You are on page 1of 2

«Көкжайық орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі


Нурлыбаева Альмира Токановнаның жұмысына
Пікір

Нурлыбева Альмира Токановна ұстаз ретінде өз білімін үнемі жетілдіріп


отырады. Әріптестері және мектеп оқушылары оны қайырымдылығы,
шынайы көзқарасы үшін сыйлайды. Сонымен қатар, Альмира Токановна
үнемі шығармашылық ізденіс үстінде, білім беру ісінде үздіксіз кәсіби
шеберлігін дамытып отырады.Сабақ жоспарлағанда сабақ жүйелеріне
мұқиятпен қарайды.Оқушылардың өз бетімен ойлау қабілеттерін дамыту,
тілдерін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, сабақтардың
құндылығын арттыру үшін сабақтарында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланады.
Ол оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне жүйелі түрде келіп,
олардың оқу- ісіндегі жеке стиліне ерекше назар аударады, тапсырмалардың
көлемін саралап, күрделендіріп, оқытуды жеке басқа тиімді етіп
құрастырады.
Мінезі ашық, іскер, ұйымшылдық қабілеті жоғары. Өз жұмысына
ынталы, адаммен тез тіл табыса білетін мұғалім. Нурлыбаева Альмира
Токановна - жаңашыл мұғалім, өз шеберлігін көрсете алатын өзіндік
әдістемелік нақышы бар. Істің мақсатын құрып,оның орындалуына қажетті
жағдайды айқындай алады. Ұстаз ретінде педагогикалық міндеттерді жүзеге
асыру үрдісін сауатты түрде ұйымдастырады.Алынған нәтижелерді шебер
саралап,тұжырымдар мен қорытындылар жасайды. Мұғалім ретінде
тәрбиелік және дамытушылық маңызды іс-әрекеттерді ұйымдастыра біледі.
Нурлыбаева Альмира Токановна оқушылардың,олардың ата-аналары мен
мектеп педагогтарының алдында беделді адам.

Пікірді жазған : әріптесі Касымканова А.Е.

Мектеп директоры Нукушева С.Т.

You might also like