You are on page 1of 6

Қазақ тілінен 10-сыныптарға арналған диагностикалау

тапсырмалары
1.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 5.
E) 6.

2. Ешқашан қайталанбай бір-ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз.


A) Да.
B) Та.
C) Де.
D) Те.
E) Жəне.

3. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.


A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да
құтылуға болмайды.
B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.
C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.
D) Баршагүл сəлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.
E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.

4. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.


А) Қонағы домбыра тартса, ол əнімен қосылды.
В) Еріншектің ертеңі таусылмас.
С) Ұлық болсаң, кішік бол.
D) Тоқтататын күш жоқ..
Е) Өзі барып соқтықпайды, бірақ соқтыққанды аямайды.

5. Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалатын


салалас түрін көрсетіңіз.
А) Себеп-салдар салалас.
В) Қарсылықты салалас
С) Түсіндірмелі салалас.
D) Талғаулы салалас.
Е) Кезектес салалас.

6. .Сабақтас құрмаластың түрін анықтаңыз.


Жақсымен сөйлессең, жаның рахаттанады.
А) Шартты бағыныңқы сабақтас.
В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.
С) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
D) Себеп бағыныңқы сабақтас.
Е) Мақсат бағыныңқы сабақтас.

7. Баяндауыштары тиянақты, өзара тең дəрежеде


байланысатын құрмаластың түрін белгілеңіз.
A) Салалас құрмалас сөйлем.
B) Сабақтас құрмалас сөйлем.
C) Шартты бағыныңқы сабақтас.
D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
E) Аралас құрмалас сөйлем.
8. Құрмалас сөйлемдерден ыңғайлас салалас түрін табыңыз.
А)Оттың жалыны əзір көрінбейді, бірақ жаңа ғана тұтанды
дегені.
В)Сыздық – етікші жігіт жəне жұрттың көзінде ең шебер
етікші сол.
C)Жанат орнын ұсынып еді,-отырған жоқ.
D)Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
Е)Күндіз қоңыр салқын болып тұр.

9. Кезектес салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын


анықтаңыз.
А) бірақ.
В) та.
С) бірде.
D) немесе.
Е) əйтпесе.

10. Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.


Күз келсе де, жаңбыр əлі жаумады.
А) Қарсылықты.
В) Себеп.
С) Шартты.
D) Мақсат.
Е) Қимыл-сын.

11. Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз.


А) əрі, жəне, да
В) кейде, бірде, біресе
С) бірақ, алайда, дегенмен
D) не, я, я болмаса
12. Берілген сөйлем салаластың қай түріне жатады?
Бас болу оңай,-бастамақ қиын.
А) ыңғайлас салалас
В) қарсылықты салалас
С) себеп-салдар салалас
D) түсіндірмелі салалас
13. Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрі
қайсы?
А) ыңғайлас салалас
В) қарсылықты салалас
С) себеп-салдар салалас
D) кезектес салалас
14. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мəдениеттіліктің
кепілі.
В) Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш
қайтты.
С) Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.
D) Олар біресе тоқтап тоқтап демалады, біресе күн ұзақ
жүріп алады.
15. Кезектес салалас құрмалас сөйлем шылауларын
көрсетіңіз.
А) сондықтан
В) өйткені
С) бірде
D) дегенмен

Мəтінді оқып төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Камбала
Камбала – сүйекті балықтардың бір отряды. Денесінің
үстіңгі жағы қарақошқыл дақты болып келеді, ал денесінің
астыңғы жағы ақшыл түсті болады. Көпшілік түрлері теңіз
түбінде бір бүйірлеп жатып тіршілік етуге бейімделген.
Біраз түрі өрістеу кезінде өзендердің тұщы суларына өтеді.
Камбаланың денесінің ұзындығы 6 см-ден 4,7 м-ге, ал
салмағы бірнеше грамнан 300-330 кг- ға дейін жетеді.
Құрсақ жүзбеқанаттары көкірек жүзбеқанаттарының
алдыңғы тұсында орналасқан.
Камбалалардың қазіргі кезде 7 тұқымдасқа бірігетін
500-ге жуық түрі барлық мұхиттарда кездеседі. Олар,
əсіресе, Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде кең тараған.
Камбала ұсақ шабақтармен жəне теңіз түбіндегі омыртқасыз
жануарлармен қоректенеді. Көпшілік түрі теңіздің
жағалауға жақын жерлеріне уылдырық шашады.
Уылдырықтан шыққан ұсақ шабақтары жартылай мөлдір
түсті жəне торсылдағы болады, бірақ өсе келе олардың бас
сүйегі симметриялы құрылысын жоғалтып, көзі бір жағына
ауысады.
Камбалалардың глосса жəне өзен камбаласы секілді
түрлері Каспий жəне Арал теңіздеріне жерсіндірілген. Арал
теңізіне жерсіндірілген камбала түрлері басқа камбала
түрлерінен арқа жүзбеқанаттарының ұзына бойында бұдыр
төмпешіктері жəне денесінде болатын жұлдыз тəрізді ұсақ
қабыршықтары арқылы ажыратылады. Бұлардың денесінің
ұзындығы 37 см, салмағы 930 г-дай. «Каттегаттан Арал
теңізіне дейін» деген Халықаралық дат-қазақ біріккен
жобасына сəйкес дат балықшылары Арал теңізіне келіп,
камбала аулауға қажетті құрал-жабдықтар беріп, көмек
көрсетуде. Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты мамандарының дерегі бойынша Арал теңізі
бассейнде камбаланың 4400 түрі бар.
16. Камбала суда қалай тіршілік етеді?
A) рифтерде мекендейді
B) ірі балықтардың паразиті ретінде
C) теңіз түбінде бір бүйірлеп жатады
D) теңіздің үстінде жүзеді
E) қосмекенділер сияқты

17. Арал теңізінде камбала балығының ... түрі бар.


A) 5400
B) 4400
C) 4000
D) 4500
E) 6400

18. Камбаланың денесінің астыңғы бөлігі ... болып


келеді.
A) көкшіл
B) сарғыш
C) қызғылт
D) ақшыл
E) қаракөк

19. Арал теңізінде кездесетін камбаланың ұзындығы:


A) 25 см
B) 30 см
C) 37 см
D) 40 см
E) 47 см

20. Камбала балығы ... кең тараған.


A) Атлант мұхитының солтүстігінде
B) Үнді мұхитының батыс жағалауында
C) Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде
D) Арал теңізі
E) Тынық, Үнді мұхиттында

Мақталы ауылда
Мақта алқабы. О шеті мен бұ шеті үлпілдеген ақ
мақтамен көмкерілген. Комбайндар ақ ұлпаны үлкен
қорабына қардай боратып, жинауда. Алқаптың арғы басына
жеткенде, қорап іші мақтаға лық толады.
Əп–сəтте-ақ мақта өнімі тіркемелерге толтырылды.
Мақтаны тиеген тракторлар зауытқа қарай бет түзейді. Қым-
қуыт мақта теріміне Жарасбек қызыға қарады. Комбайндар
өнімді тоқтаусыз жинауда. Комбайннан тіркемелерге мақта
төгілген кезде бірлі-жарым ақ ұлпалар топыраққа түсіп те
жатты. Мұны байқаған Жарасбек шаң басты болған ақ
мақталарды жерде қалдырмастан, тере бастады. Түске дейін
бір қап көлеміндей мақтаны топырақ арасынан ажыратты.
Комбайншы жігіттер «жарайсың, жігітім» дегендей,
Жарасбекке қарап, қуана күлімсірейді. Түс болысымен,
комбайншы жігіттер Жарасбекті ортаға алып тамаққа
шақырды.
– Көп еңбек еттің. Қарның да ашып қалған болар, – деді
бірі.
– Жарайсың. Жұмыстан жалыққан жоқсың. Күні ертең
жақсы азамат болып өсетіндігіңе күмəн жоқ, –деді екіншісі
сөзінің мəнді екенін аңғарта.
Жарасбек жасы үлкен ағалармен бірге тамақтанды.
Соңыра бір қап мақтаны тіркеме үстіне көтерді. Əжептеуір
салмақты екен, төгіп болғанша, маңдайынан тер шып-шып
шықты. Күн ыстығы басылған. Комбайншы жігіттердің жүзі
қызылшырайланып, тотыққан. Шаршағандықтары
сезілмейді, мақта жинау науқанына əбден үйренгендей.
Жарасбек те бөлекше мінез танытқан жоқ. Жерге төгілген ақ
мақтаны аяғандай, демде-ақ қапқа салады. «Жарасбек бар
жерде өсірілген өнім жерде қалмайды» деп комбайншы
жігіттер көңілін көтеріп қояды. Шын көңілден шыққан сөз
екендігіне Жарасбек мəз-мейрам. Өз қолғабысын тигізгеніне
қуанышты пейіл танытқандай, ашық-жарқын қимылдайды.
Өнімнің ысырапсыз жиналғанына комбайншылар да,
Жарасбек те дəн риза.
Мақталы ауылдың ақ тауы да бірте-бірте биіктеп
барады.

21. Мəтіннің стилі:


A) ресми
B) публицистикалық
C) ауызекі сөйлеу
D) көркем əдебиет
E) ғылыми

22. Жарасбекті ағалары неге мақтады?


A) шашылған мақтаны қолымен теріп жинады
B) комбайыншыларға өлең айтып берді
C) жолдастарына көмектесті
D) ағаларына алыстан су əкеп берді
E) комбайншыларға əңгіме айтты
23. Еңбек ептілікті сүйеді. Кімнің іс-əрекетіне
байланысты айтылған?
A) ауылдың
B) Жарасбектің
C) Жарасбектің ағаларының
D) комбайыншылардың
E) мақта жинаушылардың

24. Жарасбектің көңілінің көтеріңкі болуының себебі:


A) қырман басынан əкесін көрді
B) сабақты тек жақсы оқыды
C) өнім жинауда өз үлесінің тигені үшін
D) мұғалімі жазғы лагерьге жолдама берді
E) анасымен қалаға барып қыдыратын болды

25. Мəтіндегі негізгі түйінді ой:

A) Жарасбектің ерлігі
B) Жарасбектің əңгіме айтуы
C) Жарасбектің ұқыптылығы, еңбекке ептілігі
D) Жарасбектің сабаққа баруы
E) Жарасбектің жолдастарының араздасуы

You might also like