You are on page 1of 7

Зерттеу эссесі

«Қазіргі уақыттағы авторлық құқық түсінігі және оның қорғалу


дәрежесі»

Орындаған:
«Есеп және аудит» мамандығының
3 курс студенті
Қаныбек Шерхан
Тексерген:
ф.ғ.к., доцент Жаксыбаева Б. Б.

Алматы, 2021
Жоспар
1.Кіріспе
1.1 Зияткерлік меншік туралы түсінік, меншіктен зияткерлік меншік
айырмашылығы
2. Негізгі бөлім
2.1 Қазақстандағы зияткерлік меншіктің көрінісі
2.2 Авторлық құқықтың қоғамға тигізер пайдасы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Менің зерттеу эссемде көтеріп отырған негізгі мәселем зияткерлік
меншіктің қоғамға, билікке тигізер пайдасы мен заң жүйесінің зияткерлік
меншікпен байланысы. Сонымен қатар эссемнің кіріспе бөлімінде меншік
пен зияткерлік меншіктің айырмашылығын анықтай отырып, автордың
құқығының қорғалуы қажет деген көзқарасты айтып кетесін. Жалпы біздің
қоғамда зияткерлік меншік ұғымының пайда болғанына көп уақыт өтпеді.
Соған байланысты зияткерлік меншік туралы қоғамда, шығармашылық
адамдар арасында, зияткерлік меншік түсінігінің дұрыс
қалыптаспағандығына көз жеткізуге болады. Бүгінгі таңда зияткерлік меншік
ұғымын біз қалай түсінеміз? Бірінші меншік түсінігі ойға келеді. Бірақ
меншік пен зияткерлік меншіктің айырмашылығы үлкен. Сонымен қатар
қоғамдағы атқаратын қызметі мен орны тым бөлек. Бұл екі анықтама өзінше
ерекше бағытта қолданылатын, әр түрлі түсініктерді беретін, өзіндік
ерекшеліктерімен айқындалатын, қарастыру объекттері бөлек экономиканың
бөлшектері. Жеке меншік түсінігі ол бізге тиесілі жер, үй, көлік, ғимарат,
ақша, бағалы қағаздар секілді экономикалық, материалды объектілеріміз.
Бұлар біздің күнделікті қажеттілігімізді қаматамасыз етуші экономикалық
факторлар. Ал зияткерлік меншік түсінігіне әдеби, көркем және басқа
ғылыми жұмыстар, суретшілердің туындылары, дыбыстық жазба, радио және
телевизиялық хабарлар, адам қызметінің барлық салаларындағы
өнертабыстар, ғылыми жаңалықтар, өнеркәсіптік үлгілер, сауда белгілері,
қызмет көрсету белгілері, компания атаулары, коммерциялық белгілеулер
секілді объектілер жатады [1. 20 б. ]. Бұл салалардың әрқайсысы қоғамға
қажет, қоғамда әрқайсысының атқаратын қызметі бар. Меншік түсінігі
жалпыға қарапайым мағынада түсінікті, ал зияткерлік меншік түсінігі
талқылауды қажет етеді. Шығармашылықпен айналысатын тұлға өзіндік ойы
мен қабілетін біріктіре отырып қандайда бір туындыны жарыққа шығарса сол
объектіні зияткерлік меншік деп қарастыра аламыз. Сонымен қатар
Қазақстандық заңнамаға шолу арқылы зияткерлік меншіктің: адамдардың
азаматтық құқыққа қабілеттілігін және ҚР- ның азаматы және ұйымдары
айрықша құқыққа иелік ететінін анықтап береді[2. 14 б.]. Яғни зияткерлік
меншік объектісіне ие автор өзінің еңбегін қорғауға, сонымен қатар оны
шығаруға мүмкіндігі бар екенін білдіреді. Қандайда бір туындыны
шығарушы автор өзіндік даралығымен, ерекше көзқарасымен, жаңаша
туындысымен, сонымен қатар еңбекқорлығымен басқалардан ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта айналада авторлық құқықты бұзу, ережелерді сақтамау,
туындыны ұрлау, көшіріп алу секілді заңға қайшы келетін әрекеттер көп
орын алуда. Авторлардың құқықтары қорғалмауда, еңбектері дұрыс дәрежеде
бағаланбауда оның барлығына кімдерді кінәлі деп табамыз? Заң арқылы
билік жүргізіп отырған заң органдарын ба, әлде өздерінің құқықтарын заң
арқылы қорғай алмайтын авторлар ма? Қай позицияны ұстансақта шындық
өзгермейді: зияткерлік меншік әрбір автордың жеке даралық меншігі, өзіндік
жеке ойдан пайда болған қиын еңбек түрі. Сол шығарманың және
авторлардың құқықтары міндетті түрде жоғарғы дәрежеде қорғалуы қажет.
Жоғарыда айтылғандай зияткерлік меншік түсінгі біздің қоғамға енді
ғана ене бастады. Оныңда өзіндік себептері бар деген көзқарастамын.
Мысалы 1991 жылы тәуелсіз ел болып қалыптасқанан кейін біздің
мемлекеттің негізі мақсаттарының бірі экономика саласын көтеру болды.
Содан бері экономиканың дамуы тек өзіндік бір шекара болып қалыптасып
қалды. Ал зияткерлік меншік шекарадан тыс қалып қойғандай көрінеді. Бірақ
Қазақстанда қазіргі таңда дүниежүзілік зияткерлік ұйымының қатарына
кіреді. Бұл ұйымның негізгі екі мақсаты бар. 1. Дүние жүзі бойынша
зияткерлік меншікті қорғауға көмектесу 2. Зияткерлік меншік ұйымдарының
арасында ынтымақтастықты нығайту. Бұл ұйым біздің қоғамға басқа
қоғаммен байланысқа түсуге, зияткерлік меншікке қарасты заңдарды
нығайтуға үлкен мүмкіндік ашты. Осы мүмкіндікті пайдалана білген
Қазақстанның зияткерлік меншік туралы заңдары халықаралық дәрежеде
қарастыра білді. Қазақстан Республикасынынің Үкеметінің 2011 жылғы 10
ақпандағы №109 Қаулысы бойынша 1- бөлім, 1- бап бойынша Тараптар
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына, Дүниежүзілік сауда ұйымының
Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісім жөніндегі
комитетке (Тараптар Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылғаннан кейін)
қатысу шеңберінде іс-қимылдарын үйлестіруге міндеттенеді [3]. Бірақ заң
жүйесінің халықаралық дәрежеде қарастырылғаны қуанышты жағдай, бірақ
Қазақстанның ішкі нарығында зияткерлік меншікті қорғауы тиіс заң
органдары өзіне тиеслі міндеттерін дұрыс атқармай отыр. Осы тұста неліктен
олай деген сұрақ пайда болады. Ел экономикасына пайда алып келуді
көздейтін билік басындағылардың негізгі күшті меншік объекттеріне қарай
бағыттауы, зияткерлік меншіктің мүмкіндіктерін толықтай білмегендіктен,
зияткерлік меншік ел қазынасына пайда алып келе алатынынан хабардар
болмағандықтан, зияткерлік меншік және автор құқықтарын қорғауға аз
көңіл бөлінуі секілді қарапайым факторлар әсер етеді деген тұжырым
жасауға болады.
Бірақ қазіргі біздің қоғамда меншік объекттеріне қарағанда, автордың
зияткерлік меншік идеялары мен ғылыми және техникалық білімнің орны
жоғары деп айта аламыз. Осы тұста Карл Поппер өзінің «Ашық қоғам және
оның жаулары» атты еңбегінде кейбір идеялар материалдық өндіріс
құралдарына қарағанда іргелі болып келеді деген түсінікті береді. Сонымен
қатар «біздің экономикалық жүйеміз, соның ішінде барлық өнеркәсіп пен
әлеуметтік ұйымдар жойылды, бірақ техникалық және ғылыми білім
сақталды деп елестетейік. Бұл жағдайда өнеркәсіпті қалпына келтіруге көп
уақыт кетпейді. Енді елестетіңіз біздің барлық біліміміз жоғалып,
материалдық заттар сақталды. Бұл жағдайда тұрғындары тастап кеткен
жоғарғы индустриалды елде жабайы тайпа тұрса не болар еді? Бұл көп
ұзамай өркениеттің барлық іздерінің жойылуына әкеледі»[4. 127 б.], деген
өзіндік көзқарасындағы мысалды келтіреді және осы оймен толықтай
келісемін. Карл Поппердің айтып отырған техникалық және ғылыми білімдер
қоғам ішінде тың ойлардың, жаңа зияткерлік объекттердің пайда болуына
себепші болады. Бірақ кейбір мемлекеттерде әлі күнге дейін зияткерлік
меншік құқықтарын қорғаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ете алмайды.
Бірақ уақыт өте келе мемлекеттің бастапқы мақсаттары ретінде, зияткерлік
меншік объекттерін, автордың құқығын, зияткерлік меншікпен байланысты
жобаларды қорғау алдынғы орынға шығу тиіс. Себебі «автордың моральдық
құқықтары, шын мәнінде, тұлғаның жеке құқығын ұсынады, өйткені
шығарма сол адамның өнімі болып табылады»[5. 47 б.]. Автор әрқашанда
толыққанды зияткерлік құқыққа ие болуы қажет (бірақ оны азаматтық
құқықпен шатастырмау керек). Сонымен қатар авторлық құқыққа ие жеке
тұлғаның еңбегі ол жаңа, ерекше, сапалы және өзіндік құндылықтарын
қалыптастыра білген тауар болып табылады. Ал осындай өзіндік ерекше
болмысқа ие тауар әрқашанда қызығушылықты тудырады. Осы жаңа
тауарлар Қазақстанды басқа мемлекетке, басқа мәдениет орталарына жаңа
бағытта таныстыруға мүмкіндік береді. Осылайша Қазақстан әлемдік
нарықтық экономикаға шығуға басқада салаларда мүмкіндік алады.
Зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғаудың мемлекет
тарапына қаржылай тигізер пайдасы бар екенін, сонымен қатар жаңаша
мүмкіндіктер ашатынын ең алғаш болып кітап басып шығару кезінде
байқаған Француз королі Людвиг XII болған болатын. Оған түрткі болған «
Кез-келген басылымды қабылдаған алғашқы баспагерлер қолжазбаны алуға,
басқа қолжазбалармен салыстыруға, қателіктерді салыстыруға және т.б.
әрекеттерге шығындар жұмсайды. Шын мәнінде, олар кітап шығарып, көп
ұзамай өздері үшін пайдасыз бәсекеге тап болды, олар алғашқы қолмен
басып шығарылған көшірмені пайдаланып, алғашқы баспагерлерде болған
шығындардың ешқайсысын жұмсамай қайта басып шығарды және кітапты
арзан бағамен сатты, осылайша бірінші басылымды өлтірді », - осы жағдай
еді[6. 7 б.]. Бұл ең алдымен билік басындағыларға тиімсіз болды, сондықтан
да авторлардың құқығын, туындыларын заң бойынша қорғаған екі жаққа да
тиімді шешім деп қабылданған болатын. Осылайша мемлекет басшылары
халықтан тек қарапайым жұмыс арқылы емес басқада саладан пайда түсіруге
болатынына көз жеткізген еді. Бұл алғашы жағдайлардың бірі, ал қазіргі
цифровизацияның дамыған уақытында, авторларға жаңа туынды шығару мен
оны тарату және сол арқылы мемлекетке зияткерлік меншік объекттерінен
пайда түсіру оңайға соғады. Сол себепті мемлекетке зияткерлік меншікті
қорғауды қолға алу қажет.
Сонымен қатар біздің қоғамда автор өзіне тиесілі зияткерлік меншік
объекттерін, өзінің авторлық құқығын тек ғана экономикалық табыс табу
үшін пайдаланады деген қате пікір қалыптасқан. Автор міндетті түрде өзінің
еңбегінен пайда алу керек, бірақ бұл басқа тұлғалардың автордың
құқықтарын бұзуға рұқсат береді деген мағына емес. Керісінше автор өзіндік
даралығын еңгізген еңбек, автордың ерекшелігін сақтай отырып заң жүзінде
жоғарғы дәрежеде қорғалуы қажет. Осы тұста Канттың айтуынша
«зияткерлік меншік автордың жұмысы оның жеке ішкі көрініс болып
табылады, ол экономикалық меншіктер секілді қорғауды қажет етеді»[7. 176
б. ]. Яғни автордың өзіндік жеке ойы, еңбегі, шығармашылығы сол авторға
толыққанды тиесілі болуы қажет. Ал П. Прудон «Меншік деген не?» атты
еңбегінде меншік- бұл « өз мүлкін, кірістерін, өз еңбегі мен қолөнерінің
жемісін өз еркімен пайдалануға және иеленіге тиесілі құқық», деп
түсіндіреді[8. 36 б. ] . Екі автордың ойын байланыстыратын болсақ
зияткерлік меншік заң арқылы қорғалуы қажет, бірақ автор оны өзінің жеке
пайдасына қолдуға толық рұқсаты бар деген көзқарасты қалыптастыра
аламыз. Автор өзінің меншігін қандай мақсатта пайдаланғысы келседе заң
аясынан асып кетпеуі қажет, сонымен қатар егер автор туындысын басқа
тұлғаға қолданысқа беруді дұрыс деп ұйғарса, оның еңбегінің толыққанды
заң аясында қорғалатынына сенімді болу тиіс. Осы сенімді нығайтуға заң
органдарының дұрыс жұмыс жасауы түрткі болады. Авторлардың
толыққанды жұмыс атқаруына заң кедергі болмауы қажет, яғни заң әрқашан
автор мен оның туындыларын қорғауы тиісті. Авторлардың шығармашылық
жұмыстармен айналысуы және одан пайда алуы автордың толыққанды
құқығы болып табылады.
Қорытындылай келе, зияткерлік меншік әрбір автордың жан
дүниесімен байланыс тапқан, ой еңбегінің жемісі болып табылады. Туынды
әрқашан авторға тиесілі болған, сондықтан автордың құқықтары заң арқылы
қорғалуы қажет. Туынды пайда болған мәдениет тұрғындары автордың жеке
шекарасынан аспауы қажет. Яғни зияткерлік меншік объекттерін қолдану
барысында тек ғана заң арқылы рұқсат етілген әректтерді жасау қажет.
Автордың туындысын ұрлау, көшіріп алу секілді әрекеттерді жасамауға
тырысқан жөн. Бұл бір жағынан заңға қайшы келеді, қоғамда әділетсіздікті
тудырады, мәдениетте ар- ұждан құндылықтарын жояды деген
көзқарастамын. Бірақ автордың еңбегін іздену, зерттеу, салыстыру, сілтеме
жасау, дәйектеме көзі ретінде алу секілді әрекеттерді жасауға болады. Бұл
автордың жұмысын басқа қырынан көрсетуге, сонымен қатар оны дамытуға,
оқырма көмегін тигізеді.
Ал заң жүйесінің құрылымы дұрыс бағытқа қарай даму қажет,
автордың құқығы, зияткерлік меншік объекттері тек қағаз жүзінде емес,
шынайы әрекеттермен міндетті түрде қорғанысты қаматамасыз ете алуы
қажет. Заң жүйесінен бөлек қоғам ішінде қарапайым халықта зияткерлік
меншікті толықтай түсіну қажет. Халықтың түсінігін дұрыстау үшін
балаларға зияткерлік меншік туралы мектеп қабырғасынан бастап жеке пән
ретінде оқыту қажет деп ойлаймын. Егерде мектептен бастап зияткерлік
меншікті түсінетін болса, болашақта білімді жастар автордың құқығын,
еңбегін құрметтейтін болады. Сонымен қатар зияткерлік меншік туралы
жаппай насихаттау қажет деген пікірдемін. Ғаламтор беттерінде, көгілдір
экранда, газет, журналдарда зиякерлік меншік тураы мәліметтер жазып,
мәліметтерді тарату қажетпіз. Осындай қарапайым әрекеттер арқылы
болашақта ел ішінде толық- қанды зияткерлік меншік құқығының жүйесін
қалыптастыра аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Рузакова О. А. Интеллектуальная собственность и ноу-хау: учебно-п
рактическое пособие. М.: Евразийский открытый институт, 2011. 256 с.
2. ПРАВО ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ СОБСТВЕННОСТИ РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН: Учебное пособие / Отв. ред. к.ю.н., доцент З.Х.
Баймолдина, д.ю.н., проф. Т.Е. Каудыров. – Астана: ГУ «Институт
законодательства Республики Казахстан», 2013. – 264 с.
3. Қазақстан Республикасынынің Үкеметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы
№109 Қаулысы бойынша 1- бөлім, 1- бап
4. Поппер К.Р. Открытое общество и его враги. - М., 1992. – Т. 2.
5. Дюма Р. Литературная и художественная собственность. Авторское
право Франции.—2-е изд.: Пер. с фр.— М.: Междунар. отношения,
1993.—384 с.
6. Канторович Я.А. Авторское право. Систематизированный комментарий
к постановлению ЦИКа и СНК Союза ССР от 30 января 1925 г. «Об
основах авторского права». М., 1926.
7. Поляков, Р. Е. Анализ определения понятия «интеллектуальная
собственность» / Р. Е. Поляков. — Текст : непосредственный //
Молодой ученый. — 2011. — № 10 (33). — Т. 1.
8. П.Ж. Прудон «Что такое собственность?» или «Исследование о
принципе права и власти». Лейпциг - Санкт-Петербург, Издательство
"Мысль", 1907. - 268 с.

You might also like