You are on page 1of 6

Қызылорда қаласы

химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан тарихы
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:


Тақырып: Қазақстанда жастардың дамуына бағытталған іс-шаралардың тиімділігі неде?
(сөз)

Орындаған:
Жетекші:

Қызылорда, 2019
Мазмұны:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Зерттеу сұрақтары. Қазақстандағы жастар саясатына қатысты атқарылып жатқан іс-
шаралар мен олардың маңыздылығы қандай?
2.2 Мемлекеттік деңгейде туындаған жастар мәселелері мен олардың ел дамуына тигізер
ықпалы?
2.3 Жастар мәселелерін шешу жолдары мен болашақта күтілетін өзгерістер?
2.4 Зерттеу әдісі мен қорытындысы
2.5 Бағалау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған ақпараттар тізімі
V. Қосымша
I.Кіріспе

Мемлекеттің жастар күші елдің дамыған және өркениетті формасынының


қалыптасуының алғышарты болатын және қоғамда жаңашылдық пен жаһандық
процесстерінің жүзеге асуына жетелейтін маңызды фактор. Мемлекеттік біртұтастық пен
әлеуметтік-мәдени прогрессті қамтамасыз ету мақсатында билік тарапынан жастардың
рухани, мәдени және кәсіби дамуына қолайлы жағдай ұйымдастыру және жастар
саясатына сай қоғам мүшелерінің құқұқтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау
елдегі маңызды институттардың тұрақты дамуына жетелейтіні сөзсіз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылғым Жастар жылының салтанатты ашылуында
сөйлеген сөзінде “жастар бүгінгі әлем арасында еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі,
мемлекеттің ілгері жылжуы жастардың патриотизмі, күш-қуаты мен қажырына тікелей
байланысты”, деп пікірін білдіру арқылы жастар ахуалының мемлекеттік және қоғамдық
деңгейде жоғары өзектілікке ие мәселе екенін жеткізді[1]. ҚР мемлекеттік жастар
саясатының заңнамасына сай 14-29 жас аралығындағы азаматтар тобынан құралған қоғам
мүшелері білім, еңбек, жұмыспен қамту, кәсіптік және рухани дамуға,баспаналы болуға,
спорт саласында өзін көрсетуге және т.б. көптеген аспектілерде билік тарапынан қолдау
алуға мүмкіндігі бар[2]. Өз кезегінде жүзеге асып жатқан “Бизнестің жол картасы-2020”,
“Жас кәсіпкер”, “Жастар тәжірибесі”, “Серпін”, “Жастар кадрлық резерві” және т.б.
көптеген іс-шаралар легі мемлекеттік дамуға өз тиімді ықпал етуде. Осы тұста,
“Қазақстан-2050” стратегиясында аталған жастарды оқу, білім мен технологиялық дамуға
машықтандыру, оларды жұмыспен қамту және отбасылық құндылықтарға ынталандыру
арқылы жаһандық дамуға үлкен жол ашылуда[3].
Осылайша, курстық жұмыстың басты мақсаты – мемелекетті басқару үлгісінде
маңызды рөль атқаратын жастар қоғамының саяси жүйеде алатын маңызын, мемлекет
тарапынан оларға көрсетіліп жатқан қолдау мен жастар саясатының мәселелерін зерттей
отырып, бәсекеге қабілетті ел қалыптастыру үрдісінде анықталған проблемаларды шешу
жолында тың идеяларды ұсыну.Одан бөлек, жастар ахуалын жақсартуда кедергі болған
факторларды айшықтап, олармен күресу жолын сауалнама арқылы айқындап, жастар даму
процессіне тікелей ықпал ететін Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары О.Құдайбергеновтен сұхбат
алу арқылы соңғы жылда жүзеге асырылған жобалар мен олардың тиімділігі туралы
ақпарат алатын боламын.Зерттеу жұмысының барысында ақпараттарды талдап, сараптама
жасау үшін “Егемен Қазақстан” газетінен алынған мақалалар, ҚР Президентінің ресми
сайты “Akorda.kz”-тен алынған жастар саясаты туралы заңды құжаттар және т.б.
ресурстар мен әдебиеттер қарастырылады.Зерттеу бар келесі зерттеу сұрақтарының
төңірегінде талдау жүргізіледі:
✔ Қазақстандағы жастар саясатына қатысты атқарылып жатқан іс-шаралар мен
олардың маңыздылығы қандай?
✔ Мемлекеттік деңгейде туындаған жастар мәселелері мен олардың ел дамуына
тигізер ықпалы?
✔ Жастар мәселелерін шешу жолдары мен болашақта күтілетін өзгерістер?
Зерттеу жұмысының нәтижесінде сандық және сапалық зерттеу әдістері сұхбат пен
сауалнамаға анализ жасалып, жастар саясатының рухани,мәдени және кәсіби тиімділігі
туралы қорытынды жасалады.Жастарды баспанамен қамту, жоғары білім сапасын
арттыру, медициналық қолдау, орта буын болмысындағы патриоттық сезімді арттыру
және де басқа өзекті мәселелердің шешу жолын ұсынылып,болашақ зерттеушілерге
пайдалы болатын зерттеу жұмысы жүргізілмек.
II. Негізгі бөлім
2.1 Зерттеу сұрақтары.
Қазақстандағы жастар саясатына қатысты атқарылып жатқан іс-шаралар мен олардың
маңыздылығы қандай?
Мемлекеттік дамудың тірегі болған жастар қауымына билік тарапынан үлкен үміт
артылып, түрлі іс-шаралар мен тың жобалар атқару арқылы қолдау көрсетілуде. Кемел
келешектің тікелей инвестициясына айналған жастар үшін қолға алынған жобаларға шолу
жасау үшін негізгі жоғары білім және жұмыспен қамту салалары таңдалды. Біріншіден,
білім беру және ЖОО саласы бойынша адами капитал дамуының бастамасы болған
“Болашақ” бағдарламасының арқасында бүгінде 69 мамандық бойынша 555 шәкіртақымен
білімге құштар жастарымыз шетелде магистр және доктор дәрежесінде тәжірибе алмасуға
мүмкіндік алуда. Жастарға білім алуға мүмкіндік берген бұл жоба аясында өскелең ұрпақ
Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінде тегін оқып жатыр[4].
Сондай-ақ, ағымдағы жылда шәкіртақы саны көбейді, бакалавриат үшін 20%, ал
магистратура мен доктарантура үшін 15% ға арттып, студенттерге оқу үшін қолайлы
жағдай ұйымдастырылуда[5]. Екіншіден, елімізде білікті кадрлар мен кәсіби мамандар
даярлау үшін 2017 жылы ҚР үкіметінің ұсынуымен “2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту” ұлттық жобасы күшіне еніп, орта және шағын бизнес ашуға
мүмкіндіктер көбеюде. Жоба аясында жаңадан 995,3 мың тұрақты және уақытша жұмыс
орындарын құрып, 1,7 млн адамды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру
жоспарланған[6]. Одан бөлек, “Еңбек” жобасы аясында 2020 жылы 283 мың қатысушы
жанның 217,6 мыңы жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп, еңбек ресурстарының
ұтқырлығын көтеру үшін жұмыс күші көп оңтүстік аймақтан 853 отбасы өзге мекендерге
қоныс аударды[7]. Аталған жобалардан бөлек жұмыспен қамту әрекеттері бойынша
көптеген “Жұмыспен қамтудың жол картасы”, “Жастар тәжірибесі”, “Бизнес бастау”,
“Бизнестің жол картасы”, “Даму” және “Атамекен” қорларынан қолдау сияқты
белсенділік танытылуда. Мемлекет тарапынан жастар саясатына сәйкес жоғары білім
ұсыну мен жұмыспен қамту тақырыптары аясында атқарған белсенділігіне жоғары баға
беруге болады. Аталмыш екі аспекті бойынша үкіметіміз тиісті шаралар мен жобаларды
атқарып, мемлекеттік дамуға қол жеткізуге тырысуда.

2.2 Мемлекеттік деңгейде туындаған жастар мәселелері мен олардың ел дамуына тигізер
ықпалы?
Жастарымыз мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны дамыту
барысында біршама қиындықтармен күресуде. Мәселен, баспанамен қамтамасыз ету
мәселесі туралы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдолдың айтуы бойынша, көпбалалы отбасылар,
мүгедектер, жетім балалар мен аз қамтылған азаматтарды қамтитын 621 мың жан
мемлекеттік баспана кезегінде тұр[8]. Келесі кезекте, жастардың денсаулық сапасын
арттыру және салауатты өмір салтына баулу мәселесі орын алады. Қазіргі статистикаға
сәйкес, еліміз денсаулық сақтау жүйесі бойынша 95 ел арасынан 58-орынға жайғасқан
және мемлекеттің әрбір 100 мың тұрғынына 21 фармацевт, 323 дәрігер және 10 тіс
дәрігерінен келеді. Меніңше, бұл деректер 19 млн халқы бар және демографиясы үдемелі
түрде дамып жатқан Қазақстан үшін жеткіліксіз болмақ[9]. Аталған маңызды екі
мәселеден бөлек 2022-2023 оқу жылында өзектілігі арта түскен, студенттердің жатақхана
жеткіліксіздігі қоғам назарында болған проблема көзіне айналды. Дәлірек, Ғылым және
жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ақпаратына сай, 89 мың студент жатақхана
жеткіліксіздігінен зардап шегіп, мегаполистерде орналасқан ЖОО да студенттер үшін
қолайлы жағдай жасалмаған[10]. Сонымен қатар, мемлекет емес жастар тарапынан
туындаған мәселелер легіне сай, қазақ тілі ахуалының құлдырауы, толеранттылыққа
үйрену, мәдени алуантүрлілікке үйрену, экологиялық мәселелерде белсенділік таныту
сияқты кемшіліктерін атап айтуға болады. Мысалы, ғаламтор желісіндегі толықтау қазақ
тіліндегі ақпараттардан тұратын сайттар жалпы қазақ халқы қолданатын сайттардың тек
12%-ын ғана құрайды[11]. Демек, ақпарат алмасу мен ресурстардың басты көзі болған
ғаламтор беттерінде қазақ тілі үлесінің аз болуы ана тіліміздің мәртебесіне теріс әсер етуі
мүмкін. Осы секілді аталған мәселелерден бөлек біршама жастар қауымына қатысты
өзекті мәселелер легі күн санап артуда. Бұл әлеуметтік мәселелер өз шешімін таппаса,
еліміздегі өмір сүру сапасы әлсіреп, адами капитал дамуы тежеліп, Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілігі жоғала бастайды.

2.3 Жастар мәселелерін шешу жолдары мен болашақта күтілетін өзгерістер?


Атап өтілген проблемалар қатарынан баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу
барысында мемлекет тарапынан «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Әскери баспана»
сияқты бағдарламалар қолға алынған. Осы тұста, Президентіміз Қ.Тоқаев «Сындарлы
қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан
халқына арнаған жолдауында алдағы 3 жыл ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған мұқтаж
отбасылардың баспана мәселелерін шешу, арнайы тұрғын үй саясатын әзерлеу және
қаржылай мүмкіндігі аз азаматтарға әлеуметтік жалға алу бағдаоламасын жасақтауды
тапсырған еді[8]. Тапсырманы толықтау орындау барысында жүзеге асырылып жатқан
жобалар бойынша, “Бақытты отбасы” бағдарламасы отбасының күнкөріс деңгейі 2 еселік
шамадан, ал “ЖАО несиеге беретін тұрғын үй” шарасы бұл деңгей 3,1 еселік шамадан
аспайтын тұрғын үй кезегіндегі жандар үшін қолжетімді болмақ. Осы тұста болашақта
күтілетін нәтиже бойынша, 2030 жылы 1 адамға 30 шаршы метр тұрғын үй үлесі
келетіндей нәтиже үшін мемлекет бюджетінен 6 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінсе, 552
мың тұрғынды баспанамен қамтуға мүмкіндік туындайды. Келесі маңызды аспекті ретінде
жастардың денсаулық жағдайын жақсарту және салауатты өмір салтына бейімдеу
маңыздылығы туындауда. Ең алғаш әрекет ретінде Үкімет тарапынан медицина саласын
дамыту, кәсіби медицина мамандарының санын арттыру, құрал-жабдықтар мен
техникалық бағытта үлкен трансформацияны қажет етеді. Бұл мәселе туралы Елбасымыз
“Қазақстан-2050” стратегиясы аясында “спорт және дене шынықтыру мемлекеттің басты
назарында болуы керек, себебі салауатты өмір салты ұлт денсаулығына апарар жол” деп
пікір білдіру арқылы, жастарды спорт және дұрыс тамақтануға үндеген болатын.
Халқымызды спорт және денен шынықтырумен қызықтыру жүйелі орын алып, 2021 жылы
6,5 млн адам дене шынықтырумен айналысып, жалпы халқымыздың 34,28%-ын құраған.
Бұл сандық көрсеткіш келешекте тұрақты өсуін жалғастырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеп,
ұлт денсаулығын дамытуға жағдай жасайды деп күтілуде. Талдай келе, жастар саясатында
туындаған мәселелер сатылап өз шешімін тауып жатыр. Жуық арада мемлекет тарапынан
көрсетіліп жатқан қолдау өз тиімділігін арттыру арқылы Қазақстандағы мықты жастар
күшін қалыптастырып, адами капиталдың және елдегі өмір сүру сапасының жақсаруымен
қатар, басты мақсат әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елінің қатарына кіруге бір
табан жақындай түсуге мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Назарбаев.(2019).Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген
сөзі.Егемен Қазақстан газеті https://egemen.kz/article/180950-elbasynynh-zhastar-
dgylynynh-saltanatty-ashyluynda-soylegen-sozi
2. Н.Назарбаев.(1999).Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының
тұжырымдамасы туралы.Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/N990000073_/info
3. Н.Назарбаев.(2012).«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты.Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы. https://primeminister.kz/assets/media/azastan-2050-
strategiyasy.pdf
4. А.Мамин.(2017).2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жобаны бекіту туралы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000728
5. ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.(2020).Кадрлар даярлау,
кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру —
Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
https://primeminister.kz/kz/news/reviews/kadrlar-dayarlau-kasipkerlik-negizderine-
okytu-auylda-shagyn-nesielendirudi-arttyru-kazakstanda-enbek-bagdarlamasy-kalay-
iske-asyryluda-23623
6. М.Жиембай.(2019).«Болашақ» бағдарламасы - Қазақстанның бренді
https://www.inform.kz/kz/bolashak-bagdarlamasy-kazakstannyn-brendi_a3590562
7. А.Тарина.(2022).Бакалавриат стипендиясы 20% өсті
https://kaz.zakon.kz/6012166-bakalavriat-stipendiiasy-20-osti.html
8. Informburo.(2022).Қазақстанда қанша адам баспана кезегінде тұр?
https://informburo.kz/kaz/newskaz/khazakhstanda-khansha-adam-baspana-kezeginde-tur
9. М.Жиембай.(2022).Медицина сапасына қатысты әлемдік рейтингте Қазақстан
нешінші орында тұр
https://www.inform.kz/kz/medicina-sapasyna-katysty-alemdik-reytingte-kazakstan-
neshinshi-orynda-tur_a3914574
10. А.Шотбайқызы.(2022).Жатақхана зәрулігі: Студенттер білім емес, тұратын жер
іздеп жүрhttps://egemen.kz/article/322696-zhataqkhana-zaruligi-studentter-bilim-emes-
turatyn-dger-izdep-dgur
11. Б.Аманов.(2011).Ғаламторда қазақ тілін қалай дамытамыз?
https://anatili.kazgazeta.kz/news/7070
12. ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.(2019).Қазақстанда қолжетімді
баспананы қалай алуға болады: «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Әскери
баспана»
https://www.primeminister.kz/kz/news/reviews/k-azak-standa-k-olzhetimdi-baspanany-k-
alay-alug-a-bolady-7-20-25-bak-ytty-otbasy-zh-ne-skeri-baspana

You might also like