Professional Documents
Culture Documents
Ж. Тәшенов ғылыми жоба орын. Муратов Ә.
Ж. Тәшенов ғылыми жоба орын. Муратов Ә.
МИНИСТРЛІГІ
Муратов Әліби
9-сынып
ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Көкшетау 2022
Мазмұны :
Кіріспе
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Елі мен жерінің тұтастығын сақтап қалу жолында кеңестік жүйеге қарсы
шыққан Жұмабек Тәшенов Н.С.Хрущевтің Қазақстанның бес облысын (сол
кездегі Целиноград қаласымен қоса) Ресейге қосуға тырысқан әрекетіне
батыл тойтарыс берген.
Осындай табанды қарсылыққа кездескен Н.С.Хрущев бұдан кейінгі
уақытта қазақ ішінен шыққан басшылардың сөздеріне құлақ салуға,
халқының пікірімен санасуға мәжбүр болған болатын. Егер КСРО
басшысының сол жоспары іске асқанда Қазақстанның бір бөлігінен де,
қазіргі Астана қаласынан да айырылып қалмақ түгіл, қазақ мемлекетінің
территориялық тұтастығынан да біржола қоштасатын жағдай еді. Олай
болатын болса, Жұмабек Тәшеневтің іс-әрекеті сталиндік зұлматтан кейін
еңсесі түскен халықтың ұлттық рухын оятқан ерлік оқиға болды».
Ірі мемлекет қайраткері, ел қамқоры, халық ардақтысы – Жұмабек
Ахметұлы Тәшенев қазақ жерін қорғап қалмаған біздің территориямыз
төмендегідей болар еді.
Тура осы оқиғалардан кейін 30 жылдан соң Қазақ елі тәуелсіздігін алған
болатын. Біз тәуелсіз ел ретінде территориямыздан айырылып әлемдік
қауымдастыққа қандай күйде енер едік деген сауал көкейде тұрады. Сондай –
ақ біз неден айырылып неден ұтылар едік. Осы сауалға жауап іздеп көрелік.
Бірінші, Қазақ елі аумақтық тұрғыдан алғанда Қазіргідей әлемде 9 орын емес
15-ші орында болушы еді. Атап айтқанда солтүстік бес облыстың ауданы
565 мың шаршы шақырым, Маңғыстау облысы ауданы 165.6 мың шаршы
шақырым,Оңтүстік қазақстан облысы 117 мың шаршы шақырым
территорядан айырылып қалар едік. Барлығымыз білеміз Қазақстан материк
ішілік мемлекет. Қазіргі таңда біз Еуразия материгінің орталығында орналаса
отырып мұхиттарда алшақ тұрмыз.
«Экономист, профессор Ғарай Сағымбаевтың Ж.Тәшенов республика
басшылығында болған 6 жылда Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті
қарыштап алға басқанын төмендегідей деректермен көрсетеді: электр
энергиясы қуатын өндіру – 2 есе, мұнай өндіру – 1,6 есе, көмір өндіру – 2 есе,
цемент шығару – 15 есе, мақтадан мата тоқу – 5 есе, тоқыма сырт киім
шығару – 3 есе, минералды тыңайтқыш өндіру – 2 есе, аяқ киім тігу – 4 есе,
ет өндіру – 2 есе, қант өндіру – 1,5 есе, мал майын шығару – 1,4 есе, өсімдік
майын шығару – 2 есе өскен. Егіс көлемі – 6 миллионнан 22 миллион
гектарға, ірі қара мал саны – 5,5 миллион, қой мен ешкі – 28,5 миллион басқа
дейін өсті. Халық шаруашылығында 125 мың жоғары білімді, 215 мың орта
білімді мамандар қызмет етті. Бес жылда 690 мың пәтер салынып, 2,4 мың
кәсіпорындар мен мекемелер іске қосылады. 6140 кітапхана, 5140 клуб, 4777
киноқондырғылар, 25 музей, 19 облыстық театрлар жұмыс істеп тұрды.
Сөйтіп, халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс мәдениеті айтарлықтай
жақсарды». [4]
«Ғ.Мүсірепов іссапармен Шымкентке келгенде профессор Керімбек
Сыздықов серік болып, ол кісіні ертіп жүреді. Сол сапарда Ғ.Мүсіреповтың
Ж.Тәшеновке қарап айтқан мына бір сөзіне куә болыпты. Ғ.Мүсірепов: «Біз
ЦК емеспіз, біреуді бір орыннан алып, бір орынға қоя алмаймыз. Жазушы
деген халық кісіге өз жүрегінен орын береді. Әр уақытта менің жүрегімнің
төрінен орын алатын менің ер інім, еркек інім Жұмабектің мынау елге келген
қадамы сіздерге құтты болсын деп тілек айтпақпын»,- деген екен.» [5]
Халық жадында Жұмабек Тәшеневтің республика экономикасының барлық
саласын жетік білетін шаруашылықты талантты жүргізетін ұйымдастырушы,
іскер басшы екендігінің көптеген мысалдары бар.
Осыдан кейін мұншама әртістің бір мезгілде жоғарғы атақ алуы қазақ
топырағында бұрын соңды болмаған екен.
Қорытынды :
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Байғазин М. Ж. Ж .ТӘШЕНЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ: ҚАРЫЗ БЕН
ПАРЫЗДЫҢ ҚҰНЫ. Ж.А.Тәшеневтің 100 жылдығына арналған «Ұлттық
рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» республикалық ғылыми-практикалық
конференциясы материалдарыеың жинағы. 6-бет.
2. Сейітқали Дүйсен және Қанат Еңсенов . Жұмабек Тәшенов. Алматы:
«Елтаным» баспасы. 2015ж.
3. Кәрішал Асан Ата «Шынжырда өткен Жолбарыс...» А.: «Үш қиян», 2004ж.
4. Ерекболат ҚАБЫЛДИН "Қазақтың қайсар рухының символы"
http://qasym.kz/index.php?
Itemid=9&catid=8&id=704&option=com_content&view=article
5. . Е. Уәйіс. Ұлт бағына туған ер. // Сыр бойы. 22 мамыр, 2010 жыл
6. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. 8-том, «Уикипедия» ашық
энциклопедиясы.
7. С.Дүйсенов. Аты аңызға айналған тұлға http://www.namys.kz/;
8. Дүкенбаева. Қайсар қайраткер Жұмабек Тәшенев. BAQ.KZ; Б.Ахметұлы.
9. Х.Арыстанбеков. Елім, жерім деп өмір сүрген нар тұлға// Жұмабек
Тәшенев туралы естеліктер. Алматы, «Білім», 2005. 8-бет.
10.С.Дүйсен. Қ.Еңсепов. Жұмабек Тәшенов. Алматы. «Литера–М» 2012, 138-
бет; С.Дүйсенов. Аты аңызға айналған тұлға. http://www.namys.kz.
11. http://www.zonakz.net. Габбас Кабышулы. Отрывки из книги Каришала
Асанова «Сказ о закованном тигре. Национальный герой казахского
народа Жумабек Ахметович Ташенев».
12. С. Кенжебаев. Бәрі құрбан атамекен жолында.
13. Кәрішал Асан Ата «Шынжырда өткен Жолбарыс...» А.: «Үш қиян», 2004.
53-55 б.
14. Козыбаев М. Мақала «Факт — аргумент истории», «Казахстанская
правда» газеті 1990 жылғы 12 қаңтардан.
15. Қонаев Д.A. "Ақиқаттан аттауға болмайды". Естелік-эссе. А.: "Санат".
1994, 210-211, 235 б.
16. Қазақтың қайсар қайраткері – Жұмабек Тәшенев: Жұмабек Ахметұлы
Тәшенев туралы естеліктер, мақалалар, дастандар, өлеңдер құжаттар және
фотосуреттер жинағы / Құрастырғандар: Сейітқали Дүйсен, Қанат Еңсенов. –
Алматы: «Елтаным» баспасы. 2015. - 160 бет.
17. Б.Әлімжанов. «Жаңа Сарыарқа» журналы. №3. 2009.
18. С.Дүйсенов. Аты аңызға айналған тұлға. http://www.namys.kz/; З.
Дүкенбаевва. Қайсар қайраткер Жұмабек Тәшенов. BAQ.KZ; Б. Ахметұлы.
Жұмабек Тәшенов кім? http://Abai.kz; Жұмабек Тәшенов туралы естеліктер.
Алматы, «Білім», 2005. 8- б.