You are on page 1of 10

-1-

МАЗМҰНЫ

Эссе кіріспесін қалай жазады? ....................................................................... 3

1. Кіріспеде қанша сөйлем болуы керек? ........................................................ 4

2. Кіріспе сөз дегеніміз не?.............................................................................. 5

3. Тақырып өзектілігін анықтаудың маңызы қандай? .............................. 7

4. Тезис дегеніміз не? Оның эссені бағалау кезіндегі рөлі қандай?........ 8

5. Мәтіндегі «көпірлер» не үшін керек:


оларды қалай орналастырған жөн?..............................................................10

-2-
ЭССЕ КІРІСПЕСІН ҚАЛАЙ ЖАЗАДЫ?

Кіріспеде қанша сөйлем болуы керек?


Кіріспе сөз дегеніміз не?
Тақырып өзектілігін анықтаудың маңызы қандай?
Тезис дегеніміз не? Оның эссені бағалау кезіндегі рөлі қандай?
Мәтіндегі «көпірлер» не үшін керек: оларды қалай
орналастырған жөн?

ГЛОССАРИЙ:
кіріспе – эссенің негізгі тезисі мен тақырып өзектілігі сияқты басты мазмұн
элементтері сипатталатын эссенің рылымдық элементі.
кіріспе құрылымы (эссе) – эссенің негізгі мақсаты туралы айтылатын
кіріспедегі сөйлемдердің орналасуы мен қатынасы..
кіріспе элементтерінің қызметі (эссе) – белгілі бір міндетті орындау: кіріспе
сөз – оқырманның назарын аудару; анықтама – кілт сөздерді анықтау; тезис
– мәтіннің негізгі идеяны көрсету; «көпір» - мәтін байланысын қамтамасыз ету.
кіріспе сөз – кіріспедегі алғашқы сөйлем.
клише – ерекше мәтін түзуге кері әсер ететін стандартты сөз қолданыстары.
дәйексөз – қандай да бір шығарманы немесе автор сөзің сөзбе-сөз беру.
өзектілік – тақырыптың қазіргі таңда (адамзат үшін, студент үшін, оқушы
үшін, қоғам үшін, ел үшін) маңызды екендігін сипаттайтын кіріспенің қажетті
құрылымдық элементі.
тезис (эссе) – тақырып бойынша автордың позициясын білдіретін пайымдау
түрі, ол эссенің негізгі бөліміндегі дәлелдеменің негізі болып табылады.
кілт сөз – сөздің (сөйлемнің) негізгі мағыналық өзегі болып табылатын сөз
немесе сөз тіркесі.
риторикалық сұрақ – сұраулы сөйлем түрінде келетін, алайда жауапты
қажет етпейтін стилистикалық тәсіл. Сұраулы сөйлем құрылымы оқырманның
назарын аударту үшін қолданылады.

ТЕОРИЯ: Екінші сабақта мынаны үйренеміз:


• Кіріспені жазудың мақсаты қандай?
• Кіріспеге не кіреді: кіріспеде қанша сөйлем (кіріспе құрылымы) болуы
керек?
• Эссе тақырыбының өзектілін анықтау
• Эссе тезисін құру
• Кіріспедегі соңғы сөйлемнің қызметі

-3-
1. КІРІСПЕДЕ ҚАНША СӨЙЛЕМ БОЛУЫ КЕРЕК?

Кіріспе жазудың мақсаты қандай?


Эссе авторы мәтіннің алғашқы сөзінен-ақ оқырманның (мұғалімнің,
сарапшының т.б.) назарын аударып, мәтінді одан әрі толық оқуына
қызығушылығын арттыру қажет.
Егер эссе тақырыбы автордың өзіне қызықсыз болса, онда мәтін де
оқырманның қызығушылығын арттыра алмайды.
Осылайша эссе кіріспесінің негізгі мақсаты – оқырман назарын аударту.

1-ТҰЖЫРЫМ:
кіріспе жазудың негізгі мақсаты тек оқырманның назарын аудару ғана
емес, сондай-ақ мәтіннің негізгі мазмұнына сипаттама беру болып
табылады.

Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және


стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл этапта өз
зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою
керек. «Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?»,
«Мен алған тақырып неліктен маңызды?», «Менің тұжырымдауымда қандай
түсініктер қолданылуы мүмкін?», «Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға
бөле аламын ба?» т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.
Мына екі қағиданы қарастырайық:
1-қағида 2-қағида
Кіріспе мәтіні екі сөйлемнан тұра Кіріспе мәтіні 4 және одан да көп
алады және ол жеткілікті. сөйлемнен тұра алады.

Осы тұжырымдардың қайсысы дұрыс? Жазу техникасы тұрғысынан


қарайтын болсақ, толыққанды эссе кіріспесін жазу үшін автор қанша сөйлем
қолдануы керек? Автор екі ғана сөйлеммен шектелсе бола ма, ал сол сөйлемдер
нені қамту керек? Әлде сөйлемдер саны одан көп болуы керек пе? Егер көп
керек болса, онда не үшін?

-4-
• Кіріспенің алғашқы сөйлемі – кіріспе сөз.
• Екінші сөйлем (кейде үшінші) – эссе тақырыбының
өзектілігін анықтау, сонымен қатар қажет болған жағдайда
Кіріспеде терминдердің / кілт сөздердің анықтамасын беру.
мыналар
• Үшінші сөйлем – эссе тақырыбына «ауысу».
болуы керек:
• Төртінші сөйлем – эссенің негізгі тезисін көрсету.
• Бесіенші сөйлем – бұл эссенің кіріспе және негізгі
бөлімдерінің арасындағы «көпір».

Техника тұрғысынан жоғарыда кіріспенің құрылымы берілді. Дұрыс


нұсқа ретінде 1-тұжырымды таңдаған жас авторлар кіріспенің әр элементін
жазудағы ерекшелік баяндалатын төмендегі материалды зерделеуі керек.

1-ТҰЖЫРЫМ:
кіріспедегі сөйлемдер саны реттелген: әрбір элемент (сөйлем) белгілі бір
қызмет атқарады, бұл элементтер (кіріспе сөз, анықтама, тезис, «көпір»)
эссе тиімділігінің негізгі қасиеті ретінде мәтіннің байланыстылығын
қамтамасыз етеді.

2. КІРІСПЕ СӨЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Өкінішке орай, кіріспедегі кіріспе сөздің атқаратын рөлі туралы авторлар өп


ойлана бермейді..
Мәселен мына екі сөйлемді алып қарайық: «Оқушыларды жаңа ортаға
тиімді түрде психологиялық бейімдеу түрлері» тақырыбына төменде
берілген сөйлемдердің қайсысы дұрыс кіріспе сөз бола алады:

1-сөйлем 2-сөйлем

Кез келген адам үшін өзінің жайлы


аймағынан шығып, ересек әлемге
Біздің әрбіріміз өмірімізде
әйтеуір бір қадам басатын сәт
психологиялық бейімделуге қатысты
туындайды. Әдетте, оқушылар
түрлі қиыншылықтарға тап боламыз.
өздерінің үйреншікті қоғамы, социумы
мен ортасын өзгертуге бейім келеді.

-5-
ТҮСІНІКТЕМЕ: (1) сөйлем эссе тақырыбын тікелей нұсқап тұр, ал (2)
сөйлемде ол бірден айтылмайды, алдымен байланыстың себеп-салдары
айтылып, мәселеге ақырындап ауысады. Екі сөйлемде де «әрбіріміз»,
«әр» сияқты есімдіктер қолданылғанын байқасақ болады. Бұл кіріспе сөз
жалпылама сипатта болатынына байланысты. Әсіресе, аргументті эсседе
көрініс табады.
Эссе негізгі идеядан немесе қанық фразалардан басталғаны дұрыс.
Мұндағы міндет – оқырман назарын бірден аудару.
Эссе жазудағы қателер деп мыналарды айтуға болады:
- тексеру жұмысын дұрыс жүргізбеу;
- емле қателерін тексерумен шектеліп қалу;
- екіұшты ойлар, сәтсіз алынған фразалардың жоқтығына көз жеткізбеу.
- кіріспе сөздің тым ұзақтығы. Детальдардың жетіспей тұруы. Мысалы,
негізсіз деректерді келтіре беру;
- көпсөзділік.

Кіріспе бөлімнің сөз тіркестері (фразалар)


• Халық арасында .................... деп есептеледі.
• Адамдар (кейбір адамдар) көбіне .................. деп санайды.
• Көп адамдар ............... деп ойлайды.
• .................... жиі ұсынылады. / ........... деп саналады.
• Көп адамдар ..................... деген идеяны жақтайды.
• Көп адамдар ....................... дегенге сенімді.
• Кейбір адамдар .................. қарсы.

2-ТҰЖЫРЫМ:
жақсы жазылған кіріспе сөз оқырманның назарын аударуды қамтамасыз
етеді. Клише түріндегі жаттанды сөздер мен сөз тіркестерін қолданбай,
стандартты емес тіркесімдерді пайдалану оқырманның қызығушылығын
арттырады. Кіріспе сөз мәтіннің белгілі бір эмоционалды бағытын
тудырады. Кіріспе сөздің қызметі – тақырыпқа «ақырындап әкелу».

-6-
3. ТАҚЫРЫП ӨЗЕКТІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ҚАНДАЙ?

Эссе жазу кезінде ерекше назар аударылатын мәселелердің бірі –


«өзектілік» түсінігінің дұрыс анықтау.
Тақырыптың өзектілігі кіріспе сөзден шыға отырып, ондағы ойды
жалғастырады. Тақырып өзектілігін көрсет мына фразалық тіркестер арқылы
көрінуі мүмкін: Бұл тақырыптың өзекті болуының себебі...; Меніңше,
бұл тақырыптың өзектілігі...; Бұл тақырып өте өзекті, себебі...; ..., осы
арқылы тақырыптың өзектілігі көрінеді; Бұл тақырыптың өзекті болуының
себебі не?
Тақырыптың өзектілігін анықтай отырып, автор оның қоғам үшін
қаншалықты маңызды екендігіне, қоғам үшін жағымсыз әсерлері қандай
болатындығына, болашақты қандай жағымсыз әсер тудыратындағына талдау
жасап, логикалық пайымдайды.

3-ТҰЖЫРЫМ:
«өзектілік» түсінігі автордың осы мәселенің қоғам үшін, мемлекет
үшін, адамзат үшін қаншалықты маңызды екендігін талдау негізінде
анықталады. «себеп» және «өзектілік» ұғымдарының айырмашылығын
білген жөн. Себеп «Бұл не үшін болады?», «Не үшін дәл осылай болды»
сияқты сұрақтарға жауап береді.

- 7-
4. ТЕЗИС ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ОНЫҢ ЭССЕНІ БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕГІ РӨЛІ ҚАНДАЙ?

Тезис – кіріспенің құрылымдық элементі, эссені бағалаудың маңызды


элементі. Себебі қалыптастырылған тезис эссені мазмұны жағынан, яғни
тезистің негізгі бөлімнің мәтінімен сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді

Академик
http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_philosophy/1201
Тезис (латынша: thesis – негіздер, тұжырымдар) – 1) кең мағынасында:
дәлелденетін кез келген тұжырым, белгілі бір тұжырымдама немесе
теорияны дәлелдеу, немесе дауласу үшін қолданылады (айталық, орта
ғасырлық пікірталастарда университеттерде ғылыми атақтар үшін). «Тезис»
терминін бұлайша түсіндіру – логикада мықтап тұрақтанған, себебі логика
дау өнерінде (диалектикада) ең тиімді тәсіл деп танылған.

Маңызды ережелерінің бірі – тезис қою. Тезис – эссенің кілті. Кілті


табылмаса, эссенің негізгі мақсатына жетуі де қиындыққа ұшыратады.
Тезис – автор ұстанымы, негізгі бөлімде дәлелденетін ойға сілтеуші негізгі
идея. Тезис кіріспе бөлімде қойылады. Кіріспе бөлім нені қамту керек?
Кіріспе бөлімде эссе жазушы эссе тақырыбына түсінік береді. Осы арқылы
жазушының эссе тақырыбын түсінгенін анықтай аламыз. Бұл тақырып
неліктен өзекті екендігі жазылады. Тақырып және оның өзектілігі туралы
жазылғаннан кейін тезис қойылады. Тезистен кейін негізгі бөлімге көшуші
сөйлем жазылады. Тезис нақты әрі анық берілсе, жазбауға да болады. Кіріспе
бөлім бойынша мысалға назар аударайық.

4-ТҰЖЫРЫМ:
тезис эссенің негізгі бөліміндегі аргументтер сериясы арқылы ашылатын
автордың негізгі пайымдауы болатын сөйлемдер түрінде құрылады

-8-
Эссенің кіріспесін жазу барысында жіберілетін негізгі қателерге талдау
жасау
1. Кіріспе құрылымға сай жазылуы керек: алғы сөзден эссенің
тақырыбына қарай «өту» – эссе тақырыбының өзектілігін анықтау – эссенің
негізгі тезисін анықтау – «көпір». Осы құрылымды сақтау – қатаң талап
болуы керек. Құрылымнан ауытқу, «еркін» тұжырымдар жасауды әдетке
айналдыру – қате деп танылуы керек.
2. Жұмыстың қорытынды нәтижесіне қол жеткізу – мәтіннің
қолжазбасымен жұмыс жасаудың аяқталғанын білдіреді: сөйтіп эссе
авторы белгілі бір ереженің бар екеніне көз жеткізуі керек: мәтіннің
бірнеше нұсқасын қайта-қайта қарап, талқылауға болады. Оқушыларың
бір бөлігі материалды меңгергенін, сондықтан тапсырманы «бір деммен»,
қолжазбасын шимайламай, таза параққа жаза алатындай жағдайлар
кездесіп отырады.
3. Сыни талдаудың басы нысаны – идеялар деңгейі ғана емес, эссенің
мазмұнын жеткізудің тілдік формасы болуы шарт. Мұнда кіріспе мәтінінің
ретті алгоритмі логикалылыққа және мәтіннің бірқалыпты қозғалысына
қатаң бағынуы керек (ағылшын тіліндегі flow сөзі «ағым» идеясымен
ассоциацияланады).
4. Кейбір авторлар эссені мәтінмен жұмыс жасай бастағанда емес,
мәтінмен толық жұмыс жасауды аяқтаған соң жазады. Олар бұл – уақытты
үнемдейді деп ойлайды. Айта кететін жайт – кіріспенің қолжазба бөлігін
жазып, түзетулер мен өзгерістер ендірудің маңызы зор.
5. Мәтінге түзетулер ендіру және редакциялау – мәтінді орфографиялық
және пунктуациялық қателерден «тазалауға» мүмкіндік беріп қоймай,
автордың мәтінді анық және айқын жеткізуге, оқырманға / сарапшыға
бірден әсер ету күшін іздеуге септігін тигізеді. Бірнеше мәрте, өз
тәжірибемде мәтінді бірінші кезеңде редакциялау және авторедакциялау
(өз бетімен редакциялау және жазғанына өздігімен баға беру) – эссені
жазудың сенімді тәсілі екеніне көз жеткіздім.

-9-
5. МӘТІНДЕГІ « КӨПІРЛЕР » НЕ ҮШІН КЕРЕК:
ОЛАРДЫ ҚАЛАЙ ОРНАЛАСТЫРҒАН ЖӨН?

Автор үшін кіріспені бастау ғана емес, оны қалай аяқтау керектігін
ойластыру маңызды болып табылады.
Мысалы, кіріспенің соңында қолданылатын мынадай стандартты
фразалық тіркес бар: «Өз эссемде осы тақырыпты ашып көремін».
Немесе риторикалық сұрауды пайдалануға болады. Бұл тақырыпты
қайталайды және оған жауап беруді талап етпейді. Стилистикалық тәсіл
ретінде риторикалық сұрау оқырманның назарын аудартады. Сондай-ақ,
кіріспенің соңында тақырыпты қайталау эссе тақырыбына қайта назар
аударуға мүмкіндік береді.
Клише мен риторикалық сұрауды қолдану кіріспеде «көпір» қызметін
немесе мәтін бөліктері арасындағы байланыстырушы элемент қызметін
атқарады.

5-ТҰЖЫРЫМ:
кіріспенің соңғы бөлігі эссенің негізі бөліміне «ауысуды» қамтамасыз
етуі керек.

- 10 -

You might also like