You are on page 1of 4

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты


таңдауға арналған тапсырмалар беріледі.
1. Қола дәуіріндегі алғашқы қала Арқайым архитектурасына ұқсас қоныс
A) Аржан
B) Шебір
C) Шағалалы
D) Дүзбай
E) Қамысты
2. 1980 ж. Ботай мәдениетін зерттеп жылқының алғаш қолға үйретілгенін
дәлелдеген археолог
A) К.Байпақов
B) В.Зайберт
C) Н.Пантусов
D) Ә.Марғұлан
E) В.Бартольд
3. Ұлы жабғу атағын иеленген түркілердің көсемі
A) Қапаған қаған
B) Сұлу қаған
C) Бумын қаған
D) Шегу қаған
E) Анағұй қаған
4. Қытай деректері бойынша қаңлыларға тәуелді болды
A) үйсіндер мен сарматтар
B) сарматтар мен сақтар
C) үйсіндер мен аландар
D) ғұндар мен сарматтар
E) сарматтар мен аландар
5. XIV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған
мемлекет
A) Ақ Орда
B) Көк Орда
C) Моғолстан
D) Сібір хандығы
E) Алтын Орда
6. Қазақстан БҰҰ-на мүшелікке қабылданған мерзім
A) 1991 жылы 10 желтоқсан
B) 1992 жылы 2 наурыз
C) 1992 жылы 4 маусым
D) 1992 жылы 11 желтоқсан
E) 1993 жылы 28 қаңтар
7. XIX ғасырдағы Қарқаралы уезіндегі жәрмеңке
A) Қоянды-Ботов
B) Тайыншакөл
C) Ойыл
D) Темір
E) Шар
8. 1960-1962 жылдары Д.А.Қонаевтың атқарған қызметі
A) Қазақ КСР-і ғылым академиясының президенті
B) Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы
C) Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
D) Балқаш мыс комбинатының басшысы
E) Алтай түсті металлургия комбинатының басшысы
9. 1929-1933 жылдары болған көтерілістер қарсы бағытталды
A) еңбек міндеткерлігіне
B) тыл жұмыстарына алуға
C) күштеп ұжымдастыруға
D) әскери коммунизмге
E) жаңа экономикалық саясатқа
10. Pесей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, «Орынбор өлкесінің
Колумбы» атанған ғалым
A) И.Г.Андреев
B) П.И.Рычков
C) Г.Ф.Миллер
D) В.Н.Татищев
E) И.Н.Березин
Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс
жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті
мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Орталық Азия өркениетінің ежелгі ошағы Сырдария аймағы


Шаштың солтүстігін Сырдария аймағы алып жатыр. Сырдарияның орта
ағысындағы бұл аймақ даламен шектеседі. Аймақ Қаңғы атаумен Авестада
кездеседі, Ал Сыма Цянь оны «Қаңлы мемлекеті» деп атады. Бұл өркениет
ошағының ірі орталығы Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында
орналасқан Отырар (Фараб) шаһары болды. Мыңжылдықтың соңында бұл жер
сауда мен қолөнер орталығына айналды. Бұл туралы көптеген мұсылман
тарихшылары мен жағрапияшылары деректер қалдырды. Х ғасырда Отырар
Қарахандар мемлекетіне қарады. Кейіннен қарахандар моңғол
шапқыншылығынан күйреген соң, Отырар Хорезмнің қол астына өтті.
Мұсылман жылнамаларында моңғол шапқыншылығынан кейін Сырдария
жазирасы Түркістан деп аталды. Аймақта Сауран, Созақ, Сығанақ, Сайрам
(Испиджаф) және Түркістан (Яссы) шаһарлары болды. Олар Қазақстан мен
бүкіл Орталық Азияның тарихында үлкен маңызды рөл атқарды.
Джандосова З.А. Қазақстан тарихы. 10 сынып. Алматы: Мектеп, 2019. – 24-25 бб.

11. Мәнмәтінді пайдаланып, ежелгі дәуірде Сырдария аймағында өмір сүрген


тайпаны анықтаңыз:
A) Сақ
B) Үйсін
C) Қаңлы
D) Ғұн
E) Сармат
12. Мәнмәтін бойынша Сырдария аймағы өркениет ошағының орталығы болған
шаһарды анықтаңыз:
A) Жент
B) Тараз
C) Баршынкент
D) Фараб
E) Жанкент
13. Мәнмәтінді негізге алып, ІХ ғасырдың соңында Сырдарияның орта
ағысында құрылған ортағасырлық мемлекетті анықтаңыз
A) Қыпшақ хандығы
B) Қимақ мемлекеті
C) Қарақытай мемлекеті
D) Қарлұқ қағанаты
E) Оғыз мемлекеті
14. Мәнмәтін бойынша Орталық Азия тарихында маңызды рөл атқарған
қалаларды анықтаңыз
A) Қойлық, Талхиз, Алмалық
B) Баласағұн, Суяб, Науакент
C) Сауран, Созақ, Сығанақ
D) Жент, Ақтөбе, Кедер
E) Басқамыр, Аяққамыр, Сарайлы
15. Мәнмәтін бойынша Сырдария аймағы өркениетіне қатысты дұрыс дәйекті
анықтаңыз
І. Сырдария аймағы өркениет ошағының ірі орталығы Тараз
ІІ. Қаңлы мемелкеті туралы мәліметтер Қытай дерегінде кездеседі
ІІІ. Мұсылман жылнамаларында Сырдария жазирасы Түркістан деп
аталды
ІV. Сырдария аймағы ХIII ғасырдың бірінші жартысында монғол
шапқыншылығына ұшырады
V. Сығанақ қаласы Шығыс Түркістандағы маңызды сауда орталығы
A) І, ІV
B) ІІ, ІІІ, ІV
C) І, ІІІ,V
D) І, ІV,V
E) І, ІІІ

You might also like