You are on page 1of 8

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ауыз судың сапасы біздің өркениет үшін маңызды рөл атқарады,
сондықтан судың ластануы ғаламдық проблемалардың бірі болып табылады.Тұрмыс
қалдықтарының толық өңделмеуі немесе егістік алқаптарға тыңайтқыштарды шектен көп
қолдану бактериялардың тез көбеюі мен қауіпті ауру түрлерінің пайда болуына алып келіп
соғады. Судағы тыңайтқыштың мөлшері көп болса, судың құрамындағы оттектің көп бөлігін
сіңіріп алатын микроағзалардың қарқынды көбеюі орын алады. Осындай факторлардың әсерінен
сапасы төмендеген суларды адамдар күнделікті өмірде жиі тұтынады. Ол организмнің
денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Айталық, адам денесі 60-70% судан тұрады. Яғни, орташа есеппен ересек адамның
ағзасы 35-50 литр судан құралады.Ағзадағы су құрамы 2%-ға ғана төмендегеннің өзінде-
ақ шаршағандық сезіледі, ал су құрамының 9%-ға төмендеуі денсаулықтың айтарлықтай
нашарлауына әкеледі. Ересек адамның миы, жүрегі мен бұлшық еттері 75%, қаны - 83%,
өкпесі - 86% судан тұрады. Біз тыныс алатын ауа біздің өкпемізге жетпес бұрын ылғалмен
дұрыс толтырылуы қажет. Олай болса, біз сусыз тіпті тыныс та ала алмаймыз.Адам
ағзасында су құрамының дұрыс баланс жасауы әрбір жасуша жұмысының қажеттілігі
болып саналады. Таза суды тұтыну – ағзаның қолайлы жұмысы үшін қажет жағдай.
Осыны негізге ала отырып, күнделікті тұтынатын судың құрамын анықтау маңызды
болып табылады. Ластанған сулардың сапасын тек арнайы құрылғылардың көмегімен
ғана емес, биологиялық әдістер арқылы да анықтауға болады.Сондықтан жергілікті су
қоймаларындағы су құрамын биоиндикация әдісін қолдану арқылы ластану дәрежесін
ішек бактерияларының көрінуімен айқындауға негізделген.

Жұмыстың мақсаты. Жергілікті су қоймаларынан алынған су үлгілері мен тұрмыстық су


үлгілерінің құрамында кездесуі мүмкін ішек бактерияларын Coliform Detection Broth
биоиндикаторы көмегімен анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Жергілікті су қоймаларындағы судың құрамын биоиндикатор көмегімен анықтауды оқып-
зерттеу;
- Жергілікті су қоймаларындағы су құрамын биоиндикация әдісін қолдану арқылы ластану
дәрежесін ішек бактерияларының көрінуімен айқындау.
Зерттеу нысаны: Сырдария өзенінің су қоймасының және одан таралатын тұрмыстық сулар.
Ғылыми зерттеудің жаңалығы:
- Алынған су үлгілеріндегі ішек бактерияларының бар-жоғын Coliform Detection Broth
биоиндикаторын 37 °С (бөлме температурасы) 48 сағат ұстау арқылы анықтауға негізделді.
- Алынған су үлгілерінің ішіндегі Сырдария өзенінің суында ішек бактериясының бар екендігі
анықталды.

Жұмыстың практикалық құндылығы. Жергілікті су қоймаларынан алынған судың


құрамындағы ішек бактеряларының бар-жоқтығын анықтау мақсатында биоиндикациялық
әдістің пайдаланылуы. Яғни, биоиндикация әдісінде Coliform Detection Broth биоиндикаторын
қолдану судың құрамын анықтауда тиімділік көрсетуі жұмыстың практикалық құндылығын
анықтайды.
Ғылыми нәтижелердің дәйектілігі мен негізделгендігі.
- тәжірибе жасау үшін пайдаланылған су үлгілерінің қаланың әр түрлі бөліктерінен алып
қолданылуы;
- алынған су сынамаларының биоиндикация әдісімен тексерілуі.
Жұмыстың құрылымы. Ғылыми-зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыс 5 сурет, 2 кестеден жинақталған.
Жұмыстың жалпы көлемі 6 бет.
І Жергілікті су қоймаларындағы судың құрамын биоиндикация әдісімен
анықтау
1.1 Ауыз судың микрофлорасы
Орташа есеппен алғанда ересек адам күніне 2-3 литр су ішуі керек. Ағзаның толық жұмысы
үшін денсаулыққа пайдалы таза судың жеткілікті мөлшерін тұтыну қажет. Бұл жерден біз
қандай суды тұтынуымыз керек деген сұрақ туындайды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
(БДҰ) ауыз су сапасы туралы ұсыныстар білдірген болатын. Осы ұсыныстарға сәйкес ауыз
судағы заттардың құрамы мүмкін шектегі концентрация (МШК) көрсеткіштеріне сай болуы тиіс.
Осы заттардың мүмкін концентрациясының артуы тұтынушыларға маңызды әсерін,яғни,
денсаулыққа үлкен зиянын тигізуі мүмкін. Бензин, фтор, фармацевтикалық препараттар,
пестицидтер, қорғасын, асбест, нитраттар мен радиоактивті қалдықтар – бұл тек біз тұтынатын
ауыз су құрамы ластануының аз ғана бөлігі. Суда түрлі ластаушы заттардың 800-ден астам түрі
болуы мүмкін. Ластаушы заттардың аз ғана дозасын күнделікті тұтыну адам өміріне жағымсыз
әсер ететіні белгілі. Бұның салдарынан жүрек айнуы, бауыр ауруы, жүйке жүйесі аурулары пайда
болуы мүмкін.
Су микроағзалардың көбеюіне ең қолайлы және құнарлы орта болып табылады.
Ауыз судың микробиологиялық қауіпсіздігі – оның сапасының ең маңызды көрсеткіштерінің
бірі. Біз тұтынатын суда көптеген қауіпсіз, патогенді немесе жартылай-патогенді
микроағзалардың белгілі мөлшері кездеседі: колифагтар,сапрофиттер, энтеровирустар.
Микроағзалардың мөлшері шектен артқанда олар қауіпті ауру түрлерін тудырады. Олардың
қатарында E. Coli (ішек бактериялары) да бар. «Ішек таяқшалары» термині судың фекальді
ластануымен байланысты бактериялар қатары деген мағына береді. E coli шатммаларының
басым бөлігі зиянсыз болып табылады және сау адамдар мен жануарлардың ішегінде өмір сүре
алады. Бірақ берілген бактерилардың кейбіреулері күшті токсин ( у) бөліп ауру шақыруы мүмкін.
Төмендегі кестеде ішек бактериясына қатысты ақпарат көрсетілген.

1-кесте Escherichia Coli-дің денсаулыққа әсері

Микроағза атауы Денсаулыққа зияны Денсаулыққа пайдасы Қолданысы


Escherichia Coli Жоғарғы деңгейде Квитаминін Биотехнология,
(E. Coli) (патогенді) (перитонит, синтездейді, басқа микробиология
простатит, патогенді ағзалардың
дисбактериоз) пайда кедергі болады.
1.2 Ауыз судағы ішек таяқшаларынын биоиндикация әдісімен анықтау

E. coli-дің кез келген ортада өмір сүру қабілеті жоғары. Сондықтан оның суда кездесуі арқылы
судың ластануын анықтау үшін қолданады. Ішек бактериясының бұл түрін лабораторияда тез
көбейтіп алуға болады. E. Coli-дің осы екі қасиетін негізге ала отырып, жергілікті жердегі судың
сапасын анықтауға болады.

1.2.1Ауыз судағы ішек бактерияларын анықтауда Coliform Detection Broth


биоиндикаторын пайдалану
Жұмыс жергілікті жердің әр бөліктерінен су сынамалырын алып,оларға Coliform Detection
Broth биоиндикаторын қосу арқылы ішек бактерияларының бар-жоқтығын анықтауға
бағытталған.Жұмыс барысында Қызылорда қаласының орталық,батыс бөліктерінен және
Махамбет ауылынан алынған суларды қолдану қаладағы әртүрлі тұрмыстық суларды сараптауға
мүмкіндік береді. Биоиндикатор құйылған су сынамаларын 37 С° та 48 сағат ұстау арқылы суда
бар болуы мүмкін бактериялардың тез көбеюіне жағдай туады. Көбейген бактериялар сұйықтық
ішіне ферменттер бөліп, суды басқа түске өзгертеді. Ал суда ішек бактериялары болса,
сынамалар көкшіл жасыл түске ауысады.
ІІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМ.
2.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
Жергілікті тұрмыстық су құрамында кездесуі мүмкін ішек бактерияларын анықтау
мақсатында зертханалық тәжірибелер Қызылорда қаласының әртүрлі бөліктерінен алынған су
үлгілерімен жүргізілді. Зерттеуге алынған сынамалар су моншасында стерильденген ыдыстарға
құйылып алынған. Бұл тәжірибенің дұрыс шығуына әсерін тигізеді. Тәжірибедегі су үлгілері
қаланың әртүрлі бөліктерінен алынғандықтан, сыртқы күйлері де бір-бірінен
ерекшеленеді.Бұның себебі су қоймаларынан қалаға жіберілген судың құрамы мен түсі,иісі,
түрінің өзгеруі су құбырларына және үлгілердің алынған жерлеріне байланысты өзгеруінде
болып табылады. Осыған байланысты сынамаларға жасалған тәжірибелердің нәтижелері де бір-
бірінен өзгешеленеді.
Ауыз су құрамын анықтауда биоиндикация әдісі қолданылды. Биоиндикация әдісі
дегеніміз табиғи ортаның сапасын биоиндикаторлар көмегімен анықтау. Биоиндикатор –қандай
да бір табиғат процестерінің құраушыларының ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның
өзгерістерінің бар-жоғын,қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын ағзалардың
жеке түрі. Тәжірибеде жергілікті су қоймаларынан алынған су үлгілерінің құрамын сараптау
және тазарту үшін түсін өзгертетін реактивтерді(калорометриялық реактивтер)
қолданылды.Биоиндикатор ретінде E coli-ді (ішек таяқшалары) алынды.Судағы ішек
бактериялардың жалпы құрамын анықтау үшін реактивтер құйылады. Алынған реакция (түсінің
өзгеруі) судың ластануын нақты анықтайды. Бактериялар көбейген сайын қоспа түсі де қаныға
түседі. Бұл сынамадағы ішек бактерияларының жалпы мөлшерін анықтауға болады(түс
қанығырақ болған сайын бактериялар саны көп). Бактериялар саны артса, олар сұйықтыққа
ферменттер бөліп шығарады. Бұл ферменттер реактивті ыдыратады , нәтижесінде көкшіл-күлгін
молекулалар түзіледі. Сары сұйықтықпен араластырғанда, сарғыш жасыл түске айналады.
Тәжірибедегі E coli бактериялары сарғыш жасыл түсті нәтиже береді. Басқа бактериялы
штаммалар химиялық реактивтерді ыдырататын ферменттер бөлмейді. Бұдан қосылыс түсінің
сарыдан жасылға ауысуы ішек бактерияларына байлансты деген қорытынды шығаруға болады.

2.2 Құрал-жабдықтарға сипаттама


Тәжірибе барысында қала бөліктерінен су алуға қолданылған ыдыстарды стерильдеу үшін
лабораториялық инкубатор қолданылды. Және биоиндикаторлар қосылған су сынамаларын
бөлме температурасында,яғни 37Сº та 48 сағат сақтау үшін де лабораториялық инкубатор
пайдаланылды.(1-сурет)

1-сурет.Лабораториялық инкубатор(Windaus) 2-сурет.Coliform Detection Broth


биоиндикаторы
Жергілікті жердің су құрамындағы ішек бактериясының бар-жоғын анықтау мақсатында
тәжірибеде Coliform Detection Broth биоиндикаторы қолданылды. (2-сурет) Ішек бактериясының
сынамасы ретінде Coliform Control Slant пайдаланылды. (3-сурет)

3-сурет. Coliform Control Slant

2.3. Талдау нәтижелері.


Жергілікті жердің су құрамындағы ішек бактериясының бар-жоғын анықтау мақсатында
тәжірибеде Coliform Detection Broth биоиндикаторы қолданғанда алынған сынамалардың
ішінен 48 сағ ішінде қаланың орталық бөлігіндегі құдықтан, Махамбет ауылының құдығынан,
Сырдария өзенінен алынған сулардан ішек бактериясының бар екені анықталды. Бұл алынған
сынамалардың көрсеткіші төмендегі кестеде көруге болады.

4-сурет. Су сынамалары (1-5 пробиркалар) 5-сурет. Су сынамалары (6-10 пробиркалар)


2-кесте
Бақылау нәтижелерінің көрсеткіші
48 сағаттан Ішек
Сынамалар Қосылған заттар кейінгі нәтиже таяқшаларының
(түсі) табылуы
1.Стерильденген су 0,75мл стерильден- сары
ген су+0.75 мл
-
Coliform Detection
Broth

2 .Ішек таяқшалары бар 0,75 мл Coliform жасыл


бақылауға алынған сынама Control Slant+0.75
мл Coliform
Detection Broth

3. Қаланың батыс бөлігінен 0,75мл су+0.75 мл сары


алынған су Coliform Detection
-
Broth

4.Мектеп суы 0,75 мл су+0.75 мл сары


Coliform Detection
-
Broth

5. Қаланың орталық 0,75мл су+0.75 мл сары


бөлігіндегі тұрғын үйден Coliform Detection
-
алынған су Broth

6. Қызылжармадан алынған 0,75мл су +0.75 мл сары


су Coliform Detection
-
Broth

7. Тасбөгеттен алынған су 0,75 мл+0.75 мл сары


Coliform Detection
-
Broth

8. Қаланың орталық 0,75 мл су+0.75 мл сарғыш жасыл


бөлігіндегі құдықтан Coliform Detection
+
алынған су Broth

9. Махамбет ауылының 0,75мл су+0.75 мл сарғыш жасыл


құдығынан алынған су Coliform Detection
+
Broth

10. Сырдария өзенінің суы 0,75 мл су+0.75 мл ашық жасыл


Coliform Detection
+
Broth

ҚОРЫТЫНДЫ
Жергілікті су қоймасының суы немесе қала бөліктерінен алынған тұрмыстық су
сынамаларының құрамында кездесуі мүмкін ішек бактерияларын анықтау мақсатында
биоиндикация әдісін қолдана отырып тәжірибе жұмыстары жасалды. Сынаққа қаланың
батыс,орталық бөліктерінен және Махамбет ауылынан су үлгілері алынды. Олардың қаланың әр
бөлігінен алынуына байланысты түрлі нәтижелер берді. Махамбет ауылының суы, Сырдария
суы, орталықтың тұрмыстық суының сынамасы теріс нәтиже берді,яғни сынама сарғыш жасыл
түске ауысты.

Ұсыныс
 Cу құрамында микроағзалардың,оның ішінде ішек бактериясының бар-жоқтығын анықтау
мақсатында экономикалық тұрғыдан тиімді Coliform Detection Broth биоиндикаторын
қолдану;
 Халықты таза ауыз сумен қамтасыз ету мақсатында Coliform Detection Broth
биоиндикаторын биологиялық тазарту әдісі ретінде пайдалану;

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қазақстан Республикасының экологиялық кодекстері. Алматы: Бико, 2007.

2. Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск. 2005ж.

3.Родионов А.И Техника защиты окружающей среды. –М., Хими, 1989.

4. Николадзе Г.И Технология очистки природных вод : Учебное пособие. – М.: Высшая
школа, 1987. –479с.

5. Справочник проектировщика. Водоснабжение населенных мест и промышленных


предприятий /Под редакцией И.А. Назарова .- М.: Стройиздат. 1977. –250с

6. Эсплуатация систем водоснабжения, канализации и газоснабжения. Справочник / Под


редацией В.Д. Дмитриева. – Л.: Стройиздат, 1988.-389с.

You might also like