You are on page 1of 21

Қазақстан тарихы.

І- нұсқа
1. Ерте темір шаруашылықта болған өзгерістер:
А.Теселі-кетпенді шаруашылық дамыды
В.Ірі қалалар дамыды
С.Сауда күшейді
D.Көшпелі мал шаруашылық дамыды
Е.Тайпаарлық соғыстар жиіледі
2. Қола дәуірінің Орал тауының шығысынан Ертіс өңіріне дейінгі аралықты қамтитын мәдиниет:
А.Беғазы-Дәндібай
В.Нұра
С.федоров
D.Атасу
Е.алакөл
3. Әскери демократия заманынында сарматтарда ішкі,сыртқы мәселелерді шешкен топ өкілдері:
А)Әскербасылар
В)Жасақтар
С)Тайпа көсемдері
Д)Ру ақсақалдары
Е)Абыздар
4. Үйсіндерде саз балшықтан ыдыс жасаумен айналысқан:
A) тұтқындар
B) әйелдер
C) арнайы шеберлер
D) ерлер
E) басқа ел адамдары
5. Ғұн мемлекетінде ақсақалдар кеңесі жылына шақырылды:
A) 3 рет
B) 2 рет
C) 4 рет
D) 6 рет
E) 1 рет
6. .”Жу патшасының тарихы” шығармасында қаңлылар туралы жазылған мәлімет:
A)Қытаймен соғысын
B)Көшпелілердің өмірі мен тұрмысын
C)Көптеген елдермен сауда байланысын
D)Мемлекеттің құрылған уақытын
E)билеушілер тарихын
7. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі:
А) Тебінді жайылым қалыптасты
В) Өндіруші шаруашылық пайда болды
С) Жер бетін мұздық басты
D) Мыстан жасалған еңбек құралдары шықты
Е) Адамдар тобыры рулық қауымға айналды
8. Б.з.б. 3000-1800 жж.; б.з.б. 2 мың жыл - бзб VIII ғ б.з.б. ; 2,6 млн. жыл – 3 мың жыл; мерзімдерін
ретпен дәуірлерге сәйкестендіріңіз:
   А) Олдувей, Ашель, Мустье
    В) Тас, Қола, Темір
    С) Қола, Энеолит, Темір
    Д) Энолит, Қола, Тас
    Е) Мезолит, Қола, Палеолит
9. Жетісу мен Сырдарияның орта ағысында тұратын шошақ бөрікті сақтарды парсылар атады:
    А) Хаумаваргалар
    В)Иссендондар
    С)Тиграхаудалар
    Д) Аримаспылар
    Е) Парадарайалар
10. Герадоттың жазуынша савроматтардың тіліне жақын тіл:
А) Араб
В) Қытай
С) Парсы
D) Скиф
Е) Түрік
11. Қола дәуірінде мал көшпелілердің меншігінде, ал жер :
А)жеке адамдардың меншігінде
В) Көсемдердің меншігінде
С) Абыздардың меншігінде
Д) Отбасының меншігінде
Е) Қауымның меншігінде
12. Саналы адам алғаш меңгерді :
А) Егін егуді
В) Қыш ыдыс жасауды
С)Көшпелі мал шаруашылығымен айналысуды
Д) Металл өңдеуді
Е) Анық сөйлеуді
13.Алғашқы қауым суретшілері сурет салуда пайдаланды :
А) Жануардың терісін
В) Құстың қауырсынын
С) Сүйекті
Д) Ағаш көмірін
Е) Қамыс қаламды
14. Қазақстанды мекендеген тайпаларда моңғолоидтық белгілердің дами бастауына әсер еткен фактор :
А) Үйсіндердің келуі
в) қаңлылардың келуі
с)ғұндардың келуі
д)қыпшақтардың келуі
Е) түргештердің келуі
15. Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы қамтитын аралық:
А)б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар
В) б.з.б.20-15 мыңжылдықтар
С) б.з.б. 15-10 мыңжылдықтар
Д) б.з.б. 30-25 мыңжылдықтар
Е) б.з.б. 10-5 мыңжылдықтар
16.Ғұн тайпаларының Талас өзенінің шығыс жағына көшіп-қонуға мүмкіндік берген тайпа:
А)Сақатр
В) Үйсіндер
С) Аландар
Д) Сарматтар
Е) Қаңлылар
17. Қарағанды облысынан табылған тас дәуіріне тән қыш ыдыстарды бейнеленген өрнек:
А) Аңдық
В) Табиғат бейнесі
С) Полихромдық
Д) Зерлеу
Е) Геометриялық
18. Қоныстарды хронологиялық ретімен орналастырыңыз: 1)Сексеуіл 2)Шебір 3)Берел 4) Бөріқазған
5)Шағалалы
A) 4.5.2.1.3.
B) 4.1.2.5.3.
C) 3.2.1.4.5
D) 4.5.2.1.3
E) 5.4.3.2.1.
19. “Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады” деп
баяндаған грек авторы:
A) Ктесий
B) Полибий
C) Полиэн
D) Помпей Трог
E) Страбон

20. Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді. Соғыстың екі тәсілін жетік меңгерген. Найза,
қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзге тигізетін мерген келеді.
Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған; баскиімдері мен белдіктері, ер-
тұрмандары алтынмен әшекейленген. Сонымен қатар олар аттардың сауытын да мыстан жасайды.
Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, ал алтын мен мыс
керісінше өте көп.
Олар егін екпейді,үй малдарын және өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.
Құдайлардың арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбандыққа шалады. Бұл құрбандықтың
мәні: «құдайлардың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы» дегенге саяды.
Мәтінде сипатталатын тайпа-(лар)
A) тиграхауд
B) массагет
C) сармат
D) үйсін
E) дай
Қазақстан тарихы. ІІ- нұсқа
1. Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған антрополог ғалым:
A) Қ.Ақышев
B) Қадырбаев
C) Массон
D) В.Алексеев
E) Алпысбаев
2. Үйсіндедің ордасы Қызыл Аңғар орналасқан жер:
А.Жоңғар ойпаты
В.Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы
С.Шу мен Кеген өзендедерінің аралығы
D.Алакөл жағалауы
Е.Түркістанның маңы
3. Сармат қоғамының сипатын анықтаңыз
A) Монархиялық
B) Рулық
C) Әскери-аристократиялық
D)Алғашқы қауымдық
E)Әскери демократиялық
4. Үйсіндер «егіншілікпен де,бау-бақша өсірумен деайналыспайды,тек оты мол суы мол,жерлерге мал-
жанымен бірге көшеді де жүреді»
А)Арабтардың деректерінде
В) Үнділердің деректерінде
С)Гректердің деректерінде
Д)Парсылардың деректерінде
Е)Қытайдың деректерінде
5. Қойма бөлмелерінде тары, күріш, бидай, арпа, асбұршақ сақталған қаңлы қаласы:
    А)пұшық- Мардан
    В)Қостөбе   
С) Көк- Мардан
    Д)Мардан- Күйік
    Е) Алтынасар
6.Бөріқазған және Тәңірқазған тұрақтарының ерекшелігі:
A)80 мың жылқы сүйегі табылған
B)Еңбек құралдары Африкадан табылған құралдармен ұқсас
C)Ең көне неолиттік тұрақ
D)Бірнеше рет қоныстанған,бес қорымы бар
E)Үңгір қабырғасына ойма суреттер бейнеленген
7. Қаңлы елі бес иелікке бөлініп, оларды басқарғандар:
A) Тайпа көсемдері
B) Ру ақсақалдары
C) Түменбасылар
D) Бектер
E) Кіші хандар
8. Шығыс Қазақстанда ( Катонқарағай ауданы) табылған сақ қорғаны:
А) Усть-Нарым
В) Бесшатыр
С) Берел
D) Көк-Мардан
Е) Есік
9.Ежелгі қаңлыларда металл өңдеудің ірі орталығы болған қала:
А) Қаялық
В) Битянь
С) Құлата
D) Құмкент
Е) Құйрықтөбе
10.Страбонның еңбегінде Каспий теңізінен бастап скифтердің атауы:
А) Дайлар
В) Аримаспылар
С) Хаумаваргалар
D) Турлар
Е) Аргиппейлер
11. Солтүстік Қазақстандағы неолит дәуірінің тұрағы:
А) Пеньки
В) Усть-Нарым
С) Зеленая Балка
D) Арыстанды
Е) Беғазы
12. Савроматтардың Сынтас қорымында жерленген:
А) Тайпа көсемі
В) Абыз әйелдер
С) Абыз еркек
D) Екі жауынгер әйел
Е) Үш жауынгер
13. Б.з V ғ. ортасында ғұн патшасы Аттила Паннония мен Мезияны басып алып:
А) Франция жеріне өтті
В) Англия жеріне өтті
С) Солтүстік Африкаға өтті
D) Грекия жеріне өтті
Е) Венгрия жеріне өтті
14. Сумен жабдықтаудың жаңа әдісі – құдық қазу ойлап табылды:
A) Орта палеолитте
B) Кейінгі палеолитте
C) Энеолитте
D) Қола дәуірінде
E) Ерте палеолитте
15. Ерте палеолиттің ашель кезеңі қамтыды:
A) Б.з.б. 140-40 мың жылды
B) Б.з.б. 2 млн.600-40 мың жылды
C) Б.з.б. 2 млн.600-800 мың жылды
D) Б.з.б. 2 млн.600-12 мың жылды
E) Б.з.б. 800-140 мың жылды
16. Қаратау үңгірінен табылған жуан емес ағашты кесетін еңбек құралы:
A) Екі жағынан қырланған құрал
B) Сүйектен жасалған сүңгі
C) Жіп байланған тас құрал
D) Ирек ара секілді, жүзі өткір құрал
E) Бір жағынан қырланған құрал
17. Сақ-парадарайалардың оңтүстігінде қоныстанған сақтар:
A) Сақ-тиграхаудалар
B) Массагеттер
C) Сақ-хаумаваргалар
D) Дайлар
E) Турлар
18. Ғұн мемлекетіне қатысты оқиғаларды хронологиялық ретімен қойыңыз:1) Ғұндардың Лю-Банды
жеңуі. 2)Каталаун шайқасы 3)Прийскінің Аттила сарайында болуы 4) Аттиланың туған жылы
A)2.4.1.3
B)4.3.1.2
C)3.4.1.2
D)2.1.3.1
E)1.4.3.2
19. Сақ жорықтарынан сескенген халықтардың кентаврлар туралы аңыз таратқан жерлері:
A) Алдыңғы Азия, Қара теңіз
B) Еуропа, Орта Азия
C) Кіші Азия, Еуропада
D) Оңтүстік Азия, Қара теңіз
E) Жерорта теңізі, Африка
20.Мәтінде сипатталған тарихи кезеңді анықтаңыз: «Алғашқы сал,қайық пен ескек түрлері
жасалынды,аңшылықта қолға үйретілген ит адамдарға көмегін тигізді. Жекелеген аңшылар қауымға
иәуелді болмай, өздігінен аң аулауға шыға бастады. Күннің жылына түсуі терімшіліктің маңызын
арттыра түсті»
A) Палеолит
B) Мезолит
C) Неолит
D) Энеолит
E) Қола
Қазақстан тарихы. 6-сынып, ІІІ-нұсқа.
1. Адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған ежелгі тас дәуірі?
А) Палеолит
В) Неолит
С) Қола
Д) Энеолит
Е) Мезолит
2.Ерте темір дәуірінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында дамыған шаруашылық саласы?
А) Таза көшпелі шаруашылық
В) Жартылй көшпелі мал шаруашылығы
С) Көшпелі жылқы шаруашылығы
Д) Сауда
Е) Отырықшы шаруашылық
3.«Күміс олардың елінде болмайды, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі» деп сақтар туралы жазған грек
тарихшысы:
A) Ктсеий
B) Диодор
C) Страбон
D) Прийск
E) Полиэн
4. Қаңлылардың бақылауында болған Ұлы Жібек жолының бағыттары:
A) Монголия және Шығыс Түркістанға баратын
B) Парсы шығанағына баратын
C) Иран және Жерорта теңізіне баратын
D) Үндістан мен Жерорта теңізіне баратын
E) Кавказ бен Қара теңізге баратын
5. Ежелгі Қазақстан жерінде қолайлы климат орнаған мерзім:
А) Темір дәуірі
В) қола дәуірі
С) Мезолит
D) Энеолит
Е) Палеолит
6.Еуропаны Римдіктердің үстемдігінен азат етті:
A) Ғұндар
B) Сарматтар
C) Парсылар
D) Массагеттер
Е) Сақтар
7.А.Македонскийдің сақтарға шабуылы туралы жазған грек тарихшысы:
A) Ктесий
B Помпей Трог
C) Геродот
D) Ксеркс
Е) Арриан
8.Алтын бесжұлдыз табылған сақ обасы:
A) Аралтөбе
B) Шілікті
C) Есік
D) Бесшатыр
Е) Берел
9.Казақстан аумағында алғашқы адамдар пайда болган кезен:
A) Энеолит
B) Неолит
C) Ерте палеолит
D) Кейінгі темір дәуірі
Е) Мезолит
10. Грек авторы Ктесийдін жазбаларында:
A) Сақ әйелдерінің ержүректігі айтылады
B) Массагеттер туралы баяндалады
C) Томирис туралы деректер кездеседі
D) Сақтар мен Кир согысы айтылады
Е) Сақтардың шаруашылығы баяндалады
11. «Скифтер өздерін және аттарын берік сауытпен муқият қорғаған» деп суреттеп жазған тарихшы:
A)Вергилий
B)Диодор
C)Помпей Трог
D) Прииск
Е) Арриан
12.Аумағында 200-ден асқан сақ дәуірінің обалары орналасқан Шығыс Қазақстандғгы аудан:
A) Зайсан
B) Күршім
C) Бесқарағай
D) Марқакөл
Е) Ұлан
13.Өте ерте заманғы жерлеу ғұрпында қанның жанмен байланысты екенін білдіретін сенім:
А) анимизм
В) тотемизм
С) жұлдызға табыну
Д) тәңірлік
Е) күнге табыну
14. Киіз үй қабырғасының атауы:
A) уық
B) шаңырақ
C) кереге
D) бақан
Е) туырлық
15. Тас дәуірінде үңгірді мекен еткен алғашқы адамдар төсеніш ретінде пайдаланды:
А) Аң терісін
В) Ағаш жаңқаларын
С) Киізді
Д) Тақтайды
Е) Мал терісін
16.Үйсіндер мата тоқу үшін қолданған қарапайым құрал:
А) Ұршық
В) Бәдіз
С) Біз
Д) Кендір
Е )Керме
17.Сақ мәдениті тараған дәуір:
A)Темір
B)Неолит
C)Қола
D)Энеолит
E)Палеолит
18.Қоныстарды хронологиялық ретімен орналастырыңыз: 1)Алексеевка 2)Батпақ 3)Пеньки 4)Шебір
5)Кеңөткел
А)1.3.4.5.2
В)4.2.3.4.1
С)2.3.4.1.5
Д)2.4.1.5.3
Е)3.2.5.1.4

19.Бір қабат өнделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу әдісі:
A)Егеу әдісі
B)Қайрау әдісі
C)Кесу әдісі
D)Ретушь әдісі
E)Қашау әдісі
20.Мәтінде сипатталған тарихи үрдісті анықтаңыз «.......адамзат қоғамының даму қарқыны
артты.Адамдар жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен
кәсібі және тоқымашылықпен айналыса бастады»
А)Палеолит
В)Мезолит
С)Неолит
Д)Энеолит
Е)Қола
Қазақстан тарихы. 6-сынып, 4-нұсқа.

1.Темір дәуірінде Шығыс Қазақстан,Алтай мен Тянь Шань тауларында,Жетісудің таулы аймақтарында
дамыған сала:
А) Таза көшпелі шаруашылық
В) жартылай көшпелі мал шаруашылығы
С) Отырықшы егін шаруашылығы
Д) Теселі егіншілік
Е) Отырықшы мал шаруашылығы
2.Қаңлылар жерінен табылған көгілдір фаянстан жасалған ірі моншактар осы жерден әкелінген:
A) Сирия
B) Қытай
C) Иран
D) Балтық бойы
Е) Үндістан
3.Ерте темір дәірінде арнаулы рулық зираттар орналасқан жер:
A)Қыстау маңы
B)Жайлау
C)Күзек маңы
D)Өзен жағалауы
E)Тау үңгірлері
4. Темір дәуірінде тәлімді егіншілік түрі басым болды:
A) Үйсіндерде
B) Дайларда
C) Қаңлыларда
D) Гирканилерде
E) Исседондарда
5.Ағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі
А)Тайпалық
В)Рулық
С)Тері илеушілер
D)Өндірістік ұжым
Е)Малшылар қауымдастығы
6.Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жиналық;
A)Мінуді ойлап тапты
B)Ет,сүтін пайдалану
C)Үзеңгі мен ауыздықты ойлап табу
D)Терісін пайдалану
E)Көлік ретінде пайдалану
7.Мүлік теңсіздігі түпкілікті орнаған дәуір:
A) Палеолит
B) Мезолит
C) Энеолит
D) Қола
E) Темір
8. Қаңлыларға жататын өлген адамды киімімен жерлеу аймағы:
A) Отырар мәдениеті
B) Қаратау мәдениеті
C) Қауыншы мәдениеті
D) Қуаңдария мәдениеті
E) Жетіасар мәдениеті
9.Үйсіндердің сұйық тағамға арналған негізгі ыдыстары:
A) саздан жасалды
B) ағаштан жасалды
C) қыштан жасалды
D) әр түрлі заттардан жасалды
E) былғарыдан жасалды
10.Іле өзенінің оң жағалауындағы сақ қорымы:
A) Бесоба
B) Берел
C) Шілікті
D) Бесшатыр
E) Есік
11.Ежелгі егіншілердің жер жырту құралы:
А)Қайла
В)Тесе
С)Орақ
D)Дән үккіш
Е)Шапқы
12.Неолит дәуірінің ең үлкен жаңалығының бірі:
А)Қыш құмыра жасауды үйрену
В)Егіншіліктің пайда бола бастауы
С)Аңшылықтың жедел дамуы
D)Қаланың пайда болуы
Е) Малды қолға үйрету
13.Қаңлыларда металл өңдеудің ірі орталығы болған ежелгі қала:
А)Шірік-Рабат
В)Көк-Мардан
С)Құлаты
D)Қйлық
Е)Қостөбе
14.Ертедегі үйсіндердің құрбандықтары арналды:
А)Өлген адамға
В)Аруақтарға
С)Тәңірге
D)Аллаға
Е)Жаратушы күшке
15.Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан аймақ:
А)Солтүстік Қазақстан облысы
В)Орталық Қазақстан облысы
С)Қостанай облысы
D)Қызылорла облысы
Е)Ертіс өңірі
16.Қаңлы мемлекетінің солтүстік-батысындағы көршісі
А)Ғұн
В)Сармат
С)Қытай
D)Парсы
Е)Үйсін
17.Сақ жауынгері Шырақтың ерлігі туралы жазды
А)Геродот
В)Страбон
С)Полиэн
D)Арриан
Е)Помпей Трог
18. Мәтінде сипатталған археологиялық мәдениеттің орналасқан аумағын табыңыз: «Осы мәдениетке
жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің
жетілгендігімен ерекшелінеді.Әдетте, үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып,
ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған»:
А)Сарыарқа
В)Оңтүстік Қазақстан
С)Шығыс Қазақстан
D)Орталық Қазақстан
Е)Жетісу
19.Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығын дәлелдейтін:
А)Жазба деректер
В)Халық аңыздары
С)Тастағы жазулар
D)Грек жылнамалары
Е)Археологиялық ескерткіштер
20.Мәтінде сипатталған тайпаны анықтаңыз: «Шаньюдың сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол
елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып,азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды»
А)Қаңлы
В)Үйсін
С)Ғұн
Д)Сармат
Е)Қимақ
Орта ғасырлар және ежелгі дүние тарихы. І-нұсқа.
1.Жер бетінде 40-30 мың жыл бұрын өмір сүрген адам:
А)Епті адам
В)Саналы адам
С)Синантроп
D)Тік жүретін адам
Е)Питекантроп
2. Тараз қаласынан «Түргеш қағанының теңгесі» деген қандай жазумен жазған теңгелер табылды:
А)Қытай
В)Араб
С)Татар
D)Соғды
Е)Түрік
3.Зайсан ауданы жерінде патша қорғандарының ең көп шоғырланған жері:
А)Аралтөбе ескерткіші
В)Бесшатыр ескерткіштері
С)Берел ескерткіштері
D)Тарбағатай ескерткіштері
Е)Шілікті ескерткіштері
4. Жәңгір хан майданда қаза тапқан жыл:
А)1652 жыл В)1650 жыл С)1655 жыл D)1653 жыл Е)1680 жыл
5.XI-XII ғасырларға жататын шығыс моншасы табылған қала:
А)Талғар
В)Отырар
С)Суяб
D)Құлан
Е)Сығанақ
6.Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, әскери дайындықпен көмілген қорған:
А)Шірік Рабат
В)Шілікті
С)Үлкен Берел
D)Есік
Е)Аралтөбе
7.Қарахандықтар мемлекетіндегі Батыс хандықтың астанасы:
А)Сығанақ
В)Ташкент
С)Түркістан
D)Бұқар
Е)Самарқан
8. Әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым:
A) Археология
B) Этнография
C) Антропонимика
D) Ономастика
E) Этониика
9. Батыс Түрік қағанатының негізін құраған тайпалардың бірі:
A) Нушеби
B) Байандур
C) Эймур
D) Ажлар
E) Ланиқаз
10. Шебір тұрағы жататын дәуір:
A) Мустье
B) Темір дәуірі
C) Мезолит
D) Неолит
E) Энеолит
11. Қытайдың "Таньшу" әулетінің хроникасында аталған қарлұқ тайпалары:
A) Бұлақ, жікіл, ташлық
B) Қайлар, оғыздар, ланиқаз
C) Тухси, байандур, имур
D) Жікіл, күңгіт
E) Имур, татар
12. Қазақстан аумағындағы палеолит тұрақтары:
A) Шебір, Усть-Нарым
B) Зеленая Балка, Сексеуіл
C) Пеньки, Шебір
D) Ботай, Зеленая Балка
E) Шақпақата, Бөріқазған
13. 682 жылы Шығыс түріктердің өз мемлекетін қалпына келтіруге мүмкіндік берген жағдай:
A) Жужандарды талқандауы
B) Жетісу жеріне көшіп келуі
C) Түргештермен құдандылық арқылы келісімге келуі
D) Қытайға қарсы соғысуы
E) Арабтармен одақтасуы
14. "Аң стилі" өнерінің негізі осы сеніммен байланысты:
A) Тенгризм
B) Анимизм
C) Тотемизм
D) Шаманизм
E) Фетешизм
15. Жетісу жерінде орналасқан ортағасырлық қала:
A) Имақия
B) Сығанақ
C) Сауран
D) Сарайшық
E) Баласағұн
16. Ұлы Жібек жолы тұрақты дипломатиялық және сауда жүйесі ретінде қызмет ете бастады:
A) Б.з.б II ғасырда
B) Б.з.б III ғасырда
C) Б.з.б. IV ғ. ортасында
D) Б.з.б V ғасырда
E) Б.з.б I ғ. ортасында
17. Батпақ шайқасын басқарған Моғолстан ханы:
A) Абылай
B) Тәуекел
C) Ж.Молдығалиев
D) Ілияс-қожа
E) Есім хан
18. Үгедей мен Шағатай бастаған түмендер қоршауға алған қала:
A) Самарқан
B) Бұқара
C) Үзкент
D) Үргеніш
E) Отырар
19. мәтінде сипатталған еңбектің авторын анықтаңыз:
"Түркі дәуірінен бастап, Шыңғыстың ұрпақтарының тарихын баяндайды. Одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан,
Таяу Шығыс елдерінде болған ірі тарихи оқиғаларды қамтыған:
A) Рашид ад-Дин
B) Махмуд Қашғари
C) Әбілғазы Баһадур
D) М.Х. Дулати
E) Жүсіп Баласағұни
20. Ерте темір дәуірінде мал басынан көбеюіне байланысты қалыптасқан:
A) Көшпелі мал шаруашылығы
B) Егіншілік
C) Сауда-саттық
D) Отырықшы мал шаруашылығы
E) Отырықшылық
21. Үйсіндер астанасы ретінде аталатын қала:
A) Шірік-Рабат
B) Баланды
C) Қойлық
D) Қызыл Аңғар
E) Талғар
22. Темір дәуірінің бөліну кезеңі
A) 3-ке B) 4-ке C) 2-ке D) бөлінбейді E) 5-ке
23. Жетісу жеріндегі ежелгі үйсіндердің мүсіндік бейнесін жасаған:
A) Смағұлов
B) герасимов
C) Гумелев
D) самашев
E) Көшербаев
24. 1594 жылы Мәскеуге Тәуекел ханның елшілігін басқарып келді
A) Құтлымбет
B) Арсланбек
C) Еспембет
D) Әли Сұлтан
E) Құл- Мұхаммед
25. Найман мемлекетінің астанасы Балықты қай өзеннің бойында орналасқан:
A) Ертіс B) Шу C) Орхон D) Алакөл E) Іле
26. X ғасырға жататын шыны ыдыстар табылған қала:
A) Йасы
B) Суяб
C) Испиджаб
D) Сығанақ
E) Құйрықтөбе
27. 1211-1215 ж. Шыңғысхан Қытайға жорығында қолға түсірді
A) Ұсталықты
B) Сауданы
C) Соғыс техникасын
D) Қала салуды
E) Соғысу тәсілін
28. Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр:
A) "Ер Тарғын"
B) "Ескендір"
C) "Керқұла атты Кендебай"
D) "Ер Төстік"
E) "Қамбар батыр"
29. Қазақ хандығының құрылымы сатыдан тұрды
A) төрт B) жеті C) алты D) бес E) сегіз
30.мәтінде берілген сұлтанды анықтаңыз: Тарихшы М Х Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде айтылғандай «ХVІ ғ басына
қарай бұл сұлтан әлі хан лауазымын қабылдаған жоқ, бірақ оның билігі соншалықты үлкен болғандықтан ешкім Бұрындық
ханды есіне алмады»:
A) Хаһназар хан
B) Жәнібек хан
C) Қасым хан
D) Тәуекел хан
E) Керей хан
31. Ежелгі көшпелілердің қыс жақындағанда қоныстанатын мал жайылымы:
А) күзеу В) көктеу С) жайлау D) тебінді жайылым Е) қыс қоныс
32. Моғолстан мемлекетінің алғашқы билеушісі болған Шағатай ұрпағы:
А) Барақ
В) Тоғылық-Темір
С) Әмір Темір
D) Тоқтамыс
Е) Есен-бұға
33. Қаңлылырда отырықшылық дамыған өңір:
А) Ертіс бойы
В) Талғар, Талас бойы
С) Шу, Іле бойы
D) Қаратаудан Ілеге дейін
Е) Арал. Ташкент төңірегі
34. XIII ғасырдың басында Орталық Азияда құрылған әскери-феодалдық мемлекет:
А) Монғол империясы
В) Хорезм мемлекеті
С) Корей мемлекеті
D) Ұйғыр мемлекеті
Е) Цинь империясы
35. Моғолстан мемлекетінде ислам дініне қатты көңіл бөлген хан:
А) Есен бұға
В) Жүніс
С) Рашид ад-Дин
D) Мұхаммед
Е) Тоғылық Темір
36. Әмір Темір мен Ілияс-Қожа арасындағы «Батпақ шайқасы», «Лайсаң шайқасы» болған жыл:
А) 1355 ж. В) 1360 ж. С) 1365 ж. D) 1370 ж. Е) 1375 ж.
37. «Кангүй», «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірінің атауына ұқсас:
А) Қарлұқ В) Қаңлы С) Түргещ D) Қимақ Е) Үйсін
38. Б.з.б. I ғасырдың ортасына дейін Қытайдың Хань әулетін бағындырған тайпа:
А) Алан
В) Ғұн
С) Қаңлы
D) Сақ
Е) Сармат
39. «Саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келетін адамдар ұжымы:
А) Тобыр
В) Ру
С) Ұлт
D) Тайпа
Е) Мемлекет
40. Мәтінде сипатталған шығарманы анықтаңыз: «1206 жылы Онон мен Керулен өзенінің жағасында өткізілген Теміжүнді
жақтайтын көшпелі тайпалардың құрылтайында тоғыз құйрық қыл бйланған қасиетті ақ туды желбіретіп, Теміжүнді хан
сайлайды»
А) «Шыңғыснама»
В) «Тарих-и-Рашиди»
С) «Моңғолдың құпия шежіресі»
D) «Жылнамалар жинағы»
Е) «Түрік шежіресі»
Орта ғасырлар және ежелгі дүние тарихы. ІІ- нұсқа.
1. XI ғ.- XIII ғ. басында Алтайдан Дунайға дейінгі аралықты иемденген мемлекет:
А) Оғыздар
В) Қарлұқтар
С) Моғолстан
D) Қыпшақтар
Е) Қидандар
2. Қысқы жайылымды мұз басып, малдың жаппай қырылуы:
А) Малдың азуы
В) Оба
С) Мұз басуы
D) Апат
Е) Жұт
3. Моғолстан мемлекетінің аумағы туралы жазылған еңбек:
А) «Тарих-и Абулхайр-хани»
В) «Шыңғыснама»
С) «Тарих-и Рашиди»
D) «Шежірелер жинағы»
Е) «Жылнамалар жинағы»
4. Қазақ ханы Есімнің тұсында болған тарихи оқиға:
А) Қазақ-бұхар соғысы басталды
В) Ноғай Ордасының кейбір бөліктері Қазақ хандығының құрамына кірді
С) В. Степанов басқарған Мәскеу елшілігін қабылдады
D) Абдаллах пен Баба-сұлтан арасындағы күрес болды
Е) «Жеті жарғы» заңдар жинағы қабылданды
5. Оғыз мемлекетінің орталығы:
А) Баласағұн
В) Самарқан
С) Имақия
D) Янгикент
Е) Сығанақ
6. 1141 ж. Самарқан қаласына жақын Қатуан даласындағы жеңістен кейін қарақытайлар басып алған өңір:
А) Шығыс Түркістан
В) Мауараннахр
С) Сарыарқа
D) Жетісу
Е) Еділ аңғары
7. Моғолстан хандығының этносаяси құрамында болған тайпа:
А) дулаттар
В) қияттар
С) ноғайлар
D) маңғыттар
Е) қарақалпақтар
8. Сақ тайпаларына қатысты қалалар:
А) Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда
В) Алтын-асар, Шірік-Рабат
С) Пұшық-Мардан, Құлата
D) Чигучен, Пұшық-Мардан
Е) Қостөбе, Битянь
9. Тоқтамыс Алтын Орда билігін өз қолына алуда пайдаланған тарихи оқиға.
«Бұл әлсіздікті пайдаланған Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін өз
қолына алған. Билігін нығайту үшін Тоқтамыс 1382 жылы Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді. Мауараннахр мен
Кавказ елдеріне бірнеше рет жорық жасайды».
А) Алтын Орда мен Египет қаласын басып ұзақ жылғы соғысы
В) Әмір-Темірдің Сарай-Берке қаласын басып алуы
С) Алтын Орда ханы Беркенің Кавказ жеріне жорықта қаза табуы
D) Ұрыс ханның Алтын Орда жеріне жорығы
Е) Алтын Орда әскерлерінің орыс әскерлерінен жеңілуі
10. Жетісу өңіріндегі үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері:
А) б.з.д. IIIғ.- б.з. I ғасыр
В) б.з.д. V ғ.- б.з. II ғасыр
С) б.з.д. VI ғ.- б.з. II ғасыр
D) б.з.д. IV ғ.- б.з. III ғасыр
Е) б.з.д. III ғ.- б.з. V ғасыр
11. Үйсіндерде саз балшықтан ыдыс жасаумен айналысқан:
А) арнайы шеберлер
В) тұтқындар
С) басқа ел адамдары
D) ерлер
Е) әйелдер
12. Аргиппейлердің шығысқа қарай орналасқан көршілері:
А) Массагеттер
В) Дайлар
С) Аримаспылар
D) Сарматтар
Е) Исседондар
13. XVI ғасырдағы Қазақ хандары мен Өзбек хандарының арасындағы ұзаққа созылған шайқас нәтижесінде Қазақ
хандығына қосылған қала:
А) Ташкент
В) Үргеніш
С) Алмалық
D) Тараз
Е) Бұқара
14. Ақ Орда ханы Темір Мәлік пен Тоқтамыстың арасында 1377 жылы шайқас өткен жер:
А) Ташкент
В) Сығанақ
С) Сарайшық
D) Түркістан
Е) Сауран
15. 1235 жылы бүкіл монғолдық құрылтайда қабылданған шешім:
А) Батый таққа отырғызылды
В) Орта Азияны бағындыру
C) Қыпшақ даласын басып алу
D) Батысқа жорық жасау
Е) Алтын Орданы құру туралы шешім
16. Қасым ханның қазақ тарихында алатын орны:
А) Қазақ хандығын құрды
В) Қазақ жерін кеңейтті
С) Ойраттарды жеңді
D) Қырғыздарды бағындырды
Е) Батыс Еуропа елдерімен қатынас орнатты
17. Рузбихан дерегі бойынша Өзбек хандығындағы маңғыттарға жататындар:
А) Өзбек пен қазақтар
В) Өзбек пен маңғыттар
С) Қарақалпақтар мен ноғайлар
D) Қыпшақтар
Е) Татар мен маңғыттар
18. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы:
А) Дах
В) Алан
С) Савромат
D) Исседон
Е) Гиркани
19. Орта ғасырлардағы вакфтық деп аталған жерлер:
А) Үлестік жерлер
В) Дін иелерінікі
С) Әскерилерге сыйға тартылған жерлер
D) Хандардың қарамағындағы жерлер
Е) Сұлтандардың үлес жері
20. Найман мемлекетіне қарсы одақтасқан елдер:
А) Қарақытайлар мен Қарахандықтар
В) Моңғолдар мен Қарақытайлар
С) Керейлер мен Ұйғырлар
D) Моңғолдар мен Керейлер
Е) Ұйғырлар мен Моңғолдар
21. Ежелгі Қытай хронологиясындағы қаңлы астанасы туралы:
А) Іле бойында екендігі көрсетіледі
В) Жазғы ордасы ғана аталады
С) Қысқы ордасы ғана аталады
D) Ордалары болмаған көшпелі екендігі айтылады
Е) Жазғы және қысқы астанасы аталады
22. Қыш құмыра жасайтын шеберханалары болған ортағасырлық қалалар:
А) Талғар, Тараз
В) Жент, Балаж
С) Бурух, Жанкент
D) Қарнақ, Сауран
Е) Сарайлы, Йасы
23. Моғолстан мемлекетіндегі дулат тайпасының мұралық лауазымы:
А) Ұлысбегі
В) Сұлтан
С) Беклербек
D) Тайпа көсемі
Е) Жабғу
24. Қытай жылнамаларындағы Испиджаб қаласы Махмұд Қашғари жазбасында аталды:
А) Сауран
В) Сығанақ
С) Сайрам
D) Жент
Е) Созақ
25. Қоныстарды хронологиялық ретімен орналастырыңыз: 1)Алексеевка 2)Батпақ 3)Пеньки 4)Шебір 5)Кеңөткел
А)1.3.4.5.2 В)4.2.3.4.1 С)2.3.4.1.5 Д)2.4.1.5.3 Е)3.2.5.1.4
26. Сақ жеріне келіп ажал құшқан парсы патшасы:
А) Куруш
В) I Дарий
С) Ксеркс
D) Кир
Е) II Дарий
27. Ежелгі «Тік жүретін адам» өкілі:
А) Неандертальдық
В) «Епті адам»
С) Питекантроп
D) Кроманьондық
Е) «Саналы адам»
28. Қола дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі қонысы:
А) Арқайым
В) Мало-Красноярка
С) Беғазы
D) Степняк
Е) Шағалалы
29. 1550 жылдардың ортасында Ресейге қосылған хандықтар:
А) Әбілқайыр, Ноғай
В) Ақ Орда, Ноғай
С) Қазан, Астрахан
D) Ақ Орда, Моғолстан
Е) Батыс Сібір, Қырым
30. VIII ғасырда Қарлұқ, Қимақ қағанаттары дәуірінде кең тараған, киіз үйге ұқсас діни құрылыс жүйесі:
А) Керуен сарайлар
В) Балбал тастар
С) Сардобалар
D) Жер асты кесенелері
Е) Дың ескерткіштер
31. Рузбихан дерегі бойынша Өзбек хандығындағы шайбанилерге кіретіндер:
А) Түркіленген монғол тұқымдары
В) Шайбанидің қол астындағы тайпалар
С) Қарақалпақтар
D) Өзбектер мен қыпшақтар
Е) Ноғайлар мен қазақтар
32. Кеңгір өзені бойындағы ортағасырлық қалалар:
А) Сарайлы, Торайлы
В) Лавар, Алмалық
С) Басқамыр, Аяққамыр
Д)Күлтөбе,Раң
Е) Қарнақ, Қарашық
33. Ең ежелгі адамның еңбек құралы:
А) Шоқпар В) Садақ С) Бумеранг D) Болас Е) Найза
34. VI-IX ғасырда отырықшылық мәдениет орталығы болған Отырар, Йасы, Сығанақ қалалары орналасты:
А) Сарыарқада
В) Алтайда
С) Оңтүстік Қазақстанда
D) Батыс Қазақстанда
Е) Жетісуда
35. XVII ғасырда жеке хандық құрған Тұрсын сұлтан өзіне астана етті:
А) Түркістан қаласын
В) Ташкент қаласын
С) Самарқан қаласын
D) Қашқар қаласын
Е) Сығанақ қаласын
36. Керейіт ханы Торының жайлауы орналасқан жер:
А) Улан-Батор қаласы орналасқан жер
В) Хан Тәңірі тауының шығысы
С) Аргун өзенінің бойы
D) Иленгі өзенінің бойы
Е) Алтайдың оңтүстігі
37. XV ғасырда Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандары мен Шайбани хан арасындағы шайқас созылды:
А) 5 жылға В) 30 жылға С) 15 жылға D) 20 жылға Е) 10 жылға
38. түрік қағанатына қатысты оқиғаларды хронологиялық ретімен қойыңыз:
1)Қытайлықтардың Жетісуға басып кіруі 2)Түріктердің Солтүстік Кавказға дейін жетуі 3)Ешбар Елтерістің билікке келуі
4)Түріктердің Арал теңізіне дейін жеткен уақыты
А)4.3.1.2 В)3.2.4.1 С)3.4.2.1 Д)4.2.3.1 Е)2.1.3.4
39.Б.з.б VІ-ІІІ ғасырларда сақтар сауда саттық жүргізген елдер
А)Шумер,Аккад,Ассирия
В)Мысыр,Финикия,Вавилон
С)Урарту,Хетт,Палестина
Д)Карфаген,Рим,Грекия
Е)Қытай,Үндістан,Персия
40.1594 жылы Ресейге елшілік аттандырған хан
А):Тәуекел
В)Бұрындық
С)Хақназар
Д)Шығай
Е)Жәнібек

You might also like