You are on page 1of 10

Критериалды бағалау түсінігі міндеттері мен қызметі.

«Бағалау» терминінің өзі «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бағалау-одан


арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін
жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін
қолданылатын термин.
Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша
алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін
ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады.
Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана
алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің
жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін - бірі бағалау, топпен бағалау, топты
бағалау әдістерін қолданғанда).
Критерий – (гректің kriterion – пікір айту құралы деген сөзінен шыққан)
соның негізінде баға берілетін белгі, бір нәрсені анықтау немесе бағалау,
пікір беру өлшемі …
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі,
сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары
мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл
жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.
Критериалды бағалаудың екі түрі бар - жиынтық және қалыптастырушы.
Жиынтық бағалау ( суммативті)-оқытудың нәтижелерін жіктеу,
сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қортындыларын шығару.
Қалыптастырушы (формативті) бағалау – мұғалімдерді, оқушыларды
және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру
үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.
Критериалды бағалау жүйесі:

Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап


айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес
келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші
болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық
қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын
айқындауға;
• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін
жеткізуге;
• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-
ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
• Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
• Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
• Сабақ берудің сапасын арттыруға;
• Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға
арналған ауқымын жоспарлауға;
• Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
• Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі
әдістерін пайдалануға;
• Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
• Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
• Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
• заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі
дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке
тұлғаны қалыптастырады;
• жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай
дамытады;
• оқушылардың білім сапасын арттырады;
• оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға
мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
• тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа
жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі
Кpитериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын – ала ұсынылған бағалау
шкаласы,анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, өзін бағалауға мүмкіндіктің
берілуі;
Критериалды бағалаудың тиімділігі: жеке тұлға емес, оқушының жұмысы
бағаланады, оқушы жұмысы алдын – ала белгілі критерийлер бойынша
бағаланады.
Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, білім
алушылар жұмыс барысында орындайтын іс –әркеттер тізбесі.
Критериалды бағалаудың маңыздылығы: бағалау критерийлері нақты оқу
мақсаттарын айқындайды, сондықтан білім алушыларға баға оқып
зерделенген материал бойынша ғана қойылады, өздерінің оқу жетістіктерінің
деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін
білім алушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі, білім алушының оқуға және
Критериалды бағалаудың функциялары: Ынталандыру Белсенділік Түзету
Дамытушы
Принциптері: Нақтылық Әділдік Жүйелік өзін-өзі бағалауға
ынтасы артады.

Критериалды бағалау – жиынтық және формативті бағалауды білдіреді.

 Формативті / Қатыптастырушы бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында


жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып
табылады, оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара
байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді
және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ескерту: формативті бағалау туралы толық ақпарат Формативті / Қатыптастырушы


бағалау мақаласында сипатталған. 

 Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін


(БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын
бағалау түрі. 

Жиынтық бағалау журналын ашу үшін бір рет оқу жылдың басында сынып
параметрлерінде «Журнал түрін» таңдау қажет. Жүйеде әр сыныпқа арналған журналды
таңдау үшін журналдың екі түрі беріледі – «Журналдың классикалық
түрі» және «Жиынтық бағалау журналы». Сынып қандай бағалау жүйесімен оқитын
екеніне байланысты, сол журналын таңдау қажет.

Критериалды журнал келесі түрде көрсетіледі:


Ескерту: оқушылардың тегі және есімі журналда, жүйеде орнатылған тіліне қарамастан,
қазақ тілінің ережесімен әліпби бойынша тұрады.

Жиынтық бағалау журналына:

 Максималды балл - оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз


болатын белгі; 
 Бөлім бойынша әрбір жиынтық жұмысқа балл қойылады (БЖБ) – жиналған балл
сомасы және оқу жетістіктеріне тиісті деңгейі.
 Тоқсан бойынша жиынтық жұмысқа балл қойылады (ТЖБ) – сипаттамаға сәйкес
жиналған балл сомасы.
 Сабаққа қатысу туралы белгі.
 Формативті бағалау - оқушының үлгерімін сипаттайтын мұғалімнің ағымдағы
белгісі.
 Қорытынды баға - формулаларды есептеу негізінде тоқсан / жартыжылдық / жыл
қорытындысы бойынша қолмен қойылады.
Жиынтық бағалау

Функционалдылық жұмыс істеу үшін журналда келесі ережелер сақталуы тиіс: 

 сынып баптауларында журнал түрі - жиынтық бағалау журналы;


 сынып ағымдағы оқу жылында (2022-2023) оқиды; 

Жиынтық бағалауды жүргізу үшін алдымен пән бойынша бағалаудың қалай


жүргізілетінін анықтау қажет. Ақпаратты өзекті НҚА - дан алуға болады. 

Критериалды журналға өзгерістерді келесі қызметкерлер енгізе алады:

 кестеде белгіленген мұғалім;


 мектеп әкімшісі;
 «ҮТ және бағалар» блогына толық қолжетімділігі бар редактор. 

Егер оқу бағдарламасында бөлімдер аз болса (мысалы, 2 дана) – онда артық қалған 2
жиынтық жұмысына максималды баллды көрсетпеуі жеткілікті болады.

Сабаққа қатысу

Пернетақтадан тек келесі таңбаларды енгізу үшін қолдану керек:

 ж – «кішкентай», дәлелсіз себептермен болмауын белгілеу үшін;


 д – «кішкентай», дәлелді себеппен болмауын белгілеу үшін;
 а – «кішкентай», денсаулығына байланысты болмауын белгілеу үшін;
 к – «кішкентай», сабаққа кешігуін белгілеу үшін.

Журналдардың қағаз нұсқаларына арналған стандарттарға сәйкес, журналдың


басып шығарылған нұсқасында «к» белгісі есепке алынбайды, «а» және
«д»  белгілері «ж» белгісіне ауысады.

Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау тоқсан сайын жүргізілсе

 журналдың жоғарғы жағында «Бағалау» батырмасы Тоқсандар жағына ауысады. 


 БЖБ бағандарының қажетті саны және бір ТЖБ бағанын қосу қажет болады.
Бағандарды қосу туралы толық ақпарат Динамикалық БЖБ және ТЖБ мақаласында
сипаттаған. 

Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау жартыжыл сайын жүргізілсе

 журналдың жоғарғы жағында «Бағалау» батырмасы Жартыжыл жағына ауысады. 

 егер пән бойынша жартыжылдың бірінші жартысында (бірінші тоқсанда) БЖБ


өткізілсе, онда пән бойынша журналға бір БЖБ бағаны қосылады, ТЖБ бағаны
қосылмайды. Бағандарды қосу туралы толық ақпарат Динамикалық БЖБ және
ТЖБ мақаласында сипаттаған. 

Журнал түрін тоқсаннан, жартыжылдыққа ауыстыру батырмасын баптау тек


мектеп әкімшісіне және «ҮТ және бағалар» блогына толық қолжетімділігі бар
редакторға қолжетімді. 

Журнал түрін тоқсаннан жартыжылдыққа ауыстыру мүмкіндігі, журналда келесі жағдай


болғанда ғана мүмкін болады:

 Бірде-бір ТЖБ бағаны қосылмаған; 


 Саны бірден көп БЖБ қосылмаған. 

Егер журналда бірнеше БЖБ бағаны және / немесе ТЖБ бағаны қосылса, журнал келесі
қатені көрсетеді:

Егер пән бойынша жиынтық бағалау жүргізілмесе

Журналдың қазіргі нұсқасы әмбебап болып табылады, сондықтан ол қосымша


параметрлер мен түзетулерді орнатуды қажет етпейді. Егер пән бойынша оқу кезеңінің
соңында тек мынадай бағалар қойылса:

 ЕСП (Есептелінді);
 ЕСЖ (Есептелінген жоқ);
 БОС (Босатылды).

Оларды «Қойылған баға» бағанына қолмен қою керек. БЖБ және ТЖБ бағандары


қосылмайды.

Қорытынды бағалар

Қорытынды бағалар кез келген есептік кезең (тоқсан, жартыжыл, жылдық) бойынша
журналға қолмен қойылады. 

Қорытынды бағаларды қою үшін: 

 журналдың оң жағына өту;


 «Тек жиынтық бағалар» батырмасына басу арқылы. 
«Ұсын.баға» блогында ҚР БҒМ бекіткен формула негізінде есептелген бағаны көрсетеді.

«Қойылған баға» блогы бастапқы кезде бос болады және оқыту барысында мұғалім


қолмен толтырады.

Қорытынды бағалар бөлімінде бағалаудың келесі түрлерін қоюға болады:

Бағаның атауы Журналға қойылат

Есептелінді ЕСП (RU: ЗЧ


Есептелінген жоқ ЕСЖ (RU: Н
Бес баллдық жүйе 5, 4, 3, 2
Аттестациялаудан өтпеді А/Ө (RU: Н/А
Босатылды БОС (RU: ОС
Оқыған жоқ О/Ж (RU: Н/
Уақытша аттестацияланбайды УА/А (RU: ВН

Ескертулер:

 пайыздық көрсеткішін шығару үшін, баллды қойғаннан кейін браузер бетін


«Ctrl+F5» комбинациясын басу арқылы жаңарту қажет.
 егер қойылған баллды өзгерту/өшіру қажет болса, онда тінтуір меңзерін қолданып,
қажетті ұяшықтағы баллды өзгертіп/өшіріп, пернетақтада «Enter» батырмасын басу
қажет. Егер қателік есебімен басқа бөлім толтырылып қойса, онда бірінші
оқушыларға қойылған баллдарды, сосын максималды баллды жою қажет. 
 егер мектеп параметрлерінде баға өзгерту кезінде түсініктеме сұрау орнатылса,
онда бағаны өңдеу / жою кезінде мұғалімге негіз мәтінді енгізу қажет терезе пайда
болады. Түсініктеме «Өзгертулер тарихы: Журнал» есебінде қолжетімді болады.

Есептік кезең бойынша қорытынды бағаны есептеу формуласы


Жиынтық бағалау бағалары математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша есептелінеді
және үтірден кейінгі барлық сандар есепке алынады:

 43,11 = 43 
 43,31 = 43
 43,52 = 44
 43,81 = 44.

Ескерту: журналда үтірден кейін тек 1 сан ғана көрінеді.

2021-2022 оқу жылының басынан бастап №125 бұйрыққа (Қазақстан Республикасы Білім


және ғылым Министрлігінен) енгізілген өзгерістер шеңберінде тоқсандық бағаны есептеу
формуласы:

Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау тоқсан сайын жүргізілсе

Мұнда:

 ЖБ факт. сомасы - оқушыға қойылған жиынтық бағалаудың нақты баллы немесе


олардың сомасы;  
 ФБ сомасы - Формативті бағалаудың сомасы. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға
қойылған формативті баллдардың қосындысы;
 ЖБ макс. сомасы - мұғалім орнатқан жиынтық бағалаудың максималды баллы
немесе олардың сомасы. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз
болатын белгі;
 ФБ саны - Формативті бағалаудың саны. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға
қойылған формативті баллдардың жалпы саны;
 ТЖБ факт. балл - Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нақты баллы: 
 ТЖБ макс. балл - Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың максималды баллы: 

Формативті бағалаудың ең жоғары баллы (ФБ) - 10-ға тең.

Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау жартыжыл сайын жүргізілсе

Мұнда:

 ЖБ факт. сомасы - оқушыға қойылған жиынтық бағалаудың нақты сомасы;  


 ФБ сомасы - Формативті бағалаудың сомасы. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға
қойылған формативті баллдардың қосындысы;
 ЖБ макс. сомасы - мұғалім орнатқан жиынтық бағалаудың максималды баллы.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;
 ФБ саны - Формативті бағалаудың саны. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға
қойылған формативті баллдардың жалпы саны;

Формативті бағалаудың ең жоғары баллы (ФБ) - 10-ға тең.

Емтихан бағасын есептеу

Емтихандар тек 9 және 11 сыныптарда өткізіледі.

Ескерту: kundelik.kz журналында жылдық баға және емтихан бағасы негізінде


қорытынды баға автоматты түрде есептелмейді. Қорытынды бағасын мұғалім қолмен
есептейді және «Қорытынды» бағанына қояды.

Баллдарды бағаға ауыстыру

Жиынтық бағалау баллдары жинақталады және жұмыс нәтижелері енгізілгенге қарай


ұсынылған бағалауға аударылады. Егер барлық нәтижелер көрсетілмесе, ұсынылған баға
шықпайды.

Маңызды: 2021-2022 оқу жылынан бастап бірінші сыныптарда бағалау жүргізілмейді.


Мұғаліммен кері байланыс түсініктемелер, орындалған жұмыс қорытындысы бойынша
ұсынымдар арқылы жүзеге асырылады.

Жиынтық бағалау (2-11 сынып)


Жиынтық бағалау Бағалау көрсеткіші Баға
баллдарының пайыздық
мазмұны
0-39% Қанағаттанарлықсыз «2»
40-64% Қанағаттанарлық «3»
65-84% Жақсы «4»
85-100% Өте жақсы «5»

You might also like