You are on page 1of 10

1 билет.

1. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.


2. Тілдің мәні және қызметі.
3. Неліктен «Тіл - халық тарихы» деп аталады.
1. Ғылым атауы әдетте екі топқа бөлінеді: оның бірі – жаратылыс
тану,екіншісі – қоғамдық ғылымдар. Жаратылыстануға /физика, химия,
биология, математика/, қоғамдық ғылымға /тарих, философия, саяси
экономика/ жатады.
Тіл – қоғамдық құбылыс сондықтан оны зерттейтін ғылым – тіл білімі
де қоғамдық қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады. Тіл білімі
тілдің шығуы мен жасаллуы, дамуын зерттегенде тарих ғылымының
деректерін пайдаланады. Ал тарих ғылымы халық тарихын, қоғам
тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін
пайдаланады. Содай –ақ тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де
байланысты. Себебі тіл – талай заманның жемісі, қазіргі тілдің
элементтері өте ерте заманда жасалған. Ал архиология болса, ол
халықтардың ежелгі кездегі тұрмысы мен әдет – ғұрыпын зерттейді.
Содықтан архиология мен этнографияның деректері тіл тарихына
қатысты мәселелердізерттеуде, айқындауда өте құнды материал ретінде
қызмет ете алады. Тіл білімі философиямен тығыз байланысты.
Біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан, екіншіден,
зерттелетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.
Жалпы, тіл білімі тарихпен, археологиямен, физиологиямен,
антропология, философия, логика, география, биология, математика,
кибернетикамен де тығыз байланысты.
2. Ең алдымен, «Тіл дегеніміз не?» деген сұраққа қысқаша тоқтала кетсек
Тіл - әрбір адамның өмір бойы қолданатын ең маңызды құралы. Тіл
және тіл туралы білім әрдайым басқа ғылымдармен тығыз байланыста
болады. Себебі, қоғамдық табиғаты мен қызметтері, ішкі құрылымы,
қызмет ету және тарихи даму заңдылықтары, нақты тілдерден
жіктеледі.
Тілдін екі түрлі қызметі (коммуникативтік кызметі мен экспрессивтік
қызметі) бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қатынас құралы болған
тіл ойды да білдіретін құрал бола алады. Қатынас құралы болып
колданыла алмаған тіл ойдын да құралы бола алмайды. Мысалы, басқа
тілде сөйлейтін адамдардын арасына келген кісі ол тілді әбден біліп
алғанынша, өз ана тілінде ойлайды. Адам баска тілді әбден меңгеріп
алса, онда ол тіл сол адам үшін қатынас құралы болып, соны нәтижесін
де сол тіл ойлаудын құралына айналады. Демек, қатынас құралы
болған тіл ғана ойлаудың құралы бола алады. Осы мағынада тілдін
экспрессивтік кызметі оның коммуникативтік кызметіне тәуелді болып
тұрады.
Қысқаша, коммуникативті қызмет – адамдардың қарым-қатынас жасау
тәсілі.
Экспрессивтік қызмет, сезім мен эмоцияны жеткізу мүмкіндігі.

3. Халық пен тіл – егіз ұғым. Бірінсіз бірі жоқ. Тіл халықтың басты адами
һәм рухани байлығы болса, халық – тілдің иесі. Сондықтан тілдің
тағдырын халықтан бөлек қарау мүмкін емес.
Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен
болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген
халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл
– халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы.
Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай
халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз-


тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты
тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы.

2 билет.
1. Тіл қандай құбылыс? Анықтама беріңіз.
2. Тіл білімі мен әдебиттану ғылымдарының байланысы қандай?
3. Синекдоха дегеніміз не? Мысал келтіріңіз?
1. Тіл - коғамык құбылыс. Ол коғаммен бірге туып, коғамның, дамуымен
бірге дамиды.
Тілдің құралып жасалуы ағзаның тууымен, тілдін дамуы ағзаның өсуімен
бірдей емес. Демек, тіл мен ағзаны бірдей деп есептеудін ешбір негізі жоқ,
сондықтан ол мүлдем қате.
Шлейхердің тілді ағза деп, оны табиғат құбылыстарының
қатарына жатқызуы қаншалыкты қате болса, қоғамдық
құбылыс ретіндегі тілді зерттейтін тіл білімін қоғамдық
ғылымдардың катарына емес, жаратылыстану ғылымдарының қатарына
қосуы да соншалықты қате.
Тіл коғамдық құбылыс болғандыктан, оны (тілді) зерттейтін тіл білімі де –
коғамдық ғылым.
2.Тіл білімі мен әдебиетану ғылымы филология ғылымдарының құрамына
енеді. Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын –
жазушының шығармашылығын зерттеу, оның шығармасының тілі мен стилін
зертеуді де қамтиды, өйткені «тіл — әдебиеттің бірінші элементі» /Горкий/.
Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармй тұра
алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып
табылады.Тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте
тығыз байланысты.
3. Синекдоха дегеніміз не? Мысал келтіріңіз?
Бір ұғым орнына екінші бір ұғым айтылуы мезгеу (синекдоха) болады.
Сездің синекдохалык мағынасы басқа стиль түрлеріне қарағанда, сөйлеу
стилі мен көркем әдебиет, публицистикалық стильдерде көбірек байкалады.
Кунын айтпаймын. Бірақ Қарашоқыны кайтесін? Ол мына баланың сыбағасы
емес пе еді? (М. Оуезов). (Қарашокы емес, өлтірілген Қодарды қайтесін деген
матына). Синекдоха әзілдік нышан, юморлык өн беру үшін де қолданылады:
Сақалдарын немене? Сақалдыны тамашалаймын деп өздерін танымай
қалдым. Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар? (М. Әуезов).

3 билет.
1. Табу жоне эвфемизмдердің анықтамасын жазып өтіңіз?
Айырмашылығы қандай?
2. Фразеология негізінен немен тығыз байланысты?
3. Тілдің актив және пассив лексикасы дегеніміз не? Және Тілдің актив
лексикасына қандай сөздер жатады?

1. Табу жоне эвфемизмдердің анықтамасын жазып өтіңіз? Айырмашылығы


қандай?
Табу - индонезия тілінен алынған термин, тыйым салу деген сөз. Меланезия
мен Полинезияда бул сездін капу, тапу, тамбу деген синонимдері бар.
Олардын, да марынасы тыйым салу. Табу кубылысы адамзаттын олсіз
кездерінде туған; ең, алдымен этнографията, адамзаттың діни наным-
сеніміне, әлденеге сиынуына байланысты. Ерте замандардағы соқыр сезім
мен сенім, адамзаттын әр нәрсеге, әр кұбылысқа табынуы, оларды ен киелі,
дүниедегі ен күшті кұдірет деп санауы тіл-тілде өз ізін калдырган. Эвфемизм
– гректің euphemismos «жақсылап, сыпайылап айтамын» сөзінен алынған
термин. Сырттай қарағанда, эвфемизм - тілдегі табудың бір көрінісі,
синонимі.
Эвфемизм - бір затты не құбылысты я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып
жеткізу амалы; адамнын көніліне келмейтіндей, жұқалап, жайдарылап,
майдалап, іштей ренжіп турса да, рахаттана баяндағандай айта білу тәсілі.
Айырмашылығы эвфемизм - мағына ауыстырудын сөз тапкырлыққа
байланысты өнімді түрі. Табу - түптін түбінде, күндердін күніне жойылатын
кұбылыс, ал эвфемизм - тілдін коркемдегіш, бейнелеуіш құралдары ішіндегі
болашағы мол турінің бірі. Табу мен эвфемизмдердін бір кездерде діни
ұғымдарға, наным-сенімдерге, қалыптаскан салт-санаға, дәстүрге
байланысты халык тілдерінде қалдырган іздері әлі де бар дедік. Солардын бір
тобы – аң, жануарлар, түрлі ауру-сыркауға, түрлі зиян, киянат кел-тіреді-ау
деген қорқыныштарға орай туғандар.

2) Фразеология негізінен психология,философия,тарих,этнографиямен


байланысты
Психология-адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім,
аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге
сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-
құлығын зерттеу деп те анықталады.
Философия- жалпы және фундаменталды сауалдар туралы зерттеу болып, ол
болмыс, болу, білім, құндылық, ақыл, зерде және тіл секілді өзекті
проблемаларға бағытталады.Мұндай сауалдар көбінесе зерттелуді, немесе
шешілуді күткен проблемалар ретінде ортаға қойылады.
Тарих-адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарихтың
негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың
мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін
қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын
ғылым.
Этнография-қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін
саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне
этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың
өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.
3) Актив сөздер дегеніміз- күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер болып
табылады . Ал пассив сөздер дегеніміз- қолданылу өрісі шектеулі көнерген
сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер. 
      Кунделікті элеуметтік кажеттілігі мол,
карым-катынас жасауда жиі
колданылатын байырғы сездер,
олардан өрбіген туынды сездер, курделі сездер мен сез тіркестері, коп
мағынада
жумсалатын  создер , оның ішінде  - полисемия, омонимдер, синонимдер,
антонимдер, макал-мәтелдер ,  курамындарына қарай лексика,
кірме создер мен терминдер жане
неологизмдердін тілге әбден сінісіп
кеткен турлері және т. б. - тілдін актив лексикасына жатады.

4 билет.
1.Терминдер деген не?
2.Полисимия сөзі қай тілден енген?
3.Түркі-тілінде омонимдер неше топқа бөлінеді?
1. Терминдер – тілде ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты
белгілі бір ұғымды дәл білдіру үшін қолданылатын сөздер. Лексиканың басқа
түрінен терминдердің басты айырмашылығы – көп мағыналы емес, бір нақты
мағыналы болып келетіндігі. Оларда эмоцияналды бояу, экспрессивті-
стилистикалық қызмет болмайды. Олар белгілі бір ғылым саласына , бір
терминологияға тән болып келеді.
2. Сөздердің көп мағыналығы полисимиялық құбылыс деп аталады.
(Полисимия- грек тілінің poly «көп» және sema «белгі» деген сөздерінен
жасалған термин). Нақтылып айтатын болсақ, бір сөздің әр түрлі контексте
әр түрлі мағына беруін полисимия деп те атайды.
3. 3 топқа бөлінеді. Олар: лексикалық омонимдер, лексико-грамматикалық
омонимдер және аралас омонимдер
5 билет.
1. Сөз дегенімізді қалай түсінесіз?
2. Полисемия құбылысы сөздің қандай мағыналарын қамтиды?
3. Тілдің актив және пассив лексикасы дегеніміз не? Және Тілдің актив
лексикасына қандай сөздер жатады?
1. Лексикологияның негізгі обьектісі – сөз. Сөз-қарым-қатынас құралы.
Сөзсіз пікір алысу мүмкүн емес. Сөз-тіл дыбыстарымен құралатын негізгі
бірлік. Олай болса, сөз-лингвистиканың ең басты обьектісінің бірі.
Сөз – адамның туған тілі, адамды дүниеге келтірген, кіндік кесіп, қаны
тамған жері, туған олкесі туралы сезімі.
2.Полисемия құбылысы сөздің негізгі тура мағынасы мен туынды(қосымша)
мағынасын қамтиды.
3) Актив сөздер дегеніміз- күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер болып
табылады . Ал пассив сөздер дегеніміз- қолданылу өрісі шектеулі көнерген
сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер. 
      Кунделікті элеуметтік кажеттілігі мол,
карым-катынас жасауда жиі
колданылатын байырғы сездер,
олардан өрбіген туынды сездер, курделі сездер мен сез тіркестері, коп
мағынада
жумсалатын  создер , оның ішінде  - полисемия, омонимдер, синонимдер,
антонимдер, макал-мәтелдер ,  курамындарына қарай лексика,
кірме создер мен терминдер жане
неологизмдердін тілге әбден сінісіп
кеткен турлері және т. б. - тілдін актив лексикасына жатады.

6 билет.
1.Қазақ тіл біліміне байланысты терминдерді жазыңыз?
2.Ғылыми этимология дегеніміз не?
3. Тіл мен сөйлеуді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?
1) Қазақ тіл біліміне Жұрнақ, жалғау, сөз түбірі, үндестік заңы,
оңашаланған айқындауыш, т.б терминдері кіреді.
2. Ғылыми этимология - сөз төркінін, морфемалар тарихын, дамуын дәл
анықтап, көңіл сендіре ғылыми түрде түсіндіру, Ал халық этимологиясы,
кейбір адамдардың қайсыбір сөз мағынасын өзінше тұспалдап, өзінше
топшылау жасап түсініктеме беруі. Этимология тіл білімінің сөздер мен
морфемаларының шығу тарихын зерттейтін саласы.
К. Ахановтың айтуынша, ғылыми этимологиялық зерттеулерде белгілі
бір сөздің - морфеманың алғашқы мағынасын, сырын, қандай өзгерістерге
түскенін айқындау үшін бес түрлі қағидат-зерттеу тәсілі қолданылады:
генеалогиялық, семантикалық, фонетикалық, морфологиялық және
этимологиялық қағидат.
Генеологиялық қағидат - жүйелілік принципі деген сөз. Бұл қағидат
бойынша сөз төркінін айқындағанда, тілдердің генеологиялық жіктеліміне
(классификация) сүйенеді, тілдердің туыстығы есепке алынады. Мысалы,
қазақ сөзінің бірінің шығу жайын қазақ тілімен туыстас қырғыз, ұйғыр,
әзірбайжан, чуваш, тува, якут, т.б. тілдердің материалдарын салыстыра,
соларды ескере отырып іздестіру керек. Сонда ғана сөздің жалпы мағынасы
айқындала түседі, көмескі мағынасының сыры ашылады.
3. Әдетте, «сөйлеу» мен «тіл» деген сөздер бiр-бiрiмен синоним ретінде
қолданыла береді. Бірақ, бұл екеуі бір нәрсе емес. Сондықтан сөйлеу мен тіл
ұғымдарын бiр-бiрiнен ажырата білу керек. Өйткені сөйлеу мен тілдің бір-
бірінен айтарлықтай айырмасы бар», - деп жазады. Бұл дұрыс пікір. Сөйтіп
тіл дегеніміз - жоғарыда айтылғандай, адамдардын бір- бірімен қарым-
қатынас жасау, пікір алысу құралы болса, ал сейлеу дегеніміз - сол тілдегі
қарым-қатынас жасау, пікір алысу құралын пайдалана білудің әр түрлі амал-
дары мен жолдары, тәсiлдерi.
Лингвистер ішінде сөйлеу мен тілдің бір ұғым емес екеніне алғаш рет
көңіл аударған - неміс ғалымы Вилгельм фон Гумбольдт (1767-1835 жж.) пен
швейцар лингвисі Фердинанд де Соссюр (1857-1913 жж). Бірақ, булардың
тұжырымдамасында айқындық болмады, олар сөйлеу мен тілдің айырым
белгілерін көрсете алмады. Тіл мен сөйлеуді бір-бірінен ажыратып,
айырымын тани білу керек. Сөйлеудің екі жағы бар: сөйлеу процесінің нақ
өзі және сол сөйлеу іс-әрекетi процесiнде жасалынған нәтиже, яғни
сейлемдер, мәтіндер, т.б. Сөйлеу екі түрлі формада - ішкі және сырткы
формада жүзеге асады: ішкі сөйлеу формасы - сөйлеу процесі үшін аса қажет
нәрсе; ал сырткы форма арқылы адам өз ойын баскаларга жеткiзедi, белгiлi
бiр ақпараттар береді. Сырткы сөйлеу формасының өзі 2 түрлі жолмен -
ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Сөйлеу ауызша түрде
жүзеге асырылғанда, оны айту мен екiншi бiреудiң қабылдауы бір уақытта
болады, ал сөйлеудің ғұмыры жазбаша түрде аса ұзақ. Ондай жазбаша
мәтіндер, шығармалар жүздеген, мындаған жылдарға жете алады, сондыктан
адамзаттың ұрпағы жазбаша жеткен дүниелердi әр кезде, әр заманда өз
керегіне жаратып пайдалана алады.
Тіл – бірліктер жүйесі. Тілдегі қалыптасқан белгiлi бір жүйемен сөйлеу
арқылы адам өзінің алуан түрлі ойын басқаларға жеткізеді. Бірақ адам өз
ойын дұрыс жеткізуі үшін өз сөзін өзі сөйлеп тұрған тіл жүйесі мен норма-
ларынын зандылыктарына бағындыруы керек, екіншіден, оны тыңдаушы
адам да сол тiлдiң жүйесін жетік білуі шарт, сонда ғана екі жақты өзара
түсіністікке негізделген байланыс болады, яғни ойды білдіруші де, ол ойды
қабылдаушы да айтылмақ ойдың не туралы екендігін түсінеді.

7 билет.
1. Полисемантизмді сөз дегеніміз не?
2. Синонимдер дегеніміз не?
3. Диалект сөздер дегеніміз не? Және “Говор” сөзінің диалект сөздерге
қандай қатысы бар?
1) Мағыналарының арасында қалай да семантикалық байланысы бар, әр түрлі
мағыналы сөз полисемантизмді сөз деп аталады.
2)Мағынасы жағынан бір-біріне жуық, өзара мәндес сөздер синонимдер деп
аталады. Синонимдес сөздер- әр басқа ұғымды емес, бір ұғымды әр түрлі
жақтан белгілейтін сөздер.
3) Тіл білімінде диалект сөздерді  зерттейтін сала – диалектология (диалектос
– сөйлеу, логос – ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады.
Диалект — деген термин тілдегі жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір
жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік
ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада
диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.
Мысалы, сіріңке-кеуірт, күкірт,шырпы, ши, оттық, шақпақ; шылапшын-
леген,жам, кірлен, шылаушын

Жергілікті диалектілердің шағын аймағын қамтитын бөлігі говор деп


аталады. Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді
қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы
мүмкін. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей
жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді
қамтиды. Мысалы, қазақ тілінде Шығыс говоры, Батыс говоры деген ұғым
бар.

8 билет.
1. ”Этимология” термині қай тілден енген сөз? Этимология неше салаға
бөлінеді?
2. Аударма сөздіктің неше түрі болады ?
3. Бір тілде антонимдес болған бір тектес ұғымды білдіретін сөздер
екінші тілде антонимдес болмауы мүмкінбе?
1.Этимология (гректің etumologia - «ақиқат, шындық» туралы ілім деген
сөздерінен алынған) - тіл білімінің жеке сөздер мен морфемаларының шығу
тарихын зерттейтін саласы. Этимология - этимондар, яғни сөздің ақиқат мәні,
мағынасы туралы ілім деп те айта береді. Сөз тарихы, мағынасы тіл
тарихымен, сол тілді жасаушы, қолданушы халық тарихымен тығыз
байланысты болады дегенбіз. Халық өмірінде, халықтұрмысында бар нәрсе
сол халық тілінен орын алады. Мәселен, солтүстікте саамдар (лопар халқы)
тұрады. Жері суық. Мұз бен қар аралас. Мұздан басқа тау деген жоқ. Соған
орай, саам- дарда мұз түрін білдіретін - 20 шақты сөз, суықтың қан-
дайлықты екенін байқататын - 11 сөз, қардың түрін білдіру үшін жұмсалатын
41 сөз бар екен.
Этимология - тарихи лексикологияның бір саласы. Ол белгілі бір тілдегі
сөздердің шығу төркінін олардың туыстас тілдердегі сәйкес келетін
сөздермен генетикалық байланысын айқындаумен білдіреді.
Лингвистикада этимология деген термин екі түрлі мағынада қолданылады:
біріншіден, этимология сөзінің шығу тегі туралы ілім дегенді білдіреді,
екіншіден, сөздің шығу тегі деген ұғымның өзін білдіреді. Сөздің шығу
төркінінің (этимологиясының) сөздің семантикасы туралы мәселеге, сөз
мағынасының өзгеруіне, ол туралы ілім- семасиологияға тікелей қатысы бар
және онымен тығыз байланысты болады. Сөз этимологиясын айқындау - өте
күрделі мәселе. Алайда сөздің этимологиясын айқындаудың қиындығы
барлық сөздерге бірдей қатысты емес.Этимология екі салаға бөлінеді:ғылыми
және халық этимологиясы.
2. Аударма сөздіктің неше түрі болады ?
Аударма сөздіктін екі түрі бар: онын бірінде белгілі бір шет тілдегі сөздер
мен фразеологизмдер ана тіліне аударылып беріледі, екіншісінде керісінше,
ана тілдегі сездер мен фразеологизмдер шет тілге аударылады.
Әр түрлі тілдерде жасалган сөздіктердін, ішінде ең көп кездесетіні екі тілді
аударма сөздіктер.

3. Иа, мүмкін. Мұндай құбылысты туыстас тілдердің өзінен де байқауға


болады. Мысалы, түркімен тілінде ұлы-кичи (ұлы-кіші) деген сөздер бір-
бірімен антонимдес сөздер. Ал қазақ тілінде кіші деген сөз ұлы деген сөзге
антонимдес бола алмайды, кіші деген сөздің антонимі-үлкен

9 билет.
1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
2. Сөз мағынасының тарылуы қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?
3. Фразеология қандай мағынадан құрылады?
1. Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде
бейнеленуі. Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз- ірбір сөздің өзге
сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандағы нақтылы немесе
негізгі мағынасы. Сөздің лексикалық мағынасын сөздің негізгі, тура
мағынасы деп те атайды. Мысалы: оқушы, әліппе, жолдас, алып, оқиды деген
сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасы бар және жеке-дара күйде
тұр.
2. Сөз мағынасының тарылуы, негізінен адам ұғымының жалпылықтан
жалқылықты саралап, даралауынан, заттар мен құбылыстардың ерекшелігін,
қыр-сырын айқындай түсуінен, нақтылап, дәл білуінен пайда болады.
3)Фразеологиялық бірліктер туралы ілім деген мағынадан құралады.
10 билет.
1. Тіл білімінің зерттеу объектісі деген не?
2.Аударма сөздік үлгілері нешінші ғасырдан бастап жарық көре
бастады?
3.Қазақ тіліне орыс тілінен енген сөздерді атаңыз.
1. Дербес ғылымдар қатарына тіл білімі де жатады. Тіл білімінің ғылым
ретінде зерттеу объектісі бар, ол - тіл. Тіл – әр ұлттың аса ұлы игілігі әрі
оның өзіне тән ажырамас бөлігі, белгiсi. Тiл - кез келген ұлттың тарихы
субъектісі ретінде өмір сүруінің ең алғашқы шарттары- ның бірі, олай болса,
тіл - адамзат қоғамындағы қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынас жасау,
өзара пікір алысу құралы. Тіл адамдар үшін, қоғамдық орта үшiн қызмет
етеді, сондықтан ешбір қоғам тілсіз өмір сүре алмайды. Дүние жүзінде халық
та, соған орай тіл де көп. 1980 жылы Герман Федерациялық
Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда, дүние жүзінде 5661
тiл бар. Бірак олардың ішінде 1400-ден астамы не мүлдем дами алмай қалған,
не бұл күнде көне, өлі тілге айналып кеткен. Лингвистиканың зерттейтіні -
сөйлеуші халқы бар, күнделікті өмірде қолданып жүрген, нағыз қарым-
қатынас құралына айналған тілдер, яғни тірі тілдер. Эмеди Хасенов «Тіл
білімі» еңбегінде: «Лингвистиканың негізгі объектісі - сөйлеу, адамзаттың
сөйлеу тілі. Сөйлеу - адамның іс-әрекетінің ерекше формасы. Сойлеу
адамзаттын ойлауымен және басқа да психикалык процестерімен тығыз
байланысты.

2.Аударма сөздік үлгілері нешінші ғасырдан бастап жарық көре бастады?


Тұңғыш Аударма сөздік үлгілері еткен ғасырдың II жартысынан
бастап жарық көре бастады.

3. Қазақ тіліне орыс тілінен енген сөздер: доға(дуга), жәшік(ящик), кір(гир),


самауыр(самовар), жәрмеңке(ярмарка), сот(суд), түрме(тюрьма),
сәтен(сатин), қамыт(хамут)

You might also like