You are on page 1of 11

28.Қасым хан және оның ішкі және сыртқы саясаты.

Қазақ
хандығының нығаю кезеңі.
• Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстарды
аяқтап, тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт өмір
орнады.
• 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін Қазақ хандығы Қасым
хандығы деп атала бастады.
• Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты
хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы
батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында
Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік
бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты.
• Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
• Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және Орыс
мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты.
• Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы
мемлекеттердің бірі князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі
Мәскеу мемлекеті болды.
• Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Еуропаға мәлім
болды.
• Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси,
экономикалық, әскери қуатын арттырды. Оның тұсында мемлекеттің ең
жоғарғы заң шығарушы органы Мәслихат – сұлтандар мен ру
басшыларының съезі болды.
• Мәслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды – соғыс
жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын
айқындау сияқты мәселелеін қарастырды.
• Мәслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқығы болды. Мәслихат
жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды.
• Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге оның заң
қабылдау, жарлық беру құқығы болды.
• Ханның жанына неғұрлым беделді билер мен қауым өкілдерінен тұратын
кеңесші ұйым – Билер кеңесі болды.
• Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқықтық
нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы болған «Қасқа жолды»
жарыққа шығарды.
• Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері
негізінде жасалды.
• Халық Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы болған жарғыны
қайтадан жаңғыртқанын ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап
кеткен.
• Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбалары бойынша Қасым хан 1518 жылы
қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты
еңбегінде Қасым ханның қайтыс болған уақыты 1523-1524 жылдар деп
көрсетеді.
• Қадырғали Жалайыридың мәліметі бойынша Қасым хан Сарайшық
қаласында дүние салған.

29.Хақ-Назар хан тұсындағы Қазақ хандығы. Қазақ-Ноғай


байланыстары.
• 1523 жылы Тахир хан ноғайлардан біржолата жеңіліп, қазақ даласының
батысын тастап, оңтүстік-шығысқа кеткен соң Қазақ хандығы үшке бөлініп,
сыртқы жаулардан әркім өз білгенінше қорғана бастады.
• Осы уақытта әкесі атақты Қасым ханның «қасқа жолын ұстанған» Хақназар
хан тарих сахнасына шықты.
• Ол Қасым ханның Ханық сұлтан-ханым атты әйелінен туған еді.
• Хақназар қазаққа да, ноғайға да жақын хан тұқымына айналды. Ноғайлар
оны Хақназар сұлтан десе, қазақтар Ақназар хан дейтін.
• Ноғай мырзаларымен бірігіп Шейх Мамай Қазақ хандығын талқандаған соң
оның тағына өздері тәрбиелеген Хақназар сұлтанды 1538 жылы ақ киізге
отырғызып, хан көтерді.
• Қазақ даласына хан болу үшін толық билікке Хақназардың қолы 1559-1560
жылдары ғана жетті.
• Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) өзінен бұрын
бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді.
• Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи
деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады.
• Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу
мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.
• ХVІ ғасырдың 60 жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ
тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті.
• Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ
хандығына өтті.
• Қазақ хандығының иеліктері шығыста Ертіс бойынан батыстағы Ембіге дейін,
ал оңтүстікте Сыр бойынан солтүстіктегі башқұрт еліне дейін созылып жатты.
• Аса қиын уақытта Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.
• Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауренахрдағы
шайбанилық Бұхара ханы Абдаллах және қазақ ханы Хақназар «қастаспай
дос болып, өзара көмектесу» жөнінде одақтық келісімшарт жасасты.
• Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта
Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы
жақсарды. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға,
шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды.
• Хақназар хан Бұхара ханы Абдаллахты ташкенттік Баба сұлтанға қарсы
күресте қолдайды, бұрыннан өшіккен Баба сұлтан Хақназар ханның
жасағына тұтқиылдан бас салып, ханның өзін өлтірді.
• Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық
тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес.
30.XVI ғасырдың II жартысы - XVIII ғасырдың басында Қазақ
хандығы.
Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін
барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді.
XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру”
процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек
ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-
1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”,
“Шайбанинама”, т.б. деректерге
қарағанда, қазақтардың этникалық территориясыныңнегізгі аудандары қазақ
хандығына Қасым хантұсында біріктірілген.[1]

Дальше 28 билетти айтп кетесндерго

31.Тәуке хан жанындағы Қазақ хандығы. XVII ғасырдың аяғы


мен XVIII ғасырдың басындағы саяси жағдай.
Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680-1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер,
ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен
бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға
күш салды. Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге,
сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. “Хандық кеңесте” билер негізгі рөл атқара
бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси істердің аса маңызды
мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы
ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Төле, Қазыбек,
Әйтеке билердің қатысуымен “Билер кеңесінің” құрылтайын сәтті ұйымдастырып
отырды. Тәуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси
жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі
белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен
жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мәселелер: Жер дауы. Үй-іші мен бала
тәрбиелеу. Ұрлық-қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын
жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы
алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін
сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты.

XVII ғасырдың басында ішкі тартыстардың салдарынан Қазақ хандығы әлсіреді.


Тәуекелдің інісі – Есім ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан әрі құлдырауын
тоқтатты. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа
қарамастан, Есім хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. «Есім
ханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») атты заң жүйесі қолданылды. Көрші
мемлекеттермен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат тайпаларының бірнеше
жорықтарына тойтарыс берілді. Қазақтың ұлы билеушілерінің бірі – Есім хан 1628
жылдың күзінде қайтыс болды. 1635 жылы ойрат тайпалары Қазақ хандығының басты
қарсыласына айналған «Орталық Азиядағы соңғы көшпенді империя» Жоңғар
хандығының негізін қалады. XVII ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар
басқыншылығына қарсы күресті. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. Жәңгір хан қол
астындағы 600 сарбазымен жоңғардың 50 мың әскеріне тойтарыс берді. 1680 ж. Тәуке
ханның билікке келуі Қазақ мемлекеттілігінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды. XVII
ғасырдың аяғында Тәуке ханның тұсында мемлекеттілікті күшейту мақсатында «Жеті
Жарғы» – Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды. 1715 ж. қазақтың үш жүзіне билігін
жүргізген соңғы қазақ билеушісі Тәуке хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың
әр жүзінде өз ханы пайда болды.

32.Қазақтың дәстүрлі әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері,


батырлар мен билер институттары. Қазақ хандығының
құқықтық актілері - мемлекеттік саясат пен қоғамдық өмірді
реттейтін ресми құжаттар.
Қазақ халқының өмірінде билер институтының алар орны мен үлес-салмағы, маңыздылығы
айрықша болды. Өйткені, оның – мемлекеттің саяси және әлеуметтік жағдайын тек әдеттегі
құқықпен ғана емес, рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде де ұштастыра әрі теңестіре отырып
қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым ретіндегі рөлі ерекше. Бұл құрылым ол кезде
мемлекеттік басқару жүйесімен тығыз астасып жатты. Билер ел, жер, жесір дауын, мал-жан,
кәсіп мәселесін түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз,
қарарсыз, ауызша жүзеге асырып, бітіріп отырған. Қазіргідей алтын уақыттарын жиын,
мәжіліс съезбен өткізіп, құлаш-құлаш қаулы–қарар қабылдап, оны жоғары-төменді
бұйрықпен таратып, төрешілдікке, қағазбастылыққа салынбаған. Ол кезде бір бидің өзі осы
күнгі соттың да, прокурордың да, полицияның да, өзге де құқық қорғау органдарының
қызметтерін атқарған ғой.

XVIII ғасырда «батыр» сөзі екі түрлі мағынада қолданылған: біріншіден, батыр деп қарапайым
халық арасынан шыққан – батыл, жауынгер, ержүрек адамды айтса, екіншіден жоғарғы тап,
яғни хандар арасынан шыққан батырларды да атаған.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей батырлар институты қоғамдық дамуында үлкен өзгерістерге
ұшырап отырған. Ерте кезде батырлар белгілі бір руды, тайпаны басқарса, қоғамдық таптық
жіктеліс туа келе батырлар феодалдана бастады. Осындай батырлардың әлеуметтік
басымдылығы туралы Ш.Уәлиханов «Батыр қырғыздардағы ру басы, сұлтаннан кейінгі бірден-
бір үлкен құрметті адамы, бұл ең беделді адам»-деп жазғанын Е.Бекмаханов өз еңбегінде айта
келіп, XIX ғасырдың ортасына қарай қазақ байларының, сұлтандарының «батыр» деген атақты
өз лауалымдарына қоса айтатынын жазған. Оған мысал, Есет батыр-би, Абылай ханның кейбір
жағыдайда Абылай Баһадур хан деп аталуы. Қазақ қоғамындағы батырлардың жоғары шен
екенін А.Семеновта дәлелдеп, -«жалпы қазақтарда но бес шен болған, соның ең жоғарғысы
баһадур» деп жазады. Батыр шені мұрагерлікке қалмайды, ол жеке бастың батырлығымен
келеді.
Көшпелі қоғам үрдісіндегі батырлар институты дегеніміз – халық арасынан шыққан әскери
саяси институт. Бұл институттың халық арасында кеңінен қанат жаюы ең алдымен қазақ
халқының төрт жағынан да үлкен қауіп ортасында орналасуы еді. Сол себепті де қазақ
қоғамындағы батырлар институты жаудан қорғануда кәсіби дәрежеге жетті.

Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің


тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық
зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек
басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы
халықтардың мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде
қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған.
Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза
көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман,
ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған [[Ыдыс-аяқ|ыдыс-аяқтарын], бесігін, басқа да
тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал
шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын,
қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.
Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен
өмір сүрген. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық,
қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан
«Отырыкшы хальқтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты» деген ой тумауы
керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір
объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты,
жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік
жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі
тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен
көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазусызу кеңінен дами алмады. Олардың
рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында
сақталды. XVIII ғасырда «батыр» сөзі екі түрлі мағынада қолданылған: біріншіден, батыр
деп қарапайым халық арасынан шыққан – батыл, жауынгер, ержүрек адамды айтса,
екіншіден жоғарғы тап, яғни хандар арасынан шыққан батырларды да атаған. Батырлар
институты қоғамдық дамуында үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Ерте
кезде батырлар белгілі бір руды, тайпаны басқарса, қоғамдық таптық жіктеліс туа келе
батырлар феодалдана бастады. Осындай батырлардың әлеуметтік басымдылығы туралы
Ш.Уәлиханов «Батыр қырғыздардағы ру басы, сұлтаннан кейінгі бірден-бір үлкен
құрметті адамы, бұл ең беделді адам»-деп жазғанын Е.Бекмаханов өз еңбегінде айта
келіп, XIX ғасырдың ортасына қарай қазақ байларының, сұлтандарының «батыр» деген
атақты өз лауалымдарына қоса айтатынын жазған. Оған мысал, Есет батыр-би, Абылай
ханның кейбір жағыдайда Абылай Баһадур хан деп аталуы. Қазақ қоғамындағы
батырлардың жоғары шен екенін А.Семеновта дәлелдеп, -«жалпы қазақтарда но бес шен
болған, соның ең жоғарғысы баһадур» деп жазады. Батыр шені мұрагерлікке қалмайды,
ол жеке бастың батырлығымен келеді.

33.ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтардың тұрмысы, рухани және


материалдық мәдениеті (Ұлттық киім, тамақ және т.б.). Қазақ
халқының дәстүрлі салт-дәстүрлері, ұлттық мерекелері.
• Жалпы мәдениетті шартты түрде екіге бөлеміз: материалдық (заттай) және
рухани мәдениет.
• Материалдық мәдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді
жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани
құндылықтарды жатқызамыз.
• Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі
және үлкен бір жетістігі – киіз үй.
• Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін ғалымдар
дәлелдеп отыр.
• Орхон-Енисей көне сына жазбаларында киіз үй ұғымын білдіретін «керагу»
деген сөз кездеседі. Көне түркілердегі киіз үйдің «керегу» атауы кейінгі
қазақтарда да сақталған.
• Қазақ халқының негізгі баспанасы – киіз үй. Ол ағаш пен киізден жасалып,
шаңырақ, уық, керегеден тұрады.
• Киіз үй көлемі кереге қанаттарының санына байланысты болды. Алты, сегіз,
он, тіпті отыз қанатты киіз үйлер болған.
• Киіз үйлер бірнеше түрге бөлінді: салтанатты киіз үйлер, қарапайым баспана
түріндегі киіз үйлер, шаруашылық мақсатта пайдаланылған киіз үйлер және
жорық киіз үйлері.
• Моңғолдар керегесі бар киіз үйді түркілерден шамамен XIII ғасырда
қабылдаған.
• XVIII-XIХ ғасырларда қазақтың сұлтандары, атақты билері екі үйді қатар тігіп,
арасынан керегеден дәліз жасап екі бөлме етіп те пайдаланған.
• Кереге желкөз және торкөз болып екі түрге бөлінеді. Киіз үй ағаш, киіз
бөліктерінен және бау-шудан тұрады.
• Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен
тұрады.
• Кереге киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын бірнеше жиналмалы
бөліктен тұрады. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.
• Уық – шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық
ағаштар.
• Шаңырақ – киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі
жарым метрден бес метрге дейін болады. Шаңырақ иіннің бүйірінің астына
қарай уықтың ұшы кіріп тұратын көздері болады.
• Шаңырақтың дөңгелек иінінің ортасынан жартылай томпайып келген кергіш
ағаштар салынады. Бұл ағаштарды күлдіреуіш дейді. Олардың екі қызметі
бар. Бірі – шаңырақты керіп тұру, екіншісі – шаңырақтың үстінен жабылатын
түндік (түңлік) киіздің астына дәнекер болу.
• Сықырлауық – киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа
қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады.
• Киіз үйдің киіз жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық, үзік, түндік. Туырлық
– үйдің кереге бөлігін айнала жауып тұратын төртбұрышты ұзын киіз.
Туырлық үйдің көлеміне қарай үшеу, төртеу болады.
• Уықтардың үстін жауып тұратын трапеция тәрізді киіз жамылғыны үзік деп
атайды. Ол екеу болады.
• Шаңырақты жауып тұратын төртбұрыш шағын киізді түндік (түңлік) дейді.
• Сонымен қатар көбінесе киіз үйдің ағаш есігінің сыртынан киіз есік тұрады.
• Қазақ дәстүрі бойынша киіз үйдің есігін шығысқа қаратып тіккен.
• Үйдің қақ ортасында ошақ болады.
• Қазақстанның көпшілік өңірінде өте ертеден келе жатқан там үйдің бір түрі –
жартылай жеркепе қолданыста болған. Мұндай үйлерді қазба үй, жертөле
немесе жер үй деп те атаған.
• Қам кірпіш пен күйдірілген кірпіштен құрылыс салу Оңтүстік Қазақстан
өңірінде біздің заманымыздың бірінші ғасырларынан бастап XVIII ғасырға
дейін жалғасқан.
• Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында ағаш, тас
кірпіштен тұрақты баспана салынған.

34.Жоңғар хандығының құрылуы (1635). Қазақ-


Жоңғар соғысы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
жылдары.
Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін қақтығыстар
XV ғасырда басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі
сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы
қонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI
ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат
тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы
жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары,
әсіресе Батур-қонтайшы (1634–1654 жж.) билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті.
Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670–1697 жж.) билеген кезде, оның мұрагері Цеван-
Рабтан (1697–1727 жж.) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты
шиеленісіп кетті. 1698 жылы ойраттар мен қазақ хандары арасындағы қарулы
қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер басшылары маңызды
сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан
жерін басып алуды көздеді.

1710–1711 жылдары жоңғарлар қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді.
1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын
талқандап жеңді.

1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста қалмақтардың
қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің
артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы
Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады,
осында Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы
құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұтқынға
түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір
балқытып, зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп
құюға үйретеді. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан
астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда
қазақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. Бұл тұста
қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас
өзендерінің аралығымен өтетін.

1723 жылдың көктемінде жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап,
толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін
тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық
екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен
Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт – қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп,
Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті
топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт
өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70
мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік
жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына
орналасты.

Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға


шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті
адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті. Бейғам отырған
ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Ұлы жүз бен Орта жүздің
қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен
Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Бұл
кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. Яғни, қазақтардың
табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді
дейді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы ды қайғылы, ән ұраны сияқты
«Елім-ай» әні еді. Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен
оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші.

35.Ресей империясының Қазақстанды отарлауы (XVIII


ғасырдың 30-шы жылдары – XIX ғасырдың 60-шы жылдары).
Шептер мен бекіністер салу, қоныс аудару саясаты,
казак әскери бөлімдерінің құрылуы.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды.
Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз
іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл
ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.
Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жатқан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші
жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл
өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.
1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда
Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет
билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында
Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі
Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған
өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.
Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды.
Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін
Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу
туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар
қойылатыны ескерілді.
Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі
бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.
Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға
тыйым салынуы тиіс болды.
Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды
қорғауға міндеттенді.
Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды
Қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс
болды.
Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын
көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың
жалған сипаттары ғана орын алды.
Әбілқайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр хан, сондай-ақ, Әбілқайыр хан (1693 — 12 тамыз 1748) —
хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. Билік құрған Кіші жүз ханы. 1708 – 1709 жылдары башқұрттар
Әбілқайырды өздеріне хан етіп сайлаған. Ол – кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды
ұйымдастыра білушілігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен
өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан
қайшылығы мол күрделі тарихи тұлға. 1720 жылы қыркүйек айында қазақ әскері мен орыс-
қазақтар арасында Самара өзенінің бойында қанды шайқас болды. Тұтқынға түскен 50 қазақ
жігітін өлтіріп, «ерлік жасағаны үшін» атаман Никита Бородин Ресей патшасы І Петрдің
мақтау грамотасымен марапатталады.
1721 жылы казактар мен қалмақтардың атаман Балмашнов басқарған тобы Ойыл өзеніне дейін
шабуыл жасап, көп тұтқындармен мал айдап кеткен. 1722 жылы қаңтар айында 300 қол қазақ
сарбаздары қарымта қайтару үшін казак-орыстардың Шаған жанындағы қысқы станицасына
шабуыл жасап, 70 қазақ орысты айдап әкетеді. Ақпан айында қазақ-орыстардың Жайық
қалашығы жанындағы жылқы табынын айдап кетіп, оларды түгелдей жаяу қалдырады.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланып, өзін
білікті басшы ретінді көрсете білген. Соның арқасында халық арасында зор беделге ие болған.
1729/30 жылы ұлы хан Болат хан қайтыс болғаннан кейін Тәуке ханның ұлы, жоңғралғар қарсы
күресте танылған Сәмеке ханмен және Болат ханның ұлы Әбілмәмбет ханмен қатар таққа
басты үміткерлердің бірі болған. Алайда, Әбілқайыр ханның беделінен сескенген билер, Болат
ханның жігерсіз ұлы Әбілмәмбетке қолдау көрсетеді. Үш жүздің батырлары Әбілқайырды ұлы
хан етіп сайлағанымен, билерден қолдау таппағандықтан ол бұл атақтан бас тартқан.
XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал,
Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын
жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық
казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная,
Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина,
Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі
бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған
шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды.
1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары Жоғарғы
Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін
құру аяқталды.
1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Ново-Ишим шебін
салу аяқталды. Бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен
жалғастырды. Ново-Ишим шебінде 2518 башқұрт, 2 драгун полкі, 800 казак, тұрақты
әскерлердің, эскадроны болды.
XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы,
Железинск, Петропавл, Өскемен, Ямышев қалалары) салу аяқталды.
Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің
отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ,
башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.

36.Абылай хан (1771-1781) мемлекет қайраткері, саясаткер,


дипломат және тарихи тұлға ретінде.
• XVIII ғасырдағы қазақ билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті мемлекет
қайраткеріне тән қасиеттерімен көрсете білді. Абылай хан өзінің бүкіл
ғұмырын қазақ мемлекеттілігін нығайту мен халықтың бірлігін қамтамасыз
ету ісіне арнады.
• Ол 1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келді. Оның азан шақырып
қойылған аты Әбілмансұр болатын.
• Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз
мемлекет құруға бағытталды.
• Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, ол іс жүзінде Ресейге
мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді.
• 1771 жылы Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып
жарияланды.
• Өзінің қол астындағы халықты неғұрлым жақсы басқару үшін Абылай үш
жүздің әрқайсысына әйгілі тұлғаларды билеуші етіп тағайындады.
• Ол сот билігін күшейте түсті.
• Абылай қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы өзара қырқыс,
алауыздықтан туындайтын қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты.
• Ол қазақтардың егіншілікпен, шөп шабумен және балық аулаумен
айналасуына қолдау көрсетті.
• Хан қазақ даласында ұстаханалар салудың бастамашысы болды.
• Абылай хан ақын-жырау, әнші-күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық
жасап отырды.
• Абылайдың сыртқы саяси қызметі Қазақстан аумағының ешкім қол сұға
алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды.
• Ресей мемлекетімен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
• Қол астындағы халықты Ресей әскери қызметкерлерінің орынсыз талаптары
мен әрекеттерінен батыл қорғай білді.
• Абылай күш-жігерін жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.
• Абылай жоңғарлардың тақтан үміткер мұрагерлеріне қолдау көрсету арқылы
олардан қазақ жерлерін қайтарып алды.
• Абылай хан Қазақ хандығының қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету
үшін сыртқы саясатты асқан көрегендікпен жүргізді.
• 1756 жылы Қытай үкіметімен дипломатиялық қатынас орната бастады.
• Абылай хан 1781 жылы дүние салып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленді.
• Абылайдың күш-жігері ең алдымен мықты және тәуелсіз Қазақ мемлекетін
құруға жұмсалды. Орыс ғалымы И. Крафттың сөзімен айтқанда «Ол
қалыптасқан жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді бірде
Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге де бас
иген жоқ».
• Абылай хан қазақтардың басын қосып біріктіру процесіне басшылық етті
және ұланбайтақ далада бір орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор
ықпал жасады.
• Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда ол аса
маңызды рөл атқарды.
• Қытай әскерінің Қазақстан аумағымен ілгері қарай ішкі аймақтарға жылжуын
тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тарбағатайдағы және
Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жайылымдарын қайтарып алуға
қол жеткізді.

You might also like