You are on page 1of 1

Сайын Асқар

Абай еңбек туралы

Есен-сау ер жеткенге, еңбек керек,

Еңбегің бар мұңыңды жеңбек керек.

1. Сақалын сатқан кәріден , еңбегін сатқан бала артық.

Қазақтың бас ақынына бұл сөзді айтуға егде жасқа келген Қазыбек
атты қыдырмашының қылығы себеп болды. Төрде Абай отқан
дастарханға баса кіріп бұйырмаған дастарханына лайықсыз келіп қол
салған сәттегі, төр иесінің айтқанын көтере алмай сақсиған сақалын
сылтау қылып әңгімені жеңгісі келген оған Абайдың айтқан нақыл сөзі
осы еді. Адамның жеткен жасы емес , еңбекпен қалдырған істері мен
адал қылығы бағаланатынын түсіндіре білді.
Менің ойымша Абай бұл сөзімен қалың қазаққа үн тыстай білді. Табар
малың, жетер жетістігің сенің жасыңмен де, руыңмен де өлшенбес. Ол
сенің тек адал жасаған еңбегіңмен ғана бағаланар. Есті жанға еңбексіз
келген дүниенің бағасы да , қадірі де болмасы анық.

2. Еңбек – қуаныш , жалқаулық – арылмас азап

Қазағым менің ақымақ , тілін көсеп қолын сермегеннен басқа ештеңе


білмейді деп сөз қылған болыстарға Абайдың айтар сөзі осы
болыпты.Бастығым ақыл қылса , қараларым еңбек қылса деп ойлағаны
болса керек.
Өз басыма Абайдың ең бір сүйектен өткен сөзі осы болды. Себебі
менде сол бір азаппен күресетін кездерім жиі болады. Қылған
еңбегіңе , тындырған шаруаңа масайып жүру ең жақсы сезім екені
бәріне белгілі.Оның ең бір жақсы жері ешқашанда адалымен қылған
еңбегің далаға кетпейді.Ол тек өзіңе ғана пайда әкеліп, мұра болып
қалады. Адамның жаманын жеңетін бір ғана қару бар.Ол еңбек.

You might also like