You are on page 1of 15

Қызылорда қаласы

химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан


Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Қоғамды зерделеу


Тақырыбы: Қызылорда қаласындағы медицинаның даму барысы қандай?

(3150 сөз)

Орындаған:

Жетекші: Кенбаева Надежда

Ішкі модератор: Маханов Ғалымжан


Қызылорда қаласы, 2019 жыл

ЖОСПАРЫ:

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.1 Зерттеу сұрақтары
1.2 Зерттеу әдістері
1.3 Зерттеу қорытындысы
1.4 Бағалау

III Қорытынды
IV Пайдаланылған ақпарат көздері
V Қосымша
1 Кіріспе

Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды бір салаларының бірі.


Мемлекет денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін қолға алып, медицина қызметтерінің
қолжетімділігі мен сапасын жақсарту, денсаулық сақтау жүйесін тиімді басқару және
қаржыландыруға бағытталған стандарттарын жүзеге асырып, қамтамасыз етуді жолға қойды,
себебі әрбір ел үшін медицинаның қарқынды дамуы өте маңызды болып келеді.
Әртүрлі медицина саласын дамытуға арналған жоспарламалар мен бағдарламалар
еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттырына жатады.Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін
медицина саласындағы артта қалушылықтар елдің әлеуметтік өміріне айтарлықтай зиян
келтіріп, үлкен көлемдегі ауыртпалықтар әкелгені барлығымызға айқын. Яғни, қаражаттың
аз бөлінуінен, мамандардың жетіспеуінен, жалпы айтқанда медицина саласының толық
зерттелмеуі мен артта қалуы түрлі аурулардың кең көлемде белең алуына жағдай жасады.
Алайда, 1991 жылы еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін медицина саласы үлкен
жетістіктерге қол жеткізді.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда мыңнан аса денсаулық сақтау
нысандары салынып, қолданысқа беріле бастады. Оның ішінде 8 медициналық ғылыми
институт, 30-дан астам мамандандырылған орталық, 180-ге жуық аурухана, 100-ден астам
емхана бой көтерді.[1] Сонымен қатар, жаңа технологиялар да дами отыра, еліміздің басқа
елдермен де қарым-қатынасы дамып, тәжірибе алмаса бастады.
Таңдалған тақырып өзекті деп саналады, себебі Елбасымыз өз жолдауларының бірінде:
«Ел дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет
көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін
дамыту болуы керек», – деген еді.
Бұл курстық жұмыстың ең маңызды мақсаттарының бірі-Қызылорда қаласындағы
медицина саласындағы жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, болашағын бағдарлау.
Зерттеу жұмысының барысы басты үш сұрақтарға жауап берді:
1. Қызылорда қаласындағы медицина орталықтарының даму тарихы қай кезеңнен
бастап орын алды.
2. Заманауи технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың аймақтық медицина
саласына әсері қандай?
3. Қызылорда қаласының медицина саласындағы өзгерістердің бағыты қандай?

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 .1 Қызылорда қаласындағы медицина орталықтарының даму тарихы қай


кезеңнен бастап орын алды?
Тарихқа тасқа басылып жазылғандай, жаңа дәуірді бастаған ҚазАССР-нің бірінші
астанасы Орынбор қаласы болды.1925-жылы астана Перовскіге көшіріліп, бұл қалаға
Қызылорда атауы берілді.Осыған байланысты Сыр бойы өңірінің экономикалық және мәдени-
әлеуметтік өмірінде үлкен өзгерістер бола бастады.
Ең алдымен Қазақстан тарихынада бірінші болып Қызылорда қаласында 220 төсек орны бар өлкелік
ұлттық-клиникалық аурухана салынып, пайдалануға берілді және 1927 жылы 3 дәрігерден 70
маманға жетті.Онда Сыр бойынан алғашқы шыққан жоғарғы білімді қазақ дәрігері Әли
Көтібаров еңбек етті.
1938 жылы қалалық аурухананың базасында Қызылорда облыстық ауруханасы
құрылды.Сондықтан да хирургиялық,терапевтік, акушерлік-генекологиялық және педиатория
бөлімдерін дамыту жолға қойылды.Оған қоса өнірде 1992 жылы Облыстық Кеңес Беру
Диагностикалық Орталық ашылды. Типтік жобасымен салынған 4 қабатты орталық тәулігіне
600 пациентті қабылдай алды. Ең тиімді мүмкіндігі – орталық негізгі 6 бөлімнен тұрып,
республикамыздың көптеген жерлерінен келген пациенттерді де қабылдады. Уақыт талабына
сай көп салала аурухана атауы 1999 жылы Облыстық медицина орталығы болып
өзгертілді.Бүгінде Орталықтың 24 мамандандырылған емдеу, 19 зерттеу және 19 қосалқы
бөлімшелері бар. 2002 жылы облмедорталықтан 30 маманымыз облыс бюджеті есебінен Ресей,
Украина, Франция,Германия, АҚШ, Канада, Израил, Болгария,Туркия елдерінде білімдерін
жетілдіріп қайтты.Мамандар диагноз қою және емдеу тәсілдерінің жылына жаңа 30-40 түрін
енгізуде.Ауру түрлерін анықтап, емдеуде Ресей Германия Жапония Швеция Франция АҚШ
мемлекеттерінде жасалған медициналық құрал жабдықтарды пайдаланадыЖалпы 1991 жылдан
бүгінге күнге дейін Қызылорда қаласында 7 аурухана (Облыстық медицина Орталығы, Қалалық
аурухана, Облыстық Ана мен Бала орталығы, Балалар ауруханасы, Психо-неврологиялық
аурухана, Жұқпалы аурулар, Тері венерологиялық аурухана) 6 емхана жұмыс жасайды.[0]
Жалпы денсаулық сақтау саласының тарихы және дамуы экономикалық, саяси және
технологиялық салаларын қамти отыра, адамдардың өмір сүру ұзақтығының артуына оң
ықпалын тигізуде.
2.1.2 Заманауи технологиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың аймақтық
медицина саласына әсері қандай?
“Дені сау ұрпақ-ел болашағы”
Н.Ә.Назарбаев
Денсаулық сақтау – мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі.Ал оның даму
барысы-еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жоғары сапаға бағытталған жұмыстардан
көрінеді. Қазақстанның басты медицина саласы көптеген салалардың дамуымен
байланысады. Нақтырақ, елімізде қосымша медициналық білімді жетілдіру, тәжірибелік
базаны нығайту және медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесінде жұмысқа
ынталандыруды күшейтуге бағытталған “Денсаулық-2020”, “Саламатты Қазақстан”,
“Қазақстан – 2050” секілді бағдарламалардың орын алуымен.
Қызылорда облысы бойынша, 2018 жылы №1 ауруханасының медициналық-
технологиялық қоры тағы да жаңа аппаратпен толықты. Германияда . Интраоперциондық,
нейрофизиолгиялық монитор күрделі оталар үшін жасалған “ISISIOM” мониторы
қолданысқа енді. Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Файзулла Смағұлов: бұл аппарат
пациенттердің стационарда жататын уақытын қысқартып,науқасты емдеуге,оңалтуға
жұмсалатын әлеуметтік экономикалық шығындарды 3,5 есеге дейін қысқартты деп атап өтті
[2]. Шетел медицинасымен тығыз байланыс орнату арқылы 2012 жылы еліміз көптеген жаңа
технологияларға қол жеткізілді, мысалы: газды анализатор, биохимиялық анализатор,
билирубинометр секілді жаңа аппараттар емдеу-диагностика сапасын жақсартты. Соның
ішінде, электрoнды денсаулық сақтау саласына сәйкес, медициналық ұйымдардың IT-
инфрақұрылымдaрын жақсарту қарқынды жүріп жатыр. Облыстың барлық аудандарында 22
республикалық ақпараттық жүйе енгізіліп, жұмыс істеуде. Ағымдағы жылы мыңнан аса
компьютерлік техникалар алынып, қазіргі кездегі көрсеткіш бойынша жалпы компьютерлік
техникамен жабдықталу 75,2 пайызды құрап отыр.[3]
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтар 2017 жылғы Қазақстан халқына
жолдауы бойынша: 2017 жылы 1 шілдеден бастап мемлекеттің , жұмыс берушілердің,
азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі
(ММСЖ) енгізуді тапсырма етті. Оның негізгі қағидаттары: ынтымақтастық, жаппай қамту
және әділеттілік, қаражат жинау кезінде – «әркімнен төлем қабілетіне қарай», ал
медициналық көмек алуда «әркімге қажетіне қарай» көмек алу. ММСЖ қатысушыларға кең
ауқымдағы медициналық ұсынылатын қызметтер қатарында: жедел жәрдем және
санитариялық авиация, шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек, профилактикалық
екпелер және т.б қарастырылады. ММСЖ келешек ұлт үшін тиімді болып табылады, себебі
халықтың Қазақстан аумағындағы кез-келген емханадан медициналық көмек алуға
мүмкіндігі болады.Ол «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
атты елбасы жолдауында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы
атқарылып жатқан жұмыс болып табылады.Одан бөлек, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап
қаладағы барлық медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуі
жоспарланды. Бұл – тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасап, қызмет
көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Қазір медициналық қызметтің 65 %
электронды түрде жүзеге асуда. Ол дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтып, жұмыс сапасын
арттыруда. Қазір Қызылорда қаласында дәрігерлерге арналған бағдарламамен қатар,
пациенттерге арналған «DamuMed» мобильді қосымшасы енгізілген және оны қолдануда
82,3 пайыз тұрғын белсенділік танытуда. Қосымша арқылы науқас дәрігер қабылдауына
жазылып, өз анализ қортындыларын онлайн режимде бақылап, жедел-жәрдем шақырта
алады. Қорыта, цифрландыру жүйесі – аймақтық денсаулық сақтау саласындағы күрделі
мәселелерді шешуге жол ашады. Біріншіден, медициналық қателіктердің саны төмендейді.
Екіншіден, қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығы артады. Үшіншіден, басқарушылық
шешімдерді қабылдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Медицина салсының даму индикаторларының бірі-мемлекеттік бағдарламалар. Оған
дәлел, «Денсаулық» бағдарламасы аясында 203 іс-шара атқарылып, 28 нысаналы
индикаторға қол жеткізу мақсаты тұр. Жоспардың басты мақсаты - облыс тұрғындарының
күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72,1 жасқа жеткізу [4]. Осы мәліметтер қазіргі кездегі жаңа
технологиялар мен бағдарламалардың медицина саласын жоғарғы дәрежеде дамытып
жатқанына дәлел бола алады. Өз кезегінде бұл елдің дамуына да, басқа да маңызды
әлеумметтік салалардың дамытуына мүмкіндік береді.
Қорытындылай, ғылым мен техникалық прогресс барысында медицина саласында
бұрынғыдан өзге нәтижелі емдеу тәсілдері пайда болып, халық денсаулығын одан әрі
жақсартуға мүмкіндік береді, ал ол мемлекет тарапынан ұсынылатын бағдарламалар аясында
жүзеге асады.

2.1.3 Қызылорда қаласының медицина саласындағы өзгерістердің бағыты қандай?


Қызылода қаласының денсаулық сақтау саласында орын алған әлеуметтік, саяси және
технологиялық өзгерістердің бағыттарын бағалау мақсатында SWOT сараптамасы
қолданылды.
S(Strong) Өзгерістердің күшті жақтарына,елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылы денсаулық
сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар заңнамасына қол
қоюы, сол орайда денсаулық сақтау саласына тікелей инвестицияларды (соның ішінде
шетелдік) тарту мемлекеттік және жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдардың медициналық
жабдықпен қамтамасыз етілуі-қызмет көрсету саласының ауылдық – 72,6%, қалалық – 74,1%
ға өсуіне сепбеп болды. 2018 жылы 720 дәрігер мен 767 маман өз білімдерін жетілдірді,
өткен жылы Қызылорда облысы Республикада бірінші болып Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымы «Өңірлер денсаулық үшін»Европалық желісіне кірді.Бұл Европа елдерінде
енгізілген озық технологоияларды қолдануға және өңірдегі бастапқа медициналық көмек
(БМСК) бойынша үздік әлемдік тәжірибені бейімдеуге мүмкіндік берді.[5] Ал жас кадрлар
даярлау мақсатында облыс әкімі облыстағы 30 дәрігерлерді резидентураға дайындау
жолында көптеген гранттар бөлді. Соның натижесінде аймақтағы кардиологиялық
орталықтар науқас адамдардың жүректеріне коронация(беткі қабатына ота жасау) ғана емес,
сондай-ақ күрделі деңгейдегі қан-тамырлары оталарын да жасайтын мүмкіндікке ие
болды[6].
W (Weak) Өзгерістердің әлсіз жақтарына, денсаулық сақтау саласында әлі күнге дейін
шешімін таппаған мәселелер қарастырылады. 2007-2015 жылдары маңызды мәселелердің
бірі-денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың жетіспеушілігі. Оны жоюда, казіргі уақытта
институт ұсынған ірі жоба - Қызылорда облысына мамандар даярлау бағытында жұмыс
жүргізуде. Өзге де әлсіз тұстары медицина саласын қаржыландырудың ІЖӨ-ге қатысты үлесі
деңгейінің төмендігі аймақтардағы медициналық мекемелердің техникалық жағынан нашар
жабдықталуына себеп болып отыр. Оны шешуде 2018 жылдар бастап денсаулық сақтау
саласын қаржыландыру(15%) мен дәрігерлер жалақысын (20%) пайызға өсіру елбасы
тарапынан тапсырылды.[7]
Opportunities (O) Медицина саласындағы әлсіздіктерді шешудегі мүмкіндіктерге Қазақстан-
Ресей екі жақты келісім негізінде жасалған бағдарлама кестесіне сәйкес шеберлік сабақтарын
өткізуге М. Ломоносов атындағы ММУ мен өзге де Ресей қалаларынан мамандар
шақырылады. Келісім-шартқа сай 2013-2015 жылдар аралығында 1078 жергілікті маманды
оқытуға 72 млн. теңге қаралса, жыл басынан бері 514 қызылордалық дәрігер біліктіліктерін
жетілдірді. [8] Оған қоса, елбасы 2018 жылғы жолдауда денсаулық сақтау менистрі Елжан
Біртановқа дәрігерлердің жалақысын өсіру тапсырылды.Оның айтуы болынша, медицина
қызметкерлерінің жалақысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегідей
орташа экономикада 2,5 есе жоғары болу тиіс,бізде 85% . Келесі жыл соңына дейін 110% -ға,
одан кейін 150%ға жеткізу жоспарланып отыр деп жеткізді.Бұл жобалар жастардың осы
салаға қызығушылықтарын артыруға және тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндык береді
.Сыр медицинасы [8]
Threats (T) Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер
мен қауіп қатерлер де бар.Оларға медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі,
әлеуметтік жағынан аз қорғалғандығын,аймақтардағы медициналық мекемелердің
техникалық жағынан нашар жабдықталуын, кейбір мемлекеттік басқару ұйымдарындағы
жемқорлықты, жіберілген дәрігерлік қателіктерге дәрігерлердің жауапкершілігінің төмендігі,
олардың кінәсін дәлелдеп, жауапқа тартудың қиындығын айта аламыз. Оған қоса жаңа
инфекциялық аурулардың пайда болуы және бұрын белгілі болғандарының қайта оралуы, ел
аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы, инфекциялық емес
аурулардың өсуін айта аламыз.[9]
Талдауды қорытындылай келе, Қазақстан Республикасындағы медициналық өзгерістер
заманауи əлемнің тенденцияларымен қатар бола отырып, ұлттық жəне аймақтық
ерекшеліктері сақталынған. Қоғамдық құрылымда жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің
негізгі мақсаты – маңызды элементтерінің бірі қоғамдық денсаулық болатын халықтың өмір
сапасын жоғарылату.
2.1 Зерттеу әдісі

Зерттеу жұмысы тақырыбы бойынша негізгі мақсаттар мен идеяларды барынша дамыту
кезегінде зерттеу әдістерін жүргізу өз септігін тигізді, ал курстық жұмыс тақырыбын талдау
үшін деректерді жинау әдістері ішінен сандық әдісті, яғни сауалнама мен сұхбатты
таңдадым.
Бірінші әдіс- Сауалнама болып табылады себебі, жауаптарды жылдам өңдеуге және
бастапқы мәліметтерді кестеге енгізуге мүмкіндік берді.
Біріншіден, тақырып туралы аймақ халқының ойын білу мақсатында және олардың
қаншалықты дәрежеде ақпараттанғандығын білу үшін онлайн сауалнама алынды. Зерттеу
сұрақтары негізінен Қызылорда облысы денсаулық сақтау саласы, ондағы прогресс пен
жетістіктерге бағытталған.
Нәтижелерді сараптай келе, жалпы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының егемендік
алған жылдардан бері жақсы көрсеткіштерге жетіп келе жатқанын және заманауи
технологиялар мен ғылыми зерттеулердің қосатын үлесінің жоғары екені анықталды.
(Diagram 1 талдау)
Жалпы сауалнамаға қатысқан респонденттердің 50%-дан астамы, заманауи
технологиялардың ауруларды емдеуле және анықтауда жоғары рөль ойнайтынын көрсетті.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының нәтижесі бойынша медициналық,
фармацевтикалық білім беруді жетілдіру; медицинадағы инновациялық технологияларды
дамыту және енгізу – сәтті деп бағаланса, бүгінгі күні“Денсаулық” мемлекеттік
бағдарламаны іске асырудың ІІ кезеңі 2019-2020 жылдары “үш негізгі элемент: мемлекет,
кәсіби бірлестік және пациенттерден тұратын, медициналық қызмет сапасын басқарудың
тиімді жүйесін қалыптастыру негізделуде. Ал “жедел жәрем қызметі” мен “дәрі-дәрмек,
палаталар саны” деңгейін орташа деңгейде бағалаған, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру нәтижелері есебі бойынша 6 негізгі бағытың бірі дәрі-
дәрмектердің халық үшін қолжетімді болуы мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау
ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту – сәтті деп бағаланды
және «профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, әлеуметтік
маңызды негізгі аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды
жетілдіру – өте сәтті» деп қорытындыланды. Дегенмен “күрделі оталар жасалуына”
қатысты шамамен тең дәрежеде 3 түрлі көзқарасты көрсеткен. Айта кететін мәселе жалпы
бағалауда жоғары немесе өте жоғары деген деңгейлерді өте аз адамдар таңдаған, соған орай
Қызылорда облысында халыққа көрсетілген медицина жағдайының орташа дейгейде екенін
көре аламыз. Басқарудың шығындық тиімділігін арттыру үшін амбулаториялық және
стационарлық ұйымдарда қазіргі заманғы ресурс үнемдегіш технологияларды: операциялық
менеджмент технологиясын, үнемді өндіріс технологиясын (Lean), оңтайлы қаржыландыру
тетіктерін, инновациялық медициналық және медициналық емес технологияларды кезең-
кезеңімен енгізу көзделеді. [10]
Қорытындылай келе жергілікті халықтың ауруханларға берген бағалауларынан
(6/10 ) аймақтағы медицина саласының орташа деңгейде екенін 2-диаграммадан көре аламыз.
Келесі сұрақта, адамдардың көзқарасы ескеріліп, тақырып өзектілігі келесі үш пікірді
ұсына отырып зерттелді: (Diagram 3). Ең алдымен, сауалнамаға жауап берушілердің 60
пайызы “Жаңа технологиялар, бағдарламалармен медицина саласына бөлініп жатқан қаражат
елдің денсаулық сақтау саласын дамытады” деген пікірмен келіседі, яғни халыққа қызмет
көрсету саласын дамытуда негізгі міндеттерің бірі деп айта аламыз. Оған дәлел Саламатты
Қазақтан жобасының логикалық жалғасы болып табылатын, "Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық"
мемлекеттік бағдарламасын ала аламыз, осы бағдарлама қарсаңында Іске асырудың негізгі 7
бағыттары анықталды соның бірі: Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен
қазіргі заманғы ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау
инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Келесі сауалнамаға жауап бергендердің 23 және 17 пайызы көптеген жаңа
технологияларды сатып алуда біріншіден қаржының ретсіз бөлініп, екіншіден шет елден
алынған заманауи технологияны игеруде жоғарғы мамандандырылған кадрлар жетіспеушілін
көрсеткен, тек бюджет қаражаты есебінен жабылмайтын, денсаулық сақтауға жұмсалатын
шығындардың өсуі және формалды емес және жеке төлемдердің жоғары деңгейін айта
аламыз.Осы секілді мәселелерді шешу барысында, интеграцияланған, пациентке бағытталған
денсаулық сақтау жүйесінің негізінде медициналық қызметтердің қолжетімділігін,
толықтығы мен сапасын қамтамасыз етуі қарастырылуда.
Келесі зеріттеу тәсілі “сұхбат” түрінде алынды. Жоба тақырыбына қатысты 2
медициналық жоғарғы білімі бар дәрігерлермен сұхбат жүргіздім. Дәрігерлер Қызылорда
облысының медицинасында ерекше орын алатын “Облыстық медицина орталығы ” мен № 4
қалалық емханада жұмыс жасайды.Сұбат барсынды медицина қызметкерлері:Облыстық
медициналық орталықтың ерекшелігі - көпсалалы екендігі, мұнда кардиохирургия және
қантамыр хирургиясы, нейрохирургия, урология, травматология бөлімдері бар және жылдан
жылға халыққа қызмет көрсету сапасының артып келе жатқаны айтылды. «Саламатты
Қазақстан» бағдарламасы аясында 2008 жылы өзімізде жүрекке ота жасау басталды. 2009
жылы кардиологиялық орталық ашылды. 2008-2009 жылдары жүрекке ота жасау басқа
қалалардан, шетелден арнайы шақырылған мамандардың көмегімен жасалып келсе, бүгінгі
күні бұл оталарды өзіміздің мамандар жасап жатыр. Бұл үлкен жетістік деп айтар едім.
Осыдан он жыл бұрын жүрекке ота тек Алматы қаласында жасалып келді,дейді ОМЦ
дәрігері хирург Р.Ә.Нұрмағамбетов, яғни бұл арқылы Қызылорда облысында хирургия
саласының дамуы барысы анықталды.Жүрек қан тамырлары аурулары бойынша бұл орталық
аптаның жеті күні, 24 сағат бойы қызмет көрсетуге дайын екендігі, Инсульттік орталыққа
қажетті барлық материалдық-техникалық жабдықтар, автомашиналар, ұшақ, тікұшақтардың
қызмет көрсету сапасының артуына септігін тейгізіп жатыр.
Қаланың осы саладағы жақсарту барысында кездесіп отырған кедергілер мен кемшілік
тұстары, қалалық емхана дәрігері Б.Г.Нағметқызы, негізгілері мәселелер:мамандар
тапшылығы, қағаз бастылық және халықтың денсаулық мәселесіне деген сана-сезімінің
бұрыстығы екендігін атап өтті.
Біріншіден, орталық бойынша анестизиология-рениматология саласына бір-екі маман
жетіспейді.Сол орайда дәрігер-хирург Р.Ә.Нұрмағамбетов “Біз қазір де осы мәселе бойынша
белгілі жоғары оқу орнында оқып жатқан осы өңірдің түлектеріне хабарласып, жұмысқа
шақырудамыз. Бізде Асфендияров атындағы медициналық университеттің филиалы
ашылды” деп жеткізді. Оның медицина саласына бере артықшылықтары, маман тапшылығы
шешімін табады.
Екіншіден, қағазбастылық мәселесі жалпы денсаулық саласында айтылып жүрген
мәселе.Оарды шешу үшін екінші жартыжылдықтан бастап электронды жүйеге көшуде. Ол,
қазіргі таңда елдегі әрбір емделушіге электронды денсаулық паспорты ашып, онлайн
режимінде емделушінің бүкіл медициналық тарихын желіде сақтауға мүмкіндік береді. Және
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы экономикаға 58,3 млрд. теңге пайда әкелуі
жоспарлануда.
Үшіншіден, халықтың өз денсаулығына немқұрайлығы. «Мен ауырсам дәрігер жауап береді»
деп дәрігерге жауапкершілікті арта салып отыруға болмайтынын толық түсінбеуі. Дәрігер
халық денсаулығының 10 пайызына ғана жауап бере алады.Сол себепті алдағы уақытта
дәрігерлер мен халық арасында тығыз байланыс орнатып, кездесулер қойылады.Ол екі
жақты араны жақындатып, жиі туындайтын тусініспеушіліктердің азаюына акеліп соғады.
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында алдығы жоспарлары,көз аурулары
орталығын ашу екендігің жеткізді. Себебі, бүгінде жеке орталықты қажет ететін көз
аурулары көбейіп тұр. Орталықты ашуды жүзеге асыруға облыстық денсаулық сақтау
басқармасы, облыстық әкімдік қолдау білдіріп, қаржы бөліп, жетіспеген құрал-
жабдықтармен толық жабдықталуда.

Зерттеу қорытындылары
Сауалнама мен сұхбат нәтижесі арқылы берілген мәселеге жан-жақты көзқарас алдым.
Елбасының 2018жылғы халыққа арнаған Жолдауында "Ақпараттық жүйелерді
біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын
енгізу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру бүгінгі күннің
негізгі міндеттерінің бірі болып отыр деп көрсетті. Дәрігер мамандардың ғана емес,
халықтың да цифрлық жүйемен жұмыс істеуге үйрене бастағанын, 2017 жылы “Egov”
бағдарламасы арқылы дәрігерлік қабылдауғаене бастады. Ал медициналық сақтандыру
қорына жиналған қаражат тек кажетті жағдайда науқастарға жұмсалады, ал қалған қордың
бөлігі жиналып, көбейе береді. Қордағы ақша арқылы мемлекеттік және жеке ауруханалар,
емханалар өз квалификациясын жетілдіреді, жаңа құрал-жабдықтар алып, кадрлар
даярлайды, медициналық орталықтар сапа мен қолжетімділік аясында бәсекелестікке
қабілетті болады. Мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің
негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды
қамтамасыз ету 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
арқылы жүзеге асатын болады.
2.4 Бағалау
Зерттеу жұмыс сәтті жүргізіліп, тақырыпты өзектендіруде қойылған негізгі
мақсаттарға қол жеткізілді және басты зерттеу сұрақтарына жауап алынды. Зерттеу әдісі
барысында бірнеше зерттеу жолдарының қолдануы арқылы, медициналық сақтандыру
жүйесі, электронды медициналық паспортқа көшу секілді маңызды ақпараттар алынды.
Алынған дереккөздер соңғы жаңалықтар мен өзгерістерді қамтиды, оған республикалық
дәрежеде мойындалған ҚазАқпарат (https://www.inform.kz ) сайтының соңғы сенімді
жаңалықтары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-
құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz мен “Сыр медицинасы” газетінің басылымдары алынды.
Медицина саласының білікті мамандарынан алынған сұхбаттар жобаның жан-жақты
ашылды, және медицина саласындағы кемшілік мамандардың жеіспеушілігі және көз
аурулары орталығын ашу қажеттілігі айқындалды.
Зерттеу әдісі барысында кемшіліктер мен кедергілер де қатар болды. Кейбір
журналисттік ғаламтор жұмыстары субъективті көзқарас ұстанды және тек Қызылорда
облысы адамдарын ғана қамтитын онлайн дистанционды алынған сұрақтар
сұхбаттанушылардың ойын толық ашқан жоқ. Елдің медицина саласын дамыту үшін тек
жаңа технологияларды қолданып қана қоймай, сонымен қатар онымен жұмыс жасайтын
білікті кадрлар санын да арттыру және білім саласына да көп көңіл бөлу керек екендігі және
медицналық сақтандыру жүйесінің әрбір адам емес мемлекет экономикасы үшін де пайдалы
болатыны айқындалды.
Қызылорда қаласының денсаулық сақтау жүйесінің даму барысын жан-жақты талдау үшін
“Фишбоун” анализін жүргізуді шештім.

Фишбоун талдауы, медицина саласындағы кедергілер және оның шығу себептері


мен салдарына бағытталады. Жоғарыда айтылғандай денсаулық саласының бүгінгі негізгі
мәселелері: кадрлардың жетіспеушілігі және орталықтардың технологиялармен толық
жабдықталмауы болып табылады. Осы кедергілердің пайда болу себептері осы салаға
мемлекет тарапынан жеткілікті қаржы бөлінбеуі мен ұсынылған бағдарламалардың толық
жүзеге аспауы. Келесі мәселе ол дәрі-дәрмектердің ауруды емдеуде сапасыздығы мен халық
үшін бағасының қымбат болу.Осы және өзге де кедергілерді жою үшін шет елден қымбатқа
дәрі-дәрмек импорттамай отандық шөптерден сапалы дәрілер жасап шығару және ол үбшін
мемлекет тарапынан алдағы жылда фармацевтика саласына бөлінетін қаржыны 20%-ға
арттыру жоспарлануда.АҚШ, Қытай және дамыған Европа елдерімен келісімдер жасап
отандық медицина орталықтарын дамыған технологиялармен қамтып және де елдегі жас
мамандарды шет елде тәжірибе алмасу жобасы іске асырылуда.
Жалпы шешім ретінде ең алдымен елдің білім беру саласын дамыту және жеке
медициналық көмек көрсету орталықтарын ашуға мемлекет тарапынан қолдау көрсету
ұсынылады.

ІІІ Қорытынды
“Ұлт денсаулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық жеке адамның
ғана емес, сонымен қатар барлық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады”
Н.Ә.Назарбаев
Актуалды болып саналатын «Қызылорда қаласының денсаулық сақтау саласының даму
барысы қандай?» - мәселесі зерттеліп, оған қатысты ақпарат жиналды, алынған нәтижелерге
талдау жасалды. Объективті тұрғыда ең алдымен, медицина саласының жетістіктері мен
әлсіз тұстары саралаланып, келешекте қол жеткізе алатын мүмкіндіктері мен туындауы
мүмкін қауіп-қатерлері анықталды. Екіншіден, денсаулық сақтау саласын жаңа жүйемен
басқару барысында кедергі болатын шектеуші факторларды жойып, алдын алу жолдарын
іздестірілді.
Қызылорда облыстық медицина орталығы басқармалығынан және қалалық емхана
дәрігерлерінен ашық сұрақтар қою арқылы алынған сұхбат нәтижесіне сәйкес қарапайым
халық әзірше жобалардың маңызы мен тиімділігін толық білмейтіні анықталды, себебі
оларда медициналық қор мен қашықтық профилактика, ем жайлы қате пікір қалыптасқан.
Жаңа жобалардың сәтті шығуы үшін халық барлық өзгерістер туралы толық әрі дұрыс
ақпараттандырылу керек. Оған қоса,тақырыпты зерттеу мақсатында Елбасы жолдауларын
толық зерделеп, оның қазақстандықтарға шын мәнінде тиімді екеніне көз жеткізу арқылы
тұңғыш президентімізге деген құрмет еселене түсті.
Жұмыстың ең мықты тұсы- аймақтың денсаулық сақтау саласын зерттей отыра
қоғамды зерделеп, бағалай білу, адамдардың әртүрлі көзқарастарын ұштастырып, салыстыру
және өз көзіммен зерттеу жүргізіп, ақпараттар жинау. Ел денсаулығы, әрбір адамның өмірі
қашан да маңызды болып табылады. Ал бұл өз кезегінде әр елдің денсаулық сақтау
саласымен бағаланады.
Зерттеу барысында Қызылорда облысының медициналақ даму қарқыны жоғары деп
қорытындыланды және де осы темппен дамып болашаққа қойылған жоспарларлар орындалса
Қызылорда облысы медицасы жақсы дамыған аймаққа айналып шет елден де науқастарды
қабылдауға деген қабілетілігі мен мүмкіндігі арта түседі, ал ол өңір және ел экономикасы
үшін жоғары кіріс көзі болып табылады.Осы жасаған зерттеу жұмыспен шектелмей,
келешекте әрі қарай жетілдіруді қолға алып, мемлекет дамуына сәйкес ұтымды ұсыныстар
айту арқылы жаңа бастамаларға жол ашу жоспарлануда. Медицина өзекті мәселе
болғандықтан, оның жанашырлары әрқашан табылады.
ІV Пайдаланылған ақпарат көздері:
Әдебиеттер
[1]Денсаулықтың ақ ордасы; Түрғынбай Маханов: медицина тарихы ақпараттары 18-20; 30;
34; беттерден алынды)
[2]Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің «Сыр медицинасы» облыстық қоғамдық
бірлестігі газеті №1-4(87) 25 ақпан, қаңтар 2018, 2019 жылғы басылымдары
[2] Сыр медицинасы №1-2(85) 31 қаңтар 2018 жылғы басылымнан
[5] Cыр медицинасы №3-4(87) 25 ақпан 2019 жылғы басылымнан
[7] №1-2(85) 31 қаңтар 2019 жылғы басылымнан
[8]Байтілес Д. Медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді /Байтілес Д. //«Айқын» газеті.-
2017. - 10 маусым.
[9]Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде Қазақстан Республикасында
стационарлық медициналық көмекті қаржыландырудың жүйесін жетілдіру /Хамжина.
Ж //«Қазақстанның клиникалық медицинасы» журналы. -2014. - 7 қараша.
[10] қазақ тілінде ай сайын шығатын республикалық ғылыми-көпшілік «Денсаулық»
журналынан //“Жұқпалы аурулар санының артуы” 15 маусым 2018 жыл
[11])Қызылорда қалалық «Медбике ісі» журналынан//Облсытық маман тапшылығы туралы
23 мамыр 2017 жыл
[12] Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы//Елбасы
сөздері.
Онлайн материалдар:
[0] https://e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/content/emhanalar Қызылорда қаласындағы емхана,
ауруханалар саны жайлы ақпарат
[1]https://kaznmu.kz/press/2012/01/19/%D0%BC
%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%BD
%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD
%D0%B4%D0%B0-%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D0%B0
%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE
%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB/ жергілікті медицинаға бөлінген қаржы жайлы
ақпарат
[3]https://kaznmu.kz/press/2012/01/19/%D0%BC
%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D1%86%D0%B8%D0%BD
%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD
%D0%B4%D0%B0-%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D0%B0
%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE
%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB/ компьютерлік техникамен жабдықталуы жайлы
ақпарат
[4] https://www.inform.kz/kz/kyzylorda-oblysynda-medicina-salasyna-basa-man-
berilude_a3057734 Денсаулық сақтау саласын цифрландыру – осы сала жұмысындағы күрделі
мәселелерді шешуге жол ашуы жайлы ақпарат
[6] http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1500001082 Өзгерістердің күшті жақтарына (SWOT)
[8] www.inform.kz/kz/darigerlerdin-zhetispeushiligi-tayau-zhyldary-zhoyylady-kyzylorda-
oblysy_a2674185 Өзгерістердің әлсіз жақтары (SWOT)
[8]https://www.inform.kz/kz/darigerlerdin-zhetispeushiligi-tayau-zhyldary-zhoyylady-kyzylorda-
oblysy_a2674185 Медицина саласындағы әлсіздіктерді шешудегі мүмкіндіктер (SWOT)
[9]http://depzdrav.gov.kz/%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D0%BC%D0%B5%D1%82/%D2%9B
%D1%80-%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B
%D2%9B-%D1%81%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%83-
%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D0%BC
%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3/ денсаулық сақтау саласындағы
шешілмеген мәселелер мен қауіп қатерлер (SWOT)
[10] http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1500001082 "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы
нәтижесі
[14] http://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-prezidenta-respubliki-
kazahstan-nnazarbaeva-narodu-kazahstana-14-dekabrya-2012-g Қазақстан Республикасы
Президентінің официалды вебсайты: Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
[15]http://med-kz.ucoz.com/publ/dariger_maqalalary/densaulyq_saqtaudy_qarzhylandyru_ehkon
omikalyq_osudin_negizi/2-1-0-325 Беисов М. Денсаулық сақтауды қаржыландыру
экономикалық өсудің негізі /Беисов М. //« Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің»
сайты. -2013. - 10 қыркүйек
[16] http://depzdrav.gov.kz/ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу
туралы» // Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы сайты. -2017. -1 маусым

V Қосымша:
Онлайн сауалнама нәтижелері

Diagram 1

Diagram 2

Diagram 3
Cұхбаттан кадрлар

(жұмыс барысымен танысу)

(науқастардан емхана және қызметкерлер жайлы пікірін білу)

● Сұхбатта қойылған сұрақтар


1.Сіз жұмыс атқарып отырған денсаулық сақтау ұйымының қала тұрғындарына
медициналық көмек көрсетудегі маңызды ролі?
2.Қаланың осы саладағы жақсарту барысында кездесіп отырған кедергілер мен кемшілік
тұстары неде деп ойлайсыз?
3.Елімізде медицина саласын дамыту бағытында қабылданып жатқан мемлекеттік
бағдарламалар жергілікті емдеу орындарында қаншалықты орындалуда?
4.Болашақта сіз жұмыс атқарып отырған емдеу ұйымына қызмет көрсету сапасын
жақсарту мақсатында қандай жоспарларыңыз бар?

● Онлайн сауалнама сұрақтары


1. Жасыңыз?
16-26
27-37
38-58
2. Сіз медициналық көмекті қажет етесіз..
Оқушы есебінде (7+ 18+ )
Жеке басына (21+)
Ана мен бала
Зейнеткер
Мүмкіндігі шектеулі жан
басқасы

3. Қызылорда қаласының медицина саласындағы..


ортадан
 
төмен деңгейде орташа деңгейде жоғары деңгейде жоғары д

Заманауи Заманауи Заманауи


Заманауи
технологиямен технологиямен Заманауи технологиямен технологиямен қамтылу
технологиям
қамтылу саласы қамтылу саласы төмен қамтылу саласы орташа деңгейде саласы ортадан саласы жоға
деңгейде жоғары деңгейде
Күрделі оталар Күрделі оталар Күрделі оталар Күрделі
Күрделі оталар
жасалуы жасалуы төмен жасалуы ортадан жасалуы жоғ
жасалуы орташа деңгейде
деңгейде жоғары деңгейде деңгейде

Жоғары Жоғары деңгейдегі


деңгейдегі Жоғары Жоғары деңгейдегі Жоғары
дәрігерлік
дәрігерлік деңгейдегі дәрігерлік дәрігерлік дәрігерлік
көмек ортадан
көмек көмек төмен деңгейде көмек орташа деңгейде көмек жоғар
жоғары деңгейде

Жедел жәрдем  Жедел жәрдем  Жедел жәрдем  Жедел ж


Жедел жәрдем 
қызметі қызметі төмен қызметі ортадан қызметі жоға
қызметі орташа деңгейде
деңгейде жоғары деңгейде деңгейде

Дәрі-дәрмек пен
палаталар саны

4. Қызылорда қаласындағы сіз тіркелген медицина орталықтың қызмет көрсету сапасына


баға беріңіз

5. Медицина саласындағы негізгі мәселе қауіпті ауруларды емдеу және таралуының алдын
алу.Осы мәселені шешудегі себептер не болып табылады?
Жаңа технологиялар
Білікті мамандар мен дәрігерлер
Дәрі-дәрмектің жаңа сапалы түрлері
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қарқындылығы
басқа себертер

6. Денсаулық сақтау саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалар жайында қаншалықты


хабардарсыз?
толықтай
орташа
хабарым жоқ

7. Қай көзқарасты көбірек құптайсыз?


Жаңа технологиялар, бағдарламалармен медицина саласына бөлініп жатқан қаражат
елдің денсаулық сақтау саласын дамытады
Көптеген жаңа технологияларды сатып алуға және пайдалануға кетіп жатқан қаражат
экономикалық шығындарға алып келеді
мемлекеттік бағдарламалар тек қағаз жүзінде
8. Қызылорда қаласының медицина саласының даму жолында қол жеткізген 1 жаңа жетісті
және 1 шешілмеген мәселені атаңыз

4.

You might also like