You are on page 1of 10

Академиялық қазақ тілі ІІ курсы.

KAZ 202
2022 - 2023 оқу жылы, Күзгі семестр

Инструктор: Мырзабекова Раушан Мухаммеджанқызы


Сабақ күндері мен уақыты: Сейсенбі, бейсенбі
10.30-11.45, 13.30-14.45, 16.30-17.45, 18.00-19.15
Офис сағаттары: дүйсенбі 11.00 – 12.00 (алдын ала жазылу бойынша)
Телефоны: 70-59-26; ұ.т.: 8-7016111663
Еmаіl: rmyrzabekova@nu.edu.kz

Курстың мақсаты мен талаптары:


"Академиялық қазақ тілі II "курсы B2.2/AM деңгейіндегі академиялық мазмұнға назар
аударады және студенттің тілдік деңгейін келесі C1.1/AH жоғары деңгейге көтеруге
бағытталған.
Академиялық қазақ тілі ІI студенттерді жоғары деңгейлі және кәсіби қазақ тілі
курстарына дайындаушы курс бола отырып, студенттерді жаратылыстану, әлеуметтік және
гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша академиялық тілдің жетілдірілген деңгейін
меңгертуге бағытталған.
Бетпе-бет сабақтар толығымен аудиторияларда өтеді. Сабақтарда берілген тақырыптар
бойынша тілдік дағдыларды практикалық қолдану, талқылау, пікір алмасу арқылы бекітеді.
Өткізілетін сабақ материалдары мен тапсырмалары мудлға жүктеледі, студент өздігінен
орындаған тапсырмаларын силлабуста көрсетілген уақытта тапсыруы тиіс. Сабаққа қатысым,
сабақтағы белсенділік, тапсырмаларды уақытында орындау, сабақтағы барлық әрекеттерге
толыққанды қатысу курс талаптарына кіреді.
Пререквизиттер: KAZ 201 Академиялық қазақ тілі 1.
Постреквизиттер: KAZ 211, KAZ 212 немесе С1 курстары

Курстың нәтижесі:
Курс соңында студенттер мына негізгі дағдылар бойынша өз білімдері мен біліктерін көрсете
алуы тиіс:
- тыңдалым, сөйлесім, оқылым және жазылым әрекеттерімен жұмыс жасау барысында
тұлғааралық, интерпретациялық және презентациялық дағдыларын меңгеру;
- академиялық қазақ тілінде лексикалық қорды меңгеру;
- тілді меңгеру стратегиясын дамыту және жетілдіру;
- ХХІ ғасырдың мәслені шешу, аналитикалық ойлау, шығармашылық, ынтымақтастық
және этика нормаларын сақтау сияқты дағдыларын қабылдау және меңгеру;
- академиялық және қоғамдық көзқарастарды салыстыра алу;
- академиялық бірліктерді қолдана отырып онлайн платформаларда өз көзқарасын
білдіру;

Оқылым
 Студент семестр барысында кем дегенде 350 бет материал оқиды.
Апта Бет саны Барлығы
Алғашқы 4 апта 25X4 100
Екінші 4 апта 30X4 120
1
Соңғы 3 апта 35X3 140
Жазылым
 Студент курс барысында 4000-5000 сөз көлеміндегі жазылым жұмыстарын
орындайды.
 Презентация/Жазбаша
Студенттер өздеріне таныс және таныс емес тақырыптар бойынша жазбаша
презентация жасай алуға дағдыланады. Түрлі нақты әлеуметтік, кәсіби және
академиялық тақырыптар негізінде презентация жасай алуы керек. Осы бағыттарда
әңгіме немесе жобаның бір бөлігін жаза білуге дағдыланады.
Сөйлесім
 Курс соңында студент 15-20 минут қазақ тілінде аудиторияда (презентация)
жасайды.
Тыңдалым

 Курс барысында түрлі фильмдер мен бейнефильмдерден ең көп дегенде 35 және 75


минуттық үзінділер көріп, тыңдауға дағдыланады.
Жанрлары бойынша:
Көркем фильм – ең көп дегенде 75 минут (үй тапсырмасы ретінде беріледі);
Ақпараттық бейне фильм (ақпараттық, аналитикалық, деректі) – ең көп дегенде 30 минут
Сабақ барысында қысқа бейне сюжеттер қолданылады.

Курс барысында қалыптасатын қарым-қатынас және дағды түрлері

Студент төмендегі қарым-қатынас түрлері мен дағдыларды қалыптастырады:


 Интерпретациялық:
- Эсседегі академиялық мазмұндағы тақырыптық сөйлемдер мен көмекші
детальдарды түсіну;
- Мақала мәтініндегі автордың ойын растайтын детальдарды анықтау;
- Көркем шығармада басты кейіпкерді ашуда автордың қолданған түрлі
тәсілдерін анықтау;
- Түрлі академиялық жанрларды ажырату;
 Таныстырылымдық/презентациялау :
- Әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты синтездеу;
- Эсседе академиялық және әлеуметтік мәселелерді салыстыру;
- Көркем шығарма, көркем немесе деректі фильм бойынша презентация жасау;
 Тұлғааралық:
- Онлайн платформалар мен өзге қосымшаларда қолданушылармен пікір алмасу
(жазу);
- Өз ойын айтуда өзге де көзқарастарды байланыстырып қолдану;
- Аудиторияның назарын аударуда сұрақтар қою, пікір айту;
 Мәдениетаралық:
- Студенттің өз ұлттық мәдениет тәжірибелері мен мәдени құндылықтарын өзге
мәдениеттермен салыстыру.

Сабаққа қатысу саясаты


Студент регистрар бойынша белгілеген күндері және уақытта сабаққа қатысуға
және уақытында онлайн кіруге міндетті. Сабақтан себепсіз қалу – сабаққа қатысым пайызын
2
төмендетеді және курсты сәтті аяқтауға кедергі келтіреді. Сабақты босатқан жағдайда
материалдарды топтағы өзге студенттерден алу, тапсырмаларды орындау және курс мақсаты
мен орындалмау мерзімдері бойынша қалмау студенттің өз жауапкершілігінде болады.
Сабаққа қатысым Moodle жүйесінде жүргізіледі. Егер студент курс бойы сабаққа себепсіз 20
пайыздан артық қатыспаса «F» бағасын алады.

Академиялық тәртіп бұзушылық


Осы курстағы студенттердің академиялық және жеке тәртіп бұзушылығы Назарбаев
Университеті студенттерінің Кодекс талаптарына сәйкес қарастырылады. Плагиат пен
алдауға, жалған ақпарат беруге немесе берілген ақпаратты бұрмалауға жол берілмейді.
Студент университеттің плагиат туралы ресми мәлімдемесімен таныс болуы керек.

Плагиат болып есептелетін жағдайлар:


- өзгенің жұмысын рұқсатсыз немесе сілтемесіз пайдалану (студент өзге автордың
сөзін пайдаланғанда немесе ақпарат Ғаламтордан және басқа да электрондық
ресурстардан алынғанда оны тырнақшаға алу және сілтеменің ішінде міндетті түрде
көрсету қажет);
- ақпараттың түпнұсқасындағы сөздерді өзгертіп, бірақ сөйлем құрылымын көшіріп
жазу;
- бір-екі абзацтың сөйлемдерін өзгертіп, түпнұсқаға сілтеме жасамау,
- түпнұсқа авторының рұқсатынсыз график, суреттер, диаграммаларды және басқа
аудио, бейнематериалдарды көрсету;
- кез келген жаттығуды орындау барысында жалған немесе өзгертілген ақпарат ұсыну:
бұл экспериментке арналған мәліметтер дайындау, дайын ақпараттың кейбір жерлерін
өзгертіп беру, мүлдем жоқ мақаладан мысалдар келтіру, жалған сілтемелер құрастыру;
- басқа студенттің жасаған жұмысынан көшіріп алып немесе толықтай өз жұмысы
ретінде ұсыну;
- басқа тілден алынған ақпаратты аударып, өз жұмысы ретінде ұсынса, сонымен қатар
жоғарыда аталған әрекеттердің кез-келгенінде басқа студенттерге көмектессе,
студент академиялық тәртіпті бұзған болып есептеледі [Назарбаев Университеті
студенттерінің тәртіп Кодексінен].

«НУ студенттік Кодексі» бұзылған жағдайда:


 Студенттер НУ саясатын, сондай-ақ, осы мәселе бойынша жеке курс силлабусын
оқығаны не оқымағанына қарамастан жауапты.
 Академиялық тәртіп бұзушылықтың барлық түрлері ҒГҒМ деканының академиялық
мәселелер жөніндегі орынбасарына жеткізіледі, ресми тіркеледі, тәртіп
бұзушылықтың нақты болғаны анықталады, қажетті құжаттар толтырылады, тәртіп
комитетіне жіберіледі және жазалау шаралары ұсынылады.
 «НУ Студенттік кодексі» бойынша студенттер ҒГҒМ Тәртіп Комитетіне аппеляция
жасай алады. Студент жұмысын ҒГҒМ-нің басқа 2 оқытушысы тексереді.

Бағалау
Курс бойынша Сіздің үлгеріміңіз бен материалды меңгергеніңіз төмендегідей анықталады:

Бағалау түрлері % Сипаттамасы


Сабаққа қатысым 5% Студент әр сабаққа қатысуы және уақытында келуі тиіс.
3
Сабаққа кешіккен (7-10 минутқа) студентке «L» қойылады.
Курстың соңында әр сабақтың қатысымы ортақ бағалау
жиынтығына қосылады. Ешқандай себепсіз сабақтың 20%-на
қатыспаған студентке «Қанағаттанарлықсыз» – «F» (Fail)
қойылады.
Сабақтағы 10% Семестр бойы пікірталас, талқылауларға қатысу және жалпы
белсенділік және белсенділік таныту сабақтың негізгі бөлігі болып табылады.
үй тапсырмаларын Курс барысында студенттің әр сабақтағы белсенділігі
орындау ескеріліп, «қатысты» белгісімен және қатысу сапасына сәйкес
ұпаймен бағаланады. Курс соңында студенттің белсенділігі
орталама ұпай бойынша бағаланады. Қорытынды ұпай барлық
сабаққа қатысым мен белсенділік ұпайларының қосындысынан
тұрады.
Курс барысында студенттің барлық үй тапсырмалары
оқытушы тарапынан "Орындалды" белгісімен және орындалу
сапасына сәйкес ұпаймен бағаланады. Курс соңында үй
тапсырмасын орындау бойынша қорытынды орталама ұпай
барлық үй тапсырмаларының ұпайы негізінде есептеледі және
бағаланады. Барлық жазылған үй тапсырмалары оқытушы Гугл
драйвта ашқан арнайы электронды папкаға жүктеліп отырады,
және оқытушымен тексеріледі.
Жазылым 20% Курс барысында студент 2 эссе жазады: аргументтік эссе және
(10 +10) зерттеу эссе. Барлық эссе Turnitin арқылы қабылданады. Сөз
көлемі: аргументті эссе - 700-800 сөз, зерттеу эссе – 950-1000
сөзден кем болмауы керек. Аударма жасауға тыйым
салынады. Эссені бағалау осы силлабуста көрсетілген
жазылым талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бақылау жұмысы 20% Семестр барысында студент 2 бақылау жұмысын жазады:
(10+10) Бақылау жұмысы алдыңғы өткен апталар бойынша сөздік қор
мен грамматикалық құрылымдар және лексикалық
тақырыптарды қамтиды. Бақылауда сөздік, сабақ
материалдарын қолдануға тыйым салынады.

Оқылым 15% Курс барысында студент ұсынылған көркем шығармалар


(10+5) тізімінен кем дегенде бір шығарма (350-400 беттік) оқып,
ауызша және жазбаша талдау жасайды (9-аптада). Шығарма
бойынша жазбаша анализдің көлемі 500 сөз. Талдау силлабуста
көрсетілген талаптар бойынша жүзеге асырылады.
Қорытынды жоба 15% Студенттер семестр басында курс мазмұны бойынша жоба
тақырыптарын таңдайды. 14-ші аптада әр студент жұмысын
гугл драйв папкасына видеоны жүктейді және сабақта
қорғайды (15-20 минут).
Емтихан 15% Семестр бойы өткен материалдарды қамтитын қорытынды
емтихан жазбаша болады. Емтиханда сөздік немесе қағаз
жазбаларын қолдануға болмайды.

4
Қорытынды бағалау рейтинг жүйесі:

Әріптік
Балл Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
жүйе
A 95-100 өте жақсы, курс бойынша өте жоғары стандарттарға сәйкес білім
көрсеткіштеріне ие
A- 90-94,9 өте жақсы, курс бойынша өте жоғары стандарттарға сәйкес білім
көрсеткіштеріне ие
B+ 85-89,9 жақсы, курс бойынша жоғары стандарттарға сәйкес білім
көрсеткіштеріне ие
B 80-84,9 жақсы, курс бойынша талап етілетін білім стандарттарының
басым көрсеткіштеріне ие
B- 75-79,9 орташа қалыптан жоғары, кейбір материалдардың меңгерілу
деңгейін таныта алады
C+ 70-74,9 қанағаттанарлық, курс бойынша білім стандарттарының бастапқы
деңгейін таныта алады
C 65-69,9 қанағаттанарлық, курс бойынша білім стандарттарының кейбір
бастапқы талаптарын таныта алады
C- 60-64,9 қанағаттанарлық, дегенмен кейбір бастапқы талаптардың да
орындалмағаны байқалады
D+ 55-59,9 минималды қанағаттанарлық, жеткіліксіз
D 50-54,9 минималды қанағаттанарлық, жеткіліксіз
F 0-49,9 қанағаттанарлықсыз

Күнтізбелік жоспар
(студенттердің қажеттіліктері мен ұсыныстары бойынша семестрдің алғашқы аптасында
силлабус мазмұнына өзгертеулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін)

Апта\күн Тақырыптар Оқылым материалдары Тапсырма/ үй


/қосымша әдебиеттер тапсырмасы/
орындау
мерзімі
1-апта
16 тамыз Курсқа кіріспе. Силлабуспен Курс силлабусы
таныстыру.
18 тамыз Силлабус мазмұны бойынша Отбасын құру
талдау. және неке
Деңгейді анықтау сынағы. түрлері. Пікір
алмасу
2-апта
23 тамыз Неке және отбасы ұғымы: бұрын Тапсырма мудлда
және қазір. (лексика, мақала,
тапсырмалар)

5
25 тамыз Неке және отбасы ұғымы: бұрын Бақытты отбасы неден Сауалнама
және қазір. тұрады? Бұрынғы және сұрақтарын
Себеп мәнді құрылымдар. қазіргі отбасы құрастыру және
қағидаттарына шолу. нәтижесі
бойынша анализ
жазу
3-апта
1 қыркүйек Әлеуметтік мәселелер: Тапсырма мудлда
қазақстандағы гендерлік (лексика, мақала,
мәселелер тапсырмалар)

6 қыркүйек Әлеуметтік мәселелер: Мудл материалдары


қазақстандағы гендерлік
мәселелер. Қарсылықты мәнді
құрылым.
4-апта
8 қыркүйек Қазақстандағы ерлер мен әйелдер Тапсырма мудлда №1 Эссе
туралы зерттеулер. (лексика, мақала, 9 қыркүйек,
тапсырмалар) 23:59-ға дейін
Турнитинге
жүктеу
«Қазіргі Қазақстандағы «Мамандықтар»,
әйелдер мен ерлерге «Гендерлік
қатысты саясат» білім»,
ӨСКЕМБАЕВА М.Ә. «Денсаулық»,
РЕЗВУШКИНА Т.А. «Зорлық-
БЕЙСЕНОВА А.А зомбылық»
бөлімдері
бойынша талдау
13 қыркүйек Қазақстандағы ерлер мен әйелдер
туралы зерттеулер.
5-апта
15 қыркүйек Денсаулық дегеніміз – жан мен тән https://informburo.kz/pikir/ Қазіргі жағдай
саулығы saya-kasymbek/kyzels-stress-
kyreted.html
20 қыркүйек №1 бақылау жұмысы
6-апта
22 қыркүйек Денсаулық дегеніміз – жан мен тән Тапсырма мудлда Сауалнама
саулығы (лексика, мақала, жасау және
тапсырмалар) нәтижелері
бойынша талдау
жасау
27 қыркүйек Заманауи қазақ киносы. Мақалалар бойынша «Асланның
талдау сабақтары»
көркем фильмі
бойынша анализ

6
жазу

29 қыркүйек Заманауи қазақ киносы Тапсырма мудлда «Қазіргі қазақ


(лексика, мақала, киносы» талдау
тапсырмалар)
http://ult.kz/post/kazak-
kinosy-zhane-aleumettik-zheli

http://qasym.kz/satybaldy-
narymbetov-kino-kushti-karu/
3-7 қазан Күзгі демалыс

8-апта
11 қазан Қазақ музыкасы, тарихы. Заманауи Тапсырма мудлда
қазақ музыкасы. (лексика, мақала, «Заманауи
тапсырмалар) қазақ
https://www.youtube.com/ музыкасының
watch?v=sRVJdeUhrB4 сипаты» анализ
жазу
13 қазан Аралық бақылау

9-апта
18 қазан Көркем әдебиетті тапсыру. https://adebiportal.kz/
Көркем шығармаға жазбаша kz/books
анализ.

20 қазан Әлеуметтік желілер: кибербуллинг https://openu.kz/kz/books/33 Сауалнама


және әлеуметтік желідегі Патрисия Уоллейс. жүргізу
Интернет психологиясы
мәдениет.

10-апта
25 қазан Әлеуметтік желілер: кибербуллинг Буллинг түрлері бойынша Анализ жазу
және әлеуметтік желідегі зерттеу жұмыстары
мәдениет.
27 қазан Қазақстандағы жастар, мақсаттары Орта Азия жастары. «Жастардың
мен құндылықтары Қазақстан, зерттеу мақсат-
мүдделері»
сауалнама
жүргізу

11-апта
1 қараша Қазақстандағы жастар, мақсаттары Анализ жазу
мен құндылықтары (эссеге
тақырыбы
бойынша)

3 қараша Алаш қозғалысы және ұлттық Алаш қайраткерлерінің №2 зерттеу-эссе


идея. егеменділік туралы (4 қараша,
идеяларының маңызы: Мәмбет
7
Қойгелдиев: Алаш қозғалысы. 23:59-ға дейін
Жүз жылдан соң... Турнитинге
салу)
https://e-history.kz/kz/publicat
ions/view/3627

12-апта
8 қараша Алаш қозғалысы және ұлттық «Тар заман» фильмі
идея. https://
www.youtube.com/watch?
v=fyu_OFXcFFc
10 қараша Зұлмат жылдар қасіреті. Қазақ https:// №2 зерттеу-эссе
даласындағы ашаршылық туралы www.azattyq.org/a/ ( қараша,
kazakhstan-book-about- 23:59-ға дейін
famine- Турнитинге
1930/30643668.html салу)
13-апта
15 қараша Зұлмат жылдар қасіреті. Қазақ «Ғаламат жұт шежіресі» Тақырып
даласындағы ашаршылық туралы кітабынан үзінді бойынша түйін
бойынша талдау жазу
17 қараша Тақырыптар бойынша шолу

14-апта
22-25 қараша Қорытынды жоба бойынша зерттеу Жоба тақырыбы,
тақырыбын қорғау. мақсаты, жоба жоспары
мен зерттеу тәсілдері,
әдебиеттер және
сілтемелер тізімімен
топта бөлісу

Қосымша оқулықтар мен мақалалар:

1. А.К.Балабеков, А.Т.Бозбаева-Хунг, Г.Қ.Досмамбетова, Б.О. Салыхова. Қазақ тілі С1


(жоғары деңгей). – Астана, 2012. – 340 бет.

Міндетті оқуға арналған көркем шығармалар тізімі:


1. С. Мұратбеков «Жабайы алма»
2. Т. Әбдік «Парасат майданы»
3. Ш. Айтматов «Құс жолы»
4. І.Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясы. (1 кітабын оқу)

Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерді мына сілтемелер арқылы таба аласыздар:


https://kitap.kz/

https://adebiportal.kz/kz/books

Пайдалы сілтемелер:
8
https://egemen.kz https://emle.kz/
https://kitap.kz https://sozdik.kz/(мұндағы барлық сөздің
https://aikyn.kz/ аудармасы дұрыс болмауы мүмкін, соған сақ
https://soile.kz/ болыңыз!)
https://youtube.kz

Лексика-грамматика
https://tilalemi.kz/home/home.html https://tilqural.kz/
http://kaz-tili.kz/ http://kazakhtest.kz/pdf/OKB12018.pdf
Telegram: Калькасыз қазақ тілі http://kazakhtest.kz/pdf/OK%D0%9222018.pdf
Telegram: natgeoqaz
https://sozdik.soyle.kz/

Жазылым/эссе талаптары:

Мазмұны – 20%
- тақырыптың толық ашылуы;
- мәселені жан-жақты қарастыра білуі;
- мәтін мазмұны мен тақырыбына сәйкес стильдің дұрыс таңдалуы;
- айтылған ойдың дәлелденуі және кеңінен талдануы;
Эссе құрылымы – 20%
- эссе құрылымының (кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім) дұрыс берілуі;
- әр бөлімнің арасында өзара логикалық байланыстың болуы;
- ой жүйелілігін азат жолдарға бөлу шеберлігі;
- кіріспеде тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігі берілуі;
- қорытынды бөлімінде ой қайталанбай, нақты ұсыныстармен аяқталуы;
Сөздік қор – 20%
- сөздік қордың барынша кеңінен қолданылуы;
- сөздердің қайталанбай, мағынасы жақын сөздермен алмастырылуы;
- сөйлемдерді байланыстыруда тілдік орамдардың орынды пайдаланылуы;
Орфография және пунктуaция – 20%
- жұмыстың орфографиялық және пунктуациялық ережелерге сай сауатты жазылуы;
Грамматика – 20%
- грамматикалық құрылымдардың тілдесімдік жағдайға сай қолданылуы;
- грамматикалық конструкциялардың түрленіп отыруы;
Барлық жазылым жұмыстары бойынша бағалау келесі өлшемдер бойынша жүргізіледі:
әр орфографиялық қате үшін 0.1, грамматикалық қате үшін 0.3, стильдік қате үшін 0.5
балл алынып тасталады.
Мына ескертулерге назар аударыңыз:
 Барлық жазба жұмыстарында студенттің аты-жөні міндетті түрде көрсетілуі
тиіс!!!
 Жазу шрифті Times New Roman 14, интервалы 1,5 болуы керек.
 Басқа форматта қабылданбайды!

9
Назар аударыңыз! Жазылым (эссе, жазбаша ), оқылым (көркем шығарма), , бақылау
жұмыстары белгіленген күннен басқа күні тапсырылса, жұмыстың жалпы бағасынан
20% шегеріледі (аталған ескерту себепсіз жағдайлар бойынша). Егер студент ол күні
себепті (ауырып қалу, отбасы жағдайлары, және т.б. тосын жағдайлар болса) босатып, тиісті
құжаттары қолында болса, жұмыстың жалпы бағасынан 10% шегеріледі. Қалған жағдайда
бағаның кему реті көрсетілген талаптардың орындалмауымен дәйектеледі. Мұндай
жағдайлар болмағанда бақылау, оқылым, жазылым, жоба үшін 0 қойылады!!! Үй
тапсырмасы, эссе берілген мерзімнен 24 сағатқа кешіктірілсе 10% алынады, ал одан
кейін мүлдем қабылданбайды!!!

Ұсынылған жоба тақырыптары

1. Қазақстандағы гендерлік теңсіздіктің туындау себептері, нақты фактілер және шешу


жолдары.
2. Әлеуметтік желілердегі жастар арасындағы кибербуллинг және оның зардаптары
3. ҚР балалар құқығының қорғалуы және шынайы сипаты.
4. ҚР отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық сипаты. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
алдын алу және ҚР азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін қалай көтеруге болады?
5. Қазақ киносы, жанрлары мен ерекшелігі
6. Қазақстандағы қазіргі кино жанрының дамуы, сұраныс пен ұсыныс. Қазақ фильмдерінің
сапалық сипаты.
7. Қазақ классикалық музыкасының даму тарихы және сипаты
8. Қазақстан ғылымы, даму деңгейі және болашағы.
9. Қазақ өнері. Қазақстандағы заманауи өнеріндегі қоғам сипаты.
10. Қазақстандағы гендерлік тәрбие: бұрын және қазір.
11. Салауатты өмір сүру салтына жаңаша көзқарас (тән және жан саулығы)
12. Қазақ тарихындағы ашаршылық оқиғасы мен зардаптары
13. Әлеуметтік желілерді қолдану, әлеуметтік желілердегі этика, онлайн агрессия
14. Қазақстандық қоғамдағы заманауи құндылықтар (жастар көзқарасы негізінде)
15. Алаш зиялылары жастар көзімен: біз олар туралы не білеміз? Олардың еңбегі мен
қызметтері - бүгінгі күннің дәлелі.

10

You might also like