You are on page 1of 2

Дәріс № 3

Матрицалар. Матрицалардың түрлері.

mхn нақты сандарды немесе басқа бiр элементтердi m жатық жолға n тiк
жолға орналастырған тiкбұрышты таблицаны мөлшерi m n болатын матрица
деп атаймыз.
Матрицаның элементтерiн aij деп белгiлесек, i - индексi жатық жолдың
нөмерiн, ал j – индексi тiк жолдың номерiн көрсетедi. Матрицаны былай
белгiлеймiз:

 a11 a12 ... a1n 


 
 a 21 a 22 ... a2n 
 . . . .   i  1, m 
Amxn    (aij ) ,  
 ai1 ai 2 ... a in   j  1, n 
 
 . . . . 

a am2 ... a mn 
 m1
Мысал.
  2 0 3
A23    .
 0 1 2
Егер m=n болса, онда матрицаны n-реттi квадрат матрица деп атайды.
Егер Amxn, Bmxn екi матрицаның сәйкес элементтерi aij=bij болса, онда олар бiр-
бiрiне тең болады, яғни Amxn=Bmxn.
1xn мөлшерлi матрицаны А1xn=(a1, a2, ... ,an) жатық жолды матрица, ал
mx1 мөлшерлi матрицаны бағана матрица деймiз. Квадрат матрицаның a11,
a22, ... ,ann элементтерi оның бас диагоналын, ал a1n, a2n-1, ... ,an1 – қосалқы
диагоналын құрайды. Егер aij=0 болса, онда матрицаны нөлдiк матрица деймiз,
егер квадрат матрицаның бас диагоналының бойындағы элементтерiнен басқа
элементтер нөл болса, онда матрицаны диагональ матрица дейдi.
Егер диагональ матрицада aij=1 (i=j) болса, онда оны бiрлiк матрица
деймiз:

1 0 ... 0
 
0 1 ... 0
Е  ;
.. .. ... .. 
 
0 0 ... 1 

Егер квадрат матрицаның жатық жолдары мен тiк жолдарының
орындарын ауыстырсақ, онда матрицаны транспонирленген матрица деп
атаймыз. Оны былай белгiлейдi Ат.
Егер квадрат матрицаның бас немесе қосалқы диагоналдарының
астындағы (немесе үстiндегi) барлық элементтерi нөлге тең болса, оны
үшбұрышты матрица деймiз.
Егер квадрат матрицада аij=aji болса, онда оны симметриялы деймiз.
Мысал.
 1 0 3 2
 
 0  4  2 
 .
  3   0 1,7 
 2 2 1,7 3 
 

Мына түрдегi матрицаны:


 a11 a12 .. .. .. .. a1n 
 
 0 a 22 .. .. .. .. a2n 
 0 0 a33 .. .. .. a3n 
 
 .. .. .. .. .. .. .. 
А ,
 0 0 0 .. a kk .. a nk 
 0 0 0 .. 0 .. 0 
 
 .. .. .. .. .. .. .. 
 0 0 0 .. 0 .. 0 

мұндағы a11, a22, ... ,aкк  0, трапеция формалы матрица деймiз.

You might also like