You are on page 1of 5

Сабақ тақырыбы: Отбасылық дәстүр Мектеп: Ақын Сара атындағы орта мектеп

Күні : 11.10.2021 Мұғалімнің есімі:


СЫНЫП: 2 «Б» Қатысқандар Қатыспағандар саны:
саны:

Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: «Отбасы» тақырыбының әлеуметтік


мәселелерін қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді
суреттеуді, «отбасылық шежіре», «отбасылық дәстүр» сөздерінің
мағынасын түсінуді үйренy;

Оқушылардың басым бөлігі: дағдылы және мереке күндерінің


айырмашылығын түсіндіре білу.

Кейбір оқушылар: Алған блімді тәжірибеде қолдана алады.


Тірек сөздер: отбасы – cемья – family;
отбасылық шежіре – родословная – geneology;
отбасылық дәстүрлер – семейные традиции – family traditions.
Ресурстар: Түймедақ суреті, рөлдік ойынға арналған үлестірме парақшалар,
шежіре ағашы бейнеленген плакат, ашықхат жасауға арналған
үлгілер, түрлі-түсті қағаз, желім.
Сабақтың мақсаты: 1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы»
ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру
1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық
байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-
қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

Сабаққа байланысты деректі


Сабаққа қатысты ескертпелер
материалдар

Әр адамның өмірінде Сабақты «Түймедақ» ойнынан бастауыңызға болады.


отбасының маңызы зор. Адамға Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып қойыңыз.
жалғыз өзі өмір сүру, Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы
қиындықтармен күресу тиіс. «Отбасы» тақырыбына әңгіме өткізіңіз.
қиындық келтіреді. Бір өзі өз Сұрақтар қойыңыз: «Отбасының басқа адамдар тобынан
табыстарына қуана алмайды. айырмашылығы неде? Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға
Отбасы ұғымы сүйіспеншілік болады ма?»
және қамқорлық туралы Кел, талқылайық!
алғашқы ізгі ниеттермен • Суретте кімдер бейнеленген?
байланысты. • Бұл адамдарды біріктіретін не?
Әр отбасында өз дәстүрлері Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы
болуы тиіс. Дәстүр қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы
– ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мүшелерін
әдет-ғұрып және көзқарастар Отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
жиынтығы. Дәстүрлерге
сонымен бірге отбасылық
шежіре құру да жатады.
«Шежіре – бұл бір тамырдан
тарайтын ұрпақтар ағашы»,-
деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев
өзінің «Қазақстан-2050»
Жолдауында. Мұндай
дәстүрлерге отбасылық
мерекелер де жатады.
Отбасылық мерекелерді өткізу
отбасы мүшелерін ұйымшыл
етіп, қуаныш сыйлайды.
Кейбір отбасыларында Менің отбасым. Оқушылардан өз отбасы, отбасындағы
дастарқан басында бірге ас ішу, адамдардың қарым-қатынасы туралы айтуын сұраңыз.
«Қонақжайлылық» ойынын өткізіңіз. Сынып оқушыларын 3-4
жоспарларды бірге талқылау,
топқа бөліңіз. Әр топ өзара әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар
мәселелерді бірлесе шешу,
рөлдерін бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі
киноға, табиғатқа бірге бару
және оны талқылайды. Әр топтың жақсы жақтарын
сияқты дәстүрлер қалыптасқан.
айтыңыз: үлкендерге, қонақтарға құрмет көрсете алды ма,
Қазақ отбасыларында балаларға
отбасы мүшелеріне назар аударды ма?
ерекше көңіл бөлінеді. Бала
Дәстүрлер. Оқушылардан өздеріне таныс суретті таңдауын
дүниеге келгеннен бастап сұраңыз («Шашу», «Бата», «Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар
(«Шілдехана тойы», өз өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. Бұл
«Қырқынан шығару», «Тұсау дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады.
кесер», «Тілашар» және т.б.) «Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге
бүкіл өмір бойы баланың ашыңыз. Оқушылардың назарын ағаштың суретіне аударыңыз.
барлық қуаныштары аталып «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» деген сұрақ
отырады. бойынша оқушылардың ойларын біліңіз.
Тұсаукесер дәстүрінің пайда Сен білесің бе? Оқушылардың пікірін сұраңыз. Адамның өмірі,
болу тарихы. Бұл дәстүр өте азамат ретінде қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы
ертеде пайда болған және тек түсінік беріңіз. Отбасы мәселелеріне көңіл бөлу үшін
қазақтарда ғана емес, сонымен Халықаралық отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда
бірге басқа да туыстас да аталып өтіледі.
халықтарда да (қырғыз, Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға беріңіз. Оқушылар
алтайлықтар, хакастар) үшін өз ата-аналарының балалық шағы туралы білу қызықты
кездеседі. Ерте заманда әлемді болады. Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін сурет
жер үсті, жер асты және аспан арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар
әлемі деп үш бөлікке бөлген суреттерінде ата-аналарының бала кездерінде үлкендерге қалай
екен. Адам бұл әлемнің көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және қазіргі кезде
барлығында болып қайтуы тиіс оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын көрсетеді.
екен. Нәрестенің жерасты Орындап көр. Оқушыларға ашықхат жасау үшін үлгілер
әлемімен байланысы мықты таратып беріңіз. Өз жақын туыстарына тілек жазуды сұраңыз.
болғаны сондай, оны өз бетімен Ашықхаттың арғы бетіне үй мекенжайын жазсын. Бұл келесі
сабаққа арнап алдын ала берілген тапсырма болады.
үзе алмаған. Оған көмектесу
«Отбасылық шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімде.
қажет болған. Сол кезеңнен
бастап тұсау кесуді жігерлі,
рухы мықты адамға сеніп
тапсырған. Тұсауды кесе
отырып, ол жерасты әлемімен
баланы байланыстырып
тұратын соңғы жіпті кескендей
болады. Бала содан кейін біздің
әлемге алғашқы қадам
жасайды!
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993
жылы 15 мамырда
Халықаралық отбасы күні деп
жариялады. Бұл күнді белгілеу
туралы шешім әлем
жұртшылығындағы көптеген
отбасылық мәселелерге назар
аудару үшін қабылданды.
1998 жылғы 20 қаңтарда
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстанда Отбасы күнін
мерекелеу туралы жарлыққа
қол қойды. Бұл күн
қыркүйектің әр екінші
жексенбісінде мерекеленеді.
Сен білесің бе?
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Қазақстанда Отбасы күнін қыркүйекте мерекелейді.
Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Зертте. Оқушылардан Наурыз


мерекесі туралы әңгімелеп беруді
сұраңыз. Олар өз отбасында бұл
мерекені қалай атап өтетіні туралы Жұмыс дәптеріндегі тапсырма тілдік мақсатты іске
естеріне түсіріп, әңгімелеп беруі тиіс. асыруды көздейді.
Олардың әңгімесін тойда айтылатын Оқушылар «ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні»,
тілектер, ұлттық тағам, киіз үй және «әпке», «сіңілі» сөздерін үш тілде айта алады.
т.б. туралы қосымша ақпаратпен
толықтырыңыз. Наурыз мерекесінің
тарихы туралы қысқаша түсінік
беріңіз.
Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Өнер. Оқушыларға өз отбасына


қатысы бар заттардың суретін салуды
ұсыныңыз. Олар күннің,
кемпірқосақтың, ағаштың, үйдің Оқушыларға әшекейлі тізбек көмегімен өз отбасын
және т.б. суретін бейнелеуді ұсыныңыз. Оқушылар түрлі-түсті қағаз
салуы мүмкін. Әр суретке атау жолақшаларына өз есімін, анасының, әкесінің, атасының,
беруге болады. Мысалы, «Анам, әкем әжесінің, ағасының, әпкесінің есімдерін жазады. Әр
және мен – тату-тәтті отбасымыз», жолақты сақина етіп бекітеді де барлық әшекейлі
«Отбасымыз – қорғанымыз», «Біріміз тізбектерді біріктіреді. Нәтижесінде отбасы шежіресі
бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!», шығады. Әрқайсында қайталанбас өз отбасы бар екенін
«Әрқашан біргеміз» және т.б. байқайды. Оқушылар бір-бірінің әшекейлі тізбектерін
АКТ. Қабілетті оқушыларға өз біріктіре алады. Оқушылардан барлық әшекейлі тізбектерді
отбасы туралы шағын біріктірсе, не болатыны туралы тұжырым жасады сұраңыз.
таныстырылым жасауды ұсыныңыз.
Онда отбасы мүшелерінің суреттерін
орналастыруға болады. Оқушылар
суретке өз шежіре ағашын сала
алады.
Жауабы: Жеті күннен кейін.
Бағалау Оқушылар
– отбасылық дәстүрлер туралы;
– Наурыз мерекесі туралы білді;
Оқушылар
– өз отбасы шежіресін жасауды;
– қонақжайлылық ережелерін сақтауды үйренді.
«Тату-тәтті отбасы» ойыны Сенің анаңның анасы саған кім
болады?
(Нағашы әже). Менің анамның қызы, бірақ мен емес?
(Әпке, сіңлі).
Сенің әкеңнің әкесі? (Aта). Сенің әкеңнің ағасы саған кім
болады?
(Көке).
Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? (Әпке).
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

You might also like