You are on page 1of 12

-1-

МАЗМҰНЫ

Эссенің негізгі бөлімін қалай жазу керек?.................................................... 3

1. Эсседе аргументтеу (дәлелдеме) теориясының


қандай элементтері қолданылу керек? ...................................................... 4

2. Эссенің негізгі бөлігінде қандай


аргументтерді қолдануға болады?................................................................ 6

3. Эссенің негізгі бөліміндегі азат жол құрылымы қандай болады?.......10

4. Эсседе қандай деректерді қолдануға болады?.......................................12

-2-
ЭССЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІН ҚАЛАЙ ЖАЗУ КЕРЕК?

Эсседе аргументтеу (дәлелдеме) теориясының қандай


элементтері қолданылу керек?
Эссенің негізгі бөлігінде қандай аргументтерді қолдануға
болады?
Эссенің негізгі бөліміндегі азат жол құрылымы қандай
болады?
Эсседе қандай деректерді қолдануға болады?

ГЛОССАРИЙ:
(эссенің) негізгі бөлімі – әр абзацта бір аргумент сипатталатын, 3 немесе
одан да көп абзацтан тұратын эссе мәтіні; абзацтың шартты түрдегі көрінісі
ретінде қыстырма сөздер қызмет атқарады (мысалы, біріншіден, екіншіден,
үшіншіден).
(эссе) көлемі – белгілі бір сөздер мен сөйлемдер саны, эссе көлемін
есептеуде қолданылған сөз саны қарастырылады: орта көлемдегі эссенің
көлемі – 250-300 сөз.
(эссенің) карта-схемасы – мәтін түзудегі нақты параметрлерді, яғни
аргумент арқылы сипаттау, тезис құрау, жазылатын эссе тақырыбын жоспарлау
сияқты параметрлерді қамтитын эссе құрылымының визуалды сипаты.
(эссе) жоспары – эссенің мазмұны мен құрылымы туралы түсінік беретін
сөйлемдер түріндегі пайымдау.
тезис (эссе) – тақырып бойынша автордың позициясын білдіретін пайымдау
түрі, ол эссенің негізгі бөліміндегі дәлелдеменің негізі болып табылады.
кілт сөз – сөздің (сөйлемнің) негізгі мағыналық өзегі болып табылатын сөз
немесе сөз тіркесі.
аргумент – тезис дәлелі ретінде келтірілетін негіз (тұжырым).
логикалық аргумент – ақыл мен ойға жүгінетін дәлелдер.
психологиялық аргумент – адам сезіміне жүгінетін дәлелдер.
дәлелдеме – кез келген пайымның негізделуі.

ТЕОРИЯ: Үшінші сабақта мыналарды білеміз:


• Аргументті эссе басқа эссе жанрларынан қалай ерекшеленеді?
• Эсседе аргументтеу теориясын қолдану
• Аргумент түрлері ажырату
• Негізгі бөлім қандай абзацтардан тұрады

-3-
1. ЭССЕДЕ АРГУМЕНТТЕУ ( ДӘЛЕЛДЕМЕ ) ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ҚАНДАЙ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ҚОЛДАНЫЛУ КЕРЕК?

Біз сабақтардың осы сериясында аргументті эссенің мәтінін құру (жазу)


ерекшеліктерімен танысамыз. Бұл оның жанры: жанр мәтінге мазмұнды да,
форманы да (құрылым) негіздейді. Мысалы, «Сауысқан және түлкі» атты
ертегінің сюжеті (бұл ертегідегі оқиғаның дамуы, оның мәтіндік құрылымы)
белгілі бір оқиғалардан тұрады: 1) оқиға орны мен уақытын суреттеу
(қайда? және қашан?); 2) оқиға қатысушыларын суреттеу (кім? олар қандай
қарым-қатынаспен байланысқан?); 3) оқиғаның өзін суреттеу (не болды?
қалай болды?); 4) тартысты суреттеу (сауысқан түлкіні қалай алдады?);
5) қорытынды/ соңы (соңында не болды?).
Ең алдымен, осы эссенің мазмұны (бұл эссе не туралы? біз эссе арқылы
не түсінеміз?) ұсынылған тақырып бойынша аргументтердің суреттелуі/
мазмұндалуы болып табылатындықтан, ол аргументті деп аталады.

1-ТҰЖЫРЫМ:
аргументті эссе деп мазмұны аргументтерді іздеу және қорғау болып
табылатын мәтінді атайды; аргументтер эссенің құрылымын да анықтайды
– әрбір аргумент жеке дара суреттеуді қажет етеді.

Эссенің негізгі бөлімі аргументтеу теориясына негізделіп құрылады.


Нақтырақ айтқанда, аргументтеу теориясы логика саласына жатады және
аргументтеу теориясының өзі пайымдау шындығы дәлелдемесінің тәсілдерін
зерттейді. Аргументті эсседе негізгі бөлім, әсіресе, негізгі бөлімнің мазмұны
логикалық ойлаудың заңдылығын көрсетуі қажет.
Эссенің негізгі бөлімін анықтау үшін, біз, ең алдымен, белгілі бір
түсініктер мен терминдерге тоқталамыз. Оларды білмесек немесе түсінбесек,
бұл тапсырманы орындау жеткілікті түрде қиынға соғатыны белгілі. Эссе
мәтінінде кіріспеден кейін келетін белгілі бір жеке азат жолдар ресми түрде
болады дей алмаймын, бірақ сарапшының баға беруі үшін эссе мәтінінің
талаптарға қатаң түрде сай келуі объективті критерий болып саналады. Одан
бөлек, тек мәтіннің логикалық құрылымының заңдарына ресми түрде бағыну
ғана емес (логикалық көзқарас бойынша тезистен – дәлелдеме арқылы –
тұжырымға/ қорытындыға), сонымен қатар эссе авторының сыни ойлауға
– аргументтерді сыни түрде бағалай білуге икемділігін көрсету қабілеті де
эсседе баға беру критерийі болып табылады.
Эссенің негізгі бөлігін жазуға қажетті логиканың категориялары
көрсетілген 1-суретті қарастырайық. Эссемен жұмыс жасаудағы ең тиімді
-4-
жолдардың бірі сөздіктерді қолдану екеніне эссе авторларының назарын
аудартуды жөн санаймыз: олар түсініксіз терминнің немесе сөздің мағынасын
нақтылауға көмектеседі, яғни, эссе авторының қарама-қарсы ойда қалуын,
дәлсіздікті (ол қателікке және тұтастай эссені төмен деңгейде бағалауға әкеп
соғады) болдырмауға мүмкіндік береді.

1-сурет – Эссе мәтінінде логикалық категорияларды қолдану

Тезис тұжырымдауды қажет етеді, тезис тікелей эссенің тақырыбына


тәуелді болады: эссенің авторы эссенің негізгі тезисін ой елегінен өткізу
және жоспарлау кезеңінде тұжырымдайды (эссе жоспарының немесе
карта-сызбасының құрылуы), ал азат жол мәтінінде ол өзінің көзқарасын
білдіреді. Тезис пайда болуының алдында көбіне мынадай клишелер
қолданылады: Міне сондықтан. Бұны осылай дәлелдеуге болады. Осыны
дәлелдейік. Бұған көз жеткізу өте оңай. Бұны төмендегі жағдайлар түсіндіреді.
Бұл клишелер оқырманға/ сарапшыға мәтіннің келесі бөлігінің
дәлелдеме қатарына жататынын ескертеді. Дәлелдеме ретінде автор
пікірінше тезис шындығын дәлелдейтін пайымдаманы қарастырамыз.
-5-
Тұжырымдар деп нені атаймыз? Сонымен, осылайша секілді қыстырма
сөздер, сондықтан, сол себепті деген сөздер мен сөз тіркестері, Жоғарыда
айтылғандарды қорытындылайық. Қорытындысын шығарайық. Жоғарыда
айтылғандардан шығатын түйін. Тұжырым жасайық... сияқты сөйлемдер
қолданылады.

2-ТҰЖЫРЫМ:
аргументтеу теориясы, оның негізгі түсініктері (тезис, аргумент, дәлелдеме,
тұжырым) маңызды эссе, көбінесе, эссенің негізгі бөлігін жазудың басты
жағдайлары болып табылады.

2. ЭССЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІГІНДЕ


ҚАНДАЙ АРГУМЕНТТЕРДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Сонымен, эссенің негізгі бөлігінде деректерді, шынайы пайымдамаларды,


ғылыми мәліметтерді қолданатын және эссенің не туралы жазылғанына
көз жеткіздіретін пікір болып табылатын дәлелдеме немесе аргументтеу
көрсетілу керектігі белгілі. Біз, әсіресе оның не екенін ойланбастан,
қолданыста осы категорияларға жиі жүгінеміз (шынайы пайымдама немесе
аргумент).

Аргументтің құрылымы:
• тезис (негізгі ой)
• ашып көрсету, берілген идеяны түсіндіру
• дәлелдеме (негіздеме және пайымдама) деректер, дәйексөздер, жеке
тұлғалардың пікірлері, статистикалық деректер негізінде = аргумент
тіректері

Аргументті эсседе аргументтің қандай түрлерін қолданған жөн?


Логикалық аргументтердің айрықша құзыреті, яғни аргумент тіректері
үшін статистикалық мәліметтерді және тарихи деректерді қолдануға
болады деп ойлаймын. Бірақ психологиялық аргументтер орынды болып
табылады, бұл, әсіресе, эссе авторының эмоционалды сенімділігіне қатысты
болып келеді. Осы мәтін категориясы айтарлықтай қарама-қайшы: мәтін
эмоционалды болу керек, бірақ кейде студенттер мен мектеп оқушыларына

-6-
Аргумент түрлері

психологиялық агрументтерді логикалық түрлерімен ауыстыру оңайырақ


болады.
Аргументтер нақты және анық болу керек: эсседе аргументтеудің
болуы эссені бағалаудың, оның нәтижелілігінің негізгі критерийлері болып
табылады. Мәселе, әрине, аргументтердің санында емес, қозғалып отырған
аргумент пен тезис арасындағы тығыз байланыстың болуында. Аргументті
эссенің құрылымы 3 аргументке негізделеді, сондықтан жаңа аргументтерді
енгізу оғаш қате ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мәтінде төмендегідей клишелерді қолдануға болады: Бұны дәлелдеу
үшін мынадай аргумент келтіруге болады... Мен автордың бұл туралы
ұстанымымен келісемін... Мұндай ұстаныммен келіспеу оңай емес... т.с.с.
Аргументті эссе мәтінінің сипатына деген сыншылдық туралы мәселе
басты назар аудартады: мәтіннің пікірталас тудырушылығын көрсете отырып,
мәтінде салыстыру, қарама-қайшылық және сәйкестендіру (салыстыру)
көрініс табу қажет екені анық.

- 7-
3-ТҰЖЫРЫМ:
эсседе аргументтің әр алуан түрлерін қолдануға болады: логикалық,
психологиялық және иллюстративті, алайда логикалық аргументтерді
қолданған орынды болып табылады: бұл дәлелділік ретінде белгілі
болған эссе құру қағидасын бұзбайды.

Біз эссенің негізгі тезисін ойластырып, тұжырымдағаннан кейін (ОСЫ


МӘСЕЛЕ ЖАЙЫНДА МЕН НЕ ОЙЛАЙМЫН?), автор өзі қозғаған ережені
ДӘЛЕЛДЕУГЕ ыңғайлануы керек.

Академик
http://dic.academic.ru/
Дәлелдеме — бұл басқа шынайы және өзіне байланысты пайымдамалардың
көмегімен белгілі бір пайымдаудың шынайылығын негіздеудің логикалық
амалдарының жиынтығы (логика заңы).

Аргументті эссе үшін бұл негізгі бөлімнің толықтай анықталған


құрылымының болуын білдіреді: эссе авторы өзінің тезисін қорғауда 2-3
аргументті немесе 2 аргумент және 1 контраргументті (яғни «қарама-қарсы»
аргумент) қозғайды. Аргументтеудің бәсеңдеу бойынша: күшті аргументтен
әлсізге қарай немесе күшею бойынша:әлсіз аргументтен күштіге қарай
орналасатынын еске түсірейік.
Келесі суретте (2-сурет) мәтінде орындалуы қажет талаптар көрсетілген:
олар ұғым формасына (тұжырым туралы) және мәтін мазмұнына қатысты (бұл
тезиске де, аргументтерге де байланысты).
Бағалау пайымдамаларына нақтырақ тоқталайық. Біздің кез келген
ойымызда (ауызша немесе жазбаша) бағалау, соның ішінде бейтараптық
(бағалау болмаған жағдай) бағалаудың болатыны анық. Алайда эссенің
мәтінінде автордың жеке қарым-қатынасының артық ойларын шамадан тыс
қолданбай қажет.
Бағалау тілде қалай көрінеді? Ең қарапайым тәсілдердің бірі: Маған
ұнайды/ маған ұнамайды және т.с.с. құрылымдарды қолдану. Ұсыныс ретінде
жасырын бағалау сөйлемдерінің мүмкіндігіне авторлардың назарын
аударуға кеңес береміз: жасырын бағалауды қолдану мысалы ретінде
эпитеттерге (образдық анықтамалар) назар аударған жөн. Мысалы, белгілі
бір жағдаят туралы айтқанда, біз оны маңызды, айтарлықтай маңызды,
жағымды, аса жағымды емес, керемет, ғажап, сорақы, перспективті,
-8-
2-сурет – Аргументтеуді қолданудың тілдік ерекшеліктері

қорқынышты және т.б. деп сипаттаймыз. Неғұрлым анығырақ сөз (бұл


жағдайда анықтама/ эпитет) тапсақ, өзімізге айтқымыз келген нәрсені жеткізу
(немесе, керісінше, жасыру) соғұрлым оңай болады.
Алайда бағалау формаларына аса назар аудармаған жөн. Мәтінге өзінің
бағалау пайымдамаларын толтырудың қажеті жоқ (немесе тек Осы дұрыс.
Мен осымен келісемін. Секілді сөйлемдерді қолдану арқылы бағалау). Нақты
автор тапқан аргументтеу тәсілдері дәлелдеме негізін анықтау үшін шешуші
болып табылатындай, автордың орнына оның аргументтері мен деректері
сөйлеу керек.
Негізгі бөлімнің тек жазылған мәтіннің (шамамен 70%) көлемін құраудан
ғана емес, сонымен қатар осы бөлімде эссенің негізгі мазмұны және негізгі
мақсаты сыйдырылғандықтан күрделі болатынын қайталап өтейік: сұраққа
жауап беру, өзінің көзқарасын ұсыну, аргументтер келтіру.
-9-
3. ЭССЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІНДЕГІ
АЗАТ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫМЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Эссенің негізгі бөліміндегі азат жол құрылымы қатаң түрде аргумент


құрылымына бағынады

Негізгі бөлімдегі азат жол құрылымы


Сөйлем Мақсат Қызмет
Дәлелдемеге арналған
Бірінші сөйлем Бірінші аргумент
дереккөз
Екінші сөйлем Өз ұстанымын түсіндіру Аргументтің тірегі
Үшінші сөйлем Деректер келтіру Аргументтің тірегі
Аргумент сыны/
Салыстыру/ негізгі аргументке
Төртінші сөйлем аргументтің мүмкін
қарама-қайшылық
болатын әлсіздігі
Аргументтің берілген оқиғаны
Бесінші сөйлем Болашақтағы әсері
дамытуға арналған әсері

Алдарыңызда «Оқушылардың психологиялық бейімделу тиімділігін қалай


арттыруға болады» тақырыбындағы эссенің бөлігі (негізгі бөлімінің 1-ші азат
жолы) көрсетілген. Эссенің осы бөлімінің жазу техникасын байқау үшін оны
нақтырақ қарастырайық:

Біріншіден, менің пікірімше, негізгі болып саналатын тиімді бейімделудегі


мектептің рөлін атап көрсеткім келеді. Тез әрі тиімді бейімделу үшін
мектеп оқушыларды мектеппен, жалпы жағдайлармен және ережелермен
таныстыратын бейімделу аптасын өткізеді. Менің ойымша, оқушылардың
тиімді бейімделуіне тренинг сабақтар жақсы әсер етуі мүмкін. Негізінен,
оқушылардың уақытын дұрыс жұмсауына көмектесетін өз қызметін
жоспарлауға бағытталған тренингтер – «тайм-менеджмент». Әрқашан
тонуста болуға, сананың ақпаратты дұрыс қабылдауы үшін анық болуына
көмектеседі. Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның тез шаршауының себептерінің
бірі болып табылады. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, адам күн тәртібін
дұрыс құру қажет.

Пікір: Ал азат жол құрылымына келетін болсақ, ол қорғалатын


аргументті ең басында белгілеудің жалпы талаптарына сай болады:

- 10 -
Біріншіден, менің пікірімше негізгі болып саналатын тиімді бейімделудегі
мектептің рөлін атап көрсеткім келеді.

Әрқашан тонуста болуға, сананың ақпаратты дұрыс қабылдауы үшін анық


болуына көмектеседі. Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның тез шаршауының
себептерінің бірі болып табылады. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, адам
күн тәртібін дұрыс құру қажет.

Ол қандай әдеттегі қателік? Мұндай қателікті мәтінде «тақырыпты


ауыстыру» деп атайды: оқушы мектептің рөлі туралы, негізінен,
тренингтерді ұйымдастыру қажеттігі жайлы айтып келіп, соңғы сөйлемде
ұйқының оқушы өміріндегі орнын сипаттайды.
Азат жол мазмұнын құрудағы тиімді әрекет азат жол соңында аралық
тұжырым жасау болып табылады.
Кез келген эссе авторы мазмұнның сәйкестігін тексеру үшін кілт сөздер
әдісін қолдана алады: егер аргумент ретінде мектеп рөлі туралы идея
қозғалған болса, онда тонус, ұйқы, ағза, ақпаратты қабылдау, күн тәртібі
секілді кілт сөздер дәлелдемелік негіз тарапынан тиімді болып қарастырыла
алмайды.

Әрқашан тонуста болуға, сананың ақпаратты дұрыс қабылдауы үшін анық


болуына көмектеседі. Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның тез шаршауының
себептерінің бірі болып табылады. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, адам
күн тәртібін дұрыс құру қажет.

Осылайша, эссенің негізгі бөлімі оны құруға кеткен уақыттың және оның
мәтіндегі маңыздылығының тарапынан айтарлықтай күрделі болып табылады.
Ол тек логика заңдарын білуді ғана емес (логиканы ғылыми тұрғыдан
білу деңгейінде емес, ең болмағанда үстіртін), сонымен қатар логикалық
байланыстарды айқындаудың тілдік тәсілдерін де қажет етеді.
Эссенің авторы ең бастысы сенімді болу қажет: өзі таңдаған аргументтер
мен деректер оқырманды пайымдау логикасының, дәлелдеме стратегиясының
(аргументтер мен деректер) дұрыстығына сендіре алу керек.

- 11 -
4. ЭССЕДЕ ҚАНДАЙ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?

Эссенің мәтіні эссе авторы мәселенің күрделілігін пайымдайтын тек


сөйлемдер жиынтығынан (=автор ойы) ғана тұру қажеттігі туралы пікір
бар. Бұл әдеттегі қателік: аргументті эссені осындай жолмен жазуда мәтін
өзінің басты мақстатын орындамайды: онда оқынманның/ сарапшының
автор пайымдамасының шынайылығын, ұсынылған нұсқалар мен
дәлелдемелердің тиімділігін сынауына мүмкіндік беретін аргументтеу
ұсынылмайды.
Аргументтер тек автор анықтаған идеяны (=ойды) ұстануда әртүрлі
деректер қолданылған жағдайда ғана толықтай сипатталған болып саналуы
мүмкін. Деректерді жинақтау эссенің тақырыбына мүлдем тәуелді болмайды.
Фактілерді пайдалану аргументті эссе жазудың талаптарының бірі
болып отыр. Ол автор ұстанымының дұрыстығына оқырманның немесе
сарапшының көз жеткізуі үшін керек.

- 12 -

You might also like