You are on page 1of 1

Әбдіқалық Айгерім

7 а сыныбы
« Тәуелсіздік-тірегім»

Қазақсатан – тәуелсіз ел. Тәуелсіздік – ұлттың, тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас


тірегі,күші,алтын діңгегі,халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт
болса,сонша арман бар.Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен
ғана емес,ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал.
Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның
бағыты болуы тиіс. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ
армандары мен қайсар рухының марапаты . Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі
күн. Қазақстан тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекетін төрт күл әлемге паш етті. Қазіргі таңда
16-желтоқсан тәуелсіздік күні ретіндн жыл сайын тойланады. «Тәуелсіз ел», «Тәуелсіз Қазақстан»
не деген керемет ,киелі ұғымдар.Бүгінде Қазақстан-қанатын кеңге жайған киелі ел. Көк туымыз
желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен
қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда.

1991 жыл 16 желтоқсан Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған мерейлі күн.Осы аз
уақыт ішінде дүние жүзі Қазақстан елінің тәуелсіздігін толықтай мойындаған. Әлем
картасының бетін ашқанда тоғызыншы орынды алып жатқан кең байтақ Қазақстанымыз күн
санап жетіліп, озық 50 елдің қатарына кірді. Елімізде қазіргі таңда 130 дан астам ұлт өкілдері
тұрады. Мысалы: қырғыздар, орыстар, өзбектер, татарлар, ұйғырлар, кавказдар т.б. көптеген
ұлт өкілдері бар. Бұл нәтижеден Қазақ елінің қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан
мемлекет екенін түсінуге болады. Еліміз әлемдік қауымдастыққа, соның ішінде Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүшелікке қабылданды. Әр азаматын жігерлендіретін Гимніміз, мақтаныш сезім
ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын
төл теңгеміз бар. Әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау еліміздің әр
азаматының төл құжаты іспеттес.

Міне мен осындай елде туылғаныма ,осындай бай,байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма
бақыттымын.Мен тәуелсізбін,Тәуелсіз елдің Азаматшасымын!

You might also like