You are on page 1of 4

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: ҚАРАЛДЫ:

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі Математика, жаратылыстану


міндетін атқарушы Абдрахманова А.С пәндер бірлестігі
Аукенова Г.Ш
___________________ __________________ __________________
« »тамыз 2021 « »тамыз 2021 « »тамыз 2021

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

Пәні: «Мультимедиялық журналистика»


Сынып: 10
Мұғалім: Бауыржанқызы Айгерим
«Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған
мектеп-лицей-интернаты» КММ
«Мультимедиялық журналистика» курсының бағдарламасы

Түсінік хат

Интернет – журналистиканың бір саласы, бұқаралық ақпарат құралдарының


бірінен саналады. Интернет-журналистика - ХХ ғ. соңында Интернеттің дамуы мен
кеңінен таралуы негізінде пайда болған журналистиканың жаңа бағыты, саласы болып
отыр. Мәтіндік, визуалдық, графикалық, анимациялық және дыбыстық сандық
ақпараттарды біріктіріп, басқаратын интерактивті мультимедиялық жүйе журналистиканы
жаңа деңгейге көтергені анық.
«Мультимедиялық журналистика» таңдау курсының бағдарламасы
алған білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және  заманауи
компьютерлік бағдарламаларды өмірде қолдана білуге үйретеді. Білім алушы өзінің
құрбыларымен   белгілі бір тақырып бойынша қарым-қатынасқа түсу арқылы, өзінің
материалдарды безендіру және меңгеру шеберлігін арттыруға мүмкіндік алады.
Оқушылар компьютерлік техниканы пайдаланып, фото және видео материалдарды
өңдеуге, репортаж жасауға, сұхбат алуға және мақала жазуға дағдыланады. Сонымен
қатар, оқушылар топпен бірлесіп жұмыс жасай отырып, бір-бірімен достық қарым-
қатынаста болады.  

 Курстың негізгі идеясы ұлттық баспасөзді дамыту, өскелең ұрпақтың санасын


ояту, жастарды жоғары мәдениеттілікке шақыру, Отанына, ұлтына
деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мектеп оқушылары газеттер мен
кітапшалар, жарнамалар әзірлеу арқылы ұлттық салт-дәстүрді, табиғатты аялауды,  алтын
ұя мектебін құрметтеуді насихаттайды, өз ойларымен бөліседі және олардың
бойында қоғамға деген ерекше көзқарасты қалыптастырады.  

Мақсаты:
 Мектепте мұғалімдер мен оқушыларға арналған бірыңғай ақпараттық
орталық құру, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
және олардың кәсіби бағдарлық қажеттіліктерін жүзеге асыру;
 Оқушылардың сабақтан тыс қызметпен қамтылуын қамтамасыз ету;
 Балалар мен жастардың БАҚ дамуын, тәжірибемен алмасуын және
ынтымақтастығын жетілдіру үшін желілік жағдай жасау;
 Дарынды және ынталы балаларды анықтау, оларды дамыту және қолдау,
балалардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.

Міндеті:
 Курстың мақсаты мен міндеті туралы түсіндіру;
 Теориялық білімдерін тереңдету, бос уақытын тиімді пайдалану;
 Оқушылардың шығармашылық қабілетін күшейтіп, ой-өрісін кеңейту;
 Оқушылардың жалпы сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын байыту;
 Тәжірибелік дағдысын дамытып, кәсіпке бағдарлау.
КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Аптасына: 1 сағат
Жылына: 34 сағат
Сыныбы: 10 А, Б,В,Г

Р/ Тақырыбы Сағат Сабақтың түрі Мерзімі


с саны
1 Курстың мақсаты мен 1 Дәріс 07.09
міндеттері.
2 Ғаламтордың ерекшелігі мен 1 Ойталқы 14.09
қызметтері.
3 Желілік этикет, ақпаратпен 1 Дәріс 21.09
жұмыс істеу саласында ҚР
заңнамасы.
4 Қазақ мерзімді баспасөзінің 1 Дәріс 28.09
пайда болуы және қазақ
тіліндегі алғашқы газеттер.
Қазақ публицистикасының
көш басшылары. Газет
туралы түсінік.
5 Рубрика деген не? 2 Дәріс 05.10
Журналист болу арманым
туралы рубрика жасау?
6 Мультимедиялық 1 Дәріс 12.10
журналистикадағы
ақпараттық технология.
Ақпарат және оның түрлері
7 Ғаламтор желісіндегі 1 Шығармашылық 19.10
жарияланымның ақпараттық
жиынын әзірлеу.

8 Әр түрлі формадағы Практикалық 26.10


слайдтар жасау
9 Бұқаралық мәдениеттің даму 1 Дәріс 02.11
жолдары.
10 Аналитикалық 1 Дәріс 16.11
журналистика.
11 Корреспонденттік репортаж. 1 Дәріс 23.11
12 Репортаждық жұмыстағы 1 Дәріс 30.11
ерекшеліктер
13 Сұхбат алу мәдениеті. 1 Дәріс 7.12
14 Мақала. Пікір. 1 Дәріс 14.12
15 Газеттің безендірілуіне 1 Дәріс 21.12
қойылатын талаптар
16 Видеоматериал әзірлеу. 2 Практикалық 28.12
Sony Vegas, Movavi
Video бағдарламаларында
жұмыс. «Туған жердің
табиғаты» тақырыбына
бейнематериал әзірлеу.
17 Фото журналистика. 3 D 2 Шығармашылық 11.01
18 Камераны қалай 1 Практикалық 18.01
пайдаланамыз
19 Журналистік мәтін және 1 Дәріс 25.01
оның функциялары.
20 Оперативтік-жаңалықты 1 Дәріс 01.02
мәтіндер.
21 Зерттеу-образдық мәтіндер. 1 Дәріс 08.02
22 Журналистік зерттеу әдісінің 1 Дәріс 15.02
пайда болуы.
23 Хат. Шолу. Рецензия. Очерк. 1 Дәріс 22.02
Эссе.
24 Журналистік мәтіндегі 1 Дәріс 01.03
тақырыптың түрлері.
25 Мерзімді баспасөздің тілі 1 Ізденіс 15.03
мен стилі.
26 Баспасөздегі тілдік 1 Дәріс 05.04
құралдарды қолдану
ерекшеліктері.
27 Телехабарлар мен 1 Дәріс 12.04
радиохабарлардың тілі мен
стилі.
28 Аудио-бейне және 1 Практикалық 19.04
фототүсірілім техникалары.
29 «Мен журналист 1 Эссе 26.04
мамандығын қалаймын»
30 Практикалық сабақ. 1 Топтық жұмыс. 03.05
31 Қорытынды сабақ. 1 Тест 17.05

Барлығы: 34 сағат

You might also like