You are on page 1of 15

Қызылорда қаласы

химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан тарихы
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ЖАҺАНДАНУ ТРЕНДТЕРІ


Тақырып: Жаһандану үдерісіндегі ұлттық құндылық бағыттарының
орындалуы және дамуы қалай жүзеге асырылуда?
(3120 сөз)

Орындаған: Толыбай Әсем Ерболатқызы

Жетекші: Кенбаева Надежда Амангелдіқызы

Ішкі модератор: Маханов Ғалымжан

Қызылорда, 2019
МАЗМҰНЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жаһанданудың Қазақстан қоғамындағы ұлттық құндылықтарға ықпалы қандай?
2.2 Әлемдегі орын алып жатқан өзгерістердің ұлттық құндылықтарға жағымды және
жағымсыз әсері қандай?
2.3 Болашақта ұлттық құндылықтарды арттыру жолдарын жасау үшін және ұлттық
құндылықтарымыздың сақталып қалуы үшін не істеуіміз керек?
2.4 Зерттеу әдісі және бағалау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
V. Қосымша
І. Кіріспе
Әлемдегі төртінші революциялық даму кезеңінде жаһандану үдерісі орын алды.
Жаһандану - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, әлеуметтік, мәдени
көзқарастардың, ақпарат және технологиялардың біртұтастану үдерісі. Жаһандану негізінде
ғаламдық ақпараттардың бірігуі және жинақталуы жүзеге асады. Барлық мемлекеттік
салалардың, сонымен қатар мәдениеттің интеграцияланып, ортақ жүйеге енгізілуі ұлттық
қүндылықтардың жойылуына қауіп төндіреді. Ассимиляция процессінің орын алуы ұлттардың
өзіне тән ерекшеліктерін жоғалтып, бірегейленіне әсер береді.
Мысалы, дамыған 30 ел қатарына кіру мақсатында және бәсекелестікке қабілетті
білімді ортаны құру жүргізіліп жатқан «Үштілділік» саясаты. Бұл саясат қазақ тілінің
бұрмалануына және тарихи ерекшеліктерін жоғалтуына әсер беруде. Сонымен қатар,
жаһанданану аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар салт – дәстүрлердің ұмытылып, ұлттық
құндылықтың өзгеруі орын алды.
Сол себепті, ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу
және құндылықтарымызды рухани жаңғырудың алғышартына айналдыра білу мемелекет үшін
өте маңызды.
«Қазақстан-2050» стратегиясының басты бағыттарының біріне қоғамдық сананы
жаңғырту жатады. Бұл бағыт аясында 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы пайда
болды. Бұл ретте, елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген,
бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,-
екенін атап көрсетті.[5]
Бұл бағдарламаның басты мақсаты технологиялық және эволюциялық дамуды ескере отырып,
ұлттық кодты сақтап қалу. Яғни, «Тарихын білмеген елдің болашағы бұлыңғыр» деп елбасы
айтпақшы, тарихтан қалған ұлттық сананы қайта жаңғырту өте маңызды екендігін түсінуге
болады.
Бұл зерттеу жұмысының басты өзектілігі жалпы әлемдік нарықтағы орын алып жатқан
ғаламдандыру үдерісіндегі ұлттық құндылықтардың алатын рөлі маңызды болуы. Жаһандану
үдерісі кезінде ұлттық құндылықтың сақталып, жоғалып кетпеуі елдің басты мақсаттарының
бірі, сондықтан да тақырып осы салаға байланысты алынды..
Зертеу жұмысының негізгі мақсаты жаһандану барысында болып жатқан өзгерістердің
ұлттың мәдениеті мен рухани құндылықтарына әсерін айқындап көрсетіп, мәселенің шешу
жолдарын ұсыну.
Бұл жұмысты орындап, басты идеясы мен тақырып мағынасын ашуда келесі сұрақтарға
жауап ізделінді:
● Жаһанданудың Қазақстан қоғамындағы ұлттық құндылықтарға ықпалы қандай?
● Әлемдегі орын алып жатқан өзгерістердің ұлттық құндылықтарға жағымды және
жағымсыз әсері қандай?
● Болашақта ұлттық құндылықтарды арттыру жолдарын жасау үшін және ұлттық
құндылықтарымыздың сақталып қалуы үшін не істеуіміз керек?
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Әлемдегі орын алып жатқан өзгерістердің ұлттық құндылықтарға әсері қандай?
Жаһандану үдерісі мемлекеттің тек саяси, салаларын ғана емес, әлеуметтік өзгерістерге
де ықпал етеді. Бұл жағдай қазақ мәдениетінің өзгеруіне, құндылықтардың және әдет-
ғұрыптардың жоғалуына әсер етуде. Мысалы, жастардың ғаламдық деңгейде даму барысында
шетелдік азаматтарға еліктеу әсерінен «батыстану», «униформатизация» үрдістері орын алуда.
Бұл орайда 2015 жылы президенттікке үміткер атанған Тұрғын Сыздықовтың «жаһандану
барысында еріп келген батысқа еліктеушілік сынды жағдайлардың жастардың арасында орын
алуына байланысты қазақылықтың артта қалып, батысшылдықтың дамуына жол ашылып
отыр» сөздері дәлел бола алады[8].
Батыстың мәдениеті қазақ халқы үшін өте жат дүниелердің қатарына кіреді және көз
алдымызда болып жатқан өзгерістер біздің ұлттық құндылықтарға кері әсерін тигізуде. Қазақ
қоғамындағы мәдениеттің өзгеруі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жоғалуынан көрінеді.
Мысалы, «қыз қуу», наурыз мерекесінде орын алатын «ақсүйек» секілді ұлттық ойындар
ұмыт болуда. Сонымен қоса, 31 желтоқсан күні жаңа жыл мерекесі тойлануы, хеллоуин
мерекелерінің қоғамға енгізілуі мәдениеттің алмасуына әсер беруде.
Қазақ қоғам қайраткері, филология ғалымы Дандай Ысқақұлының «Рухани толғамдар»
еңбегінде бұл мәселерді қамтып, түркі халықтарынан бастау алған тарихи мәдениет көрінісін
атап, «қазақылықты» сақтау жайлы мәлімдемелер берген.
Қорытындылай келе, ғаламдану мен жаһандану процесстері ұлттық құндылықтар мен
мәдениеттің өзгерісіне алып келетіндігін және қазақылықтың жоғалуына әсер беретіндігін
айтуға болады.
2.2. Қазақстанда ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында жүргізіліп жтқан
жұмыстар қалай көрініс табуда?
Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі экономика мен саясатты ғана емес, мәдени-
әлеуметтік саланы да қамтып отыр. Қоғамның әлеуметтік сұранысың негізі-ұлттық
құндылықтардың негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. «Ұлттық салт-
дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда
ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс»
деп мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бабалардың игі дәстүрін сақтайтын, ұлттық
құндылықтардың ақпарaттық технологиялар барысында дамуына ықпал ететін ұрпақ
тәрбиелеу міндеттері алға алынуда[4]. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласының жұмыстары жастардың қазақ халқының ұлттық әндері мен әдеби
кітаптарын оқытуға әсер береді. Осы жұмыстар арқылы жастар ұлттың рухани құндылық
бағыттарын дамытуға мүмкіндік алады. Мысалы, мемлекеттік білім орталарында тарихи
мәдениетті сақтау мақсатында «100 ән» «100 есім» бағдарламалары оқу процесіне енгізілді.
Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары және ҚазҰУ студенттері осы жоба аясында
«ReadingTime» жобасын қолға алып, қазақ тарихы мен мәдениеті сипатталған
шығармашылықтарды оқуда. Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы», «Қорғансыздың күні»
кітаптары. Сонымен қатар, оқушылар «100 ән» жобасы аясында қазақтың «Айттым сәлем
қаламқас», «Балқадиша» секілді ұмыт болған ұлттық әндерді қайта жаңғыртуға ат салысады.
Қортыныдылай, елбасының бастамасымен жүргізіліп жатқан рухани жаңғыру
жұмыстары бәсекеге қабілетті ортаны құру мақсатында орын алып жатқан жаһандану үдерісі
аясында рухани және ұлттық құндылықтарды сақтауға алғышарт бола алатындығын айтуға
болады.
2.3. Болашақта ұлттық құндылықтарды арттыру жолдарын жасау үшін және ұлттық
құндылықтардың сақталып қалуы үшін не істеу керек?
Қазақ мәдениеті өз менталитетін, дәстүрін және өзіне тән ерекшеліктерін сақтап қалу үшін
көп еңбек етуі керек екендігі анық. Ең алдымен ақпараттық қоғамда ұлттық құндылықтарды
сақтап қалу үшін адамдардың өз елінің мәдениетіне деген құрметі болуы қажет. Бұл мақсатта
«Мемлекеттік жастар саясаты» орын алуда. Бұл саясаттың басты міндеті болашақ ұрпақтың
бойындағы еліне деген сүйіспеншілікті, патриоттылықты арттыру болып табылады. Яғни,
қазақ жастарының ой – санасын тәрбиелеу көзделіп отыр. Еліне және ұлтына деген
патриоттылықты арттыру арқылы жастардың ұлт тарихына, мәдениетіне, ұлттық
құндылықтарға құрметі мен сыйластығын тудыруға болады. Бұл нәрсенің орын алуы елдегі
ұлттық мәдениеттің қайта жаңғыруына және сақталуына ықпал береді.
Сонымен қатар, мәдениетті сақтау мақсатында туындаған «Рухани жаңғыру» саясаты
«Замануи Қазақстан мәдениеті» бағытын қамтиды. Бұл бағыт жаһандану үдерістері тудыратын
қауіп-қатерлерді және жаһандануды тежеуші факторларды ескере отырып, бәсекеге қабілетті
және білімді ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
бойынша «Латын әліпбиіне көшірілу» жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жұмыстар тарихи тілді
қалыптастыруға және қайта жаңғыртуға әсер бере алады.
Қортындылай, мемлекеттік саясаттардың болашаққа жоспарлаған және алда іске
асырылуы мақсатталған жұмыстар мәдениет пен өркениеттің қайта өрлеуін қамтамасыз ете
алады.

В. Зерттеу әдісі және қорытынды


Жаһандану барысындағы ұлттық құндылықтардың өзгеріске ұшырап жатқандығы
туралы қала тұрғындарының ой-пікірін білудегі әдіс-тәсілдер және сауаланама
нәтижесіне анализ
Тақырыпты таңдау. Зерттеу тақырыбын таңдау барысында қазақ қоғамының санасы
және менталитетінің өзгеруі негізге алынды.Ғаламдану процесінің салдарын талдау маңызды
тақырыптардың бірі болу аясында «Жаһандану үдерісіндегі ұлттық құндылық
бағыттарының орындалуы және дамуы қалай жүзеге асырылуда?» сұрақ туындады.
Тақырыптың негізгі идеясын ашу барысында әртүрлі ғылыми әдістер жүргізіледі. Сұраққа
байланысты ақпараттың ауқымды болуы зерттеудің жоғары деңгейде орындалуына мүмкіндік
бере алады.
Зерттеу сұрақтары. Зерттеу жұмысындағы басты сұраққа нақты жауап беру
барысында 3 негізгі сұрақтар талданылды. Бұл сұрақтарда жаһандану үдерісінің ұлттық
құндылық бағыттарының орындалуы және ғаламданудың мәдениеттің өзгеруіне деген ықпалы
талданды. Яғни, «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» жұмыстары ұмыт болған қазақтың
ұлттық әндерінің және әдеби шығармашылықтарының қайта жаңғыруына мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, батысқа еліктеушілік, үштілділік саясатының орын алу қазақ мәдениетінің
өзіне тән ерекшеліктерінің өзгеруіне және қазақ тілінің бұрмалануына әсер етті. Жоғарыда
айтылған жұмыстар жаһандану дәуірінде ұлттық құндылық бағытының дамуына және
өзгеруіне әсер етеді. Зерттеу жұмысында таңдалған үш сұрақ жаһандану кезеңіндегі ұлттық
құндылық бағытының орындалуы және дамуы жайлы ойды толық ашуға мүмкіндік берді.
Қолданылған әдебиеттер. Тақырыптың жоғарғы деңгейде орындалуы үшін және
зерттеуде факт, аргумент болуға міндетті болған соң әртүрлі ресурс көздерінен ақпарат
жинақталды. Ғаламтордан алынған ақпараттардың шынайы және қате ақпарат болмауы
маңызды болғандықтан сенімді ақпарат көздері пайдаланылды. Мысалы, «www.akorda.kz»,
«infozakon.kz» секілді ресми сайттар қолданылды. Сонымен қатар қазақ тіліндегі
мәліметтердің аз болуына және ескіріп кетуіне байланысты зерттеу барысында орыс және
ағылшын тіліндегі сайттар қолданылды. Ол үшін «bbc.com» , «cnn.com» сайттары
қолданылды. Уақытты тиімді пайдалану үшін ойлайн газерттер мен баспалар каралды.
«kazgazeta.kz» секілді мемлекеттік газерттердің ғаламторға енгізіліуі ақпараттың
қолжетімділігін арттыруға және тақырыпқа байланысты шынайы ақпараттар пен
аргументтердің болуына мүмкіндік берді. Зерттеу жұмысын библиографиялық әдіспен зерттеу
барысында Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада мемлекеттік
газеттердің архивтегі беттері қаралды. Нақты айтқанда, «Егемен Қазақстан», «Алматы
ақшамы» секілді газеттерінен ғаламдану барысында қазақтың ұлттық құндылықтарының
өзгеруі туралы әртүрлі мақалалардан ақпараттар алынды. Сонымен қатар, «Мәдениет» атты
республикалық журналдағы қазақ мәдениетіне тән ақпараттардың жазылуы зерттеу
жұмысынын тереңірек әрі нақты ақпарат көздерін қарастыруға мүмкіндік берді.
Сапалық әдіс және зерттеу қорытындысы. Зерттеу жұмысының басты бағыттары
негізінде әрбір адамның ойын білу мақсатында сандық әдіс-сауалнама алынды. Бұл үшін
ғаламтордағы «surveymonkey» сайты қолданылды, себебі бұл сайт сауалнама жүргізу үшін
ыңғайлы, әрі тиімді болды. Сауалнамаға 50 респондент қатысып, жаһанданудың ұлттық
құндылықтарға қалай әсер еткендігі туралы сұрақтарға жауап берді. Сауалнама жүргізу
арқылы халық арасында жастық және жыныстық ерекшеліктерге сай әртүрлі әлеуметтік
топтардың жаһандану кезеңіндегі ұлттық құндылықтардың өзгеруі туралы не ойлайтындары
туралы ақпарат алынды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтардың өзгеріске ұшырауы туралы
екі жақты көзқарас алынып, ғаламтор ресурстарындағы ақпараттардың шынайылығы
тексерілді. Курстық жұмыстың басты бағыттары жайлы қоғамның ойын білуде және жұмыс
барысында табылған ақпараттарға сараптама жүргізу мақсатында халықтан алынған
сауалнамаға талдау мен анализ жасалынады. Сауалнама жүргізудегі басты мақсатым-
жаһандану барысында ұлттық құндылық бағыттарының орындалуы және дамуын халықтың
көзқарасы аясында зерттеу және халықтың ойын білу арқылы қоғамдағы орын алған
өзгерістермен салыстыру. Сауалнамны әр-түрлі жастағы әлеуметтік топ өкілдерінен алу
тақырыпты жан-жақты талдап, әр-түрлі перспективалық пікірлер жинауға көмектесті.
Сауалнама қорытындысы бойынша:
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енудегі шарттарының бірі-ортақ мәдени
ортаның қалыптасуын қамтамасыз ету. Дегенмен, бұл үдеріс мәдениеттеріміздің жойылып,
баршаға ортақ жаңа мәдениеттің қалыптасуына алып келеді. Осы орайда “қазақ ұлтының
мәдениетіне қандай қауіп төніп тұр деп ойлайсыз?” деген сұрақ қойылды.Респонденттер бұл
сұраққа әртүрлі пікірде жауап берген, себебі адамдардың жаһандану кезеңіндегі қалыптасқан
түсініктері әртүрлі.Сауалнама нәтижесі бойынша кейбір адамдар «қазақ мәдениеті мүлдем
жойылмайды,себебі,елімізде көптеген жұмыстар жүргізілуде» деп ойласа,басқалары «батысқа
еліктеушілік қазіргі таңда қоғамымызды қиратып, ұлттық құндылықтармыздың ұмытылу
қаупі бар» деген. Ал кейбір респонденттер «жаһандану мәдениетке емес, саясая және басқада
салаларға зиян тигізеді» деп жауап берген. Бұл жаһанданудың ұлтымызға тигізген әсері
туралы халықтың пікірі әртүрлі дегенді көрсетеді. Алайда, жауап берушілердің басым
көпшілігі мәдениетіміздің жойылу қаупі бар деп санаған.
Келесі «Қазақстанның жаһандану үдерісін қабылдау себебі қандай деп ойлайсыз?»
деген ашық сұрақ бойынша респонденттер жаһанданудың Қазақстан дамуына әсер ететіндігі
туралы көзқарастарын білдірді. Жауап бергендердің 70,1% пайызы «әлемдік аренада өз орнын
тауып,дамыған 30 елдің қатарына кіру және басқа мемлекеттермен тең дәрежеде болу үшін»
деп жауап берген.(қосымша 6)Жауаптардың арасында «мемлекеттің дамуынан бұрын, өз
мәдениетіміздің сақталып қалуын қаматамасыз етуіміз керек, себебі мәңгілік ел болып қалу
үшін ұлттық құндылықтармыз әрдайым жоғары орында тұруы керек» деген пікірлер де
кездесті. Сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің басым бөлігі жаһандану
үдерісінің еліміз үшін маңызды екеніне келісетіндерін көрсетті.Менде халықтың пікірімен
толықтай келісемін, себебі, елбасымыз айтқандай жаһандану үдерісі кез-келген елдің
болашақта қарқынды дамуы үшін маңызды болып табылады,ал Қазақстан мұндай даму
жолында әлемнің дамыған 30елдің қатарына кіруді көздейді.

С. Бағалау
Зерттеу жұмысы барысында ғаламтордан және сауалнама жүргізу арқылы алынған мәліметтер
жаһандану үдерісіндегі ұлттық құндылық бағыттарының орындалуы және дамуы жан-жақты
пікірлер арқылы,оң және теріс әсер көрсетті.Оған сауалнамада респонденттердің түрлі
көзқарас көрсетуі негіз болды.Осы жиналған ақпараттарға сараптама жасау үшін SWOT
анализ әдісі қолданылды
Жаһандану үдерісінде ұлттық құндылық бағыттарының жетілдіруіың күшті жақтары
туралы мынандай қорытынды жасалды:
Біріншіден, мәдени-туристік кластерлердің дамуы ұлттық мемлекеттің және жат
идеологиялық әсерден қорғауға бағытталған жалпыұлттық рухани жерлердің рухани-
географиялық картасын қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4
қарашадағы № 939 Жарлығы, Қазақстан Республикасының мәдени саясатының
тұжырымдамасы туралы баяндамасына сәйкес “Туған жер” жалпыұлттық жобасы іске
қосылып, жастардың,балалардың және жергілікті мәдени қауымдастықтардың
шығармашылық белсенділіктерін арттырды. “Астана-Еуразия жүрегі” атты кластері қазіргі
заманғы дамыған технологиялы мәдени инфрақұрылымы болып табылады, онда 6 театр, 25
кітапхана, 7 музей, 9 концерт ұйымы, цирк, 14 мәдениет және демалыс саябағы, галерея, 2
хайуанаттар бағы және тағы басқалар қамтылған республикалық деңгейдегі мәдениет
орындары шоғырланған[18-125б].Әр-түрлі мәдени кластерлердің дамуы қазақтың ұлттық
құндылықтарының дамуына және мәдениетіміздің қайта жаңғыруына, жастардың
шығармашылық белсенділіктерін шыңдауға мүмкіндік ашты.
Екіншіден, жыл сайын әр мемелекетте халықаралық деңгейдегі “ЭКСПО” көрмесі
өткізіледі.2015 жылы Миланда өткізілген көрмеде Қазақстан атынан арнайы көрме
дайындалды және онда қазақ халқының ұлттық ән-күй,би,киімдері,ұлттық тағамдары көрініс
тапты. Астана “ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі
Астананың әлемдік рейтингтегі имиджін көтеруге, халықтың экономикалық жағдайын
жақсартуға және еліміздің туризм индексін 20 пайызға арттыруға зор мүмкіндік
ашты[11].Сонымен қатар ұлттық құндылықтарымыздың шетелдік шыңдардан көрінуіне зор
мүмкіндіктер ашылды, атап айтсақ, қазақтың ұлттық аспаптары шетелдерде сұранысқа ие
болып, ұлттық кодымызды бәсекеге қабілетті етуге жағдай жасалды.Үшіншіден, жаһандану
кезеңінде ұлттық құндылықтарымыздың дамуы өнер саласында да көптеген жетістіктерге
жетті.Осы орайда 2015 жылы ЮНЕСКО-ның қараша айындағы 38-ші сессиясындағы
шешімімен Парижде Әлихан Бөкейхановтың 150-жыл мерей тойы аталып өтілді және бұл
шешім қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік берді[16].
Сонымен қатар, мемлекет тапсырмасының шеңберінде әр түрлі жанрдағы фильмдер
шығарылды.Фильмдердің негізгі тақырыптық бағыты кино құралдарымен Қазақстан тарихын,
оның қазіргі өмірін және ұлттық құндылықтарын көрсету.Соңғы жылдары елімізде
“Жаужүрек мың бала”, “Шал”, “Әпке” секілді отандық кинолар жарыққа шықты[11].Осыдай
БҰҚ-да біз отандық кинофильмдерді кеңірек көрсетіп, халық арасында көп жарнмалап
жүрміз.Бұл киномотография саласының дамуы Қазақстан қоғамының мәдени дамуына және
халықтың ұлттық құндылықтарын,өнерге және білімге құштарлығын арттыруға,тарихи және
қазіргі заманғы оқиғалармен фильм арқылы танысуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар,
фильмдер санының көбеюі кинематография саласында бәсекеге қабілетті болуға, шетелде
отандық мәдениетті жария етуге, “Мәдени мұра” стратегиялық жоспарын одан әрі жүзеге
асыруға үлкен мүмкіндік ашты. Бұл өз кезегінде, көпжақты мәдени-гуманитарлық
ынтымақтастық пен ел мүдделеріне сай неғұрлым маңызды шарттарға, конвенциялар мен
келісімдерге қосылу саласындағы халықаралық-құқықтық базаны кеңейтуге жол ашты.

Сонымен қатар жаһандану кезінде мәдени дамудың төмендегідей әлсіз жақтары да


болды деп ойлаймын:
Біріншіден,қазіргі заман жағдайында ағылшын тілі біздің өмірімізге айтарлықтай
еніп,халықаралық тілге айналды.Жан-жақтан енген орыс және ағылшын тілі қазақ тілінің
дәрежесін төмендетуде.Мысалы,еліміздің солтүстік өңірлерінде халық тіпті қазақша
сөйлемейді, күнделікті қолданыс тіліне орыс тілін пайдаланады.Астана және Алматы секілді
ірі қалалардың тұрғындары өз ана тілі-қазақ тілінің орнына орыс тілін таңдап,қазақ тілін
ұмытуда.Жаһандану ұлттық тілдер мәртебесінің төмендеуіне, мәдениет аралық өзара
байланыстың жалғыз құралы ретінде ағылшын тілін бекітуде.Ғаламтордағы мәліметтердің 80
пайыздан көбі ағылшын тілінде жазылған[15]Аталған тәжірибе басқа тілдердің, соның ішінде
БҰҰ ресми тілдері болып табылатын тілдердің біртіндеп өз мағынасын жоғалтып бара
жатқанын көрсетуде.Егер мәселе өз жалғасын таба беретін болса, қазақ тілінің мүлдем
қолданыстан шығып қалуы қауіп туғызады.Елбасының кезекті Жолдауында:
“Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктірушы фактор болып саналады.Қазақ
тілі-біздің рухани негізіміз.Біздің міндетіміз-оны барлық салада белсенді пайдалана отырып
дамыту”,-деді[3].Сол себепті осы мәселе төңірегінде, жастар саясатының 2020 жылға дейінгі
тұжырымдамасының бірінші бағытында айтылғандай «Жастардың құндылық-патриоттық
бағдарларын қалыптастыру» басты міндет болып табылады және «Жаңа Қазақстандық
патриотизм-біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі » атты
бөліміне сәйкес қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын
жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз
керек[19].
Екіншіден,орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін үйретудің жаңа тәсілін енгізуіміз
қажет,барлық салаларда қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру үшін бастамалар жасап, қазақ
тілінің ұлттық құндылығын жоғалтып алмауына жағдай жасауымыз қажет.Сонымен
қатар,бүгінде Қазақстан ұлттық жандану кезеңін бастан кешіруде.Мәдени парадигманың
ауысуы ұлттық жандану үрдісімен тығыз байланысты.[1]Бұрынғы концепцияларды қайта
қарау, ұмытылған сөздердің қайта келуі-ол Қазақстан мәдениетіне тән ерекшеліктер. “Сөз
еркіндігі” қазақ тарихшылары және жазушылары үшін ауыр сынақ болды.Әр-түрлі
тарихшылардың сенімсіз ақпарат көздерін қолдану арқылы көптеген кітаптардың жарық көруі
артты.Бұл кітаптардың жастарға беретін тәрбиесі және сапасы біздің қазақтың мәдениетіне
тән емес дүниелерге толы болды.Өкінішке орай,ұлттық мәдениеттердің,тілдердің сырттан
өзіне қажетті құндылықтарды алып,байи түсуімен қатар,керісінше ұлттық болмысты
деформацияға ұшырату үрдісі де қатар жүруде.
Осы аталған мәселі алдын алып, шешу жолдарын ұсыну арқылы біз өз мәдениетіміздің
жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті болуына жол ашамыз. Ең алдымен Елбасымыз
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында атап өткендей,мәдениетті қолдаудың
халық қорларын ашу,яғни, өз елінің мәдени дамуын қолдайтын адамдар мен кәсіпкерді тарту.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау» басымдығында атап өткендей мәдениет саласында талантты
және перспективалы қайраткерлерді одан әрі ынталандыру және қолдау көрсету, сондай-ақ
барлық мәдениет ұйымдарының қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды белсенді түрде
енгізе отырып, мәдени өнімдерге жоғары сұранысты жандандыру қажет[17]. Сонымен қатар,
жалпыұлттық және жергілікті объектілер тізімін, материалдық емес және материалдық мәдени
мұраның ұлттық тізілімін қалыптастыру,жуйелендіру және үнемі жаңартып отыру
қажет.Қазақстанның бүкіл өңірлерінде оның элементтеріне түгендеу жүргізу және ЮНЕСКО-
ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне кеңінен ілгерілету қажет. ЮНЕСКО, ИКИМОС,
ТУРКСОЙ, ИСЕСКО сияқты шетелдік жетекші ұйымдармен ынтымақтастық жүргізу арқылы
біз өзіміздің мәдени мұрамызды сақтай отырып, ұлттық құндылықтармыздың шетелде
танылуына мүмкіндік аламыз.

Мен зерттеу жұмысын жазу барысында ұлттық құндылықтардың жаһандану барысында


орындалуының күшті және әлсіз жақтарын,мүмкіндіктерін зерттей келе,сонымен қоса
еліміздің мәдениетіне төмендегідей қауіп-қатерлер төнуде деген қорытындыға келдім:
Батыстану және орыстану саясаттары ұлттық болмысты деформацияға ұшыратуда.
Көбінесе, БҰҚ арқылы өз-өзін жарнамалайтын бұл саясат халық арасында еліктеушілікті
тудырады. Нәтижесінде, халықтың көп бөлігі, әсіресе жастар батыстық стильде киініп, шет
елдердің салт-дәстүрлерін ұстанып жүргендер де бар.Мысалы BTS, EXO секілді корейлік
топтар корейлік би өнерін жастарымыздың арасында кең насихаттап, жарнамалап жүр.
Нәтижесінде, көптеген жастар, әсіресе мектеп оқушылары, бұл корейлік стильге еліктеп,
болашақта осыны дамытып, корейлік биші болып, Кореяда тұруды армандайды.Егер ұлттық
салт-дәстүрлеріміздің деңгейі осылайша түсе беретін болса, ұлттық құндылықтарымыздың
жұтылып, мүлдем жойылу қаупі бар. Сонымен қатар, салт-дәстүрлеріміздің жылдан-жылға
ұмыт болып, орындалмай бара жатқандығы ұлттық құндылықтарымыздың жоғалуына әсер
туғызады.Себебі, ұлттық құндылықтардың басты қазынасы бұл мәдениетіміз және салт-
дәстүрлеріміз.Мысалы, қазақтың салт-дәстүрлері, асық,алтыбақан,қыз ққуу секілді ежелден
келе жатқан ұлттық ойындары және қазақ халқына тән ұлттық болмыстары тек НАУРЫЗ
мейрамында орындалады. Бұл мәселеде болашақта ұлттық құндылықтарымыздың, тек қазақ
халқына тән ерекше мәдениетіміздің жылдан-жылға ұмыт болып, жойылуына қауіп тудырады.

ІІІ. Қорытынды
Курстық жұмыста «Жаһандану үдерісіндегі ұлттық құндылық бағыттарының
орындалуы және дамуы қалай жүзеге асырылуда?» сұрағына жауап беріліп, қазіргі қоғамдағы
болып жатқан өзгерістер барысындағы ұлттық құндылық бағытының қалай жүзеге асырылып
жатқандығы және дамуы қарастырылды. Курстық жұмысты жазу барысындағы жаһандану
дәуіріндегі ұлттық құндылық бағытының ілгері дамуы Қазақстан мемлекетін бәсекеге
қабілетті,көпвекторлы зайырлы мемлекетке айналдыра отырып, әлемнің дамыған 30елдің
қатарына кіруге мүмкіндік береді.
«Әлемдегі орын алып жатқан өзгерістердің ұлттық құндылықтарға әсері қандай?»
Жаһандану барысында болып жатқан өзгерістер қазақтың ұлттық құндылықтарының өзгеріске
ұшырауына, тілдің бұрмалануына әкеп соқтырды. Яғни, «батыстану», «униформатизация»
үрдістері жастардың өзге ұлт мәдениетін қолдап, қазақтың байырғы салт-дәстүрлерінің ұмыт
болуына әсер етуде. Осы аталған мәселе өз шешімін таппаса, болашақта қазақ мәдениетінің
ассимилияцияға ұшырау қаупі бар деп ойлаймын.
«Қазақстанда ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында жүргізіліп жтқан
жұмыстар қалай көрініс табуда?» Елбасының 2017 жылдың сәуір айында халыққа
жолданған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы еліміздің ұлттық
құндылықтарын жаңғырту бағытында бағдар береді. Осы бағдарлама аясында «100 кітап»,
«100 есім» жобалары қолға алынып, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық
жаңашылдыққа жетелейтін жолды іздеп табуға мүміндік берді. Сонымен қатар, «Қазақстан-
2050», «Қазақстанның 2020 жылға даму бағыты», «Ұлы даланың жеті қыры» атты
бағдарламалар мен жоспарлар Қазақстан Республикасының ұлттық құндылықтарын сақтай
отырып, әлемде орын алып жатқан өзгерістерге қарамастан қазақ мәдениетінің бәсекеге
қабілетті дамуына жол ашады.
«Болашақта ұлттық құндылықтарды арттыру жолдарын жасау үшін және ұлттық
құндылықтардың сақталып қалуы үшін не істеу керек?» Ақпараттық қоғамда ұлттық
құндылықтарды сақтап қалу үшін «Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі
тұжырымдамасы» жүргізілген болатын. Осы орайда еліне және ұлтына деген патриоттылықты
арттыру арқылы жастардың ұлт тарихына, мәдениетіне, ұлттық құндылықтарға құрметі мен
сыйластығын тудыруға болады. Тұжырымдамаға сәйкес «Жастардың құндылық-патриоттық
бағдарларын қалыптастыру», «Жастардың экономикалық, әлеуметтік,
инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту» бағыттарын нығайту міндеттері
жатыр. Осы аталған міндеттерді қолға алу арқылы, болашақта ұлттық құндылық
бағыттарының сақталып қалуына және қоғамдық сананың жаңғыруына қол жеткізе аламыз
деген ойдамын.
Жаһандану үдересіндегі ұлттық құндылық бағыттарының өзгеруіне әсер етіп жатқан
факторларды анықтап,ұлттық құндылық бағыттарының орындалуы екіншілік SWOT анализ
және біріншілік сауалнама әдістері арқылы талданды. Бұл жұмыстар жаһандану дәуірінде
ұлттық құндылық бағыттарының орындалуы және дамуы туралы ақпараттарды жинақтай
отырып, бағалауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысын толықтай қорынтындылай келе, тақырыптың өзекті болуына
байланысты және аталған мәселелердің қазіргі қоғамда маңызды болуына байланысты
курстық жұмысымды сапалы шықты деп ойлаймын. Сонымен қатар зерттеу тақырыбына
байланысты ғаламтор көздеріндегі ақпараттардың ауқымды болуы зерттеу жұмысының
артықшылығы болып табылады.
Жұмысты жазу барысында тақырып туралы ғаламтор желісіндегі ресурс көздерінің
ауқысды болуы қиындық туғызды. Сонымен қатар барлық ақпарат көздері сенімді емес
болғандықтан, сенімді ақпарат көдерін ажыратып, керек маңызды деген ақпараттарды
жинақтап отыру көп уақытты қажет етті.
Зерттеу жұмысын одан әрі қарай жетілдіру мақсатында қолданылмаған әдістерді
қолдануды ұсыныс ретінде қарастырғым келеді. Мысалы, зерттеу жұмысын жазу барысында
сапалық әдіс – сұхбат әдісін қолдану.
«Жаһандану үдерісіндегі ұлттық құндылық бағыттарының орындалуы және дамуы
қалай жүзеге асырылуда?» тақырыбының аясы өте кең. Болашақта бұл тақырыпты тереңірек
зерттеп, қажетті салаларда қолдануды мақсат еттім.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер


Библиография:

1. Сексенбаев Б. Мəдени сабақтастықтағы тарих даналығы // Əлемдік мəдениеттану


ойсанасы. Он    томдық.    10-том.  Қазақстанның қазіргі заманғы мəдениеттану
парадигмалары. –Алматы: Жазушы, 2006. – 496 б;

2.Егемен Қазақстан//28 сәуір 2004ж//№82;


3.Айқын//18мамыр 2007ж//№93;
4. https://e-history.kz/kz/publications/view/3271
5.Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру//Нұрсұлтан Ә.Н//“Егемен Қазақстан” газеті,№70, 12
сәуір 2017;
6.Алматы ақшамы//12 тамыз 2017ж//№94 5 б;
7.Әбуов Ә.Е Жаһандану жағдайындағы ұлттық құндылықтардың маңызы//Қазақ газеттері,25
қаңтар 2011жыл;
8.Жаһандану қадамы рухани жаңғырудан басталады//Тайжант Бақтияр//Заң-2017-№5-10-11б;
9. «Айқын» газеті, 7 желтоқсан,2017. //Жаһандану және ұлттық идея– 5 бет.
10.Косиченко А.Г. Влияние глобализации на духовные основы, ценности и идеалы
казахстанского общества // Казахстан в условия глобализации: философско-
политологический анализ. 184-227-бб;
11. Телебаев Г.Т., Шайкенова А.Т., Омирсеитова А.К и др. Казахстанская культура сегодня:
ценности, потребности, институты. – Астана: Елорда, 2002. – 232 с;
12.Ангархаев А.А. Проблема национальной идентичности в контексте глобализации.
https://docs.google.com/ In today’s dynamically developing world, the problem of national identity
is at the center of attention, both politicians and researchers. They are particularly relevance to
polyethnic state formations
Пайдаланылған ақпарат көздері:
13.Ш.Г Кадыржановна(Алматы, 2016жыл) «Қазақстандағы мәдени мұра құндылықтарын
жүйелеу және оларды жоғары білім беруде жетілдіру» Әль-Фараби атындағы қазақ ұлттық
университетінің ресми сайтынан 28 қараша, 2018 жылы алынды:
http://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder17928/%D0%94%D0%B8%D1%81%D1%81%D0
%B5%D1%80%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F
%20%D0%A8%D0%B0%D1%88%D0%B0%D0%B5%D0%B2%D0%B0%20%D0%93.%D0%9
A..pdf
14. Қайыркен ӘДИЕТ(09 Маусым 2017) «Ұлттық құндылықтар негізінде отаншылдыққа
тәрбиелеу» Қазақстан тарихы порталынан 25 қараша, 2018 жылы алынды:
https://e-history.kz/kz/publications/view/3271
15. Қазақстан қоғамының жаһандану үдерісіндегі құндылық бағдарлары жəне даму
тенденциялары//ҚазҰУ Хабаршысы//К.У. Биекенов, Т.Б. Тауекелова 26 қараша, 2018 жылы
алынды: https://articlekz.com/kk/article/17516
16.Т.К.Бурбаев(2009, Қарағанды) “Жаһандану жəне қазақ менталитеті” 27 қараша 2018жылы
алынған: https://articlekz.com/kk/article/15682
17. “Рухани жаңғыру- халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар” 28 қараша,2018
жылы алынды: https://www.zakon.kz/4908813-ruhani-zha-yru-hal-ymyz-a-ruhani-zhol-k.html
18."Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту
және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп
тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы.
( 30қараша,2017) (n.d.).Алынды: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000799
19.Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Алынды:https://www.enbek.kz/docs/kk/node/194

V Қосымша
№1: “Респонденттердің саны және топтары”
№2: Респонденттердің жаһандану туралы түсінігі

№3: “Жаһандану қай салаға көбірек өзгеріс алып келді?” деген сұраққа респонденттердің
жауабы

№4. “Жаһанданудың жастар арасында туғызған мәселесі қандай?” деген сұраққа


респонденттердің жауабы

\
5. «Жаһанданудың өте үлкен қарқынмен дамуына қандай факторлар әсер етуде?» деген
сұраққа респонденттердің пікірі:

№6. «Жаһандану үдерісінде ұлттық құндылық бағыттарын дамытудың қандай жолдарын


білесіздер?» деген сұраққа респонденттердің берген жауабы

№7.Сауалнаманың соңғы сұрағы «Қазақстанның жаһандану үдерісін қабылдау себебі қандай


деп ойлайсыз» деген сұраққа респонденттердің басым көпшілігінің берген жауабы:

You might also like