You are on page 1of 32

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ

«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы

Қашықтықтан оқыту жағдайында


Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қалыптастырушы және
жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізу бойынша
ҰСЫНЫСТАР
(MS Teams платформасын қолдану арқылы)

ЕКІНШІ БАСЫЛЫМ

Нұр-Сұлтан, 2020
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .............................................................................................................. 3
1. БАҒАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ МОДЕЛІ ....................................................................... 4
1.1 ПӘНДЕР ШЕҢБЕРІНДЕ БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІНДЕГІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР ....... 5
1.2 БАҒАЛАУ МОДЕЛІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕР ............... 6
Тапсырмалар құрастыру мен олардың мерзімі ......................................................... 6
Кері байланыс.................................................................................................................... 6
Офлайн жұмыс .................................................................................................................. 6
Жұмыс уақыты ................................................................................................................. 6
Техникалық мүмкіндіктер ............................................................................................... 6
2. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ............................................................. 8
Чатты қолдану ................................................................................................................ 8
Тапсырма беру .................................................................................................................. 8
Онлайн-трансляция ......................................................................................................... 8
Оқушылармен жеке жұмыс ............................................................................................. 8
Оқушылардың жұптық және топтық жұмыстары ................................................. 9
3. БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ..................................................................................... 10
Тапсырма құру................................................................................................................. 10
Ресурстарды қосу .......................................................................................................... 10
Тапсырманы орындау мерзімі мен балдарды бекіту ............. Ошибка! Закладка не
определена.
Microsoft Forms ортасында тест құрастыру ......................................................... 12
Тілдік пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен
өткізу ................................................................................................................................ 13
Жиынтық бағалауды орындау уақытын есептеу бойынша ұсыныстар ......... 15
Жылдық оқу жүктемесі 1-1,5 сағатты құрайтын пәндерден БЖБ өткізу үшін
оқу мақсаттарын біріктіру бойынша ұсыныстар ................................................. 17
БЖБ-ны өткізу кестесі ................................................................................................. 18
4. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ................................... 24
Өз бетімен оқуға арналған пәндерден сынақ қою бойынша ұсыныстар .......... 28
Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы ..................................................... 29
Бағалауды жүргізу кезінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау ............ 29

2
3
КІРІСПЕ
Бұл құжат төтенше жағдайлар кезінде қашықтықтан оқытуда бағалау рәсімін жүзеге
асырудың тәртібін анықтайды.
Құжат мазмұнында бағалаудың жалпы моделі және сандық ортада бағалау рәсімдерін
ұйымдастыру кезінде Зияткерлік мектептерге тиімді өзара әрекеттестікті құруға
мүмкіндік беретін ұсыныстар берілген.
Мұндай бағалаудың тиімділігі – бағалау рәсімдерін жан-жақты жоспарлау, бейімделген
тапсырмалар құрастыру, жүйелі кері байланыс беру, сондай-ақ мұғалімдер мен
оқушылардың серіктестік және ынтымақтастық ортасын дамытуы, оқушыларды
ынталандырып, оқуға жұмылдыру болып табылады.
Ата-аналардың қолдауы да аса маңызды, сондықтан Зияткерлік мектептерге
қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналарға
уақытылы ақпарат беру, нұсқау көрсетуге арнайы уақыт бөлу ұсынылады.
Бағалауды ұйымдастыру кезіндегі мұндай өзара әрекеттестіктің нәтижесі оқушылардың
оқу үлгерімінің жоғарылауына, сондай-ақ әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан
өздерін қолайлы сезінулеріне көмектеседі. Зияткерлік мектептер үшін, ең бастысы,
оқушылардың қажеттіліктеріне қарай икемділік танытып, әділ шешім қабылдау болуы
керек.

4
1. БАҒАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ МОДЕЛІ
Бағалау моделіне асинхронды және синхронды өзара әрекеттестік түрлері жатады.
Асинхронды өзара әрекеттестік (әртүрлі уақытта) қатысушылардың
(мұғалімдер мен оқушылар) бір уақытта желіде болуын талап етпейді.
Синхронды өзара әрекеттестік (онлайн) өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету
үшін белгіленген уақытта барлық қатысушылардың (мұғалімдер мен оқушылар)
желіге қосылуын талап етеді.

5
1.1 ПӘНДЕР ШЕҢБЕРІНДЕ БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІНДЕГІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Бағалау моделін жүзеге асыру кезінде пәндер бойынша үш топ анықталды.


Оларды оқытудың ерекшеліктері ескеріле отырып, әрқайсысына қатысты бағалау
тәсілдері қарастырылды:
1. негізгі сабақ кестесіне кіретін пәндер;
2. жылдық оқу жүктемесі 1-1,5 сағатты құрайтын пәндер;
3. өз бетімен оқуға арналған пәндер.

Негізгі сабақ кестесіне кіретін барлық пәндер Назарбаев Зияткерлік мектептері


оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың бекітілген ережелеріне сәйкес бағаланады
(«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларын қашықтықтан оқыту
жағдайындағы білім беру қызметінің ережелерін», «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ 1-12-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережелерін»
қарау). Бұл пәндерден қалыптастырушы және бөлім бойынша, тоқсандық жиынтық
бағалаулар жүргізіледі.
Жылдық оқу жүктемесі 1-1,5 сағатты құрайтын пәндер бойынша БЖБ саны
қысқартылады. Ол оқу мақсаттарын біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша
келесі пәндер бойынша тоқсанына 1 БЖБ және ТЖБ өткізіледі:
- «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», 2-5-сыныптарда;
- «Қазақ әдебиеті (Т1)», «Орыс әдебиеті (Я1)» 6-7-сыныптарда;
- «Дүниежүзі тарихы», 6-10-сыныптарда;
- «Қазақстан тарихы», 9-сыныпта;
- «Адам. Қоғам. Заң (Құқық негіздері)» 9-сыныпта;
- таңдау пәндері, стандарттық деңгейдегі 12-сыныпта («Физика»,
«Информатика», «Биология», «Химия», «География», «Экономика», «Графика және
жобалау»).
Тоқсандық баға БЖБ мен ТЖБ нәтижелері негізінде 50% / 50% пайыздық
қатынаста қойылады.
БЖБ кезінде оқу мақсаттарын біріктіру бойынша ұсыныстар 3 «Бөлім бойынша
жиынтық бағалауды ұйымдастыру» бөлімінде ұсынылған.
Өз бетімен оқуға арналған пәндер бойынша («Өзін-өзі тану», «Бастауыш әскери
және технологиялық дайындық», «Өнер», «Дене тәрбиесі», «Дүниетану», сондай-ақ
стандарттық деңгейдегі 11-сыныптағы таңдау пәндерінен («Физика», «Информатика»,
«Биология», «Химия», «Экономика», «Графика және жобалау») жиынтық бағалау
өткізілмейді. Аталған пәндерді мұғалімнің кеңес беруі мен қолдауы арқылы оқушы өз
бетімен меңгереді, оқу нәтижесі бойынша «есептелінді» / «есептелінген жоқ»
белгілері қойылады.
Сынақ қою бойынша ұсыныстар 4 «Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру»
бөлімінде ұсынылған.

6
1.2 БАҒАЛАУ МОДЕЛІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША БАСТЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Тапсырмалар құрастыру мен олардың мерзімі


• Әртүрлі тапсырма типтерін қолдану.
• Тапсырманы нақты, біржақты құрастыру, оқушылар өздерінен ненің талап
етілетіндігін толықтай түсінулері үшін тапсырма нұсқауында жауап беру үлгісін көрсету.
• Бағалау рәсімдерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін бағалауды
декрипторларға/балл қою кестелеріне сай жүргізу.
• Қалыптасқан жағдайдан тыс кезеңде оқушыларға әдеттегіден бөлек көбірек
уақыт қажет болуы мүмкін екендігін ескере отырып, тапсырманы орындауға кететін
уақытты есептеу.
• Жиынтық бағалау рәсімі өткізілгенге дейін оның құпиялылығын сақтау.
• Барлық тапсырмаларды тиісті мерзімде орындау бойынша нақты талаптарды
көрсету
ұсынылады.

Кері байланыс
• Уақытылы және сындарлы кері байланыс беру. Кері байланыс оқушылардың
ойдағыдай оқуы үшін және оларды бағалау үшін қажет. Әдетте оқушылар мектеп
жағдайында туындаған сұрақтарын қоя алады. Ондай мүмкіндік шектеулі дәл осы
кезеңде бұл аса маңызды.
• Оқушыларға оқу мақсаттары, оқу материалы, тапсырмаларға қойылатын талаптар
мен оларды тапсыру мерзіміне байланысты сұрақтарын қайда және қалай қоюға
болатындығы, оған түсінік ала алатындықтары туралы ақпарат беру.
• Электрондық поштаны тұрақты түрде тексеріп, сұрақтар мен хабарламаларға
уақытылы жауап беру
ұсынылады.
Офлайн жұмыс
• Оқу материалдарын басып шығарудан бас тарту. Барлық жұмыстарды электрондық
форматта немесе файл түрінде (фото, сурет, жазба және басқалары) жүктеу.
• Өз бетінше оқу, жоба жұмыстарын орындау, сондай-ақ отбасы мүшелерінің де
қатысуын көздейтін топтық талқылауларға байланысты тапсырмаларды қолдану
ұсынылады.
Жұмыс уақыты
• Тайм-менеджмент қағидасын ұстану, графикті сақтау.
• Синхронды жұмыс бойынша жоспарланған әрекет түрлерін алмастырып отыру.
• Оқу, зерттеу, онлайн талқылау, оқушылар арасындағы кері байланыс және жазба
жұмысын орындау үшін баламалы мүмкіндіктерді ұсыну.

7
• Қажеттілігіне қарай әріптестер арасында көмек пен қолдауды ұйымдастыру
ұсынылады.
Техникалық мүмкіндіктер
• Интернет желісіне қолжетімділіктің шектеулі болуы мүмкін екендігін ескере отырып,
жүктелетін файлдардың көлемі мен форматына назар аудару.
• Файлдарды шағын көлемде сақтау (мысалы, видео), мүмкіндігінше, файлдардың
форматына конвертация жасауға кеңес беру
ұсынылады.

8
2. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қашықтықтан оқыту жағдайында қалыптастырушы бағалаудың әр түрі
қарастырылған. Қалыптастырушы бағалауды өткізу тәртібін ресми түрде тіркеп отыру
талап етілмейді. Қалыптастырушы бағалауды өткізу үшін Microsoft Teams
платформасын, әсіресе, оның келесі функцияларын қолдану ұысынылады:
Чатты қолдану
Мұғалім сұрақ қойып, жауап алады, файлдарды жүктейді немесе құрылған чат
арқылы оқушылармен сұхбат жүргізеді.
Тапсырма беру
 Мұғалім файл түрінде тапсырма береді, тапсырманы чатқа жібереді,
видеобайланыс немесе Microsoft Forms1 арқылы сұрақ-жауапты жүзеге асырады.
 Оқылым мен жазылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды мұғалім
файл немесе сұрақтар түрінде жібереді.
 Тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды аудио
және/немесе видеобайланыс арқылы беріп, тексере алады.
Онлайн-трансляция
Мұғалім оқушылар тобымен немесе сыныппен тікелей эфирде
сабақ/талқылау/кездесу/кеңес беруді өткізе алады. Мұндайда оқулық пен бағалау
материалдары, презентациялар жүктелген компьютердің экранын көрсету функциясын
қолдануға болады.

Командада (топта) жиналыс өткізу үшін (онлайн-трансляция) мұғалім Публикации


бөліміндегі видеокамера нүктесін басады. Пайда болған диалогтік терезеден мұғалім онлайн-
трансляцияны Начать немесе Запланировать функциясын таңдайды.
 Жиналыс кезінде мұғалім жұмыс үстелін, қосымшалар немесе кез келген файлды
көрсету функциясын қолдана алады. Көрсетілім үшін мұғалім Поделиться нүктесін
басып, тиісті элементті таңдайды:
1. Рабочий стол(мұғалімнің экранындағы барлық элементтерді көрсетуге мүмкіндік
береді);
2. Окно (белгілі бір қосымшаларды көрсетуге мүмкіндік береді);
3. Power Point (презентацияны көрсетуге мүмкінік береді);
4. Обзор (көрсету қажет файлды табуға көмектеседі);
5. Доска (жазба жұмысына мүмкіндік береді).
 Онлайн-трансляцияны жазып алуға болады. Бұл белгіленген уақытта қосыла алмаған
оқушылардың видеоны кейін көруіне мүмкіндік береді. Сеанс аяқталған соң, тарнсляция
видеожазбасы автоматты түрде команданың чатына жіберіледі.

Оқушылармен жеке жұмыс


Мұғалім оқушылармен жеке жұмыс өткізу кестесін өз бетінше жоспарлайды.
Мұндайда оқушының қажеттілігін негізге ала отырып, жеке жұмысты өткізу
материалдарын іріктеуде саралау тәсілін қолдану маңызды.

1
Microsoft Forms — Office 365 құралы, оның көмегімен тест, сауалнама, анкета, тіркеу формалары және с.с.
оңай және тез жасауа болады.

9
Нақты бір оқушымен байланысу үшін мұғалім оқушының АТЫ-ЖӨНІНЕ курсорды
апарып, ұсынылғандардың ішінен бірін таңдайды, мысалы, чат, электронды пошта,
видеоқоңырау шалу, дыбыстық қоңырау шалу.
 Видеоқоңырау шалу кезінде мұғалім кері байланыс беру үшін чатқа хабарлама,
файлдар, сондай-ақ стикерлер мен Emoji жіберу қызметтерін қолдана алады.
 Мұғалім нақты бір оқушыға кері байланыс беріп, оның жауабына пікір білдіре алады.
 Жеке жұмыстар нәтижесінде бірнеше оқушыға бір уақытта кері байланыс беру үшін
мұғалім тиісті оқушылардың есімдерін @ көмегімен белгілеп алып, ортақ чатқа
хабарлама жібереді. Оқушылар мұғалімнің кері байланысына хабарламаға пікір білдіру,
сұрақ қою арқылы жауап қайтара алады.

Оқушылардың жұптық және топтық жұмыстары


Мұғалім оқушылардың пікірлері мен тәжірибелерімен бөлісулері және олардың
арасындағы өзара әрекеттестікті жүзеге асыру үшін топтық жұмыс өткізеді. Мұндайда
кері байланысты мұғалім мен оқушы, сондай-ақ оқушылар арасында іске асыруға
болады.

Жұптық жұмысты өткізу үшін мұғалім диалогтік терезеден алдымен Видеозвонок,


сонан соң Начать собрание функциясын таңдайды. Бұдан әрі мұғалім оқушыларды жұптық
немесе топтық жұмысқа шақырады.

Ескерту: Қалыптастырушы бағалау мониторингі және оны өткізудің жиілігін


бақылауды Зияткерлік мектептердің әкімшілігі қамтамасыз етеді.

10
3. БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Бөлім бойынша жиынтық бағалау Microsoft Teams платформасының келесі


функцияларын қолдану арқылы қашықтықтан өткізіледі:
Тапсырма құру
Жиынтық бағалау тапсырмасын беру үшін мұғалім тиісті сыныптың жалпы
каналына өтіп, Задания бөлімін таңдайды. Сонан соң Создать батырмасын басып,
тапсырмаға атау береді (міндетті қадам) және оны сипаттайды. Мұғалім қажеттілігіне
қарай тапсырманы орындау үшін бірнеше сыныпты немесе жекелеген оқушыларды
таңдай алады.

Ресурстарды қосу

 Мұғалім Добавить ресурсы функциясын таңдап, тапсырманы орындауға


қажетті ресурстарды қоса алады. Бұл кезеңде мұғалім өзінің жеке OneDrive-ынан,
компьютерінен құжаттарды қоса алады немесе оқушыларға тарату үшін бос Word,
Excel, PowerPoint құжаттарын қолдана алады.

11
 Егер тапсырма оқушылардың жүктелген құжаттары арқылы жауап беруге
тікелей көзделген болса, мұғалім "по умолчанию» белгісін қалдырады. Бұл
оқушылардың тапсырманы орындап, тапсырулары үшін өз көшірмелерін түзетулеріне
мүмкіндік жасайды.
 Егер тапсырма жүктелген құжатты тек анықтама ретінде ғана қолдануды
көздеген болса, мұғалім Учащиеся не могут редактировать белгісін таңдайды.

1. Тапсырманы өткізу мерзімі мен балдарын белгілеу

 Тапсырманы өткізу мерзімін белгілеу үшін мұғалім күн мен уақытты таңдап,
Изменить батырмасына басады. Мұғалім тапсырманы жариялау күні мен уақытына
өзгерістер енгізеді.
 Тапсырманы бекітілген мерзімге қарай орындау қажет болатын болса, мұғалім
тапсырманың қолжетімділігіне уақытша шектеу қояды. Қолжетімділік мерзімі
белгіленбеген болса, бұл оқушылардың тапсырманы кешіктіріп тапсыра берулеріне
мүмкіндік береді.
 Мұғалім оқушыларды жаңа тапсырманың жүктелгені туралы
ақпараттандырғысы келсе, Назначить батырмасын басады. Мұғалім жаңа тапсырманы
жүктеген күні оқушылар ол туралы біліп отыратын болады.
 Тапсырмаға қатысты жұмысты тоқтату үшін мұғалім Удалить командасын
таңдайды.
 Тапсырмаға кейін оралып, оны түзету үшін мұғалім Сохранить командасын
таңдайды.
 Мұғалім кез келген сандық шәкілдегі нүктелерді қолдана отырып, тапсырмаға
берілетін балл санын белгілейді. Ол 100 дөңгелектелген сандармен қатар өзінің сандық
өлшемін белгілей алады. Мысалы: 88/100 немесе 3.7 / 4.0 ондық бөлшектері.
 Тапсырманың орындалуын қадағалап, тексеру үшін мұғалім Задания бөлімін
ашып, қалаған оқушының жұмысын таңдайды.

Ашылған терезеде мұғалім тапсырманың орындалу барысын қадағалайды.


Ұсынылған мысалда тапсырманы орындаған, қараған, тапсырмаған оқушылар
көрсетілген. Сондай-ақ мұғалім оқушының қай тапсырманы қалай орындап жатқанын
көре алады.

12
 Бұл бетте мұғалім тапсырманы орындаған оқушылардың жұмысын тексереді.
Жұмысты тексеріп болған соң, балдары қойып, кері байланыс береді.
 Тексерілген жұмыстар автоматты түрде Выставлена оценка бөліміне ауысады.

Microsoft Forms ортасында тест құрастыру

Бөлім бойынша жиынтық бағалауды сондай-ақ Microsoft Forms платформасын


қолдану арқылы да өткізуге болады. Мұндайда оқушыларды аталған құралмен
қалыптасырушы бағалау кезінде алдын-ала таныстыру, сонымен қатар көп жауап
таңдауы бар сұрақтармен ғана шектелмей, сапалы тест тапсырмаларымен қамтамасыз
ету ұсынылады.

13
Тілдік пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізу

Бөлім бойынша жиынтық бағалау ұйымдастыру үшін мұғалім командада (топта


немесе сыныпта) жиналыс (онлайн-трансляция) жасайды.
Teams трансляциясы —Teams жиналыстарының мүмкіндіктерін кеңейту. Ол
желіде видео, аудиториямен тығыз қарым-қатынас және есеп беру сияқты қосымша
басқару құралдарымен үлкен аудиторияларға арналған трансляция жасауға мүмкіндік
береді.

 Онлайн-трансляцияны бастау үшін мұғалім Публикации бөліміндегі


видеокамера белгісіне басады.

 Ашылған терезеде мұғалім трансляцияны бастайды немесе жоспарлайды.

14
 Жиналыс кезінде мұғалімнің жұмыс үстелін, белгілі бір қосымшаларды немесе
кез келген файлды көрсетуіне мүмкіндігі бар.
 Мұғалім жиналыс қатысушыларына сұраныс жібереді. Қатысушылар саны
жұмыс түріне байланысты (топтық, жұптық). Егер жұптық жұмыс жоспарланған болса,
сұраныс екі оқушыға жіберіледі.

 Мұғалімнің жұмысты тексеру кезінде қайта қарауына мүмкіндігі болуы үшін


онлайн-трансляцияны жазып алуына болады.

15
Сеанс аяқталған соң трансляцияның видеожазбасы автоматты түрде команданың
чатына жіберіледі.

Жиынтық бағалауды орындау уақытын есептеу бойынша ұсыныстар

Тапсырмаларды құрастыру кезінде тапсырмаларды орындауға кететін уақытты да


ескеру қажет. Көп таңдауы бар тапсырмаларға, әдетте, 1 минутқа жуық уақыт кетеді, ал
қысқа жауапты қажет ететін ашық типті тапсырмаларды орындау үшін 1-3 минут керек.
Кез келген бағалау процесінің оқу мақсатына байланысты тиімді уақыты бар. Осы
уақытты азайту немесе көбейту бағалау процесінің сапалық көрсеткішін төмендетеді.
Нәтижесінде қате бекітілген уақыт жиынтық бағалаудың алдына қойған мақсатына
жетуіне, яғни оқушының бөлім немесе тоқсанда материалды меңгеру деңгейін
тексеруге мүмкіндік бермейді.
Жиынтық бағалауды орындаудың тиімді уақытын анықтау өте қиын. Бұл мәселені
бағалау құралдарын құрастыру тұрғысынан қарастыратын болсақ, жекелеген
тапсырманы орындау қандай да бір уақытты қажет етеді. Жиынтық жұмысты
орындаудың жалпы уақыты, ең алдымен, тапсырмалар саны мен олардың типіне,
күрделілік деңгейлеріне байланысты анықталады.
Кейбір тапсырма типтерінің жіктелуі келесідей:
 бір немесе бірнеше жауапты қажет ететін көп таңдауы бар жабық типті
тапсырмалар;
 қысқа жауапты қажет ететін ашық типті тапсырмалар (жауап бірнеше сөзден, бір
сөйлемнен, қарапайым сызба немесе формуладан тұрады);
 толық жауапты қажет ететін ашық типті тапсырмалар (бірнеше сөйлем, сызба
немесе формулалармен түсіндіруді талап ететін толық жауап, эссе жазу).
Тапсырма типтіне қарай тапсырманы орындауға бөлінген уақыт мөлшері
анықталады (Clay B. (2001) A Short Guide to Writing Effective Test Questions Designed
https://www.k-state.edu/ksde/alp/resources/Handout-Module6.pdf):

16
№ Тапсырма типі Орындау уақыты
1 Жабық типті тапсырмалар 30-90 сек (0,5-1,5 мин)
2 Қысқа жауапты қажет ететін ашық 120 сек (2 мин)
типті тапсырмалар
3 Толық жауапты қажет ететін ашық 10-15 мин
типті тапсырмалар

Тапсырма күрделілігі мен тексерілетін дағды деңгейіне байланысты тапсырманы


орындау уақытының аралығын таңдаған жөн. Мысалы, оқушының материалды білу
және түсіну дағдысын тексеретін бір дұрыс жауабы бар тапсырманы орындау үшін
оларға 30 секунд, ал қолдану дағдысын тексеруге 60 немесе 90 секунд жеткілікті.
Бұдан бөлек тапсырманы орындау ұзақтығын есептеу кезінде оқушылардың
жұмысты жалпы шолуы мен қайта тексеруіне 2-ден 5 минутқа дейін уақыт беруді алдын
ала қарастыру керек.
Сонымен қатар жиынтық бағалауды орындауға бөлінген уақытты қайта тексеру
үшін мұғалім жиынтық бағалауды өз бетімен орындап, оны орындауға кеткен уақытты
үш есе көбейткені жөн.
Математика пәні бойынша 8-сыныпта MS Forms платформасы арқылы жүзеге
асырылатын БЖБ мысалын қарастырайық.

17
Тапсырма Орындау
Пікір
№ уақыты
Жабық типті тапсырма. Білу және түсіну
1 1 мин дағдысы тексеріледі, себебі тапсырма 48
сөзден тұрады, оқуға кететін уақыт ескерілді.
2 2 мин Қысқа жауапты қажет ететін ашық типті
3 3 мин тапсырмалар, қолдану дағдысы тексеріледі.
Алдыңғы әрекеттің нәижелерін қолдануды
4 2 мин көздейтін тапсырма, сондықтан тапсырманы
орындауға кететін уақытты үнемдеуге болады.
Қолдану дағдысын тексеретін толық жауапты
5 7-10 мин
қажет ететін тапсырма.
Жұмысты қайта шолып шығу үшін 2 минут
Барлығы 18 мин
уақыт беріледі.
Уақытты қайта тексеру кезінде осы тапсырманы
мұғалімнің орындауы кезінде кеткен уақыт
БЖБ-ны (мұғалімнің орындауы кезінде кеткен уақыт 6
орындау 20 минут минутты құрайды) есептелді. Осы уақытты 3
уақыты есе көбейтсе, ол 18 минутты құрайды, яғни
тапсырмаларды орындауға кететін уақытпен
сәйкес келеді.

Жылдық оқу жүктемесі 1-1,5 сағатты құрайтын пәндерден БЖБ өткізу үшін
оқу мақсаттарын біріктіру бойынша ұсыныстар

Жылдық оқу жүктемесі 1-1,5 сағатты құрайтын пәндерден бөлім бойынша жиынтық
бағалау тоқсанына 1 рет өткізіледі. Мұндайда БЖБ-ны тоқсанның 5-аптасында
ұйымдастырған жөн, себебі бұл кезеңге қарай тоқсанда қарастырылатын бөлімдер
оқытылып, оқу бағдарламасының көп бөлігі қалыптастырушы бағалаумен қамтылады.
Оқу бағдарламасына сәйкес тоқсандағы бөлім саны біреуден көп пәндер бойынша
оқу материалы мен БЖБ-ға бөлінетін уақытты ескере отырып, бөлімдерді біріктіру
ұсынылады. Қашықтықтан оқыту мен 1 БЖБ өткізу жағдайында оқу мақсаттарын

18
қалыптастырушы бағалау кезінде сапалы жүзеге асыру аса маңызды екенін айта кету
керек. Осылайша БЖБ-ны жоспарлағанда мұғалім оқушылардың қалыптастырушы
бағалау кезінде меңгерген білім мен дағдыларын тексеріп, бекітуге мүмкіндік беретін
оқу мақсаттарын іріктеп алады.

Әдебиет бойынша бөлімдерді біріктіру мысалы

Біріктірілген 1 БЖБ-ны өткізу үшін тапсырмаларды БЖБ өтетін мерзімге дейін


меңгерілген шығармалар бойынша құрастырған жөн. Бағалау барлық үш бөлімді, яғни
«Түсіну және жауап беру», «Анализ және интерпретация», «Бағалау және салыстыру»
бөлімдерін қамтуы қажет.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі бойынша жабық типті тапсырмалар (көп таңдауы
бар, сәйкестендіру, шындық/жалған және басқа да тапсырмалар) құрастырған дұрыс.
«Анализ және интерпретация» бөлімін тексеру үшін қысқа жауапты қажет ететін, ал
«Бағалау және салыстыру» бөлімі бойынша толық жауапты қажет ететін ашық типті
тапсырмаларды қолданған дұрыс.
Барлық үш бөлімді де қамтитын мұндай БЖБ-ны дайындау барысында
тапсырмалардың типтері мен санын келесідей бөлген жөн:

Бөлім Тапсырмалар Тапсырмалар Мысал


саны типі
Түсіну және жауап 5 тапсырма Көп таңдауы Ұсынылған нұсқалардан 1
беру бар, жауапты таңдай отырып,
сәйкестендіру, сұраққа жауап беріңіз.
шындық/жалған
және басқа да
тапсырмалар
Анализ және 3 тапсырма Қысқа жауапты Үзіндіні оқып, сұраққа жауап
интерпретация қажет ететін беріңіз.
тапсырмалар
Бағалау және 1 тапсырма Толық жауапты Сұраққа жазбаша толық жауап
салыстыру қажет ететін беріңіз, өз пікіріңізді білдіріп,
тапсырмалар мәтіннен мысалдар келтіре
отырып, дәлелдеңіз.

БЖБ-ны өткізу кестесі

БЖБ-ны әрбір параллель сыныптарда бір пән бойынша бір уақытта өткізген дұрыс.
Егер мұғалім БЖБ үшін зерттеушілік сипаттағы жазбаша тапсырма, жоба жұмысын
қолданатын болса, оның мерзімін қатаң түрде бекіте отырып, БЖБ-ны асинхронды
өзара жұмыс режимінде өткізуіне болады.
Төменде пәндер шеңберінде БЖБ-ның бекітілген санына сәйкес 1-тоқсанда бөлім
бойынша жиынтық бағалауды (БЖБ) өткізу кестесінің үлгісі берілген (1-кесте).
Бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу уақытын ескеру мен бақылауға баса
назар аудару ұсынылады. Мұғалім тиімді көлемдегі және форматтағы тапсырмаларды
қолдануы қажет. Оқушылардың тапсырманы орындау уақыты 20 минуттан аспауы
керек.
Ескерту: 2020 жылғы 27 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім
беру ұйымының Басқарма шешімімен бекітілген (№9 хаттама) «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушыларын қашықтықтан оқыту жағдайындағы

19
білім беру ережелеріне сәйкес жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізуді
бақылауды Зияткерлік мектеп әкімшіліктері қамтамасыз етеді.

20
1-кесте. 1-тоқсанда БЖБ өткізу кестесінің үлгісі

тоқсанда 1 БЖБ
тоқсанда 2 БЖБ
тоқсанда 3 БЖБ

Сыны 1-апта 2-апта 3-апта 4-апта 5-апта 6-апта 7-апта 8-апта


п
Қазақ тілі (Т1) / Қазақ тілі (Т1) / Қазақстан
Орыс тілі (Я1) Орыс тілі (Я1) тарихы
Қазақ тілі мен Жаратылыстану Қазақ тілі мен Жаратылыстан
әдебиеті (Т2) / әдебиеті (Т2) / у
Орыс тілі мен Орыс тілі мен
әдебиеті (Я2) әдебиеті (Я2)
6
Ағылшын тілі Қазақ әдебиеті Ағылшын тілі
/ Орыс
әдебиеті
Математика Дүниежүзі Математика
тарихы
Информатика Информатика
Математика Қазақ тілі (Т1) / Математика Қазақ тілі (Т1) / Математика
Орыс тілі (Я1) Орыс тілі (Я1)
Қазақ тілі мен Информатика Қазақ тілі мен Информатика
әдебиеті (Т2) / әдебиеті (Т2) /
Орыс тілі мен Орыс тілі мен
әдебиеті (Я2) әдебиеті (Я2)
7 Ағылшын тілі Қазақ әдебиеті Ағылшын тілі
/ Орыс
әдебиеті
Дүниежүзі Қазақстан
тарихы тарихы
География Физика География Физика География
Биология Химия Биология Химия Биология
Қазақ тілі (Т1) / Қазақ әдебиеті / Қазақ тілі (Т1) / Қазақ әдебиеті
Орыс тілі (Я1) Орыс әдебиеті Орыс тілі (Я1) / Орыс
8
әдебиеті
Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы Қазақ тілі мен Қазақстан

21
Сыны 1-апта 2-апта 3-апта 4-апта 5-апта 6-апта 7-апта 8-апта
п
әдебиеті (Т2) / әдебиеті (Т2) / тарихы
Орыс тілі мен Орыс тілі мен
әдебиеті (Я2) әдебиеті (Я2)
Ағылшын тілі Ағылшын тілі
Математика Дүниежүзі Математика
тарихы
Информатика Физика Информатика Физика Информатика
География Химия География Химия География
Биология Биология Биология
Қазақ тілі (Т1) / Қазақ әдебиеті / Қазақ тілі (Т1) / Қазақ әдебиеті
Орыс тілі (Я1) Орыс әдебиеті Орыс тілі (Я1) / Орыс
әдебиеті
Математика Қазақ тілі мен Математика Қазақ тілі мен Математика
әдебиеті (Т2) / әдебиеті (Т2) /
Орыс тілі мен Орыс тілі мен
әдебиеті (Я2) әдебиеті (Я2)
9 Ағылшын тілі Информатика Ағылшын тілі Информатика
Физика Физика Құқық негіздері Физика
Химия Химия Қазақстан Химия
тарихы
Биология Биология Биология
География География География
Дүниежүзі
тарихы
Қазақ тілі (Т1) / Қазақ әдебиеті / Қазақ тілі (Т1) / Қазақ әдебиеті
Орыс тілі (Я1) Орыс әдебиеті Орыс тілі (Я1) / Орыс
әдебиеті
Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы Қазақ тілі мен Қазақстан
әдебиеті (Т2) / әдебиеті (Т2) / тарихы
Орыс тілі мен Орыс тілі мен
10 әдебиеті (Я2) әдебиеті (Я2)
Ағылшын тілі Информатика Ағылшын тілі Информатика
Математика Дүниежүзі Математика
тарихы
Физика Физика Физика
Химия Химия Химия
Биология Биология Биология
22
Сыны 1-апта 2-апта 3-апта 4-апта 5-апта 6-апта 7-апта 8-апта
п
География География География
Қазақ тілі мен Қазіргі замандағы Қазақ тілі мен Қазіргі
әдебиеті (Т2) / Қазақстан әдебиеті (Т2) / замандағы
Орыс тілі мен Орыс тілі мен Қазақстан
әдебиеті (Я2) әдебиеті (Я2)
Қазақ тілі мен Жаһандық Қазақ тілі мен Жаһандық
әдебиеті (Т2) / көзқарастар/персп әдебиеті (Т2) / көзқарастар/пе
Орыс тілі мен ективалар және Орыс тілі мен рспективалар
әдебиеті (Я2) жобалық жұмыс әдебиеті (Я2) және жобалық
жұмыс
11 Математика (10) Ағылшын тілі Математика (10) Ағылшын тілі Математика
(10)
Математика (7) Математика (7)
Химия Информатика Химия Информатика Химия Информатика
(тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген
деңгейде) деңгейде) деңгейде) деңгейде) деңгейде) деңгейде)
Биология Физика Биология Физика Биология
(тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген
деңгейде) деңгейде) деңгейде) деңгейде) деңгейде)
География География
Қазақ тілі мен Қазіргі замандағы Қазақ тілі мен Қазіргі
әдебиеті (Т2) / Қазақстан әдебиеті (Т2) / замандағы
Орыс тілі мен Орыс тілі мен Қазақстан
әдебиеті (Я2) әдебиеті (Я2)
Математика (10) Ағылшын тілі Математика (10) Ағылшын тілі Математика
(10)
Математика (7) Информатика Математика (7)
(тереңдетілген
12 деңгейде)
Информатика Информатика География Информатика
(тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген
деңгейде) деңгейде) деңгейде)
Физика Графика және
(тереңдетілген жобалау
деңгейде)
Физика Экономика
(тереңдетілген

23
Сыны 1-апта 2-апта 3-апта 4-апта 5-апта 6-апта 7-апта 8-апта
п
деңгейде)
Химия
(тереңдетілген
деңгейде)
Химия Химия Химия
(тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген
деңгейде) деңгейде) деңгейде)
Биология
(тереңдетілген
деңгейде)
Биология Биология Биология
(тереңдетілген (тереңдетілген (тереңдетілген
деңгейде) деңгейде) деңгейде)

24
4. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырмалары мен балл қою кестелерін


құрастыру және оларға ішкі сараптама жасауды ПӨО тарапынан жаңартылған
қашықтықтан оқытуға арналған ТЖБ спецификацияларының негізінде Зияткерлік
мектептердің әдістемелік бірлестіктері жүзеге асырады. Жаңартылған
спецификациялар бойынша уақыттың шектелгендігіне назар аудару керек: ТЖБ
өткізу уақыты - 40 минут (барлық пәндер бойынша). Осыған орай тапсырмалардың
да көлемі уақытқа сай болуы қажет.
Жиынтық бағалау материалдарын құрастыру мен сараптама жасау «Бағалау»
сайтына жүктелген кестеге сай жүргізіледі (2-кесте).
2-кесте. Жиынтық бағалау материалдарын құрастыру мен сараптама
жасауды ұйымдастыру кестесі
№ Іс-шаралар Мерзімі Жауапты
ТЖБ спецификациялары мен тапсырма
1. 1-апта НЗМ
үлгілеріне шолу жасау
2. ТЖБ тапсырмаларын құрастыру 2-3-апта НЗМ
ТЖБ тапсырмаларына ішкі сараптама
3. 3-апта НЗМ
жасау
ТЖБ тапсырмаларына сыртқы сараптама
4. (іріктеліп жүргізіледі, сыныптар мен 4-апта ПӨО
пәндерді ПӨО анықтайды)
Әріптестердің/ПӨО пікірлері негізінде
5. 5-апта НЗМ
тапсырмаларды түзету
6. ТЖБ өткізу 6/7-7/8-апта НЗМ

Тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары мен балл қою кестелері Зияткерлік


мектеп директорларының бұйрығымен бекітіледі.
ТЖБ синхронды оқыту тәртібімен, яғни Зияткерлік мектептің бекіткен кестесіне
сәйкес әрбір пән бойынша әр параллель сыныптарда бір уақытта өткізіледі.
Мұндайда бір оқу күнінде ТЖБ саны 2-ден аспауы тиіс. Тоқсандық жиынтық
бағалауды өткізу кестесінің үлгісі 3-кестеде берілген.
Зияткерлік мектептер құрастырған және бекіткен кесте ТЖБ өткізілетін
мерзімнен кем дегенде бір апта бұрын мұғалім, оқушы, ата-ана немесе басқа да
заңды тұлғалардың назарына электрондық пошта арқылы жеткізіледі.

25
3-кесте. ТЖБ-ны өткізу кестесінің үлгісі

Күн Уақыт Уақыт


6-сынып 7-сынып 8-сынып 9-сынып 10-сынып 11-сынып 12-сынып
і ы ы
10:00 - дүниежүзі 10:00 - орыс тілі Қазақстан география орыс тілі математика биология
11:20 тарихы 11:20 тарихы (тереңдетілген/стандарт
1-
2-3- 2-3- ты деңгейде)
күн
сабақта сабақта
р р
математика 9:00 - Қазақстан география орыс тілі география биология математика
10:20 тарихы (тереңдетілг
1-2- ен деңгейде)
10:00 -
сабақта
11:20
2- р
2-3-
күн 11:00 – география орыс тілі Қазақстан қазақ тілі
сабақта
12:20 тарихы
р
3-4-
сабақта
р
10:00 – қазақ тілі 10:00 – физика дүниежүзі қазақ тілі Қазақстан қазақ тілі
11:20 11:20 тарихы тарихы мен әдебиеті
3-
2-3- 2-3- (Т1)
күн
сабақта сабақта
р р
жаратылыста 9:00 – қазақ тілі физика математика математика физика физика
ну 10:20 (тереңдетілг (тереңдетілген/стандарт
1-2- ен деңгейде) ты деңгейде)
10:00 –
сабақта
11:20
4- р
2-3-
күн 11:00 – химия ағылшын тілі ЖК/ПжЖЖ ҚЗҚ
сабақта
12:20
р
3-4-
сабақта
р
10:00 – қазақ 10:00 – дүниежүзі қазақ тілі физика дүниежүзі ҚЗҚ қазақ тілі мен әдебиеті
11:20 әдебиеті/орыс 11:20 тарихы тарихы (Т1)
5-
2-3- әдебиеті 2-3-
күн
сабақта сабақта
р р

26
Күн Уақыт Уақыт
6-сынып 7-сынып 8-сынып 9-сынып 10-сынып 11-сынып 12-сынып
і ы ы
9:00 – 9:00 – қазақ химия дүниежүзі информатик химия химия
10:20 10:20 әдебиеті/ор тарихы а (тереңдетілг (тереңдетілген/стандарт
1-2- 1-2- ыс әдебиеті ен деңгейде) ты деңгейде)
сабақта сабақта
6- р р
күн 10:00 - орыс тілі 11:00 - информатик физика орыс тілі мен
11:20 12:20 а әдебиеті (Я
2-3- 3-4- 2)
сабақта сабақта
р р
10:00 - Қазақстан 10:00 - биология қазақ қазақ химия информатика
11:20 тарихы 11:20 әдебиеті/ор әдебиеті/ор
7
2-3- 2-3- ыс әдебиеті ыс әдебиеті
күн
сабақта сабақта
р р
10:00 - ағылшын тілі 10:00 - ағылшын тілі математика химия қазақ ағылшын тілі ағылшын тілі
11:20 11:20 әдебиеті/ор
8
2-3- 2-3- ыс әдебиеті
күн
сабақта сабақта
р р
информатика 9:00 - математика информатик ағылшын тілі биология география география /
10:20 а экономика
1-2-
10:00 -
сабақта
11:20
9 р
2-3-
күн 11:00 - құқық ағылшын тілі графика және жобалау
сабақта
12:20 негіздері
р
3-4-
сабақта
р
10:00 - информатик биология биология
11:20 а
10
2-3-
күн
сабақта
р

27
Тоқсандық жиынтық бағалау MS Teams платформасын қолдану арқылы
қашықтықтықтан оқыту форматында өткізіледі.
 Барлық қатысушыларға немесе жеке оқушыға материалды жіберу үшін
мұғалім Файлы бөлімін және/немесе терезенің төменгі жағында орналасқан
құралдарды қолданады.

 Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын пән мұғалімдері кестеге


сәйкес (2-кесте) өз топтарына жібереді. Мысалы орыс тілі пәнінен 7-сыныптағы
ТЖБ тапсырмалары сағат 10:00-де жіберіледі (мұндайда тапсырманы жариялау
бойынша сәйкес команда жүзеге асырылады). Оқушылар белгіленген уақытта
тапсырманы орындап (40 мин.), сағат 10:40-та жұмысты тексеру үшін мұғалімге
жібереді.
 Тіл пәндері бойынша (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) Тыңдалым мен
айтылым дағдыларын бағалау үшін Начать собрание құралын қолдану
ұсынылады. Мұғалім белгілі бір оқушының/оқушылардың мәтінін немесе сұхбатын
тыңдау үшін жиналысқа шақырады. Сондай-ақ бұл құралдың көмегімен мұғалім
сыныптағы барлық оқушылардың ТЖБ тапсырмаларын орындау барысын бақылай
алады және онлайн режимде видеожазба жасай алады.
 Оқушылардың ТЖБ тапсырмаларын басып шығаруы қажет емес, олар
тапсырманы электронды түрде оқып, оны дәптерлерінде немесе А4 парақтарында
орындай алады.
 Оқушылар тапсырманы орындап болған соң жұмыстарын сканерлеп
немесе фотосуретке түсіріп, платформаның көмегімен немесе басқа да қолжетімді
тәсілмен (пошта, Skype, Zoom, Telegram, WhatsApp және басқалары) мұғалімге
жібереді.
Бекітілген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды және
бағаланбайды.
28
Техникалық ақау орын алған жағдайда оқушыларға ТЖБ-ны бір аптаның ішінде
қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Ол үшін Зияткерлік мектептер қосымша
жиынтық бағалау нұсқаларын құрастырады.
Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша балдар, сондай-ақ тоқсандық,
жылдық және қорытынды баға қойылады.
Тоқсандық баға 50 %/50 % пайыздық қатынасында БЖБ және ТЖБ
нәтижелеренің негізінде қойылады.

Ескерту: 2020 жылғы 27 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


дербес білім беру ұйымының Басқарма шешімімен бекітілген (№9 хаттама)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушыларын
қашықтықтан оқыту жағдайындағы білім беру ережелеріне сәйкес жиынтық
бағалауды ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды Зияткерлік мектеп әкімшіліктері
қамтамасыз етеді.

Өз бетімен оқуға арналған пәндерден сынақ қою бойынша ұсыныстар

Мұғалім тоқсанның басында барлық оқушыларға пән бойынша талаптарды


түсіндіріп, алда оқитын материалдың көлемі, бағалау критерийлері мен
тапсырманы орындау мен тапсыру мерзімі көрсетілген өз бетімен оқуға арналған
жоспарды ұсынуы керек.

Өз бетімен оқуға арналған жоспардың үлгісі

Бақылау Тапсыру
№ Тақырып Бағалау критерийлері
формасы мерзімі
• Өнер туындыларындағы көркемдік стильдің Практикалық 4-апта
ерекшеліктерін анықтайды. жұмыс
Портрет • Әртүрлі портреттердің түрін ажыратады. Сызықтық
дегеніміз • Адамның түр-әлпет пропорциясымен танысады. портрет
1 не? Портрет • Портреттің көңіл күйін берудегі өнер құралдарын
және көрсетеді.
визуалды • Адамдарды және олардың сыртқы түр-тұлғасындағы
элементтер айырмашылықтарды таниды.
• Әртүрлі графикалық материалдарға эксперимент
жасай отырып, сызықтық портерт салады.
• Портреттердегі түстерді салыстырады. Тері түсінің Шығармашылы 7-апта
реңктерін әртүрлі материалдармен салыстырады. Тері қ жұмыс
Портрет түсінің реңктерін әртүрлі материалдармен зарттейді. Портрет салу
және түс. • Әртүрлі суретшілердің портреттеріндегі өнер
Түс және құралдары мен стильдік ерекшеліктерді салыстырады.
2
портреттегі • Өнер құралдарын қолдана отырып портерт салады.
көңіл күй • Өнер құралдары арқылы портреттің эмоциялық қырын
көрсетеді.
• Өнер құралдары мен әртүрлі материалдарды қолдана
отырып, портрет салады.

Мұндайда өз бетімен оқитын пәндерден күтілетін нәтижеге табысты жету үшін


тоқсан бойына оқыту процесінде оқитын барлық материалдардың көлемін,
қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын оқушыларға ұсыну керек және уақытылы
кері байланыс беріп, кеңес беруді жүзеге асыру керек.
29
Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауына
және қалыптастырушы бағалау кезінде орындалған тапсырманың бағалау
критерийлеріне сәйкестігіне басар назар аударуы керек.
Оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес бекітілген бағалау критерийлері мен
дескрипторлар бойынша тапсырмаларды тексеру нәтижесі бойынша және
мұғалімнің кәсіби пайымының негізінде «есептелінді» / «есептелінген жоқ»
белгілері қалыптасады, ол оқу мақсатына оқушының жетуі мен меңгеруін білдіреді
(төмендегі сызбаны қарау).
NIS-Programmе
Күтілетін нәтиже

сынақ/сынақтан өтпеді
Оқу бағдарламасы
Мұғалімнің кәсіби Оқу мақсаттары
пайымы

Оқу процесі
Оқу мақсаттарының Қалыптастырушы бағалау
жартысына көбіне жетеді, Кері байланыс
тапсырмаларды орындауы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы

ТЖБ модерациясы онлайн түрде жүргізіледі. Модерацияны өткізбес бұрын


мұғалім оқушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын алдын ала тексеріп шығады.
Тексерілген жұмыстардан мұғалімдер үш жұмысты таңдап, оқушылардың аты-
жөндерін жасырып, модерация отырысында талқылау үшін олардың электрондық
көшірмелерін дайындайды.
ТЖБ модерациясын өткізу тәртібі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Басқармасының шешімімен 2016 жылдың 15 тамызында бекітілген (№39 хаттама)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 1-12-
сыныптарына арналған оқушылардың оқу нәтижелерін критериалды бағалау
ережелеріне» сүйеніп жүргізіледі.

Бағалауды жүргізу кезінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау

Білім беру саласындағы мамандардың пікірінше, қашықтықтан оқыту


жағдайында академиялық адалдықты қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердің
біріне айналды. Академиялық адалдық қағидаларын бұзу, ең алдымен,
оқушылардың өз міндеттерін жауапкершілікпен орындамауларынан байқалады.
Нақтырақ айтқанда, бір-бірінен көшіру, ата-аналары немесе отбасының басқа да
мүшелерінен көмек сұрау, интернет ресурстарын қолдану және с.с. Бұдан бөлек
академиялық адалдықты сақтамаудың кең таралған тағы бір мысалы – тапсырманы
орындауға бөлінген уақытты ұстанбау.
Сарапшылар академиялық адалдықты сақтамаудың мынадай түрлерін
айқындайды:
• алаяқтық – басқа адамдардан кеңес сұрауды қоса алғанда қолдануға
болмайтын оқу материалдары мен ақпараттарды саналы түрде қолдану;
30
• плагиат – басқа адамның жазғанын қолдану және дереккөзді көрсетпеу;
• фабрикация – шын мәнінде жоқ деректер немесе сілтемелерді, ақпараттарды
ойдан құрастыру;
• көмек көрсету – басқалардың академиялық адалдықты сақтамауына
әдейілеп көмек көрсету.
Халықаралық академиялық адалдық орталығы академиялық адалдықты бес
негізгі қағиданы ұстанумен байланыстырады. Олар: білім мен ғылым үшін негізгі
іргетас болып саналатын, батылдықпен сусындаған шынайылық, сенім, әділдік,
сыйластық және жауапкершілік. Аталған қағидаларсыз оқу мен оқыту өз
құндылығын жоғалтады және күмән туғызады.
Академиялық адалдық ортасын жасау үшін дайын шешім жоқ екенін атап өту
керек, алайда барлық қажеттіліктерді ескере отырып, саналы және жүйелі түрде
жасалған жұмыс оқушылардың ол туралы біліп, академиялық адалдық
құндылықтарын мақсатты түрде дамытуларына көмектеседі. Білім беру ұйымдары
бұл тұрғыдан келесідей жұмыстарды жүзеге асырғаны жөн:
• академиялық адалдық саясаты мен нормаларын анықтау;
• барлық қатысушылардың назарына ақпаратты нақты жеткізе отырып,
хабардар етуді арттыру;
• зерттеу, дәйексөздерге сілтеме жасау, жазуды дұрыс жүргізу және
академиялық адалдық дағдыларын дамыта отырып, оқушыларды ақпараттандыру
және қолдау;
• оқыту саясаты мен ұйым стандарттарын сақтауды қолдана отырып, өз
құндылықтары мен абыройларын қорғау.
Академиялық адалдық қағидаларын бұзуды болдырмас үшін әрбір мұғалім
оның себептерін анықтауға тырысуы керек, оқушылардың құндылық
бағдарларының шектелмеуіне жол бермеуі қажет.
Сарапшылардың пікірінше, келесі ұсыныстар мұғалімге көмектеседі және
сыныпта оқушылардың академиялық адалдық дағдыларын дамытуларына
мүмкіндік береді.
Қоғамдастық құру:
• академиялық адалдықтың маңыздылығын көрсетіңіз;
• әрбір жұмысты тапсыру кезінде адалдық туралы естеріне салыңыз;
• оқушылармен жағымды қарым-қатынас ортасын құрыңыз;
• өз пәніңіздің маңызды екендігін көрсетіңіз.
Курс өткізу:
• тапсырмаларды әрбір оқушыға дайындаңыз;
• алдын ала келісу үшін жұмысты ұсынуын өтініңіз;
• әртүрлі бағалау әдістерін қолданыңыз.
Нақтылау:
• тапсырмаға қатысты өз тәсіліңізді сипаттап беруін өтініңіз;
• сілтеме жасалған материалдармен қатар анықтамалық мақалалардың
көшірмелерін беруді өтініңіз.
Заманауи технологияларды қолдану:
• бейнеконференцияларды қолданыңыз;
• плагиатты анықтау үшін БҚ қолданатыныңыз туралы айтыңыз;
• бір сұрақты және басқа да стратегияларды тек бір рет қана көрсетіңіз.

Дереккөздер:
1. Фундаментальные ценности академической доброчестности. «The
Fundamental Values of Academic Integrity» басылымынан аударма, екінші басылым.
Международный центр академической доброчестности. Ред. Тедди Фишман.
Университет Клемсон. 1999
31
2. Академическая честность: Что это и почему она так важна для
международных студентов? - http://www.mbastrategy.ru/content/view/4259/lang,Rus/
3. Дементьева Юлия Олеговна «КОНТРОЛЬ ОДНОГРУППНИКОВ КАК
ФАКТОР ПОВЫШЕНИЯ ЧЕСТНОСТИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЫ»
https://www.hse.ru/data/2017/06/26/1170322048/%D0%94%D0%B5%D0%BC%D0%B5
%D0%BD%D1%82%D1%8C%D0%B5%D0%B2%D0%B0%20%D0%AE.%D0%9E.%20
%D0%92%D0%9A%D0%A0..docx

32

You might also like