You are on page 1of 11

9.2.2.

2 тірі ағзалардың өсуі мен дамуы үшін митоздың


маңыздылығын түсіндіреді
Генетикалық тұрақтылық. Екі еншілес жас жасуша мен аналық
жасуша ядросындағы хромосомалар саны бірдей болады. Бұл
бірнеше ұрпақ бойына хромосомалар санының тұрақты болуын
қамтамасыз етеді. Егер митоз әрекеті зақымдалса, хромосомалар
санында ауытқу болады, көбейеді немесе азаяды. Хромосомалар
санының ауытқуына байланысты жасуша үлкен өзгеріске
ұшырайды. Жасуша тіршілігін жояды немесе мутация пайда
болады. Митоз регенерациялық процесстерге қатысып, тіршілігін
жойған жасушалардың орнын толықтырып отырады.
Жасушалардың жаңаруы және регенерация. Ескірген
жасушалардың орнына жаңа жасушалар түзіліп, оларды
алмастырады, ұлпалар жаңарады. Кейбір жануарлар дене
бөліктерін, мүшелерді қалпына келтіре алады.
Өсу. Көпжасушалы ағзалар денесінде жасушалар санының артуы.
Өсімдіктің сабағындағы камбий жасушаларының митоз жолымен
бөлінуінен сүрек қабаты жуандайды.
Жыныссыз көбею. Прокариоттар қарапайым жолмен екіге
бөлінеді. Қарапайымдылар, біржасушалы балдырлар митоз
жолымен екіге бөлінеді.
 Өсімдік және жануар жасушаларындағы митоздың
ерекшелігі
Жануар ағзасында эпителий және дәнекер ұлпалары жасушалары
митоз нәтижеcінде түзіледі. Өсімдік ағзасында тек меристема
жасушалары митоз жолымен бөлінуге қабілетті. Цитокинезде
жануар жасушасы цитоплазмасының ортасында сақинатәрізді
керме түзіледі. Жасуша екі шетінен ортасына қарай екіге бөлінеді.

9.2.2.3 мейоз арқылы гаметалардың түзілуін сипаттайды


Жыныс бездерінің диплоидты жасушаларының ядросы мейоз
арқылы бөлінеді. Нәтижесінде хромосомалардың саны, азайып,
гаплоидты жыныс жасушалары түзіледі. Жасушаның күрделі
бөлінуі, оның нәтижесінде бір диплоидтық аналық жасушадан төрт
гаплоидтық жыныс жасушалары пайда болады. Мейоз - жасушаның
үзіліссіз (интерфазасыз) екі рет бөлінуі: оның бірінші бөлінуін-
редукциялық, екіншісін - эквациондық бөліну деп атайды.
Мейоздың әрбір бөлінуі митоз сияқты төрт фазадан (профаза,
метафаза, анафаза, телофаза) тұрады.
Бірінші мейоздық бөліну (мейоз І) кезінде гомологты
хромосомалар жұбы екі жас жасушаға ажырап кетеді.
Мейоздық екінші бөліну (мейоз ІІ) барысында хромосома екі
еншілес хроматидаларға ажырап кетеді. Бір аналық жасушаның екі
рет бөлінуінен кейін төрт гаплоидты жыныс жасушалары түзіледі.
Сперматозоид жұмыртқа жасушасымен қосылғанда, ұрықта екі
гаплоидты хромосома жиынтығы қосылады. Ұрықта хромосома
жиынтығы диплоидты болады. Ұрықтағы 46 хромосома 23 жұп
құрайды. Әр жұптағы екі хромосома гомологты хромосомалар
болады. Себебі оларда бірдей белгілердің дамуына жауапты гендер
болады.
Аталық жыныс безінде сперматозоидтардың қалыптасуын
сперматогенез, ал аналық безде жұмыртқа жасушасының
қалыптасуын овогенез деп атайды. Гаметогенез төрт сатыда өтеді.
1. Көбею аймағында диплоидты жасушалар митоздық жолмен
бөлініп, сандары артады.
2. Өсу аймағында диплоидты жасушалардың цитоплазмасы
артады. Цитоплазмаға қор заттары жинақталады. Бұл
интерфазаның өсу фазасына сәйкес келеді.
3. Пісіп-жетілу аймағында диплоидты жасушалар мейоздық
бірінші бөлінуге кіріседі. Бір диплоидты жасушадан екі
гаплоидты жасушалар түзіледі.
4. Қалыптасу аймағында сперматазоидтардың органеллалары
түрөзгерістерге ұшырайды.
9.2.1.3 менструалдық цикл және экстроген мен прогестерон
маңызын сипаттайды
Менструальдық циклдың маңызы: ооциттердің бөлінуіне және
жатырды жүктілікке дайындауға қажет. Менструальдық цикл
жұмыртқа жасушаларының пайда болуына әкеледі.
Эстроген - етеккір циклін реттейді, сонымен қатар, қан тамырларын
қабырғалардағы холестериннің пайда болуынан қорғайды, су-тұз
алмасуын, терінің серпімділігін жоғарылатады, май бездерінің
қызметін реттейді.
Эстроген – аналық жыныс гормоны, аналық бездерінде түзіліп,
қыздарда екінші реттік жыныстық белгілерінің дамуын реттеп,
менструалдық циклға қатысады.
Прогестерон жатырдың қалыңдығын сақтап, эстроген түзілуін
тоқтатады, сонымен қатар жүктілік кезінде жаңа жұмыртқа
жасушаларының жетілуін тежейді.
Прогестерон - ауырсыну және етеккір алдындағы синдромның
көптеген көріністері прогестеронның жетіспеушілігімен
байланысты, менструальды қан кетуді тудырады

9.2.1.2 жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық


белгілердің дамуын сипаттайды
Гормондар әсерінен бой мен масса күрт өседі, кеуденің пішіні
өзгереді. Жамбас сүйектері ұлғаяды. Етеккір айналымы келеді.
Дене пішіні жұмырланады, сүт бездерінің өсуі жеделдеп, шаштың
өсуі күшейеді.
Дене бойлары мен массалары өседі. Көмей өз пішінін өзгертіп,
дауыстары жуандайды. Мұрт пен сақал өсіп бастайды, шаштардың
өсуі жеделдейді. Кеуде бездерінің артуы байқалады. 

9.2.1.5 жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен


алдын алу шараларын түсіндіреді
Сифилис (мерез) - жыныстық қатынас арқылы, сүйісу, тұрмыстық
заттар (қасық, ыдыс аяқ, дәретхана заттары) арқылы пайда болады,
сонымен қатар ұрпаққа (туа біткен мерез) жұғуы мүмкін.
Белгілері: жара пайда болады, оның айналасындағы лимфа
түйіндері қабынуы мүмкін, сол уақытта әлсіреу, бас ауруы,
қалтырау байқалады.
Емдеу жолы: науқастарға қосымша күшейтетін дәрілер,
иммунотерапия және физиотерапия, антибиотиктер
Алдын алу шаралары: контрацептив түрлерін қолдану, мүшеқап
қолдану
Гонорея - жыныстық жолмен берілетін инфекция
Белгілері: Науқастың денесі күйіп, қышына бастайды, кіші дәретке
отырғанда ауырсынады. 1 — 2 күннен кейін несепке іріңді зат
араласып, кіші дәретке отырғанда қуық қатты ашып ауырып, үрпі
қызарып, ісінеді. Бұл кезде науқастың дене қызуы көтерілуі мүмкін,
әлсіздік пайда болып, тамаққа зауқы соқпайды.
Емдеу жолы: стресске берілмеу, антибиотиктер қабылдау,
иммунотерапия, физиотерапия тағайындалады, дәрігерге қаралу.
Алдын алу шаралары: контрацептив түрлерін қолдану, мүшеқап
қолдану
Трихомониаз – несеп-жыныс жолдарының паразиттік ауруы.
Белгілері: жағымсыз «балық» иісі бар сарғыш, жасыл реңктің
көпіршікті немесе сұйық бөлінуі, сыртқы жыныс мүшелерінің
қышуы және гиперемиясы, зәр шығару кезіндегі ауырсыну
Емдеу жолы: антитрихомонадты препарат, иммунотерапия,
қалпына келтіретін дәрілер, простата массажы, уретрия
инстиляциясы, физиотерапия және т.б
Алдын алу шаралары: үнемі сау жыныстық серіктес және
презерватив қолдану.
Хламидиоз - хламидиоз тудыратын ауру, жыныстық жолмен
берілетін инфекциялардың бірі.
Белгілері: қынаптан шырышты-іріңді бөліністер, іштің төменгі
бөлігіндегі ауырсыну, зәр шығару кезінде, жыныстық қатынастан
кейін және кезеңдер арасында дақтар, жамбастың созылмалы
ауруы.
Емдеу жолы: антибиотиктер қабылдау, анализдер тапсыру
Алдын алу шаралары: контрацептив түрлерін қолдану және сау
жыныстық серіктестің болуы
АИТВ/ЖИТС - АҚТҚ/ЖҚТБ - қоздырған инфекцияның
организмге әсерінен дамитын дертті жағдай.
Белгілері: қанды лабораторияда тексеру, яғни арнайы әдіспен
қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау.
Емдеу жолы: емханаларда емделу қажет, анализдер тапсыру
арқылы.
Алдын алу шаралары: әрбір жыныстық қатынас кезінде
мүшеқапты қолдану керек, тек өзіңнің таза немесе жаңа жеке
гигиена құралдарымен (қырыну құралдарымен, тіс жуатын
щеткаларымен) пайдалану керек
В және С гепатиті - гепатит В вирусы қан, шәует пен қынаптық
сұйықтық арқылы, анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану
барысында жұғуы мүмкін.
Белгілері: шаршағандық, буын мен бұлшық еттің ауырсынуы,
тәбеттің болмауы, жүрек айнуы мен құсу, терінің қышуы, дене
қызуының көтерілуі, зәр түсінің қоңырлануы, нәжістің түссізденуі,
оң жақ қабырға астының ауырсынуы.
Емдеу жолы: медициналық мекемелерде вакциналау іс-шаралары
жүргізіледі, контрацептив түрлерін қолдану
9.2.3.1 эмбриондық даму кезеңдерін және ұрықтың дамуындағы
ұрықжолдастың (плацентаның) маңызын түсіндіреді
Ұрықжолдас
Ұрықжолдас ұрықтану жүріп, зиготаның жатырға бекінген кезінен-
ақ түзіліп, дамитын уақытша мүше болып табылады. Бұл- ана мен
эмбрионның арасын байланыстырған қан тамырлы құрылым.
Ұрықжолдастың құрылым бірліктері хорион бүрлері болып
табылады. Олар диффузия жылдамдығын арттыруға қолайлы беттік
ауданды ұлғайтады. Ұрықжолдастың аналық және ұрықтық беттері
болады. Ұрық кіндік арқылы ұрықжолдаспен байланысады.
Кіндікте артерия және вена тамырлары бар. Кіндікті құрайтын қан
тамырларының саны үшеу. Оның біреуі вена тамыры болса, екеуі
артерия тамырлары болып табылады. Вена тамыры оттекке
қаныққан қоректік заттарға бай қанды ұрыққа жеткізеді. Ал екі
артерия тамыры көмірқышқыл газына қаныққан қанмен қоса зат
алмасудың соңғы өнімдері бар қанды ұрықтан ұрықжолдасқа қарай
тасымалдайды. Осы екі қан тамыры амнион мембранасы мен
сыртынан қоршаған сұйықтық арқылы қорғалады. Ұрықжолдасқа
амнион сұйықтығына толы амнион қабы бекінген. Ол ұрықты
микробтың енуінен қорғап тұрады.

Сұйықтық ұрықты қысым, соққы сияқты механикалық


зақымданудан қорғап, одан бөлінген зәр, зат алмасудың соңғы
өнімдерін сіңіреді. Бұл сұйықтық ұрықтың температурасын
тұрақты сақтап, оны кеуіп кетуден қорғайды. Ұрықжолдас арқылы
қоректік заттар мен оттек ана қанынан ұрыққа өтеді. Ұрықжолдас
нәруызды ұрық қанына өткізбес бұрын қорытады. Ұрықтың
бауыры қалыптасқанға дейін гликоген, майларды қорға жинайды.
Әртүрлі микробтардың ұрыққа өтуіне ұрықжолдас кедергі
жасайды.
1. Алдымен зиготаның бөлшектенуі жүреді. Ұрықтанғаннан
кейін шамамен 30 сағатта алғашқы бөлшектенуі, яғни екі
бластомерлі кезеңі аяқталады. Олар өспейтін, тек
бөлшектенетін жасушалар болып табылады.
2. Келесі 30 сағатта 4 бластомер жасушасы пайда болады. 72
сағат өткеннен соң үшінші рет бөлшектену жүріп,
бастапқыдан ұсақ бластомерлер дамиды.
3. Бөлшектену 16-32 жасушаға айналғанда морула қалыптасады.
Бұл 4-6 - күндерге сай келеді. Осы кезде морула жатырға
өтеді.
4. Моруладағы бластомер жасушаларының ары қарай
бөлшектенуінен бластоциста қалыптасады. Бұл кездегі
бластомер жасушаларының сыртқы қабатқа орналасуынан
жасушалардың іші қуыс бір қабаты пайда болады. Осы
қуысты бластоцель деп атайды.
(Бластоциста дегеніміз – моруладағы жасушалармен қоршалған
жаңа жасушалардан тұратын бірқабатты ұрық жапырақшасы.
Оны бластула деп те атайды.)
5. Осы уақытта бластоциста жатыр қабырғасына бекінеді.
Моруладағы бластомерлердің жатыр қабырғасына бекінуін
имплантация деп атайды. Оның сыртқы қабатындағы
жасушалардан ұрықжолдас дамиды да, ішкі жасушалары
эмбрионға айналады.
6. Жатыр қабырғасына бекінген кезден бастап эмбрион
ұрықжолдастың көмегімен қоректеніп, тыныс ала бастайды.
7. Келесі кезеңде гаструляция немесе бірқабатты
бластоцистадан үш қабатты ұрық жапырақшасының
қалыптасуы жүреді. Бұл кезең гаструла деп аталады.
8. Бластоциста
9. жасушаларының үш қабатқа жіктеліп орналасуынан үш
қабатты эмбрион пайда болады. Оның сыртқы қабаты
эктодерма, ортаңғысы мезодерма ал ішкісі энтодерма деп
аталады.
10. Гаструляциядан соң эктодермадан орталық жүйке жүйесінің
негізі қалыптаса бастайтын нейруляция үдерісі жүре
бастайды. Сыртқы қабаттағы жасушалар жүйке тақташасына
айналады. Бұл кезең нейрула деп аталады. Ұрықтанғаннан
кейінгі төртінші аптада жүйке тақташалары бүктеліп, жүйке
түтігін құрайды.
11. Нейрула кезеңі аяқталғаннан соң органогенез немесе
мүшелердің қалыптасу кезеңі басталады. Бұл кезеңде
жасушалардың жіктелуі немесе дифференциясы орын алады.
Яғни, үш қабатты ұрық жапырақшаларының әр қайсысынан
әртүрлі жасушалар немесе ұлпалар дамиды. Ұрық
жапырақшаларының үш қабатында орналасқан жасушалар
маманданып, нақты бір қызметке сай өзгереді. Мысалы, ең
соңында қалыптасқан мезодерма қабатынан бұлшық ет, қан
және сүйек жасушалар дамиды.
Сонда толық эмбрионның дамуына бластоцистадағы жасушалар
бастама болады. Ал әрбір ұлпа немесе мүше эктодерма, мезодерма
және энтодерма қабаттарына жіктелген жасушалардан дамиды.
Сонымен адам ағзасының бастамасы бөлшектенудің нәтижесінде
пайда болған бластомер жасушаларымен қоршалған бластоциста
жасушалары болып табылады. Үшқабатты жасушалар бұл кезеңде
құйрығы мен басы анық ажыратылатын эмбрионға айналады.
Эмбрионда ұрықтанудан соң 8 аптада барлық ұлпалары мен
мүшелері қалыптасып үлгереді. Осы кезден бастап оны ұрық деп
атайды.
9.2.3.4 адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен
есірткілер әсерінің салдарын түсіндіреді
Шылым шегу: сәбидің салмағы аз болып туылады, ана қанынан
ұрыққа оттегінің түсуі азаяды, ұрықта қатерлі ісіктің даму
мүмкіндігі артады, түсіктің болу қаупі артады, никотин әсерінен ми
бөліктерінің улануы жүреді, туылған кезде нәресте өздігінен еркін
тыныс ала алмайды.
Алкоголь: ұрықтың дұрыс дамып жетілмеуі байқалады, сәби
салмағы аз болып туылады, туа біткен аурулар пайда болады,
мерзімнен бұрын босануы мүмкін, ұрықтың физикалық және
психикалық дамуында ауытқулар болу мүмкін.
Есірткі: плацентаның мерзімнен бұрын бөлінуі, баланың дұрыс
дамымай туылуы, аз салмақты немесе үлкен басты болып туылуы,
ми бөліктерінің улануы, мүгедек болу қаупі, оқға қабілетсіздігі,
сөйлеу тілінің бұзылуы.

9.2.4.3 моногибридті будандастыруды көрсету үшін генетикалық


сызба жасайды
Гибридологиялық әдіс-генетика әдістерінің бірі, ағзаның
тұқымқуалаушылық қасиеттерін оны туыстық нысандармен
будандастыру және ұрпағының белгілерін талдау арқылы зерттеу
тәсіл.
Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.
Ген – хромосоманың (ДНҚ) белгілі бір үлескісінде орналасқан
тұқымқуалаушылықтың құрылымдық және қызметтік өлшем
бірлігі.
Нәруыз – ағзалардағы белгілер мен қасиеттердің негізі.
♀ Аналық
♂ Аталық
Р Ата-ана белгісі
× Будандасу белгісі
G/Г Гамета
Ғ, F1, F2 Бірінші, екінші ұрпақ гибридтері
А, В, С Доминантты белгіні кодтайтын белгі
а, в, с Рецессивті белгіні кодтайтын белгі
АА, ВВ, СС Доминантты белгі бойынша гомозиготалы генотип

а а, в в, с с Рецессивті белгі бойынша гомозиготалы генотип

А а, В в, Гетерозиготалы дарақтардың бір белгі бойынша


генотиптері

Ата-аналарынан келген гендердің толық жиынтығы генотип, ал


ағзаға тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы фенотип болып
табылады.
Аллельдердің біреуі екіншісіне басымдық танытып, фенотипте оны
көрсетпей өзі бірден жарыққа шығатын белгі – доминантты, ал
көрінбей, басыңқылық танытқан белгі рецессивті белгі деп
аталады.
Моногибридті будандастыру
Біркелкілік заңы. Бірінші ұрпақ даралардының фенотипі мен
генеотипі барлығында бірдей болады.
Ажырау заңы. Фенотипі 3:1. Генотипі 1:2:1 Рецессивті белгі
бірінші ұрпақта көрінбегенімен екінші ұрпақта өзі сияқты
рецессивті белгімен кездескендіктен қайта жарыққа шығады.
Бастапқы екі гомозиготалы фенотиптен алынған гетерозиготалы
фенотип аллельдер арасындағы әрекеттесудің толымсыз
доминанттылық типіне жатады.

9.2.5.2 эволюциялық ілімде Ч. Дарвин еңбектерінің маңызын


зерттейді

You might also like