You are on page 1of 2

Сабақтың тақырыбы: Шибұт. Қылмойын.

Қарынбас (ертегі)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ертегі түрлері туралы білімдерін


толықтыру. танымдық білім, білік дағдысын дамыту. Достыққа, еңбекке
тәрбиелей отырып, алған білімдерін сыни ойлау арқылы өмірде қолдана алу
дағдысының қалыптасуы;
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»,
«Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ)
пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуды басқару және
көшбасшылық».
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топқа бөлу. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы,
«Блум» таксономиясы, «Ыстық орындық» стратегиясы .

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сынып


бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу

Психологиялық дайындық

Аман болып бәріміз,


Атсын күліп таңымыз!
Оқып – біліп өсейік,
Сұлу болып жанымыз.

ІІ.Үй жұмысын сұрау. Ұр,тоқпақ! әңгімелеу

ІІІ.Жаңа сабақ. Сыни ойлау арқылы сұрақтарға жауап бере отырып,


сабақтың мақсатын ашу.
Оқулықтағы суретке қарап отырып келесі ертегіні білу.
Оқулықпен жұмыс
«Ойлан/жұптас/ талқыла» стратегиясы
Мақсаты:
өз бетімен білім алу, өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні өз бетіінше оқып, әр топ өзінше түсінгенін айтады, сұрақтар қояды.
Қолдану
Дәптермен жұмыс
♦ Жан - жануарлар туралы ертегі: «Қасқыр мен түлкі», «Аңқау арыстан».
♦ Қиял - ғажайып ертегілер: «Ұр тоқпақ», «Қылмойын», «Шибұт, қарынбас»
♦ Шыншыл ертегілер: «Сақина», «Байлық пен ақыл».
Әр топқа оқулықтағы мәтін бойыншы жеке тапсырмалар беру.
«Ойлан/жұптас/талқыла» стратегиясы қолданылады.
Оқушылардың іс-әрекеттерін бақылайды.Барлық оқушының жұмысқа
қатысуын қадағалайды
Әр топтағы балаларға тапсырмаларды орындату
Ойларын жинақтау.Сұрақтарға жауап беру.
Берілген тапсырмалар бойынша мәтінмен жұмыс жасайды.
Мәтінді оқып, талдайды

Сергіту сәті
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш. 

Топтық жұмыс
«Ұрлық түбі - қорлық» деген мақал ертегі оқиғасына қандай қатысы бар?

«Ұрлық түбі – қорлық» эссе жазу

Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеу

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

You might also like