You are on page 1of 8

Химиялық есептеулерде пайдаланылатын негізгі формулалар

ν=N/N A ν -зат мөлшері (моль)


N-бөлшектер (молекулалар, иондар) саны
23
NА- Авогадро саны, N А =6,02⋅ 10 моль
M=m/ν M-заттың молярлық массасы (г/моль)
m- зат массасы (г)
V M =V/ν V M - газдың молярлық көлемі
V M -22,4 л/моль (қ.ж)
V-газ көлемі (л)
M (газ) M
DH = =
2 M(H ) 2
2 D H 2 -сутек газы бойынша салыстырмалы
тығыздық
М ( ауа)
М
М
D ауа = ( ауа) = 2 D ауа -ауа бойынша салыстырмалы
тығыздық
PV=nRT P-газ қысымы (Па, кПа)
Т-абсолюттік температура(К), Т=273+t
0
t- температура ( С)
R-8,314Дж/(К моль), мұндағы
3
Дж=Па ·м =кПа ·л
m зат
ω = mкоспа ω -қоспадағы (ерітіндідегі) заттың массалық
үлесі
V зат
ϕ=
V ксспа ϕ -қоспадағы заттың көлемдік үлесі
mпрак
η=
mтеор .100% η -реакция шығымы (%)
n n
=
V
C m = (k) л M∗V л СМ-ерітіндінің молярлық концентрациясы
(моль/л)
С% = ω· 100% C % -ерітіндінің пайыздық концентрациясы
(%)
ρ=m( г) ρ -зат тығыздығы (г/моль)
/V (мл)
+ −14
[H ]·[OH]=10 Судың иондық көбейтіндісі
+
ρH=lg[ H ] +
[H ]-сутек иондарының ерітіндідегі
концентрациясы (моль/литр)

[ОН ]-гидроксил иондардың ерітіндегі кон-
трациясы(моль/л)
ΔC Δν
v= =−
Δτ Δτ v-химиялық реакция жылдамдығы (моль/л·с)
ΔС− әрекеттесуші заттардың концентрация-
сының өзгеруі ΔС=С 2 −С1
Δν− әрекетесуші заттардың мөлшерінің өзге-
руі Δν=ν 2 −ν1
Δτ − реакция уақыты (с)
b b
ν =k⋅C A⋅C B аА+вВ → Сс, мұндағы А және В ерітіндідегі
газдар немесе заттар, С А және С В А және В
заттардың молярлық концентрациялары
k-реакция жылдамдығының тұрақтысы
t 2−t 1
10
ν t =v t ¿ γ
2 1
t1 және t 2 - бастапқы және соңғы температура
νt νt t t
1 және 2 -cәйкесінше 1 және 2 кезіндегі
реакция жылдамдығы
γ− температуралық коэффициент.
ТЕРМОХИМИЯ ЖӘНЕ ТЕРМОДИНАМИКА

1. Термохимиялық есептеулер
Химиялық жүйені сипаттайтын ең негізгі шамаларға ішкі энергия ‘U’,
энтальпия ‘H’, энтропия ‘S’, және Гиббс энергиясы (изобарлық-
изотермиялық потенциал) ‘G’ жатады. Барлық бұл шамалар жүйе жағдайына
тәуелді, бұл жағдайға жету әдісіне тәуелді емес.
Химиялық реакциялар өткенде әрекеттесуші жүйелердің ішкі
энергиялары өзгереді. Егер жүйенің ішкі энергиясы азайса ( Δ U<0), онда
реакция энергия бөлуімен өтеді (экзотермиялық реакциялар). Егер жүйенің
ішкі энергиясы көбейсе ( Δ U>0), онда реакция энергия сінірілуімен өтеді
(эндотермиялық реакциялар).
Егер де химиялық реакция нәтижесінде жүйе ‘Q’ мөлшерінде энергия
сіңіріп, ‘А’ жұмысын атқарса онда ішкі энергияның өзгеруі Δ U= Q – A
теңдеумен анықталады.
Энергияның сақталу заңына сәйкес, Δ U жүйенің бастапқы және соңғы
жағдайына байланысты, бірақ процесті жүзеге асыру әдісіне тәуелсіз.
Керісінше, процесті жүзеге асыру әдістері әр түрлі болса да Q және A
ерекшеленеді. Күй функциясы болып бұл шамалардың жеке әрбіреуі емес
тек айырмасы ғана табылады. U, Q және A функциялары джоульдарда және
килоджоульдарда өрнектеледі.
Егер реакция тұрақты көлемде өтсе ( Δ V=0, изохорлық процес), жүйенің
кенуінің жұмысы нольге тең болады (A=P Δ V).
Химиялық реакциялар әдетте тұрақты көлемде емес, тұрақты қысымда
‘P’ ( Δ P=0, изобарлық процес) жүреді. Мұндай жағдайларда процесті
сипаттау үшін ішкі энергияны ‘U’ емес, энтальпияны ‘H’ пайдаланған
қолайлы. Энтальпия келесі қатынаспен анықталады:
H=U+P Δ V.
Тұрақты қысымда Δ H= Δ U+P Δ V, яғни энтальпияның өзгеруі ішкі
энергияның өзгеруінің ( Δ U) және жүйенің атқарған кенею жұмысының (P Δ
V) қосындысына тең.
Бұл температурадағы заттың стандартты күйі деп оның 101,325 кПа
немесе 760 с.б.б. қысымдағы таза зат түріндегі күйі аталады. Стандартты
жағдайлары болып саналатын сәйкес шамалардың өзгерулері стандартты
өзгерулер деп аталады және олардың белгілеулеріне 0 жоғары индекстер
қосылады, мысалы: Δ U0, Δ H0, Δ S0.
Жай заттардан бұл заттың 1 молінің түзілу реакциясының стандартты
энтальпиясы бұл заттың түзілү стандартты энтальпиясы деп аталады және
килоджоуль/моль бірлігімен өрнектеледі.
Жай заттардың түзілу энтальпиясы нольге тең.
Мысалы РЬО(к) +СО (г) = РЬ (к) +СО 2(г) ΔН0 = -64кДж, яғни 1 моль
РЬО көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздаңғанда 64 кДж тең жылу бөлінеді.
‘К’, ‘с’, ‘г’ қысқартулары заттың кристалдық, сұйық немесе газ тәріздес
күйін көрсетеді.
Гесс заңы
Химиялық реакциялардың жылу энтальпиясы реакцияға қатысқан
заттар мен реакция нәтижесінде түзілген заттардың күйіне ғана
байланысты, ал реакцияның жүру жолдарына байланысты емес.
Гесс заңын пайдалана отырып кез келген реакцияның жылу
энтальпиясын есептеп шығаруға болады.
Салдар:
Химиялық реакцияның жылу энтальпиясы реакция нәтижесінде
шыққан заттардың түзілу жылуларының қосындысы мен реакцияға
қатысқан заттардың түзілу жылуларының қосындысының айырмасына
тең. ΔН0298 = ∑ ΔН0өнім. - ∑ ΔН0бас.з.
1 мысал. Газ тәріздес көміртек диоксидінің түзілу жылуынан ( Δ H=-
393,5 кДж) және термохимиялық теңдеуден
C (к) + 2N2O (г) =CO2 (г) +2N2 (г) Δ H0=-557,5 кДж. (1)
N2O(г) түзілу жылуын есептеу керек.
Шешуі: Бастапқы шаманы x деп белгілеп, N 2O – ның жай заттардан
түзілу теңдеуін жазамыз:
N2 (г) + 1/2O2 (г) = N2O (г) Δ H01 =x кДж (2)
CO2 (г) – ң жай заттардан түзілу теңдеуін жазайық:
C (к) + O2 (г) = CO2 (г) Δ H02 =- 393,5 кДж (3)
(2) және (3) теңдеулерінен (1) теңдеуді алуға болады. Ол үшін (2)
теңдеуді екіге көбейтіп, алынған теңдеуді (3) теңдеуден алу керек. Сонда
осындай теңдеу пайда болады:
C (к) + 2N2O (г) = CO2 (г) + 2N2 (г); (4)
Δ H0 = (-393,5 – 2x) кДж.
(1) және (4) теңдеулерін салыстырып, мынаны табамыз:
393,5 – 2x = -557,5; x = 82,0 кДж.
2 мысал. Метанның жану реакциясының CH4 (г) + 2O2(г) = CO2(г) + 2H2O(г)
энтальпиясының стандартты өзгерісін анықтаңдар. CO2(г) , H2O(г) , CH4(г)
түзілу энтальпиясы сәйкесінше - 393,5; - 241,8; - 74,9 кДж/мольге тең екені
белгілі.
Шешуі. CO2 (г), H2O (г), CH4 (г) түзілу реакцияларының термохимиялық
теңдеуін жазайық:
C (к) + O2 (г) = CO2 (г) Δ H01 = - 393,5 кДж (1)
H2 (г) + 1/2 O2 (г) = H2O (г) Δ H 2 = - 241,8 кДж
0
(2)
C (к) + 2H2(г) = CH4(г) Δ H 3 = - 74,9 кДж
0
(3)
(1) теңдеуді 2 есе көбейтілген (2) теңдеуге қосып, алынған
қосындысынан (3) теңдеуді алып тастап, мынадай термохимиялық теңдеу
аламыз:
CH4 (г) + 2O2 (г) = CO2 (г) + 2H2O (г)
Δ H0 = Δ H01 + 2 Δ H02 - Δ H03
Δ H0 = - 393,5 + 2 ¿ (- 241,8) – (-74,9) = - 802,2 кДж.
3 мысал. 2Mg (к) + CO2 (г) = MgO (к) + C (к) химиялық реакцияның Δ H0
есептеу керек.
Шешуі. CO2 және MgO түзілу стандартты энтальпиясы бойынша
сәйкесінше -393,5 және -601,8 кДж/мольге тең, осыдан:
Δ H0=2 Δ H0MgO - Δ H0CO2 = -601,8 ¿ 2 + 393,5 = -810,1кДж.
4 мысал. Δ H0 мәндері бойынша магний оксидінің суда еру
реакциясының Δ H03 мәнін есептеңіз.
MgO(к) + 2H+(сулы) = Mg2+(сулы) + H2O(с) Δ H01= -145,6 кДж
H2O (с) = H+(сулы) + OH-(сулы) Δ H02 = 57,5 кДж
MgO(к) + H2O(с) = Mg2+(сулы)+ 2OH-(сулы) Δ H03 = ?
Шешуі. Гесс заңы бойынша:
Δ H03 = Δ H01 + 2 Δ H02
Δ H03 = -145,6+2 ¿ 57,5=30,6 кДж.

Есептер

№1. Fe2O3 1 молінің металдық алюминиймен тотықсыздану


реакциясының жылу эффектісін есептеңіз.
№2 Газды этил спиртін C2H5OH этилен C2H4(г) және су буының өзара
әрекеттесуінің нәтижесінде алуға болады. Бұл реакцияның термохимиялық
теңдеуін жазыңыз және оның жылу эффектісін есептеңіз.
№3. Темір (ІІ) оксидінің сутекпен тотықсыздану реакциясының жылу
эффектісін есептеңіз.
FeO(к) + CO(г) = Fe(к) + CO2(г) Δ H01= -13,18 кДж
CO(г) + 1/2 O2(г)= CO2(г) Δ H02= -283,0 кДж
H2(г) + 1/2 O2(г)= H2O(г) Δ H03= -241,8кДж
№4. Газ тәріздес күкіртсутекпен көміртек диоксиді өзара әрекеттескенде
су буы және күкірткөміртек CS2(г) түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық
теңдеуін жазып, оның жылу эффектісін есептеңіз.
№5. Көміртек оксидімен CO(г) сутектің 1 моль мөлшерінен метанның
CH4(г) түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін жазыңыз. Бұл реакция
нәтижесінде қанша жылу бөлінеді?
№6. Газ тәріздес метан және күкіртсутек өзара әрекеттескенде сутек
және күкірткөміртек CS2(г) түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық теңдеуін
жазып, оның жылу эффектісін есептеңіз.
№7. Кристалдық аммоний хлориді газды аммиак және сутек хлоридінің
өзара әрекеттесуінің нәтижесінде түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық
теңдеуін жазыңыз. Реакцияда 10 л аммиак (қ.ж) шығындалса, қанша жылу
бөлінеді?
№8. Келесі термохимиялық теңдеулер бойынша метанның түзілу
энтальпиясын есептеңіз:
H2 (г) + 1/2 O2 (г) = H2O (c) Δ H01=-285,84 кДж
C (к) + O2 (г) = CO2 (г) Δ H02=-393,51 кДж
CH4 (г) + 2O2 (г) = CO2 (г) + 2H2O (г) Δ H03=-890,31 кДж
№9. Келесі термохимиялық теңдеулер бойынша кальций гидроксидінің
түзілу энтальпиясын есептеңіз:
Ca (к) + 1/2 O2 (г) = CaO (к) Δ H01=-635,6 кДж
H2 (г) + 1/2 O2 (г) = H2O (c) Δ H02=-285,84 кДж
CaO (к) + H2O(c) = Ca (OH)2 (к) Δ H03 =-65,06 кДж
№10. Су буы мен көміртек диоксидінің түзілуімен сұйық бензолдың
жану химиялық реакциясының энтальпиясы -3135,58 кДж. Бұл реакцияның
термохимиялық теңдеуін құрып, C6H6(с) түзілу энтальпиясын есептеңіз.
№11. Азот гемиоксидінің N2O 3 молі аммиак пен әрекеттескенде азот
және су буы түзіледі. Химиялық реакция энтальпиясы -877,76 кДж. Бұл
реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, N2O(г) түзілу энтальпиясын
есептеңіз.
№12. Газды аммиак жанғанда су буы мен азот монооксиді NO (г) түзіледі.
Бұл реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, 1 моль NH 3 есептегендегі
химиялық реакцияның түзілу энтальпиясын есептеңіз.
№13. Метил спиртінің жану реакциясы келесі термохимиялық
теңдеумен өрнектеледі:
CH3OH (c) + 3/2 O2 (г) = CO2 (г) + 2H2O (c) Δ H0= ?
CH3OH(c) буға айналу энтальпиясы +37,4 кДжі. Химиялық реакцияның
түзілу энтальпиясын есептеңіз.
№14. Нәтижесінде су буы мен көміртек диоксиді түзілетін 1 моль этил
спиртінің жану реакциясының термохимиялық теңдеуін жазыңыз. 11,5 г
C2H5OH(c) жанғанда 308,71 кДж жылу бөлінеді. Этил спиртінің түзілу
энтальпиясын есептеңіз.
№15. Бензолдың жану реакциясы келесі термохимиялық теңдеумен
өрнектеледі:
C6H6 (c) + 15/2 O2 (г) = 6CO2 (г) +3H2О(г) Δ H0= ?
Δ H0C6H6(г)=+33,9 кДж екені белгілі. Бұл реакцияның түзілу энтальпиясын
есептеңіз.
№16. Аммиактың жану реакциясы келесі термохимиялық теңдеумен
өрнектеледі:
4NH3(г) + 3O2(г) =2N2(г) + 6H2O(c) Δ H0 = -1530,28 кДж
Δ H0NH3(г) есептеу керек.
№17. 2,1 г темір күкіртпен жанғанда 3,77 кДж жылу бөлінеді. Темір
сульфидінің түзілу жылуын есептеңіз.
№18. Қалыпты жағдайдағы гүрілдегіш газдың (2H 2 + O2) 8,4 литрі
атылғанда бөлінетін жылудың мөлшерін табу керек.
№19. Мына теңдеу бойынша PH3 түзілу стандартты энтальпиясын
анықтау керек:
2PH3(г) + 4O2(г) = P2O5(к) + 3H2O(c) Δ H0= -2360 кДж.
№20. 3CaO(к) + P2O5(к) = Ca3(PO4)2(к) Δ H0=-739 кДж
реакцияның жылу эффектісі бойынша кальций ортофосфатының түзілу
стандартты энтальпиясын анықтау керек.
№21. 12,7 г мыс (ІІ) оксидін көміртекпен (CO түзуімен)
тотықсыздандырғанда 8,24 кДж энергия сіңіріледі. CuO түзілу стандартты
энтальпиясын анықтау керек.
№22. Сұйық су түзуімен этилен толық жанғанында 6226 кДж жылу
бөлінді. Реакцияға түскен оттектің (қ.ж.) көлемін табу керек.
№23. Сулы газ сутекпен көміртек (ІІ) оксидінің бірдей көлемінен
түзілетін қоспа. 112 л сулы газ (қ.ж.) жанғанда бөлінетін жылудың мөлшерін
табу керек.
№24. H2O(г) түзуімен сутек және ацетиленнің бірдей көлемдері
жандырылды. Қай жағдайда көбірек жылу бөлінеді ? Неше есе ?
№25. Темір (ІІІ) оксидінің әр түрлі тотықсыздандырғыштармен
тотықсыздану реакцияларының энтальпиясын салыстырыңыз:
а) Fe2O3 (к) + 3H2 (г) = 2Fe (к) + 3H2O (г)
б) Fe2O3 (к) + 3C (к) = 2Fe (к) +3CO (г)
в) Fe2O3 (к) + 3CO (г) = 2Fe (к) + 3CO2 (г)
№26. Мына реакциялардан MgCO3 (к) түзілу энтальпиясын анықтау
керек:
C (к) + O2 (г) = CO2 (г) Δ H02 = -393,51 кДж
Mg (к) + 1/2 O2 (г) = MgO (к) Δ H0 = -12,03 кДж
MgO (к) + CO2 (г) = MgCO3 (к) Δ H0 = 117,7 кДж
№27. Мына реакциялардың энтальпиясын анықтау керек:
2Li(к) + 2H2O(c) = 2Li+(сулы) + H2(г) + 2OH-(сулы)
2Na(к) + 2H2O(c) = 2Na+(сулы) +H2(г) + 2OH-(сулы)
Li+(сулы) , Na+(сулы) , OH-(сулы) түзілуінің стандартты энтальпиялары
сәйкесінше мынандай сандарға тең болады: -278,5; -239,7; -228,9 кДж/моль.
№28. Ағзада өтетін глюкозаның айналу реакцияларының Δ H0 мәнін
есептеу керек.
а) C6H12O6(к) =2C2H5OH(c) + 2CO2(г)
б) C6H12O6(к) + 6O2 (г)= 6CO2(г) +6H2O(c)
Бұл реакцияның қайсысы ағзаға көбірек энергия жеткізеді?
4 кесте
Кейбір заттардың түзілу стандартты жылуы (энтальпиясы)
Зат Күйі ΔН 298, Зат Күйі ΔН 298,
кДж/моль кДж/моль
СS2 г + 115,28 NН4С1 к -315,39
NO г + 90,37 СO2 г -393,51
С6Н6 г + 82,93 Fе2O3 к -822,10
С2Н4 г + 52,28 Са(ОН)2 к - 986,50
Н2S г -20,15 А12O3 к -1669,80
NН3 г -46,19 РН3 г + 5,3
СН4 г - 74,85 Р2O5 к -1492
С2Н6 г -84,67 СаО к - 635,5
НС1 г -92,31 Са3(РO4)2 к -4137,5
СО г -110,52 СuО к -162,0
СНзОН г -201,17 М g СОЗ к -1113,0
С2Н3ОН г -235,31 МgO к -601,8
Н2О г -241,83 С6Н12O6 к - 1273,0
H2О ж -285,84

You might also like