You are on page 1of 11

1. Саяси режимдер (тәртіптер).

Тоталитаризм және авторитаризм


ерекшеліктері.
2. Саяси режим түсінігі және оның типтер

Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер


жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің
демократиялық дәрежесін айтады.
Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы
(антидемократиялық) деп үлкен екі топка бөледі,
Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған
мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар
жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады.
Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік
беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси
партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді Демократиялық
тәртіп президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.
Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып
бөлінеді.
Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен)
тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемекеттік
бақылауға алынған метекеттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс,
экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке
өмірі және т.б. — бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың
конституциялык кұкықтары мен бостандықтарына, демократиялық
ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін
күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды.Тоталитарлық тәртіпте
жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған
кірген мушелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды.
Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады
Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген
мемлекеттік-саяси қүрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік
етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органға айналады.
Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіпте бірыңғай идеология,
көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу
әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді
араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдык ұйымдардың
саяси құқыктары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым
салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары
мемлекет басшысының ырқына бейімделеді..
3 Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде.   
Тоталитаризм термині латын тілінен шыққан; totalitas толықтық,
құндылық, totalis — жаппай, жалпы, тұтас дегенді білдіреді. Ол XX ғ. 20-30
жылдарында пайда болып, тарала бастады. Басында Италиядағы фашистік
режим мен Германиядағы нацистік режимді, кейіннен КСРО-дағы саяси
құрылысты белгілеуге пайдаланылды. Фашизм, нацизм және кеңестік жүйе
тоталитарлық саяси жүйелер ретінде сипатталынады.
Тоталитаризм теориясы 40-50 жасақталынып коммунизмге қарсы
идеологиялық күресте кеңінен пайдаланылды. Ф.Хайектің «Құлдықка жол»
(1944 ж.), Х.Арендтің «Тоталитаризм бастаулары» (1951 ж.) және К.Фридрих
пен 3. Бжезинскийдің «Тоталитарлық диктатура жәнс автократия» (1956 ж.)
атты еңбектерінде тоталитаризм үғымы басты түрде сталинизм үғымымен
теңестіріледі.
Тоталитаризм саяси құбылыс ретінде идеологияның саяси қозғалыстар
мен шынайы саяси жүйелердің бірлігі. Оны ерекшелеп тұратын белгілері
мыналар:
- қоғамньщ барлығын қамтитындай ұйымдасуына және қоғамдық өмірдің
барлық жақтары мен индивидтерге мемлекеттік билік тарапынан толықтай
(тоталды) бақылау орнатуға;
- тұтастай қоғамды абсолютті тоталдық үйымдастыру идеясына, яғни жеке
бастық бостандық пен әлеуметтік қайшылықтарға орын қалдырмайтын
әлеуметтік утопияға сай радикалды түрде қайта құруға ұмтылу.
2Авторитарлық саяси режим ерекшелігі.
Авторитаризм — саяси жүйенің ең көп тараған типі. XX ғ. дейін
диктатура авторитаризмның әрқилы формаларында көрінсе, авторитаризм
XX ғ. тоталитаризм сияқты формаға дейін «байытылды».
Авторитаризм үшін үш белгі тән: 1) биліктің орталықтануы, 2)
басқарудың директивті-бюрократиялык әдісі, 3) «жоғарыдан» келетін
нұсқауларға, биліктің өкімдеріне сөзсіз бағыну. Авторитаризм бостандықты
шектеу, ерікті басу мен мәжбүрлеуғе бейім
Авторитаризм — бұл өзіне тән белгісі барлық диктатуралар тәрізді
биліктің бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырлануы болып
табылатын саяси жүйе. Бұл жағдайда өкілдік органдардың рөлі төмендейді,
саяси партиялар қызметі шектеледі, оппозицияның рөлі төменгі деңгейге
түсіріледі, сонымен саяси процедуралардың мәні білінеді.
Авторитаризм кезінде көп жағдайда референдумдар мен плебесциттер
саяси өкілдік институттарын ауыстырады және өкілдік органдардың
бұрмалап берілуінен айырмашылығы халық еркінің тікелей көрінісі ретінде
оларға қарама-қарсы қойылады. Бүл жағдайда билік төл мақсаттарын көздей
отырып, референдум өтіп жатқан уақытта оппозицияның қызметіне тыйым
салу үшін барлық шараларды қолданады
3 Демократияның теориялары мен модельдері. Демократиялық
режим
Демократия» термині қазіргі саясат пен саяси ғылымдағы ең көп тараған
термин. Көпшіліктің мақұлдауы бойынша шешімдер қабылдау және оларды
іске асыруда азшылықтың кепшілікке бағынуы — демократияның ең басты
белгісі. «Демократияның теория мен практика ретіндегі даму кезеңдері
антикалық және классикалық демократия, ортағасырлардағы демократиялық
институттар, Жаңа заманның либералдық демократиясы және қазіргі кездегі
демократия болып табылады
Антикалық және классикалық демократия. Ежелгі дүниенің көрнекті
демократиялық құрылыстарының бірі — антикалық демократия б.д.д. V ғ.
пайда болды. Оның шығу тегі мен дамуы Солон мен Периклдің
қызметтерімен байланысты.
Тікелей афины демократиясының күмәнсіз артықшылықтарымен қатар
белгілі бір жағдайларда шынайылық болатын теріс белгілері де болды.
Халық жиналысының билігі ештеңемен шектелінбеді және жеке өмірдің кез-
келген көрінісіне ықпалын тигізді. Биліктің шексіздігі мен барлық жерге енуі
демократияның тиранияға ету қаупін төндірді.
Қазіргі, мүмкін демократиялық қоғам екі формада болуы мүмкін және
болады да: ізгі мемлекет және әлеуметтік демократияның қоғамы
формасында. Бұл тарихи формалар ішкі және сыртқы факторлардың
жиынтығымен, тарихи дәстүрлермен (ұлттық, діни, әлеуметгік-мәдени және
т.б.), қоғамның менталитетімен, қазіргі шынайылықтармен және саясаттан
тыс жағдайлармен анықталынады.
Демократия, біздің көзіміз жеткендей, тарихи, яғни әрбір тарихи дәуірде
белгілі бір нақты формада көрінеді.
Қазіргі күндегі демократия тарихи дамудың нәтижесі және бұрынғы
формалардың шектеулерін жеңе отырып, олардың өтпелі емес, яғни барлық
жағымды көптеген белгілерін жинақтаған.
4 Қазіргі демократиялардың жалпы белгілері, олардың құндылығы
мен кемшіліктері.
Соңғы он жыл бойына қазіргі қоғам, қазіргі мемлекет және қазіргі
демократия туралы жиі айтылып та, жазылып та жүр. Қазіргі қоғамның
критерилері шынайы саяси жүйелер мен мемлекеттерді, адамның құқығы мен
бостандығынын, ахуалын, халық билігінің деңгейін бағалау үшін қызмет
етеді. Осы рухта модернизмның көптүрлі теориялары пайдаланылып келеді.
Қазіргі, мүмкін демократиялық қоғам екі формада болуы мүмкін және
болады да: ізгі мемлекет және әлеуметтік демократияның қоғамы
формасында. Бұл тарихи формалар ішкі және сыртқы факторлардың
жиынтығымен, тарихи дәстүрлермен (ұлттық, діни, әлеуметгік-мәдени және
т.б.), қоғамның менталитетімен, қазіргі шынайылықтармен және саясаттан
тыс жағдайлармен анықталынады.
Демократия, біздің көзіміз жеткендей, тарихи, яғни әрбір тарихи дәуірде
белгілі бір нақты формада көрінеді.
Қазіргі күндегі демократия тарихи дамудың нәтижесі және бұрынғы
формалардың шектеулерін жеңе отырып, олардың өтпелі емес, яғни барлық
жағымды көптеген белгілерін жинақтаған.
Қазіргі демократия — бүл:
- өкілдік (репрезантативті) және тікелей демократияның бірлігі;
- әлеуметтік-шектеулерден бөлек барлығына ортақ демократия;
- плюралистік демократия;
- әлеуметтік демократия.
Қазіргі демократиялық саяси жүйе демократияның фундаментальды
принциптерін тануға негізделінген және оларды түсінудің жаңа деңгейін
бейнелейді. Ол осы принциптер тек толықтай ғана емес, көп жағдайда
жаңаша, уақыт талаптарын ескере отырып іске асатын саяси институттардың
жүйесін білдіреді.
Ізгі мемлекет құқықтық мемлекет пен олар үйымдастырған саяси
қауымдастық ретінде қалыптасады.
Қазіргі демократиялық мемлекет әлеуметтік мемлекет, яғни әлеуметтік
аспектілермен байытылған құқықтық мемлекет. Басқаша айтқанда, бұл
құқықтық және әлеуметтік аспектілердің бірлігін жүзеге асырған мемлекет.
Сонымен қатар, ол формалды теңдікті жариялаумен табыспайды, шынайы
бірлікті азаматтардың саяси өмірге, мемлекет істерін басқаруға қатысуының
мүмкіндіктерінің теңдігі ретінде қамтамасыз етеді. Бұл демократияның басқа
фундаменталды принциптерінің бірі — халық билігі принципі толықтай
жүзеге асады.
5 Конституциялық және абсолютті монархиялық мемлекеттердің
айырмашылығын ашып көрсетіңіз
Билікті ұйымдастыру тәсілі бойынша монархия және республика
болып бөлінеді.
Монархия — мемлекеттегі жоғары билік мұрагерлік арқылы берілетін
басқару формасы
Абсолюттік монархия мемлекет басшысының шексіз билікке ие
екендігін білдіреді. Ол мемлекет басшысы мен үкіметтің функцияларын
атқарады, заңдар шығарады, жоғары сот және бас қолбасшы болады.
Конституциялық монархияда өкілдік демократияның барлық
институттары қызмет етеді. Монарх билігі заң шығарушы қызметке
таралмайды және басқару ауқымы шектелген. Заңдарды парламент
қабылдайды, ал үкімет парламенттік көпшілік негізінде және парламентке
есеп беретіндей құрылады.
6 Азаматтық қоғам тұжырымдамасы, ерекшеліктері.
Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен
еркіндіктері заң жүзінде қамтамасыз етілетін және саяси қорғалатын,
мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесімді дамыған коғам. Оны
ішкімемлекеттік қатынастардың дамуына ықпал жасайтын адамдар
топтарының ұйымдасқан әрекеті ретіндеде анықтауға болады. Қоғам
мүдделеріне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қоғамның
маңызды белгісі болып табылады.
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған
қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдык
ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа
бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы,
салттары кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және
рухани өмірінін, түрін еркін тандауына және жүзеге асыруына заң жүзінде
кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан
сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы кұқықтары сақталады,
бұзылмайды.
Азаматтық қоғам экономикасының негізі — әр түрлі меншіктегі көп
укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады
және оны өз калауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді
іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және
қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда
адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей
азаматтық кұқықтары жүзеге асырылады:
-үлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстык белгілері бойынша
қандай да болсын алалаушылыкка жол берілмейді;
— жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі,
мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп-кету,
хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз
және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;
— адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
— азаматтық кұкықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан
толық қорғалады.

7 Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері.


Демократияға бейбіт жолмен өтудің үш түрі бар.Біріншісінде,реформа
жоғарыдан басталады.Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды түсініп,
ешкімнің зорлығынсыз,өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді.Екіншісінде,
амалсыздықтан биліктен бас тарту.Үшіншісінде,билік басындағылар
оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен
демократияға өтеді.Мысалы,Испания,Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және
т.б.Авторитарлық және тотлитарлық саяси тәртіптен демократиялық тәртіпке
көшу әр елде әр түрлі өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия,
Италия, Жапонияда буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери
күшінің көмегінің арқасында орнады. Португалия, Испания, Грецияда
мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық,
саяси және моральдық-психологиялық қолдауының, сүйемелдеуінің
арқасында жүзеге асты.Зерттеушілер Шығыс Еуропа елдерінде
тоталитаризмнен, авторитаризмнен, жаңа қоғамдық жүйеге өтуде үш
қайшылық болғанын көрсетеді: 1.Әкімшілдік –әміршілдік, тоталитарлық
құрылымдарды көппартиялық демократияға ауыстырудағы объективті
қажеттілік пен осы ауыстыру кезінде пайда болған демократияға қарсы, жаңа
тоталитарлық көріністер мен құбылыстар арасындағы қайшылықтар. 2.
Ғылыми–техникалық революцияның қазіргі сатысында орталықтанған,
жоспарлы-нұсқау тәртібіндегі экономикадан базарлығы көп жүйеге көшудің
объективті қажеттілігі мен бір жағынан оған шын мәніндегі әлеуметтік
кедергілер арасындағы қайшылықтар. 3.Жаңа қоғамдық қайта құруға,жаңа
демократиялық қоғамға көшуге жалпы ынталану мен осы жаңа қоғамның
ғылыми концепциясының болмауы арасындағы қайшылықтар. Бұл
қайшылықтар КСРО елдерінде үнемі білініп,кесірін тигізіп отыр.
Тоталитаризмнен демократияға көшу саласы теориясының мамандары бұл
өтуде әр түрлі екі саяси процестің бар екенін көрсетеді: либералдандыру
және демократияландыру. Либералдандыру – жеке адамдардың да,қоғамдық
институттардың да құқықтарын қайтадан бөліп, кеңейтіп береді.
Демократияландыру – өте күрделі процесс, ол қабылданған шешімдер мен
міндеттемелерде барлық азаматтардың теңдігін бекітеді, осындай
шешімдерді қабылдағандарға азаматтар алдында жауапкершілік артады. Бұл
процестер тәуелсіз Қазақстан Республикасында анық орын алып отыр.

Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын


бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің 8
8 Қазақстандық қоғамды демократияландыру
Қазақстан — демократиялық мемлекет

ҚРК-да демократияның мәні - «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз


билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық атынан сөйлеу
құқы Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни,
ҚР Президентін және Парламентті  халықтың өзінің сайлауы немесе
мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген
тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады.

Казақстан мемлекетінің демократиялылығы референдумды демократиялық


жолмен өткізуден де көрінеді. Референдумды өткізу мынадай:

1) азаматтардың  референдумға ез ыктиярымен катысуы 
және еркін ашық білдіруі;

2) азаматтардың  референ-думға жасырын дауыс беру 
арқылы жалпыға бірдей, тең және  төте катысу құкығынын берілуі;

3) жариялылык принциптеріне  негізделеді. Конституцияны,


конституциялыкзандарды, Респуб-лика зандарын, оған өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу мәселелері  референдумға шығарылады.
Референдумға  Республика-ның мемлекеттік өміріндегі 
өзге де шешілуіне катысты  өте ма-нызды мәселелер енгізілуі  мүмкін. Саяси
режим кон-ституциялық нормалар кызметінін накты деңгейін айкын
көрсетеді. Қазакстан Республикасынын Конституциясы демо-кратиялық
саяси режлмді кездейді.

дағдарысын жеңе білуі деп танылады.

9 Сайлау жүйелерінің түсінігі, түрлері.


Сайлау жүйесі деп өкілетті және мемлекеттің сайланбалы билік
органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке
келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Жалпы алғанда сайлау
жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді (кандидаттарды)
ұсынудың тәртібі, процесі және негізгі принциптері, оны ұйымдастыру,
материалдық жағынан қамтамасыз ету, сайлаушылармен жұмыс жүргізу
және т.б. шаралар кіреді.
Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады
және арнайы заңда нақтыланады. Мұндай құқыктык нормалардың
жиынтығын сайлау құқығы дейді. Оның 2 түрі бар: 1) белсенді түрі, 2) бәсең
түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құкығын білдіреді. Бәсең (енжар)
түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі.
Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу
принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционалдық,
және аралас түрі болып бөлінеді.
Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар
белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары
билік органдарына кіре алмайды.
Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы.
Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және бір
дауыс) алған талапкер саналады. үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол
сайланған болып есептеледі. Мажоритарлык жүйенің салыстырмалы
көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50
пайыздан артық дауыс алу шарт емес.
Пропорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы — ол
көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған
мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропорционалдықты
басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында
емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді
10Сайлау процедуралары мен сайлау науқаны.
Сайлау процедурасы – бұл мемлекеттің сайлауды ұйымдастыру және өткізу
бойынша іс-шаралары.
Сонымен қатар, сайлау процедурасы ұйымдастыру ережелерінің жиынтығы
ретінде ұзақ мерзімде өзгеріссіз болып, ол уақыт аралығында бірнеше сайлау
кампаниясы өткізілуі мүмкін. Сайлау процедурасы, көше қиылысындағы
көлік қозғалысын реттеуші жол-патрульдік полициясының қызметкері
секілді, сайлау кампаниясының ережелерін реттейді.  

Сайлау процедурасына: сайлауды тағайындау, сайлауға жауапты органдарды


құру, жергілікті сайлау округтерін ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу,
сайлауды белгілі бір деңгейде қаржыландыру, сайлауды өткізу кезінде
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дауыс берудің нәтижесін анықтау кіреді

11 ПР, саяси жарнама және имиджелогия.


Саяси жарнама – сайлау алдындағы науқанды жариялаудың анағұрлым
қызулы дауын туғызатын жайт. Саяси жарнаманы берудің бірнеше жолы бар:
біріншіден, телеарна арқылы, яғни эфирге шығу арқылы сайлау алдындағы
өзінің үгіт-насихатын жасайтын кандидат халыққа үн қата алады. Екіншіден,
плакат, афиша түріндегі жарнама саяси тұлғаларды өзін танытуына зор
мүмкіндік береді. Үшіншіден, радио арқылы сұхбат беру немесе тікелей
халық сұрағына жауап беру тәсілі бар. Төртінші, баспасөз арқылы халыққа
өзін жария ету мүмкіндігі беріледі. Ең қымбат жарнама тележарнама
болғандықтан эфир уақытының ұзақ-қысқалығын қаражат мәселесі шешеді.
Саяси имидж – саясаткердің өзі туралы, оның түлғалық қасиеттерін
бүқаралық ақпарат құралдарымен, қоршаған ортамен берілген түсініктер
негізіндегі жасалған бейнесі; адамның, топтың, оқиғаның, үрдіс немесе
құбылыстың кәсіби имиджмейкерлермен аудитория санасында жасалған
ойдағы үлгісі. Имидж – мамандармен жасалған бейне үлгісі.Саяси имиджде
келесі белгілер маңызды: өзіне және өзінің ісіне сенімділік; қоғамға қызмет
көрсету ұстанымы; адамдарға қамқорлық көрсету, олардың проблемаларын
жақсы білу, олардың өмірін жақсартуға ұмтылу; энтузиазм, оң эмоциялар
тудыру; шешімділік, ерік, энергия; жоғары моральдық қасиеттер; адамдарға
ықпал ете алу. Имидж саяси құбылыс ретінде қабылданады. Имидж –
саясаткерді сәтті сату үшін дайындалған қайталанбайтын саяси ұсыныс.
12 Белсенді және бәсең, төте және жанама, ашық және жасырын сайлау
түрлері

Сайлау жүйесі деп өкілетті және мемлекеттің сайланбалы билік органдарын


құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген
нормалар, ережелер жиынтығын айтады

Сайлау құқығы екі мағынада анықталады:


1. Белсенді сайлау құқығы – бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандай-
да бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы;
2. Бәсең сайлау құқығы – бұл азаматтардың өкілді органдарға,
сайланбалы лауазымдарға сайлануға құқығы.
Төте сайлауда- сайлаушылар кандидаттар үшін тең құқықта, Жанама
сайлауда-сайлаушылар белгілі бір кандидаттарға дауыс бермейді тек оны
іріктеушілерге дауыс береді

Жабық сауалға «иә», «жоқ» немесе басқа бір сөзден тұратын деген жауап
қайтарылады. Ашық сауалдарға: қалай?, қалайша?, қашан?, қандай?, қай
жерде?, неге?, неліктен?, не үшін?, қанша? Және т.б. сұрақ сөздері жатады

13 Сайлаулар Қазақстан Республикасындағы демократияның ажырамас


атрибуты ретінде.

Еліміздің сайлау жүйесіне келсек Қазақстан Республикасы


азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуға кұқығы бар. Сайлау
жалпыға бірдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру
жағдайында өткізіледі.
Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - Қазакстан Республикасының
он сегіз жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға
қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса алады.
үзартылған).
Еліміздің кәсіби парламенті түңғыш рет 1994 ж. 7 наурызда сайланған.
Бірақ 1995 ж. наурызда Конституциялық Сот оны заңсыз деп, таратып
жіберді. 1995 ж. жаңа Конституция бойынша екі палаталы Парламент
сайланды. Жоғарғы палата (Сенат) 47 депутаттан тұрды, оның 7 сенаторын
Президент тағайындайды. Төменгі палата (Мәжіліс) 67 депутаттан тұрады.
1999 ж. Жаңа парламенттік сайлау болды. Парламент мүшелерінің бір бөлігі
партиялық тізім бойынша сайланды.
Конституцияда Президенттікке және Парламент депутаттарына
үміткерлер үшін жас шегі және сол лауазымда болу мерзімінің шегі
белгіленген. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан
Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлекеттік тілді
еркін меңгерген әрі Қазакстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын Республика
азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған Қазақстан
Республикасының азаматы сайлана алады. Сенат депутаты болып
азаматтықта кем дегенде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғары білімі және
кем дегенде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республикада кем дегенде 3 жыл
тұрақты тұратын азамат сайлана алады. Мәслихат депутаты болып Қазақстан
Республикасының 20-ға толған азаматы сайлана алады.
14 Мажоритарлық, пропорционалдық және аралас сайлау жүйелері
Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу
принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционалдық,
және аралас түрі болып бөлінеді.
Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар
белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары
билік органдарына кіре алмайды.
Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы.
Абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты (50 пайыз және бір
дауыс) алған талапкер саналады. үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол
сайланған болып есептеледі. Мажоритарлык жүйенің салыстырмалы
көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50
пайыздан артық дауыс алу шарт емес.
Пропорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы — ол
көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған
мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропорционалдықты
басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында
емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді
аралас сайлау жүйес Онда депутаттық мандаттың бір бөлігі
мажоритарлык жүйе принципі арқылы жеңіп алынады, екінші бөлігі партия
тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді. Ұсақ партиялардың өкілдерін
шектеу үшін мұндайда төменгі шек қойылады. Мысалы, Германияда 5
пайыздан кем дауыс алған партияның өкілеттілігі шектеледі, яғни
парламентте орын ала алмайды. Бұл жүйе тұрақты үкімет құруға мүмкіндік
береді.
15 Қазақстандағы Президент, Парламент сайлау жүйесі.
Конституцияда Президенттікке және Парламент депутаттарына
үміткерлер үшін жас шегі және сол лауазымда болу мерзімінің шегі
белгіленген. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан
Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлекеттік тілді
еркін меңгерген әрі Қазакстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын Республика
азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған Қазақстан
Республикасының азаматы сайлана алады. Сенат депутаты болып
азаматтықта кем дегенде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғары білімі және
кем дегенде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республикада кем дегенде 3 жыл
тұрақты тұратын азамат сайлана алады. Мәслихат депутаты болып Қазақстан
Республикасының 20-ға толған азаматы сайлана алады.

You might also like