You are on page 1of 3

14.4. Несиенің мәні мен формалары.

Қазақстандағы банк
жүйесі
«Несие» (кредит) сөзі латынның «credo» деген сөзінен аударғанда «сенемін» деген
мағынаны білдіреді.
Несие деп мерзімділігі, қайтарымдылығы және пайыздың төленуі жағдайында ақшалай
немесе тауарлық нысанда берілетін қарызды айтады. Несиелік келісім - бұл төлем мерзімі
кешіктірілген сату-сатып алу қатынастары. Несие берудің мақсаты болып табыс алу табылады.
Несие жүйесі - бұл несиелеу нысандарының және әдістерінің, несиелік қатынастардың
жиынтығы, яғни несие жүйесі банктік, коммерциялық, тұтынушылық, мемлекеттік және
халықаралық несиелер арқылы көрініс табады. Несие жүйесі несиелеудің негізгі
принциптеріне сәйкес, ақша қаражаттарын жасаушы, жұмылдырушы және ұсынушы несиелік
институттардың жиынтығын сипаттайды. Несие жүйесі банктік жүйеден және банктік емес
қаржы-несие институттарынан құралады.
Қазіргі уақытта, несиенің кең тараған нысандары бар:
1. Коммерциялық несие тауарды төлем мерзімін кейінге қалды- рып сату кезінде орын
алады. Мұндай несиенің мақсаты тауарлардың өткізілуін жеделдету болып табылады.
2. Банктік несие банктердің кәсіпкерлерге және басқа да қарыз алушыларға қарыз
ретінде беретін ақша қаражаттарын білдіреді. Несиенің бұл нысаны коммерциялыққа қарағанда
аса икемді болып табылады, өйткені ол несиелік келісімдер сомасымен, олардың
бағытталуымен және мерзімімен ерекшеленеді.
3. Мемлекеттік несие - мемлекеттің халыққа пайызбен немесе мақсатты түрде
пайызсыз түрінде беретін қарыздары мен қазыналық міндеттемелері.
4. Тұтынушылық несие.
5. Халықаралық несие.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде несие берудің жаңа нысандары пайда болды.
Оларға лизинг, факторинг және фарфейтинг жатады.
Лизинг - машиналарды, құрал-жабдықтарды және басқа да материалдық құралдарды
ақшалай емес формада жалға беру. Кейіннен, жалға берілген құралдардың құны бірте-бірте
төленіп болған соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады. Лизингтің қолданылуы
меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке меншік құқығы жалға берушіде қалады,
ал жалға алушы осы мүліктің құнын толық өтелгенше оны пайдаланады. Лизингтік келісімдер
1 жылдан 15 жылға дейін созылуы мүмкін. Әдетте, фирмалар техниканы өздері емес, лизингтік
компаниялар арқылы береді. Лизингтік компаниялар қызметін әртүрлі ұйымдар - банктер және
олардың бөлімшелері, өнеркәсіптік корпорациялардың филиалдары мен еншілес компаниялары
атқарады.
Факторинг - бөтеннің қарызын сату-сатып алу немесе сенімхат арқылы коммерциялық
операциялар жүргізу. Бұл жерде банк фирманың «дебиторлық есеп-шотын» қолма-қол ақшаға
сатып алады, кейін фирманың сатқан тауары немесе көрсеткен қызметін нақты сатып
алушыдан қарызды өндіріп алады.
Фарфейтинг - қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді факторинг, қарызды
өндіріп алу мерзімі 1-5 жыл аралығын қамтиды.
Несиенің, несиелік қатынастардың және несиелік механизмнің негізінде несиелік жүйе -
банктер пайда болды. «Банк» ұғымы итальян сөзінен аударғанда «орындық» деген мағынаны
білдіреді.
Банк - уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, жұмылдырып, оларды үстеме пайыз
арқылы орналастырумен айналысатын экономикалық институт. Банктің ресурстары ішкі
ресурстар, сыртқы ресурстар және эмитенттік ресурстар болып бөлінеді. Ішкі қаржылар- ға
акционерлік және резервтік капитал, сондай-ақ бөлінбеген пайда жатады. Банк ресурстарының
негізгі бөлігін сырттан тартылған салымдар немесе депозиттер құрайды.
Банк жүйесі - бұл қандай да бір елде белгілі бір тарихи кезеңдерде орын алатын бір-
бірімен өзара байланысқан әртүрлі банк түрлерінің жиынтығы.
Нарықтық экономикасы дамыған әлемнің барлық елдерінде, сондай-ақ Қазақстанда
Орталық банк және коммерциялық банктер түріндегі екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан.
Орталық банк. Орталық банк екі жақты жағдайымен сипатта- лады. Бірінші жағынан,
оның қызметі мемлекетпен реттеледі, ал екінші жағынан, ақша-несие саясатын жүргізуде
дербестілікке және тәуелсіздікке ие болады. Орталық банктің негізгі қызметтеріне
- банкноталарды эмиссиялауы (басып шығаруы) және оған деген монополиялық құқығы,
тұрақты өтімділікті қамтамасыз етуі;
- коммерциялық банктердің минималды резервтерін шоғыр- ландыруы, оларға несиелік
қолдау көрсетуі, коммерциялық банктердің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- экономиканы ақша-несие саясатының әдістері арқылы реттеу;
- үкіметтің бос ақша ресурстарын депозиттер түрінде сақтау, үкіметті несиелеуде және
төлемдер жүргізуде делдалдық қызмет атқару жатады.
XVII ғасырда құрылған Англияның банкісін ең алғашқы пайда болған орталық банк деп
санайды. Осы банктің құрылу тәжірибесін
дамыған елдердің барлық орталық банктері алып отыр, бірақ әрбір елде орталық банктің
өзіндік ұлттық ерекшеліктері де бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі. Қазақстанда Ұлттық банктің (ҰБ) құқықтық
статусы, оның құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы
Заңында» көрсетілген. Осы заңға сәйкес, ҰБ-нің мақсаты - ұлттық валюта - теңгенің
тұрақтылығын, оның сатып алушылық қабілетін және шетелдің басқа валюталарымен
салыстырғанда теңге бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұлттық банк жүйесін дамыту
және нығайту, есептеулер жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Ал ҰБ-
ң негізгі міндеттеріне экономиканың қаржы- лық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ақша-несие
саясатын жүргізу, инфляция деңгейін бақылау және валюта бағамын тұрақтандыру жатады.
Қазақстан Республикасының ҰБ ұлттық банк жүйесінің дамуына, нығаюына және
тұрақтылығына жауап беретін институт болып табылады. Ол банк жүйесінің қызметін жалпы
реттейді және әрбір жекелеген банктің жағдайын қадағалап отырады, сондай-ақ банктік
жүйенің қызмет етуінің ережелері мен нормаларын қалыптастырады.
Банк жүйесінің тұрақтылығы қаржы нарығының қажетті инфрақұрылымын жасау есебінен
қалыптасады. ҰБ банк жүйесінің тұрақтылығына жауап бере отырып, банктерді ақша
ресурстарымен қамтамасыз етудің тиімді тетігін жасауы тиіс.
Коммерциялық банктер. Бастапқыда коммерциялық банктердің қызметі тек саудада ғана
орын алды. Ал қазір «коммерциялық» термит банктің іскерлік сипатын білдіреді және ол пайда
табуға ұмтыла отырып, экономиканың барлық салаларына қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер - уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды
мерзімділігі, төлемділігі және қайтарымды- лығы жағдайында ұсына алатын, пайда табуға
бағытталған несиелік институттар. Коммерциялық банктер несие беру, салымдарды қабылдау,
төлемдер жүргізуде делдалдық таныту, акцияларды сату- сатып алу, сенім бойынша мүлікті
басқару, мемлекеттік қарыздарды орналастыру, қаржылық-несиелік мәселелер бойынша кеңес
беру, жал операцияларын жүргізу сияқты қаржылық-несиелік операциялардың үлкен көлемін
нарықтық негізде жүзеге асыратын жеке (мемлекеттік емес) банктер ретінде сипатталады.
Батыстың қазіргі заманауи банк- тері операциялардың 250 жуық түрлерін орындайды.
Коммерциялық банктердің мемлекеттік банктерден басты айырмашылығы болып оларда ақша
басып шығаруға деген құқығының болмауы табылады.
Коммерциялық банктердің екі тұрпаты болады: операциялардың үлкен көлемін іске
асыратын әмбебап банктер, және бір немесе бірнеше банктік операцияларды орындайтын
мамандандырылған банктер (мысалы, жинақ банкі).
Банктердің мамандандырылуының өлшемдері алуан түрлі болып табылады. Банктердің
функционалдық мамандануы бойынша банктер инновациялық, инвестициялық, есептік,
жинақтық, ипотекалық, депозиттік және т.б. болып бөлінеді. Салалық мамандануы бойынша
банктер әлеуметтік дамуға бағытталған, құрылыстық, энергетикалық, сыртқы саудалық, ауыл
шаруашы-лықтық және т.б. болып бөлінеді. «Клиенттік» мамандануы бойынша банктер
биржалық, тұтынушы- лық, коммуналдық, сақтандырушылық болып ажыратыла-ды. Сондай-ақ
территориялық мамандануы бойынша банктер аймақтық, аймақаралық, халықаралық болып
бөлінеді.
Қазақстанда ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша коммерциялық банктер акционерлік
қоғамдар ретінде жұмыс істейді.
Банктік тәжірибеде банктік операциялардың негізгі түрлері бөліп көрсетіледі: активтік
және пассивтік операциялар, банктік қызмет көрсетулер.
Активтік операциялар - бұл несиелер беру.
Пассивтік операциялар - бұл ақша жинақтарын және банктің табыстарын жұмылдыру.
Банктегі барлық салымдар депозиттер және жинақ салымдары болып бөлінеді.
Банктік қызмет көрсетулер - бұл қолма-қол және қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру,
валютамен және алтынмен байланысты операциялар, бағалы қағаздарды шығару және сақтау,
трасталық (сенімгерлік) операциялар. Банктер кеңестер береді, ақпараттар ұсынады. Соңғы
жылдары банктік қызмет көрсетулердің көлемі айтарлықтай өсті.
Банктік операциялардың барлық түрлері пайыз түрінде пайда алуға мүмкіндік беретін
несиелік негізде (активтік және пассивтік) немесе өз клиенттері есебінен комиссиялық
сыйақылар алу негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен, барлық операциялардан түсетін банктік пайданы маржа деп атайды. Маржа -
активтік операциялар бойынша пайыздар мен пассивтік операциялар пайыздардың
айырмашылығынан болатын банктік таза пайда. Банктік пайдадан басқа банктің табыс
көздеріне инвестициядан, биржалық операциялардан түсетін табыстар және банктік қызмет
көрсетулерден түсетін комиссиялық сыйақылар жатады.
Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары.
Дамыған елдердің қазіргі банк жүйесі арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттарын
да өзіне жатқызады. Кейбір жағ- дайларда бұлар үшінші деңгейлі болып табылады. Арнайы
мамандандырылған қаржы-несие институттары мыналар жатады: инвестициялық банктер,
жинақ банктері, несиелік одақтар, сақтан- дыру компаниялары, зейнетақылық және
инвестициялық қорлар. Арнайы мамандандырылған қаржы-несие институттары халықтың
шағын капиталы мен жинақтарын жұмылдырып, солар арқылы экономиканы
инвестициялайды.

You might also like