You are on page 1of 8

ГЕОГРАФИЯ

Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты


таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.
1. Kүн жүйесіндегі жалғыз жұлдыз
A) Деймос
B) Фобос
C) Күн
D) Ганимед
E) Жер
2. Жер қыртысының салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі
A) қалқан
B) геосинклиналь
C) платформа
D) плита
E) рифт
3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама
A) Виктория
B) Анхель
C) Тугела
D) Игуасу
E) Ниагара
4. Eуропоидтық нәсілдің өкілі
A) эскимостар
B) қазақтар
C) кәрістер
D) француздар
E) жапондықтар
5. Белгілі бір маршруттар бойымен жүріп өту және сипаттаулар жасау, өлшеу
жұмыстарын жүргізу барысында зерттеу нысаны туралы деректер жинақтау
және өндеу әдісі
A) теориялық
B) картографиялық
C) математикалық
D) далалық
E) статистикалық
6. Oңтүстік Америкадағы ылғалды экваторлық ормандар зонасында
орналасқан мемлекет
A) Чили
B) Бразилия
C) Аргентина
D) Уругвай
E) Боливия
7. Oрталық Қазақстандағы марганец кен орны
A) Аят
B) Ақшатау
C) Қайрақты
D) Қаражал
E) Қашар
8. Oңтүстік бөлігі Қазақстанға енетін Орал тауының жалғасы
A) Маңғыстау
B) Мұғалжар
C) Бетпақдала
D) Сарыарқа
E) Қаратау
9. Қаратау қорығы құрылған жыл
A) 1998
B) 1984
C) 1976
D) 1992
E) 2004
10. Протерозой эрасындағы қатпарлық
A) байкал
B) герцин
C) альпі
D) каледон
E) мезозой
11. Aфрикада материгінің солтүстік мүйісі
A) Пиай
B) Челюскин
C) Дежнев
D) Рок
E) Сент-Чарльз
12. Минералдардың қатылығын анықтайтын шкала
A) Моос
B) Бофорт
C) Рихтер
D) Цельсия
E) Фаренгейт
13. Птолемейдің дүние жүзі картасында бейнеленген материк
A) Солтүстік Америка
B) Аустралия
C) Африка
D) Оңтүстік Америка
E) Антарктида
14. Kүннен ең қашық орналасқан ғаламшар
A) Юпитер
B) Нептун
C) Марс
D) Жер
E) Меркурий
15. Mагмалық тау жыныстарының ішінде кең таралғаны
A) әктас
B) базальт
C) тұз
D) мәрмәр
E) көмір
16. 30° ендіктерден экваторға қарай соғатын тұрақты желдердің пайда болу
себебі
A) ауа массаларының қозғалысына байланысты
B) жер бедерінің әркелкілігіне байланысты
C) жоғары және төменгі температура өзгерістеріне байланысты
D) магниттік өріс өзгерістерге байланысты
E) жоғары және төменгі қысым белдеулеріне байланысты
17. Жыл мезгілінің төрт маусымы да байқалатын зонада мекендейтін ірі
кеміруші
A) суыр
B) ор қоян
C) алақоржын
D) егеуқұйрық
E) сарышұнақ
18. Mұхит суының тұздылығының өзгеру себебіне жатпайды
A) буланушылық
B) атмосфералық жауын-шашын
C) өзендердің мол болуы
D) антропогендік фактор
E) географиялық ендік
19. 1:100 000 сандық масштабы атаулы масштаб түрінде
A) 1 см – 100 м
B) 1 см – 50 м
C) 1 см – 2000 м
D) 1 см – 1000 м
E) 1 см – 10 м
20. Eуразияның оңтүстік-батысында Қазақстанның сыртқы саудасын
жүргізудегі басты тірек базасы
A) Батуми қаласындағы порт
B) Атырау қаласындағы порт
C) Баку қаласындағы порт
D) Порт-Шевченко
E) Ақтау қаласындағы порт
Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс
жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті
мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Aлматы метрополитені

Географиялық деректерді визуализациялау – бұл әртүрлі


ақпараттардыңөңделген картадағы немесе картосхемадағы көрінісі.Cуретте
2011 жылы ашылған Алматы метрополитенінің визуализациясы берілген.
Картада метро бекеттері мен қала көшелерінің сұлбасы көрсетілген.
Зepттeyшілepдің aнықтaғaнындaй, eгep метрополитен бекеттерінің орналасуы
мәтін түрінде берілсе, қолданушы oдaн aқпapaттың тeк 50%-ын aлaды екен. Ал
нұcқayлыққa cypeттep мен карталар қocылса, aдaм 95% ақпаратты
ұғынады.Bизуализациялаудың ең қарапайым әрі кең таралған түрі – графиктер.
Жалпы деректерді визуализациялаудың бірнеше типі бар:
– сандық ақпараттарды қарапайым схема түрінде ұсыну;
– ақпараттарды қабылдау мен талдауды арттыратын нысанға айналдыру;
– концептуалды визуализация күрделі тұжырымдамаларды жасауға
мүмкіндік береді;
– метафоралық визуализация пирамидаларды және деректер карталарын
қолдана отырып, құрылымдық ақпаратты графикалық түрде ұйымдастыруға
көмектеседі.
21. Aлматы метрополитені ашылған жыл
A) 2008
B) 2013
C) 2007
D) 2011
E) 2006
22. Cуретте метрополитеннің визуализация типі
A) ақпараттарды қабылдау
B) аралас
C) концептуалды
D) стратегиялық
E) метафоралық
23. Mетро құрылысынының Алматы қаласында салыну себебі
A) таулы аудан болуына байланысты
B) экологиялық лас көлік түрі
C) қала аралық қатынасты дамыту мақсатында
D) қала мәртебесін арттыру мақсатында
E) салыстырмалы түрде халық санының көптігі
24. Aлматы метрополитеніне байланысты төмендегі пайымдаулардың ішіндегі
дұрысы
A) метрополитен 3 бекеттен тұрады
B) Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді
C) Сайран мен Алатау стансалары аралығында Сайран көлі орналасқан
D) әуежайға бару үшін Райымбек стансасынан шығу керек
E) пойыздардың орташа жылдамдығы 70 км/сағ
25. Mетрополитеннің артықшылықтары берілген қатар
1. Aрзан көлік құралы
2. Kөлік кептелісін шешеді
3. Барлық көшені кесіп өтеді
4. Aдам саны шектеулі болады
5. Экологиялық таза
A) 3, 4, 5
B) 2, 3, 4
C) 1, 2, 3
D) 2, 4, 5
E) 1, 2, 5
Нұсқау: Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар
беріледі.
26. Mинералдардың жер қыртысында таралуының заттық күйіне қарай
түр(-лер)і
A) сұйық
B) созылмалы
C) газ
D) шөгінділер
E) біркелкі
F) әркелкі
G) жымдасқыш
H) қатты
27. 1911-1912 жылдары оңтүстік полюске жеткен ғалым(-дар)
A) Ф. Беллинсгаузен
B) Р. Скотт
C) Дж. Кук
D) Р. Амундсен
E) М. Лазарев
F) А. Гумбольдт
G) Ф. Дрейк
H) Д. Ливингстон
28. Қазақ диаспорасының саны басым ел(-дер)
A) Грузия
B) Пәкістан
C) Ресей
D) Канада
E) Ауғанстан
F) Украина
G) Қытай
H) Өзбекстан
29. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде өсірілетін құрғақшылыққа төзімді
дақыл(-дар)
A) бидай
B) тары
C) мақта
D) күнбағыс
E) күріш
F) арпа
G) картоп
H) сұлы
30. ГАЖ деректер базасында картографиялық мәліметтердің берілу түр(-лер)і
A) бұрыш
B) биіктік
C) полигон
D) сызық
E) үлгі
F) нүкте
G) горизанталь
H) кеңістік
31. Гималай таулары маңайында орналасқан мемлекет(-тер)
A) Афганистан
B) Иран
C) Оңтүстік Корея
D) Индия
E) Шри-Ланка
F) Пәкістан
G) Непал
H) Ирак
32. Жанатын пайдалы қазбалардың кен орны(-дары)
A) Теңіз
B) Бозшакөл
C) Текелі
D) Майкүбі
E) Қарашығанақ
F) Лисаков
G) Қоңырат
H) Жезді
33. Mемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіштерінің
тиімділік фактор(-лар)ы
A) іскерліктің даму деңгейі
B) жоғары білім беру және кәсіптік оқыту
C) микроэкономика
D) нарықтың тиімділігі
E) технологиялық дайындығы
F) инновациялық қабілет
G) инфрақұрылым
H) институттар
34. Қала халқының үлесі 60%-дан жоғары облыс(-тар)
A) Батыс Қазақстан
B) Жамбыл
C) Ақтөбе
D) Қостанай
E) Қарағанды
F) Шығыс Қазақстан
G) Атырау
H) Павлодар
35. Экологиялық тиімділік индексі ең жоғары ел(-дер)
A) Нигерия
B) Чад
C) Финляндия
D) Канада
E) Үндістан
F) Бангладеш
G) Уганда
H) Норвегия

You might also like