You are on page 1of 32

Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 1

Аммиак өндірісі
Өндірісте аммиакты азот пен сутекті тікелей синтездеп алады. Аммиак синтездеу
реакциясы қайтымды және экзотермиялық, көлемнің кемуімен жүреді. Ле-Шателье
принципі бойынша температураны төмендетіп, қысымды арттырғанда тепе-теңдік
аммиак түзілу бағытына ығысады. Бірақ төменгі температурада реакцияның
жылдамдығы кеміп, аммиактың шығымы азаяды. Бүл аммиак синтезі өндірісінің
негізгі проблемалары болып табылды.
Бүл проблеманы шешумен неміс ғалымы Фриц Габер айналысты.
1) 500 °C, 200 атмосфералық қысымда ол сутек пен азоттан аммиак синтездеп алды.
2) төменгі температурада реакция жылдамдығы жоғары болу үшін белсендіру
энергиясын азайтатын өршіткі (катализатор) қолданды.
Ал аммиак синтезін өндірісте жүзеге асырған неміс инженері Карл Бош болды. Ол
біраз проблемаларды шешті. Алдымен аммиак синтезіне қажетті шикізаттар - азот пен
сутекті таза күйінде алу қажет болды. Аммиак синтезіне қажетті азотты ауадан алады.
Бұл үшін ауаны қысыммен төмен температураға дейін салқындатады да толығымен
сығады.
Өнеркәсіпте аммиак синтезі үшін тек қана темір катализаторлар пайдаланылады.

21. N2 + 3Н2 ↔ 2NH3; ∆H= - 92,4 кДж реакциясында тепе-теңдікті


өнімге ығыстыру үшін қажет факторлар:
А) температураны төмендету, қысымды төмендету
В) температураны төмендету, қысымды жоғарылату
С) температураны арттыру, қысымды, аммиак концентрациясын төмендету
D) температураны арттыру, қысымды төмендету
Е) температураны арттыру, аммиак концентрациясын төмендету

22. Аммиакты синтездеу проблемасының шешімі


А) температураны жоғарлату
В) өршіткі қолдану
С) қысымды төмендету
D) азот концентрациясын төмендету
Е) сутегі концентрациясын жоғарлату

23. N2 + 3Н2 ↔ 2NH3; ∆Н = - 92,4 кДж, аммиак алу реакциясының


сипаттамалары
А) экзотермиялық, қайтымды, гомогенды, катализдік
В) эндотермиялық, қайтымды, гомогенды, катализдік
С) экзотермиялық, қайтымды, гомогенды, катализдік емес
D) экзотермиялық, қайтымды, гетерогенды, катализдік
Е) экзотермиялық, қайтымсыз, гомогенды, катализдік емес

24. Габер процесі бойынша 220 м3 азотты қолданып, қысымды екі есе арттырғанда
тепе-тендіктің бағыты мен түзілген аммиактың массасы
А) аммиак айырылу, 167 кг
В) аммиак түзілу, 334 кг
С) аммиак түзілу, 167 кг
D) аммиак айырылу, 334 г
Е) аммиак түзілу, 334 г

25. N2 + 3Н2 ↔ 2NH3 тепе-теңдік жүйедегі заттардың концентрациясын 3 есе азайтса,


тура және кері жылдамдықтары мен тепе-теңдік ығысу бағыты
А) тура 9, кері 81 есе, солға ығысады
В) тура 3, кері 9 есе, солға ығысады
С) тура 9, кері 9 есе, тепе-теңдік орнатылады
D) тура 81, кері 27 есе, онға ығысады
Е) тура 81, кері 9 есе, солға ығысады
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 2

Химиялық кинетика
Химиялық реакциялар әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Бір химиялық реакциялар
өте баяу жүреді, кейбірі өте тез, ал кейбірі қопарылыс бере ілезде өтеді. Химиялық
реакция жылдамдығына: әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температура,
катализатор, әрекеттесуші заттардың жанасу беті, қысым әсер етеді.
Егер, химиялық реакция біртекті ортада жүрсе, мысалы ерітіндіде немесе газдар
арасында жүретін болса, олар гомогенді реакция, ал әртекті қосылыстар арасындағы
реакциялар - гетерогенді болып табылады.
Гомогенді реакцияның жылдамдығы заттардың бірінің концентрациясының белгілі
бір уақыт бірлігінде өзгеруімен сипатталады.
Гетерогенді реакцияның жылдамдығы уақыт бірлігі мен жанасу беті ауданының
бірлігіндегі зат мөлшерінің өзгеруімен сипатталады. Гомогенді реакциялар бүкіл
көлемде, гетерогенді реакциялар фазалардың бөліну бетінде жүреді.

21. Химиялық реакция жылдамдығына әсер етпейтін фактор


А) қысым
В) көлем
С) катализатор
D) концентрация
Е) зат табиғаты

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

22. Гетерогенді химиялық реакция


А) 2CO+O2→2CO2
В) C+O2→СО2
С) CO+O2→2СО2
D) 2NO+O2→2NO2
Е) N2+3H2→2NH3

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

23. А затының 10 минутта айырылуы нәтижесінде концентрациясы 0,8 моль/л-ден 0,6


моль/л-ге дейін азайған кездегі реакция жылдамдығы
А) 0,02 моль/л мин
В) 0,04 моль/л мин
С) 0,05 моль/л мин
D) 0,01 моль/л мин
Е) 0,06 моль/л мин
Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

24. Сутектің броммен реакцияcында бастапқы заттардың концентрацияларын екі есе


арттырса реакция жылдамдығы артады
А) 6 есе
В) 4 есе
С) 8 есе
D) 16 есе
Е) 2 есе

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

25. Белсендірілген көміртек катализаторы арқылы ацетиленнің тримерленуі кезінде 390


г бензол алынды. Өнімнің практикалық шығымы 80%. Реакцияға түскен ацетиленнің
(қ.ж.) көлемі
A) 385 л
B) 168 л
C) 336 л
D) 210 л
E) 420 л

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 3

Алкиндер
Алкиндер - құрамында бір-үш еселі байланысы бар, жалпы формуласы C nH2n-2
болатын қанықпаған көмірсутектер. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым
көмірсутек - этин немесе ацетилен С2Н2. Бірінші мүшесі ацетиленнен С2Н2
басталатындықтан, алкиндер ацетиленді көмірсутектер деп те аталады.
Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp-гибридтенген күйде
болады. Ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180° бұрыш жасап, бір түзудің
бойында орналасады. Гибридтенуге қатыспаған екі р-орбитальдары өзара
перпендикуляр жазықтықтарда орналасып, екінші көміртек атомының осындай
орбитальдарымен арасында екі π-байланыс түзіледі. Яғни, ацетилен молекуласындағы
екі көміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-, екеуі π- байланыстан
тұрады. Үш байланыстың ұзындығы 0,120 нм, байланыс энергиясы 830 кДж/моль.
Алкиндер қосылу, полимерлену, орынбасу және тотығу реакцияларына түседі.
21. Ацетилен молекуласындағы барлық байланыс саны
А) 2
В) 4
С) 5
D) 6
Е) 3

22. Алкиннің формуласы


А) С7Н16
В) С7Н12
С) С7Н8
D) С7Н9
Е) С7Н14

23. Ацетиленді толық жағу үшін ауаның 22,4 л көлемі жұмсалса, түзілген судың
массасы. (Оттектің көлемдік үлесі 20%)
А) 1,44 г
В) 4,32 г
С) 4,80 г
D) 2,28 г
Е) 7,20 г

24.
А) хлорсутек
В) бутен
С) хлорбутан
D) бутин
Е) бутан

25. 4,1 г этилен мен ацетиленннің қоспасын толық жаққанда 4,5 г су және 6,72 л
көмірқышқыл газы түзілсе, бастапқы қоспадағы газдардың көлемдері (л)
А) С2Н2-1,12л,С2Н4-2,24л
В) С2Н2 -2,24л,С2Н4-1,12л
C) С2Н2 -0,12л,С2Н4-0,24л
D) С2Н2-1,12л,С2Н4-1,12л
Е) С2Н2 -2,24л,С2Н4-2,24л
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 4
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар
Барлық химиялық заттардың құрамында энергия болады және барлық химиялық
реакцияларда энергия өзгерістері жүзеге асады. Егер реакция барысында жылу
энергиясы бөлінсе, экзотермиялық, ал энергия сіңірсе, эндотермиялық реакция деп
аталады.
Химиялық заттардағы жылу (тұрақты қысымда өлшенген) - энтальпия деп аталады
(Н). Оның өлшем бірлігі кДж - дің мольге қатынасы. Энтальгияны өлшеу мүмкін емес,
оның орнына химиялық реакциялар барысында орын алатын энтальпия өзгерісін
өлшеуге болады. Ол төмендегідей жолмен анықталады:
∆Н = (өнімдердің толық энтальпиясы) - (реагенттердің толық
энтальпиясы)
Натрий гидрокарбонатын (ас содасы) бәліш дайындауға
қолданған кезде, термиялық ыдырау жүреді. Өнімнің толық
энтальпиясы реагенттердің толық энтальпиясынан артық
болғандықтан, бүл реакция эндотермиялық, және энтальпия
өзгерісі (∆Н) оң болады:
2NаНСО3(қ) → Nа2СО3(қ) + Н2О(с) +СО2(г); ∆Н =+91,6 кДж∙моль-1

21. Экзотермиялық реакция кезіндегі энтальпия өзгерісінің мәні


A) ∆Н = 0
B) ∆Н ≤ 0
C) ∆Н ≥ 0
D) ∆Н < 0
E) ∆Н > 0

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

22. Энтальпияның өлшем бірлігі


А) кДж ∙ моль
В) кДж-1 ∙ моль
С) кДж ∙ моль1
D) кДж ∙ моль-1
Е) моль/кДж

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

23. Энтальпия өзгерісінің мәні оң (+) таңбалы


А) көмірдің жануы
В) глюкозаның тотығуы
С) күкірт қышқылының суда еруі
D) әктасты өртеу арқылы сөндірілмеген әк алу
Е) бензиннің жануы

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

24. 4NO2(r) + O2(r) =2N2O5(r), ∆H = -110 кДж осы реакция кезінде 165,3
кДж жылу бөлінсе тотықсыздандырғыштың көлемі(л)
А) 358,4
В) 134,4
С) 268,8
D) 537,6
Е) 179,2

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

25.
Әктасты айыру үшін 5337 кДж жылу сіңірілсе, түзілген сөндірілмеген әктің массасы
(кг)
А) 3,78
В) 1,89
С) 2,52
D) 1,27
Е) 1,68

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 5

Атомдық орбиталь. Кванттық сандар.


Электронның атомда қалай орналасқанын, қандай заңдылыққа бағынатының
анықтау үшін екі маңызды принципке жүктеледі.
Бірінші принцип: бірдей жағдайларда, электрон өзінің энергиясы минимал болатын
күйде орналасады.
Екінші принцип, Паули принципі: бір атомының ішінде екі электрон бір мезгілде,
бірдей күйде бола алмайды.
Бас кванттық санның берілген бір n мәніне сай ℓ кванттық санының мәндері 0,1,2,...,
(n-1) болатыны мәлім, сондықтан бас кванттық сандары бірдей электрондардың ең көп
мүмкін деген Z(N) саны мына түрде өрнектеледі:

Бас кванттық саны n бірдей электрондар тобы белгілі электрондық қабаттар немесе
электрондық қабықшалар түзеді. Қабықшалар өзінен ℓ кванттық санының мәнімен
айырмашылығы болатын төменгі қабықшаларға немесе қабатшаларға бөлінеді.
Қабықшаларға тиісті n санына байланысын әріптермен белгілеулер енгізіледі. n-нің
мәні 1 2 3 4 5 6 7... Қабықшаның белгіленуі K L M N O P Q ...
Әрбір қабаттағы ℓ азимуталдық (орбиталық) кванттық саны бірдей электрондар
электрондық қабатшаларды түзеді. Сөйтіп, әрбір электрондық қабат бірнеше
қабатшаларға бөлінеді. Егер 1= 0, 1, 2, 3, 4,.. болса, онда олар s, р, d, f, g... әріптерімен
белгіленеді. Әрбір қабатшада ең көп болғанда 2(2ℓ + ℓ) электрон болады; сонда s-
қабатшада ең көбі 2 электрон; p қабатшада ен көбі 6 электрон; d-қабатшада ең көбі 10
электрон қабатшада ең көбі 14 электрон бола алады.

21. N=2n2- орбитальда электрондардың максималды санын анықтайтын n


A) электрондар саны
В) спиндік квант саны
C) бас квант саны
D) азимуталдық квант саны
Е) магниттік квант саны

22. Бас саны n 3-ке тең болғанда сәйкес келетін қабықшаның белгіленуі
A) P
В) М
С) Е
D) К
E) Q

23. Орбиталық кванттық саны 3-ке тең болған қабатшада болатын ең көп электрон
саны мен белгіленуі
A) 2,s
В) 6, р
C) 10, d
D) 14, f
E) 14, g

24. ...4s23d10 электрондық конфигурациясына сәйкес келетін жоғары оксид формуласы,


молярлық массасы (г/моль) мен 32 г массасына сәйкес келетін зат мөлшері (моль)
А) СаО; 56; 1,25
В) Аl2О3; 102; 0,33
C) Na2O; 62; 0,48
D) ZnO; 81; 0,395
E) HgO; 216; 0,14

25. Массасы 16 г белгісіз элемент 6,4 г молекулалық оттекпен әрекеттесіп, құрамы ЭО


оксидін түзеді. Осы элементтің Паули принципіне сәйкес электрондық
конфигурациясы
A) ls22s22p63s2
B) ls22s22p63s23p64s23d104p2
C) ls22s22p63s23p64s23d104p65s2
D) ls22s2
E) ls22s22p63s23p64s2
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 6

Азот қасиеті
Азот - түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда аз еритін газ. Табиғатта азоттың нейтрондар саны 7
және 8 болатын екі изотопы кездеседі.
Азот жеке және қосылыстар күйінде кездеседі. Молекула түрінде ауа құрамында
болады. Азоттың ауадағы салмақ үлесі 75,6%, көлем үлесі 78,1%.
Азот қосылыстарында үш валентті, негізгі жағдайдағы қосылыстарында азоттың
тотығу дәрежелері -3, 0, +3 болады. Азот атомында бос d қабаты болмағандықтан 2s
деңгейшесіндегі электрон жұбы ажырмайды. Байланыс түзу үшін бір электрон
электртерістілігі жоғары элементке ауысып, азоттың тотығу дәрежесі +1, әрі қарай +2,
+3, +4, +5-ке дейін жетеді.

21. Табиғатта таралған азоттың изотоптары


A) 14N, 17N
В) 13N, 15N
С) 14N, 16N
D) 14N, 15N
E) 13N, 14N

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

22. Азоттың тұз түзбейтін оксидтері


A) NH3, NO
B) N2О, N2О3
C) NO, N2O
D) HNO2, N2O
E) NO, HNO3

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

23. Заттар қатарындағы азоттың тотығу дәрежелері


N2→NO2→N2O3→HNO2→HNO3
А) +1; +4; +3; +3; +5
В) 0; +4; +3; +3; +5
C) +1; +4; +3; +5; +5
D) 0; +2; +3;+4; +5
E) +1; +4; +3; +3; +3

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:
24. 20 л (қ.ж.) аммиак алу үшін қажетті ауадағы азоттың көлемі (л)
А) 12,8
B) 14,5
C) 22,4
D) 11,2
E) 10,1

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

25. Азоттың салыстырмалы атомдық массасы 14,0067, табиғатта таралған


изотоптарының массалық үлестері (%)
A) 98,635%; 1,365%
B) 99,535%; 0,465%
C) 97,635%; 2,365%
D) 99,335%; 0,665%
E) 99,635%; 0,365%

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 7

Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар


Химиялық реакциялардың ерекшеліктерінің бірі – олар белгілі уақытта жүзеге
асады. Химиялық реакциялардың жүру уақыты әртүрлі. Кейбіреулері өте тез өтеді, кей
реакциялар айлар, жылдар, ғасырлар бойы жүреді (геохимиялық реакциялар).
Химиялық реакциялардың жылдамдығы уақытпен өлшенеді.
Химиялық реакциялар жылдамдығына көптеген факторлар әсер етеді, негізгілері –
реагенттердің концентрациясы және физикалық күйі, температура және өршіткілер.
Химиялық реакциялар кезінде реакцияға түсетін заттардың концентрациялары
өзгереді.
Реакция жылдамдығы – процесс кезінде реакцияға түсетін не
түзілетін заттардың белгілі (кесімді) уақыт ішінде (секунд,
сағат, жыл) көлем бірлігіндегі (қатты заттың бет бірлігіндегі
не масса не көлем бірлігіндегі) мөлшері (концентрацияларынын
өзгepici): υ=∆n/V∆t, υ=∆n/S∆t, n- зат мөлшері. Жылдамдықты
алғашқы заттардың концентрациясының азаюымен есептесе, онда
минус мәні қойылады.

21. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер етпейтін фактор


А) концентрация
B) температура
C) өршіткі
D) тығыздық
E) әрекеттесуші заттар табиғаты

22. Химиялық реакция жылдамдығының өзгерісіне әсер ететін фактор


A) концентрация, тығыздық
B) температура, көлемі
С) концентрация, физикалық күйі
D) катализатор, көлемі
Е) тығыздығы, катализатор

23. реакция сипаттамасы


А) эндотермиялық реакция
В) гетерогенді катализ
С) катализдік емес
D) гомогенді катализ
Е) алмасу реакциясы

24. Реакция барысында заттың концентрациясы 60 секунд


өткенде 0,24 моль/л, ал 2 мин 15 секундтан кейін 0,32 моль/л
болған кездегі реакция жылдамдығы (моль/л∙с)
А) 1,16∙10-3
В) 2,01∙10-3
С) 1,09∙10-3
D) 0,96∙10-3
Е) 1,06∙10-3

25. Реакция 80°С температурада 27 мин-та аяқталады. Осы реакцияның 60°С


температурада аяқталу уақыты (γ=3)
А) 9 мин
В) 243 мин
С) 27 мин
D) 352 мин
Е) 81 мин
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 8

Азоттың табиғаттағы айналымы


Азот табиғатта өте көп тараған элементтің бірі болып есептеледі. Жер
атмосферасының 0,8 бөлігі (78%) бос азоттан құралады. Бірақ азоттың химиялық
қосылыстарының атмосферадағы және жер қыртысындағы мөлшері онша көп емес.
Себебі азот өте енжар (инертті) болғандықтан, өз бетінше реакцияға қатыспайды.
Азоттың біраз мөлшері органикалық қосылыстар түрінде өсімдік және жануар текті
қазба отындар құрамында болады, тағы біраз мөлшері топырақ қарашірігінде кездеседі.
Органикалық заттар шірігенде, ондағы азоттың біраз бөлігі аммиакқа айналады.
Топырақтағы нитрлеуші бактериялардың көмегімен сол аммиак азот қышқылына дейін
тотығады. Өз кезегінде топырақтағы карбонаттар (СаСО 3) қышқылмен реакцияға түсіп,
нитратқа айналады да, өсімдікке сіңеді. Шіру процесі кезінде азоттың біраз бөлігі
атмосфераға бос күйінде бөлініп отырады.
Азот пен оттектің аз мөлшерлері найзағай жарқылдағанда өзара әрекеттесіп,
монооксид түзеді. Монооксид кәдімгі жағдайда ауада диоксидке дейін тотығады. Олар
жаңбыр суында еріп, азот қышқылын түзеді, ол өз кезегінде топырақта нитраттардың
жинақталуына себепкер болады.

21. Азоттың химиялық қосылыстарының атмосферадағы мөлшерінің аз болуының


себебі
А) жеңіл
В) бейметалл
С) суда ерімейді
D) инертті
Е) белсенді

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

22. Найзағай жарқылдаған кезде пайда болатын газ


A) N2O
B) NO
C) N2O3
D) NO2
E) N2O5

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

23. Топырақта нитраттардың жинақталу айналымындағы X зат


N2→ NO2→ X → NaNO3
A) NaOH
B) HNO3
C) N2O5
D) NO
E) Na2O

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

24. 2NO2 + H2O ↔ … «қышқыл жаңбыр» түзілу реакциясы бойынша 200


л
Азот диоксидінен түзілген өнімдердің зат мөлшері (моль)
А) 4,46; 4,46
B) 8,92; 4,46
C) 4,46; 8,92
D) 8,92; 8,92
E) 22,4; 44,8

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

25. Азот қышқылы топырақтағы әктаспен реакцияға түсіп массасы 262,4 г (шығыны -
20%) болатын нитратқа айналды. Азот қышқылы ерітіндісінің (35%) массасы (г)
А) 720
B) 461
C) 350
D) 520
E) 640

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 9
Азотты тыңайтқыштар
Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты,
мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты - дүние
жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының құрамында
өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек
келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері
де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі
азотты тыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне
де қосып пайдаланады.
Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі.
Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның
қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты аммонийдигидрофосфат
(NH4Н2РО4) немесе аммонийгидрофосфат [(NH4)2HPO4] өндіріледі. Нитрофос -
құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте
аммоний гидрофосфатының аммоний нитратының және калий хлоридінің (немесе
сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады.
21. Жоғары концентрлі азотты тыңайтқыш карбамид (мочевина)
A) NaNO3
B) (NH4)2SO4
C) NH4H2PO4
D) NH4NO3
E) CO(NH2)2

22. Дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш


A) NaNO3
B) (NH4) 2SO4
C) NH4H2PO4
D) NH4NO3
E) CO(NH2) 2

23. Өндірісте нитрофос алу үшін қолданатын қоспа құрамы


A) CO(NH2) 2, NH4NO3, K2SO4
В) [(NH4) H2PO4], NH4NO3, K2SO4
C) [(NH4) 2HPO4], NH4NO3, K2SO4
D) (NH4) 2SO4, [(NH4) 2HPO4] K2SO4
E) NaNO3,[(NH4) 2HPO4], NH4NO3

24. 25 т фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы Алынған (шығымы 45%)


аммоний дигидрофосфаттың массасы (т)
А) 14,4
В) 13,2
С) 4,46
D) 8,92
Е) 12,4
25. Шығымы 75% болған, 25 м 3 аммиак пен 64 кг 63%-дық азот қышқылының
ерітіндісін қолданғанда түзілген тыңайтқыштың массасы (кг)
А) 51,2
В) 38,4
С) 62,4
D) 59,7
Е) 64,5
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 10

Химиялық реакциялар жылдамдығы. Әрекеттесуші массалар заңы.


Химиялық реакциялар тез жүруі үшін түйісетін молекулалар саны көп болуы керек,
яғни концентрацияны өсіру керек. Реакцияның жылдамдығына әрекеттесуіні
заттардың концентрацияларының әсерін зерттеген Норвегияның екі ғалымы Гульдберг
және Вааге 1867 жылы мынадай қорытындыға келген: химиялық реакцияның
жылдамдығы реакцияласушы заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура
пропорционал болады, оны әрекеттесуші массалар заңы деп атайды. Егер химиялық
реакциялар жалпы түрде былай жүрсе: аА + bВ = сС + dD, молярлы концентрация С
деп белгіленсе, , мұндағы k - пропорционалдық коэффициент, реакция
жылдамдығының константасы деп аталады. Егер реакцияға қатты зат қатысатын
болса, олар барлық массасымен емес, тек сыртқы бетімен ғана әрекеттеседі, сондықтан
реакцияның жылдамдығын анықтағанда оның концентрациясы есепке алынбайды; газ
және еріген заттардың концентрациясы ғана есептеледі.
Мысалы, С + СО2 = 2СО
Fе2O3 + 3Н2 = 2Fе + 3Н2О
Егер реакцияға түсетін заттардың концентрациясы бірге тең болса, онда υ=k, яғни
жылдамдық константасының физикалық мәні - реакцияға түсетін заттардың
концентрациясы бірге тең болғандағы реакция жылдамдығы. k әрекеттесетін заттардың
концентрациясына тәуелді емес, тек оның табиғатына және температураға тәуелді. Газ
тәріздес заттар әрекеттескенде қысым қанша рет өссе не азайса, концентрация да
сонша рет өседі, не кемиді, олай болса, реакция жылдамдығы қысымға тәуелді.

21. Химиялық реакцияның жылдамдығы реакцияласушы заттардың


концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болатын заң
A) әрекеттесуші температуралар заңы
B) әрекеттесуші тығыздықтар заңы
C) әрекеттесуші концентрациялар заңы
D) әрекеттесуші массалар заңы
E) әрекеттесуші табиғаттары заңы

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

22. Егер реакцияға түсетін заттардың концентрациясы бірге тең болса, онда υ=k, яғни k
жылдамдық константасының физикалық мәні
A) температура мен концентрацияға тәуелді
B) қысым мен табиғатына тәуелді
C) табиғатына және концентрациясына тәуелді
D) қысым мен табиғатына тәуелді емес
E) табиғатына және температураға тәуелді

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

23. аммиактың концентрациясын екі есе арттырса, тура реакцияның жылдамдығының


өзгерісі
A) 2 есе артады
B) 16 есе артады
C) 4 есе артып, 2 есе кемиді
D) 2 есе кемиді
E) 16 есе кемиді

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

24. Бірдей көлемде жай заттардың қатысуымен жүретін


реакциялардың нәтижесінде 10 секундтан соң бірінші реакцияда
6 r HC1, екіншіде 25 r H1 түзілген реакцияларды ң
жылдамдықтары (моль/л∙с)
A) 0,019; 0,016
B) 0,021; 0,013
C) 0,027; 0,015
D) 0,028; 0,012
E) 0,025; 0,011

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

25. 2SO2 + О2 = 2SO3 және MnО2 + 4НС1(r) = MnС12+С12 + 2Н2О


реакциялары үшін реакция жылдамдықтарын сәйкесінше 8 және 16 есе өсіру үшін
қысымның өзгеруі
A) 4 және 2 есе
B) 6 және 2 есе
C) 4 және 6 есе
D) 3 және 2 есе
E) 2 және 4 есе

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 11

Атом құрылысы
Атом оң зарядты ядродан және электрондардан тұрады. Атомның массасы оның
ядросына шоғырланған. Ядро - оң зарядталған протондардан және бейтарап
нейтрондардан тұрады. Әр элементтің реттік саны оның кұрамындағы протондардың
санына сәйкес келеді. Нейтрон саны атомның массасы мен протон саны арасындағы
айырмаға тең.
Атомның құрылымы туралы айтқанда, 2, 6, 10, 14 ... электрондардан тұратын
орбитальдар бар: х - орбиталь, формасы сфералық, р - орбиталь, көлемдік сегіздікке
немесе гантельге ұқсас, d және f - орбитальдарының пішіні күрделі формаға ие.
Орбитальдар санын арнайы формула бойынша есептеуге болады: N=2n 2, n -
деңгейлер санына тең. Әрбір орбитальда екі электроннан орналасады.

21. d және f-орбитальдағы максималды электрон саны


А) 18; 32
В) 2; 6
С) 2; 8
D) 10; 14
Е) 6; 10

22. Атомның кұрамында протондар саны сәйкес... келеді.


А) реттік санына
В) атом радиусына
С) топтың номеріне
D) период номеріне
Е) атомдық массасына

23. Атомдағы энергетикалық деңгейлерде электрондардың орналасуы 2, 8, 18, 2 болған


элементінің 25 г жоғары оксидін көміртекпен тотықтырғанда түзілген көміртек
монооксидінің зат мөлшері (моль)
А) 0,14
В) 0,48
C) 0,309
D) 1,25
E) 0,330

24. Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейлерде 2, 8, 8, 2 орналасуына қарай


элементтің химиялық қасиетіне болжам
А) типтік металл, валенттігі айнымалы
В) бейметалл, валенттігі II
C) амфотерлі элемент, валенттігі II
D) типтік металл, валенттігі II
E) бейметалл, валенттігі айнымалы
25. ЭО3 жоғары оксидін түзетін элемент, оның сутекпен ұшқыш қосылысындағы
сутектің массалық үлесі 5,88%. Элементтің салыстырмалы атомдық массасы мен
электрондар қабатында орналасуы
А) 127, (2, 8, 18, 18, 6)
B) 16, (2, 6)
C) 209, (2, 8, 18,32, 18, 6)
D) 79, (2,8, 18, 6)
E) 32, (2, 8, 6)
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 12
Көксағыз
Көксағыз майысқақ созылғыш, серпімді, үйкеліске төзімді, берік эластикалық
материал. Негізінен, резеңке алу және резеңке бұйымдарын жасау үшін қолданылады.
Табиғи көксағыздың қоры шектеулі болғандықтан, 1932 жылдан бастап синтездік
жолмен көксағыз өндіріле бастады. Ең алдымен бутадиен пайдаланды. Бутадиен алу
үшін шикізат ретінде этил спирті пайдаланды.
Бутадиенді көксағыздың қасиеті табиғи көксағыздан нашар болды. Кейіннен
синтезделген изопренді көксағыз табиғи көксағыздан майысқақтығы жөнінен төмен
болды. Мәселе оның стереоқұрылысында болып шықты. Құрылыстары стереотұрақты
изопренді және дивинилді көксағыз өндіру - органикалық синтез өнеркәсібі
табыстарының айқын көріністерінің бірі. Қазіргі кезде көксағызды синтездеуге мұнай
газдары мен мұнайдың өңделген өнімдерінде болатын көмірсутектер пайдаланылады.
Температураның, еріткіштердің және әртүрлі химиялық реагенттердің әсеріне
тұрақты болу үшін көксағызды вулканизациялайды. Вулканизациялауға тек күкірт
қана емес, күкірттің қосылыстарын, күйені, борды қосады.

21. Изопреннің молекулалық массасы


А) 40
B) 96
С) 68
D) 82
Е) 54

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

22. Көксағызға тән емес қасиеттер


А) серпімділік
B) майысқақтық
С) беріктік
D) үйкеліске төзімділік
Е) электр тоғын өткізгіштік

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

23. Құрылымдық буын саны 600-ге тең бутадиенді көксағыздың бір молекуласын
синтездеуге жұмсалатын этанолдың массасы (кг)
А) 75,2
В) 45,2
С) 65,2
D) 55,2
Е) 35,2

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

24. С2Н5ОН → A → (-СН2 - CH = CH - СН2-) n A - затының атауы


А) 2-метилбутадиен-1,3
В) бутадиен-1,2
С) пентадиен-1,4
D) пентадиен-1,3
Е) бутадиен-1,3

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

25. Әр сатыдағы өнімнің шығымы 85% болса, 1,7 т бутадиенді көксағыз алу үшін
жұмсалған этил спиртінің массасы (т)
А) 2,35
В) 4,0
С) 1,7
D) 3,0
Е) 2,0

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 13
Электртерістілік
Электртерістілік - химиялық қосылыстағы элемент атомдарының ортақ электрон
жұбын өзіне тарту қабілетінің өлшемі. Металдар үшін электртерістіктің мәні екіден
кем, ал бейметалдар үшін екіден жоғары. Электртерістілігінің мәні ең үлкені - фтор, ол
төріке тең. Период бойынша солдан оңға қарай электртерістік артады, ал негізгі
тоғанада төменнен жоғары қарай артады. Осыған орай периодтық жүйеден кез келген
екі элементтің қайсысының электртерістілігі күшті екенін айтуға болады.
Химиялық реакциялар кезінде электрондар электртерістілігі үлкен элементтердің
атомына қарай ауысады немесе ығысады. Электртерістілік арқылы химиялық байланыс
табиғатын және қасиеттерін сипаттауға болады.
Химиялық байланыс атомдардың валенттік электрондарының қайта бөлінуі
нәтижесінде пайда болады. Электртерістілік мәнінде үлкен айырмашылық болатын
атомдар арасында химиялық байланыс түзіледі. Нәтижесінде иондар немесе ортақ
электрондар түзіліп, атомдар инертті газдардың электрондық конфигурациясын
қабылдайды және тұрақты күйге ауысады.

21. Иондық байланысты қосылыс


A) NaC1
В) N2O
С) Na
D) Н2
Е) Н2О

22. Беріктігі жоғары қосылыс


A) NaF
В) NaI
С) Саl2
D) NaCl
Е) СаВr2

23. Электртерістілігі бірдей атомдардан түзілген қосылыс


А) Н2О
В) СО2
С) Na2S
D) Сl2
Е) СН4

24. Ғ, Сl, Br, І электртерістілік шамасы артатын қатар


А) НF,НСl,НВr,НІ
В) НІ,НВr,НСl,НF
С) НF,НІ,НСl,НВr
D) НС1,НF,НІ,НВr
Е) НВr,НF,НС1,НІ
25. Массасы 14,2 г 3-ші периодтағы электртерістілігі ең жоғары элемент пен массасы
2,1 г 1А топшадағы электртерістілігі ең жоғары металл өзара әрекеттескенде түзілген
тұздың молекула саны
А) 6,02∙1023
В) 1,8∙1023
C) 2,4∙1023
D) 12,2∙1022
E) 4,8∙1023
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 14
Металлургия
Металдар ерекше қасиеттеріне байланысты өте пайдалы болып табылады. Алайда,
оларды қолдану үшін алдымен металдар мен олардың қосылыстарынан тұратын
металл кендерінен бөліп алу керек. Көптеген металдар табиғатта таза күйде
кездеспейді. Олар минералды қосылыстар түрінде, оттегі және басқа бейметалдармен
біріккен түрде кездеседі. Оларды бөліп алу үшін химиялық әдістер қолданылады.
Белсенділігі төмен металдар үшін кенді ауада қыздыру жеткілікті. Белсенділігі
орташа қорғасын, темір сияқты металдарды алу үшін көміртегі немесе көміртегі
монооксиді сияқты оттекті ығыстыратын тотықтырғыш агенттер қолданылады.
Белсенділігі жоғары калий, алюминий сияқты металдарды игеру үшін электролиз
әдісі қолданылады. Электролиз әдісінде балқытылған кен арқылы электр тогы
жіберіледі. Ыстық сұйықтықта еркін қозғалатын иондар бар болғандықтан, олар электр
тогын өткізеді. Балқытылған кенге оң және теріс екі таяқша (электрод) салады. Олар
электролиз кезінде электр зарядтарын жинақтайды. Металл теріс электрод катодта
шоғырланады.

21. Белсенділігі жоғары металл


A) Au
В) Fe
С) Cu
D) Na
Е) Zn

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

22. Балқыманы электролиздеу арқылы алынатын металл


А) Pb
В) Fe
С) Pt
D) Al
Е) Sn

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

23. Натрий хлориді ерітіндісін электролиздегенде анодта түзілетін газ


А) Сl2
В) Н2
С) О2
D) HCl
Е) Н2О
Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

24. Мыс (II) сульфатының ерітіндісін электролиздегенде, анодта 4,48 л (қ.ж.) оттек
бөлінсе, катодта түзілген мыстың массасы (г)
А) 76,8
В) 19,2
С) 38,4
D) 51,2
Е) 25,6

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

25. 20% 200 г күміс нитратының ерітіндісін электролиздегенде 1,12 л газ бөлінген
болса, реакцияға қатыспаған күміс нитратының массасы (г)
А) 34
В) 30
С) 3
D) 6
Е) 12

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 15

Алкадиендер
Құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы C nH2n-2 болатын қанықпаған
көмірсутектер алкадиендер деп аталады. Оларды диен көмірсутектері деп те атайды.
Бірінші мүшесі пропадиен (аллен) СН2=С=СН2.
Дивинил (бутадиен-1,3): Н2С=СН-СН=С2Н өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ,
сұйыққа оңай айналады. Мұнайды өндегенде түзіледі және табиғи газ құрамындағы
бутан мен бутиленді катализдік дегидрлеп алады. Синтездік каучуктар (бутадиен,
бутадиен-стирол, бутадиен-нитрил) латекс, пластмасса т.б. заттар өндірісінің маңызды
мономерлерінің бірі.
Изопрен (2-метилбутадиен-1,3) : Н2С=С(СН3) -СН=СН2 түссіз, сұйық зат. Изопрен
синтездік каучуктің мономері. Одан алынатын изопрен каучугы табиғи каучуктың
синтездік алмастырғышы болып табылады.
Хлорирен (2-хлорбутадиен-1,3) : Н2С=С(Сl) -СН=СН2 түссіз, сұйық зат, оны
винилацетиленнен алуға болады. Хлорпренді полимерлеп, химиялық төзімді,
жанбайтын хлорпрен каучугын алады.

21. Алленнің молекулалық массасы


A) 44
B) 40
C) 38
D) 36
E) 42

22. Алкадиеннің формуласы


A) С6Н6
В) С6Н10
С) С5Н14
D) С6Н12
Е) С6Н8

23. Бутадиен-1,3-ті толық гидрлеуге 22,4 л сутек жұмсалса (қ.ж.), түзілген өнімнің зат
мөлшері (моль)
А) 1,0
В) 0,25
С) 0,1
D) 0,5
Е) 0,75

24. Қосылыстың атауы СН2=С(СН3) -СН2-СН=СН2


А) пентадиен-1,3
В) метилбутадиен-1,3
С) 2-метилбутадиен-1,3
D) пентадиен-1,4
Е) 2-метилпентадиен-1,4

25. 1,12 л алкадиенді толық жаққанда 3,36 л көмірқышқыл газы және 1,8 г су түзілсе,
көмірсутектің формуласы
А) С4Н6
В) С5Н8
С) С3Н4
D) С4Н8
Е) С3Н6
Контекст негізіндегі ұсынылған тест тапсырмалары 16

Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы.


Нәтижесінде бастапқы заттар толығымен реакция өнімдеріне айналатын
реакцияларды қайтымсыз реакциялар, ал бір мезгілде қарама-қарсы бағытта (тура және
кері) жүретін реакцияларды қайтымды реакциялар деп атайды.
Химиялық реакция жүрген кезде алғашқы заттардың
концентрациялары азаяды, олай болса, әрекеттесуші массалар
заңы бойынша реакция жылдамдығы да азаяды. Егер реакция
қайтымды болса, белгілі бір уақыт өткен соң кері реакцияның
жылдамдығы арта бастайды, себебі реакция нәтижесінде пайда
болған заттар концентрациялары артады. Тура және кері
реакциялар жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе-теңдік
орнайды, енді реакцияға қатысатын заттардың
концентрациялары ары қарай өзгермейді. Егер жалпы теңдеуді
былай жазса аА+bВ ↔ cC+dD, онда тура және кері реакция
жылдамдықтары: .
Тепе-теңдік кезінде , олай болса, сонда,
-реакцияның тепе-тендік константасы болады.

21. Бірдей жағдайда қарама-қарсы екі бағытта жүретін реакциялар


А) гомогенді
В) қайтымсыз
С) қайтымды
D) гетерогенді
Е) тепе-тендік

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

22. Тура және кері реакциялар жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе-тендік


орнайды, енді реакцияға қатысатын заттардың концентрациялары
А) тұрақталып, кемиді
В) кемиді
С) тұрақталып, артады
D) артады
Е) өзгермейді

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

23. FeO+CO↔Fe+CO2 реакцияның тура жүру процесінің жылдамдық теңдеуі


A) v=к[CO2]
В) v=к[FeO]∙[CO]
С) v=к[FeO]
D) v=к[Fe]∙[CO2]
Е) v=к[CO]

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

24. N2+3H2↔2NH3 тепе-теңдіктегі жүйеде қатысатын заттардың концентрациялары


C(N2) =3 моль/л; С(Н2) =9 моль/л; C(NH3) =4 моль/л болғанда сутегі мен азоттың
алғашқы концентрациялары (моль/л)
А) 2,5 және 1,5
В) 5 және 15
С) 1,5 және 3,5
D) 3 және 13
Е) 1,0 және 1,5

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

25. Мына жүйеде СО+Сl2↔СОСl2(r) заттардың алғашқы концентрациялары CO және


Сl2 0,28 және 0,09 моль/л болған, көміртек (II) оксидінің тепе-тендік концентрациясы
0,20 моль/л болғанда тепе-теңдік константасы
А) 35
В) 42
С) 30
D) 40
Е) 48

Жауабы:
Подсказка:
Шешімі:

Key
№ 21 22 23 24 25
B B A B A
B B A B E
C B A C A
D D D B E
C B D D E
C B D D E
D C B E B
D B B A A
E B C B B
D E B A E
D A C D E
C E D E B
A A D B B
D D A E D
B B D E C
C E E B D

You might also like