You are on page 1of 8

1. ТОТАЛИТАРИЗМ МЕН АВТОРИТАРИЗМ АЙЫРМАШЫЛЫГЫ.

А) Авторитарлық режимнің режимі бір адамның немесе бүкіл биліктің күшін


пайдаланатын комитеттің ережесімен сипатталады

Б) Екінші жағынан, тоталитаризм дегеніміз - авторитаризмнің толық формасы немесе


экстремалды түрі. Барлығы басқарудың тоталитаризм түрінде диктатор деп аталатын
жалғыз адамның қолында. Басқаша айтқанда, елдің әлеуметтік және экономикалық
аспектілері де үкіметтің бақылауында деп айтуға болады. АЙырмашылыгы:

• Авторитарлық режимнің режимі бір адамның немесе бүкіл басқару күшін қолданатын
комитеттің ережесімен сипатталады.

• Тоталитаризм - авторитаризмнің экстремалды түрі.

• Авторитаризмде әлеуметтік және экономикалық институттар үкіметтің бақылауынан тыс


жерде болады. Мұндай жағдай тоталитаризмге жат емес. Үкімет бәрін басқарады.

• Авторитаризмнің көшбасшысы адамдарды қорқыныш пен ықыласпен басқарады.


Адамдарды оған опасыздық жасаудан және оған көмектесетіндерге жағымсыздықты
тоқтатудан қорқыңыз

• Тоталитаризм жағдайында лидер автоматты түрде өзінің харизма арқасында


адамдармен бірге жүреді.

2.САЯСИ РЕЖИМ ТУРЛЕРИ ТИПТЕРИ.

Мемлекеттік (саяси-құқықтық) режимнің түсінігі дегеніміз – қоғамдағы


мемлекеттік билікті іс жүзіне асыру жолдарының әдістерінің жиынтығы. Саяси
режимде көпшілік, бірақ олар демократиялық (консервативтік, либералдық)
және антидемократиялық (диспотиялық, тоталитарлық, авторитарлық, расистік)
режимдер қалпында белгіленеді. Антидемократиялық режим – монархиялық,
сондай-ақ республикалық басқару нысанында белгіленуі мүмкін. Олар мынадай
белгілерімен сипатталады: толық түрде мемлекетті, яғни қоғам өмірінің барлық
аясын: экономиканы, саясатты, идеологияны, әлеуметтікті, мәдени ұлттық
құрылымдарды тексеруге тырысады; мемлекеттік билікті шексіз бір ортаға
біріккен билік түрінде, шын мәніндегі бір өкілдіктегі органға не бірнеше органға
біріктіру

3-сұрақ Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде

Антидемократиялық тәртіп  тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.

Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің
барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік – саяси құрылымды
айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың
жеке өмірі және т. б.  – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Тоталитарлы саясаттық жүйе -
мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси
жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі
принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының
тұтасып кетуі; Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сот жүргізеді.
Ол партия оған кірген мүшелердің еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің
ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады.

4Авторитарлық саяси режим ерекшелігі.

Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты
билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері:
абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық


саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін
қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды;
саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін
әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы
авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін
дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық
тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат
тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм
индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды.
Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін
авторитарлық саяси жүйелер орныққан
5. ДЕМОКРАТИЯ

Демократия ұғымын бірнеше мағынада қолдануға болады: 1) мемлекеттің


типі мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару
органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер
қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі;
3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі
ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың
ұлтгық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі
рең алуы мүмкін.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени,
идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне әр
түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен
құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі,
тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік
құрылысты айтамыз.
6. ДЕМОКРАТИЯНЫН БЕЛГИЛЕРИ
Демократияның негізгі ұстанымдары:
1. Демократия ұжымдық шешімді қолданады.
2. Мемлекеттік билік органдарына азаматтардың, әлеуметтік топтардың арасынан ең
таңдаулылары, ең қалаулылары сайланады.
3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп береді.
4. Әрбір азаматтың билікке сайлануына (өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі.
Демократиялық ұстанымдардың әрбір адам үшін тиімділігі осында. Енді “демократия”
деген ұғымның ежелгі және теориялық мағынасына көшелік. 
Кемшилиги: жыныстары бирдей адамдар соз еркиндиги.
7. Конституциялык пен Абсолютти монархия ацырмашылыгы
Абсолютті монархия мен конституциялық монархияның айырмашылығы мынада:
абсолютті монархияда монарх жоғарғы немесе абсолютті өкілеттіктерге ие, ал
конституциялық монархияда мемлекет басшысы мұрагерлік немесе сайланған монарх
болып табылады.

Конституциялық монархиядағы заң абсолютті монархиядағы заңнан өзгеше болуы мүмкін.


Абсолютті және конституциялық монархиялар арасындағы айырмашылықтар XVI-XVII
ғасырларда көптеген Еуропа елдері абсолютизм және конституциялық монархиялармен
тәжірибе жасаған кезде пайда болды.

Абсолютті монархия сондай-ақ демократиялық емес монархия деп аталады және


конституциялық монархия либералды монархия деп те аталады. Абсолютті монархияда
патша немесе патшайым абсолютті және жалпы билікпен басқарады, ал конституциялық
монархияда патша немесе патшайымның өкілеттіктері шектеулі, өйткені олар
парламентпен немесе басқару органымен бірге билік етеді. Басқаша айтқанда, абсолютті
монархияның патшасы немесе патшайымы - диктатор.

8.АЗАМАТТЫК КОГАМ
Адам  қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері  қандай -бұл туралы бір қорытынды 
пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті  ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған
саяси сипаттама  берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси  қайраткерлердің,
ойшылдардың айтуынша — қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл 
бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес.
Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-
мақсатты біріктіріп, дамытып отырады
Қоғамның  тарихи объективтік қалыптасқан  негізгі ерекшеликтери

- саналы  адамдардың ерікті түрде бірлесіп  одақ құруы;

- қоғамдық  түпкілікті, нақты, объективтік мүдде  мақсаттың қалыптасуы;

- адамдардың  өзара ынтымақтастығының,  бірлігінің  қалыптасуы;

- қоғамдық  мүдде-мақсат, тілек арқылы қарым-қатынастарды  реттеп -


басқару;

- қоғамды  басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын  аппараттың,


мемлекеттік биліктің  өмірге келуі.

9.Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту ерекшеліктері

Демократияға бейбіт жолмен өтудің үш түрі бар.Біріншісінде,реформа


жоғарыдан басталады.Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды
түсініп, ешкімнің зорлығынсыз,өз еріктерімен саяси жүйені
өзгертеді.Екіншісінде, амалсыздықтан биліктен бас
тарту.Үшіншісінде,билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге
келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға
өтеді.Мысалы,Испания,Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және
т.б.Авторитарлық және тотлитарлық саяси тәртіптен демократиялық
тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялық демократиялық тәртіп
АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады. Португалия,
Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің
қаржылық-экономикалық, саяси және моральдық-психологиялық
қолдауының, сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты.Зерттеушілер
Шығыс Еуропа елдерінде тоталитаризмнен, авторитаризмнен, жаңа
қоғамдық жүйеге өтуде үш қайшылық болғанын көрсетеді: 1.Әкімшілдік –
әміршілдік, тоталитарлық құрылымдарды көппартиялық демократияға
ауыстырудағы объективті қажеттілік пен осы ауыстыру кезінде пайда
болған демократияға қарсы, жаңа тоталитарлық көріністер мен
құбылыстар арасындағы қайшылықтар. 2. Ғылыми–техникалық
революцияның қазіргі сатысында орталықтанған, жоспарлы-нұсқау
тәртібіндегі экономикадан базарлығы көп жүйеге көшудің объективті
қажеттілігі мен бір жағынан оған шын мәніндегі әлеуметтік кедергілер
арасындағы қайшылықтар. 3.Жаңа қоғамдық қайта құруға,жаңа
демократиялық қоғамға көшуге жалпы ынталану мен осы жаңа қоғамның
ғылыми концепциясының болмауы арасындағы қайшылықтар. Бұл
қайшылықтар КСРО елдерінде үнемі білініп,кесірін тигізіп отыр.
Тоталитаризмнен демократияға көшу саласы теориясының мамандары
бұл өтуде әр түрлі екі саяси процестің бар екенін көрсетеді:
либералдандыру және демократияландыру. Либералдандыру – жеке
адамдардың да,қоғамдық институттардың да құқықтарын қайтадан бөліп,
кеңейтіп береді. Демократияландыру – өте күрделі процесс, ол
қабылданған шешімдер мен міндеттемелерде барлық азаматтардың
теңдігін бекітеді, осындай шешімдерді қабылдағандарға азаматтар
алдында жауапкершілік артады. Бұл процестер тәуелсіз Қазақстан
Республикасында анық орын алып отыр.

Қазіргі демократиялық өмірге көшу үшін халықтың қазына тұтатын


бағдарының өзгеруі, соған орай туатын қоғамның саяси мәдениетінің
дағдарысын жеңе білуі деп танылады.

10. Қазақстандық қоғамды демократияландыру

Қазақстан — демократиялық мемлекет

ҚРК-да демократияның мәні - «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз билігін
тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК-да халық атынан сөйлеу құқы Парламент
пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және
Парламентті  халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті
лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген тәртіп пен республика заңдары
бойынша іске асырылады.
Казақстан мемлекетінің демократиялылығы референдумды демократиялық жолмен
өткізуден де көрінеді. Референдумды өткізу мынадай:

1) азаматтардың  референдумға ез ыктиярымен катысуы  және еркін ашық білдіруі;

2) азаматтардың  референ-думға жасырын дауыс беру  арқылы жалпыға бірдей,


тең және  төте катысу құкығынын берілуі;

3) жариялылык принциптеріне  негізделеді. Конституцияны,


конституциялыкзандарды, Респуб-лика зандарын, оған өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу мәселелері  референдумға шығарылады. Референдумға 
Республика-ның мемлекеттік өміріндегі  өзге де шешілуіне катысты  өте ма-
нызды мәселелер енгізілуі  мүмкін. Саяси режим кон-ституциялық нормалар
кызметінін накты деңгейін айкын көрсетеді. Қазакстан Республикасынын
Конституциясы демо-кратиялық саяси режлмді кездейді.

11 Сайлау түсінігінің мәні туралы қазақша реферат

Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы
органдары құрамына әсер етері сөзсіз.

Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі – оның азаматтарының лауазымды адамдар мен


мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін
дауыс беру арқылы қатысуы болып табылады. Сайлау жүйесі дегеніміз – өкімет органдарына
ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық
қатынастардың жиынтығы.

Жалпы сайлау жүйесі демократиялық өзгерістер ауқымында батыстық, ресейлік ғалымдармен


жан-жақты зерттеліп жүр.

12. САЙЛАУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ МЕН САЙЛАУ НАУҚАНЫ.

Сайлау процедурасы – бұл мемлекеттің сайлауды ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралары.
Сонымен қатар, сайлау процедурасы ұйымдастыру ережелерінің жиынтығы ретінде ұзақ мерзімде
өзгеріссіз болып, ол уақыт аралығында бірнеше сайлау кампаниясы өткізілуі мүмкін. Сайлау
процедурасы, көше қиылысындағы көлік қозғалысын реттеуші жол-патрульдік полициясының
қызметкері секілді, сайлау кампаниясының ережелерін реттейді.  

Сайлау процедурасына: сайлауды тағайындау, сайлауға жауапты органдарды құру, жергілікті сайлау
округтерін ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу, сайлауды белгілі бір деңгейде қаржыландыру,
сайлауды өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дауыс берудің нәтижесін анықтау кіреді

13 cұрақ ПР, саяси жарнама және имиджелогия.

Саяси жарнама – сайлау алдындағы науқанды жариялаудың анағұрлым қызулы дауын


туғызатын жайт. Саяси жарнаманы берудің бірнеше жолы бар: біріншіден, телеарна
арқылы, яғни эфирге шығу арқылы сайлау алдындағы өзінің үгіт-насихатын жасайтын
кандидат халыққа үн қата алады. Екіншіден, плакат, афиша түріндегі жарнама саяси
тұлғаларды өзін танытуына зор мүмкіндік береді. Үшіншіден, радио арқылы сұхбат беру
немесе тікелей халық сұрағына жауап беру тәсілі бар. Төртінші, баспасөз арқылы халыққа
өзін жария ету мүмкіндігі беріледі. Ең қымбат жарнама тележарнама болғандықтан эфир
уақытының ұзақ-қысқалығын қаражат мәселесі шешеді. Саяси имидж – саясаткердің өзі
туралы, оның түлғалық қасиеттерін бүқаралық ақпарат құралдарымен, қоршаған ортамен
берілген түсініктер негізіндегі жасалған бейнесі; адамның, топтың, оқиғаның, үрдіс немесе
құбылыстың кәсіби имиджмейкерлермен аудитория санасында жасалған ойдағы үлгісі.
Имидж – мамандармен жасалған бейне үлгісі.Саяси имиджде келесі белгілер маңызды:
өзіне және өзінің ісіне сенімділік; қоғамға қызмет көрсету ұстанымы; адамдарға
қамқорлық көрсету, олардың проблемаларын жақсы білу, олардың өмірін жақсартуға
ұмтылу; энтузиазм, оң эмоциялар тудыру; шешімділік, ерік, энергия; жоғары моральдық
қасиеттер; адамдарға ықпал ете алу. Имидж саяси құбылыс ретінде қабылданады. Имидж
– саясаткерді сәтті сату үшін дайындалған қайталанбайтын саяси ұсыныс.

14.Сұрақ Белсенді және бәсең, төте және жанама, ашық және жасырын сайлау түрлері

Сайлау құқығы екі мағынада анықталады:

1. Белсенді сайлау құқығы – бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандай-да бір
кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы;
2. Бәсең сайлау құқығы – бұл азаматтардың өкілді органдарға, сайланбалы
лауазымдарға сайлануға құқығы.
Төте сайлауда- сайлаушылар кандидаттар үшін тең құқықта, Жанама сайлауда-
сайлаушылар белгілі бір кандидаттарға дауыс бермейді тек оны іріктеушілерге дауыс
береді

Жабық сауалға «иә», «жоқ» немесе басқа бір сөзден тұратын деген жауап қайтарылады.
Ашық сауалдарға: қалай?, қалайша?, қашан?, қандай?, қай жерде?, неге?, неліктен?, не
үшін?, қанша? Және т.б. сұрақ сөздері жатады.

27 сурак

Идеология дегеніміз көзқарастар мен идеялар жүйесі. Саяси идеология дегеніміз


абстрактілі теориялық түсініктің идеялар, теориялар, абстрактілі практиканың
бағдарламалары, шешімдері, лозунгтық жүйесі
Саяси идеология жалпы идеялогияның да өзегі. Оның ерекшелігі саяси болмысты
түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс әрекетті бағыттайды. Қоғам өмірінде
идеялогия маңызды рөлді атқарады. Оның қызметтері мынадай: 1) идеялогияның
танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді. 2) Бағдарламалық
қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік жөнінде мағлұматтар беріп,
адамның іс әрекетіне бағыт бағдар көрсетеді.3) Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның
жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат мүдделерді айқындап, саяси идеялогия
саяси іс әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға
жұмылдырады, рухтандырады. 4) Амортизациялық қызметі. Саяси іс әрекетті түсіндіру
тәсілі болып, идеалогия әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен
күш жинап қайта серпілуге шақырады. 5) Бағалау қызметі. Идеалогия халық санасына қоғамның
қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп
отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Идеалогияны тудыратын
объективтердің маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеалогияның деңгейі неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдылығы азаяды. Идеалогияның
әлеуметтік негізі неғұрлым

28. Қазіргі кезеңдегі негізгі саяси идеологиялар. 

Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, либералдық және
радикалдық, ұлтшылдық және шовинистік болып жүр. Сондай тарихи тәжірибеге орай
антифашизм, антикоммунизм идеялары да өрістеу үстінде.

Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші


сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген
принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің
идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне , дамуына зор
ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі –
адамның еркіндігі

19. Саяси мәдениет ұғымына анықтама беріңіз


Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) – белгілі бір
қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Саяси
мәдениет адамдардың жүріс тұрысы мен әртүрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және
сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Бұл ұғым ХХ
ғасырдың екінші жартысында Г.Алмонд, С.Верба, Л.Пай деген американдық зерттеушілердің
көмегімен келді.Қызметтері: ТАНЫМДЫҚ, қоғам ен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар
мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен,
қоғамды басқарудың әдіс тәсілдерімен қаруландыру; РЕТТЕУШІЛІК, саяси жүйенің қалыпты
жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуеттік таптық, ұлттық
қатынастарды реттеу; ТӘРБИЕЛІК, әркімді қоғамдық саяси қызметке, әрекетке, саяси
белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында
жауапкершілікке баулу; БІРІКТІРУШІЛІК, қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы
әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға
жұмылдыру; ҚОРҒАУ, қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды,
қазыналарды сақтау; САБАҚТАСТЫҚ, саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып,
саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Саяси мәдениет үш деңгей түрінде
көрініс табады: 1) саяси жүйе, оның рөлі, сол рөлдерді алып жүрушілер және оның қызмет етуі
туралы білімді қамтитын танымдық бағдарлар; 2) саяси жүйе, оның қызметі, қатысушылары және
қызметіне қатысты сезімдерді көрсететін эмоционалдық бағдарлар; 3) саяси жүйе, оның
қатысушылары мен олардың әрекеттеріне жеке қатынасты көрсететін бағалау бағдары.Саяси
мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері: “патриархалдық”
мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер,
сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген
жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы
еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген
бірегей топталумен сипатталады;”Бағыну, тәуелділік пен табыну” мәдениеті саяси басшылық
қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді “өндіруші мен сыйлаушы” ретінде
қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық
мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;”Қатысу” мәдениеті жүріс-
тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады,
мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін
нормалар мен өкімдерді “өндіруші” ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін
қатысушы ретінде де қабылдана алады.

You might also like