You are on page 1of 5

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы:Ыбырай Алтынсариннің 130 жылдығы және Жамбыл Жабаевтің 175 жылдығына


арналған тәрбие сағаты
Мұғалімі: Қансейітова Бибімариям
Күні:20.12.2021
Мақсаты: Ыбырай мен Жамбыл ақындарымыздың өмірбаяны мен еңбектерімен таныстыру.
Барысы: 1) кіріспе сөз
2)Өмірбаяндарымен таныстыру
3) өмірбаяндарына қатысты видео көрнекілік
4) видеоға байланысты викториналық сұрақтар
5) ақындар өлеңдерін жатқа айту
6) сандар сөйлейді
7) қорытынды сөз
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Ыбырай атамыздың
130жылдығы мен Жамбыл атамыздың 175 жылдық мерей тойларына арналған ашық тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатында Жамбыл мен Ыбырай аталарымыздң
өмірбаяны мен еңбектерімен толық танысасыздар. Қысқаша өмірбаяндарымен таныстырсақ.

Жамбыл Жабайұлы - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау,
жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері –
Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының
ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген жерінде ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша
биікке көтерілген. Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас
кезінен ақ таныла бастаған . Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей
отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші
жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі
Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша
әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық
шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф,


фольклоршы, қоғам қайраткері.Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында
және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай
облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және
старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және
өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді
адамдарымен жиі араласып тұрды. Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай
облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып,
атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Қыпшақ тайпасының ұзын руынан шыққан.
Шағын видеороликке көз жүгіртсек:

https://youtu.be/Dg4EKY3mpuo

https://youtu.be/cX7jeeYg6ZI
Жүргізуші:Ал енді видеомен танысып болсақ, әр топқа сұрақтар қойылса:
1)Жамбыл Жабаев туралы қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
2)Не себепті ата анасы Жамбыл деген атау берген?
3)Жамбыл Жабаев қай қырымен елдің көзіне түсе білген?
4)Жалындаған жас ақынның қабілетін көріп,біліммен сусындаған кім?
5) «Жамбыл» көркем фильмінен не түсіндіңдер?
6)Ыбырай Алтынсарин туралы қандай жаңа ақпарат білдіңдер?
7)Ыбырай Алтынсариннің «Бақша ағаштары» атты әңгімесінде не туралы айтылған?
8)Ыбырай Алтынсарин не себепті қазақ қыздарына білім беруге ерекше көңіл бөледі?
9)Ыбырай Алтынсариннің қай сөзінен ерекше ой түйдің?
10)Егер сен сол заманға тап болсаң,Ыбырай Алтынсариннен қандай сұраққа жауап алар едің?
Жүргізуші:Ал енді екі тұлғамыз туралы біраз мәлімет білген болсақ,сынып оқушыларының өлең
шумақтарына көңіл аударсақ

Бірінші оқушы:

Жамбыл Жабаев «Ұсынамын»

Дегенде Ұлы Совет, жыр ұсындым,


Жыр емес, — жарқыраған нұр ұсындым,
Халқымның қан таратқан жүрегіндей,
Ардақты Сталиндей ұл ұсындым.
Ұлымның үзеңгілес жан жолдасы,
Бағалы гәуһарындай, ел ағасы —
Ұсынам Молотовтай мерейімді,
Ісіне елдің ауған ықыласы.
Жас ұлым, шыңнан ұшқан түлегімдей,
Талантты таза ұлым, — жүрегімдей,
Ұлттардың Советіне Нұрбапамды
Ұсынам, сүйгенімнің біреуіндей.

Екінші оқушы:

Ыбырай Алтынсарин «Өсиет өлеңдер»

Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым,


Тең етті бәрімізге күн мен айын.
Адамның адам біткен баласымыз,
Қайсың бөлек тудың деп айырайын,
Бәріміз бір адамның баласымыз,
Жігіттер бір - біріңе қарасыңыз.
Өмір деген бес күндік кетер өтіп,
Атаң барған орынға барасыңыз.
Пайғамбар бұрынғы уақытта Дәуіт өткен.
Патша боп бұл дүниеге даңқы кеткен.
Үшінші оқушы:

Жамбыл Жабаев «Одақ»

Одағым десем ойыма,


Шалқыған шалқар көл түсер,
Көк жиегі бал құрақ
Көкорай шалғын жер түсер.
Сазға біткен өрімтал,
Бағымда сансыз бұлбұлы
Шырқап салған үн түсер.
Көз тартарлық жанарлы,
Көрікті көгал жамылып
Ашық түскен күн түсер.

Төртінші оқушы:
Ыбырай Алтынсарин «Әй достарым»
Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жақсының жүзі жәндетті,
Бір көруің қанібетті,
Жаманның ісі міндетті,
Зар берсе алушы болма!
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.
Бар күшіңді сынаспай,
Балуандармен күреспе.
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың көлемге.
Ақылсыз достан - ақылды дұшпан артық.
Сырты майда, іші қан.
Ел ішінде жар - жора,
Достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан.

Жүргізуші:Миды тынықтырып тұру денсаулыққа пайдалы.Сол себепті «сандар сөйлейді» деп


аталатын ойын арқылы сәл тынығып алсақ

25. 2. 26. 8. 16. 24. 38. 11.

8. 16. 7. 38. 19. 27. 16. 37— 21. 10. 8. 25 ,

15. 37. 11. 37— 15. 1. 13. 23. 1. 25. 25. 37,

30. 1. 16. 15. 37 — 15. 1. 31. 1. 23. 17. 1. 18.

Жауабы: Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман


Қорытынды:
Жүргізуші:Ыбырай Алтынсарин және Жамбыл Жабаев туралы көптеген мәліметтерді алу қызық
болды деген ойдамын.Бұл әр тұлғамыздың қазақ жеріне,қазақ еліне қосқан үлесі қаншама.Біз
оны мақтанышпен айта аламыз.Сонымен біздің Ыбырай Алтынсариннің 130 жылдығы және
Жамбыл Жабаевтің 175 жылдығына арналған тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Сөз кезегін
Сынып жетекшіміз Қансейітова Бибімария апайға берсек.
25. 2. 26. 8. 16. 24. 38. 11.

8. 16. 7. 38. 19. 27. 16. 37— 21. 10. 8. 25 ,

15. 37. 11. 37— 15. 1. 13. 23. 1. 25. 25. 37,

30. 1. 16. 15. 37 — 15. 1. 31. 1. 23. 17. 1.


18.

You might also like