You are on page 1of 4

Платон Философиясы

Платон философиясы
Сабитов Жанболат

Suleyman Demirel University

1
Платон Философиясы

Философия мәні
Платон пікірінше философия – таза ақиқатқа ұмтылатын ең жоғарғы ғылым.
Философия – адамның өзін, Құдайды және шынайы бақытты танудың жалғыз жолы.
Нағыз ғалымдар философияны құрғақ күйінде тани алмайды, олар өлі һәм абстрактілі
білімге саналы түрде келеді.

Платон: философиялық танымның диалектикалық әдісі туралы


Сократ секілді Платон біздің күнделікті өмірден алатын әсеріміз бізге бұрмаланған
әлемнің бейнесін береді деп санаған. Жәй ғана заттарды тану – қателік. Әлемді танудың
жалғыз жолы философиялық танымда қолданылатын аналиыз жасау, терең ойлану. Ол
бізге әлемнен алған әсерлерді байланастыруға, шатастыруға алып келетін сезімдерді
талдауға, бейберекетсіздіктен жалпы түсініктерге алып келуге көмектеседі, әрі осы жалпы
мағынадан заттардың түрлері, шығу тегі һәм санау бірліктері туралы идеялар туғызады.
Платон заттардың ақиқатты бұрмалайтыны туралы мынандай мысал келтіреді. Үңгірге
адамдарды қабырға қаратып байлап қояды. Адамдар қабырға өмірге келгелі бері қарап
отырады. Олар қабырғадан адамдардың, жануарлардың көлеңккелерін көріп соны
шынайы әлем ретінде қабылдайды. Олардың арасында кейбіреуі гипотезалар құруы да
мүмкін, мысалы: адамның көлеңкесінен кейін міндетті түрде аттың көлеңкесі болады және
тағы да басқа. Платон мұндай адамдарды ғалым деп санамайды. Себебі олар табиғатты
емес олардың көлеңкесін зерттеумен айналысады. Арада уақыт өткесін бір тұтқын босап
шығып шынайы әлемді көруі мүмкін. Ал ол бұны достарына айтса олар сенбейді. Себебі
олар үшін әлем көлеңкелер. Платон осылайша заттар әлемі ақиқатты бұрмалайтынын
жеткізгісі келді.

Заттар әлемі мен Идеялар әлемі


Платон ақиқатты сезімнен емес, санадан іздеуді ұсынды. Заттарды танып.
Сезінуден бөлек біздер олардың жалпы мағынасын, идеясын түсіне аламыз. Мәселенки:
үстелді көрсек біз оның қандай ыңғайлы екенін бірден ойламаймыз ғой. Бірінші біз оның
үстел екенін айтамыз. Үстелдер әртүрлі болуы мүмкін. Біреуі қымбат, біреуі арзан, біреуі
үлкен. Біреуі кішкентай және тағы да басқа. Дегенмен олардың жалпы идея, функция
біреу-ақ. Олар – үстел. Бізге үстелді әртүрлі түске бояуға болады, оны бөліктерге бөліп
тастасақ та ештеңе өзгермейді. Яғни үстел үстел болып қалады. Біздің санамыздың
ерекшелігі де сонда. Біз әртүрлі үстелдерді көре отырып, олардың ортақ идеясы
«үстелділікті» байқай аламыз. Платон ойынша идея өзгермейді, тұрақты болып қалады.
Сонымен қоса адамның санасы жететін идеялар әлемі шынайы түрде бар, ал сезілетін
заттар әлемі оның көлеңкесі ғана. Ешқандай сезілетін зат оның идеясын толық жеткізуге
қауқары жоқ. Заттар әлемінде ақиқат жасырулы, әрі пішінсіз, сапасыз материямен
қапталып, бұрмаланған. Заттар идеяның болмашы бір көшірмесі секілді, яғни олар
шынайы болмас бола алмайды.
Платон заттар әлемі мен идеялар әлемі екі бөлек өмір сүреді деп есептемеген. Ол
жалпы әлемді бір санаған. Олай болса осы екі әлемді қалай біріктіруге болады? Платон
ойынша әлем саты секілді. Яғни төменгі сатыларды заттар әлемі, ал жоғарыда идеялар

2
Платон Философиясы

әлемі. Платон тек философияны оқи отыра сіздер заттар әлемінен идеялар әлеміне
көтеріліп, олардың нағыз мағынасын түсінесіздер деп санаған.

Платон бойынша әлемнің құрылымы


Платоның ғарыш және әлем туралы философиялық түсініктерінде мифтік
көзқарастың әсері қатты сезіледі, бәлки оның көптеген жылдық сапары кезіндегі шығыс
салт-дәстүрінің қалдырған ізінен болар. Әлемнің сәулетшісі Құдай, оның қалыптасуы
кезінде идея мен заттарды біріктірді. Адам секілді саналы ағзалар болмысы оның санасы
мен жеке тұлғасының болуында. «Әлемнің сәулетшісі» материяны бес элементке бөліп,
әлемге қалғанының бәрін енгізуге келетіндей «шар» формасын берді. Бұл шар өз ішінде
бірнеше концентрленген шарлардан тұрады. Оларда айнала қозғалатын ғаламшарлар мен
аспан жарықтары орналасқан. Бейберекетсіздік емес, заңдылыққа бағына қозғалған бұл
аспан денелерінің негізі Платонның ойынша әлемді саналы әлем жаны басқаратынының
керемет дәлелі.
Санадан идеяның әдемілігі мен үйлесемділігін бөліп қалаптасытыра алмаймыз.
Ғаламшарлардың орбита арақашықтықтары қатардағы алғашқы үш санға, олардың
квадраттары мен кубтарына сәйкес келеді: 1, 2, 3, 4, 8, 9, 27. Егер қатарды осы сандар
арасындағы пропорционалды сандармен толықтырсақ, онда музыкалық ноталарға сәйкес
келетін математикалық тізбек пайда болады. Осыдан Платон айналмалы қозғалатын аспан
шарлары музыкалық үйлесемділік қалыптастыра деп тұжырымдайды.
Дегенмен әлемнің басы мінсіз, әрі материалды болғандықтан оны бір ғана сана
емес, екінші – инертті, көзсіз һәм сірескен күш, Платон сипаттағандай қажет болатындай
заң – тағдар да қоса басқарады. Ғаламшарлардың жұлдызды аспанға қарама-қарсы
бағытта қозғалуы әлемді бір күшке қарама-қарсы күштің барын дәлелдейді. Әлемнің
пайда болуы кезінде сана материалды қажеттіліктерден асып түсіп, дегенмен кейбір
периодтарда жауыз тағдыр санадан асып түсе алады. Құдай әлемге алдымен ақыл беріп,
кейін оған толық еркіндік берді, тек арасында ғана көңіл бөлу арқылы әлемнің хаосқа
айналып кетуінен сақтады.

Платон жан туралы


Платонның жан туралы ғылмы «Тимей» мен «Федр» диологтарында баяндалған.
Платонның ойынша адамның жаны ажалсыз. Барлық жандар Құдайдың әлемді жаратуы
кезінде бірге пайда болған. Олардың саны аспандағы жарық жұлдыздарға тең, сол себепті
әр адамның жердегі өмірін қорғайтын бір жұлдыздан келеді. Жанда сақталған естеліктерге
қарай ол өзіне тән және жердегі өмір сүру тұрмыс түрін таңдайды. Өлімнен кейін жан
сотқа барады: өмір салтын дұрыс ұстағандар аспанға, ал күнәһарлар жер астына барады.
Мың жылдан кейін жандар тағы өздеріне материалды тән таңдай алады. Үш рет
қатарынан философтық өмір салтын таңдағандар қайта дүниеге келуін тоқтатып,
таңғажайып тыныштыққа ие болады. Қалғандарының бәрі жерге қайта дүниеге келе
береді.
Платон адамның жаны үш бөліктен тұрады деп болжам жасады. Оның біреуі
адамның басында өмір сүретін саналы бөлік. Қалған екі жанды санасыз санаған. Оның
біреуі игілікті – ерік, адамның кеудесінде өмір сүріп санамен бірге жұмыс жасайды. Басқа
3
Платон Философиясы

біреуі игіліксіз – асқазанда өмір сүретін төмен деңгейдегі қалаулар. Әрбір ұлтта жанның
бір бөлігі басым болып тұрады: сана – гректерде, батылдық – солтүстік халқы
варварларда, ал төмен деңгейлі қалаулар – финдер мен Египет халқында.
Сезімдердің басшылығымен тәнде қамалған жан үйіне, идеялар әлеміне қайта
алмас еді. Алайда жанның басты қасиеті идеалді әлем туралы естеліктері. Ол – сұлулық.
Жанның бойында махаббат сезімін туғызады.

Платон, мемлекет туралы


Жоғарыда айтылған жанның үш бөлігіне негізделген Платонның философиялық
мемлекетін қарастырайық. Үш бөліктің әрбірі адамшылыққа ұмтылады. Сананың
адамшылығы – ақыл, еріктің адамшылығы – ерлік, сезімнің адамшылығы – байсалдылық.
Осы үш қасиеттің үйлесімділігінен ең жоғары игілік – әділдік келіп шығады. Адамның
жаны секілді идеалді мемлекет үш бөлікке бөлінуі керек. Биліктегілер – ақылдылар,
оларға жауынгерлер мен жұмысшылар бағынады. Олардың әрқайсысы ортақ мақсат үшін
жұмыс істейді.
Платон айтады: «Әділеттілік тек философтар хан немесе хандар фиолософтар
болғанда орнайды». Оның ойынша билікке баратындар бала кезінен философиялық білім
алу керек. Халық арасында пайдалы, игілі нәрселер тарауы үшін жазушылар, ақындар,
суретшілер және барлық өнер адамдары биліктің қарауынан өтуі керек. Саяси ғана емес,
әрбір тұрғынның өмірін билік басқару керек.
Жалпы Платонның саяси философиясы адамның бірлесе жұмыс жасауын талап
етеді. Әр адам өз қызығушылығын қуалап кетпеу үшін материалды заттардан бас тартады.

You might also like