңқы, шұғыл т.б.), акустикалық (түрлі дыбыстарға еліктеуге байланысты) сипаттар белгіленуі, символдануы мүмкін. Мысалы
– фонемотиптерінде “қырнау” (қимыл) “қырылдау” “қарс - қорс”, “тар - тұр” ету тасты сындырғанда (акустикалық) т.б. мәндерді аңғаруға болады. Мәселен,
Е.З. Қажыбековтың мәлімдеуінше: *qïr-/ qir “қыру, сындыру, кесу” т.б. ↔
шек, шет, кесінді мағыналарына ие және “тау қыры”, “шет” мағынасындағы
qir - ды осы қатарға қосуға болады [114, 64-65].
Қар имитативтік түбіріне байланысты
фонемотипінде тасты,
әсіресе, қорым тастарды басқанда, оларға бір нәрсе түскенде, тасты
сындарғанда (жарғанда) шығатын дыбысқа еліктеудің сипаты бар. Осы
құбылыс жөнінде Г.Е. Корнилов былай жазады: “Имитация хруста (на зубах)
скрипа, треска, особенно - под ногами, несомненно, легла в основу чуваш.
хай – ар “песок”, идентифицированного В.Г. Егоровым с тюрк. кайыр “песок,
мель, песчаный нанос”, монг. хайр “галька”, хайрга “гравий; грубый точильный камень”, откуда в чувашском языке хайра “точильный камень, брусок;
точило” (другие тюрк: кайрак, кайрок, хайырга; монг. хайрга), хайра “точить, стачивать; обрабатывать песчаником, камнем” (другие тюрк.: кайрауигур. кайри-, хакас. хайыр-, азерб. гайыр-); при этом основы хайар / кайыр /
хайыр / кайр / хайр и т.д. несомненно, сама вторично производная от кай-/
хай-/ хай-...” [53, 127].
Осы және де басқа (жоғарыда келтірген) фоносемантикалық мәні бар
мәліметтер қар / гар имитативтік түбірдің “тас (жартас)” және “тау” ұғымдарына дыбыс символикалы мағынасы, сипаты бар байланыстарды көрсетеді,
демек, Талғар және де басқа “ғар”, “қар(а)” түбірі бар атаулардың этимологиялық фоносемантикасын айқындайды, сипаттайды.
Түбірлер құрамындағы инлауттағы позициясында кездесетін -р-/-л-/-д(т-)
з(с)-/-й- т.б.дыбыстардың алмасуы ескерсек қар - қад(т) - қаз(с) - қай түбірлерді гомогенді деп қарастыруымыз керек. Мысалы; қар(а), ғар түбірлері
(бастапқы мағынасы - “тас”) сөздерді қатты < қатты+ты “тасы бар > тас
сияқты”, кая - “жартас”, Бесқазылық (қаз - тасты шың, “жартас” т.б. сөздерді
салыстыруға болады, себебі оларды біріктіретін (вариатты түбірлерде
сақталған) “тас” ұғымы.
Ғар / қар(а) түбірлердің дыбыс символикалық сипатын біршама
айқындадық десек, Борқат, Қасқат (“қасқа ат” деп түсіндіріліп жүр), Арқат,
Қатай т.б. осы сынды болжамды түрде айтуымызға болады.
А. Әбдірахманов Борқат орониміндегі қат - тың фоносемантикалық сипатын көрсетпегенімен, этимологиясын дұрыс тапқан сияқты. Сөзіміз дәлелді
112

болуы үшін А. Әбдірахмановтың Борқат атауына берген этимологиясына
тоқталамыз: БОРҚАТ – Семей мен Аягөздің арасындағы тау аты. Ғ. Коңқашпаевтың пікірі бойынша, бұл атау монғолды убор (оңтүстік) *хад (тау,
жартас) деген сөздерінен жасалған. Бұған тағы бір дәлел осы Борқат тауының
Солтүстік жағында Арқат тауы бар. Оның аты да монғолдың Ар (Солтүстік)
+ хад (тау, жартас) деген сөздерінен жасалған. Ар, убор, хад сөздері моңғол
топонимдерінің
құрылымында
жиі
кездеседі.
(Г.
Конкашпаев.
Географические названия монгльского происхождения... Известия АН
КазССР. Серия филологии и искусствоведения. Вып. 1 (11), 1959, 88-беті).
Міне осы себептерден Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі негізінен дұрыс болғанымен,
лингвистикалық жағынан толықтыруды қажет етеді. Моңғолдың Уборхад
атауының қазақша Борқатқа айналуынан екі түрлі себебі бар: біріншіден,
қазақ тілінде у дыбысына басталатын сөз өте аз және б дыбысының алдынан
у келген сөз жоқ, екіншіден, қазақ сөзі д дыбысына аяқталмайды. Моңғолдың
Уборход деген сөздерін қазақтар өз тіліне лақтырып, Борқат деп атап
кеткен.
Бұл арада тағы бір айта кететін нәрсе Алтай тауынан Нарым жотасы
арқылы өтетін бір асу және Зайсан көлінің жағасындағы бір мүйіс Борқат
деп аталады. Бұл атаудың этимологиясы жоғарғы айтылған Борқаттан
басқаша Ғ.Қоңқашпаев бұл атау монғолдың “борхат” (сұр жартас) деген
сөзінен алынған дейді (Г.Конкашпаев. Некоторые малопонятные
географические названия в Казахстане. Сб.: “Вопросы географии
Казахстана”. Вып. 9, 1962, 243-бет). Бұл пікір дұрыс болғанымен, бірақ
толықтыруды керек етеді. Бор монғол тілінде боз деген мағынада
қолданылады. (С.Хабшай, Ә.Мініс. Монғолша - Қазақша сөздік. Улан батор,
1954, 42-беті). Монғол тіліндегі сөз аяғындағы “р” дыбысы көптеген түркі
тіліндерінде “з” дыбысымен алмасатыны белгілі (М. Рясенен. Материалы по
исторической фонетике тюркских языков. М., 1955, 26-27 беттер). Мұндай
алмасу - ротатицизм заңы түркі тілдерінің өз ішінде де бар: чувашша хэр
қазақша қыз. Тюркологтардың басым көпшілігі р дыбысы алғашқы дегенді
айтады. Бірақ Борқат атауының құрамындағы бор сөзі топонимнің тұтас
тұлғасымен қазақ тіліне енген. Ал оның хад деген компоненті қазақша “шың,
жартас, серке тас” дегенді білдіреді. (С. Хабшай мен Ә. Міністің көрсетілген
сөздігінің 250-беті). Сонымен Борқат монғол тілінен енген “бозтау” деген сөз
[39, 83-83].
Хад / кат - тың фоносемантикалық сипатын дәйектеу үшін, ең алдымен
осы түбірдің көптеген тілдерде таралуын көрсетуіміз керек. Л.В. Дмитриеваның деректеріне сүйенсек хад / кат және және оның варианттары біраз
тілдерде кездеседі: жазба мон. xada(n), мон. хад(an) “жартас”, “тау”, бур. xada
“тау”, қалм. Хад “жартас”; тұңғыс - мән.: эвенк. kaga ‫ﻻ‬a // кадар, орок. када,
мән. хада т.б. “жартас”; түркі тіл.: алт. Шор. т.б. қайа, түрік. qaja, азерб. гайа,
қар. қайа, қыр., қаз. қыйа, як. хадага // хадар // хада “жартас”. Ескерткіштерде
(XI ғ): qaja “жартас”, qadraq “тау қатпарлары” [73, 165-166].
113

Э.М. Мурзаевтың сөздігіндегі деректерге назар аударсақ: КАДА надводная скала (эвенк). Ср. ульгуское кадали - “скала”, “утес”; КАДАГА каменистая россыпь на склонах гор, курум, скала, гора (эвенк).; КАДАР скала, утёс,
гора, горный хребет (эвенк). Основное значение - “скала”. В Сравнительном
словаре тунгусо - маньчжурских языков [1975]: солонское хадар - “скала”,
“утес”; эвен. кадаку - “скалистый”, “утес”; кадар - “скала”, “утес”, “крутая
гора”; негидальское када, кадага - “скала”, “утес”; ороч. удэйское, ульчское
када, кадали – тоже; маньчж. хада - “скала”, “пик”, “острая вершина”. Ср.
монг. хада(н) - “скала”, “утес”, “скалистая вершина”; совр. халха - монг. хад,
бур. хада - “гора”; якут. хадага, хадар - “скала” и хая - “гора”, “утес”, “скала”,
“горный хребет”; общетюрк. кая - “скала” [84, 240]; ХАДА гора, холм, скала
(бур); хад - “скала”, “утес” (монг). Ср. алт. кадалгак - “утес”, “скала” из монг.
хадархаг - “скалистый”; тунг. маньч. када, кадар; тюрк. кая - “скала”, “гора”
[84, 588].
Хад - пен қазақ тіліндегі қат - тың байланысы жөнінде Ғ.Ж. Ермекбаев
былай дейді: Параллельдердің монғол, тұңғыс - мәнжүр түркі тілдерінен якут
тілінде сақталған *хад “жартас” түбірінің қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі *қат.
Бұл бір туынды түбір морфема жасаушы формантсыз жеке тұрғыда “жартас”
мағынасын бермейді, алайда аффиксті тіркес күйінде (қатпар тас, қатпарлы
тау) осыған жуықтайды, яғни қатпар тас “қабатты тастар; жекешеленіп
жатқан тастар”. Қазақ тіліндегі қатты < қат + ты “тасы бар > тас сияқты”,
сондай - ақ, қатқыл, қатай, қатыр т.б. “өлі” түбірлерінде “тас” мәні
аңғарылады. Салыстырыңыз: орыс диал. катавалы - “тау беткейіндегі төбелі
тың жер”, арм. Катар - “тау басы”, “шың” [48, 70].
Әр түрлі тілдік топтарда, әсіресе, генетикалық және ареалдық байланысы
жоқ тілдер семьяларында параллельді түбірлердің (сөздердің) табылуы сол
атаулардың имитативтік дәуірден келе жатқандығынан, фоносемантикалық,
яғни дыбыс бейнелеуіштік табиғатынан хабар береді. Сол ежелгі (алғашқы)
имитативтік түбірлер қазіргі тілдерде елеулі фонетика - грамматикалық
өзгерістеріне ұшырауы - заңды құбылыс. Сол өзгерістердің нәтижесінде
қазіргі тілдердің қорында дифференцияланған көптеген туынды (бір кездегі
барлық тілдерде біркелкі болып келген имитатив - түбірлерден өрбіген)
сөздер пайда болды.
Ғ.Ж. Ермекбаевтың пікірінше, *ка(р) түбірі *та түбірімен гомоген болып
келеді “Кар архетипін *ка (*та) имитативінің тілдік элементтерге айналуының, ұқсас табиғи нысандар тудырған жалпылама мағынаның (“үлкен”,
“биік”) әрі қарай жекелеген нысан атауларына жіктелуінің (тау, тас, жартас,
қия т.б.) нәтижесі деу лайық тәрізді”, - деп жазады Ғ.Ж. Ермекбаев [48, 84].
Қар және оның варианты болып келетін хад / кат / кай / каз түбірлерінде
“тас” ұғымы сақталған болса, сол түбірлерге гомоген болып келетін *та (*та
< *ка(р) түбірінде алғашында “тасты”, яғни “қатты” (биік) одан кейін жалпы
биік (“тау”) мағыналары қалыптасқан. Соның нәтижесінде “тас” ~ “тау”
семантикалық параллельдігі байқалады (орнығып қалған).
114

*Та архетипі бар “тау” мағынасындағы сөздер көптеген тілдерде
кездеседі. Мәселен,: “ТАГ гора (хакас. уйгур). Ср. узб. тог (где твердое г)
“гора”, афг. тааг - “возвышенность”. Халха - монг. таг - “терраса на крупном
горном склоне”, “горный уступ”; тогли бургаас - горный тальник”. К.А.
Сыромятников [1967] ср. япон. take - “гора”. taka - “высокий”; daka в диал.
Малакки – цепьгор. Случайно ли тибет. таг - “скала” [49, 537]; ДАГ гора,
горный хребет (тюрк) Такая форма обычна в западной части распространения
тюркоязычных народов. Как закономерность на восток от Туркмении она
соответствует формам: таг, тау, тоо, туу, тыа. Однако на Северном Кавказе
встречается и форма тау, как, например, в балкар. яз., а в тув. даг. Из тюрк.
заимствовано в перс. яз. в значениях: “гора”, “вершина”, “хребет”,
“многогорье”, В афганистане даг - “гора”, “степь”, “поле”. С последним
содержанием известно и в Западном Пакистане, где отмечено и второе
значение - “путь”, “дорога” [84, 169].
Ғ.Ж. Ермекбаев *та архетипін *то имитативімен біріктіреді (*та < *то), ал
*то-ның өзі *шо-ның бір варианты деп есептейді. Осы тұжырымның дәлдігін
есептеу қиын, дегенмен осы аталған имитативтердің фоносемантикалық
параллельдігі айқын байқалады. Осы *шо / *то / *та түбірлерге Ғ.Ж. Ермекбаев төмендегідей фоносемантикалық талдау жасайды: “Атауларға ортақ
түбір мағынасы имитатив күйінде ашылатын *шо болса, ол негізіндегі
туынды мағынасы имитатив күйінде ашылатын *шо болса, ол негізіндегі
туынды формалардың барлығы “көтеріңкі” мәнін сақтаған, сол себепті *то
текті атаулармен бірге бір тақырыптық семантикалық топ құрайды. Бұл арада
кейбір түбірлердің (шом, шоң) жалпылама мағынадан басқа “үлкен” мәнінде
де қолданылуын көреміз. Біздіңше, бұл мағына имитативтің жалпылама –
кешенді ұғым жүйесіне енеді. Еріндіктердің артикуляциялық ерекшелігі
заттың осы типтес қасиетін (дөгелектік) символы болса, тілдің имитативтік
күйінен дамуы барысында символдау шеңбері кеңіп, оған заттың жаңа
сипаттары қамтылады (көтеріңкілік, үлкендік, биіктік т.б.) Дәлірек айтқанда,
*то / *шо алғашында жерден көтеріңкі орналасқан табиғи нысандардың
(төбе, жота, қыр, шоқы т.б.) дөңгелек формасы негізінде пайда болса,
кейінірек нысандардың биіктік, үлкендік қасиеттері де болуы себепті осы
сипатқа ие басқа нысандардың (немесе дерексіз ұғымдардың, етістіктердің)
фонетикалық уәжділігі қызметін атқарады. Мұндай заттық сапа ауысуы,
ұқсастық, шектестік заңы еріндіктер символизімінің жуан дауыстылары
символизміне ауысуын тудыруы әбден мүмкін (бұлай де “үлкен” (“кіші”)
ұғымын білдіруші дыбыс бейнелеуіштің өз алдына тіршілік етуін теріске
шығармайды). Мәселен, *та (<*то) имитативі аталған табиғи нысандармен
бір топқа енетін тауды білдіреді. Тек табиғи нысан емес, құрамында та
формасы ұшырасатын атаулардың көпшілігінің “биік”, “үлкен” мәніне ие
болуы да ойымызды бекіте түседі” [48, 82].
Оронимдердің фоносемантикалық этимологиясын айқындауды жоғарыда
көрсетілген сынды фоносемантикалық этимонға қатысы бар идеофондық,
имитативтік сипаты бар мәліметтерді мейлінше толық қамтып, есепке алуға
115

тиіс. Сонымен қоса, көріп отырғанымыздай, кең ауқымды тілдік материалдарды деректер мен дәйекті мысалдар ретінде келтіруіміз керек. Сонда ғана
атаудың шын мәнінде түпкі фоносемантикалық этимологиясы ашылады.
Ал, қазірше біздің пікірімізше, топонимиялық және де жалпы этимология
саласында “лексикалық” (фоносемантикалық емес) этимологиялық ізденістер
жүргізілуде. Алайда, кез келген тілде дыбыс бейнелеуіш (әсіресе дыбыс символикалы) сөздердің саны өте көп, сол себептен этимологиялық фоносемантика әдістерін қолданбауға тіптен мүмкін емес.
Фоносемантика теориясы негізін қалыптастырушы ғалым С.В. Ворониннің мәлімдеуінше: “Фоносемантические исследования последних лет
показывают, что звукоизобразительных (особенно звукосимволических) слов
в языке несметное число, и большинство из них – это относительно денатурализованные, “замаскированные” образования, чья начальная звукоизобразительность может быть вскрыта лишь в результате кротопливого
этимологического анализа. Если раньше звукоизобразительный статус
приписывался словам зачастую интуитивно, то ныне, с утверждением
фоносемантического анализа, мы можем делать это, основываясь на достачно
строгих объективных критериях. Так не пора ли отказаться от положения,
когда квалификация слова как изобразительного для этимолога - лишь
последнее и нелюбимое прибежище? Не пора ли ввести в этимологию
принцип презумпции звукоизобразительности?” [77, 70].
Лексикологиялық тұрғыдан жүргізіп жүрген этимологиялық ізденістер
этимонның ішкі, “жасырын” тұрған, түпкі, ілкі мағынасына бара алмайды,
соның салдарынан көп жағдайда атаулардың шын мәніндегі этимологиясы
табылмайды. Бұл ойымыз, этимологтардың еңбек нәтижелері түгелімен
бұрыс деген сөз емес, тек қана олар бергі “лексикалық” деңгейде, яғни көп
сөздерде бар, фоносемантикалық “тереңге” бармай жұмыс істейді, зерттеу
жүргізеді деген пікір.
Осы лексикалық деңгейде жасалған этимология нәтижелерін біз А. Әбдірахманов, Е. Қойшыбаев т.б. ғалымдардың еңбектерінен көреміз. Олардың
біразын біз зерттеуімізде көрсеткенбіз.
Мысал ретінде қат / хад, та(у) фоносемантикалық түбірлері бар
топонимиялық атауларға берілген бірнеше этимологияларды келтірейік.
Е. Қойшыбаевтың сөздігінде: “Қату - тау (Іле алқабы. Талдықорған обл.),
елді мекен аттары. Қату тұлғасы көне түркінің (қарлұқ тусы) VIII - IX ғасырлар шамасынан қалған термин: “қатқан, семген, қаратас” мағынасынан береді
және дыбыстық өзгерістермен қатұн // қадын тұлғаларында қазақстанның
оңтістік – шығыс атыраптарында жиі ұшырайды. Көбіне таумен байланысты
келетін атаулар немесе солардың компоненттері. Семенов - Тян - Шанский
Катуды “жалған, жанартау” деп қана қойыпты. Ә.Т. Қайдаров: Қату – Хотан
өңіріндегі ұйғырлар лексикасындағы “кереует” деген ұғымды білдіреді дейді.
Бірақ ол түсініксіз, мүмкін семантикалық жағынан сондай оң алған “қатыл,
жайдақ” жөніндегі диалектілік құбылыс болмаса. Қатынадыр - адырдың
аты. Көне түр. қатын + адыр: “қатып қалған” немесе “беріш болған адыр”
116

мәндес атау, Қатынтау – тау аты (Жоңғар Алатауының бір сілемі) Көне түр.
Қатын – тау “қатқыл тау” мәніндегі атау” [42, 165-166].
Көріп отырғанымыздай, жоғарыдағы этимологиялар “қатқан, семген”,
“қатып қалған”, “қатқыл” мағыналарымен байланысты қарастырылған. Біздің
ойымызша, бұл субъективтік, интуитивтік, болжамды (дәлелденбеген) пікірлер. Бұл мағыналар қату, қатынадыр, қатынтау атауларындағы қат топонимикалық түбір элементін қатты, қатқан, қатқыл сөздеріндегі қат - пен және
аталған сөздердің мағыналарымен сәйкестендіру арқылы табылған секілді.
Ал фоносемантикалық талдау барысындағы анықталған мағыналық сипаттар
осы мағыналарға жақын, бірақ олар ғылыми (объективті) түрде табылған
“тас”, “жартас” жалпылама – кешенді ұғымға кіретін, соның ауқымындағы
мағыналар. Мысал ретінде келтірген атаулардың фоносемантикалық
этимологиясы біршама басқаша болуы тиіс. Атап айтсақ, Қату - “қатқан,
семген” (тау) емес, “жартас” не “тас” (тау); Қатынадыр - “қатып қалған”
немесе “беріш болған адыр” емес, “тасты адыр” немесе “тас адыр”; Қатынтау - “қатқыл тау” емес, Ғ “тасты (тас) тау” немесе “Жартас тау”мағыналары
фоносемантикалық тұрғыдан жоғарыда берілген фоносемантикалық әдіс –
критерийлер арқылы ғылыми түрде дәлелденген этимологиялар.
А. Әбдірахманов Қатонқарағай топониміндегі катын түбірінің фоносемантикалық сипатын аңғармағандықтан, біздің пікірімізше, осы атудың шын,
дұрыс этимологиясын таппаған. Егер имитативика теориясын дәріптейтін
Г.Е. Корниловтың монографиясы 1984 жылы жарық көргенін, ал С.В. Ворониннің “Основы фоносемантики” атты монографиясы 1982 жылы жарияланғанын ескерсек (Қатонқарағай атауының этимологиясы берілген А. Әбдірахмановтың “Топонимика және этимология” монографиясы 1975 жылы жарық
көрген), белгілі топонимист ғалым А. Әбдірахманов бұл “жансақтығын”
түсінуімізге болады.
Сонымен, “лексикологиялық” этимологияның көрнекті бір үлгісін А.
Әбдірахманов Қатонқарағай тауына берілген этимологиясы арқылы
байқайық. Бұл үлгіде қатын / кадын / хадан т.б. кат / хад сынды түбірлес
сөздер көптеген тілдер арқылы қамтылмаған, сол себептен де негізгі этимон
табылмаған. Ал енді сол негізгі фоносемантикалық этимонға фоносемантикалық (имитативтік) талдау жүргізілмегені объективтік түрде түсінікті жай.
“Лексикологиялық” үлгідегі жүргізілген этимологияның әдіс - тәсілдерін
аңғару үшін, А. Әбдірахмановтың Катонқарағай атауына жасаған
этимологиясын түгелімен беріп отырмыз: КАТОНҚАРАҒАЙ – Шығыс
Қазақстан облы-сындағы жер, аудан, аудан орталығының аты. Бұл атау
жөнінде Ж. Болатов былай деп жазды: Тұрғын халықтың айтуына қарағанда,
Катонқарағай монғолдың “топ қарағай” деген сөз тіркесі. Село маңында бір
топ қарағай (самырсын) әлі бар. Бұл Қатонқарағай атауының “топ қарағай”
деген мағынаны білдіретін дәлелдейтін бірінші себеп болса, екіншіден,
осыған ұқсас, осы үлгімен жасалған топонимдер де аз кездеспейді.
Топқайың, Бесқарағай, Шоқтал – осы аудандағы жер аттары, Шоққарағай –
Шоқан туған жердегі географиялық атау т.б. (Ж. Болатов. Шығыс Қазақстан
117

облысында-ғы... қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы, “Қазақ
тілі мен диалектологиясының мәселелері”, жинақ, 5-ші шығуы, 1963, 183бет) Біздің ойымызша, Ж. Болатовтың бұл пікірі - халық аузындағы сөзді
ғылыми жағынан тексермей ала салған жорамал.
Э.М. Мурзаев Монголия және Сібірдегі катун // хатан болып келетін өзен
аттарын көне түркі тіліндегі “өзен” деген сөз деп қарайды (Сб. “Топонимика
востока”. Новые исследования. М., 1964, стр 10). Бірақ біз Катонқарағай
атауының этимологиясын басқаша қараймыз.
Жергілікті қариялар бұл атауды Қатынқарағай дейді. Бұл орыс тілінде
Катонкарағай деп аталып, қазақ тіліне қайта әсер етіп, Қатонқарағай делініп
кеткен.
Атаудың құрамындағы қатың сөзі - көне түркі тілінде қазіргі қазақ
тіліндегі қайың (береза) сөзінің көне варианты. Орта ғасырда М. Қашқари
заманында бұл сөз қазың түрінде болған (М. Қарқари, Девну. Ташкент, I том,
68 беті, III том, 380 беті).
Бұл сөз якут тілінде хатың түрінде (К.Ф. Гриценко. Якутские топонимы
на – лах. Сб. “Языки и топонимя Сибира”. Томск, 1966, стр 44), хакас тілінде
хазын (М.А. Абдрахманов. О составе... Ученье зап. ТГПИ, том XX вып. 2.
Томск, 1962, стр.118) алтай, қазақ тілдерінде қайың түрінде кездеседі.
Сібірдегі кейбір түркі тілдері мен диалектілерінде бұл қадың түрінде
ұшырайды (К.Ф. Гриценко, сонда). Ендеше бұл сөз қатың > қадың > қазың >
қайың түрінде фонетикалық өзгеріске түскен деуге болады. Оның ескі және
дыбыстық жағынан өзгерген түрі көптеген түркі тілдерінде сақталған. Н.К.
Дмитриев түркі тілдеріндегі р // д // т // з // й // дыбыстарының сәйкесетінін
айта келіп қадуң // хатың // қазың // қайың // (береза) сөздерін мысалға
келтіреді. (Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, I,
Фонетика, М.,1955, стр 326). Өзге түркі тілдерінен оқшау қалған якут тілінде
бұл сөздің ең көне хатың түрі сақталып қалуы да заңды. Бұл маңда
мекендеген көне түркі тайпаларының көне тілінде қазіргі тіліміздегі қайың
сөзі қатың аталғаны осы топонимде сақталған. Ал, атаудың Қатонқарағай
түріне ауысуына орыс тілінің әсері ғана емес, бірінші және үшінші буындағы
ашық а дыбыстарының ортадағы ы дыбысын ашық о дыбысына өзгеруіне
әсер еткен тәрізді. Сонда бұл атаудың мағынасы “қайың - қарағай” деген қос
сөз болса керек [39, 100-101].
Бұл жерде бірден айта кететін нәрсе, әдетте, топонимиялық атауларды
қатарынан екі түрлі өсімдіктің аттары берілмейді, себебі сол табиғи нысанда
өсімдіктің бір ған түрі (немесе басым түрі) өскендігі жайында сол өсімдік
атауы арқылы хабарланады. Мысалы, Алмалы, Алматау, Алмасай, Өрікті,
Тобылғы, Доланалы, Аршалы, Шусенсай, Раң (асуы), Талды арық, Бүлдірген,
Қарағанды т.б. көптеген атауларда қатарынан келетін екі өсімдіктің аттарын
кездестірмедік.
Ал енді тау түбірі бар оронимдердің (топонимдердің) этимологиясында
да фоносемантикалық фактор (критерий) есепке алынбаған. Оның
объективтік себептерін жоғарыда айтқанбыз, дегенмен тау түбірі бар
118

топонимдердің бірнеше этимологиясын (Е. Қойшыбаев, А. Әбдірахманов
ұсынған) беруді жөн көрдік. Мысалы, Е. Қойшыбаевта: Тастау - тау аты
(жоңғар Алатауында). Этим. Қаз тас – тау сөздерінен қалыптасқан атау;
Тауғаш - елді мекен аты (Солтүстік Қазақстан) Қаз. этникалық топ атауы.
Жауғашпен салыстырығыз; Тауқұм – құм, елді мекен аттары “Тау - тау құм
мәніндегі атаулар, жолы қиын құм асулар. Таутал – мекен, едәуір кеңестік
аты (Алматы обл. Балқаш ауд.) Көне тілді “жықпыл” мәніндегі атау. Тау
шық – пос аты (Батыс Қазақстан). түр, тау және шиғ(л) немесе чиг(л)
сөздерінен қалыптасқан этнотопонимге жорамалданылды” [42, 218].
А. Әбдірахманов сөздігіндегі: “МҰЗТАҒ Алматы облысындағы тау аты.
Қырғыз Алатауы бір кезде осылай аталған (Г. Миллер Известия о песочном
золоте в Бухарии. Спб., 1760, стр. 14-15). Бұл топонимнің негізі болып тұрған
тағ деген сөз ескі жазу нұсқаларында кездеседі. Мысалы, осы сөз тағ түрінде VII ғасырға жататын Күл - Тегіннің құрметіне қойылған ескерткіште, X
ғасырдағы “Алтын Ярукта”, XI ғасырдағы Махмуд Қашқариден “Диван лұғат - ат - тюрк” деген еңбегінде, 1069 жылы жазылған “Құдатғу білекте”
кездеседі.
Қазіргі түркі тілдерінде бұл сөз тағ, дағ, тау, тоо, ту, тыа түрлерінде
кездеседі. Бұлардың ең көне формасы тағ. Қазақ тілінде бұл сөз қазір тау
түрлеріне көшкен. Сөйтіп, мұзтағ топонимі мұзтау дегеннің көне формасы.
Бұл факт топонимдер тілдің көнелігін бойына сақтайтындығының тағы бір
айғағы” [39, 136].
Сонымен, оронимдердің (жалпы алғанда, кез - келген имитативтік төркіні
бар атаудың) фоносемантикалық этимологиясы өзіндік әдісі мен тәсілдері,
бар ерекше сипаттағы фоносемантикалық талдауды қажет етеді. Ол талдау
алты операциядан: I “Семантика”, II “Критерии”, III “Этимология”, IV
“Экстралингвистика”, V “Типология”, VI “Summa summarum” тұратындығынан С.В. Воронин өз мақаласында көрсеткен [77, 68-69]. С.В. Воронин
ұсынған фоносемантикалық талдаудың мәні мен әдістері жөнінде біз бірінші
тарауда айтып кеткенбіз, және оны гидронимдер мен оронимдер этимологиясын ашуда қолданғанбыз.

119

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілінің географиялық терминология және топонимиялық сөз
қорындағы дыбыс бейнелеуіш сөздер қатарына жататын атаулардың түпкі
тарихы тілдің (тілдердің) шығу, пайда болу дәуірінен бастау алады.
Географиялық
терминология
мен
топонимия
құрамындағы
фоносемантикалық сипаты бар өте көне сөздердің, тілдің пайда болған
дәуіріндегі ілкі сөздердің өзіне тән төмендегідей белгілері бар: 1) олар бір
буынды түбір (имитатив) болып келеді; 2) дыбыс символикалық қасиеті бар;
3) көптеген тілдердің түпкі сөз қорында болған ұқсастықтар бар; 4)
денотаттың (аталған нысанның) түрлі кешенді болып келетін акустикалық,
визуалдық, тактильдік, сенсорлық т.б. сипаттарын, ерекшеліктерін идеофон,
имитатив күйінде символдайды; 5)бір буынды ілкі түбір болғанымен,
ұғымдық, мағыналық тұрғыдан қарастырғанда семантикасы сөзге не
сөйлемге тең. Фоносемантикалық сипаты бар топонимдер мен географиялық
апеллятивтер құрамындағы түбірлердің осы және де басқа ерекшеліктері
тілдердің глоттохрония үдерістерінен (процесстерінен) хабардар етеді.
120

Тілдің пайда болу дәуіріндегі у идеофоны суды (ағынды, өзенді т.б.)
символдық түрде бейнелеп, өзінің варианттары мен туынды тұлғалары
ретінде ус, су, уда, йу (ю), и, а, йыл (иль, ыл, ел, жыл, іл, йол, уол, ул т.б.), юг
(юган, ëк, ëг, йога, ұйы, оëк, ëкка), ул (ол, хол/хул, джуль/жуль, чуль, шул,
ула т.б.) формаларымен белгілі. Тілдің (тілдердің) алғашқы, бастапқы, ілкі
имитативтік дәуірінде пайда болған осы және де басқа суды, су нысандарын
дыбыстық деңгейде символикалық түрде бейнелеген идеофондар мен
имитативтер қазіргі тілдердегі географиялық апеллятивтер мен топонимдер
(және де басқа лексикалық топтарда) құрамында сақталып қалған. Осы
имитативтік түбірлер негізінде көптеген туынды, яғни лексикаланған және
грамматикалық формаларға енген географиялық (гидрографиялық)
апеллятивтер мен гидронимдер пайда болған.
Фоносемантикалық тұрғысынан қалыпқа келтірілген *туб имитативінің
(және оның варианттарының – төб/туп/доб/тоб т.б.) анлауттағы орында
тұрған т/д «қатты (жұмсақ емес), көтеріңкі, үстіңгі (басындағы), биік, тік
тұрған т.б.» + у/ө/о – инлауттағы дауысты фонема – идеофон «томпақ,
домалақ, шар тәрізді, үстіңгі, биіктегі, айналма, дөңгелек т.б.» + ауалаттағы б
«дөңес, дөңесті, томпақ», «аумақты, ауқымды, көлемді, қомақты» сынды
идеофондық мағыналар. Түптеп келгенде төбе, дөңес, дөңгелек, томпақ,
дöбö, тепе, топпа, дувэ, тöпу, тибба тағы басқа көптеген (ностратикалық
ареалдағы) сөздерде имитативтік күйінде шығыңқы, көтеріңкі рельеф (жер
бедері) нысандарын бейнелейді.
Жоғарыда аталған жер бетінен биікте жатқан табиғи нысан атауларының
көрсетілген имитативтік (идеофондық) сипаты мен бейнесі еріндік
дыбыстардың (фонемалардың) символизміне негізделген.
Дыбыс бейнелеуіш топонимдер қатарына жататын атаулар дыбыс
еліктеуіш және дыбыс символикалы сөздер болып бөлінеді. Дыбыс еліктеуіш
географиялық атауларға біз Даңғырақ, Жаңғырық, Сарқырама, Күркіреуік,
Күркілдек, Қорс, Шар, Шарбұлақ, Шарын, Сарпылдақ, Сар (сары) бұлақ,
Өкір, Топар, Қарқара т.б. жатқызамыз.
Осы фоносемантикалық сипаты бар атаулар құрамындағы түбірлер
фонемотип немесе имитатив күйінде, ретінде дыбыс еліктеуіш қызметін
атқарған (атқаруда). Мәселен, Даңғырлақ топониміндегі Даң – түбіріндегі әр
фонема – идеофон (идеофонема) белгілі бір еліктеуіш мағынаға ие.
Еліктеудің негізгі сипатын, болмысын осы фоносемантикалық дауыссыз д
және ң дыбыстары (идеофондар) көрсетеді. Ал имитативтік сөз ортасындағы
дауысты фонема (идеофонема) еліктеуіш түбірді (сөз) суреттейтін табиғи үн,
шу, дыбыстың күштілігін/әлсіздігін және тобын сипаттайды. Жалпы алғанда,
даң имитативі (фонемотип, фоносемантикалық модель) табиғи дыбыстардың
(шудың) төмендегідей сипаттарына еліктейді: «күмбірлеген, саңғырлаған,
даңғырлаған (дыбыс)», «іші қуыс заттың басқа нәрсеге соғылуынан шығатын
қаңғыр-күңгір (дыбыс)», «даң-дүң» еткен, «қаңғыр-күңгір» еткен, «салдыргүлдір» еткен (дыбыстар), «даңғырлап қатты дауыс еткен», «айғай-ұйғайға, ушуға ұқсайтын (дыбыстар)» т.б. Сол сияқты Сарқырама, Сарбұлақ, Шар,
121

Шарбұлақ,
Шарын,
Сарпылдақ
т.б.
топонимдер
құрамындағы
сар/шар/сор/шор имитативтік түбірлер өзен, бұлақ, арық атауларында судың
сарылдап, шарылдап, сорылдап, шорылдап, яғни қатты немесе баяу екпінмен,
немесе қуыс, тар жермен ағуына еліктеу түрде сипатталады. Сонымен қатар
осы фоносемантикалық модельдің дыбыс символикалық қызметі бар:
анлауттағы с/ш судың (немесе кез келген сұйықтың) шумен жылжуын,
сусуын, ағуын (олардың түрлерін) көрсетеді, инлауттағы ашық а ағынның
көлемін, кең жайылғанын (көлемділігін) сипаттайды; ал ауалауттағы р вибрант ретінде аққан судың (сұйықтың) діріл, тербелмелі сипаттарын
символдайды.
Дыбыс символикалы гидронимдер қатарына Балқаш, Іле, Елек,
Шелек/Желек, Сырдария, Сілеті, Ойыл, Қиыл, Елік, Есіл, Жылға, Ұлан,
Ұласты, Шұлба т.б. фоносемантикалық сипаты бар атауларды жатқызамыз.
Балқаш атауындағы бал түбірі өзінің фоносемантикалық варианттық
тұлғаларында семит-хамит, үндіеуропа, алтай тілдерінде кездесуі оның
дыбыс символикалы сипатын деректейтін белгісі болып табылады. Балқаш
гидронимінің бал түбірі (түбірі бл – фонемотипі) фоносемантикалық сипатқа
ие, осы түбір (фонемотип) құрамындағы идеофондар дыбыс символикалық
түрде сулы, балшықты, батпақты деген ұғымдарды имитациялайды,
суреттейді, бейнелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Фазылов
2.
3.
4.
5.

6.

7.

М.Ф. Изобразительные слова в таджикском языке.
Сталинабад, 1958.
Пак Г.А. Изобразительные слова в корейском языке: автореф. дисс.
канд. филол. наук. - Л., 1958
Междометия и звукоподражательные слова русского языка: автореф.
дисс. д-ра филол. наук. - Симферополь, 1961.
Худайкулиев М. Подрожательные слова в туркменскоя языке. –
Ашхабад, 1962
Черевко К.Е. Звуко и образоподражательные слова в современном
японском языке // Уч. зап. МГИМО. Сер. филол. 1963. Т.2. С. 151 163.
Горцевская В.А. Изобразительные слова в эвенкийском и
маньчжурсом языках // Тюркологические исследования. М.; Л., 1963.
с.178 - 185
Johanesson A. Origin of Languge. Rejkjavik, 1949
122

8. Газов-Гинзберг А.М. Был ли язык изобразителен в своих истоках. М.,
1965.
9. Иилмухаметов З.К. Звукоподражательные слова башкирского языка:
автореф. дисс. канд. филол. наука. Уфа, 1970.
10. Вельди Э.А. Англо - Эстонские параллели в ономатопе: автреф. дисс.
канд. филол. наук. - Тарту, 1988.
11. Чернышев В.А. Звукоподражательные глаголы хинди // Индийская и
иранская филология. – М., 1964, с.255 - 262.
12. Ашмарин Н.И. Подрожание в языках Среднего Поволжья // Известия
Азерб. ун - та. Обществ. наук. 1925. Т. 2-3. с.143 - 157, Т. 4-5. с.75 - 99
13.Шагдаров Л.Ш. Изобразительные слова в бурятском языке. - Улан –
Удэ. 1962
14.Левицкий В.В. Семантика и фонетика. - Черновцы, 1973.
15.Горелов И.Н. Проблема функционального базиса речи в онтогенезе. –
Челябинск, 1974.
16.Журавлев А.П. Фонетическое значение. – Л., 1974
17. Корнилов Г.Е. Имитативы в чувашском языке. – Чебоксары:
Чувашское книжное издательство, 1984.
18. Братусь И.В. Акустические ономатопы в индонезийском языке.
автореф. дисс....канд. филол. наук. – Л.,1976
19. Казакевич О.А. Звукоподражательная лексика // Кузнецова Л.Ц.,
Хелимская Е.А., Грушкина Е.В. Очерки по селькупскому языку. – М.,
1980, Т.1. с.94 - 117
20. Койбаева Т.Х. Некоторые лексико - семантические группы осетинской
звукосимволической подсистемы // Тезисы докладов науч. конф. по
итогам работы за 1981г. – Орджоникадзе, 1982. с.31 - 33.
21.Афанасьева А.Ю. Вопросы семантической эволюции лексики:
автореф. дисс....д-ра наук. - Л., 1984.
22. Кузнецова Е.И. Фоносемантический анализ обозначений округлого //
Системное описание лексики германских языков. - Л., 1985. Вып. 5
с.23-27.
23. Вельди Э.А. Классификация эстонских ономатопов // Уч. зап.
Тартуского ун - та. 1986. Вып. 736. с.39-47
24. Мазанаев И.А. Основные группы звукосимволических слов:
фоносемантический анализ (на материале английского и лезгинского
языков): автореф. дис...канд. филол. наук. – Л., 1985.
25.Лихоманова Л.Ф. Семантическая филиация английских звукоизобразительных глаголов движения: автореф. дис....канд. филол. наук. –
Л.,1986.
26. Хусаинов К.Ш. Звукоизобразительность в казахском языке. – Алма –
Ата: Наука, 1988.
27. Ысқақов А.И. Еліктеуіш сөздер // Халық мұғалімі. 1984. №6; О подражательных словах в казахском языке // Тюркологический сборник. М.;
Л., 1951; Морфологическая струкутура слова и именные части речи в
123

современном казахском языке: Автореф дис... д-ра филол. Наук. Алма
Ата, 1964.
28. Сарыбаев Ш.Ш. Подражательные слова и их отношение к
междометиям // Известия АН КазССР. №135. Сер. Филол. И искусствовед. 1954. Вып 1-2; Еліктеуіш сөздер. Аламты, 1982.
29.Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском
языке. Алма-Ата, 1986.
30. Катембаева Б.Ш. Подражательные слова в казахском языке: Автореф.
дисс.канд.филол.наук. Алма-Ата, 1965; Еліктеуіш сөздер оқыту
Алматы, 1974.
31. Ибраев С.Р. Фонотические особенности подражательных слов казахского языка: Автореф. дисс.канд.филол.наук. Алма-Ата, 1971
32. Ислам А. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері - ұстаз еңбектерінде //
Тілтаным, 2005, №1, 16-18 бб.
33.Өткелбаева С.А. Қазақ тіліндегі дыбыстық символика құбылысы.
Филол.ғылым.канд.дисс.авторефераты. Алматы, 1994.
34. Ислам А. Англо – казахские параллели в онамотопе. Дисс...канд. фил.
наук. Алматы 1999.
35.Хусаинов К.Ш., Жубанов М.Х. Проблемы фоносемантической
деривации. – Алматы: Ғылым, 1998 – 156 с.; Хусаинов К.Ш.,
Жубанова М. Семантическое развитие звукоизобразительных лексем.
А., 1999.
36.Мурзаев Э.М. Очерки топонимики.- М.: Мысль, 1974. – 380 с.
37.Конкашпаев Г.К. Казахские народные географические термины//
Известия АН КазССР. Серия география, вып.3, №1951, №99. – с.3-47.
38.Мурзаев Э.М. Очерки топонимики.- М.: Мысль, 1974. – 380 с.
Мурзаев Э.М. География в названиях. Изд-ие 2-е, М., 1982.
Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. М., 1984.
39.А.Әбдірахманов. Топонимика және этимология. Алматы, 1975. – 207 б.
40. Т.Жанузаков. Очерк казахской ономастики. Алма-Ата, Изд-во
«Наука», 1982. – 175 с.
41.К.Рысбергенова. Историко-лингвистическое исследование топонимов
Южного Казахстана. Алматы: Ғылым, 2000. – 152 с.
42. Е.Қойшыбаев. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Алматы: Мектеп,
1986. - 256 б.
43.Ә.Нұрмағанбетов. Жер-су аты – тарихтың хаты. Алматы: Балауса,
1994. – 64 б.
44.В.Н.Попова.
Словарь
географических
названий
Казахстана.
Павлодарская область. І и ІІ том, Москва, 1994.
45. Ә.Қайдар, Е.Керімбаев. Этнолингвистические аспекты казахской
ономастики// Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана
тілі, 1998. - 157-168 б.
46. Б.Тілеубердиев.
Оңтүстік
Қазақстан
топонимдерінің
этнолингвистикалық лексикасы. Алматы: Шапағат-Нұр, 1999. – 119б.
124

47. Керимбаев

Е.А. Лексико-семантическая типология оронимии
Казахстана. Дисс.канд.филол.наук. – Алма-Ата, 1988. - 195 с.
48. Ермекбаев Ғ.Ж. Жер бедері атаулары (семантикалық, морфологиялық
талдау және фоносемантикалық алпаттама). Филол.ғылым.канд.дисс.
Алматы, 1999. – 135с.
49.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Мектеп, 1978. – 496 б.
50.Хасенов Ә. Тіл білімі. Алматы: Санат, 1936. – 416 б.
51.Марр Н.Я. Избранные работы. Т.1-5. – М., 1933-1937.
52.Газов-Гинзберг А.М. Был ли язык изобразителен в своих истоках. М.,
1965.
53.Корнилов Г.Е. Имитативы в чувашском языке. – Чебоксары:
Чувашское книжное издательство, 1984. – 184 с.
54. Өткельбаева С.А. Қазақ тіліндегі дыбыстық символика құбылысы.
Филол.канд.дисс. Алматы, 1994. – 155 б.
55.Платон. Соч.в 3-х т. М., 1968, т І.
56.Теория и методика ономастических исследований. М.: Наука, 1986. –
255 с.
57.Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском
языке. Алма-Ата, 1986.
58.Алтайские этимологии. Сборник научных трудов. Ленинград: Наука,
1984.- 224 с.
59.Өткелбаева С.А. Қазақ тіліндегі дыбыстық символика құбылысы.
Филол.ғылым.канд.дисс.авторефераты. Алматы, 1994.- 25 б.
60.Қайдар А.Т. Грамматические индикаторы в производных основах
подражаний в тюркских языках// Тілтаным, 2003, №2, 16-20 бб.
61.Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексика дамуының этимологиялық
негіздері. – Алматы: Санат, 1994.- 168 б.
62.Левицкий В.В. Звукосимволизм в лингвистике и психолингвистике//
Филологические науки. 1975. №4.
63. Быстрова Т.В., Левицкий В.В., Шевченко О.Ф. Символические
функции сочетания фоном// Проблемы фоносемантики.- М., 1989,
с.34-35.
64.Малолетко А.М. Палеотопонимика. Томск: Изд-во Томского
университета. 1992.- 264 с.
65.Исхахов Ф.Г. Опыт сравнительного словаря современных тюркских
языков// исследования по сравнительной грамматике тюркских
языков.- М., 1962. с.5-68.
66.Моллова М.К. К истории тюркского вокализма//Вопросы
языкознания.- М., 1966. №2. с.56-64.
67.Хұсайын
К.Ш.
Тарихи
морфология
мәселелерін
зерттеу
тәжірибесінен//Тілтаным, 2005, №1- 9-15 бб.
68. Ермекбаев Ғ.Ж. Жер бедері атаулары (семантикалық, морфологиялық
талдау, фоносемантикалық сипаттама). Филол.ғылым.канд.дисс.
авторефераты. Алматы, 1999.- 23б.
125

69.Тіл білімі сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған проф.
Э.Д.Сулейменова. Алматы: Ғылым, 1998.- 537 б.
70.Хусаинов
К.Ш.
О
причинах
количественного
различия
звукоизобразительных слов в разносистемных языках//Проблемы
этимологии тюркских языков. – Алма-Ата: Ғылым, 1990. – 400 с.
71.Сарыбаев Ш.Ш. Еліктеуіш сөздер. Алматы, 1982.- 56 б.
72.Катембаева Б.Ш. Подражательные слова в казахском языке.
Автореф.дисс.канд.филол.наук. Алма-Ата, 1965.- 23 с.
73.Дмитриева Л.В. Этимологии географических апеллятивов в тюркских
и других алтайских языках// Алтайские этимологии. Сборник научных
трудов. Ленинград: наука, 1984.- с.130-177.
74. Мурзаев Э.М. Местные географические термины и их роль в
топонимии//
Вопросы
географии.
Сборник
81.
Местные
географические термины.- с.16-35.
75.Воронин С.В. Основы фоносемантики. Ленинград, 1982.- 244 с.
76. Корнилов Г.Е. Теория имитативов, ностратика и тюркология//
Языкознание: Тезисы докладов и сообщений ІІІ Всесоюзной
тюркологической конференции.- Ташкент: Фон, 1980, с.17-19.
77.Воронин С.В. Этимология и фоносемантика (на материале тюркских и
некоторых других языков)//Проблемы этимологии тюркских языков. –
Алма-Ата: Ғылым, 1990.- с.62-70.
78.Петрова Г.И. Образные слова в нанайском языке// Известия АН СССР,
отд.лит. и языка. 1948. т.7, вып.6. с.527-536.
79.Горцевская В.А. Изобразительные слова в эвенкийском и
маньчжурском языках//Тюркологические исследования. М., Л., 1968.с.177-189.
80.Харитонов Л.Н. Неизменяемые слова в якутском языке. Якутск, 1943.81 с.
81.Фазылов М.Ф. Изобразительные слова в таджикском языке.
Сталинабад. 1958.- 189 с.
82. Ыскаков А. Морфологическая структура слова и именные части речи в
современном казахском языке. Автореф.дисс.д-ра филол.наук. АлмаАта, 1964; Сарыбаев Ш.Ш. Еліктеуіш сөздер. Алматы, 1982.;
Катембаева Б.Ш. Подражательные слова в казахском языке: Автореф.
дисс.канд.филол.наук. Алма-Ата, 1965; Ыбыраев С.В. Фонетические
особенности подражательных слов казахского языка: Автореф. дисс.
канд.филол.наук. Алма-Ата, 1971; Кайдаров А.Т. Структура
односложных корней и основ в казахском языке. Алма-ата, 1986. т.б.
83.Абдрахманов М.А., Бонюхов А.А. Топонимические названия
Шории//Языки и топонимия Сибири. І. Томск, 1966.- с.159-169.
84.Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. М., 1984.653 с.
85. Матусевич М.И. Введение в общую фонетику. Угпедгиз. М., 1959.
126

86. Дульзон А.П. Былое расселение кептов по данным топонимики. // Изв.
ВГО, 1962, 92,6 и в сб.: ВГ. М., 1962, 58
87.Мурзаев Э.М. Тюркские географические названия. М. Изд-во
“Восточная литература” РАН, 1996
88. Корнилов Г.Е. О преодолении этимологического примитивизма в
теории и практике современных исследований // Проблемы
этимологии тюркских языков – Алма Ата: Ғылым, 1990. с. 109-112.
89.Қазақ тілінің сөздігі. Жалпы ред. басқарған. Т. Жанұзақов. – Алматы:
Дайк – Пресс, 1999 – 776б.
90. Молчанова О.Т. Топонимический словарь Горного Алтая. Под ред.
к.ф.н. А.Т. Тыбыковой. Горно – Алтайское отделение Алтайского
книжного издательство. Горно – Алтайск, 1979 – 337с.
91. Сағындықұлы Б. Түбіртек – тілдік бөлшек. // Тілтаным. 2005, №3, 41-46 б.б.
92. Газов-Гинзберг А.М. Был ли язык изобразителен в своих истоках? М.,
1965; Лобин В.Г. Звуковая изобразительность - фикция или
реальность? // Зарубежное языкознание и литература. Алма – Ата,
1972. Вып 2. С. 23-25; Воронин С.В. Основы фоносемантики. Л., 1982.
93.Ермекбаев Ғ.Ж. Жер бедері атаулары (семантикалық, морфологиялық
талдау, фоносемантикалық сипаттама). Филол.ғылым.канд.дисс.
Алматы, 1999.
94. Журавлев В.К., Камалаева А.К. Опыт фоносемантического анализа и
синтеза // Проблемы фоносемантики. – М., 1989. С. 43-44
95. Дубинская Е.А. К символизму лабиальных // Функциональные
особенности лингвистических единиц. Краснодар, 1979 – 180с.
96.Хусаинов К.Ш. Звукоизобразительность в казахском языке. – Алма –
Ата: Наука, 1988 – 232с.
97. Корнилов Г.Е. Некоторые новые аспекты подготовки и интерпретации
исходных данных для решения проблем урала – алтаистики //
Советско – венгерское совещение по урало – алтаистике ИИФФ СО
АН СССР. Новосибирск, 1981.
98.Абаев В.И. Историко – этимологический словарь осетинского языка.
М.; Л.,1958. Т.1.
99. Хусаинов К.Ш., Жубанова М.Х. Проблемы фоносемантической
деривации. – Алматы: Ғылым, 1998 – 156 с.
100.
Кажибеков Е.З. Фоносемантическая характеристика пратюрского
корня // Проблемы этимологии тюрских языков. – Алма – Ата: Ғылым,
1990-с. 95-102.
101.
Цыденданбаев Ц.Б. Изобразительные слова в бурятском языке //
Филология и история монгольских народов. – М., 1958. –С.136-152.
102.
Харитонов Л.Н. Типы глагольной основы в якутском языке. М.;
Л.1954.

127

Искаков Ф.Г. Опыт сравнительного словаря современных
тюркских языков // Исследования по сравнительной грамматике
тюркских языков. – М., 1962. С. 5-68.
104.
Гаджиева Н.С. К истории анлаута в тюркских языках //
Тюркологические исследования. – М., Наука., 1979. С. 77-93.
105.
Жанұзақов Т. Қазақстан географиялық атаулары. Алматы
облысы. – Алматы: “Арыс” баспасы, 2005. – 256б.
106.
Типова А.С. Словарь русской транскрипции терминов и слов,
часто встречающихся в географических названиях Казахской ССР. М.,
1960-61.
107.
Мурзаев Э.М. Топонимика и география. М.: Наука, 1965-304с.
108.
Джанузаков Т.Дж. Материалы древней топонимии Казахстана
как база для этимологических исследований // Проблемы этимологии
тюркских языков. – Алма – Ата: Ғылым, 1990 – 295-320 бб.
109.
Қондыбай С. Гиперборея: түс көрген заман шежіресі. – Алматы:
“Үш қиян”, 2003ж – 592 б.
110.
Бугаева Т.Г. Этимологии цветообозначений “зеленый - синий” в
корейском и других алтайских языках // Алтайские этимологии.
Сборник научных трудов. Ленинград: “Наука”, 1984 – с. 178-188
111.
Керимбаев Е.А. Вопросы этимологической фоносемантики
топонимов (к звукоизобразительности номинации древнейших
гидронимов Казахстана) // Известия АН Каз ССР. Серия
филологическая, 1991, №3 – с.21-31.
112.
Серебренников
Б.А.
Происхождение
аффиксов
звукоподрожательных глаголов в тюркских языках // Советская
тюркология. 1977 №1.
113.
Әбдрахманов А. Кейбір топонимдер этимолгиясы жайында //
Қазақ ономастикасының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1986, 16-30бб.
114.
Кажибеков Е.З. Глагольно – именная корреляция гомогенных
корней в тюркских языках. – Алматы: Наука, 1986 – 272с.
103.

128

Sign up to vote on this title
UsefulNot useful