You are on page 1of 6

Қазақстан Республикасың білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Филология факультеті
Шетел тілдер теориясы мен практикасы кафедрасы
Шет тілі:екі шет тілдер мамандығы

Реферат
Тақырыбы: Аударманың түрлері

Орындаған: Абдраим Н ИЯ-34 тобының студентті
Тексерген: Тойбекова С

Астана- 2016

ойды жеткізу жоспары да өзгереді. сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. XVII-XVIII ғасырларда «еркін» аударма етек алды. жіктегеніне аз-кем тоқталып өтейік. оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады. Бархударов мəтінде аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа төмендегі пікірімен жауап берген: 1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма. Аудару принципі мен аударманың дəлмедəлдігі туралы ұғым заманалар озған сайын өзгеріп отырады. бір тіл екіншісімен ауыстырылады.С. нəтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге. 3) сөз деңгейіндегі аударма. «метафраз» – түпнұсқаның дəл жеткізілуі. Мысалы. ғалымдардың аударманы қандай түрлерге бөліп. 2) морфема деңгейіндегі аударма.Аударманың түрлері Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сəйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. – екіншіден. – үшіншіден. Сонымен бірге аударма сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан. сіреспе аударма басым болса. 6) мəтін деңгейіндегі аударма Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық заңдылықтарына сай икемдеу болса. еркін жеткізілуі. Драйден (1631-1700) аударманың 3 түрін ұсынады: – Біріншіден. «Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін ауызша немесе жазбаша мəтінді. орта ғасырларда əріпшілдік. 5) сөйлем деңгейіндегі аударма. «имитация» (еліктеу) – түпнұсқа тақырыбына жазылған шығарма. 1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж. аударатын тілдегі бірліктерге аударылатын тілдің . шетелдік аудармашы. ерекшелігіне бағдарланып. «парафраз» – түпнұсқаның түріне емес. Одан соң əдебиет əлемінде балама аударма пайда болды. 4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма. бертін келе жаңғыру дəуірінде. Аударма теориясының көрнекті маманы Л. Алдымен.

Соңғысы аударманың өте қонымды ғылыми дəлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да. аудармашының əңгімелеп отырғанына өте ұқсас келеді. ауызша жеткізу түрі. шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі . 3) жазбаша-ауызша аударма немесе жазбаша мəтіннің ауызша аудармасы. 4) ауызша-жазбаша аударма немесе ауызша мəтіннің жазбаша аудармасы В. ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз. негізінен. Бархударов құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді: 1) жазбаша-жазбаша аударма немесе жазбаша мəтіннің жазбаша аудармасы. 3) ғылыми аударма. Сөйлеген сөздер. Екінші – еркін аударма. Əуезов 1955 жылы жазылған «Көркем аударманың кейбір теориялық мəселелері» атты мақаласында аударманың үш түрін атап өтеді. төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады: 1. 4) ресми аударма. ақпараттың мазмұн межесін (план содержания) жəне құрылым межесін (план выражения) жазбай.морфологиялық қосымшаларын жалғау. 2) ауызша-ауызша аударма немесе ауызша мəтіннің ауызша аудармасы (ізбе-із немесе ілеспе аударма). баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады.С. Ауызша аударма – бұл тəржіманың жазбаша түріне қарағанда күрделірек құбылыс. əріп қойлыққа негізделген аударма.Н. формасын да толығырақ беретін ғылыми дəл. 5)публицистикалық аударма. Комиссаров «Слово о переводе» еңбегінде аударманы жанрлықстилистикалық түрлеріне қарай былай бөледі: 1) көркем аударма. Ауызша аударманың екі түрі бар: . Бірінші – сөзбе-сөздік. балама аударма.О. Сонымен қатар Л. Аударманы. 2) ақпараттық аударма. 6) жарнамалық аударма М.

в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі Ізбе-із аударма – мəтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. бір мезгілде аудару.– ілеспе (синхронды) аударма. Олар: парақтан аудару жəне абзацты-фразалы аударма. Ілеспе аударма – бастапқы мəтінді тыңдап қабылдай отырып. сөздіктерді. ойлау. Түпнұсқаның түрі мен мəніне қарай аударманың да қолданылатын əр алуан амал-тəсілдері бар. кей жағдайда сөйлеушінің ауызша баяндалған сөзін алдын ала дайындықсыз тікелей аудару арқылы жүзеге асырылады. ə) баяндамашы не жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер. пайымдау. ресми құжаттарды аударғанда. ресми құжаттар. түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу . болмаса түсінбеген. басқа да лингвистикалық жəне лингвоелтанымдық. ғылыми жəне көркем шығармалар жазбаша аударылады. Барлық хат-хабар. не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы əрі кешірім сұрауға келмейтіндігі. талдау. б) аударманың қайталанбауына жəне үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. зерттеу. Мысалы. прессконференцияларда. Ғалым Ə. 2. көру. Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді: а) бір мезгілде тыңдап əрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт. құқықтық жəне басқа да мəселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде. Түпнұсқа мəтін алдын ала танысу. экономикалыққаржылық. саяси. Аударудың бұл түрі түпнұсқа мəтіннің айтылуымен қатар жүріп отырады. когнитивтік мағлұматтарды беретін анықтамалықтарға иек арту арқылы екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі . қағазға түсірілген жазбаша мəтінді екінші тілге жазбаша түрде аудару жəне бұдан алынған нəтиже. Жазбаша аударма – жазбаша түрде жасалатын тəржіма түрі. – ізбе-із аударма. семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады. ілесе. қосарласа. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға. Арнаулы кабинеттерде ілеспе аударма түпнұсқаның мəтінін сөйлеушіге (мəтіннің авторына) ілесе отырып оқу арқылы.

көзделсе. машина арқылы түпнұсқаның жалпы мазмұны жайлы түсінік беретін көп көлемді аударманы алуға болады. стандартты. кедір-бұдырсыз оқылуы қажет. яғни машина үшін қиын сөздерін алып тастап немесе басқаша жазып қайта редакциялайды немесе аударылған мəтіндегі қателер мен дəлсіздіктерді түзетеді . Екіншіден. 2. Авторлық емес аударма (немесе жай аударма) – түпнұсқа мəтінінің авторы болып табылмайтын аудармашының тəржімасы. Біріншіден. Жұмабекова «Аударматанудың негіздері» атты кітабында аудармашылық қызмет субъектісінің сипаты мен оның аударылып отырған мəтін авторына қарым-қатынасы бойынша ажыратылатын аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді: 1. Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады: а) көркем аударма – ойлаудың образдылық типінің жемісі. Дəстүрлі (қолжазбалы) аударма – адам жасайтын аударма. бірақ ə) ізденістің шеңберіне шек қойылады. Авторлық аударма (немесе автоаударма) – түпнұсқа мəтіні авторының өзі жасаған аудармасы. в) көркем аударма да төл əдебиет сияқты тұшымды.Қ. ғылыми жəне техникалық шығармаларды аударғанда. шығармашылық ізденіс бар. Ол мəтінді аударуға дайындайды. Автор мақұлдаған аударма – автор талқылауынан өткен түпнұсқа мəтінінің аудармасы. сөз қолдану. өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұн құрылымы дайын мəтін шығармашылық еркіндікке жібермейді. белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді. Дəстүрлі аударманың келесі түрлері ажыратылады: 1. бағдарлама лексикалық жəне грамматикалық құрылымы шектеулі. мұнда индивидуалдық даралық. Үшіншіден. демек. 3. тар шеңберде мамандандырылған мəтіндерді аудару үшін құрастырылады. г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі. Машиналық аударма негізгі үш жағдаяттарда сəтті қолданылуда. жұмысқа редактор кіріседі. Ғалым А. Машиналық (автоматты) аударма – арнайы бағдарлама бойынша компьютер жасаған аударма. емлелік нормалары сақталуы тиіс Зерттеуші-ғалым А. б) көркем аударма да төл əдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек. 2.

3.лелері: мақалалар жинағы. өзіміздің дəрменсіздігімізден көруіміз қажет». Ломоносовтың мына сөзімен қорытындылағым келеді: «Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дəл бере алмасақ. – 240 с. Онсыз да қазақ тілі қазір шала сауатты «мамандардың» кесірінен аударма тіліне айналып кетті.: Международные отношения. – М. Язык и перевод (Вопросы общей и частной теории перевода). біздегі аудармашылардың көбісі осы салада баяғыдан бері келе жатқан «аудармашының міндеті аудару емес. Аралас аударма – мəтіннің дəстүрлі (немесе машиналық) өңдеуінің едəуір үлесін пайдалану арқылы жасалған аударма. Аударматанудың негіздері: оқу-əдістемелік құралы. 1957. – 216 с. . ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек. мұны тіліміздің оралымсыздығынан көрмей. түпнұсқаның өзі екен деп қабылдауы қажет емес пе? Бұған қабілеті жетпегендерді тəржімаға жақындатпаған жөн.: Құлманов С.Қ.: Международные отношения. Тіпті жай ғана аударма тілі емес. Мұндай тұрпайы түсінікпен біз қазақ тілін өрге бастырмаймыз. Əдебиеттер 1.көркемəдеббас. – Алматы: «Тіл» оқу-əдістемелік орталығы. 1975. 4 Комиссаров В.С. – 300 б. қазақша сөйлету» деген қарапайым қағиданы біле бермейді. 1973. жүріс-тұрысы бірбіріне қандай ұқсамаса. 2008. Аудармаға қойылатын басты талап – автордың стилистикалық өзіндігін сақтау. «Классtime» газетінің 15 ақпандағы №3 санында шыққан Жолымбет Мəкішев «Тұрпайы аудармалар шаршатып жіберді» деген мақаласында: «Өкінішке орай. яғни адамдардың келбет-бітімі. – Алматы: Қазмем.В. 2 Бархударов Л. Сенің еңбегіңді жұрт аударма емес. – М. – Алматы. Ал бұл салада білдей маман атанып жүргендердің көбісі «аудармашының міндеті қандай?» деген сұраққа «аудару» деп қарабайыр жауап қайтаратынына сенімдімін. Сөз түйінін М.Н. Аударма процесі жайында // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал) / құраст. – 296 б.Жұмабекова А. 5 Көркем аударманың кейбір мəсе. «түсініксіз тəржіманың» тіліне айналды» деп қазіргі аудармалардың сын көтермейтіндігін қинала жазғанын көз көрді. олардың сөз саптау машығы да бірбіріне сондай ұқсамайды. Слово о переводе. 2012. 3 Тарақ Ə.