You are on page 1of 8

1.

Заттар мен құбылыстардың көлемін, түрін, аумағын, алыс-жақындығын,


тайыз-тереңдігін қабылдау нені білдіреді
A) Уақытты қабылдауды
+B) Кеңістікті қабылдауды
C) Қашықтықты қабылдау
D) Түстерді қабылдау
E) Нәрсені қабылдау
2. Лейпцигте алғаш эксперименталды психологиялық лабораторияны
ұйымдастырған:
+А) В. Вундт
В) Ф. Аквинский
С) К. Левин
D) Р. Декарт
Е) Х. Вольф
3. Адам психикасы сыртқы ортаға тәуелді деген психологиялық принцип...:
A) Сана мен іс-әрекет бірлігінің принципі
B) Жеке адамдық тәсіл принципі
+C) Детерминизм принципі
D) Іс-әрекеттегі психиканың даму принципі
E) Даму принципі
4. Аталған психикалық құбылыстардың ішінен қайсысы психикалық
қасиеттерге жатады:
A) Түйсік, қабылдау, ес, ойлау
B) Байқағыштық, шабыт, ренжу
+C) Мінез, қабілет, темперамент
D) Эмоция, сезім, ерік
Е) Қарым-қатынас, іс-әрекет, мінез
5. Адамның жеке даралық психологиялық қасиеттерін және даму деңгейін,
білімін салыстырмалы шамамен анықтауға арналған стандартталған
тапсырмалар жүйесі:
A) Байқау
+B) Тест
C) Эксперимент
D) Әңгімелесу
E) Интроспекция
6. Түйсік дегеніміз....
+A) Заттар мен оның жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер
етуінің бейнесі
B) Психикалық іс-әрекеттің белгілі бір объектіге бағытталуы және
жинақталуы
C) Заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнесі
D) Қоршаған шындықты сезіну
E) Дұрыс жауабы жоқ
7. Сезгіштіктің тек артуын ғана көрсетін құбылыс:
A) Иллюзия
B) Синестезия
+C) Сенсибилизация
D) Адаптация
E) Рефлекс
8. Адам іс-әрекетінің негізгі түрлері:
А) Оку, жұмыс, тәрбие
+ В) Ойын, оқу, еңбек
С) Оқу, жұмыс, даму
D) Еңбек, оқу, калып
Е) Еңбек, оку, даму
9. Вербальді емес коммуникация - бұл қандай қарым-қатынас процесі:
+ А) Мимикамен
В) Сөзбен
С) Іс-әрекетпен
D) Тілмен
Е) Әңгімемен
10. Қазақ тілінде ең алғаш «Психология» оқулығы мен «Жан жүйесі және
өнер таңдау» еңбектерін жазған:
A) Қ.Б. Жарықбаев
B) М.Жумабаев
C) М.Мұқанов
+D) Ж.Аймауытов
E) А.Темірбеков
11. «Сана» ұғымына сәйкес келетін сипаттама
A) Адамның өмір процесінде өзін-өзі саналы түрде түсінуі
B) Іс-әрекет пен нәтиженің бірлігі
C) Ішкі және сыртқы іс-әрекеттің нәтижесі
+D) Бірлескен психика түрі, адамның еңбек әрекетінде қалыптасуының
тарихи қоғамдық жағдайларының нәтижесі
E) Күрделі, көбінесе ішкі қарама-қайшы келетін, бірақ біріккен процесс
12. Ырықсыз зейіннің туындау негізі
+A) Адам мақсатына тәуелсіз
B) Санаға байланысты
C) Рухтық күш
D) Жоспарлы әрекет
E) Ниетті іс
13. Жеке адамдар мен топтардың күнделікті өмірде басқа да топтармен,
адамдармен істес болуы:
+А) Қарым-қатынас
В) Іс-әрекет
С) Ұжымшылдық
D) Қабілет
Е) Шығармашылық
14. Ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш тип
темпераменті:
A) Холерик
B) Флегматик
C) Меланхолик
+D) Сангвиник
E) Циклотимик
15. Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке
өзгешеліктерінің бірі
А) Мінез
+В) Темперамент
С) Қабілет
D) Шығармашылық
Е) Ойлау
16. Әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігі:
+А) Қабілет
В) Дарындылық
С) Нышан
D) Темперамент
Е) Қызығушылық
17. Темпераментті адамның дене құрылымына байланыстыруды негізге
алған конституциялық типология теориясының авторы
A) Шелдон
+B) Кречмер
C) Стреляу
D) Павлов
E) Гиппократ
18. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне
сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болатын психологиялық процесс
+A) Сезім
B) Қабылдау
C) Ерік
D) Ойлау
E) Қиял
19. Ему, жармасу, еңбектену рефлекстері:
+A) Шартсыз
B) Шартты
C) Атавизимдік
D) Қорғаныс
E) Афференттік
20. Қиялдың психикалық процесс ретінде қызметі-
A) Жанама тану
B) Элементтер деңгейінде тану
C) Тұтастай нақты бейнеге келтіру
+D) Көріп, білмеген құбылыстарды өнектеу
E) Жалпы тану
21. Шынайы заттар мен құбылыстарды қате қабылдау:
A) Агнозия
B) Галлюцинация
+C) Иллюзия
D) Шатасу
E) Арман
22. Мінез патологиясынан, мінез акцентуациясының мәнді айырмашылығын
көрсеткен ғалым:
+A) К. Леонгард
B) Ю.Б.Гиппенрейтер
C) А.К.Ковалев
D) В.В.Богословский
E) Л.Н.Щербаков
23. «Ерік» ұғымына тән сипаттама
A) Сананың белсенділікке бағытталуы және жинақталуы
+B) Мақсатқа жету барысында қиындықты жеңуге бағытталған адамның іс-
әрекетін жүріс-тұрысын саналы ұйымдастыру
C) Адам іс-әрекетіне бағдар беретін тұрақты мотивтер жиынтығы
D) Қарым-қатынас барысында қалыптасқан жеке адамның тұрақты даралық
ерекшеліктерінің жиынтығы
E) Адамның өз жүріс-тұрысын саналы ұйымдастыра алмауы
24. Күрделі эмоциялар:
+A) Көңіл, аффект, құмарлық
B) Стресс, фрустрация, сезім
C) Көңіл-күй, қуаныш, сүйіспеншілік
D) Астеникалық, стеникалық, стресс
E) Фрустрация, депрессия, қайғы
25. Байсалды, ұстамды, еңбекқор, қызмет етуде сабырлы және төзімді, қозу
мен тежелуі бір-біріне тең, баяу қозғалғыш қасиеттері қай тип
темпераментіне тән:
A) Сангвиник
B) Холерик
+C) Флегматик
D) Меланхолик
E) Дұрыс жауабы жоқ
26. Қазақстандағы алғашқы «Педагогика» еңбегінің авторы
А) Ж.Аймауытов
В) А.Байтұрсынов
+С) М.Жұмабаев
D) М.Дулатов
Е) Ы.Алтынсарин
27. Ұжымды қалыптастыруда таңдап алынатын перспективалар
А) Жақын, контактылы
В) Жеке, дара
С) Таяу, қашық
+D) Жақын, орта, қашық
Е) Контактылы, негізгі
28. Мектептің педагогикалық ұжымының жоғарғы ұйымы
А) Директор
В) Әдістемелік кеңес
С) Оқушылар ұжымы
D) Ата-аналар комитеті
+Е) Педагогикалық кеңес
29. Ойлау дағдыларын ретімен орналасқан нұсқасын табыңыз
А) Білу, түсіну, талдау, қолдану, синтез, бағалау
В) Білу, түсіну, қолдану, синтез, талдау, бағалау
С) Бағалау, синтез, талдау, қолдану, түсіну, білу
+D) Білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау
Е) Білу, қолдану, түсіну, бағалау, талдау, синтез
30. Белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, пікір білдіру
А) Талдау
+В) Кері байланыс
С) Оқытудың күтілетін нәтижелері
D) Ойымен бөлісу
Е) Сөйлеу әрекеттері
31. Латынша «біреумен отыру», «жақын отыру» деген мағына береді
А) Рубрика
В) Критерий
+С) Бағалау
D) Бағалау критерийі
Е) Нәтиже
32. «Критериалды бағалау» терминін алғаш рет қолданған ғалым
А) М.Скривен
В) Б.Блум
+С) Р.Ю.Глейзер
D) Натриэлло
Е) Крукс
33. «Білім беру» терминін ғылымға енгізген ғалым
А) Ж.Ж. Руссо
В) А.С.Макаренко
С) Я.А.Коменский
+D) И.Г.Песталоцци
Е) Джон Локк
34. Педагогиканың негізгі категориясы:
А) Материя
+В) Тәрбие
С) Іс - әрекет
D) Қарым- қатынас
Е) Тұқым қуалаушылық
35. Педагогика алғашқыда қандай ғылым саласымен бірлікте дамыды:
А) Психология
+В) Философия
С) Антропология
D) Этика
Е) Эстетика
36. Оқыту принципі:
A) Оқыту материалын таңдау негізінде жататын қағидилар
B) Оқытудың ғылымилығын қамтамасыз ететін қағидалар
+C) Оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
D) Оқыту процесінің компоненттері арасындағы байланыстар
E) Орындауды қажет ететін ережелер
37. Қандай оқыту принципі сезім органдарын оқыту материалдарын
қабылдауға және өңдеуге мақсатты қатыстыруды талап етеді:
A) Саналылық және белсенділік
B) Ғылымилық
+C) Көрнекілік
D) Шамаға лайықтық
E) Жүйелілік және бірізділік
38. Оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын ғылыми
нақтылайтын педагогикалық теория:
A) Оқыту технологиясы
B) Педагогикалық технология
+ C) Дидактика
D) Педагогикалық менеджмент
E) Тәрбие теориясы
39. Оқыту процестің заңдылықтары:
A) Оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
+B) Педагогикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын,
объективті байланыстар
C) Педагогикалық процестің ережелері
D) Педагогикалық процестің принциптерінен туындайды
E) Барлық жауаптар дұрыс
40. Педагогикада болжамның дұрыстығын тексеруге арналған өзіндік
кешенді зерттеу әдісі:
А) Әңгіме
В) Тест
С) Бақылау
+D) Педагогикалық эксперимент
Е) Сауалнама
41. Тарихи қалыптасқан, тәлім-тәрбиенің ұлттық ерекшелігін зерттейтін
педагогикалық ғылым саласы:
А) Мектепке дейінгі педагогика
В) Арнайы педагогика
С) Педагогика тарихы
+D) Этнопедагогика
Е) Ұлттық педагогика
42. Жеке тұлғаның қоғамдық ортаға бейімделуі:
А) Бейімделу
В) Даму
С) Іскерлік
D) Әдет
+Е) Әлеуметтену
43. Адамның өз жеке басы қасиетін шыңдап, жақсарту бағытында саналы,
мақсатты жүргізетін іс-әрекеті:
А) Қайта тәрбиелеу
В) Оқу
С) Өзін-өзі сынау
+D) Өзін-өзі тәрбиелеу
Е) Өзін-өзі бақылау
44. Педагогикалық көрегенділік, дидактикалық, ұйымдастырушылық,
экспрессивтік
А) Мұғалімнің жетекші сапалары
В) Мұғалімнің жетекші дағдылары
С) Мұғалімнің жетекші іскерліктері
D) Мұғалімнің қасиеттері
+Е) Мұғалімнің жетекші қабілеттері
45. Әсемдікті, әдемілікті қалыптастыратын тәрбиенің түрі
А) Адамгершілік тәрбиесінің
В) Экономикалық тәрбиенің
С) Еңбек тәрбиесінің
+D) Эстетикалық
Е) Дене тәрбиесінің
46. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі
+A) Сабақ
B) Өздік жұмыс
C) Қосымша сабақ
D) Экскурсия
E) Факультатив
47. Мұғалім сабақ жоспарын әзірлеуді... бастайды.
+A) Мақсаттарды анықтаудан
B) Көрнекіліктер әзірлеуден
C) Сабақтың қиындықтарын анықтаудан
D) Материалды іріктеуден
E) Жаттығуларды бөлуден
48. Оқу пәндерінің тізімін көрсететін және оларды оқу жылына, аптаға
есептеп, жылдық сағат санын анықтайтын құжат
А) Оқу бағдарламасы
В) Оқулық
+С) Оқу жоспары
D) Қзақ мерзімді жоспар
Е) Білім стандарты
49. Оқу-тәрбие жұмысында жас ерекшеліктерін ескеруді алғаш рет ұсынған
педагог
А) И.Г.Песталоцци
+В) Я.А.Коменский
С) А.С.Макаренко
D) К.Д.Ушинский
Е) Н.К.Крупская
50. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесі:
А) Әңгіме, лекция, демонстрациялау,үлгі
+В) Бақылау, әңгіме, эксперимент, мектеп құжаттарын зерттеу, сауалнама
С) Репродуктивті және проблемалық зерттеу әдістері
D) Мектеп құжаттарын зерттеу
Е) Педагогикалық ықпал ету тәсілдеріннің жиынтығы

You might also like