You are on page 1of 4

Incon academy

Чек-лист

АҚША
ПСИХОЛОГИЯСЫ
Incon academy

Сәлем! Біздің өмірімізде рухани


байлықтардан кейін ақшаның да маңызы
зор. Ақша психологиясын меңгеріп,
қаржылық тәуелсіздікке жету үшін не
істеу керек?

1. Ақшаны жақсы көріңіз.


Ақшаны жақсы көру бірінші ниетке байланысты. Егер сіз оны дұрыс
бағытқа жұмсау ниетінде жақсы көрсеңіз, алғашқы баспалдақты
сәтті бастым дей беріңіз. Сіз ақшаға оң энергия берсеңіз, ол да сізге
деген тартылысын күшейтеді;

2. Ақша туралы теріс ойлардан арылыңыз.


Қоғамдағы “бай адам - сараң”, “ақша бүгін бар, ертең жоқ” деген
сияқты стереотиптерден аулақ болыңыз. “Менде ақша болмай
қалады”, “Біреуден алармын” деген секілді ойларды “Маған көп
ақша келе жатыр”, “Маған қанша ақша керек болса, сонша
еңбектенемін” деген ойлармен ауыстырыңыз;

3. Өзіңізден аямаңыз.
Тапқан қаражатыңызды бірінші өзіңізге арнаңыз. Мысалы,
кредиттен бұрын депозитті, пәтерақы төлеуден бұрын отбасыңа
сыйлық алуды бірінші орындаған дұрыс. Одан бөлек жеке
мақсаттарыңызға барынша аянбай, шынайы ықыласпен жұмсаңыз;
Incon academy

4. Ақшаны жағымды есімдермен атаңыз.


Мысалы: Қартайған шаққа емес, саяхаттауға,

Жоқшылық күнге емес, өмірдің сыйларына,

Ауруды емдеу үшін емес, денсаулықты түзету үшін деген секілді.

5. Мақсатыңызды анықтаңыз.
Өзіңіз қалаған қаражатты табу үшін мақсатыңыз дәл болуы керек.
Сондай-ақ оған жұмсалатын қаражат пен сол арқылы табуға
ниеттенген қаржының көлемін нақты белгілеп алыңыз. Онсыз сізде
нақты нысана болмайды.

6. Үнемдеуді үйреніңіз.
“Ақша тиыннан құралады” деген сөздің астарына үңілсек, қандай
байлық та үнемділікке құралатынын көреміз. Егер сіз үнемдей
білмесеңіз, қолыңызда 100 000 теңге болса да, 1 000 000 теңге
болса да, құны бірдей болады.

7. Ақшаңызды есептеуге әдеттеніңіз.


Күнделікті өмірде шығындарыңыз бен кірістеріңізді есептеу үлкен
мақсаттар әкелетін қаржыны басқаруға негіз болады. Ол үшін
AppStore немесе Playmarket-тен Дзен-мани, CoinKeeper,
HomeMoney секілді бағдарламалар жүктеп алыңыз.

8. Қарызды дұрыс бере біліңіз.


Мейлі ол сіздің жақыныңыз, досыңыз болса да қарыз бергенде
қайтаратын уақытын нақты белгілеп беріңіз. Қарызға берген
ақшаңызды уақыты келгенде сұрауға ұялмаңыз.
Incon academy

9. Бай адам психологиясын әдетке


айналдырыңыз.
Жоғарыда айтылған кеңестердің бәрі позитивті ойлап, өз ақшасын
өз қажетіне емін-еркін жұмсап, бақытты өмір сүретін бай адамның
психолгиясына арналған.

Сізге ұнағанына сенімдімін! Бірінші ойыңызды өзгертіп, сосын


әрекетке көшу керек. Ал әрекет етіп қалаған қаражатыңызды
табу үшін Қазақстандағы №1 сату маманы Жұлдыз Ақболаттың
“Фокус” курсына қатысыңыз. Бұл сіздің мүмкіндігіңіз.

Дәл қазір курсқа жазылыңыз.

You might also like