You are on page 1of 3

2.1.

1 Толқын теңдеуi (шектiң көлденең тербелiсiнiң теңдеуi)


Ұзындығы l тең, екi ұшынан бекiтiлiп керiлген шектiң көлденең ауытқуы
аз болатын, яғни ұзындығына қарағанда көлденең ауытқуы өте аз болатын
тербелiсiн қарастырайық. Мұнда шек деп июге қарсы кедергiсi жоқ, көлденең
қимасының ауданы ұзындығымен салыстырғанда өте аз, солқылдақ жiңiшке
жiптi елестетуге болады. Шектiң июге қарсы кедергi күшi жоқ болғандықтан t
уақыт мезеттегi x нүктесiндегi оның T (x, t) керiлу күшi сол x нүктедегi жанама
бағытымен бағыттас болады.
Айталық шек тепе-теңдiк қалпында Oxu жазықтығында Ox өсiнiң бойында
орналассын (сурет 2.1.1-1) және тығыздығы ρ = const тұрақты болсын. Шек
сыртқы F (x, t) күштiң әсерiнен тепе-теңдiк қалпынан көлденең ауытқысын, яғни
шектiң әрбiр нүктесi Ou өсiне параллелль бағытталып қозғалсын.
u Q
β
T2

P
α
Q T2
β T1
P
α
T1
x
0 x x + ∆x l

cурет 2.1.1-1 cурет 2.1.1-2

Шектiң x нүктелерiнiң t уақыт аралығындағы тыныштық күйден көлденең


ауытқуын u(x, t) деп белгiлейiк. Шектiң көлденең ауытқуы u(x, t) аз тербелiсi
қарастырылғандықтан u(x, t) және ux (x, t)-бiрiншi реттi туындыларының
квадраттары және олардың көбейтiндiлерi бұл шамалардың өздерiмен
салыстырғанда жоғарғы реттi аз шамалар болады. Сондықтан теңдеудi
қорытып шығаруда оларды ескермеуге болады, яғни u2 ≈ u2x ≈ uux ≈ 0 деп
есептеймiз.
Шектiң кез келген [x, x + ∆x] бөлiгiндегi тербелiстi қарастырайық (сурет
2.1.1-2). Бұл аралықтағы шек бөлiгiнiң ұзындығы1
x+∆x
Z p
lP Q = 1 + u2x dx ≈ (x + ∆x) − x = ∆x.
x

Бұдан көлденең ауытқуы аз тербелiс кезiнде шектiң кез келген бөлiгiнiң


ұзындығы өзгермейтiндiгiн көремiз. Олай болса Гукь заңы бойынша T (x, t)
керiлiс күшi уақыт өзгерiсiнен тәуелсiз болады T (x, t) = T (x).
Екiншiден, шектiң тек көлденең тербелiсi қарастырылғандықтан горизонталь
ауытқуы болмайды. Сонымен қатар инерция және сыртқы күштер Ou өсiне
параллелль болғандықтан олардың горизонталь компоненттерi, яғни Ox өсiндегi
проекциялары нөлге тең болады

|T1 | cos α = |T2 | cos β = T0 = const, (2.1.1)


1
Мат. анализ курсынан қисық доғаның ұзындығын табуды қараңыз.

27
мұндағы T1 = T (x), T2 = T (x + ∆x).
Шындығында, Даламбер қағидасы бойынша барлық әсер етушi күштердiң
Ox өсiндегi проекцияларының қосындысы нөлге тең болуы тиiстi:

− |T1 | cos α + |T2 | cos β = 0. (2.1.2)

Бұдан
1 1
cos x = p =p ≈1
1+ tg 2 x 1 + u2x

екендiгiн ескерсек, онда (2.1.2) теңдiктен

T (x) ≈ T (x + ∆x)

аламыз. Мұндағы x, ∆x кез келген болғандықтан, T (x) керiлiс күшi x


айнымалыдан да тәуелсiз, яғни T (x) = T0 = const тұрақты болады.
Ендi теңдеудi қорытып алу үшiн Ньютонның екiншi заңын 2 Ou өсi үшiн
жазайық

T1Ou + T2Ou + F · ∆x = ρ · ∆x · utt

немесе

− |T1 | sin α + |T2 | sin β + F · ∆x = ρ · ∆x · utt . (2.1.3)

Мұнда utt – үдеудi, ал ρ · ∆x – массаны бередi. Бұл (2.1.3) теңдiктiң екi жағын
(2.1.1) бойынша |T1 | cos α = |T2 | cos β = T0 бөлсек
F ρ
tgβ − tgα + ∆x = ∆x · utt
T0 T0
аламыз. Соңғы теңдiкке


∂u
tgα =
∂x x
және

∂u
tgβ =
∂x x+∆x

жанаманың бұрыштық коэффициенттерi екендiгiн ескерiп және оның екi жағын


∆x бөлейiк
ux (x + ∆x) − ux (x) F ρ
+ = utt . (2.1.4)
∆x T0 T0
2
ma = F1 + F2 + ...

28
(2.1.4) теңдiктен ∆x → 0 ұмтылдырып шекке көшсек, нәтижеде

utt − a2 uxx = f (x, t) (2.1.5)

T0
шектiң көлденең тербелiсiнiң теңдеуiн аламыз, мұндағы a2 = , f (x, t) =
ρ
1
F (x, t) , ρ = const.
ρ
(2.1.5) теңдеу бiр өлшемдi бiртектi емес толқын теңдеуi деп аталады. Егер
F (x, t) = 0 болса, яғни шек сыртқы күштiң әсерiнсiз тербелетiн болса онда
шектiң еркiн тербелiсiнiң теңдеуiн аламыз

utt − a2 uxx = 0. (2.1.6)

Бұл теңдеу бiртектi толқын теңдеуi деп аталады.


Көп өлшемдi жағдайда да (мысалға n = 2 өлшемдi жағдайда жазық
мембрана теңдеуiн) осындай жолдармен толқын теңдеуiн қорытып шығаруға
болады

utt − a2 ∆u (x, t) = 0, x = (x1 , x2 , ...xn ) ∈ Rn . (2.1.7)

2.1.2 Жылуөткiзгiш теңдеуi


Ұзындығы l тең, бiртектi, бүйiр бетiнен жылу изолирленген жiңiшке стержень
iшiндегi жылудың таралу құбылысын қарастырайық (cурет 2.1.2-3). Айталық
стержень Ox өсiнiң бойында орналассын және көлденең қимасының ауданы
S – изотермиялық (яғни кез келген уақыт мезетiнде көлденең қимасының
әрбiр нүктесiндегi температурасы бiрдей) бет болсын. Сонымен қатар t уақыт
мезетiндегi стерженнiң x қимасындағы температурасы u (x, t) болсын.
u

x
l
x x + ∆x

(cурет 2.1.2-3) - стержень iшiндегi жылудың таралуы.

Әуелi жылудың таралуына қатысты қажетi физикалық заңдылықтарды


келтiрейiк:

• Фурье заңы. Егер дене температурасы бiрқалыпты болмаса, онда


оның iшiнде жылу ағыны пайда болады және ол жылу ағыны жоғары
температуралы ортадан төменгi температуралы ортаға бағытталып

29

You might also like