You are on page 1of 1

Мінездеме

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-


интернатында Жавланова Севинч Уткиржанқызы қаңтардың 16-нен -27 қаңтар
аралығында осы мектепте педагогикалық практикасынан өтті. Севинч өнегелі іскер,
адамгершілігі мол, қабілетті, дарынды студент. Оқушылармен тез тіл табыса алады.
Оқушылар Севинч басшылық етіп өткізген мерекелік іс-шараға ынта ықыластарымен
белсене қатысты. Әрбір берген сабағы тиянақты және қызықты өзінің ерекшеліктерімен
жаңашыл тәсілдерімен өткізілді. Севинч сабақтан тыс іс-шараларды белсене, тиянақты
атқарып, басқа да берілген тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындап отырды. «Менің
атым Қожа» атты спектакль сахналап «Бала қиялын ұштау » тақырында коучинг өткізді.
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру » аясында өткізілген демалу, щаңғы тебу,
спорттық квест ойындарын, таза ауада серуендеу жұмыстарын тиянақты атқарып, әр
балаға деген жауапкершілігін көрсетті. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз
жұмысына ынталы. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып,
өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез
түзетуге тырысады. Сабақтарында ойындар, сергіту жаттығулары, топтық тапсырмалар,
қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Әрбір сабағы жаңашылдықпен
өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Жавланова Севинч болашақта білімді де білікті,
үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенемін. Жүргізген жұмыстары мен
өткізген іс-тәжерибиесін үздік деп бағалаймын.

Директор: Қалдыбаев Ш.Т

Cынып жетекшісі : Смагулова А.Т

You might also like