You are on page 1of 66

*****************

Лексика
*****************
Сӛз бен мағына. Сӛздің тура және ауыспалы мағынасы
Лексика – бір тілдегі сӛздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сӛздік қҧрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің
лексикасын, сӛздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология,
фразеология, диалектология т.б. тарауларға бӛлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сӛз. Сӛз белгілі
ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.

Қазақ тілінде лексикалық мағынасы жоқ сӛздер де кездеседі. Мысалы, қаралы, сияқты, бірге, дейін, кейін,
секілді, соң, таман, тарта, ҥшін. Бұл сӛздер жеке тұрғанда ешқандай мағынаға ие бола алмайды, мағынасы бар
сӛздермен тіркесіп қолданылады. Мысалы, жҥз қаралы, батыр сияқты, анасымен бірге, мектепке дейін,
дайындықтан кейін, әкесі секілді, ҥйге таман, мыңға тарта, туған жер ҥшін.

Қазақ тілінде сӛздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.

Тура мағына – сӛздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап
кӛрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның кӛзі, ыдыстың тҥбі, қыздың тӛркіні, қоянның
қҧлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.

Ауыспалы мағына – сӛздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды кӛркемдеп жеткізу үшін
қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, кҥннің кӛзі, жҧмыстың аяғы, әңгіменің басы, сӛздің тӛркіні, қазанның
қҧлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сӛз.

Кӛп мағыналы сӛздер


Тілдегі кейбір сӛздер бірнеше мағынада қолданылады. Екі не одан да кӛп мағынада қолданылатын сӛздер кӛп
мағыналы сӛздер деп аталады. Кӛп мағыналы сӛздер бір сӛз табынан болады және бір негізден таралады. Мысалы,
адамның немесе жан-жануардың кӛзі, иненің кӛзі, терезенің кӛзі, бҧлақтың кӛзі, білімнің кӛзі, істің кӛзі. Осы
тіркестердегі «кӛз» сӛзі – бір негізден таралған зат есім.

Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер


Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сӛздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала-тілазар бала, шабан
ат-жүрдек ат, іскер адам-олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші- араз көрші, т.б.
Тілімізде антоним сӛздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда кӛп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер,
алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, кӛп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тҧщы, алыс-жақын, аз-кӛп
сӛздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сӛздер.
Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сӛздер. Сыртқы тұлғасы
жағынан омоним сӛздер мен кӛп мағыналы сӛздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сӛздердің
арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сӛздер әр тҥрлі мағынада қолданылады, ал кӛп
мағыналы сӛздердің арасында мағыналық байланыс болады, кӛп мағыналы сӛздер бір сӛз табынан болып, бір
негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары кӛтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сӛйлемдегі бас сӛзі омоним,
себебі бірінші бас сӛзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім,
екінші бас сӛзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына
қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сӛйлемдердегі бас сӛзі – кӛп
мағыналы сӛз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сӛз
табынан зат есім болып тұр.

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сӛздер синонимдер деп аталады.
Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сӛздер әр тҥрлі дыбысталады; 2) синоним сӛздердің мағынасы бір-
біріне жақын болып келеді; 3) синоним сӛздер бір сӛз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа кӛмекші,
жәрдемші топ келді деген сӛйлемдегі кӛмекші, жәрдемші сӛзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын,
мағыналары бір-біріне жақын, бір сӛз табынан болған синоним сӛздер. Тілімізде синоним сӛздер зат есімдерден,
сын есімдерден, етістіктерден және ҥстеулерден кездеседі.

Зат есімнен болған Сын есімнен Етістіктен болған Ҥстеуден болған


синонимдер болған синонимдер синонимдер синонимдер
Ел Сұлу
Кездесу Алыс
Халық Әдемі
Дидарласу Қашық
Жұрт Келбетті
Ұшырасу Шалғай
Кӛпшілік Ажарлы
Жолығу Қиян
Жамағат Кӛрікті

Кейбір сӛздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сҧлу, әдемі, кӛрікті сӛзінің
фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай, қыздың жиған жүгіндей болса, алыс, қашық сӛзінің тұрақты
тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит ӛлген жер.

Табу. Эвфемизм. Дисфемизм


Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сӛздер. Табу сӛздер тӛмендегідей
негізде қалыптасқан:

1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сӛздердің атын атауға тыйым салынған.
Мысалы, жай түсті десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен жай сӛзін жасыл сӛзімен алмастырып қолданған;

2) Адам ӛміріне қауіп-қатер тӛндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сӛзбен ауыстырып
қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан қасқыр сӛзін ит-құс, ұлыма деген
сӛздермен алмастырып қолданған;

3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек ауруының атын атамай, оны
қорасан деген сӛзбен ауыстырып айтқан;

4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың
бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға
Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкӛз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Тӛре
бала, Би аға, т.б.

Тіл білімінде құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз, тұрпайы естілетін сӛздерді сыпайы, жағымды сӛздермен
ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. Эвфемизм ойды кӛркем түрде бейнелеп жеткізу үшін қолданылатын,
мәдениеттілікті, сыпайылықты білдіретін сӛздер болып табылады.
Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы әдеби тілге жатпайтын, тұрпайы, дӛрекі түрде
айтылатын, біреуді қорлау, кеміту мақсатында пайдаланылатын сӛздер.
ДИСФЕМИЗМ ЭВФЕМИЗМ
Құрт ауруы Ӛкпе ауруы

Қылтамақ Жіңішке ауру

Саңырау, керең Құлағының мүкісі бар

Соқыр Зағип

Ақсақ Аяғын сылтып басады

Екіқабат Аяғы ауыр

Туды Дүниеге келді

Ӛлді Қайтыс болды

Мылжың Сӛзуар

Ұрлықшы Қолының жымысқысы бар

Ӛсекші Аузы жеңіл

Ӛтірікші Қосып айтады

Тҧрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер


Екі немесе одан да кӛп сӛздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сӛздердің орнын ауыстыруға келмейтін,
бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сӛйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тҧрақты тіркестер –
фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сӛз тіркесі денелі, тҧлғалы,
иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жҥрді деген ұғымда
қолданылып тұр. Тұрақты сӛз тіркестері мен еркін сӛз тіркестерінің ӛзіне тән айырмашылығы болады:

Бір-біріне антоним болатын тҧрақты сӛз тіркестер:

Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бҥлк етпеді (ұялмады).

Зәресі ұшты (қорықты) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)

Қолы қолына жҧқпады (тез қимылдады) – Саусағының ҧшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді)

Бір-біріне синоним болатын тҧрақты сӛз тіркестер:

Ҥріп ауызға салғандай; қыздың жиған жҥгіндей – сұлу, әдемі, кӛрікті, келбетті; әсем, т.б.

Ит ӛлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;

Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сӛкті, балағаттады.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сӛздер тобы болып табылады. Мақал-мәтелдердегі сӛздердің де
орнын басқа сӛздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен мақал мен мәтелдің бір-бірінен ӛзіндік ерекшелігі,
айырмашылығы болады:

1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы,
(Егер) ісім ӛнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр
тҥбі – сары алтын.

2. Мақал құрылысы жағынан кӛбінесе құрмалас сӛйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге ӛкпелеме;
егін екпесең, жерге ӛкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан кӛбінесе жай сӛйлемге құрылады. Мысалы, Кӛп тҥкірсе
– кӛл. Басқа пәле тілден. т. б.

МАҚАЛ МӘТЕЛ
Туған жердей жер болмас, Саяз су сарқырап ағады.

Туған елдей ел болмас.


Бірлік болмай, тірлік болмас. Жеңілтектік жарға жығар.
Ұсталы ел озар, Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

Ұстасыз ел тозар.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Тәуекел кемесі суға батпайды.
Ұлдың ұяты – әкеге, Сиырдың сүті тілінде.

Қыздың ұяты – шешеге.

Кӛнерген сӛздер. Жаңа сӛздер


Кӛнерген сӛздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан шығып қалған, мағынасы кӛмескі сӛздер.
Кӛнерген сӛздер екіге бӛлінеді: 1) тарихи сӛздер; 2) архаизмдер.

Тарихи сӛздер – ескі заманда қолданылған, дәуірі ӛткен тарихи сӛздер атауы. Тарихи сӛздер бірнеше салаға
бӛлінеді:

– ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сҧлтан, болыс, ауылнай, т.б.

– пайдаланудан шығып қалған қару-жарақ атаулары: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б.

– кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сӛздер: қызыл әскер, қызыл отау, т.б.

Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты қолданылатын, әр дәуірде


ӛзгеріп, басқа сӛздермен ауысып отыратын ескірген сӛздер. Архаизмдерге мынандай сӛздер жатады:

– мата атаулары: патсайы, торқа, биқасап, дҥрия, т.б.

– әдет-ғҧрып атаулары: бесік қҧда, сауын айту, ҧрын бару, т.б.

– ҥй тҧрмысына қатысты атаулар: жаппа, лашық, саптыаяқ, кебеже, әбдіре, шидем, кҥпі, шекпен, сәукеле,
т.б.

Тілімізде қайтадан жаңарған кӛнерген сӛздер де кездеседі. Оларға:

– діни ҧғым атаулары: жаназа, имам, мешіт, ораза, жайнамаз, т.б.

– жыл атаулары: барыс, ҧлу, тышқан, т.б.

– ай атаулары: қаңтар, наурыз, маусым, т.б.


Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сӛздер де бар. Олар ғылыми тілде неологизм деп аталады.
Жаңадан енген сӛздер тілге сіңісіп, халыққа танымал болған соң жаңа сӛз болудан қалады да, орнын оның баламасы
ауыстырады.Мысалы, космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма
– жеделхат, пенсия – зейнетақы, спутник – жер серігі, класс – сынып, т.б.

Сӛздердің тіркесуі арқылы да жаңа сӛздер жасалады. Мысалы, жердің жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер
серігі, халықаралық қауымдастық т.б.

Қазақ тілінің мәртебесінің ӛсуіне орай соңғы жылдары тілімізге кӛптеген жаңа сӛздер – неологизмдер – енді.
Мысалы, орамжапырақ, қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.

Кірме сӛздер. Диалект сӛздер


Қазақ тілінің сӛздік қоры үнемі ӛзгеріп отырады. Тілімізге әр түрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден
сӛздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілімізге басқа
тілден енген сӛздер кірме сӛздер деп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, монғол, орыс тілдерінен кӛптеген сӛздер
кірген.

Тілімізде кейбір кірме сӛздердің қазақша нұсқасы да бар. Мысалы, коллектив – ҧжым, вертолет – тік ҧшақ,
самолет – ҧшақ, аэропорт – әуежай, аудитория – дәрісхана, протокол – хаттама, т.б.

Жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сӛйлеу тілінде ғана қолданылатын сӛздер тіл
білімінде диалект сӛздер деп аталады. Мысалы, сым, жейде, дарбаза, кӛпшік, тҧқым, қоңсы, елгезер, бәдірең,
кеуірт, таңлай, маңлай, тыңла, қҧдағай, кәсе, кигіз, жадағай, шекер, сҥгірет, кеуіл т.б. сӛздер диалект сӛздер
болып табылады.

Кәсіби сӛздер. Термин сӛздер


Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, кӛпшілікке бірдей
түсінікті бола бермейтін сӛздер кәсіби сӛздер деп аталады. Кәсіби сӛздер екі салаға бӛлінеді:

1. Қолӛнершілікке байланысты кәсіби сӛздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын
құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал,
тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, ҧршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, кӛрік, тӛс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.

2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сӛздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сӛздер: пая –
мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші;

2) жҥгері шаруашылығында қолданылатын сӛздер: дҥмбі, пәшік, сота; т.б.

3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сӛздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша


шаруашылығында қолданылатын сӛздер: қылша, ӛркен, тҥбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын
сӛздер: жҥген, қҧрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тҧрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.

Термин сӛздер – ғылым мен техника, ӛндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы
болатын сӛздер.

Қазақ тіліндегі термин сӛздер екі түрлі жолмен жасалған.

1. Баламасы бар термин сӛздер: 1) жергілікті және кӛне сӛздерден жасалған термин сӛздер: универсал –
әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сӛздерді
біріктіру арқылы жасалған термин сӛздер: семья – отбасы, музей – мҧражай, герб – елтаңба, гимн – әнҧран,
паспорт – тӛлқҧжат т.б.
2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сӛздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта,
материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.

*****************
Фонетика
*****************
Қазақ әліпбиі, дыбыс, әріп
Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген
мағынаны білдіретін сӛзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны
қарастырады. Тіл дыбыстары ӛкпе, дауыс шымылдығы, ауыз және мҧрын қуысы, таңдай, тіл, ерін сиқты сӛйлеу
мүшелері арқылы жасалады.

Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сӛзі. Әріп – дыбыстардың
жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24
әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А.Байтҧрсынов.

Әліпби ҥш рет ӛзгерді: 1) араб әліпбиі; 2) латын әліпбиі; 3) орыс әліпбиі. Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29
әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы кӛшті. Латын әліпбиіне кӛшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда
болды. 1940 жылы қараша айынан бастап орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады.

Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар. Олар: ә, ғ, ң, қ, ӛ, ҧ, ҥ, һ, і. Қалғандары
– орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.

Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке; ашық, қысаң; еріндік, езулік


дауыстылар, емлесі
Тіл дыбыстары екіге бӛлінеді: 1) дауысты дыбыстар; 2) дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар саны – 12.
Олар: а, ә, о, ӛ, е, ы, і, ҧ, ҥ, и, э, (у). Дауысты дыбыстар ӛкпеден шыққан ауаның кедергіге ҧшырамауы арқылы
ҥннен жасалады.

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бӛлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты
дыбыстарды айтқанда тіл кейін шегініп, тіл ҥсті дӛңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ӛ, і, е, и, э, у.
Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады.

Қазақ тілінде сӛздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы,
тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сӛздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа т.б. Тек
жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сӛздер: ӛмір, кӛктем, жҥгері, мереке, кҥміс, ілгіш т.б.

Басқа тілден енген сӛздер, қос сӛздер мен біріккен сӛздер жуан дауысты мен жіңішке дауыстының араласып
келуінен жасалады. Ондай сӛздер аралас дыбысты сӛздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жӛн-
жосық, оқта-текте, азық-тҥлік, Темірқазық, Екібастҧз, кӛзқарас т.б.

Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екіге бӛлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың
кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ӛ, е, э. 2) қысаң дауыстылыр: ы, і, и, ҧ, ҥ, у. Қысаң дауыстылар
жақтың тар ашылуы арқылы жасалады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сӛздер: орман, ӛлең, әке, әдеп,
бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сӛздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.

Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бӛлінеді: 1) еріндік
дауыстылар: о, ӛ, ҧ, ҥ, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дӛңгеленуінен жасалады. 2) езулік
дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар
қатысқан сӛздер: қосу, ӛру, ҧлу, кҥлу т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сӛздер: ақыл, әдемі, отырықшы,
егінші, еңбекшіл т.б.
Қазақ тілінде сӛздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту
кезінде ӛзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін ҥндестігі немесе айтылуы мен
жазылуында айырмашылық бар сӛздер деп айтылады.

ЖАЗЫЛУЫ АЙТЫЛУЫ
Құрық Құрұқ

Жүгері Жүгӛрү

Жұмыс Жұмұс

Кӛңіл Кӛңүл

Кӛркем Кӛркӛм

Ӛнер Ӛнӛр

Орын Орұн

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын және буын талғайтын болып екіге бӛлінеді.

Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтын дауысты дыбыстар сӛздің барлық
буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегіші т.б. Буын
талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ӛ, ҧ, ҥ негізінен сӛздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген
сӛздерде, қос сӛздер мен біріккен сӛздерде, адам аттарында ғана сӛздің екінші, ҥшінші буындарында кездеседі.

БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН ҚОС СӚЗДЕР БІРІККЕН СӚЗДЕР


СӚЗДЕР
Куә Әп-әдемі Аягӛз

Дүдәмал Дәрі-дәрмек Қараӛткел

Күмән Той-томалақ Орынбор

Антоним Құл-құтан Кӛнетоз

Лото Ат-кӛпір Аққұтан

Мазмұн Дүние-мүлік Айнагүл

Мағлұмат Салт-дәстүр Меңдіқұл

Мәжбүр Күндіз-түні Жанбота

Дәстүр Күмбір-күмбір Келіссӛз

Кейбір сӛздерде сӛздің соңында ә дыбысы айтылғанымен а дыбысы жазылады.

АЙТЫЛУЫ ЖАЗЫЛУЫ
Рәзинә Рәзина

Жәмилә Жәмила

Рәсуә Рәсуа

Жәйләу Жайлау

Шәй Шай

Кітәп Кітап
Ы, і әріптеріне аяқталған сӛздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы,
оқы+у=оқу, тоқы+у, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.

Соңғы буынында ы, і әріптеріне бар сӛздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағының жалғауы жалғанғанда түбірдегі
ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бӛрік+і=бӛркі, кӛрік+і=кӛркі, т.б.

Й, ы, і әріптеріне біткен сӛздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда ю әрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою,
жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.

Я, ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді, де қосарлы дыбыстар деп аталады. Я, ю
қатысқан сӛздер айтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында ӛзгеріс бар сӛздер болып
табылады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз
сӛздерінде ю әрпі жазылмайды. И қазақтың тӛл сӛздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып
айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.

АЙТЫЛУЫ ЖАЗЫЛУЫ
Жыйын Жиын

Қыйын Қиын

Тыйын Тиын

Ыйық Иық

Кійім Киім

Кійіт Киіт

Ійне Ине

Мұндай сӛздер әріп саны мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сӛздер деп
аталады.

Қосарлы ый әріптері тек сый, тый түбірінен тараған сӛздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау,
сыйластық, сыйымды, сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.

Йы, йі әріптеріне аяқталған сӛздерге кӛсемшенің й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына и
жазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ҧйы+й+ды=ҧйиды, т.б.

Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ҧяң, ҥнді дауыссыздар, емлесі


Ӛкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы арқылы жасалған дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Дауыссыз дыбыстар ҥн мен салдырдың қатысына қарай ҥшке бӛлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ҧяң
дауыссыздар; 3) ҥнді дауыссыдар.

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.

2. Ҧяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен ҥннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз
дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.

3. Ҥн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан ҥн басым болатын дауыссыз дыбыстар ҥнді дауыссыз
дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.

Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ҧяң дауыссыз дыбыстар жҧп құрайды. Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл
дыбыстар жҧп қҧрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.

Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жҧп қҧрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстар болып табылады.

Ң әрпі ешқашан сӛздің басында жазылмайды. Б, г, д әріптері қазақтың тӛл сӛздерінің соңында жазылмайды. В,
ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сӛздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.

Қазақтың тӛл сӛздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.


АЙТЫЛУЫ ЖАЗЫЛУЫ
Ыриза Риза

Ырақат Рақат

Ырас Рас

Ірең Рең

Ірет Рет

Іреніш Реніш

Ылайық Лайық

Ылақ Лақ

Ылажсыз Лажсыз

Ылаңкес Лаңкес

Ілебіз Лебіз

Ілезде Лезде

Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген сӛздерге қосымша қатаң дауыссыздан
басталып жалғанады. Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.;

кт, мб, нг, ск, мп дауыссыздарына біткен басқа тілден енген сӛздерге қосымша ы, і дәнекер дыбыстары арқылы
жалғанады. Мысалы, фактімен, ромбының, митингіге, киоскіден, штампылау, т.б.;

лл, мм, сс, тт, зд, ст, дауыссыз дыбыстар тізбегіне біткен басқа тілден енген сӛздерге қосымша жалғанғанда
соңғы қосымша түсіп қалады. Мысалы, металл – металды, грамм – грамдап, класс – класы, киловатт –
киловатпен, подъезд – подъезде, машинист – машиниске, тракторист – тракториске, т. б.;

щ әрпі қазақтың байырғы санаулы сӛздерінде ғана жазылады. Мысалы, ащы, тҧщы, кеще;

х дыбысына біткен басқа тілден енген сӛздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы, тарихты, цехта, т.б.

У дыбысы дауыссыз болады:

1) сӛз соңында дауысты дыбыстан кейін келсе, тау, дау, бау, ақтау, қолдау, дайындау, тербеу, т.б.

2) сӛз басында дауысты дыбыстың алдында келсе, уақыт, уәде, уағыз, уық, уәж, уәкіл, т.б.

3) екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, дәуір, жауын, сәуір, бауыр, тауық, тәуір, т.б.

Ь біткен сӛздерге қосымша дауыссыз дыбыстан басталып жалғанса, түбірдегі ь сақталады. Мысалы, табельге,
рояльмен, ал дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанса, ь сақталмайды. Мысалы, табелі, роялім, т.б.

Буын тҥрлері: ашық буын, тҧйық буын, бітеу буын


Сӛз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бӛлшек буын деп аталады.

Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сӛздің құрамында
қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сӛзде бес дауысты дыбыс
бар, яғни сӛз бес буыннан құралған.

Қазақ тілінде буынның ҥш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тҧйық буын; 3) бітеу буын.
Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын
ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.

Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ҧ-лы, ҥ-кі, а-та, т.б.

Тҧйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, ӛр, ант, ән, ҧлт, аң,
ҧрт, ҥй, арс, ел, ӛрт, т.б.

Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті
дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, Бҧлт, жер, қант, той, қҧрт, тау, жҧрт, жез,
тӛрт, дос, серт, гҥл, мҧрт, қол, бырт-бырт, сарт-сҧрт, жарқ-жҧрқ, сӛз, кӛз, май, дӛң, дҥлдҥл, мазмҧн,
жолдастық, т.б.

Тасымал. Екпін.
Жазу барысында бір жолға сыймаған сӛз буын жігі арқылы арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал
дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай; кҥн-делікті, кҥнде-
лікті, кҥнделік-ті, т.б. Санаулы сӛздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау-ыл, бу-ын, қи-
ыр, жи-ын, т.б.

Тӛмендегі сӛз түрлері тасымалданбайды:

1. Бір буынды сӛздерді тасымалдауға болмайды: нан, кӛл, ор, ел, кҥрт, жҧрт, т.б.

2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ҧлы, екі, ҧя, ҥю,
тыю, қия, т.б.

3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бӛліп тасымалдауға болмайды: А.Қҧнанбаев, М.Әуезов,
С.Торайғыров, Г.Дулатова, т.б.

4. Қысқартылып жазылған ӛлшем атауларын алдындағы саннан бӛліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ
ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,

70 км, 52 кг, 120 г, т.б.

5. Бас әріптері, бас әріп пен сӛздің басқы буынынан қысқарған сӛздер тасымалданбайды: ҚР, БҦҦ, ҚазҦУ, ҚБТУ,
т.б.

Сӛз ішіндегі бір сӛздің, бір буынның, бір дыбыстың кӛтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін
сӛздің соңғы буынына түседі.

Екпін 1) сӛз екпіні, 2) ой екпіні, 3) тіркес екпіні, 4) дыбыс екпіні болып бӛлінеді.

Сӛз екпіні – екі немесе кӛп буынды сӛздің бір буынының кӛтеріңкі айтылуы. Кӛктем таңының мұншалық
сұлулығын бұрын байқамапты.

Ой екпіні – сӛйлем ішіндегі бір сӛзді оқшаулап, даралап бӛліп айту. Ой екпіні түсетін сӛз кӛбінесе баяндауыштың
алдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді.
Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.

Бірнеше сӛздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпіні деп аталады. Мысалы, ар-ұждан, ұзын
бойлы, үнсіз қалды, қоңыр ала, тӛбе шашы тік тұрды, құлақ қой, т.б.

Бір сӛздің ішіндегі бір дыбысты кӛтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады.

Дыбыс екпіні қуанышты кӛңіл кҥйді білдіргенде дауысты дыбысқа түседі: тама-ша-а, жара-а-йсың, т.б. Ренжу,
қынжылу сезімін білдіргенде дауыссыз дыбысқа түседі: отыр-р-р, тоқт-тат, ж-жап есікті, т.б.
Ҥндестік заңы. Буын ҥндестігі. Буын ҥндестігіне бағынбайтын
қосымшалар
Қазақ тілінде дыбыстар сӛз ішінде, сӛз бен қосымша арасында, сӛз бен сӛздің арасында бір-бірімен ҥндесіп,
ҥйлесіп айтылады. Тҥбір сӛздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сӛздің
соңғы дыбысына қарай ҥйлесіп жалғанады. Сӛздің бастан-аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы ҥндестік
заңы деп аталады.

Үндестік заңының екі түрі бар: 1) буын ҥндестігі; 2) дыбыс ҥндестігі.

Буын ҥндестігі – тҥбір сӛздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не
жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Буын қҧрауға негіз болатын
дауысты дыбыстар болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі
сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу»,
«ҥндесу» деген мағынаны білдіреді.

Қазақ тілінде буын ҥндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-мен, бен, пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;

-қор, -паз, -қой – еңбекқор, ӛнерпаз, әуесқой;

-тал, -дар, -тай – ӛсімтал, кіріптар, шешетай;

-хана – емхана, дәріхана;

-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;

-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;

-кес, -күнем – даукес, пайдакҥнем;

-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);

бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.

Қазақ тілінде буын ҥндестігіне бағынбай жасалатын кҥрделі сӛздер де бар. Мысалы, қос сӛздер: салт-
дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;

біріккен сӛздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан, итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек,
Аягөз, т.б.;

тіркес сӛздер: келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.

Дыбыс ҥндестігі, тҥрлері. Орфография. Орфоэпия


Тҥбір мен қосымшаның, сӛз бен сӛздің арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуі дыбыс
ҥндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі дауыссыз дыбыстар арасында орындалады. Дыбыс үндестігі ассимиляция
деп те аталады. Асимилляция – латын тілінің аssimilato «ҧқсату» деген мағынаны білдіретін сӛзінен шыққан термин.

Дыбыс үндестігі ҥшке бӛлінеді: 1) ілгерінді ықпал; 2) кейінді ықпал; 3) тоғыспалы ықпал.

Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың алдыңғысының соңғысына ықпал етуі. Ілгерінді
ықпал заңдылықтары:

1. Сӛздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша да қатаңнан басталады. Мысалы, тасты, кӛппен,
шашқа, т.б.

2. Сӛздің соңғы дыбысы ҧяң болса, жалғанатын қосымша да ҧяңнан басталады. Мысалы, жұлдызға, сӛзбен,
т.б.
3. Сӛздің соңғы дыбысы дауысты не ҥнді болса, жалғанатын қосымша не ҧяңнан, не ҥндіден басталады.
Мысалы, шағалалар, шағаланы; егінмен, егінді, т.б.

4. Сӛздің соңғы дыбысы ш болып, қосымша с дыбысынан басталса, түбірдегі с дыбысы ш болып айтылады.
Мысалы, кӛшсін – кӛшшін, ұшса – ұшша, т.б.

5. Сӛздің соңы дауысты, ҥнді, ҧяң дыбыстарға бітсе, екінші сӛздің басындағы қатаң к, қ дыбыстары ҧяң г, ғ
болып айтылады: Меңдіқыз – Меңдіғыз, қара қой – қара ғой, Байкӛкше – Байгӛкше, бозкӛде – бозгӛде, Тұрарқожа –
Тұрарғожа, жай қалмау – жай ғалмау, Байқоңыр – Байғоңыр, т.б.

6. Сӛздің алғашқы сыңарындағы қатаң дауыссыздардың ықпалынан екінші сыңардағы ҧяң дауыссыздар
айтуда қатаң болып айтылады: Тұратбек – Тұратпек, Жолдасбай – Жолдаспай, Сәтбай – Сәтпай, т. б.

Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың соңғысының алдыңғысына ықпал етуі. Кейінді ықпал
заңдылықтары:

1. Қатаң қ, к, п дыбыстарына біткен сӛздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, түбірдегі
қатаң дауыссыз дыбыс ҧяң дауыссыз дыбысқа айналады: Мысалы, тілек+і – тілегі, қҧлақ+ы – қҧлағы, соқ+у –
соғу, доп+ы – добы, сеп+е+ді – себеді, т. б.

2. Н дыбысына біткен сӛзге б және п дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда түбірдегі н дыбысы м болып
айтылады. Мысалы, сенбе – сембе, он бес – ом бес, сәрсенбі – сәрсембі, Жанпейіс – Жампейіс, т. б.

3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, ғ, г дыбыстарының алдынан келгенде айтуда ң болып ӛзгереді. Мысалы,
Дүйсенғали – Дүйсеңғали, Сәрсенкүл – Сәрсеңкүл, түнгі – түңгі, сәнқой – сәңқой, т. б.

4. Ш дыбысының алдынан келген с және з дыбыстары айтуда ш болып ӛзгеріп кетеді. Мысалы, құрылысшы –
құрылышшы, сӛзшең – сӛшшең, таныс шығар – таныш шығар, Бозшағыл – Бошшағыл, Тасшайнар – Ташшайнар, т.
б.

5. Түбір сӛз соңғы з дыбысы кейінгі с дыбысының ықпалынан с болып айтылады. Мысалы, сӛзсіз – сӛссіз,
сазсырнай – сассырнай, жүз сом – жүс сом, жазса – жасса, т. б.

6. Алғашқы сӛз з дыбысына бітіп, кейінгі сӛз ж дыбысынан басталса, з дыбысы ж болып айтылады. Мысалы,
Оразжан – Оражжан, құз-жартас – құж-жартас, кӛз жазбау – кӛж жазбау, күз жақын – күж жақын, т. б.

7. Кейбір сӛздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың соңғысының ықпалынан алдыңғы дауысты дыбыс
айтуда тҥсіп қалады. Мысалы, Сарыӛзек – Сарӛзек, алтыатар – алтатар, қара ала – қарала, жеті ешкі – жетешкі,
шеткі ҥй – шеткүй, т.б.

Орфография – дҧрыс жазамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин. Тілдегі сӛздерді дҧрыс жазу
ережелерінің жиынтығы.

Орфоэпия – дҧрыс айтамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин. Тілдегі сӛздерді дҧрыс айту
туралы ережелер жиынтығы.
ОРФОГРАФИЯ ОРФОЭПИЯ
Тұратбек Тұратпек

Ала қарға Ала ғарға

Шашса Шашша

Келе қал Келеғал

Ақбала Ақпала

Итбалық Итпалық

Кӛзсіз Кӛссіз

Боз жусан Божжусан

Тоқ адам Тоғ адам


Сары ала Сарала

Қара ешкі Қарешкі

Тұрарқожа Тұрарғожа

Кӛк ала Кӛгала

*****************
Сӛзжасам
*****************
Сӛз тҧлғасы. Туынды сӛз, жасалуы. Тҥбір мен қосымша.
Қосымшаның тҥрлері
Морфология сӛз және оның формаларын тексереді. Сӛз формасына сӛздің негізгі және туынды тҥбірі,
біріккен, қосарланған, қысқарған сӛздер, әр түрлі қосымшалар: сӛз тудыратын, сӛзге қосымша мағына
беретін, сӛз бен сӛзді байланыстыратын түрлері енеді.

Морфология сӛзді топтарға бӛліп, олардың әрқайсысына тән грамматикалық формаларын анықтайды. Әр сӛз
табына тән категориялардың ерекшелігін қарастырады.

Сӛз тҥбір мен қосымша сияқты түрлі бӛлшектерден тұрады. Сӛздің бастапқы мағына беретін ең тҥпкі бӛлшегі
тҥбір деп аталады. Мысалы, жақсы, ғылым, адам, дәптер, тау, ӛзен, тіле, кӛр, тап, парасат,т.б. Түбірге жалғанған
бӛлшек қосымша деп аталады. Мысалы, жақсы+лық, ғылым+ды, адам+дық, дәптер+ге, тау+лар, ӛзен+де,
тілек+тес, табыс+ты, парасат+ты+лық, адам+гершілік, ана+сы+мен. т.б.

Қосымша жалғанған сӛз қосымшалы сӛз деп аталады.

Қосымшаның екі түрі бар: 1) жҧрнақ; 2) жалғау.

Жҧрнақ ӛзі жалғанған сӛздің мағынасын ӛзгертіп, жаңа сӛз тудырады және ӛзі жалғанған сӛздің рең мәнін
тҥрлендіреді.

Жұрнақ екіге бӛлінеді: 1) сӛз тудырушы жҧрнақтар; 2) сӛз тҥрлендіруші жҧрнақтар.

Сӛз тудырушы жҧрнақ ӛзі жалғанған сӛздің мағынасын ӛзгертіп, жаңа сӛз тудырады. Мысалы, ақыл + ды +
лық, кӛр + еген + ді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз + шы,
құм + айт, шӛл + ейт, т.б.

Сӛз тҥрлендіруші жҧрнақ ӛзі жалғанған сӛздің рең мәнін ғана тҥрлендіреді, негізгі мағынасын ӛзгертпейді,
жаңа сӛз тудырмайды. Мысалы, жапырақ + ша, кӛл + шік, қора + шық, апа + тай, ата + й, сар + ғыш, қыз + ғылтым,
ағ(а) + еке, т.б.

Сӛз тұлғасына қарай екіге бӛлінеді: 1) негізгі сӛз; 2) туынды сӛз.

Негізгі сӛз – ары қарай бӛлшектеуге келмейтін тҥбір тҧлғадағы сӛз.

Мысалы, жҧлдыз, жең, оқы, сегіз, шапшаң, бҥгжең, қҧрау т.б.

Туынды сӛз – жҧрнақ жалғану арқылы жасалған сӛз. Мысалы, жҧлдыз+шы, жеңіл+дік, оқы+мысты, бой+шаң,
бҥгжең+де, қҧрау+ла, еңбек+тен, сабыр+лы, дін+дар, арба+кеш, кітап+хана+шы т. б.
Туынды сӛз әр түрлі сӛз табына сӛз тудырушы жҧрнақ жалғану арқылы жасалады.
Зат Сын Сан Етістіктен Ҥстеуден Еліктеу Одағайда
есімнен есімнен есімнен жасалған жасалған сӛзден н жасалған
жасалған жасалған жасалған туынды сӛз туынды сӛз жасалған туынды сӛз
туынды сӛз туынды сӛз туынды сӛз туынды сӛз
Сапалы Тазалық Үштік Тапқыр Сонша-ма Тарсыл Ойбайла

Мейірім-ді Жақсы- Ондық Сезгіш Осынша- Гүрсіл Шӛреле

лық ма Ербеңде

Тілімізде бір тҥбірден әр тҥрлі жҧрнақ жалғану арқылы тараған сӛздер де кездеседі. Мысалы, ӛн ӛндір, ӛнгіш,
ӛнім, ӛнгіз, ӛндіріс, т.б. Мұндай сӛздер тҥбірлес сӛздер деп аталады.

Жалғау – ӛзі жалғанған сӛзін екінші сӛзбен қарым-қатынасқа тҥсіріп, сӛз бен сӛзді байланыстырып,
жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың тӛрт түрі бар: 1) кӛптік жалғау; 2) тәуелдік
жалғауы; 3) септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы.

Кӛптік жалғаулары: -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер ӛзі жалғанған сӛздерге кӛптік мағына береді. Кӛптік
жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады.

Кӛптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын тӛмендегідей кесте арқылы кӛрсетуге болады.

СӚЗДЕР ЖАЛҒАУЛАР
Дауысты дыбыстарға; -лар, -лер

үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса


Ұяң дыбыстарға; -дар, дер

үнді м, л, н, ң дыбыстарына аяқталса


Қатаң дыбыстарға; -тар, -тер

Орыс тілінен енген б, в, г, д


дыбыстарына аяқталса

Кӛптік жалғауы мынандай жағдайда жалғанбайды:

1. Жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттарына: қант, су, шаш, тҧз, май, бидай, кҥріш, мақта, т.б.

2. Халық, ру, ел аттарына: найман, қазақ, арғын, ӛзбек, татар т.б.

3. Адамның ішкі сезімін білдіретін дерексіз зат есімдерге: қуаныш, тілек, ақыл, парасат, жақсылық, мейірім,
ізеттілік, кӛмек, жолдастық т.б.

4. Алдынан сан есім келген зат есімдерге: жеті нан, жиырма оқушы, алпыс балуан, тоқсан жылқы, мың қой,
сексен тҥйе т.б.

5. Алдынан кӛп, аз, бірталай, қыруар сияқты сӛздер тіркесіп келген зат есімдерге кӛптік жалғауы жалғанбайды:
кӛп адам, қыруар қаржы, бірталай уақыт, аз жҧмыс, әлденеше оқушы, бірнеше кітап т.б.

Тәуелдік жалғау – үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін грамматикалық категория. Сӛздердің тәуелдік
жалғауын қабылдауы тәуелдену деп аталады.

Тәуелдіктің екі түрі бар: 1) Оңаша тәуелдеу бір не бірнеше заттың бір адамға ғана меншікті екенін білдіреді.
Мысалы: менің арманым, сенің мақсатың, оның пікірі, сіздің ойыңыз.

2) Ортақ тәуелдеу бір не бірнеше заттың бірнеше адамға меншікті екенін білдіреді. Мысалы: Біздің досымыз,
олардың заттары, сендердің кітаптарың, сіздердің інілеріңіз.
3)
ОҢАША ТӘУЕЛДЕУ ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕУ
Менің анам, кітаптарым Біздің ініміз, кітаптарымыз

Сенің анаң, кітаптарың Сендердің інің, кітаптарың

Сіздің анаңыз, кітаптарыңыз Сіздердің ініңіз, кітаптарыңыз

Оның анасы, кітаптары Олардың інісі, кітаптары

Тәуелдік жалғауы негізінен зат есімге жалғанады, сондай-ақ заттанған басқа сӛз табына да жалғанады. Мысалы,
біз бесеуміз, кӛзінің ағы мен қарасы, т.б.

Тәуелдік жалғауы -нікі, -дікі, -тікі түрінде де кездеседі. Мысалы, Семейдікі, кітапхананікі, Тілектікі, т.б.

Септік жалғау – сӛздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып, оларды ӛзара қарым-қатынасқа түсіріп
тұратын қосымшаның түрі. Сӛздердің жалғауларды қабылдап, ӛзгеру жүйесі септеу немесе сӛздердің септелуі деп
аталады. Қазақ тілінде жеті септік бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, кӛмектес.

Септік деген термин – сеп, жәрдем, кӛмек, дәнекер деген ұғымды білдіретін сӛздер.

Әрбір септіктегі сӛз белгілі бір сҧрақтарға жауап береді. Сұраққа сәйкес әр септіктің арнаулы қосымшалары
болады, олар септік жалғаулары деп аталады. Септік жалғаулары әр сӛзге буын және дыбыс үндестігіне
байланысты әр түрлі нұсқада жалғанады.
СЕПТІКТЕР СҦРАҚТАРЫ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ

Атау септік Кім? Не? жалғауы жоқ

Ілік септік Кімнің? Ненің? -ның/нің, -дың/дің, -тың/тің

Барыс септік Кімге? Неге? -ға/ге, -қа/ке, -на/не, -а/е

Табыс септік Кімді? Нені? -ны/ні, -ды/ді, -ты/ті, -н

Жатыс септік Кімде? Неде? Қайда? -да/де, -та/те,-нда/нде

Шығыс септік Кімнен? Неден? Қайдан -нан/нен, -дан/ден, -тан/тен

Кӛмектес септік Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен, -менен,

-пенен, бенен

Септеудің екі түрі бар: 1) жай септеу; 2) тәуелді септеу.

1) Жай септеу – септік жалғауының түбір сӛзге бірден жалғануы.

Жай септеу ҥлгісі:

Атау септік – кім? не? Дос, әке, гүл

Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, әкенің, гүлдің

Барыс септік – кімге? неге? Досқа, әкеге, гүлге

Табыс септік – кімді? нені? Досты, әкені, гүлді

Жатыс септік – кімде? неде? Доста, әкеде, гүлде

Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, әкеден, гүлден

Кӛмектес септік – кіммен? немен? Доспен, әкемен, гүлмен


2) Тәуелді септеу – септік жалғауының тәуелденген сӛзге жалғануы.

Тәуелді септеу ҥлгісі:

Атау – Кімім? Кімі? Нем? Досым, әкесі, гүлім

Ілік – Кімімнің? Кімінің? Немнің? Досымның, әкесінің, гүлімнің

Барыс – Кіміме? Кіміне? Неме? Досыма, әкесіне, гүліме

Табыс – Кімімді? Кімін? Немді? Досымды, әкесін, гүлімді,

Жатыс – Кімімде? Кімінде? Немде? Досымда, әкесінде, гүлімде

Шығыс – Кімімнен? Кімінен? Немнен? Досымнан, әкесінен. гүлімнен

Кӛмектес – Кіміммен? Кімімен? Неммен? Досыммен, гүліммен, әкесімен

Жіктік жалғау бастауыш пен баяндауышты жақ және шақ жағынан қиыстыра байланыстырады. Сӛздерге жіктік
жалғаудың жалғануы сӛздің жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғауы жалғанған сӛз сӛйлемде негізінен баяндауыш
қызметін атқарады. Мысалы, Мен гимназия мектебінің оқушысымын.

Қазақ тілінде есім сӛздер де, етістік те жекеше және кӛпше түрде жіктеледі.
ЖЕКЕШЕ ТҤРДЕ ЖІКТЕУ КӚПШЕ ТҤРДЕ ЖІКТЕУ
Мен азаматпын, отырмын Біз азаматпыз, отырмыз

Сен азаматсың, отырсың Сендер азаматсыңдар,


отырсыңдар
Сіз азаматсыз, отырсыз
Сіздер азаматсыздар,
Ол азамат, отыр отырсыздар

Олар азамат, отыр

Сӛзге қосымшалардың жалғануының орын тәртібі болады. Жҧрнақ сӛз тудыратын және оны тҥрлендіретін
бӛлшек болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бҧрын жалғанады. Жалғау сӛз бен сӛзді
байланыстыратын қосымша түрі болғандықтан, сӛздің соңында келеді. Мысалы, үгіт+ші+лер+іміз+дің,
кітап+хана+шы+лар+ымыз+бен, жапырақ+ша+лар+ы+ның, кӛл+шік+тер+де, т.б.

Сӛз қҧрамы. Біріккен сӛздер, тҥрлері, емлесі


Сӛз құрамына қарай екіге бӛлінеді: 1) дара сӛз; 2) кҥрделі сӛз.

Дара сӛз негізгі және туынды тұлғадағы бір ғана сӛзден тұрады. Мысалы: киім, киімшең, еңбек, еңбекқор,
қызмет, қызметкер, адам, адамшылық, т.б.

Кҥрделі сӛздер екі немесе одан да кӛп түбірден құралады. Мысалы, ата-ана, ал қара кӛк, жиырма жеті,
Ақшатау, тҥрегел, кҥздігҥні, т.б.

Күрделі сӛздер жасалу жолына қарай тӛрт түрлі болады: бірікен сӛздер, қос сӛздер, қысқарған сӛздер,
тіркесті сӛздер.

Біріккен сӛздер екі не одан да кӛп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: кӛкжиек, ешқашан,
қонақжай, Жетіқарақшы, сексен, Екібастұз, қыстыгүні, т.б.

Біріккен сӛз екі түрлі болады: 1) кіріккен сӛздер; 2) біріккен сӛздер.

Кіріккен сӛз - сыңарлары дыбыстық ӛзгеріске түсіп, біртҧтас лексикалық мағына беретін сӛздер. Мысалы:
қол + қап = қолғап, ендігіден+әрі = ендігәрі, сегіз+он = сексен, бҧл+жыл = биыл, алып +бар = апар, тҧрып+кел =
тҥрегел, ащы тас = ашудас, жаздың кҥні = жаздыгҥні, Орнын басар = Орынбасар, Ӛмірі ҧзақ = Ӛмірзақ, солай
етіп = сӛйтіп, т.б.
Түбір тұлғасы дыбыстық ӛзгеріске ұшыраған біріккен сӛздер дәстүр бойынша бірге жазылады: кҥздігҥні, қолғанат,
бҥгін, қонақасы, т.б.

Біріккен сӛз – сыңарлары дыбыстық қҧрамын сақтай отырып, бір мағынаға ие болатын сӛздер. Мысалы:
аққҧтан, Темірқазық, киікоты, ханталапай, т.б. Біріккен сӛздер әрқашан бірге жазылады: кәсіпорын, ақкӛгершін,
бҧзаубас, т.б.

Қос сӛздер, тҥрлері, емлесі


Қос сӛздер екі сӛздің қосарлануынан не бір сӛздің қайталануынан жасалады. Қос сӛздің екі түрі бар: 1)
қайталама қос сӛздер; 2) қосарлама қос сӛздер.

Қайталама қос сӛздер бір сӛздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая,
кӛзбе-кӛз, үйір-үйір, т. б.

1)Қайталама қос сӛздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сӛздердің қайталануы: тау-тау,


қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т. б.

2)бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз тҥбірдің

қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т. б.

3)бір тҥбірдің әр тҥрлі қосымша жалғанып қайталануы: жӛнді-жӛнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан,


қолы-қолына, т. б.

4)екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сӛздер: ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-
мүйе, т. б.

5)екінші сыңары дыбыстық ӛзгеріске ҧшырап жасалған қос сӛздер:

жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т. б.

6) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сӛздер: тап-таза, мӛп-мӛлдір, сұп-суық, аппақ, кӛкпеңбек, жып-
жылтыр, теп-терең, т. б.

Екі тҥбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сӛздер қосарлама қос сӛздер деп аталады.

Қосарлама қос сӛздің екі сыңары екі түрлі сӛзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, тӛсек-орын,
қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б

Қосарлама қос сӛздің қҧрамы әр алуан болады:

1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сӛздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-
береке, ырыс-құт, т. б.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сӛздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы,
алыс-беріс, жоғары-тӛмен, т. б.

2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сӛздер: бала-шаға, киім-кешек, кӛйлек-кӛншек, жүн-
жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т. б.

3) Екі сыңары да мағынасыз қос сӛздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр,
әлек-шәлек, т. б.

4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сӛздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық,


қазақша-орысша сӛздік, т. б.

Қайталама қос сӛздер де, қосарлама қос сӛздер де әрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-
кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек
кҥшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және кӛкпеңбек қос сӛздері ғана бірге жазылады.

Қысқарған сӛздер, тіркесті сӛздер, емлесі


Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сӛздер қысқарған сӛздер деп
аталады. Қысқарған сӛздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сӛздер әр түрлі жолмен қысқарады:

1. Күрделі атаудың әр сӛзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т. б.

2. Күрделі атаудың бірінші сӛзінің алғашқы буыны және қалған сӛздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т.
б.

3. Күрделі атаудың әр сӛзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т. б.

4. Күрделі атаудың алғашқы сӛзінің бірінші буыны мен келесі сӛз тҥгел алынады: пединститут, медколледж,
медбике, педпрактика, т. б.

5. Техника маркаларын кӛрсету ҥшін алынған шартты белгілер де қысқарған сӛзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54,
ЯК-40 , т. б.

6. Әр түрлі ӛлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т. б.

Қысқарған ( пединститут, ауатком, ҧжымшар, кеңшар медколледж,

сияқты сӛздерден басқа) сӛздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті
жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т. б.

Күрделі сӛздің бірі тіркесті сӛздің құрамындағы сӛздер біртҧтас лексикалық мағына береді, бір ҧғымның
атауы болып келеді.

Тіркесті сӛздер әр түрлі сӛз табынан жасалады.

Зат есімнен жасалған тіркесті сӛздер: бала бақша, нағашы ата, ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі,
Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?

Сын есімнен жасалған тіркесті сӛздер: сары ала, кӛк бурыл, күрең тӛбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды,
қызыл шырайлы – қандай?

Сан есімнен жасалған тіркесті сӛздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш,
жетпіс тоғыз – қанша, неше?

Етістіктен жасалған тіркесті сӛздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап қала жаздап еді, күліп жібере
жаздады – қайтты, не істеді?

Ҥстеуден жасалған тіркесті сӛздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң
атқанға дейін – қашан?

Тіркесті сӛздер әрқашан бір-бірінен бӛлек жазылады.


Күрделі сӛздердің түрлерін жинақтап кесте арқылы кӛрсеттік.

Кҥрделі сӛздер

Біріккен сӛздер Қос сӛздер Қысқарған Тіркес сӛздер


сӛздер
Саңырауқұлақ Үйір-үйір ХШЖК Ана тілі

Бәйшешек Таудай-таудай ҚР Сӛз тіркесі

Айдос Бетпе-бет ҚазҰУ Ал қара кӛк

Ұлтабар Жӛнді-жӛнсіз ҚБТУ Күрең қызыл

Алаӛкпе Ас-мас Ауатком Жиырма үш

Ханталапай Кӛйлек-кӛншек Ұжымшар Оқушылар сарайы

Қосалқа Сарт-сұрт Физмат Ақ құба ӛңді

Ӛнеркәсіп Жап-жасыл Ил-40 Қызыл шырайлы

Жазғытұрым Кӛкпеңбек Ан-24 Қыс бойы

Әлдеқалай Аппақ см Кешке дейін

*****************
Морфология
*****************
Сӛз тҥрлері: атауыш сӛздер, кӛмекші сӛздер, одағай сӛздер. Сӛз
таптары: Зат есім, тҥрлері, зат есімнің тҥрленуі, сӛйлемдегі қызметі
Сӛз табы - лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сӛздер тобы. Қазақ тілінде 9 сӛз
табы бар.

Сӛзді топтастыру принципі ҥш түрлі болады: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3)


морфологиялық белгісі.

Сӛз таптарының лексика-семантикалық сипаты. Әр сӛздің ӛзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы: зат есім
заттың атын: адам, мектеп, табиғат; сын есім заттың сынын: жақсы, биік, қара, таза, үлкен; сан есім
заттың санын: үш, жеті, елу, мың; етістік істің қимылын: бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сӛзді
лексика-семантикалық жағынан сипаттайды.

Сӛз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сӛз табы белгілі бір сӛйлем мҥшесінің қызметін атқарады. Сӛз
таптарының сӛйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызметі деп аталады.

Сӛз таптарының морфологиялық белгісі әр сӛз табының сӛз

тудыру тәсілі мен тҥрленуіне, грамматикалық ерекшелігіне қатысты болады.

Қазақ тіліндегі сӛздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай ҥш ҥлкен топқа бӛлінеді.
Атауыш сӛздер – лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, басқа сӛздермен байланыса алатын дербес
сӛздер.

Кӛмекші сӛздер – лексикалық мағынасы жоқ, кӛбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сӛздер.

Одағай сӛздер – адамның кӛңіл күйі мен сезімін білдіру үшін қолданылатын сӛздер.

Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сӛздер. Сұрақтары: кім? не?
кімдер?нелер?

Мысалы: кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз,
ақылгӛй,жәрдемші, т .б.

Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нӛсер, нәтиже, ӛзен, жапырақ, торғай, кітап,
дәптер, т. б.

Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар,


әжелер, оқушылар, т.б.

Нелер? – журналдар, кӛгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, кӛлдер, таулар, дәптерлер,


қаламдар, гүлдер, кӛліктер, т. б.
Туынды зат есімнің жасалуы
Есім сӛздерден Етістіктен Еліктеу сӛздер
Аңшы, жұлдызшы, сынықшы Алым, бӛлім Тарсыл

Әңгімеші, егінші, тергеуші Сүзбе, кеспе гүрсіл

Адамшылық, аңшылық Бұрғы, сүзгі шуыл

таршылық; молшылық Айтыс, күрес дүңкіл

Суретшілік, күйшілік Тарақ, күрек уһіл

Балалық, кішілік, Сүйеніш, қуаныш арсыл

достық, әділдік; Боран, түйін

Талапкер, жүлдегер; Кӛсеу, бұрау

Дәмхана, еңбекқор, Үйінді, шайынды

ӛнерпаз, әуесқой, Сорғыш, кӛргіш

арбакеш, Қазақстан; Түйреуіш, сылауыш

Кҥрделі зат есімнің жасалуы


Бірігу Қосарлану Тіркесу арқылы Қысқару
арқылы арқылы арқылы
Темірқазық Кӛрпе-жастық Абай даңғылы Ұжымшар

Түйетабан Жігіт-желең Тау сілемі БҰҰ

Кӛкшетау Ата-ана Алма шырыны Пединститут

Еңбеккүн Дәрі-дәрмек Қамар сұлу Медбике

Зат есім түрленеді, яғни септеледі, кӛптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.

Зат есімнің сӛйлемдегі негізгі қызметі – бастауыш пен толықтауыш, алайда зат есім тҥрленіп келіп барлық
сӛйлем мҥшелерінің қызметін атқарады.

Балықшылар теңізге қарай бет алды. Балықшылар – кімдер? – бастауыш. Тілекке әкесінің сөзі көп ой салды.
Тілекке – кімге? – толықтауыш, әкесінің – кімнің? – анықтауыш, сӛзі – несі? – бастауыш. Елдос Астанадан
Алматыға ұшақпен ұшып келді. Астанадан – қайдан? – пысықтауыш, Алматыға – қайда? – пысықтауыш,
ұшақпен – немен? – толықтауыш. Адам бойындағы асыл қасиет – адамгершілік.
Адамгершілік зат есімі сӛйлемді аяқтап, ойды тиянақтап баяндауыш қызметін атқарып тұр. Зат есім жіктеліп
келіп те сӛйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Бар қазақтың Абайы.

Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сӛйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы
есім сӛзге кӛмекшілік қызмет атқаратын сӛздер де кездеседі. Ондай сӛздер кӛмекші есімдер деп аталады. Кӛмекші
есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни, зат есім ілік септігінде, кӛмекші есім тәуелдік
жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдің үсті, мектептің алды, дүкеннің қасы, үйдің
жаны, ауылдың маңы, ыдыстың тү(п)бі, кӛшенің арасы, бӛлменің іші.

Кӛмекші есімдер зат есім сияқты тҥрленіп қолданылады. Мысалы, Ауылдың жанында бір қора мал жайылып жүр.
Ауылдың жанында – қайда? – пысықтауыш.

Сын есім, тҥрлері, емлесі, сын есімнің тҥрленуі, сӛйлемдегі


қызметі
Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ҧғым атауы болатын сӛздер. Сұрағы –
қандай? қай?

Сын есімнің негізгі белгілері


Белгілері Мысалдар Сҧрағы
Түрі дӛңгелек (шар) қандай?

Түсі кӛгілдір (тау) қандай?

Дәмі қышқыл (алма) қандай?

Салмағы ауыр (жүк) қандай?

Сапасы жұмсақ (нан) қандай?

Кӛлемі үйдей (тас) қандай?

Күйі құрғақ (ауа) қандай?

Затқа қатысы шеткі (үй) қай?

Сын есім қҧрамына қарай: 1) дара; 2) кҥрделі болып екіге бӛлінеді.

Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы: терең, шыдамды, удай, тәтті,
тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т. б.

Кҥрделі сын есім: тӛмендегідей жолмен жасалады.

1) сӛздердің қосарлануы: апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, кӛкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-
жуас, т. б.

2) сӛздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай ӛңді, торы тӛбел, тым ұзақ, ал қара кӛк, қою қалың қара сақалды,
ақ шулан, ақ шабдар, т. б.

Сын есім жасалуына қарай екіге бӛлінеді: 1) негізгі сын есім;

2) туынды сын есім.

Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі тҥбір кҥйінде тұрады. Мысалы: кӛк, сыпайы, кермек, жабайы,
таза, шабан, асау, жеңіл, т. б.

Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сӛздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ
жалғану арқылы.
Туынды сын есімнің жасалуы
Есім сӛзден сын есім жасайтын Мысалдар
жҧрнақтар
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті Таулы, ӛнерлі, орманды, кӛрікті

-сыз, -сіз Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз

-ғы, -гі, -қы, -кі Қысқы, тӛменгі, ішкі, жазғы

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік Балалық, адамдық, жігіттік,


жолдастық
-шыл, -шіл
Ойшыл, еңбекшіл.
-шаң, -шең
Ашушаң, кӛйлекшең, сӛзшең
-дай, -дей, -тай, -тей
Үкідей, жолбарыстай, баладай.
-кер, -гер
Найзагер, табыскер, әдіскер.
-қой, -қор
Әзілқой, еңбекқор, әуесқой.
-паз, -імпаз
Ӛнерпаз, жеңімпаз
-и, -ы, -і
Әдеби, алтайы, түркі.
Етістіктен сын есім жасайтын Мысалдар
жҧрнақтар
-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек Жабысқақ, тайғақ, бӛлек,

-ық, -ік, -қ, -к Тұнық, бітік, сирек, ақсақ

-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш Жүзгіш, айтқыш, жазғыш.

-ғыр, -гір, -қыр, -кір Алғыр, білгір, ӛткір, тапқыр.

-шақ, -шек Тартыншақ, сүріншек.

-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі. Басыңқы, салбыраңқы.

-ынды, -інді, -нды, -нді Жуынды, үйінді, жасанды.

-малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, - Асырмалы, жаппалы, үрмелі,


белі кӛшпелі.

-ымды,- імді, -ымды, -мді Тӛзімді, қонымды, келісімді.

-аған, -еген қап(б)аған, теп(б)еген.

-улы, -улі Байлаулы, ілулі.

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе Бояма, қызба, еспе, бұрма

Сын есім мағынасына қарай екіге бӛлінеді: 1) сапалық сын есім;

2) қатыстық сын есім.

– Сапалық сын есім сын есімнің тікелей ӛзінен жасалады, заттың тҥр-тҥсін, сын-сапасын анықтайды. Мысалы:
жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы (қасиет), ұзын (кӛше), биік (тау), терең
(ӛзен), жуас (жылқы), асау (тай), т. б.
– Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сӛз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы: орманды
алқап, гүлді ӛңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сӛз, ақылды бала, дәмді тағам, ӛнерлі
оқушы, салмақты мінез, шӛлейт дала, шексіз аспан, т. б.

Сын есімнің тҥрленуі – оның шырай формасына енуі.

Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің
әр түрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.

Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:

1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру
арқылы кӛрсетеді. Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақ түрлері:

2. Кҥшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не ӛте артық, не ӛте кем екенін кӛрсетеді.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы:

1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз,
тап-таза, үп-үлкен, кӛкпеңбек, аппақ, т. б.

Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, кӛкпеңбек сӛздері бірге жазылады.

2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге ӛте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, ӛңшең, кілең күшейткіш
үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бӛлек жазылады.
Ӛте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, ӛңшең жүйрік, кілең
күшті, т. б.

Шырай жасауға негіз болатын – сапалық сын есімдер.

1. Қосарлану, қайталану негізінде жасалған кҥрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады: жақсылы-
жаманды, биік-биік, үлкен-кіші.

2. Кҥшейткіш буын арқылы жасалған кҥрделі сын есімдер де дефиспен (-) жазылады: жап-жақын, үп-үлкен,
сұп-суық. Тек ақ, кӛк сӛздерінен жасалған күрделі сын есімдер бірге жазылады: аппақ, кӛкпеңбек.

3. Тіркесу арқылы жасалған кҥрделі сын есімдер бӛлек жазылады: қара кӛк, сары ала, қызыл шырайлы, ат
жақты, қою қара сақалды, ұзын бойлы, т.б.

4. Кҥшейткіш ҥстеу арқылы жасалған кҥрделі сын есімдер бӛлек жазылады: ең әдемі, шымқай қара, тым
аласа, кілең жүйрік, орасан зор, ӛте ақылды, т.б.

1. Сын есімнің сӛйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш.

Біп-биік тау шыңы кӛгілдір аспанмен тілдесіп тұрғандай.

Қандай тау? – Біп-биік тау. Қандай аспанмен? – Кӛгілдір аспанмен.


Сын есім ілік септікте тұрып, заттанып келіп те анықтауыш болады. Жақсының (кімнің?) сӛзі балдай,
Жаманның (кімнің?) сӛзі удай (мақал).

2. Жіктік жалғауын меңгерген сын есім сӛйлемнің баяндауышы болады. Туған жер, сен неткен кӛріктісің. Сіз
осы әулеттің үлкенісіз.

3. Сын есім етістіктің алдында тұрып, қалай? деген сұраққа жауап берсе, пысықтауыш болады. Үйдің
ауласындағы заттар ұқыпты жиналыпты. Сөйлеушің судай есілген, тыңдаушың бордай езілген.

4. Сын есім кӛптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Бұл жалғауларды жалғаған жағдайда сын есім зат есімнің
орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуын сын есімнің заттануы – субстантивтенуі дейді. Ақылды
(кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) – бастауыш. Еріншектің
(кімнің?) ертеңі бітпес. Еріншектің (адамның?) – анықтауыш.

5. Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, кӛмектес септіктерінің жалғауын меңгеріп, заттанып, толықтауыш
қызметін атқарады. Жақсымен (кіммен?) жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен (кіммен?) жолдас болсаң
қаларсың ұятқа. Білімдіден (кімнен?) үйрен. Үлкенге (кімге?) құрмет, кішіге (кімге?) ізет. Жасы кіші болса да,
ақылдыны (кімді?) аға тұт. Жақсыда (кімде?) жаттық жоқ.

Сан есім, тҥрлері, сан есімнің тҥрленуі, сӛйлемдегі қызметі


Сан есім – заттың санын, саналу ретін, мӛлшерін білдіретін сӛз табының бірі. Сұрақтары: қанша, неше, нешеу,
нешінші? Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас). Тӛртеу түгел болса, тӛбедегі келеді, алтау ала
болса, ауыздағы кетеді. (Нешеу? – тӛртеу, алтау).

Сан есім қҧрамына қарай екіге бӛлінеді: 1) дара сан есім; 2) кҥрделі сан есім.

1. Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы: үш, оныншы, елудей,
ондаған, жүз, алтау, мыңдаған, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т. б.

2. Кҥрделі сан есім:

а) екі немесе одан да кӛп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін
алтыдан үш, үш ширек, жүз мыңдай, т. б.

ә) сӛздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-


отыздай, бір-бірден жасалады.

б) сӛздердің дыбыстық ӛзгеріске ҧшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он, тоқсан –
тоғыз он

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бӛлінеді:

1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша, неше? Есептік сан есім дара: тӛрт,
жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып
келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.

Есептік сан есімге тӛмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:

-ыншы –қырық тоғызыншы, алпысыншы, онынш, т. б.

-інші – отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т. б.

-ншы – алпыс алтыншы, алтыншы, т. б.

-нші – қырық екінші, жетінші, т. б.

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын кӛрсетеді. Сұрағы: нешеу? Жинақтық сан есім бірден жетіге
дейінгі сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Біреу, екеу, үшеу, тӛртеу, бесеу, алтау, жетеу.
Дауысты дыбысқа аяқталған екі, алты, жеті сан есімдеріне -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдегі соңғы дауысты
дыбыс түсіп қалады: екі+еу→екеу, алты+ау→алтау, жеті+еу→жетеу.
4. Болжалдық сан есім заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап кӛрсетеді. Сұрағы: қанша, неше, қай
шамалы, қаншадан?

Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары:

а) жұрнақ арқылы: -лаған–жиырмалаған, -леген – елулеген, -даған – мыңдаған, -деген – жүздеген, -таған –
қырықтаған, -теген – жетпістеген;

-лап – жиырмалап, -леп – елулеп, бір-бірлеп, екеулеп, -дап – отыздап,

-деп – жүздеп, -тап – алпыстап, -теп – жетпістеп;

-дай – тоқсандай, мыңдай, -дей – екі жүздей, -тай – қырықтай, -тей – жетпіс бестей; т. б.

ә) Есептік сан есімдерге кӛптік жалғауы мен барыс, жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.
Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды, т. б.

б) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай, жүз-жүзден,
т. б.

в) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сӛздерінің тіркесуі арқылы
жасалады: елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман, алпысқа тарта, отызға жуық, сексенге
жақын, т. б.

5. Топтау сан есім заттың санын топтап кӛрсетеді де нешеден, қаншадан? сұрақтарына жауап береді.

Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғануы арқылы
жасалады. Мысалы: дара тҥрде: үштен, қырықтан, жүзден, тоқсаннан, алтыдан, сексеннен, үшеуден;
күрделі түрде: он екіден, жиырма алтыдан, қырық бестен, екі жүз оннан, т.б. қосарланған тҥрде: бес-
бестен, бес-алтыдан, жиырма-жиырмадан, екеу-екеуден; т. б.

6. Бӛлшектік сан есім заттың бӛлшектік санын білдіреді. Бӛлшектік сан есімдер екі түрде қолданылады:

а) жай бӛлшек: оннан бес , тоғыздан үш , үштің бірі, т. б.

ә) ондық бӛлшек: үш бүтін оннан бір , жеті бүтін тӛрт ондық, (7,04), он бүтін мыңнан екі жүз алпыс
тоғыз (10, 269), т. б.

1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бӛлек жазылады: жетпіс жеті, он екінші, мың тоғыз жүз сексен алты, он
алтыдан, т. б.

2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғау дефис арқылы жалғанады: 13-ке, 7-ден, 63-ке.

3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, --ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады:
11-сынып, 2-қатар, 16-орын, 51-тапсырма, 7-бӛлме, т.б. ал рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы,
ХІ сынып, ХХІ ғасыр, ІV том, т. б.

4. Екі, алты, жеті сандарына жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңындағы ы, і дауысты
дыбыстары тҥсіп қалады: екі – екеу, алты – алтау, жеті – жетеу.

5. Цифрмен жазылған сан есімдерге болжалдық сан есімнің қосымшалары дефис арқылы жалғанады: 100-деп, 5-
те, 6-ларда, 1000-даған, 70-тей, т. б.

6. Қосарлану арқылы жасалған болжалдық сан есімдер сӛзбен жазылса да, цифрмен жазылса да арасына
дефис қойылады: екі-үш бала (2–3 бала), 70-80 қой (жетпіс-сексен қой), 5-6 кітап (бес-алты кітап).

7. Бӛлшектік және болжалдық сан есім жасайтын сӛздерге ӛзі тіркескен сандар сӛзбен берілсе де, цифрмен
берілсе де бӛлек жазылады: жүз қаралы – 100 қаралы, елу шақты – 50 шақты, 30-ға таман – отызға таман,
он екі жарым – 12 жарым, бір ширек – 1 ширек.

8. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сӛзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис арқылы жазылады:
7-7-ден – жеті-жетіден, 30–30-дан – отыз-отыздан, бір-бірден – 1-1-ден.
9. Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де дефис қойылмайды: 1986 жыл, 16
желтоқсан, 8 наурыз, 1989 жыл, 1 мамыр.

Сан есімнің сӛйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш. Мысалы, Сегіз қызым – бір тӛбе, Кенжекейім – бір тӛбе.
Сегіз (қанша?) қызым. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып та анықтауыш болады. Қазақ ұғымында жетінің
ӛзіндік орны бар. Жетінің (нешенің?).

2. Сан есім жіктеліп немесе кӛмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш болады. Келген адамдар алтау
екен. Алтау екен (нешеу екен?). Біз бәріміз тоғызбыз. (нешеуміз?)

3. Сан есім атау тұлғада тұрып бастауыш болады. Тӛртеу түгел болса, тӛбедегі келеді, алтау ала болса,
ауыздағы кетеді. (Кім түгел болса?, Кім ала болса?). Жетеуі де ӛнерлі екен (Кім ӛнерлі?).

4. Сан есімдер етістіктің алдынан келіп, пысықтауыш болады: Тоғызда басталады (қашан басталады?), бес-
бестен бӛліну керек (қалай бӛліну керек?), алтыдан (қалай?) топтадық.

5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, кӛмектес септік жалғауларын меңгерсе, толықтауыш болады.
Тоғызға (неге?) сегізді (нені?) қосу, оннан (неден?) бесті (нені?) алу, он үшпен (немен?) есептеледі.

6. Сан есім зат есіммен не қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сӛйлемнің кҥрделі мҥшесі болады.
Жарысушылар он түрлі тапсырма орындайды (қандай тапсырма – он түрлі тапсырма). Сағатына 70-80
км жылдамдықпен жүреді. (қанша жылдамдықпен? – 70-80 км жылдамдықпен).

Есімдік, тҥрлері, емлесі, есімдіктің тҥрленуі, сӛйлемдегі қызметі


Есімдік есім сӛздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нҧсқап, меңзеп, сілтеп
кӛрсетеді. Есімдіктер орынбасар сӛздер деп те аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бӛлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сҧрау есімдігі; 4) ӛздік
есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер,
олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және кӛпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі нҧсқау, мегзеу, кӛрсету мағыналарын білдіретін бҧл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана,
мына, әне, міне, мынау деген сӛздер.

3. Сҧрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сҧрау мәнді сӛздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай?
қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.

4. Ӛздік есімдігіне әр тҧлғада тҥрленіп қолданылатын ӛз деген бір ғана сӛз жатады. Ӛз есімдігі түрленіп
тәуелденіп: сенің ӛзің; кӛптеліп: ӛздері, септеліп: ӛзімнің түрінде қолданылады.

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бҥкіл, кҥллі,
бҥтін, тҥгел, тегіс деген сӛздер жатады.

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе,
дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сӛздер жатады.

Болымсыздық есімдіктері еш сӛзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердің бірігуі арқылы жасалып,
бірге жазылады: ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкім, т.б. Ал еш сӛзі басқа сӛздермен (зат есімдермен) тіркесіп
келгенде, бӛлек жазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана,
т. б.

Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сӛйлемде зат есім
орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе – бастауыш қызметін атқарады.

2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып, пысықтауыш болады.

3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынын білдіріп, анықтауыш қызметін атқарады.
Мысалы: Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?)
ӛтірік айтпа.

7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мӛлшерді жорамалдап, тҧспалдап кӛрсететін сӛздер.
Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан;

әр, әркім, әрне, әрқашан, әрқандай, әрқайсысы, әрбір, әрбіреу, кімде-кім деген сӛздер жатады.

Белгісіздік есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Әлде, әр, кей, қай, бір сӛздері басқа біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз есімдіктерімен тіркескенде
бірге жазылады: әлдебіреу, әркім, біраз, әрқалай, т.б.

Басқа сӛз таптарымен тіркескенде бӛлек жазылады: кей күні, бір бала, әр адам, т. б.

2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, кімде-кім, әркім, әрне, әлдене белгісіздік есімдіктері зат есім орнына
жұмсалып, сӛйлемде бастауыш болады. Әркім (кім?) ӛз ойымен отыр. Әрқайсысы (кім?) әр түрлі пікір айтты.

3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір есімдіктері сын есім орнына жұмсалып, сӛйлемде анықтауыш болады.
Кейбір (қай?) оқиға еш ұмытылмайды. Әрбір (қай?) адам ӛзі үшін жауап береді. Бірнеше (қанша?) оқушы
әңгімелесіп тұр.

4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан есімдіктері ҥстеу мәнінде жұмсалып,
сӛйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Әрқашан (қашан?) шындықты айту керек. Әлдеқайдан (қайдан?)
бір дыбыс естілді.

Есімдіктер – есім сӛздердің орнына жүретін сӛз табы болғандықтан, кӛптеліп те, жіктеліп те, тәуелденіп те,
септеліп те қолданылады.

Есімдіктің септелуі
Атау мен Сен ол бұл ешкім бәрі
Ілік менің Сенің оның бұның ешкімні бәрін
ң ің
Барыс маған Саған оған бұған ешкімг бәрін
е е
Табыс мені Сені оны бұны ешкімд бәрін
і
Жатыс менд Сенд онда бұнда ешкімд бәрін
е е е де
Шығыс мене Сенеодан бұдан ешкімн бәрін
н н (онан) ен ен
Кӛмект менім Сенім оныме бұным ешкімм бәрім
ес ен ен н ен ен ен

Есімдіктің тәуелденуі
ол Бұл мынау кім ӛз
Менің оным бұным мынауым кімім ӛзім
Сенің оның бұның мынауың кімің ӛзің
Сіздің оныңыз бұныңыз мынауыңыз кіміңіз ӛзіңіз
Оның онысы бұнысы мынауы кімі ӛзі
Біздің онымыз бұнымыз мынауымыз кіміміз ӛзіміз
Сендердің оларын бұларың мынауларың кімдерің ӛздерің
Сіздердің оларыңыз бұларыңыз мынауларыңыз кімдеріңіз ӛздеріңіз
Олардың олары (онысы) бұнысы мынауы кімдері ӛздері

Жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, мынадай ерекшелік байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі
л, н, дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;

3) кӛмектес септікте түбір мен қосымшаның арасында -ы, -і дәнекері пайда болады;
4) барыс септік жуанданып, л, н, түсіп қалған түбірге жалғау -ған түрінде жалғанады.

Үлгі:
А.с. мен Сен ол бұл сол

І.с. ме-нің се-нің о-ның бұ-ның (мұ-ның) со-ның

Б.с. ма-ған са-ған о-ған бұ-ған со-ған

Т.с. ме-ні се-ні о-ны бұ-ны (мұ-ны) со-ны

Ж.с мен-де сен-де он-да бұн-да (мұн-да) сон-да

Ш.с ме-нен се-нен о-дан бұ-дан (мұ-нан) со-дан

К.с. мен-і-мен сен-і-мен он-ы-мен бұн-ы-мен со-ны-мен

(мұ-ны-мен)

Есімдіктер әр тҥрлі сӛз табының орнына жүретіндіктен, барлық сӛйлем мҥшесінің қызметін атқарады.

1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Олар (кімдер?) үнсіз
отырып қалды. Барлығы (кім?) келісті. Әркім (кім?) өзінше дайындалыпты. Ӛзі (кім?) айтып берді.

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, кӛмектес септіктерінде тұрып, толықтауыш болады. Бұл ешкімге
(кімге?) айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?) апаңа берерсің. Ешқайсысында (кімде?) арнайы рұқсат жоқ.
Тапсырма бәрінен (кімнен?) сұралады. Ол әркіммен (кіммен?) ақылдасуды жөн көрді.

3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш
болады. Барлығының (кімнің?) пікірі бір жерден шықты. Бұл (қай?) пікірді бәрі құптады. Бірнеше (қанша?) дауыс
қатар шықты. Ешбір (қандай?) адам өзіне жамандық тілемейді.

4. Есімдіктер мезгіл, мекен ҥстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауыш болады. Әңгіме әлдеқашан
(қашан?) аяқталған. Ол ешқайда (қайда?) бармауға бел байлады.

5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сӛйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Менің мақсатым – осы. Ата-
анамыздың барлық тірегі – біздерміз.

Есімдіктер қҧрамына қарай екі түрге бӛлінеді:

1. Дара есімдік бір сӛзден тұрады: мен, олар, сендерсіңдер, дәнеңе, анау, бәрі, күллі, қашан, сол, ӛз, кей, т.
б.

2. Кҥрделі есімдік екі түбірден жасалады: қосарлану арқылы: кімде-кім, ӛз-ӛзіне; бірігу арқылы: әрқашан,
кейбіреу, әрне, әрқалай, әлдебіреу, әлдеқайдан, ешкім, т. б.

Етістік, тҥрлері, етістіктің тҥрленуі, сӛйлемдегі қызметі


Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сҧрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат
шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).

Етістік құрамына қарай екіге бӛлінеді: 1) дара етістік; 2) кҥрделі етістік.

Дара етістік бір ғана сӛзден тҧрады. Мысалы: Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сӛйлемдегі естіледі етістігі
бір ғана сӛзден тұрған дара етістік.

Кҥрделі етістік екі не одан да кӛп сӛзден қҧралады, бір мағынаға ие болады, бір сҧраққа жауап береді,
сӛйлемнің бір ғана мҥшесі болады. Мысалы: Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп
жіберуге шақ қалды. Сӛздердің дыбыстық ӛзгеріске ҧшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар – алып
бар, әкел – алып кел, әкет – алып кет, әпер – алып бер, түрегел – тұрып кел. Сӛздердің қосарлануынан
жасалған күрделі етістіктер: бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті.
Күрделі етістік құрамындағы бірінші сӛз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сӛздер
кӛмекші етістік болады.

Етістік тұлғасына қарай екіге бӛлінеді: 1) негізгі тҥбір етістік; 2) туынды тҥбір етістік.

Негізгі түбір етістік етістіктің ӛзінен жасалады: отыр, тҧр, жҥр, жатыр, оқы, кел, барды, жҥгірді, жасаған, кӛрген.

Туынды етістік басқа сӛз таптарына сӛз тудырушы жҧрнақ жалғану арқылы жасалады.

Туынды етістіктің жасалу жолдары.


ЕСІМ СӚЗДЕР ТУЫНДЫ ЕТІСТІК
Балта Балтала

Би Биле

Бас Баста

Үтік Үтікте

Дамыл Дамылда

Сән Сәнде

Рух Рухтан

Әдет Әдеттен

Кӛмек Кӛмектес

Сыр Сырлас

Пікір Пікірлес

Жиын Жина

Орын Орна

Жаман Жаманда

Кӛк Кӛгер

Екеу Екеуле

БАСҚА СӚЗ ТАПТАРЫ ТУЫНДЫ ЕТІСТІК


Бұрқ Бұрқыра

Күрк Күркіре

Жымың Жымыңда

Күлім Күлімде

Тасыр Тасырлат

Ілгері Ілгеріле

Жоғары Жоғарыла

Ақырын Ақырындат
Аз Азсын

Кӛп Кӛпсін

Ауһау Ауһаула

Құрау Құраула

Уһ Уһле

Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бӛлінеді:

1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.

Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана,
жүгір.

Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын кӛрсетеді.

Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -
ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа,
тездетпе, т. б.
Тҥрі Ереже Жасалуы мысалдар
Ӛздік етіс Қимылды -ын, -ін, -н Жуынды, киінді,
(орындаушы ӛзі) орындаушының жұрнақтары боянды, таранды.

ӛзі істейді. арқылы


Ӛзгелік етіс Қимылды ӛзге -дыр, -дір, -тыр, Жаздыр, бердір,
(орындаушы ӛзге біреуге айттыр, келтір,
біреу). орындатқызады. -тір, -ыр, -ір; асыр, кетір,
жасат, сӛйлет.
-қыз, -кіз, -ғыз,

-гіз;

жұрнақтары

арқылы
Ырықсыз етіс Орындаушы -ыл, -іл, -л; Айтылды,
(орындаушы белгісіз) айтылмайды, іс- кӛтерілді,
әрекет ӛздігінен -ын, -ін, -н; тасылды,
жасалғандай.
жұрнақтары салынды,
арқылы әкелінді,
тазаланды.
Ортақ етіс Қимылды -ыс, -іс. –с Орысты,
(орындаушы кӛп) орындаушы біреу
емес, бірнешеу жұрнақтары тазаласты,
болады. арқылы кӛтерісті.

2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сӛзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ,
келген жоқ, барған емес, кӛрген емес, т. б.

Етістік мағынасына қарай екіге бӛлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік – мағынасы жағынан
тура объектіні, табыс септіктегі сӛзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тҧлғалы
сӛзбен байланысады. Мысалы: Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды
(кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?)
үйрен.
Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сӛзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік,
барыс, жатыс, шығыс, кӛмектес септіктегі сӛздермен тіркесе береді. Мысалы: Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет.
Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т. б.

Етістер – іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысын білдіретін етістіктің түрі.
Етістің тӛрт тҥрі бар: 1) ӛздік етіс, 2) ӛзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.

Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы:

Ӛзгелік етістің -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір,

-р, -т және ортақ етістің -ыс, -іс, -с жұрнақтары салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. Мысалы:

Ырықсыз етістің -ыл, -іл, -л; (-ын, -ін, -н) және ӛздік етістің -ын, -ін, -н жұрнақтары сабақты етістікті салт
етістікке айналдырады. Мысалы:

Есімше. Кӛсемше. Етістіктің шақ және рай категориялары


Кӛсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады: 1) күрделі етістіктің құрамында келіп, негізгі іс-әрекетті
білдіреді. 2) қимыл- әрекеттің әр түрлі сипатын, амал-тәсілін, себеп-мақсатын білдіреді. Мысалы, Тапсырманы
орындап болды. Орындап болды - күрделі етістік; орындап – негізгі іс-әрекет; болды – кӛмекші мәндегі етістік.
Әңгімені құмарта тыңдады. Құмарта – қалай? Іс-әрекеттің амал-тәсілін білдіріп тұр.

Кӛсемше ҥш түрлі жолмен жасалады:

1) -а, -е, -й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ кӛсемше жасалады. Мысалы, Боран соғады, мал тӛлдейді,
ит үреді;

2) -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы ӛткен шақ кӛсемше жасалады. Мысалы, Сыпайы сызып айтады, шорқақ
үзіп айтады. Кӛсемшелер: сызып, ҥзіп айтады.

3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтары келер шақ кӛсемше жасайды. Мысалы: айтқалы отыр, кеткелі жатыр,
оқығалы жҥр, келгелі отыр.

Кӛсемше тұлғасына кӛптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды, яғни кӛсемше кӛптелмейді,
септелмейді, тәуелденбейді. Тек -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы кӛсемшелер ғана жіктеледі, ал

-ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы кӛсемшелер жіктелмейді.


Кӛсемшенің жіктелу үлгісі:
I айт-а-мын,-мыз бере-мін,-міз айт-ып-пын,-пыз бер-іп-пін,

II айт-а-сың, бер-е-сің, айт-ып-сың, бер-іп-піз

-айт-а-сыңдар бер-е-сіңдер айт-ып-сыңдар бер-іп-сің,

айт-а-сыз, бер-е-сіз, айт-ып-сыз, бер-іп-сіңдер

айт-а-сыздар бер-е-сіздер айт-ып-сыздар бер-іп-сіз

III айт-а-ды бер-е-ді айт-ып-ты бер-іп-сіздер

бер-іп-ті

КӚСЕМШЕНІҢ СӚЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

1. Күрделі етістіктің құрамында жіктеліп келген жағдайда кӛсемше баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Біз
ақырын әңгімелесіп келеміз (не істеп келеміз?)

2. Іс-әрекеттің амалын, мақсатын, т.б. білдіріп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Қасқырлар жылқыға
топтанып (қалай?) келіп шапты.

ЕСІМШЕ

Есімше де – екі тҥрлі мәнде, екі тҥрлі қызметте қолданылатын етістіктің ерекше тҥрі.

Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметінде: Айтылған
(қандай?) сӛз – атылған (қандай?) оқ; кім? не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін
атқарады: Кӛрмес (кім?) түйені де кӛрмейді. Ақылды байқап сӛйлер. (қайтер?)

ЕСІМШЕНІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҤРЛЕРІ

Есімше тӛрт түрлі жолмен жасалады:

1)-қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы ӛткен шақ есімше жасалады;

2)-ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін – с жұрнағы арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады;

3)-мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек жұрнақтары мақсатты келер шақ есімше жасайды;

4)-атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары ауыспалы ӛткен шақ жасайды.

Есімше кӛптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліп қолданылады.

Есімшенің тәуелдену ҥлгісі


Оңаша I айт-қан-ым бер-ер-ім кел-етін-ім бар-ма-с-ым

II айт-қан-ың бер-ер-ің кел-етін-ің бар-ма-с-ың

айт-қан-ыңыз бер-ер-іңіз кел-етін-і бар-ма-с-ы

III айт-қан-ы бер-ер-і кел-етін-і бар-ма-с-ы


Ортақ I айт-қан-ымыз бер-ер-іміз кел-етін-іміз бар-ма-с-ымыз

II айт-қан-(дар)ың бер-ер-(лер)ің кел-етін-(дер)ің бар-ма-с-


(тар)ың
айт-қан-(дар)ыңыз бер-ер-(лер)іңіз кел-етін-(дер)іңіз
бар-ма-
III айт-қан-(дар)ы бер-ер-(лер)і кел-етін-(дер)і с(тар)ыңыз

бар-ма-с-(тар)ы
Есімшенің септелу үлгісі
А.с. айт-қан бер-ер кел-етін бар-ма-с

І.с айт-қан-ның бер-ер-дің кел-етін-нің бар-ма-с-тың

Б.с айт-қан-ға бер-ер-ге кел-етін-ге бар-ма-с-қа

Т.с айт-қан-ды бер-ер-ді кел-етін-ді бар-ма-с-ты

Ж.с айт-қан-да бер-ер-де кел-етін-де бар-ма-с-та

Ш.с айт-қан-нан бер-ер-ден кел-етін-нен бар-ма-с-тан

К.с айт-қан-мен (септелмейді) кел-етін-мен (септелмейді)

Есімшенің жіктелу үлгісі


I ат-қан-мын бер-ер-мін кел-етін-мін бар-ма-с-пын

II ат-қан-быз бер-ер-міз кел-етін-біз бар-ма-с-пыз

III айт-қан-сың бер-ер-сің кел-етін-сің бар-ма-с-сың

айт-қан-сыңдар бер-ер-сіңдер кел-етін-сіңдер бар-ма-с-сыңдар

айт-қан-сыз бер-ер-сіз кел-етін-сіз бар-ма-с-сыз

айт-қан-сыздар бер-ер-сіздер кел-етін-сіздер бар-ма-с-сыздар

айт-қан бер-ер кел-етін бар-ма-с

ТҦЙЫҚ ЕТІСТІК

Тҧйық етістік – жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын, зат есімдерше түрленетін, іс-әрекеттің атын
білдіретін етістіктің ерекше түрі. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік
тұлғаларына – у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жаз+у, сҧра+у, кел+у, сҧрама+у, айтыспа+у,
жҥгірме+у, даурықпа+у, алыстат-у, байла-у, кҥл-у, жалға-у, оқ(ы)-у, жіб-у, қағу, тӛ(к)гу, се(п)б+у, т. б.

Бұл сӛздер іс-әрекеттің атауы болып тұрғандықтан, тұйық етістік мағынасында да, зат есім мәнінде де жұмсалады.
Мысалы: Тұсау –жылқы малына қолданылатын құрал. Тҧсау (не?) – зат есім. Жылқыны тұсаулады.
Тҧсаулады (қайтті?) – етістік. Тұйық етістік септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді.

Тұйық етістіктің септелу үлгісі:

А. с. Бару, күлмеу, дайындалулары

І. с. Барудың, күлмеудің, дайындалуларының

Б. с. Баруға, күлмеуге, дайындалуларына

Т. с. Баруды, күлмеуді, дайындалуларын

Ж. с. Баруда, күлмеуде, дайындалуларында

Ш. с. Барудан, күлмеуден, дайындалуларынан

К. с. Барумен, күлмеумен, дайындалуларымен

Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі:

І ж. Оқуым, бітіруім, сӛйлесуіміз


ІІ ж. Оқуың, бітіруің, сӛйлесулерің

Оқуыңыз, бітіруіңіз, сӛйлесулеріңіз

ІІІ ж. Оқуы, бітіруі, сӛйлесулері

ТҦЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ЕМЛЕСІ

1. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі ы, і дыбыстары
тҥсіп қалады: оқы – оқу, тоқы – тоқу, бекі – беку, жібі – жібу;

2. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы дыбыстары
ҧяң б, ғ, г дыбыстарына ӛзгереді: жап – жабу, тақ – тағу, сеп – себу, тӛк – тӛгу,

ҥк – ҥгу;

3. Етістіктің түбірі и, й, і дыбысына біткен жағдайда тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, сӛздің соңғы
дыбысы ӛзгереді: ки – кию, той – тою, кейі – кею, ҥй – ҥю;

4. Жу, бу, қу етістіктеріне тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда жуу, буу, қуу, түрінде жазылады.

ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ

Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын,
жасалып болғанын білдіреді. Іс-әрекеттің мезгілге, уақытқа байланысын кӛрсететін етістікке тән категория шақ деп
аталады. Шақтың ҥш түрі бар: 1) осы шақ, 2) ӛткен шақ, 3) келер шақ.

Осы шақ істің сӛйлеп тҧрған уақытта болып жатқанын кӛрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бӛлінеді:
1) нақ осы шақ және

ауыспалы осы шақ.

Нақ осы шақ іс-әрекеттің сӛйлеуші сӛзімен бір мезгілде орындалып жатқанын кӛрсетеді. Нақ осы шақ кӛбінесе
отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері арқылы жасалады. Мысалы: оқып отыр, күліп тұр, ойнап жүр,
ұйықтап жатыр.

Ауыспалы осы шақ істің қимылдың дағдылы тҥрде болып тҧруын кӛрсетеді. Ауыспалы осы шақ түбірге
кӛсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары мен жіктік жалғауының жалғануынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жау –а- ды, күн
күркіре -й- ді, мен айт-а-мын, сен кел-е-сің, мен келіспе-й-мін, орында-й-мын, тапсыр-а-мын, т. б.

Келер шақ іс-әрекеттің сӛйлеп тҧрған мезгілден кейін орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар: 1)
болжалды келер шақ, 2) мақсатты келер шақ, 3) ауыспалы келер шақ.

Болжалды келер шақ іс-қимылдың орындалуын болжам тҥрінде кӛрсетеді. Болжалды келер шақ етістіктің
түбіріне -ар, -ер, -р және болымсыз етістікке -с жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: қуан- ар -сың, жет-ер-
сің, тоқы-р-сың, айтпа-с, сындырма-с, келтірме-с, ӛкпелетпе-с, т. б.

Мақсатты келер шақ іс-қимылдың орындалуы мақсатты тҥрде айтылады. Мақсатты келер шақ -мақ, -мек, -
бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, тапсыр-мақ, үйрен-бек, келіс-пек, ақылдас-пақ,
сұран-бақ, келтір-мек, т. б.

Ауыспалы келер шақ іс-әрекеттің орындалуын бірде осы шақтық, бірде келер шақтық мағынада кӛрсетеді.
Ауыспалы келер шақ сол сӛйлемдегі мезгіл мәнді сӛздер арқылы айқындалады. Мысалы,
Ауыспалы осы шақ Ауыспалы келер шақ
Мен дос туралы шығарма Мен ертең шығарма
жазамын. жазамын.

Біз қала сыртына тал егеміз. Біз кӛктемде қала


сыртына тал егеміз.
Жаңбыр жауады.
Кешке жаңбыр жауады.
Ӛткен шақ істің сӛйлеп тҧрған уақыттан бҧрын орындалғанын кӛрсетеді. Ӛткен шақ мағынасына және
тҧлғалық белгілеріне қарай ҥшке бӛлінеді: 1) жедел ӛткен шақ, 2) бҧрынғы ӛткен шақ және

3) ауыспалы ӛткен шақ.

Жедел ӛткен шақ іс-қимылдың таяу уақытта орындалғанын білдіреді. Етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті
қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: жаз-ды, кӛр-ді, жаттық-ты, тербет-ті.

Бҧрынғы ӛткен шақ іс-қимылдың сӛйлеп тҧрған уақыттын бҧрын орындалғанын тҧжырымды түрде кӛрсетеді.
Бұрынғы ӛткен шақ -ған,-ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: оқы-ған, жеткіз-ген, жаттық-қан,
тербет-кен, т. б. Бұрынғы ӛткен шақтың болымсыз түрі үш түрлі жолмен жасалады:

1. Болымсыздық мәнді -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жеткіз-бе-ген, орында-ма-ған,
үйрет-пе-ген, т. б.

2. Ӛткен шақтық етістіктен соң жоқ, емес кӛмекші сӛзінің тіркесуі арқылы: тапсырған жоқ, кӛрген емес, т.б.

Ауыспалы ӛткен шақ іс-қимылдың бірде осы шақта, бірде ӛткен шақта орындалуын кӛрсетеді. Ауыспалы
ӛткен шақ -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалады: хабарлас-атын, түсіндір-етін, қоста-йтын,
т. б.

ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ

Іс-әрекеттің орындаушымен, уақытпен байланысты болып, жаққа, шаққа тҥрленуі етістіктің райы деп аталады.
Етістіктің рай категориясының тӛрт түрі бар: 1) ашық рай, 2) қалау рай, 3) бҧйрық рай, 3) шартты рай.

Ашық рай іс-қимылдың ҥш шақтың бірінде орындалуын кӛрсетеді. Мысалы: Қар жауып тұр.(Осы шақ) Ертең
хабарласарсың.(Келер шақ) Қырғыз елінде болғанмын.(Ӛткен шақ)

Қалау рай істі орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіреді. Қалау райдың жасалу жолдары:

1)-қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарына кел кӛмекші етістігі тіркесу арқылы: сұра-ғы-сы келді, айт-қы-сы келмеді,
демал-ғы-м келді, жүр-гі-м келмейді;

2) етістіктің түбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары жалғану арқылы: байқа-ғай-сың, жеткіз-гей-сің, тапсырт-
қай-сың, т. б.

3) -са, -се тұлғалы шартты райға игі еді, ғой сӛздерінің тіркесуі арқылы: тезірек келсе ғой, аман-есен жетсе игі
еді.

Бҧйрық рай іс-қимылдың орындалуын талап ету мағынасында айтылады. Бұйрық рай жақпен байланысты
айтылады. Мысалы, тыңда, орында, хабарлассын, т.б. ІІІ жақтағы бұйрық райға -сын, -сін жұрнақтары
жалғанады: хабарлас-сын, жеткіз-сін, кӛрсетпе-сін, тоқтатпа-сын, т.б.(ол,олар-ІІІ жақ).

І жақтағы бұйрық райға кӛсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары жалғанады: жең- е-лік, орында-й-ын,тапсыр-а-лық, т.
б.(мен, біз- І жақ).

Бұйрық райдан кейін -шы, ші жұрнағы жалғанып та айтылады: орындайық-шы, келіңдер-ші, айтпаңдар-шы,
отыр-шы, т.б.

Шартты рай іс-әрекеттің орындалу не орындалмауының шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің түбіріне -са,-
се жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Кӛп оқысаң, кӛп білесің. Кешікпей келсең, кӛрер едің.

ЕТІСТІКТІҢ СӚЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ

1. Етістіктің шақ, рай тұлғалары жіктеліп келгенде, тұйық етістік жатыс септігі тұлғасында тұрып немесе
тҧлғаланбай-ақ сӛйлемнің баяндауышы болады. Мысалы: Біз Алатау бӛктеріне саяхатқа шықтық. Олардың
мақсаты – алған тапсырманы дер кезінде орындау.

2. Кӛсемше тҧлғасында тұрған етістік қимылдың әр тҥрлі қасиетін білдіріп, сӛйлемде пысықтауыш қызметін
атқарады. Алтын таң рауандап (қалай?) атып келеді. Тұйық етістік кӛмектес септігінің жалғауын меңгеріп, кейбір
шылаулармен тіркесіп келіп, сӛйлемде пысықтауыш болады. Адам еңбектенумен (қалай?) мақсатына жете
алады. Кӛп жаттығу арқылы (қалай?) жетістікке жетті.
3. Есімше және тұйық етістік тұлғасындағы етістік атау септікте заттанып келіп, сӛйлемде бастауыш қызметін
атқарады. Оқу (не?) адамды мҧратқа жеткізеді. Оқыған (кім?) – озар, оқымаған (кім?) – тозар. Әдепті болу
(не?) – адамилық қасиет.

4. Есімше тұлғасындағы етістік және ілік септігіндегі тҧйық етістік зат есіммен тіркесіп, анықтауыш қызметінде
жұмсалады. Айтар (қандай?) сӛзіңді ойланып ал. Кӛңіл - жеткізбейтін (қандай?) кӛк дӛнен. Ойлаудың
(ненің?) шегі жоқ.

5. Тҧйық етістік не есімше тҧлғасындағы етістік атау мен іліктен басқа септікте тұрып, толықтауыш қызметін
атқарады. Оқудан (неден?) жалықпа. Білуге (неге?) талпынған – жақсы қасиет. Бақылауды (нені?) кҥшейткен
дҧрыс. Білгенге (кімге?) маржан, білмеске (кімге?) арзан.

Ҥстеу, тҥрлері, емлесі, сӛйлемдегі қызметі


Ҥстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай кҥйін білдіреді. Үстеу
грамматикалық тұлғалар арқылы тҥрленуге, ӛзгертуге кӛп кӛне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бӛлінеді: 1)
дара үстеулер; 2) кҥрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.

Негізгі үстеулер тҥбір мен қосымшаға бӛлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң,
кеш.

Туынды үстеулер екі тҥрлі жолмен жасалады: 1) жҧрнақ арқылы;

2) кейбір септік жалғауларының тҥбірмен сіңісіп, кӛнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, кӛктей, асықтай, жапырақтай,
жұлдыздай, арыстандай, т. б.

-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін,


тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.

-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше,


жаттықпайынша, кӛмектеспейінше, жүгірмейінше, сӛйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;

2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, кӛнеленуінен жасалады:

Барыс септіктің кӛнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма), текке (күлме),
т. б.

Жатыс септіктің кӛнеленуінен: ӛткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды), т .б.

Шығыс септіктің кӛнеленуінен: тӛтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т. б.

Кӛмектес септіктің кӛнеленуінен: кезекпен (сӛйлеу), ретімен (айтты).

Кҥрделі ҥстеу сӛздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасалады: Сӛздердің бірігуінен жасалған
кҥрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп
(бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т .б.

Сӛздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған кҥрделі үстеулер: ертелі-кеш, алды-артынан,
бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-тӛмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.

Сӛздердің тіркесуі арқылы жасалған кҥрделі үстеулер: таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң
атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б.

Тілімізде тҧрақты тіркестер арқылы жасалатын кҥрделі үстеулер де кездеседі: қас пен кӛздің арасында, аяқ
астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б.
Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бӛлінеді:

1. Мезгіл ҥстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін,
уақытын білдіреді. Мезгіл ҥстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті,
жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

2. Мекен ҥстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін кӛрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай?
сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) ӛрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін
(қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) тҥсті, т. б.

3. Сын-қимыл (бейне) ҥстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары:
қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Мысалы: Ақырын (қалай?) жҥгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша
(кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шҥйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.

4. Мӛлшер ҥстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мӛлшер ҥстеуі
сынның немесе қимылдың кӛлемдік дәрежесін, мӛлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мӛлшер ҥстеуі етістікпен
тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мӛлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама
(қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) ӛскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір
(қалай?) ҧзақ дегенде мӛлшер ҥстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мӛлшерін, кӛлемін білдіреді.

5. Кҥшейткіш ҥстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не кҥшейтіп


кӛрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жҥдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге
кҥшейткіш ҥстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), ӛте (салмақты), аса (терең), тым
(терең), кілең (жҥйрік) сӛздері де жатады.

6. Мақсат ҥстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу
мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

7. Себеп-салдар ҥстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі
қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа,
амалсыздан, бекерге, шарасыздан сӛздері жатады. Бұл сӛздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа
ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

Ҥстеудің мағыналық тҥрлерінің кестесі


ҤСТЕУДІҢ ТҤРЛЕРІ СҦРАҚТАРЫ МЫСАЛДАРЫ
1.Мезгіл үстеуі Қашан? Қашаннан? Бүгін, былтыр, биыл, таңертең,
Қашаннан бері? бүрсігүні, қыстан бері, ала жаздай, күні-
түні, ендігәрі, күндіз, бағана, таң сәріге
дейін, енді, қазір, әлгінде, ежелден,
кеше.
2.Мекен үстеуі Қайда? Қайдан? Қалай Кейін, алдыға, артқа, әрі-бері, ілгері-
қарай? кейін, әрмен қарай, тысқары, тӛменнен,
жоғары-тӛмен, алдыдан.
3.Сын-қимыл (бейне) Қалай? Қайтіп? Қалайша? Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын,
үстеуі Кімше? бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте,
бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай,
келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.
4.Мӛлшер үстеуі Қанша? Қаншама? Қыруар, біршама, әжептәуір,
Қаншалық? неғұрлым, мұншама, соншалық,
әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, кӛп.
5.Күшейткіш үстеуі Қалай? Қандай? Тым, ӛте, ең, тіпті, әбден, мүлдем,
нағыз, керемет, аса, ӛңкей, кілең, орасан,
ылғи, сәл, нақ, ерен, дәл.
6.Мақсат үстеуі Қалай? Не мақсатпен? Қасақана, әдейі, жорта, әдейілеп.
7.Себеп-салдар үстеуі Не себепті? Неге? Құр босқа, текке, амалсыздан,
шарасыздан, лажсыздан, босқа,
бекерден-бекер, бекер, босқа.

Сӛздердің бірігуінен жасалған кҥрделі үстеулер бірге жазылады. Мысалы: бұл жыл – биыл, бұл күн – бҥгін,
жаздың күні – жаздыгҥні, ендігіден әрі – ендігәрі, қыстың күні – қыстыгҥні , күздің күні – кҥздігҥні;
Сӛздердің қосарлануынан, қайталануынан жасалған кҥрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы:
анда-санда, бетпе-бет, арлы-берлі, жиі-жиі, ертелі-кеш, күні-түні, жоғары-тӛмен, т. б.

Тіркесу арқылы жасалған кҥрделі үстеулер бӛлек жазылады. Мысалы: қыс бойы, таң сәріде, келе сала,
тӛмен қарай, жоғары жаққа.

Үстеудің сӛйлемдегі негізгі қызметі – пысықтауыш. Шыңғыстың сырты тез (қалай?) жылынбағандықтан,
ерте (қашан?) кӛктемейтін. Ережені жаттамайынша (қайтпейінше?), тапсырманы орындай алмайсың.

Үстеулер түрленіп келіп, басқа сӛйлем мҥшелерінің де қызметін атқарады.

Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш қызметінде жұмсалады. Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес. Күшейткіш
үстеулер сапалық сын есіммен тіркесіп келіп, кҥрделі анықтауыш қызметін атқарады. Бәйгеге ӛңшең жүйрік,
кілең сәйгүлік (қандай?) аттар қосылды.

Еліктеу сӛздер, тҥрлері, емлесі


Еліктеу сӛздер – айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, қҧбылыстарға, қимыл-әрекеттерге және
солардың бейнелеріне еліктеуден туған сӛздер. Мысалы: жалт-жұлт етеді, сарт ете тҥсті, арбаң-арбаң етіп,
күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті. Еліктеу сӛздер мағынасы жағынан екіге бӛлінеді: еліктеуіштер, бейнелеуіштер.

Еліктеуіш сӛздер – табиғаттағы, тӛңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сӛздер. Еліктеуіш
сӛздер кӛбінесе ет кӛмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт-сұрт ете қалды, гүрс ете түсті, жымың-
жымың етеді, жарқ ете қалды, т. б.

Бейнелеуіш сӛздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін кӛру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде
жасалатын сӛздер. Мысалы: жалт қарады, маң-маң басады, желп-желп етеді, жарқ-жарқ етті.

Еліктеу сӛздер қҧрамына қарай негізгі, туынды, кҥрделі түбір болып бӛлінеді.

1. Негізгі еліктеу сӛздерге тҥбір сӛздер жатады: дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр,
шиқ, жалп, жарқ, шіңк, бүлк, тарс, қиқ, т.б.

2. Туынды еліктеу сӛздер -аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнақтары арқылы жасалады: балп-аң, елп-ең, жылт-ың, кілт-
ің, жайна-ң, қиқ-аң, т. б.

3. Кҥрделі еліктеу сӛздер қайталану: бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп, т. б.

қосарлану: арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп арқылы жасалады.

Еліктеу сӛздерден жҧрнақ арқылы басқа сӛз таптары жасалады:

1. Еліктеу сӛзден зат есім жасайтын жұрнақтар:

-ыл, -іл, -л – тарс-ыл, сарт-ыл, дүрс-іл, күңк-іл, бүлк-іл, арс-ыл., т.б.

-ақ, -ек – бұлт-ақ, бүлк-ек, т.б.

-ғыр, -гір – даң-ғыр, дүң-гір, т.б.

2. Еліктеу сӛзден етістік жасайтын жұрнақтар:

-ыра, -іре – салб-ыра, үлб-іре, т.б.

-ла, ле – дабыр-ла, күбір-ле, т.б.

-да, -де – қоқаң-да, ербең-де, т.б.

Еліктеу сӛздер кӛбінесе кӛмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сӛздер кӛмекші
етістікпен тіркескенде, кҥрделі баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Аспанда самсаған жҧлдыздар дір-дір
етеді. Кенет артына жалт қарады. Дір-дір етеді, жалт қарады – қайтті? – баяндауыш.
Еліктеу сӛздер түрленіп келіп, басқа сӛйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы: Жарқ-жұрқтан кӛзің
талып, даң-дұңнан қҧлақ тҧнады. Жарқ-жұрқтан, даң-дұңнан – неден? – толықтауыш.

Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды. Тарс-тұрс еткен –қандай? – анықтауыш. Жҥгірген
бойы ӛзенге күмп беріп қойып кетті. Сәби томп-томп жҥгіріп жҥр. Томп-томп, күмп беріп –қалай? –
пысықтауыш.

Қосарланудан және қайталанудан жасалған еліктеу сӛздер дефис арқылы жазылады. Мысалы, қарш-қарш,
сарт-сарт, опыр-топыр, делең-делең, бүрсең-бүрсең, қалт-құлт, қорбаң-қорбаң, т. б.

Одағай, тҥрлері, емлесі


Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның тҥрлі кӛңіл кҥйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып
айтылатын сӛздер.

Одағайға тән негізгі белгілер:

1.Лексикалық мағынасы болмайды;

2.Сӛйлемдегі басқа сӛздермен грамматикалық байланысқа түспейді;

3.Сӛйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.

Одағайдың ҥш түрі бар: 1) кӛңіл кҥй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.

1.Кӛңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, ӛкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай,
уһ, әттеген-ай, қап.

2.Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.

3.Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты
құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пҧшайт-пҧшайт; түйеге қатысты
кӛс-кӛс; ешкіге қатысты шӛре-шӛре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т. б. одағайлар
қолданылады.

Одағай сӛйлем басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын
тыныс белгілер тӛмендегідей:

1.Одағай сӛйлем басында келсе, одағайдан кейін ҥтір қойылады. Мысалы, Пай-пай, туған жер қандай ыстық!
Құрау-құрау, кер бесті!

2.Одағай сӛйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да ҥтір қойылады.Мысалы, Далаға шықсам,
ойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай...

3.Одағай сӛйлемнің соңында келсе, алдынан ҥтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танба, бәрекелді!
Кӛз жасыңды кӛрсетпе, тәйт!

4.Кейбір жағдайда одағай қатысқан сӛйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:

Қазақстан! Пай, пай, пай, ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ҧдай.

5.Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ! Сӛз деп осыны айт!

Шылау, тҥрлері, емлесі


Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сӛз бен сӛзді, сӛйлем мен сӛйлемді байланыстыратын, сӛзге қосымша
мән ҥстейтін кӛмекші сӛздер. Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы,
секілді, т.б.

Шылаудың басқа сӛз таптарынан айырмашылықтары:


1.Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;

2.Шылау сӛйлем мҥшесі бола алмайды;

3.Шылау сӛз бен сӛзді, сӛйлем мен сӛйлемді байланыстырады;

4.Шылау толық мағыналы сӛздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән ҥстейді;

5.Шылаулар тҥрленбейді, яғни кӛптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.

Шылау сӛздер білдіретін мәніне қарай ҥшке бӛлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік
шылау.

Септеулік шылаулар белгілі бір септік тҧлғадағы толық мағыналы сӛздермен тіркесіп келіп, оған мезгілдік,
мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық сияқты ҥстеме мән береді.

Септеулік шылаулар екі тҥрлі қызмет атқарады:

1. Ӛзі шылауында жҧмсалған сӛзге қосымша мән ҥстеп, оны екінші сӛзбен байланыстырып, сӛз тіркесін
қҧрайды. Мысалы: ел үшін тер тӛгу; ҥйге қарай аяңдау; туған жер жайлы толғану, Бауыржан сынды батыр, жҥз
қаралы жылқы, сабақтан соң келу, т. б.

2. Екі сӛйлемді сабақтастыра байланыстырады. Мысалы: Кҥн бҧлттанған сайын, Тілек жас тӛлдерін ойлай
бастады.

Септеуліктер мына сӛздердің шылауында айтылады:

1. Тҥбір сӛздермен немесе атау тҧлғадағы зат есім, есімдік, тҧйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер:
сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жӛнінде, жайлы, шамалы, қаралы. Мысалы, хат арқылы
хабарлау, осы үшін келу, оқу жайында сӛйлеу, кӛрген сайын қызығу, Әлия сынды батыр.

2. Барыс септіктегі сӛздермен тіркесетін септеуліктер: шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу,
дейін. Мысалы, орманға дейін жҥгіру, тҥске қарай келді, жҥзге жуық жылқы, алтыға таяу оянды, кешке таман
оралды.

3. Шығыс септіктегі сӛздермен тіркесетін септеуліктер: соң, гӛрі, бері, әрі, бұрын. Мысалы, сабақтан кейін
дайындалу, таудан әрі асу, ағасынан бұрын кӛмектесу.

4. Кӛмектес септіктегі сӛздермен тіркесетін септеуліктер: бірге, қатар, қабат. Мысалы, сонымен бірге,
досымен қатар, оқумен қабат.

Септеулік шылау тҥрлерінің кестесі


Атау септік Барыс септік Шығыс Кӛмектес
тҧлғасындағы тҧлғасындағы септік септік
сӛздермен сӛздермен тҧлғасындағы тҧлғасындағы
тіркесетін тіркесетін сӛздермен сӛздермен
шылаулар шылаулар тіркесетін тіркесетін
шылаулар шылаулар
Сайын, үшін, Шейін, дейін, Соң, әрі, Қатар, бірге,
арқылы, секілді, таман, тарта, кейін, бұрын, қабат, қоса.
сияқты, тәрізді, жуық, қарай, бері, гӛрі
сықылды, салым, таяу.
туралы,
жайында,
жӛнінде, жайлы,
шақты, шамалы,
қаралы.

Жалғаулық шылаулар сӛз бен сӛзді, сӛйлем мен сӛйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай
мҥшелердің немесе салалас қҧрмаластың сыңарларын тӛмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те,
және, әрі.
2. Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да,
әйтпесе.

3. Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не,
немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.

4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, ӛйткені, сондықтан, сол себепті.

Жалғаулық шылау түрлерінің кестесі

Демеулік шылаулар сӛзге немесе сӛйлемге кҥшейту, тежеу, шектеу, сҧрау, болжалдық, кҥмән, нақтылау
мәнін ҥстейді. Демеуліктер сӛзге не сӛйлемге үстейтін мағынасына қарай алты түрге бӛлінеді:

1. Сҧраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? – барамысың?
келесің бе? – келемісің? кӛріп пе ең? – кӛріппісің? айтып па ең? – айтыппысың?

2. Кҥшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те. Мысалы: Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау,
Тілек те келді.

3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана (қана) тек. Мысалы, тек қана, сен ғана.

4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс. Мысалы, болыпты-мыс, ӛмір сүріпті-міс.

5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ. Мысалы, Ол түгіл,
сен тұрмақ.

6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы, сол ғой, айтқан-ды, кӛрген-ді.

Және, мен, бен, пен шылаулары сӛз бен сӛзді, сӛйлем мен сӛйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай
тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар
тұлғалар.

Мен, бен, пен жалғауы кӛмектес септік жалғауымен сырт тҧлғасы жағынан ҧқсас, алайда олардың бір-бірінен
жазуда айырмашылығы бар. Кӛмектес септік жалғауын тҥсіріп айтуға болмайды. Мысалы: Жақсымен жолдас
бол деген сӛйлемді Жақсы жолдас бол деп айтуға болмайды. Ал шылауды тҥсіріп айта аламыз. Мысалы: Жақсы
мен жаман дегенді жақсы, жаман немесе жақсы және жаман деп айтуға болады.

Да, де, та, те шылаулары сӛзден бӛлек жазылады. Да, де, та, те жалғаулығы сырт тҧлғасы жағынан жатыс
септік жалғауымен тҧлғалас. Жатыс септік жалғауы сӛзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға
болмайды. Ал шылау бӛлек жазылады және оны тҥсіріп немесе басқа жалғаулықпен алмастыруға болады.
Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім. – Жасым ғылым бар деп ескермедім деп да жатыс септік
жалғауын түсіріп айтуға болмайды. Ал Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза деп айта
аламыз.

Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сӛйлемге сҧрау мәнін ҥстеп, сҧраулы сӛйлем жасайды да, ӛзі тіркескен сӛзден
бӛлек жазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік жҧрнағымен
ұқсас келеді. Шылау бӛлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып бірге жазылады. Кейде бұл
шылау –мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі түрінде ӛзгеріп, сӛзге қосылып бірге жазылады. Мысалы,

– Әкесісіз бе?

– Әкесімісіз?

-ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды демеуліктері дефис арқылы жазылады. Мысалы, Ӛзің-ақ бара бер. Күннің
суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-
ды. т. б.

*****************
Синтаксис
*****************
Сӛз тіркесі. Сӛз тіркесінің байланысу тәсілдері мен тҥрлері. Сӛз
тіркесінің синтаксистік қатынастары
Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше «syntaxis»). Синтаксис сӛз тіркесі, сӛйлем,
олардың қҧрылымы мен тҥрлері, сӛйлем мҥшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сӛз тіркесін,
сӛйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.

Толық мағыналы кемінде екі сӛздің тҧлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сӛз тіркесі деп
аталады. Сӛз тіркесінің негізгі белгілері:

● сӛздердің байланысуы сӛйлем ішінде анықталатындықтан, сӛз тіркесі сӛйлем ішінде танылады;

● толық мағыналы кем дегенде екі сӛзден тұрады;

● сӛз тіркесінің қҧрамындағы сӛздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

● сӛз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

Сӛйлем ішіндегі сӛздердің әр тҥрлі байланысуына қарай сӛз тіркесі еркін сӛз тіркесі және тҧрақты сӛз тіркесі
болып бӛлінеді. Еркін сӛз тіркесінің құрамындағы сӛздерді ӛзгертіп айтуға болады. Мысалы, кӛрікті деген сӛзді
бірнеше сӛзбен тіркестіруге болады: кӛрікті адам, кӛрікті жігіт, кӛрікті қыз, кӛрікті табиғат, т. б. Еркін сӛз тіркесінің
құрамындағы сӛздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бӛлінеді.

Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары

Жиырма оқушы

Тосыннан келген хабар


Кеше хабарласты

Саны он үш

Сӛз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сӛз тіркесі; 2) кҥрделі сӛз тіркесі.

Синтаксистік жай тіркес Синтаксистік кҥрделі тіркес

Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, Телефон арқылы сӛйлестім, ит ӛлген
үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған жерден келді, асығып-үсігіп шыға
арман, ақ кӛйлек, гүрілдеген трактор, жӛнелу, кӛпір арқылы ӛтті, сары ала қаз,
кенеттен тоқтау, сӛйленген сӛз, сарғыш үйден кетіп қалды, кешке қарай келді,
гүл, ӛнерлі бала, қуанышты хабар, жиырма екі үй, күлімсірей қараған
сыпайы мінез. баланың күлкісі

Жай сӛз тіркесінің құрамы екі сӛзден ғана қҧралады. Мысалы, орманды ӛлке, әдепті оқушы, асыққан
жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы ӛңір, тастақ жер, кӛпірден ӛту, әңгімелескен адам, т. б.

Кҥрделі сӛз тіркесі ҥш немесе одан да кӛп сӛзден құралады. Мысалы: әдепті оқушының мінезі, орманды
ӛлкені аралау, асыққан жолаушыға жол кӛрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат
мінген жолаушы, гүлге оранған ӛлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т. б.

Тҧрақты сӛз тіркесі – екі немесе одан да кӛп сӛздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ҧғым ретінде
қолданылып, бір сӛйлем мҥшесінің қызметін атқаруы.

Тҧрақты сӛз тіркесі Білдіретін мағынасы


Ағаш атқа мінгізді (қайтті?) Сӛз қылды, келеке қылды.
Ағаштан түйін түйген (қандай?)
Аса шебер, ӛте ӛнерлі
Әліпті таяқ деп білмейді
(қайтпейді?) Хат танымайды, сауатсыз
(қандай?)
Басқан ізін білдірмеді (қайтпеді?)
Істегенін сездірмеді (не істеді?)
Беті бүлк етпеді (қайтпеді?)
Ұялмады, қысылмады
Гүлдей солды (қайтті?)
Сары уайымға салынды
Дамыл таппады (қайтпеді?)
Тыныштық кӛрмеді, демалмады
Екі аяғын бір етікке тықты (қайтті?)
Састырды
Жаны ашыды (қайтті?)
Аяды, есіркеді, мүсіркеді
Зәресі зәр түбіне кетті (қайтті?)
Қатты қорықты, үрейі ұшты
Иманын ұшырды (қайтті?)
Қорқытты, үрейін алды

Тҧрақты тіркестер ӛз алдына сӛз тіркесі бола алмайды, тек сӛз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы әкесіне
тіл тигізу – не істеу? деген бір сҧраққа жауап береді, бір ғана ҧғым атауы болады.

Сӛз тіркесінің құрамындағы сӛздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді
сӛз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сӛз тіркесі болады.
Есімді сӛз тіркесі Етістікті сӛз тіркесі
Тұрғын үй, орындалған арман, Үйге келу, жиналысқа қатысу,
балаға мейірімді, кӛп қабатты үй, телефон арқылы сӛйлесу, ерінбей
жүгіріп келген бала, ӛнегелі ӛмір. еңбектену, ауланы тазалау, т.б.
Сӛз тіркесі болу үшін сӛздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сӛздер бір-бірімен тӛрт тәсіл арқылы
байланысады: 1) жалғау арқылы;

2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.

Сӛздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады.
Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен
ақылдасу, біз дайындаламыз.

Сӛздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым ҥшін ұялдым, күн сайын жаттықты, ата-анасымен бірге
барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т. б.

Сӛздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, ӛнегелі ӛмір,
берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сӛз, кәсіби шеберлік, т .б.

Сӛздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай – ақын, Сәбит – жазушы, мектеп – кеме, білім –
теңіз, т. б.

Қазақ тіліндегі сӛздердің байланысуының бес тҥрі бар: 1) қиысу;

2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу.

Қиысу – сӛз бен сӛздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық
қатынаста жақ жағынан ҥйлесе байланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ
ж.), біз дайындаламыз (І ж.).

Матасу – сӛз бен сӛздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың
үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т .б.

Меңгеру – сӛз бен сӛздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және кӛмектес септік жалғаулары арқылы
байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т.
б.

Қабысу – сӛз бен сӛздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, кең
бӛлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т .б

Жанасу – сӛз бен сӛздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон
арқылы сӛйлесу, ҥйге дейін бару, әдейі келу.

Сӛз тіркесіндегі бағыныңқы сӛз басыңқы сӛзбен қарым-қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тән лексика-
грамматикалық мағына да пайда болады. Сӛз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сӛз бен басыңқы сӛздің
арасындағы ҥш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас және
пысықтауыштық қатынас.

1. Анықтауыштық қатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина,
менің інім, біздің қала, орындалған арман. Анықтауыштық қатынас басыңқы сӛзден бағыныңқы сӛзге қандай?
қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? нешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады.

Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына бағыныңқы сӛз бен басыңқы сӛздің лексикалық
ерекшеліктеріне сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сӛз тіркесі мынадай лексика-
грамматикалық мағыналарға ие. Менің киімім – затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі – туыстық, үйдің терезесі –
бүтіннің бӛлшекке қатынасы.

Қабыса байланысқан сӛз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел – табиғи күй,
ақ қар, кӛк шӛп, қызыл гҥл – заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа – тамақтың дәмі.

Бұл тіркестегі сӛздердің бәрі сын есім болып, заттың әр түрлі сынын білдіруі олардың грамматикалық мағынасы
болса, әр сӛздің ӛзіне тән мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары арқылы бағыныңқы
сӛз басыңқы сӛздің белгілерін, қасиеттерін даралайды, нақты сипат береді.

2. Толықтауыштық қатынас меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сӛзден
бағыныңқы сӛзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрау қою
арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын
білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сӛзге жауап қату.
3. Пысықтауыштық қатынас меңгеру, қабысу және жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән.
Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не ҥшін?

Пысықтауыштық қатынастағы сӛз тіркестері мынадай лексика-грамматикалық мағынада жұмсалады: істің


мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы: оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл
ашылмақшы, жалп етіп құлау.
Синтаксистік Байланысу Сұрақтары Мысалдар
қатынастың түрлері түрлері
Анықтауыштық Матасу, Кімнің? Ненің? Адамның
қатынас ӛмірі, екінші
қабысу Қандай? Қай? мамандық,
Қанша? Неше? уылжыған жүзім,
Нешінші? шеткі үй.
Толықтауыштық Меңгеру Кімге? Неге? Балаға
қатынас мейірімді,
Кімді? Нені? жұмысты
жандандыру,
үзілісті күту,
Кімде? Неде?
адамды сыйлау,
ата-анасымен
Кімнен? Неден? ақылдасу.

Кіммен?
Немен?
Пысықтауыштық Меңгеру, Қашан? Кештете
қатынас қабысу, Қайдан? Қайда? келді, бүгін келді,
Қалай? Не үшін? былтыр ғана
жанасу Не себепті? Не жеңіп ем,
мақсатпен? қасақана кешікті,
оқу үшін келді,
т.б.

Сӛйлем. Сӛйлем тҥрлері: хабарлы, сҧраулы, лепті, бҧйрықты


сӛйлемдер, тыныс белгісі
Сӛйлем дегеніміз – әр алуан сӛздердің ӛзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да
түрлі болады. Сӛйлемді жеке сӛз немесе сӛз тіркестері құрайды.

Сӛйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тҧрлаулы мҥшелері болу керек.

Сӛйлем құрамына қарай жай сӛйлем және қҧрмалас сӛйлем болып бӛлінеді. Жай сӛйлемде бастауыш та,
баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр.
Ал құрмалас сӛйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты.
Сӛйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сҧраулы, лепті, бҧйрықты сӛйлем болып тӛртке
бӛлінеді.

Белгілі бір оқиға, қҧбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сӛйлем
хабарлы сӛйлем деп аталады.

Хабарлы сӛйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір
шаққа қатысты болады (ӛткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке кӛзқарасын, ой-пікірін
білдіреді; 4) хабарлы сӛйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте кӛтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы
сӛйлемнен соң нҥкте қойылады.

Бір нәрсе жайында сҧрап білу мақсатында айтылған сӛйлем сҧраулы сӛйлем деп аталады.

Сҧраулы сӛйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау
есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының
қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сӛйлемнің ӛзіне тән интонациясы болады: бас жағы кӛтеріңкі айтылып, соңғы жағы
бәсеңдемей, кӛтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сӛйлемнен соң сҧрау белгісі қойылады.

Сұраулы сӛйлемдер негізгі сҧрақты, жетек сҧрақты, анықтауыш сҧрақты болып бӛлінеді.
Негізгі сҧрақты сұраулы сӛйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сҧрақты
сӛйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің?
Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сӛзбен не айтпақсыз?

Негізгі сұрақ сҧрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.

Жетек сҧрақты сұраулы сӛйлем – негізгі сҧраққа жауап алу ҥстінде қосымша туған ойға байланысты сӛйлем.
Мысалы:

– Іссапарға кімдер барады?

– Жас қызметкерлер барады.

– Біздер ше?

Жетек сҧрақты сӛйлем толымсыз болып құралады, кӛбіне тек сҧрақ мағыналы сӛзден ғана тұрады. Жетек
сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.

Анықтауыш сҧрақты сӛйлем – екінші жақтың сӛзін анықтап алу ҥшін қойылған сҧрақты сӛйлем. Мысалы:

– Бұл ойды кім айтты?

– Тілек айтты.

– Тілек?

– Иә, Тілек.

Айтушының түрлі кӛңіл кҥйін білдіру мақсатында айтылған сӛйлем лепті сӛйлем деп аталады.

Лепті сӛйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі кӛңіл кҥйін білдіру мақсатында айтылады: кҥйіну,
таңдану, ӛкіну, сҧқтану, сҥйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т. б. 2) лепті сӛйлем ерекше
эмоциямен, сезіммен айтылады.

Лепті сӛйлемнің жасалу жолдары:

1) сӛйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Кӛзі мұндай ӛткір болар ма!

2) сӛйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы: Балам, қонақтарға бір күй
тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!

3) кӛңіл кҥйді білдіретін одағай сӛздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ,
жеттім ғой ақыры!

4) Лепті сӛйлемдерден соң леп белгісі қойылады

Біреуге бҧйыру не талап ету мақсатында айтылған сӛйлем бҧйрықты сӛйлем деп аталады.

Бҧйрықты сӛйлемге тән негізгі белгілер:

1) біреуге бҧйыру, талап ету мақсатында айтылады; 2) бұйрықты сӛйлем етістіктің бҧйрық райының 2, 3-
жағында айтылады; 3) бҧйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;

4) бұйрықты сӛйлемнен соң нҥкте немесе леп белгісі қойылады.


Сӛйлемнің айтылу мақсатына қарай тҥрлері.
СӚЙЛЕМ ТҤРЛЕРІ

ХАБАРЛЫ СҦРАУЛЫ ЛЕПТІ БҦЙРЫҚТЫ

СӚЙЛЕМ СӚЙЛЕМ СӚЙЛЕМ СӚЙЛЕМ


Тоғай да бұл кезде «Есіл тасып Шіркін, Атаның
кемеліне келіп толықсып барады» деген қарақат, тәтті де баласы болма,
тұрады. әнді естіп пе сұлу жеміс қой! адамның баласы
едің? бол.

Сӛйлем мҥшелері. Тҧрлаулы мҥшелер. Бастауыш пен баяндауыш


арасына қойылатын сызықша. Тҧрлаусыз мҥшелер: толықтауыш,
анықтауыш, пысықтауыш
Сӛйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сӛздер сӛйлем мҥшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сӛйлем
мҥшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сӛйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы
сӛз болуы керек; 2) сӛйлемдегі басқа сӛзбен байланысып тұруы керек; 3) сӛйлем мҥшелерінің бірінің сҧрағына
жауап беруі керек. Мысалы: Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сӛйлемде толық мағыналы бес сӛз бар.
Олардың әрқайсысы белгілі бір сҧраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ҧғым атауы, желдің – ненің?
– заттық ҧғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ҧғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ҧғым атауы, естіледі –
қайтеді? – қимылдық ҧғым атауы.

Сӛйлем мүшелері қҧрамына қарай дара, кҥрделі және ҥйірлі мүше болып ҥшке бӛлінеді.

Дара сӛйлем мүшесі толық мағыналы бір сӛзден болады. Мысалы: Аман жиналғандармен қысқа амандасты.
Сӛйлемдегі әрбір сӛйлем мүшесі – бір ғана сӛзден қҧралып тұрған дара мҥшелер.

Кҥрделі сӛйлем мүшесі кҥрделі сӛзден, тҧрақты тіркестен не сӛз тіркесінен, шылаулы сӛзден құралады.
Мысалы: Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сӛйлемдегі Еңбек
Ері Ыбырай Жақаев – кҥрделі бастауыш, екі рет – кҥрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – кҥрделі
толықтауыш, марапатталған еді – кҥрделі баяндауыш.

Ҥйірлі мҥше – кемінде екі не одан да кӛп сӛзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын,
бір сӛйлем мҥшесінің қызметін атқаратын сӛздер тобы. Ҥйірлі мҥшелер кӛбінесе бар, жоқ, аз, кӛп тәрізді
сӛздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы:

Білімі кӛп адам жерде қалмайды. Білімі кӛп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сӛйлемнің бес мҥшесі де
ҥйірлі бола алады.

Сӛйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тҧрлаулы мҥшелер және тҧрлаусыз мҥшелер болып екі ҥлкен
топқа бӛлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сӛйлем қҧрауға негіз болады, сондықтан тҧрлаулы
мҥшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар ӛздігінен сӛйлем қҧрай алмайды, тек
берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тҧрлаусыз мҥшелер деп аталады.

Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тҧрлаулы сӛйлем мүшесі бастауыш деп аталады.
Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер?
Нелер?

Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, кӛпше түрде қиыса байланысады. Мысалы: Сен оқыдың, білім
алдың, ұстаз кӛрдің

(ІІ жақ, жекеше). Біз надан ӛстік (І жақ, кӛпше).


Бастауыштың қҧрылысына қарай бӛлінуі
Қҧрылысына Мысалдар

қарай бӛлінуі
Дара Балалар (кімдер?) саяхаттан кӛңілді оралды.
бастауыш
Күрделі Ел кӛру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық
бастауыш қасиет.
Үйірлі Жҧмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.
бастауыш
Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.

Бастауыш болатын сӛз таптарының кестесі.


Сӛз Мысалдар
табы
Зат есім Жетімкӛлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.
Сын Ҥлкендер (кімдер?) тӛрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа
есім жайғасты.
Сан есім Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, тӛртеу (кім?)
түгел болса, тӛбедегі келеді.
Есімдік Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.
Есімше Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар
тұлғалы ұятқа.
етістік
Тұйық Сыпайы сӛйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.
етістік
Одағай Әжемнің уһлі (несі?) кӛбейіп кетті.
Үстеу Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.
Еліктеу Дабыр-дҥбір (не?) жақыннан естіле бастады.
сӛз

Баяндауыш

Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-кҥйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сӛйлемді
аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тҧрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не
қылды? деген сұраққа жауап береді.

Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-кҥйін білдіреді;

2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сӛйлемге ҧйытқы
болады; 4) сӛйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сӛз табынан болса, сол сӛз табының сҧрағына жауап
береді.

Баяндауыш дара, кҥрделі және ҥйірлі болып ҥшке бӛлінеді.

Дара баяндауыш бір сӛзден жасалады. Бұл сӛзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкені.
Жолаушылар саны – отыздай.

Кҥрделі баяндауыш екі немесе одан да кӛп сӛзден тұрады. Бұл сӛзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш
осы үйдің үлкені еді.

Ҥйірлі баяндауыш Тілек бұл сӛзге онша таңқалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.
Баяндауыштың қҧрылысына қарай бӛлінуі
Қҧрылысына Мысалдар

қарай бӛлінуі
Дара Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс
орны.
Күрделі Әр ата-ана ӛз баласынан ҥміт кҥтеді.
Үйірлі Бұл дүниенің бақыты – мҧратқа қол жеткізу.

Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Кӛп кешікпей күннің кӛзін қалың бұлт бүркей бастады.

Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.

Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.

Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.

Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы – осы.

Баяндауыш болатын сӛз таптарының кестесі.


Сӛз табы Мысалдар
Етістіктер Тӛреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.
Сын есімдер Бұл үйдің балалары бір-бірімен ӛте тату.
Зат есімдер Бүгінгі жастар – бақытты жастар.
Сан есімдер Тӛрт жерде тӛрт – он алты.
Есімдіктер Мәдениет сарайы – анау.
Кӛмекші етістік Кенет әлдене тарс етті. Қуанғаннан жүзі кҥлмің-
пен еліктеуіш сӛз кҥлмің етеді.

Бастауыш пен баяндауыштың қай сӛз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарай
бастауыштан кейін тӛмендегі жағдайда сызықша қойылады.

1. Бастауыш пен баяндауыш та атау тҧлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтӛбел
мен Кӛкдауыл – аулымыздың аруағы.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса,
бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – әр баланың міндеті.

3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса,
бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жҧп сан. Жорға
Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.

4. Бастауыш тҧйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш
тҧйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек ету – басты парыз. Әр баланың міндеті – ата-
анасын құрметтеу.

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Үш жерде үш – тоғыз.
Алты жерде алты – отыз алты.

6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім,
есімшеден болған бастауыштарды кӛршілес тұрған зат есімнен болған сӛйлем мҥшесінің анықтауышынан
ажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытады. Кӛрмес –
түйені де кӛрмес.

7. Сан есімнен болған бастауышты кҥрделі сан есімнен болған мҥшеден ажырату үшін сызықша қойылады.
Жүз – жиырма беске бӛлінеді. Жүз жиырма – беске бӛлінеді.

Тҧрлаусыз мҥшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз
мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады.
Толықтауыш – тҧрлаусыз мҥшелердің бір. Ол – сӛйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру ҥшін
жҧмсалады.

Сӛйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тҧрлаусыз сӛйлем мҥшесі
толықтауыш деп аталады.

Толықтауыш болатын сӛздердің негізгі белгілері: 1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс,
кӛмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; 2) толық мағыналы сӛздер туралы, жӛнінде, жайында деген
септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сӛз заттық мағынаға ие болады; 4)
толықтауыш болатын сӛз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім
жӛнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; 4) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу.

Толықтауыш қҧрамына қарай ҥшке бӛлінеді: 1) дара толықтауыш; 2) кҥрделі толықтауыш; 3) ҥйірлі толықтауыш.

Бір сӛзден болған толықтауыш дара толықтауыш деп аталады. Мысалы: Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ
ақылдасты.

Кҥрделі сӛздерден болған толықтауыш кҥрделі толықтауыш деп аталады. Күрделі толықтауыш тӛмендегі
жолдармен жасалады:

1. Кҥрделі зат есімнен: Ата-анасын (кімді?) сыйлаған адам қор болмайды. Кҥрделі сын есімнен: Марат күрең
қасқамен (немен?) ойқастай жүрді. Кҥрделі сан есімнен: Жүз – жиырма тӛртке (неге?) қалдықсыз бӛлінбейді.

2. Негізгі сӛз бен кӛмекші есім немесе кӛмекші етістік арқылы: Үй ішіне (кімдерге?) сырттағы дауыс қатты
естілді. Абай биік мансаптың биік жартас екенін (нені?) айтқан.

3. Туралы, жӛнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы: Абай Әбдірахманның болашақ жоспары
туралы (не туралы?) сұрап-білді.

Ҥйірлі мҥшеден болған толықтауыш ҥйірлі толықтауыш деп аталады. Мысалы: Кӛкірегі ашық, білімі тереңге
(кімге?) ӛмірде қиындық кездеспейді. Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?) толып тұр.

Мазмҧны мен тҧлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш; 2) жанама толықтауыш.

Тура толықтауыш табыс септігінің жалғауын жалғап, сабақты етістікпен байланысты болып, тура объектіні
білдіріп тұрады. Ол ауыл шаруашылығы академиясын (нені?) бітірген еді.

Жанама толықтауыш табыс септігінен басқа барыс, жатыс, шығыс, кӛмектес септік жалғауларының бірін
жалғап, салт етістікке қатысты болып, жанама объектіні білдіреді. Терезеден (неден?) ай сәулесі дірілдей түсіп
тұр. Абай Ерболға (кімге?) Әйгеріммен (кіммен?) ашық сӛйлесуді тапсырды.

Тҧрлаусыз мүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сӛйлемде зат есімнен не заттық ҧғымда жҧмсалған басқа сӛз
таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тҧрлаусыз мүше
анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға
жауап береді. Күрең (қандай?) ат еш нәрседен үрікпей сұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып келеді. Екінші
(нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды. Қалиқа – Ұлжанның (кімнің?) ауылдан ертіп келген серігі. Шеткі
(қай?) үйден кӛңілді (қандай?) әуен естіліп жатты. Тілек сегізінші (нешінші?) сыныпта оқиды. Анықтауыш ӛзі
анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы: кҥрең ат, сҧлу жүріспен, Ҧлжанның серігі, шеткі
үй, сегізінші сынып, т. б.

Анықтауыш қҧрылысына қарай ҥшке бӛлінеді: 1) дара анықтауыш; 2) кҥрделі анықтауыш; 3) ҥйірлі анықтауыш.

Дара анықтауыш бір сӛзден құралады. Мысалы: Елімізде орманды жерлер кӛп кездеседі.

Кҥрделі анықтауыш екі немесе одан да кӛп сӛзден құралады. Мысалы:

Ұлпа Керей еліндегі Байтүменов Бекбердінің қызы екен.

Ӛз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер мен есімше тҧлғаларына
аяқталатын анықтауыш ҥйірлі анықтауыш деп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу. Қабілеті бар
(қандай?) оқушы мақсатына жетеді. Қапырық ауаға тұншыққан (қай?) жолаушылар қалың талдың кӛлеңкесіне
келіп саялады.
Анықтауыш болатын сӛз таптарының кестесі
Анықтауыш болатын Мысалдар

сӛз таптары
Сын есімдер Қарақат – тәтті де сҧлу жеміс.
Тоғайда кәрі үйеңкі, торы тобылғы
ӛседі.
Зат есімдер Тоғайдың кҥміс қабықты
қайыңы мен мыс қабықты мойылы
ерекше кӛз тартады.
Сан есімдер Қазақстан жерінде тарихта
қалған жеті керемет бар.
Есімдіктер Бҧл кітап адамды ізгілікке,
парасаттылыққа тәрбиелейді.
Есімшелер Алабҧртқан кӛңілі әлденеге
елеңдей берді.
Ілік септікте тұрған есім Мойылдың дәмі таңдайыңнан
сӛздер кетпейді.

Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп,
мақсат жағынан айқындайтын сӛйлемнің тҧрлаусыз мҥшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан?
Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Неге? Не ҥшін?

Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мӛлшер, себеп, сын-қимыл жағынан
пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не ҥшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3)
байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.

Пысықтауыш қҧрамына қарай ҥшке бӛлінеді: 1) дара пысықтауыш;

2) кҥрделі пысықтауыш; 3) ҥйірлі пысықтауыш.

Пысықтауыштың қҧрамына қарай тҥрлерінің кестесі


Пысықтауыштың Мысалдар
тҥрлері
Дара пысықтауыш Алыстан бірнеше салт атты кӛрінді.
Күрделі пысықтауыш Тілек досына кӛмектесу ҥшін ерте келді.
Үйірлі пысықтауыш Ит жоқта қораға шошқа үреді.

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бӛлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2) мекен пысықтауыш; 3) мақсат
пысықтауыш; 4) амал пысықтауыш; 5) себеп пысықтауыш; 6) мӛлшер пысықтауыш.

Пысықтауыштың мағыналық жағынан бӛлінуінің кестесі:


Пысықтауыштың Сҧрақтары Мысалдар
мағыналық тҥрлері
Мезгіл пысықтауыш Қашан? Қай Жолаушылар кешке
кезде? қарай аттанбақшы. Ол
биыл мектеп бітіреді.
Қай уақытта?
Мекен пысықтауыш Қайда? Қай Оқушылар қала
жерде? Қай жақта? сыртына демалуға
Қайдан? бармақшы. Ата-анасы
жайлауға кӛшкелі
жатыр. Жоғарыдан бір
топ аттылы тӛменге
қарай түсіп келеді.
Мақсат пысықтауыш Кім үшін? Не Кітапханадан кітап
үшін? Неге? Қандай алғалы келді. Айдос
мақсатпен? жорта білмегенсіп
отырды.
Амал пысықтауыш Қалай? Қайтіп? Әйгерім бұл сӛзге
Қалайша? Кімше? жымиып күлді. Жас әнші
бҧлбҧлша сайрады.
Бала ҥлкендерше
сӛйлеп отыр.
Себеп пысықтауыш Неліктен? Не Жұмысты
себепті? бітірмегендіктен
уақытында тапсыра
алмады. Олар
шаршағаннан сӛйлеуге
шамасы келмеді.
Мӛлшер пысықтауыш Қанша? Қалай? Шешен ҧзақ сӛйледі.
Оқушылар тапсырманы
жаппай орындады.

Сӛйлемнің айқындауыш мҥшесі. Сӛйлемнің бірыңғай мҥшесі.


Жалпылауыш сӛз. Тыныс белгісі
Сӛйлемнің айқындауыш мҥшесі сӛйлем ішіндегі бір сӛзді заттық жағынан айқындап, мағынасын ашып,
тҥсіндіріп тұрады. Айқындауыштың екі түрі бар: 1) оңашаланған айқындауыш; 2) қосарлы айқындауыш.

Оңашаланған айқындауыш ӛзінен бҧрын тҧрған сӛздің мағынасын нақтылайды. Оңашаланған айқындауыш ӛзі
айқындайтын мүшесімен қызметтес, тҧлғалас болады.

Айқындауыш сӛйлемде екі жағынан да ҥтірмен, кейде айқындауыштар тізбегінде үтір болса, онда екі жағынан
сызықшамен ажыратылады. Мысалы: Абай бұл сырдың шет жағасын досына, Ерболға ғана, сездірді.
Құнанбайдың қасындағылар – Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер – осы сӛзге тоқтасты.

Қосарлы айқындауыш ӛзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады: Мысалы: Ер Қосай, Алпамыс батыр,
Біржан сал, Баян сұлу, әнші Күләш, биші Шара, Құрманғазы күйші, Ақлима ана, т. б.

Кейбір қосарлы айқындауыштар ӛздерінің айқындайтын сӛзінен, қос сӛздер сияқты, дефис арқылы бӛлінеді:
жер-ана, әйел-ана, телефон-автомат, инженер-механик, пәтер-мұражай, ақын-сазгер, т. б.

Сӛйлемдегі қызметі, тҧлғасы, сҧрақтары бірдей және бір ғана ортақ мҥшемен байланысатын сӛздер
бірыңғай мҥшелер деп аталады. Барлық сӛйлем мүшелері бірыңғай мҥше бола алады. Бірыңғай мүшелер
жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Мысалы:

Бірыңғай бастауыштар: Есіл бойында бүлдірген де, мойыл да, жидек те, қарақат та (не?) ӛседі.

Бірыңғай баяндауыштар: Кӛркемӛнерпаздар үйірмесіне қатысқан оқушылар ән салады, би билейді және күй
шертеді. (не істейді?)

Бірыңғай толықтауыштар: Біз – Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды (кімді?) пір тұтқан
халықтың ұрпағымыз.

Бірыңғай анықтауыштар: Ораз ойыншы, әзілқой, қалжыңшыл, аса жайдары мінезді (қандай?) адам еді.

Бірыңғай пысықтауыштар: Тоқсанбай қарт немересінің күн иісі сіңген кекілінен емірене, құшырлана (қалай?)
иіскеді.

Сӛйлемде бірыңғай мүшені жинақтап, жалпылап, ортақ атауын білдіретін сӛз немесе сӛз тіркесі жалпылауыш
мҥше деп аталады.

Жалпылауыш сӛздер кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында тұрады. Жалпылауыш сӛздер
қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және жинақтық сан есім, кейде зат есім жұмсалады. Жалпылауыш сӛз
бірыңғай мүшеден бҧрын тҧрса, жалпылауыш сӛзден кейін қос нҥкте қойылады, ал жалпылауыш сӛз бірыңғай
мүшеден кейін орналасса, жалпылауыш сӛздің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: Кӛшек, Ержан, Земцов –
ҥшеуі зеңбіректі жау бағытына қарай дайындап жатыр. Қалам, дәптер, қарындаш – бәрі оқушыға қажет
құралдар. Қазақстандағы ірі ӛзендер мыналар: Ертіс, Есіл, Іле, Тобыл. Шешенге қажет басты қасиет: сӛзге
тапқырлық, ойға ұшқырлық, терең білімпаздық.
Оқшау сӛздер, тҥрлері: қаратпа, қыстырма, одағай
сӛздер. Тыныс белгісі
Оқшау сӛздер қызметіне қарай ҥш түрге бӛлінеді: 1) қаратпа сӛздер; 2) қыстырма сӛздер; 3) одағай сӛздер.

Сӛйлеуші тыңдаушының назарын ӛзіне аудару ҥшін қолданылатын сӛздер қаратпа сӛздер деп аталады.
Кӛркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сӛз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.

Қаратпа сӛз сӛйлем ішіндегі басқа сӛздерден ҥтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сӛз сӛйлемнің басында келсе,
одан кейін ҥтір қойылады. Мысалы: Балалар, бҧл жол басы даналыққа. Аягӛз, қайда барасың? Туған жер,
тауыңда туып, тасыңда ӛстім!

Қаратпа сӛз сӛйлемнің ортасында келсе, екі жағынан ҥтір қойылады. Мысалы: Атқа қонайық, жігіттер,
аттанатын да уақыт болыпты.

Қаратпа сӛз сӛйлемнің соңында келсе, алдынан ҥтір қойылады. Мысалы: Тҥнде жыламас болар, қарағым.

Қаратпа сӛз сӛйлем басында келіп, кӛтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы:
Шығыс ұлы! Ӛткен жылы бастан кешірген ауыр кҥндерді есіңе алшы.

Кӛтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сӛз сӛйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады.
Мысалы: Сонау туған ӛлкең Арқаны есіңе тҥсірші, Шығыс ұлы!

Сӛйлеушінің тҥрлі кӛзқарасына байланысты қолданылатын сӛздер не сӛз тіркестері қыстырма сӛздер деп
аталады. Қыстырма сӛздер мағынасына қарай тӛмендегідей топталады:

1. Сӛйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сӛздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту
керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.

2. Сӛйлемдегі ойға кҥмән келтіру мағынасындағы қыстырма сӛздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай
екені белгісіз, т.б.

3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сӛздер: қысқасы, тоқ етері, демек,
түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т. б.

4. Кӛңіл кҥйге байланысты қыстырма сӛздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, ӛкінішке орай, сәті
түсіп, т. б.

5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сӛздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т. б.

Қыстырма сӛздің тыныс белгісі – ҥтір. Қыстырма сӛз:

-сӛйлем басында келсе, одан кейін;

-сӛйлем ортасында келсе, екі жағынан;

-сӛйлем соңында келсе, алдынан

ҥтір қойылады.

Мысалы: Әрине, еңбексіз ер де, жер де кӛгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті.
Менің айтқандарымды ҧмытып кеттің-ау, сірә.

Айтылған ойға сӛйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, кӛңіл кҥйін білдіру мақсатында айтылған сӛздің
түрі одағай сӛздер деп аталады. Одағай сӛздерге байланысты тыныс белгісі – ҥтір. Мысалы: Па, шіркін! Керемет
екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!

Логикалық кӛтеріңкі екпінпен айтылған одағай сӛз ҥтірмен ажыратылып, сӛйлем соңына леп белгісі
қойылады.
Жай сӛйлемнің тҥрлері: жақты, жақсыз; жалаң, жайылма;
толымды, толымсыз, атаулы
Сӛйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сӛйлем бірнеше түрге бӛлінеді: 1) жақты және жақсыз сӛйлем; 2)
жалаң және жайылма сӛйлем; 3) толымды және толымсыз сӛйлем; 4) атаулы сӛйлем.

Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сӛйлем жақты және жақсыз болып бӛлінеді.

Бастауышы қатысқан немесе жасырын тҧрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға
болатын сӛйлем жақты сӛйлем деп аталады.

Жақты сӛйлемнің негізгі белгілері: 1) баяндауыштары бастауышпен

жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады.
Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сӛйлейтін адам.

2) жақты сӛйлемдердің бастауыштары сӛйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сӛз екені айқын болып тұра
береді. Мысалы: Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды. Былтыр жазда демалыс алып,
ауылға бардым. Бірінші сӛйлемде бастауыш ашық айтылмағанмен, баяндуышына қарап ол, ал екінші сӛйлемде
мен деген жіктеу есімдігі екенін тауып алуға болады. Сонымен, жақты сӛйлемнің қҧрамында бастауыш болады.

Бастауыш қатыспайтын, сӛйлемге баяндауыш негіз болатын сӛйлем

жақсыз сӛйлем деп аталады. Мысалы: Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді.

Жақсыз сӛйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:

1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Мысалы:

Баланың білген үстіне біле тҥскісі келді.

2) барыс септікті тҧйық етістікке бол, жара, тура, кел кӛмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы:
Бұл жұмысты оған тапсыруға болады. Бізге шындықты айтуға тура келді.

3) есімше, кӛсемше тұлғалы етістікке керек, жӛн, мҥмкін, қажет деген бейтарап сӛздердің тіркесуі арқылы және
бол етістігі кӛмекші болу арқылы жасалады. Мысалы: Әр жұмысты ӛз уақытында бітірген жӛн. Тапсырмаға
тиянақты дайындалу керек. Болған жайды жасырмай айтып беруі мҥмкін.

4) -ып, -іп, -п кӛсемше тұлғалы етістікке бол кӛмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы: Оның мінезін
тҥсініп болмайды.

5) баяндауыштың құрамында тҧрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы: Жарасбайдың ӛзін оққа байлап
отырғанына кӛзі жетті.

Тҧрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сӛйлем

жалаң және жайылма болып бӛлінеді.

Тҧрлаусыз мҥше қатыспайтын, тек тҧрлаулы мҥшеден – бастауыш

пен баяндауыштан – ғана құралған сӛйлем жалаң сӛйлем деп аталады. Мысалы: Есіл тасып жатыр. Жағасы –
бал-қҧрақ. Аты жҥйрік екен.

Тҧрлаулы мҥшемен бірге тҧрлаусыз мҥше қатысқан сӛйлем жайылма сӛйлем деп аталады. Мысалы: Жақпар
тастың арасында сарымсақ ӛседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.

Ойға қатысты айтылатын сӛйлем мҥшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сӛйлем толымды және
толымсыз болып бӛлінеді.

Ойға қатысты айтылуға тиісті сӛйлем мүшелері толық қатысқан сӛйлем толымды сӛйлем деп аталады.
Мысалы: Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сӛйлемде
ойға қатысты айтылуға тиіс сӛйлем мүшелері толық қатысып тұр.
Айтылатын ойға қатысты сӛйлем мүшесінің бірі тҥсіп қалған сӛйлем толымсыз сӛйлем деп аталады.
Толымсыз сӛйлемдер диалог жағдайында кӛп кездеседі. Мысалы:

Атыңды сатамысың? – Сатамын.

Тҥсіп қалған немесе қажет сӛзді орнына қойғанда толымсыз сӛйлем толымды сӛйлемге айналады.

Бастауыш пен баяндауыштан қҧралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын білдіретін сӛзден, сӛз
тіркесінен жасалған сӛйлем атаулы сӛйлем деп аталады. Мысалы: Қоңыр күз. Жол лайсаң. 16 желтоқсан. 1986
жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.

Қҧрмалас сӛйлем. Салалас қҧрмалас сӛйлем, тҥрлері, тыныс


белгісі
Екі немесе одан да кӛп жай сӛйлемдерден қҧралып, кҥрделі ойды білдіретін сӛйлемдер қҧрмалас сӛйлем
деп аталады.

Жай сӛйлем мен құрмалас сӛйлемнің мағыналық жағынан ӛзгешеліктерінің кестесі


ЖАЙ СӚЙЛЕМ ҚҦРМАЛАС СӚЙЛЕМ
1. Жай сӛйлем жеке бір ойды Құрмалас сӛйлем күрделі ойды
білдіреді. білдіреді.
2. Жай сӛйлем бір-бірінен айырым Құрмалас сӛйлемнің бірінші
интонациямен айтылады. сыңары

екіншісімен ұласпалы
интонациямен айтылады.
3. Жай сӛйлем интонациялық Құрмалас сӛйлемнің сыңарлары
жағынан тиянақты болады. интонациялық жағынан тиянақсыз
болады.
4. Жай сӛйлем аяқталған ойды Құрмалас сӛйлемнің алғашқы
білдіріп, бір бүтін болып саналады. сыңары аяқталған ойды білдіре
алмайды, бүтіннің бір бӛлшегі болып
табылады.

Құрмаластың құрамындағы жай сӛйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Мысалы: Қорқып
тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан
құрмалас сӛйлем. Алғашқы сӛйлем мен екінші сӛйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде
байланысып тұр. Желге тұмсығын тӛсеп, белгілі иіс күтті. Бұл – сабақтаса байланысқан құрмалас сӛйлем.
Алғашқы сӛйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сӛйлемді
екіншісінен бӛліп, ӛз алдына жеке айтуға келмейді.

Құрамындағы жай сӛйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сӛйлемдер: салалас
қҧрмалас, сабақтас қҧрмалас және аралас қҧрмалас болып ҥш түрге бӛлінеді.
Тҥрлері Қҧрамы Белгісі Мысалдары
Салалас Кемінде екі Ӛзара тең Әлден уақытта екі
құрмалас жай дәрежеде атты кісі келді де, мені
сӛйлем сӛйлемнен байланысады, ағаштан шешіп алды.
құралады баяндауыштары
тиянақты болады.
Сабақтас Кемінде екі Бірі екіншісіне Жігіттер жабылып
құрмалас жай бағынады, бірінші болмаған соң, әнші
сӛйлем сӛйлемнен сӛйлемнің сандыққа отырды.
құралады. баяндауыштары
тиянақсыз болады.
Аралас Кемінде үш Ӛзара салаласып Қыздың
құрмалас жай та, сабақтасып та маңдайынан сипады
сӛйлем сӛйлемнен байланысады. да, толқындай қара
құралады. шашынан бір сүйіп, ӛз
жӛнімен кете берді.
Құрамындағы жай сӛйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, ӛзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас
сӛйлемнің түрі салалас қҧрмалас деп аталады. Мысалы: Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа
қойды да, тӛскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.

Салаластың құрамындағы бірінші жай сӛйлемнің баяндауышы – қойды екінші жай сӛйлемнің баяндауышы жҥріп
кетті сияқты тиянақты, сондықтан олар тең дәрежеде (салаласа) байланысып тұр.

Салаластың құрамындағы жай сӛйлемдер ӛзара екі тҥрлі жолмен байланысады:

1) Іргелес тұрып, ұласпалы интонация арқылы байланысады. Мысалы: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды,
астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.

2) Салаластың құрамындағы жай сӛйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Салалас құрмалас
сӛйлемдерді байланыстыратын жалғаулық шылаулар: 1) да, де, та, те әрі және деген ыңғайлас мәнді жалғаулық
шылаулар арқылы; 2) бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар
арқылы; 3) ӛйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар
арқылы; 4) не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, болмаса, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы;
5) кейде, бірде, біресе деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы.

Құрамындағы жай сӛйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас қҧрмалас сӛйлем алты тҥрге
бӛлінеді: 1) ыңғайлас салалас, 2) себеп-салдар салалас; 3) қарсылықты салалас, 4) кезектес салалас, 5)
тҥсіндірмелі салалас; 6) талғаулы салалас.

1. Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сӛйлемдердің бірінде айтылған ой мен екіншісіндегі ой мезгілдес,
бағыттас, ыңғайлас мәнде айтылады. Мысалы: Тӛлеутай әскерге кетті де, содан қайтып оралмады. Ыңғайлас
салалас құрмаластың құрамындағы жай сӛйлемдер да, де, та, те, және, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулық
шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Жанай балуан
қайратты әрі үнемі қол бастайтын болат жүректі адам еді. Ӛзі ешкімге соқтықпайды және ит баласына
жібімейді. Бір мезгілде қу шӛмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді.

Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сӛйлемдер бір мезгілде қатар болатын не болған істі
білдіріп, баяндауыштары бір шақта айтылса, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Ертеңіне
жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.Бір күні ауданнан қос ат жеккен
шана келді, Мыңбұлақтың сақшысындай болып тұрған Байшынарға қарай беттеді.

Әрі шылауы ыңғайлас салаластың әрқайсысымен қайталанып келгенде, жай сӛйлемдердің арасына ҥтір
қойылады. Мысалы: Әншінің әрі дауысы да жағымды, әрі әні де сазды екен. Ал қайталанбай бір-ақ рет келсе,
жай сӛйлемдердің арасына ҥтір қойылмайды. Мысалы: Құрылыс жұмысы басталды әрі құрылысшыларды
орналастыру керек.

Және жалғаулық шылауымен байланысқан ыңғайлас салаластардың арасына ҥтір қойылмайды. Мен ӛзімді-
ӛзім ұмыттым және кӛңілім шалықтап әлдеқайда алып-ұшып кеткен сияқты.

2. Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сӛйлемдердің алдыңғысы соңғысының, соңғысы


алдыңғысының себебін білдіріп тұрады. Мысалы: Кӛмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің
арты бұзылып келе жатқанын байқайды.

Себеп-салдар салалас құрмаластар жалғаулықты және жалғаулықсыз болып бӛлінеді. Себеп-салдар


салаласты байланыстыратын жалғаулық шылаулар: себебі, ӛйткені, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сӛйлемдердің байланысуы:

1.Себеп мәнді сондықтан 2. Салдар мәнді

жай сӛйлем сол себепті жай сӛйлем

1. Салдар мәнді ӛйткені, себебі 2. Себеп мәнді

жай сӛйлем неге десеңіз жай сӛйлем

Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сӛйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады.
Мысалы: Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда
кеткендей еді. Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді, сондықтан мен сұлап жатқан
орнымнан тұра алмадым.
Жалғаулықсыз себеп мәнді сӛйлем салдар мәндіден бҧрын тҧрса, арасына ҥтір қойылады. Мысалы: Үлкендер
кӛрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.

Жалғаулықсыз салдар мәнді сӛйлем себеп мәндіден бҧрын тҧрса, арасына қос нҥкте қойылады. Мысалы:
Жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады: ӛйткені үлкендер кӛрші ауылға кеткен еді.

3. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сӛйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-
қарсы болады. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сӛйлемдер бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де
деген шылаулар арқылы байланысса, жалғаулықты қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Ауырғанда
жаным кӛзіме кӛрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. Жалғаулықты салалас құрмаластардың арасына
ҥтір қойылады.

Қарсылықты салалас құрмалас сӛйлем жалғаулық шылаусыз іргелес тҧрып байланысса, жалғаулықсыз
қарсылықты салалас деп аталады. Мысалы: Балықшылар ауды бірнеше рет салды, – балдырдан басқа
ештеме ілінбеді. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сӛйлемнің баяндауыштары кӛбіне антоним сӛздерден және
болымды-болымсыз формадағы сӛздерден жасалады. Мысалы: Атаның баласы болма, – адамның баласы
бол. Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың аражігі ҥтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Мысалы: Кӛктем
шықты, – ауада суық ызғар бар.

4. Құрамындағы жай сӛйлемдердің алдыңғысы соңғысын нҧсқап, ал соңғысы алдыңғы сӛйлемнің


мағынасын ашып, тҥсіндіріп тұратын құрмаластың түрі тҥсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі
салаластың құрамындағы жай сӛйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады да, арасына қос
нҥкте қойылады. Мысалы: Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті,
екіншісі тӛмен қарай түскен.

Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сӛйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген
сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сӛйлемнің аражігіне сызықша қойылады. Мысалы: Тасқынның қаттылығы
сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті.

5. Құрамындағы жай сӛйлемдерде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана жҥзеге асатынын білдіретін саласатың түрі
талғаулы салалас деп аталады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сӛйлемдер тек жалғаулықты
шылаулар арқылы байланысады да, арасына ҥтір қойылады. Талғаулықты салаластың құрамындағы жай сӛйлемдер
не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, болмаса, әйтпесе, әлде деген талғаулық мәнді жалғаулық шылаулар
арқылы байланысады. Мысалы: Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге
тырысады.

6. Кезектес салаластың құрамындағы жай сӛйлемдері айтылған іс-әрекеттің кезектесіп жҥзеге асуын кӛрсетеді.
Кезектес салаластың құрамындағы жай сӛйлемдер бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық
шылаулар арқылы тек салаласа байланысады да, араларына ҥтір қойылады. Мысалы: Бірде желбіреген ақ
сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе кӛкала қамысты
кӛлдер кездеседі.

Салалас қҧрмалас сӛйлемнің тҥрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі
№ Тҥрлері Жалғаулықтары Тыныс
белгісі
1 Ыңғайлас Және, да, де, та, те, әрі. Үтір
салалас
2 Қарсылықты Бірақ, сонда да, дегенмен, Үтір, үтір мен
салалас сызықша
алайда, әйтсе де, сӛйтсе
де.
3 Түсіндірмелі Жалғаулығы жоқ. Сонша, Қос нүкте,
салалас сондай, сол, соншалық, мынау, сызықша
мынадай сілтеу есімдіктері
арқылы байланысады.
4 Себеп-салдар Ӛйткені, сондықтан, себебі, Үтір, қос
салалас сол үшін, сол себепті, неге нүкте немесе
десеңіз, т.б. сызықша
5 Талғаулы салалас Не, немесе, я, яки, болмаса, Үтір

әйтпесе, не болмаса, әлде.

я болмаса,
6 Кезектес салалас Кейде, бірде, біресе. Үтір
Сабақтас қҧрмалас, жасалу жолдары, тҥрлері, тыныс белгісі.
Аралас қҧрмалас сӛйлем, тыныс белгісі
Құрамындағы жай сӛйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына
байланысқан құрмалас сӛйлемнің түрі сабақтас қҧрмалас деп аталады. Мысалы: Тапсырманы тиянақтап
алғысы келгенмен, қайта сұрауға батылы бармады. Бұл құрмалас сӛйлемнің бірінші жай сӛйлемін ӛз алдына
бӛлек айтуға келмейді, себебі ой тиянақты емес, ойды тиянақтап, аяқтап тұрған екінші жай сӛйлем. Құрмаластың
құрамындағы бірінші жай сӛйлем екінші жай сӛйлемге бағына байланысып тұр. Құрмалас сӛйлемнің құрамындағы
тиянақсыз жай сӛйлем бағыныңқы сӛйлем, ал ӛз алдына дербес айтыла беретін, ойды тиянақтап тҧратын екінші
жай сӛйлем басыңқы сӛйлем деп аталады.

Сабақтас құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары тӛмендегідей:

1. Бағыныңқының баяндауышы кӛсемше тҧлғалы етістіктен болады. Мысалы: Аудан орталығына қоныс
аударғалы, тұрмыстары недәуір түзеліп қалып еді.

2. Бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Біреуге жақсылық жасасаң, ол ешқашан
жерде қалмайды.

3. Бағыныңқының баяндауышы -ша/ше, -дай/дей жұрнақтары мен жатыс, кӛмектес септікті есімшеден және -
дықтан/діктен қосымшалы есімшеден болады. Мысалы: Жолаушылардың қарасы ҥзілгенше, қорықшы жота
басында қарап тұрды. Баласынын келген бір жапырақ қағаз кӛңілге демеу болғандай, ана жұмысқа құлшына
кірісті. Күн райы бұзылып тҧрғандықтан, жас тӛлдерді ӛріске шығармады. Таң құланиектеніп ата бергенде,
ауыл үстін айқай-шу басып кетті. Жұмысшылар ерте жиналғанымен, жұмыс бірден басталып кетпеді.

4. Есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, бҧрын шылаулары және кезде, шақта, уақытта деген кӛмекші
сӛздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Қыстаудан жайлауға кӛшкен соң, ауыл-ауыл бір-бірін ерулікке
шақырыса бастайды. Отырғандар қопарыла сыртқа шыққан кезде, Қуаныш пен Анар да жеке серуендеуге
беттеді.

Сабақтас құрмалас сӛйлемнің құрамындағы жай сӛйлемдер саны жағынан екіден де кӛп болса, ондай сӛйлемдер
кӛп бағыныңқы сабақтас қҧрмалас сӛйлем деп аталады. Сырттағылар тегіс кіріп, орын-орындарына
жайғасқан соң, кӛпшіліктің ӛтінішімен жыр тиегі ағытылды. Бұл сабақтастың құрамында екі бағыныңқы
сӛйлем бар:

1) Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң.

Бағыныңқы сӛйлемдердің басыңқы сӛйлеммен байланысуына қарай кӛп бағыныңқы сабақтас құрмалас
сӛйлем екіге бӛлінеді:

1) жарыспалы кӛп бағыныңқы сабақтас; 2) сатылы кӛп бағыныңқы сабақтас.

Жарыспалы кӛп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сӛйлемдерінің әрқайсысы басыңқы


сӛйлеммен тікелей байланысады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, кезек-кезек бетінен сүйіп,
қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр. Сӛйлемнің құрамындағы әрбір бағыныңқы сыңары
басыңқымен тікелей байланыса алады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, табысымен
құттықтасып жатыр; кезек-кезек бетінен сүйіп, табысымен құттықтасып жатыр; қолынан қысып,
табысымен құттықтасып жатыр.

Сатылы кӛп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңарлары басыңқымен тікелей


байланыспай, ӛзара бір-бірімен байланысып барып басыңқымен байланысады. Мысалы: Кӛк алғаш тебіндеп
шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан елге қайтты.

Сабақтас қҧрмалас сӛйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқы сӛйлемдерінің мағыналық қарым-
қатынасына қарай алты түрге бӛлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себеп бағыныңқы; 4)
мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсат бағыныңқы.

1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сӛйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не
орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек
етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сӛйлемдердің
бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқы сабақтас
сӛйлемнің сыңарларының арасына ҥтір қойылады.
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары:

1) бағыныңқы сӛйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се шартты рай тҧлғасынан болады. Мысалы: Айтқан
сӛзің дұрыс болса, қалғанын ӛздері түсіне жатар.

2) кӛсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -майынша/мейінше,

-байынша/бейінше, -пайынша/ пейінше жұрнақтарынан болады. Мысалы: Бұл оқиға дәл осы күндердің ӛзінде
тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты. Шындықтың бетін ашпайынша,
жарғақ құлағы жастыққа тимеді.

3) жатыс септігіндегі ӛткен шақтық есімшеден болады. Мысалы: Мылтығын алып шықпағанда, азулы
қасқырдан құтылуы екіталай еді.

Шартты бағыныңқы сабақтас қҧрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарына қайтсе, не етсе, қайткенде, не
еткенде, қайтпейінше, не етпейінше, қайтпей, не етпей? деген сұрақтар қойылады.

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары
мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы Баяндауышының Бағыныңқы
сӛйлемнің тҧлғалық белгісі сыңарына
баяндауышы қойылатын
сҧрақтар
1 Шартты рай -са, -се Қайтсе? Не етсе?
2 Кӛсемше Ма+й, ме+й; Қайтпей? Не
майынша/мейінше етпей?

Қайтпейінше? Не
етпейінше?
3 Есімше -ған+да, -ген+де Қайткенде? Не
еткенде?

2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы


сыңары мен басыңқы сыңары бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қарсылықты бағыныңқы
сабақтастың бағыныңқы сыңары қайтсе де, не етсе де, қайткенмен, не еткенмен, қайткенше, не еткенше,
қайткеніне (не еткеніне) қарамастан, қайте тҧра, не ете тҧра? сұрақтарына жауап береді. Жұмыс уақыты
әлдеқашан аяқталса да, (қайтсе де?) Рахмет пен Лиза ертеңгі жиналыстың барысын талдап ұзақ отырды.
Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен (қайткенмен?), осы ӛңірдің кез келген жерінен су шығады.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы тӛмендегідей жолдармен


жасалады:

1) шартты райлы етістікке да, де шылауының тіркесуінен жасалады. Мысалы: Екеуінің мақсаты екі түрлі
болса да, бірге жұмыс істегендеріне он шақты жыл болып қалды.

2) шартты райдың болымсыз тҥрінен болады. Мысалы: Күн бұлттанғаны болмаса, жаңбыр жауған жоқ.

3) Кӛмектес септік тҧлғасындағы ӛткен шақтық есімше арқылы жасалады. Мысалы: Ай қараңғы болғанмен,
жолды болжауға әбден болады.

4) Есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бұл сӛзді естігенше, жерге
батып жоғалған жақсы еді.

5) -а/е, -й жҧрнақты кӛсемше тҧлғалы етістік арқылы жасалады. Ӛз кӛңіліңді білдіре, менің кӛңіліме демеу
сала келгеніңе ризамын.

6) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:
Терімшілер күннің салқындығын елеместен, бастаған жұмыстарын бітіруге асықты.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу


жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы Баяндауышының Бағыныңқы сыңарына
сӛйлемнің тҧлғалық белгісі қойылатын сҧрақтар
баяндауышы
1 Шартты рай -са да, -се де Қайтсе де? Не етсе де?
2 Есімше -ған/ген+-ша/ше Қайткенше? Не еткенше?
3 Есімше -ған/ген,-қан/кен+-мен Қайткенмен? Не еткенмен?
4 Шартты райдың -ма/ме, -ба/бе, Қайткені (не еткені)
болымсыз түрі болмаса?
-па/пе+са/се
5 Кӛсемше -а/е, -й + тұра Қайте тұра? Не ете тұра?
6 Есімше -ған+ы+на(-ген+і+не)+ Қайткеніне (не еткеніне)
қарамастан қарамастан?

3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сӛйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде


айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сӛйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы
сабақтас сӛйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап
береді. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы тӛмендегідей жолдармен
байланысады:

1) -ған/ген, -қан/кен есімше тҧлғалы етістікке -ша/ше жҧрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Жиналыс
аяқталғанша (қашан?), тізім жасалып та болды.

2) -ған/ген, -қан/кен есімше тҧлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы: Бір күні Құрмаш Кӛксерекке ас беріп тҧрғанда (қашан?), қара ала тӛбет Кӛксерекке ұмтылды.

3) -ған/ген, -қан/кен есімше тҧлғалы етістікке соң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларының қатысуы
арқылы жасалады. Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін кӛзін ашты.

4) -ған/ген, -қан/кен есімше тҧлғалы етістікке кезде, шақта, уақытта мезгіл мәнді кӛмекші сӛздердің
тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Кӛксерек жалғыз ӛзі
ауылға келді.

5) -ғалы/гелі, -қалы/келі кӛсемше тҧлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы
(қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.

6) -са/се шартты райдың жҧрнағы және -ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы: Ұлпа уәделі жерге келсе (қашан?), аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қыс басталысымен (қашан?),
Ораз да аңға шығуға дайындалады.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары
мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы Баяндауышының тҧлғалық белгісі Бағыныңқы
сӛйлемнің сыңарына
баяндауышы қойылатын
сҧрақтар
1 Есімше -ған/ген, -қан/кен+ Қашан?

-да/де, -та/те,-нда/нде
2 Есімше -ған/ген, -қан/кен+ Қашан?

-ша/ше
3 Есімше -ған/ген,-қан/кен+ соң, кейін, сайын, бері, Қашан?
шейін
4 Есімше -ған/ген, Қай кезде?
Қашан? Қай уақытта?
-қан/кен+кезде, шақта, уақытта Қай шақта?
5 Кӛсемше -қалы/келі, -ғалы/гелі Қашан?
6 Етістік -са/се, -ысымен/ісімен Қашан?
4. Себеп бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқысы басыңқыдағы айтылған ойдың себебін білдіреді. Мысалы:
Қожық Кӛкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан, Есенейдің қолына түспей кетті. Осы құрмалас
сӛйлемдегі Қожық Кӛкшетау оязына қарайтын жерде отырғандықтан деген алғашқы сӛйлем Есенейдің
қолына түспей кетті деген екінші сӛйлемнің себебін білдіріп тұр.

Себеп бағыныңқы сабақтас неліктен? не себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.

Себеп бағыныңқы сабақтастың баяндауыштары тӛмендегідей жолдармен жасалады:

1. Есімшенің ӛткен шақ формасына -дықтан/діктен қосымшасының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Есі
шыққан керуен аты жүре алмағандықтан, (неліктен?) айқай салып қашып еді.

2. Есімшенің ӛткен шақ формасына соң шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Халі ауыр болған соң,
(неге?) арнаулы ауруханаға жатқызған-ды.

3. Кӛсемшенің -й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Мысалы: Қалада қона қоятын ағайын-туған
болмай, (не себепті?) қысыла-қысыла жатаққа келдім.

4. Ашық райлы етістікке деп кӛмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Үйдегілерді оятып алмайын
деп, (не деп?) аяғының ұшынан басып ӛз бӛлмесіне ӛтті.

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаластың жай сӛйлемдерінің арасына ҥтір қойылады.

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары
мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы Баяндауышының Бағыныңқы
сӛйлемнің тҧлғалық белгісі сыңарына
баяндауышы қойылатын
сҧрақтар
1 Ӛткен шақ есімше -ған/ген, -қан/кен + Неліктен? Не
себепті?
-дықтан/діктен
2 Ӛткен шақ есімше -ған/ген, -қан/кен және Неге? Неліктен?
және шылау соң шылауы
3 Болымсыз етістік -ма/ме, ба/бе, па/пе+- Неліктен? Не
және кӛсемше й себепті?
4 Ашық райлы ашық рай+деп Не деп?
етістік және кӛмекші Неліктен? Не
етістік себепті?

5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сӛйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің,


қимылдың қалай орындалғанын білдіретін құрмаластың түрі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деп аталады.
Мысалы: Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа
кӛз салды.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарына қалай, қайтіп? деген сұрақтар қойылады.

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштарының жасалуы тӛмендегідей:

1. -ып/іп, -п және -а, -е, -й кӛсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Домбыра шертіп отырған әнші
әуелете шырқап (қайтіп?), ән салып қоя берді. Жұпар мен Қалампыр бастарын изей (қалай?), әлдене жайлы
қызу әңгімелесіп отыр.

2. -ған/ген, -қан/кен ӛткен шақ есімшеге -дай/дей жұрнағы мен болып, кҥйі, қалпында сӛздерінің тіркесуі арқылы
жасалады. Мысалы: Ақ ұлпа бұлттың үстінде қалықтап бара жатқандай болып (қайтіп?), ерекше бір күйді
басынан кешірді.

3. Болжалды келер шақ есімшеге –тан/тен жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ол жӛн-
жосығын айтпастан (қалай?), атына міне сап шаба жӛнелді.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу
жолдары мен сұрақтарының кестесі
р/с Бағыныңқы Баяндауышының Бағыныңқы
сӛйлемнің тҧлғалық белгісі сыңарына
баяндауышы қойылатын
сҧрақтар
1 Кӛсемше -ып/іп, -п Қалай? Қайтіп?
2 Есімше -дай/дей болып, күйі, Қалай?
қалпында
3 Есімше -ма/ме, ба/бе, па/пе+ Қалай?

-с+-тан/тен

6. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сӛйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің,


қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Жалпақ ел
жауабын ӛз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не ҥшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары
қойылады.

Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары тӛмендегідей жолмен жасалады:

1. -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек мақсатты келер шақ етістікке болып кӛмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.
Мысалы: Ергештің жаман әдетін қойғызбақ болып (не мақсатпен?), балар әр түрлі амал істеген-ді.

2. Тҧйық етістік пен ҥшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Аянның ертегісін
тыңдау үшін (не ҥшін?), ауыл балалары күнде кешкісін Бапай шалдың үйінің іргесіне жиналамыз.

3. Болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне ҥшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады.
Серіктері танып қалмас үшін (не ҥшін?), бет-аузын орамалмен таңып алыпты.

4. Қалау және бҧйрық райдың ІІІ жағынан кейін деп кӛмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Ат
тұяғының дүбірі естілмесін деп, (не деп?) атының аяғына киіз орап тастады.

Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сӛйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары
мен сұрақтарының кестесі
р Бағыныңқы Баяндауышының Бағыныңқы
/с сӛйлемнің тҧлғалық белгісі сыңарына
баяндауышы қойылатын
сҧрақтар
1 Мақсатты келер -мақ/мек, -бақ/бек, - Не мақсатпен?
шақ етістік пақ/пек және болып
2 Тұйық етістік -у және үшін Не үшін?
3 Болжалды келер -ма/ме, -ба/бе, -па/пе+ Не үшін? Неге??
шақ есімше
-с және үшін
4 Қалау және бұйрық -айын/ейін, -сын/сін
рай және деп

Аралас қҧрмалас сӛйлем. Құрамындағы жай сӛйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та
байланысатын құрмаластың түрі аралас қҧрмалас сӛйлем деп аталады. Аралас қҧрмалас сӛйлемнің құрамында
кем дегенде ҥш жай сӛйлем болады. Аралас құрмаластағы жай сӛйлемдер ӛзара екі түрлі жолмен байланысады: 1)
ешбір жалғаулық шылаусыз іргелес тұру арқылы; 2) жалғаулық шылаулар арқылы. Аралас құрмалас сӛйлемнің
құрамындағы жай сӛйлемдердің – бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орын тәртібі әр тҥрлі болады. Мысалы:
Кӛктем шығып, күн жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген жоқ. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Күшік бауырын кӛтеріп, ӛздігінен тырбанып жүруге айналған соң, ас ішетін арнайы асқұйғыш
дайындалды, жетектеп жүру үшін мойнына жіп тағылды. Құрылысы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы,
басыңқы.

Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бӛленген тереңіне сүңгігің келеді, жұпар
иісті жасыл желегін жастанып, жаныңды жайландыра жатқың келеді. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы,
бағыныңқы, басыңқы.
Моп-момақан боп тұнып тұрған Есілдің суы қабықтай қалқытып ала жӛнелгенде, сен малтымпаз
болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің, бірақ Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды қимылдатсаң
болғаны, Есіл сені кӛтеріп ала жӛнеледі. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.

Тӛл сӛз, автор сӛзі, тӛлеу сӛз. Тыныс белгісі тӛл сӛзді тӛлеу сӛзге
айналдыру жолдары
Сӛйлеуші ӛз сӛзінің ішінде біреудің айтқан сӛзін дәл сол күйінде, ешбір ӛзгеріссіз беруі тӛл сӛз деп аталады.
Мысалы: «Мал жұтайды, ӛнер жұтамайды», – деген Абай. Осы сӛйлемде «мал жҧтайды, ӛнер жҧтамайды»
деген Абайдың сӛзі ешқандай ӛзгеріссіз айтылған кҥйінде беріліп тұр.

Тӛл сӛз тек біреудің айтқан сӛзі ғана емес, ойлаған ойы, айтуға оқталған сӛзі түрінде де беріледі. Мысалы:
Айбала: «Еркем», – деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды. «Түнімен осы суретті қалайда бітіруім керек»,
– деп ойлады қарт суретші.

Тӛл сӛзбен байланысты айтылған сӛйлеушінің ӛз сӛзі автор сӛзі деп аталады. Жоғарыдағы мысалдағы деген
Абай, Айбала ... деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды, деп ойлады қарт суретші – автор сӛзі. Тӛл сӛз бен
автор сӛзі «де» кӛмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің
бірімен байланысады.

Тӛл сӛз бен автор сӛзінің орын тәртібіне, тӛл сӛзді сӛйлемнің хабарлы, сҧраулы, лепті болуына қарай тӛл
сӛздің тыныс белгілері де әр алуан болады.

1. Тӛл сӛз автор сӛзінен бҧрын орналасса, тӛл сӛз бас әріппен жазылып, тырнақшаға алынады не алдынан
сызықша қойылады. Егер тӛл сӛз хабарлы сӛйлем болса, соңына ҥтір, сҧраулы сӛйлем болса, сҧрақ белгісі,
лепті сӛйлем болса, леп белгісі қойылып, автор сӛзінің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: «Тегінде адам
баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар деген нәрселермен озады», – деген ұлы Абай.

– Бекбергеннің қызын неге алып қашпақ болдыңдар? – деп сұрады үй иесі менен.

2. Тӛл сӛз автор сӛзінен кейін тұрса, автор сӛзінен кейін қос нҥкте қойылып, тӛл сӛз не тырнақшаға алынады, не
алдынан сызықша қойылады. Мысалы: А.Жұбанов былай деген: «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті». Әйел
бір тӛбенің басына шығып алып былай деді: – Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын.

3. Тӛл сӛз автор сӛзінің ортасына орналасса, автор сӛзінен кейін қос нҥкте қойылып, тӛл сӛздің алдынан не
сызықша қойылады, не тӛл сӛз тырнақшаға алынады да, тӛл сӛзден кейін не ҥтір, не сҧрақ белгісі, не леп белгісі
қойылады. Мысалы: Әйтілес қарт: – Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз, – деп бастады әңгімесін.

4. Автор сӛзі тӛл сӛздің ортасына орналасса, тӛл сӛз тырнақшаға алынып немесе алдынан сызықша қойылып,
автор сӛзінің алдынан да, соңынан да сызықша қойылады да, тӛл сӛздің екінші бӛлігі кіші әріппен жазылады.
Мысалы: «Осы бір тегін адам болмаған шығар, – деді Жалпақ балуан, – түнейік осы молаға».

Тӛл сӛздің әрқайсысы жеке сӛйлем болып айтылса, бас әріппен жазылып, автор сӛзінің алдынан ҥтір (сұрау не
леп белгісі) мен сызықша қойылып, автор сӛзінен кейін нҥкте мен сызықша қойылады. Мысалы: – Баруын
барарсың, елін де шабарсың, – деді Бала би. – Қалыңдықтың қызығына түсіп кетпей, қалың жылқыға да
кӛзіңді сал.

5. Бір тӛл сӛздің ішінде екінші тӛл сӛз келген жағдайда алқашқысының алдынан сызықша қойылып,
соңғысы тырнақшаға алынады. Мысалы: – Қазақ халқында «Ұлық болсаң, кішік бол» деген нақыл бар, –
дегенді жиі айтатын ол.

Сӛйлеуші тарапынан ӛзгеріске ҧшырап, біреудің сӛзінің тек мазмҧнын ғана сақтап жеткізу тӛлеу сӛз деп
аталады.

Тӛл сӛзді тӛлеу сӛзге айналдыру кезінде болатын ӛзгерістер:

-негізгі ӛзгеріс тӛл сӛздің тҧрлаулы мҥшелерінде болады;

-бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;

-автор сӛзіндегі де етістігінің орнына айт, сӛйле, сҧра, бҧйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.

Тӛл сӛзді тӛлеу сӛзге айналдыру жолдары:


1. Тӛл сӛздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, тӛлеу сӛзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып,
оған -дық, /-дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.

2. Тӛл сӛздің баяндауышы етістіктің бҧйрық райынан болса, тӛлеу сӛзде ол тҧйық етістікке айналып, оған табыс
не барыс септік жалғауы немесе туралы, жӛнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.

3. Тӛл сӛздің баяндауышы есім сӛздерден не тҧйық етістіктен болса, тӛлеу сӛзде ол сӛзге тіркес екенін деген
кӛмекші етістік айтылады. Тӛл сӛздің бастауышы тӛлеу сӛзде ілік септік жалғаулы анықтауышқа айналады.

4. Тӛл сӛзде белгілі бір жақта тұрған сӛз тӛлеу сӛзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.

5. Тӛл сӛз сҧраулы сӛйлем болып, оның құрамында сҧрау есімдігі болса,-тӛлеу сӛзде сол кҥйінде сақталады.
Егер сұраулы сӛйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, тӛлеу сӛзде шылаумен айтылған сӛз болымды-
болымсыз түрде не антоним түрінде қосарланып айтылады.

6. Тӛл сӛзді тӛлеу сӛзге айналдырғанда автор сӛзіндегі де етістігінің орнына айт, сҧра, ойла, бҧйыр, талап ет,
ескерт деген сияқты айту, ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.

Тӛл сӛзді тӛлеу сӛзге айналдыру жолдарының мысалдарының кестесі:


ТӚЛ СӚЗ ТӚЛЕУ СӚЗ
– Қиындықтан қалай шығудың Анасы қиындықтан қалай шығудың
жолын мен білмеймін, – деді анасы. жолын білмейтіндігін айтты.
Әркім әр түрлі сӛз айтып даурығып Әркім әр түрлі сӛзді айтып
жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – даурығып жатқанда, Сырбай
деп ақырды. тоқтатуын ақырып бұйырды.
– Қазақтың мұң-мұқтажына алтын Қазақтың мұң-мұқтажының алтын
діңгек болған сенбісің? – деді басын діңгегі екенін айта келіп, басын
кӛтеріп. – Қайдан жүрсің? кӛтерген қалыппен қайдан жүргенін
сұрады.
– Сенімен сырымды бӛлісейін деп Гүлнұр оған сырымен бӛліскелі
келдім, – деді Гүлнұр. келгенін айтты.
– Баламды сізге бірер сағатқа Айман кӛршісінен баласын бірер
қалдыруыма бола ма? – деп сұрады сағатқа қалдыруға болатынын-
Айман кӛршісінен. болмайтынын сұрады.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл


Қазақ тілі (тӛте: ‫ىلىتٴ قازاق‬, латын:qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай
тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне
жақын.

Лексика – бір тілдегі сӛздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сӛздік қҧрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің
лексикасын, сӛздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология,
фразеология, диалектология т.б. тарауларға бӛлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сӛз. Сӛз белгілі
ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген
мағынаны білдіретін сӛзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонацияны
қарастырады. Тіл дыбыстары ӛкпе, дауыс шымылдығы, ауыз және мҧрын қуысы, таңдай, тіл, ерін сиқты сӛйлеу
мүшелері арқылы жасалады.

Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сӛзі. Әріп – дыбыстардың
жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24
әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А.Байтҧрсынов.

Морфология сӛз және оның формаларын тексереді. Сӛз формасына сӛздің негізгі және туынды тҥбірі,
біріккен, қосарланған, қысқарған сӛздер, әр түрлі қосымшалар: сӛз тудыратын, сӛзге қосымша мағына
беретін, сӛз бен сӛзді байланыстыратын түрлері енеді.
Морфология сӛзді топтарға бӛліп, олардың әрқайсысына тән грамматикалық формаларын анықтайды. Әр сӛз
табына тән категориялардың ерекшелігін қарастырады.

Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше «syntaxis»). Синтаксис сӛз тіркесі, сӛйлем,
олардың қҧрылымы мен тҥрлері, сӛйлем мҥшелері туралы қарастырады. Яғни синтаксис – сӛз тіркесін,
сӛйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.

You might also like