You are on page 1of 7

Бекболатов Санжар

Физика Омарұлы
«140+1» БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ №3
Кинематика
Biz seni jaqsy kóremiz Бірқалыпты
қозғалыс

Қозғалыстың негізгі түрлері:


1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс
2. Бірқалыпты айнымалы(үдемелі немесе кемімелі) қозғалыс
3. Дененің тік жоғары және төмен қозғалысы (Вертикаль бойымен қозғалыс)
4. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы
5. Шеңбер бойымен немесе қисық сызықты қозғалыс

Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс


Дене кез келген уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс
бірқалыпты қозғалыс деп аталады. Бірқалыпты қозғалыста жылдамдық тұрақты ( ).
S – жүрілген жол ( м )
– жылдамдық ( м/с )
Жүрілген жол формуласы:
𝑆 𝜗 ∙ 𝑡 t – уақыт ( с )

– бастапқы коорд.

Бірқалыпты қозғалыстың теңдеуі: 𝑥 𝑥 +𝜗∙𝑡 – координата

Бірқалыпты қозғалыс графиктері

х 𝜗
х х +𝜗∙𝑡

х 𝜗∙𝑡 x

t t
0 0
x(t) 𝜗(t)
Бірқалыпты қозғалыс графигі координатаға байланысты жоғары және жылдамдыққа
байланысты бірқалыпты сызылады

Орташа жылдамдық

Қозғалыстағы дене барлық уақытта бірдей жылдамдықпен қозғала бермейді. Оның


жылдамдығы бірде артып, бірде кеміп отырады. Мұндай жағдайда дене қозғалысын сипаттау үшін
орташа жылдамдық дегегн ұғым енгіземіз. Орташа жылдамдықты табу үшін дененің жүріп өткен
барлық жолын сол жолды жүріп өтуге кеткен уақытқа бөлеміз.

𝑆 + 𝑆 + 𝑆3 +
𝜗
𝑡 + 𝑡 + 𝑡3 +

Егер дене жолдың жартысын 𝜗 , ал Егер дене уақыттың жартысын 𝜗 , ал


қалған жартысын 𝜗 жылдамдықпен қалған жартысын 𝜗 жылдамдықпен
жүрсе, формуламыз: жүрсе, формуламыз:
𝜗𝜗 𝜗 +𝜗
𝜗 𝜗
𝜗 +𝜗

Мысал-1: Автомобиль жолдың бірінші жартысын орташа 90 км/сағ жылдамдықпен, ал


екінші жартысын орташа 110 км/сағ жылдамдықпен өтті. Автомобилдің жол бойындағы орташа
жылдамдығын анықтаңыз.

: Автомобиль жолдың жартысын 90 км/сағ, ал қалған жартысын 110 км/сағ


жылдамдықпен жүргендіктен

+
∙ ∙
+ +

Мысал-2: Пойыз бірінші 12 км-ді 36 км/сағ орташа жылдамдықпен, екінші 8 км-ді 40 км/сағ
орташа жылдамдықпен, үшінші 10 км-ді 60 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың
барлық бөлігіндегі пойыздың орташа жылдамдығы
: 12 км 8 км 10 км

36 км/сағ 40 км/сағ 60 км/сағ


𝑡 𝑡 𝑡3

Алдымен пойыздың әр жолдағы кеткен уақыттарын 3 – ті табамыз.

3
3

+ + 3+ + +
+ + 3+ + +

Бірқалыпты қозғалыс есептері


1. Автомобиль Жерге қатысты 15 м/с жылдамдықпен жүріп келеді. Автомобильдің 10 мин ішінде Жерге қатысты
жүрген жолы
А) 5 км В) 6 км С) 3 км Д) 8 км Е) 9 км

2. 6 м/с жылдамдықпен бірінші дененің 3 с-та жүріп өткен жолын 9 с-та жүріп өткен екінші дененің жылдамдығы
А) 5 м/с В) 6 м/с С) 3 м/с Д) 2 м/с Е) 4 м/с

3. Ұзындығы 200 м пойыз 36 км/сағ жылдамдықпен ұзындығы 400 м көпірді жүріп өту үшін кеткен уақыт
А) 60 с В) 50 с С) 30 с Д) 20 с Е) 40 с

4. Дененің қозғалыс теңдеуі түрінде берілген. Дененің бастапқы координатасы мен қозғалыс жылдамдығы
А) В) С)
Д) Д)

5. Дене ОХ осіне қарама-қарсы 36 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Бастапқы координатасы20 м. Дененің 4 с-
тан кейінгі координатасы және осы уақытта жүрген жолы
А) 60 м, 30 м В) 60 м, 40 м С) 40 м, 100 м Д) 40 м, 80 м Е) 50 м, 60 м

6. Автобус 72 км/сағ жылдамдықпен 10 минут бойы қозғалады. Автобустың жүріп өткен арақашықтығын таыбыңыз
А) 12 км В) 8 км С) 10 км Д) 14 км Е) 6 км

7. Автобус 20 км/сағ жылдамдықпен 1 сағат бойы қозғалады. Автобустың жүріп өткен арақашықтығын таыбыңыз
А) 15 км В) 18 км С) 20 км Д) 22 км Е) 25 км

8. 14 м/с жылдамдықпен бірінші велосипедші жолды 3 с жүріп өтті. Сол жолды 4 с жүріп өткен екінші
велосипедшінің жалдамдығы
А) 12 м/с В) 10,5 м/с С) 12,5 м/с Д) 11,5 м/с Е) 13 м/с

9. Велосипедшінің қозғалыс теңдеуі . 5 с ішіндегі велосипедшінің орын ауыстыру модулі


А) - 28м В) -36 м С) -34 м Д) -30 м Е) -32 м
10. Велосипедшінің қозғалыс теңдеуі . 3 с ішіндегі велосипедшінің орын ауыстыру модулі
А) - 2м В) -3 м С) -4 м Д) 0 м Е) -5 м

11. Автомобиль жерге қатысты 20 м/с жылдамдықпен жүріп келеді. Автомобилдің 4 мин ішіндегі Жерге қатысты
жүрген жолы
А) 2000 м В) 2800 м С) 4800 м Д) 4000 м Е) 3800 м

12. 750 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын ұшақтың 6 сағ ішінде ұшып өтетін аралығы
А) 1500 км В) 2500 км С) 3500 км Д) 4500 км Е) 5500 км

13. Екі көлік бір-біріне қарай 140 м арақашықтықтан 12 м/с және 2 м/с тұрақты жылдамдықпен қозғала бастады.
Олардың кездесу уақыты
А) 7 с В) 14 с С) 9 с Д) 10 с Е) 11 с

14. Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен
есептеп табыңдар
А) 3 м/с В) 4 м/с С) 5 м/с Д) 6 м/с Е) 7 м/с

15. Арақашықтығы 120 км болатын екі қала арасын 2,5 сағатта жүріп өткен көліктің жылдамдығы
А) 50 км/сағ В) 71 км/сағ С) 48 км/сағ Д) 56 км/сағ Е) 40 км/сағ

16. Күннен жерге дейінгі қашықтық шамамен 150 млн км. Жарық жылдамдығы 300000 км/с. Жарық Күннен Жерге
қанша уақытта жетеді?
А) 500 с В) 450 с С) 400 с Д) 350 с Е) 300 с

17. Егер Нұрай бірқалыпты 5 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын болса, оның 800 м жолды жүріп өтуге жұмсайтын
уақыты
А) 12 минут В) 18 минут С) 40 минут Д) 9,6 минут Е) 8,6 минут

18. Ұзындығы 2 м болатын көліктің бірқалыпты 2 м/с жылдамдықпен қозғалып, ұзындығы 60 м үйдің жанынан толық
өтіп кетуі үшін кететін уақыт
А) 10 с В) 12 с С) 30 с Д) 29 с Е) 31 с

19. Пойыз бақылаушының жанынан 15 с уақытта өтеді. Ал ұзындығы 500 м болатын көпірден 35 с уақытта өтетін
болса, пойыздың ұзындығы
А) 425 м В) 325 м С) 265 м Д) 375 м Е) 195 м

20. Автомобиль уақыттың бірінші жартысын орташа 90 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын орташа 110 км/сағ
жылдамдықпен өтті. Автомобилдің жол байындағы орташа жылдамдығын анықтаңыз
А) 100 км/сағ В) 110 км/сағ С) 120 км/сағ Д) 140 км/сағ Е) 130 км/сағ

21. Автомобиль жолдың бірінші жартысын орташа 80 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын орташа 120 км/сағ
жылдамдықпен өтті. Автомобилдің жол байындағы орташа жылдамдығын анықтаңыз

А) 98 км/сағ В) 92 км/сағ С) 96 км/сағ Д) 94 км/сағ Е) 90 км/сағ

22. Автомобиль уақыттың бірінші жартысын орташа 80 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын орташа 60 км/сағ
жылдамдықпен өтті. Автомобилдің жол байындағы орташа жылдамдығын анықтаңыз
А) 80 км/сағ В) 70 км/сағ С) 50 км/сағ Д) 60 км/сағ Е) 90 км/сағ

23. Автомобиль жолдың бірінші жартысын орташа 60 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын орташа 80 км/сағ
жылдамдықпен өтті. Автомобилдің жол байындағы орташа жылдамдығын анықтаңыз
А) 67,4 км/сағ В) 68,6 км/сағ С) 69,4 км/сағ Д) 66,6 км/сағ Е) 65,4 км/сағ
24. Тікұшақ жолдың бірінші жартысын орташа 90 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын орташа 15 м/с
жылдамдықпен ұшып өтті. Тікұшақтың жол бойындағы орташа жылдамдығын анықтаңыз
А) 18,75 м/с В) 17,75 м/с С) 15,75 м/с Д) 16,75 м/с Е) 19,75 м/с

25. Пойыз жолдың екінші жартысын бірінші жартысына қарағанда 3 есе жылдамырақ жүріп өтті. Егер пойыздың
орташа жылдамдықғы 60 км/сағ болса, пойыздың жолдың бірінші жартысындағы жылдамдығын табыңыз
А) 80 км/сағ В) 70 км/сағ С) 60 км/сағ Д) 50 км/сағ Е) 40 км/сағ

26. Пойыз жолдың екінші жартысын бірінші жартысына қарағанда 4 есе жылдамырақ жүріп өтті. Егер пойыздың
орташа жылдамдықғы 100 км/сағ болса, пойыздың жолдың екінші жартысындағы жылдамдығын табыңыз
А) 240 км/сағ В) 250 км/сағ С) 260 км/сағ Д) 270 км/сағ Е) 280 км/сағ

27. Пойыз жолдың екінші жартысын бірінші жартысына қарағанда 2 есе жылдамырақ жүріп өтті. Егер пойыздың
орташа жылдамдықғы 60 км/сағ болса, пойыздың жолдың екінші жартысындағы жылдамдығын табыңыз
А) 80 км/сағ В) 70 км/сағ С) 60 км/сағ Д) 50 км/сағ Е) 90 км/сағ

28. Автомобиль уақыттың бірінші жартысын орташа 90 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын орташа 45 м/с
жылдамдықпен ұшып өтті. Автомобиль жол бойындағы орташа жылдамдығын анықтаңыз
А) 35 м/с В) 40 м/с С) 45 м/с Д) 30 м/с Е) 25 м/с

29. Мотоцикл уақыттың екінші жартысын бірінші жартысына қарағанда 5 есе жылдамырақ жүріп өтті. Егер
мотоциклдің орташа жылдамдықғы 60 км/сағ болса, пойыздың уақыттың екінші жартысындағы жылдамдығын табыңыз
А) 80 км/сағ В) 70 км/сағ С) 90 км/сағ Д) 100 км/сағ Е) 110 км/сағ

30. Автомобиль уақыттың бірінші жартысын екінші жартысына қарағанда 4 есе жылдамырақ жүріп өтті. Егер
автомобилдің орташа жылдамдықғы 72 км/сағ болса, пойыздың уақыттың екінші жартысындағы жылдамдығын табыңыз
А) 28,2 км/сағ В) 28,4 км/сағ С) 28,6 км/сағ Д) 28,8 км/сағ Е) 29 км/сағ

31. Пойыз бірінші 10 км-ді 36 км/сағ орташа жылдамдықпен, екінші 10 км-ді 40 км/сағ орташа жылдамдықпен, үшініші
10 км-ді 60 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі пойыздың орташа жылдамдығы
А) 43,2 км/сағ В) 44,2 км/сағ С) 41,2 км/сағ Д) 42,2 км/сағ Е) 45,2 км/сағ

32. Пойыз бірінші 6 км-ді 36 км/сағ орташа жылдамдықпен, екінші 10 км-ді 40 км/сағ орташа жылдамдықпен, үшініші
5 км-ді 60 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі пойыздың орташа жылдамдығы
А) 43 км/сағ В) 44 км/сағ С) 41 км/сағ Д) 42 км/сағ Е) 45 км/сағ

33. Пойыз бірінші 5 км-ді 25 км/сағ орташа жылдамдықпен, екінші 8 км-ді 24 км/сағ орташа жылдамдықпен, үшініші 4
км-ді 32 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Жолдың барлық бөлігіндегі пойыздың орташа жылдамдығы
А) 25,2 км/сағ В) 25,8 км/сағ С) 24,2 км/сағ Д) 24,8 км/сағ Е) 23,2 км/сағ

34. Автомобиль жолдың үштен бірін 54 км/сағ, ал қалған бөлігін 72 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің
орташа жылдамдығы
А) 16 м/с В) 18 м/с С) 20 м/с Д) 22 м/с Е) 24 м/с

35. Автомобиль жолдың бестен бірін 36 км/сағ, ал қалған бөлігін 18 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің
орташа жылдамдығы
А) 20 км/сағ В) 25 км/сағ С) 54 км/сағ Д) 18 км/сағ Е) 30 км/сағ

36. Автомобиль жолдың төрттен үш бөлігін 54 км/сағ, ал қалған бөлігін 18 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.
Автомобильдің орташа жылдамдығы
А) 104 км/сағ В) 36 км/сағ С) 54 км/сағ Д) 18 км/сағ Е) 72 км/сағ
37. Велосипедші қозғалысының алғашқы 20 мин уақытында 15 км, ал келесі 30 минутта 17,5 км жол жүрді.
Велосипедшінің орташа жылдамдығы
А) 52 км/сағ В) 46 км/сағ С) 39 км/сағ Д) 27 км/сағ Е) 21 км/сағ

38. Дене жолдың үштен бір бөлігін тұрақты жылдамдықпен 1,4 сағатта жүріп өтті. Егер дене жылдамдығын екі есе
арттырса, жолдың қалған бөлігін жүріп өту уақыты
А) 0,7 сағ В) 1,4 сағ С) 2,8 сағ Д) 1 сағ Е) 2 сағ

39. Автомобиль өз сапарында уақыттың бестен бір бөлігін 72 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 108 км/сағ
жылдамдықпен қозғалса, оның орташа жылдамдығы
А) 102,8 км/сағ В) 100,8 км/сағ С) 111,8 км/сағ Д) 101,8 км/сағ Е) 103,8 км/сағ

40. Арақашықтығы 205 км екі қала арасын жолаушы 2 сағат 10 минутта жүріп өтті. Егер оның көлігінің жылдамдығы
120 км/сағ болса, жолаушының аялдамаға жұмсаған уақыты
А) 30 минут В) 20 минут С) 22,5 минут Д) 27,5 минут Е) 25 минут

41. Мотоциклші алғашқы 2 сағатта 90 км жол жүрді, ал келесі 3 сағатта 50 км/сағ жылдамдықпен жүріп отырды. Жол
бойындағы орташа жылдамдықтың мәні
А) 70 км/сағ В) 100 км/сағ С) 48 км/сағ Д) 80 км/сағ Е) 60 км/сағ

42. Автокөлік жолдың үштен бірін 48 км/сағ, ал қалған бөлігін 72 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автокөліктің
орташа жылдамдығын табыңыз:
A) ≈ 57 км/сағ B) ≈ 60 км/сағ C) ≈ 62 км/сағ D) ≈ 65 км/сағ E) ≈ 68 км/сағ

43. Екі автомобиль бензоколонкадан қарама-қарсы жаққа қозғалды: біріншісінің жылдамдығы 60 км/сағ, екіншісінікі
90 км/сағ. Қозғалыс басталғаннан кейін 30 минуттан кейін олардың ара қашықтығы:
A) 85 км B) 70 км C) 90 км D) 80 км E) 75 км

44. Жүргізуші уақыттың бірінші жартысында 60 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Барлық бөліктегі орташа жылдамдық
45 км/сағ. Жолдың екінші жарты бөлігіндегі орташа жылдамдығы:
А) 125 км/сағ В) 60,25 км/сағ С) 30 км/сағ D) 65 км/сағ Е) 62,5 км/сағ

45. Автомобиль өз сапарында уақыттың төрттен бір бөлігі 36 км/сағ, ал қалған уақыт бөлігін 54 км/сағ жылдамдықпен
қозғалса, оның орташа жылдамдығы:
А) 50 км/сағ В) 49,5 км/сағ С) 45 км/сағ D) 40 км/сағ Е) 90 км/сағ

46. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км/сағ жылдамдықпен, екінші жартысын 30 м/с жылдамдықпен жүріп
өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығы:
А) 24 м/с В) 50 км/сағ С) 30 м/с D) 20 м/с Е) 25 м/с

47. Адам жолдың алғашқы төрттен бір бөлігін 7 м/с жылдамдықпен жүгіріп өтіп, қалған бөлігін екі есе кем
жылдамдықпен жүріп өтсе, барлық жолдағы орташа жылдамдық:
А) 4 м/с В) 6 м/с С) 2,5 м/с D) 7 м/с Е) 3,5 м/с

48. Адам жолдың үштен бір бөлігін 20 км/сағ жылдамдықта велосипедпен, ал қалған бөлігін 10 км/сағ жылдамдықпен
жаяу жүріп өткен. Оның барлық жолдағы орташа жылдамдығы:
A) 45 км/сағ B) 12 км/сағ C) 60 км/сағ D) 25 км/сағ E) 50 км/сағ

49. Адам жолдың үштен бір бөлігін 10 км/сағ жылдамдықта велосипедпен, ал қалған бөлігін 5 км/сағ жылдамдықпен
жаяу жүріп өткен. Оның барлық жолдағы орташа жылдамдығы:
A) 4,5 км/сағ B) 6 км/сағ C) 6,7 км/сағ D) 2,5 км/сағ E) 5 км/сағ

50. Бірқалыпты қозғалған дене 10 с ішінде 15 м жол жүреді. Дененің осындай жылдамдықпен қозғала отырып, 6 с
ішінде жүрген жолы:
A) 9 м B) 6 м C) 30 м D) 4,5 м E) 3 м
БІРҚАЛЫПТЫ ҚОЗҒАЛЫС
1 Е 11 С 21 С 31 А 41 С
2 Д 12 Д 22 В 32 Д 42 С
3 A 13 Д 23 В 33 В 43 Е
4 Д 14 С 24 А 34 В 44 С
5 В 15 С 25 Е 35 А 45 В
6 А 16 А 26 В 36 В 46 А
7 С 17 Д 27 Е 37 С 47 А
8 В 18 Е 28 А 38 В 48 В
9 В 19 Д 29 Д 39 В 49 В
10 В 20 А 30 Д 40 Д 50 А

You might also like