You are on page 1of 16

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау

№1 дәріс
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері

Оқытушы: Молдабеков Мурат Сманович,д-р.PhD,


ассист.проф. «Мұнай Инженериясы» кафедрасы

m.moldabekov@satbayev.university
moldabekov_ms@mail.ru
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері

Пайдалануға болатын
ұңғыма қалыптастыру үшін
Қауіпсіздік
Қоршаған орта
Денсаулық
Экономика Қалайша?
Жұмысшылар
Білім
Қондырғылар
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері

 Ұңғыма қазу бірнеше  Ғылым салалары


инженерлік саланы  Физика
камтиды.  Химия
 Солардың біразы:  Математика
 Инженерия
 Компьютерлік
Мұнай-газ
Механика  Ақпараттық анализ
Электрика  Өзге салалар
Құрылыс
Тау-кен  Жобаларды басқару
Металлургия  Логистика
 Жұмысшыларды басқару (HR)
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері

Бұрғылау инженерінің міндеттері


 Әрдайым ұңғымадағы қысымды бақылау
 Өнімді қабаттарға өту үшін бұрғылау бағытын бақылауда ұстау
 Бұрғылау қондырғысының қуат қажеттіліктерін, көтеру іс-шарасын және
қысым мүмкіншіліктерін ескеру
 Гидравликалық қуат қажеттілігін және бұрғылау ертіндісінің сапасын реттеу
 Ұңғыманың құбырлық конструкциясында болатын қателіктерді азайту
 Геомеханиканы жақсы біле отырып, ұңғыма тұрақсыздығының мәселелерін
шешу
 Ұңғыманы аяқтау технологиясы мен пайдалануға қатысты көптеген
мәліметтерді тыңғылықты білу
 Жұмысшылар қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға жіті көңіл бөлу
 Бұл аталғандар бұрғылау инженері міндеттерінің біраз бөлігі ғана
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері

Бұрғылау тобының байланыстары

Геология, Жер
Геофизика құқығы

Ұңғыманы Бұрғылау
игеру

Ұңғыманы
Өндіру
аяқтау
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері

Бұрғылау тарихы
1859- шы жылға дейін
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері

Бүгінде
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері

Ұңғы дегеніміз жер қыртысында арнайы бұрғылау


аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі
тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр формалы тау-
кен құрылысы.
Ұңғының басталатын жері сағасы (1), цилиндрлі беті
қабырғасы немесе оқпаны (2), ең төменгі шеті түбі (4)
деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі оқпан бойынша
ара қашықтық ұзындығы, ал ұңғы осі проекциясының
тіке аралығы тереңдігі деп аталады. Ұңғыларды тіке
жəне көлбеу бұрғылайды. Олардың диаметрі аралықтан
аралыққа кішірейіп отырады.
Кіріспе. Бұрғылау үрдісі және әдістері

Ұңғылар схемасы:
а, б - тіке ұңғылар; в – көлбейте бағытталған; 1-сағасы;
2-қабырғасы (оқпаны); 3-осі; 4-түбі; 5-керн (үлгі)
МҰНАЙ, ГАЗ ҰҢҒЫЛАРЫНЫҢ ТОПТАЛЫНУЫ

Мұнай, газ кен орындарында геологиялық зерттеу, іздеу, барлау


жəне пайдалану мақсатымен бұрғыланылатын барлық ұңғылар
төмендегідей топтарға бөлінеді.
1. Тіректік ұңғылар. Ірі кен орындарының геологиялық
құрылымы мен гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу, мұнай
жəне газ жиналатын шөгінді тау жыныстары жинақтарының
таралу заңдылықтарын анықтау үшін қазылады.
2. Параметрлік ұңғылар. Төмен тереңдіктегі тау жыныстарының
геологиялық құрылымын зерттеу жəне перспективалы кен
орындарын анықтап, оларда геологиялық барлау жұмыстарын
жүргізу мақсатымен қазылады. Сонымен қатар тау жыныстары
тілмесінің геологиялық-геофизикалық сипаттамаларынан
сейсмикалық, геофизикалық зерттеулер қорытындыларын алу
мақсатында қазылады.
МҰНАЙ, ГАЗ ҰҢҒЫЛАРЫНЫҢ ТОПТАЛЫНУЫ

3. Құрылымдық ұңғылар. Тіректік жəне параметрлік ұңғыларды


бұрғылау барысында анықталған құрылымдарды мұқият зерттеу
жəне осы құрылымдарда іздеу-барлау жұмыстары жобаларын
дайындау мақсатымен қазылады. Құрылымдық бұрғылау жəне
геофизикалық зерттеу нəтижелері тау жыныстарының орналасу
ерекшеліктерін, физикалық қасиеттерін анықтау үшін жəне
құрылымдық карта тұрғызу үшін қолданылады.
4. Іздеу ұңғыларын, геологиялық іздеу жұмыстары
(геофизикалық суретке түсіру, құрылымдық бұрғылау,
геофизикалық жəне геохимиялық зерттеулер) мəліметтері
бойынша дайындалған кен орындарының мұнайгаздылығын
анықтау немесе жаңа мұнайгаз қораларын ашу мақсатымен
қазылады. Іздеу ұңғыларын бұрғылау барысында тау жыныстары
үлгілерін, су, газ, мұнай сынамаларын алу арқылы, кен орнының
геологиялық тілмесі мұқият зерттеледі.
МҰНАЙ, ГАЗ ҰҢҒЫЛАРЫНЫҢ ТОПТАЛЫНУЫ

5. Барлама ұңғылар. Өндірістік мұнайгаздылығы анықталған кен


орындарында мұнай, газ өнімдерінің қорын есептеу, кен орнын
пайдалануға дайындау мақсатымен қазылады.
6. Пайдалану (өндіру) ұңғылары толық барланған жəне
пайдалануға дайындалған кен орындарында мұнай, газ өнімдерін
өндіру үшін қазылады. Бұл ұңғылар қатарына осы кен
орындарын тимді пайдалануда тікелей қолданылатын бағалау,
бақылау, айдау ұңғылары да жатады.
Бағалау ұңғылары өнімді қабаттардың жұмыс режимін,
пайдалану көрсеткіштерін, схемасын анықтау үшін қолданылады.
Бақылау ұңғылары кен орындарының игеру режимін үзбей
қадағалап отыру үшін қолданылады.
Өнімді қабаттар қысымын түсірмей, оған су, газ айдап, белгілі
шамада ұстап тұру үшін айдама ұңғылар қолданылады.
МҰНАЙ, ГАЗ ҰҢҒЫЛАРЫНЫҢ ТОПТАЛЫНУЫ

7. Арнайы ұңғылар өндірістік су қалдықтарын жинау, жер асты газ


қоймаларын дайындау, ашық мұнай-газ фонтандарын тоқтату,
техникалық су қорларын барлау жəне пайдалану үшін қазылады.
Ұңғыларды бұрғылау мұнай, газ өндірісінен басқа да өнеркəсіп
салаларында кеңінен қолданылады.
Тау-кен жəне көмір өнеркəсібінде ұңғыларда пайдалы қазбаларды
іздеу, барлау, кен орындарынан суларды айдау, жер асты өрттерін
сөндіру, шахталарды желдету, пайдалы қазбаларды пайдалану
мақсатымен бұрғылайды.
Химия өнеркəсібінде ұңғылар көмегімен құрамында əр түрлі тұздар,
бром, йод жəне басқа да химиялық заттар кездесетін минералды
суларды алады.
Дəрігерлік салада ұңғыларды шипалы суларды алу үшін қолданады.
Өндіріс жəне құрылыс саласында ұңғылар елді мекендерді сумен
қамтамасыз ету, тас жол, темір жол, көпір, ірі зауыт орындарындағы
жер қыртысын зерттеу мақсатымен қазылады.
МҰНАЙ, ГАЗ ҰҢҒЫЛАРЫНЫҢ ТОПТАЛЫНУЫ

Ұңғыны қалай бұрғылаймыз?

 Бұрғылауды жалғастыру
 Керекті тереңдікке жету
(TD)
 Зерттеу
 Каротаж
 Электрлі
 Дыбыстық
 Радиоактивті
 Ұңғыдағы көмірсутектерді
анықтау (DST)
 3 нәтиже шығуы мүмкін
 Өнім табылады
 Құрғақ ұңғыма
 Сабақ алу
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

You might also like