You are on page 1of 4

1.

ISO - 14000 стандартының мазмұны мен маңыздылығы

Осы сабақта

Грамматика:
 Салыстырылудың берілуі
 Кіріспе: ISO - 14000 стандарты туралы оқытушы сөзін тыңдау
 Оқылым: ISO 14000 стандарттарына шолу; Қабылданған стандарттар.
 Жазу біліктілігі мен дағдысы: Салыстыру эссесі ( writing skills: a comparative essay)
1 Мына сөйлемдерге назар аударыңыз. Сөйлемдердің мазмұны бірдей.

1 Ніл өзенінің ұзындығы 6,670 км, оны Темза өзенімен салыстыратын болсақ, Темза өзенінің
ұзындығы небары 335 км.
2 Ніл өзенінің ұзындығы 6, 670 км , ал Темза өзенінің ұзындығы бар болғаны 335 км.
3 Ніл өзенінің ұзындығы 6, 670 км болса, ал Темза өзенінің ұзындығы 335 - км.

2 Мына жерлер туралы үш сөйлем жазыңыз. Айырмашылығы, ал, болса, салыстыра


қарағанда, салыстыратын болсақ, қарағанда сөздерін пайдаланыңыз.
1 Эверест биіктігі: 8,84м.
Бен-Невис: 1343 м.
2 Тынық мұхитының ең терең жері:11022 м.
Солтүстік теңізі: 310 м.
3 Жер бетіндегі ең терең көл Байкалдың орташа тереңдігі: 1620 м.
Әлемдегі екінші терең көл Танганикидің (Африка) орташа тереңдігі Байкалдан 200 метрге қалып
тұр.

3 - тапсырма. Сөйлеу практикасы үшін ISO стандарты мен TQM - ді талдау, Салыстыру
құрылымдарын пайдаланыңыздар. Төмендегі сұрақтарға сүйеніңіз.
 ISO 9000 - ның қандай сегіз ұстанымы бар?
 Шухарт деминг циклы қандай процестерден тұрады?
 Каору Ишикаваның себеп - салдарлық диаграммасы нені білдіреді?
 Джуранның сапа спиралінің мазмұны неден тұрады?
 TQM - нің мақсаты қандай?
 TQM жүйесі неден тұрады?
 Үздіксіз жетілдіру дегенге екі стандарттың бағыты қандай
 TQM жүйесін қазіргі экономикалық жағдайда жоғары өнімділікке жетудің үздік
құралы деп есептеуге бола ма?
 Өз пікіріңіз, қорытындыңыз қандай?

4 - тапсырма: Тыңдаңыз:
ISO және қоршаған орта
5 - тапсырма: Тыңдалым бойынша түсінікті тексеруге арналған сұрақтарға жауап
беріңіз:
Экологиялық құралдардың қандай сипаттамалары аталды?
Экологиялық менеджмент жүйесін енгізу неге өзекті ?
Экологиялық менеджмент жүйесін енгізудің қандай артықшылықтары бар?
ISO 14 000 дегеніміз не?

6 - тапсырма. Оқылым: берілген материалды оқыңыздар.

ISO 14000 стандарттарына шолу

Қабылданған стандарттар

ISO 14001 стандарты – экологиялық менеджмент жүйесін құру негізі ретінде әлемде
мойындалған стандарт. Бұл стандартты енгізу –қоршаған ортаға және табиғат ресурстарын
рационалды пайдалануға ұйымдардың әсерін басқаруға көмектеседі. ISO – ға мүше
мемлекеттердің жартысынан астамы осы стандартты ұлттық стандарты ретінде қабылдаған. Оның
қолданылуын барлық әлемде үкімет тарапынан марапатталады.

ISO 14031 стандарты ұйымдарға экологиялық нәтижелілікті бағалау бойынша жетекшілік етуге
мүмкіндік береді. Өнімдер мен қызметтің экологиялық аспектілері бойынша ақпарат алмасу
қоршаған ортаның жай күйін жақсарту үшін рыноктік тетіктердің маңызды амалдары болып
табылады. Шынайы, нақты ақпарат тұтынушыларға сатып алу шешімін қабылдауға негіз болады.

ISO 14040 стандарты өнімдер мен қызметке жалпы экологиялық әсер етуін қалай қысқарту
туралы ұйымды ақпаратпен қамтамасыз ететін басшылық ережелерінің принциптерін, өмір
цикліне зерттеу жүргізу ережелерін белгілейді.

Экологиялық және экономиялық артықшылықтары

ISO 14 000 дайындалған стандарттары өзара бір бірін толықтырса да экологиялық мақсаттар үшін
олар жеке - жеке де қолданыла алады. Сондай - ақ бұл инструменттер айтарлықтай
экономикалық тиімділіктермен қамтамасыз ете алады.

7 - тапсырма. Қандай экономикалық артықшылықтары болуы мүмкін деп ойлайсыз?


Жауапты толықтырыңыз.

 шикізаттарды / ресурстарды тым көп пайдалануды төмендетеді;


 энергияны пайдалануды төмендетеді;
 .......................................................
 ........................................................

Әрине, осы экономикалық тиімділікпен бірге экологиялық тиімділік те байланысты. Бұл ISO
14000 стандартының үлесі.

8 - тапсырма. Әңгімелесеміз.

1.1 Сөйлеу практикасы үшін :

Қазіргі танда халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар, атаңыздар.


Мысалы:
• Ресурстар проблемасы;
• Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
• Энергетикалық проблема;
• Климаттың өзгеруі;
• Экологиялық проблема,
• .........................................
• ..............................................
• ..............................................
11 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер: Аталған проблемалардың ішінде экологиялық
проблемалар неге әкелуі ықтимал?

Назар аударыңыз!
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде
айқындалған экологиялық проблемалар кешені.
Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар:

• озон қабатының жұқаруы,


• атмосфераның,
• әлемдік мұхиттың ластануы,
• биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б.
• табиғи экожүйенің бүлінуі,

8 - тапсырма. Берілген бейне материалды көріңіз, тыңдаңыз. Өз ой - пікірлеріңізді


толықтырыңыз. Цифрларға назар аударыңыз.
Озон қабатының бұзылуы биосферада ауқымды өзгерістер туғызумен қатар, қоршаған орта мен
адам денсаулығы үшін өте қауіпті.  Оның тозуына ұшақтар, толық жанып бітпеген отын өнімдері
мен ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді. Жалпы әлем бойынша бүгінде шамамен
1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отыр екен. Оның 35 пайызы АҚШ, 40 пайызы
Еуропа елдері, 10-12 пайызы Жапония, 10 пайызы Ресейдің үлесінде. Сондықтан қазіргі таңда
экологтар бұл проблеманы жан-жақты зерттеп, әлем елдері маңызды келісімшарттар мен
бағдарламалар қабылдауда. Ол жайлы толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.
Дерек көзі:  www.24.kz

8а - тапсырма. Берілген бейне материалды көріңіз, тыңдаңыз. Өз ой - пікірлеріңізді


толықтырыңыз.

9 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер. Қандай мәселелер айтылды?


http://www.dishisvobodno.ru/global_pollution.html

9 - тапсырма. Кестені толтырыңыздар.

Ғаламдық экологиялық пайда болу себептері салдары


проблемалар
• ресурстар проблемасы
(су ресурстарының
тапшылығы) ;
• азық-түлік немесе
ашаршылық
проблемасы;
• жарамсыз жерлердің
көбеюі
• энергетикалық
проблема;
• демографиялық мәселе;
• климаттың өзгеруі; Атмосферадағы
озон қабатының тесілуі газдардың тепе-
• экологиялық теңдігінің бұзылуы
проблемалар;
• қауіпті ауруларды
жою;
• әлемдік мұхит пен
космосты игеру;

10 - тапсырма. Экологиялық мәселелерді шешу жолдарын толықтырыңыз:

 жанар- жағар май түрлеріне бағаны көтеру;


 экологиялық таза энергия көздерін табу;
 энергияны үнемдейтін, сақтайтын технологияны, қалдықсыз технологияны дамыту;
 …………………………………………………………………………

2. Жазылым біліктілігі: ISO стандарты мен TQM - ге қатысты салыстыру эссесін


жазыңыз.

You might also like