You are on page 1of 2

Сыныптан тыс тәрбие 

жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз


етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған
және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие
жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде
балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын
жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың
жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат
құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі
мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне
қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген
құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген
тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса,
онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана
баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар
ұжымында өмір сүруге  үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық
пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін
басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс
әрекеттің  қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық
пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада
байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал
етеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа
қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен
әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай
қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және
жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған
кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан
қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті
түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін
зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-
психологиялық ахуал жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етеді. Баланың өз
құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын
проблемаларын шешуге көмектеседі. Оқушы  тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі
дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт
секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға  қосымша білім алуға ықпал етеді.
Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі
сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен
бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты және осы
жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу табылады.
Педагогикалық әдебиетті талдау барысында салауатты өмір салтын
қалыптастыру процесінде тиісті шарттарды сақтауды қажет ететінін анықтауға
мүмкіндік берді.
Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере
отырып ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау;
Денсаулықты сақтауда және қалыптастыруда нәтижеге жету үшін мектептегі
балалар және үлкендердің ара-қатынасы, достық атмосфера бойынша
балалардың достығы, әр түрлі творчестволық әрекетте тұлғаны қалыптастыру,
өзінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай оқу және даму мүмкіндігі,
творчество және әдемілік атмосферасы.

You might also like