You are on page 1of 10

Ахмет Байтұрсынұлы(15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылы – 8.12.

1937, Алматы
қаласы) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын,
публицист, қазақ тіл білімі мен əдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,
ағартушы. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған.
Əкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4
жылдық мектепке оқуға түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде
оқытушы, Қарқаралы қ-лық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905
жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жəрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі)
авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ
елінің мүддесіне сəйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару жəне
баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мəселелері көтерілді.
Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап
жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып,
Семей түрмесіне жабылды. Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс
жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сəйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп,
1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса
құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ə.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп,
сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ
халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық
бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы
рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ к-ттері сияқты тарихи
құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси теор. бағыт-бағдар беріп
отырды. Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен
Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алашорда үкіметінің құрамына
саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын
замандастары жақсы біліп, мойындады. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын
құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің
мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мəскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге
аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ əскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары
болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сəуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің
кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында
өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды
басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен
шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.
Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған
саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і
үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік
халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-əдеби
комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік
қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген.
1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен əдебиеті,
мəдениет тарихы пəндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына
байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43 Алаш
қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мəскеудегі
Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4 сəуірдегі
шешіміне сəйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда
10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1933
жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен
(əйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пашкованың көмегімен Б. отбасымен
мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа
мерзімдік қызметтер атқарды. 1937 жылы 8 қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды.
Тұтас буынның төл басы болған Б-тың алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей
отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал
жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы əлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық
арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның»
негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мəдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты
қараңғылық, енжарлық, кəсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық
дəстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ əдебиетін төңкерісшіл-демократтық дəрежеге көтерді.
Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл
аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне
алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Байтұрсыновтың
«Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – əдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада
ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-эстетик.
сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды.
Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ əдебиеттану
ғылымында жалғасын тапты. Оның «Əдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі
ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы əдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты
анықтама беріп, қазақ əдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық
аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ əдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді.
Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз əдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ əдебиетінің ең бейнелі, мазмұны
мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған əлемдік ғылымның ең үздік
үлгілерін пайдалана отырып, əдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы,
меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, əсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Əдебиет танытқышта»
ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу
жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді. Байтұрсынұлы қазақ əдебиетінің даму кезеңдерін
ғылыми негізде топтап берген. Мыс., діндар дəуір, сындар дəуір. «Əдебиет танытқыш» – сан-салалы əдебиет табиғатын
жан-жақты ашып, талдап-түсіндірген ғылыми- зерт. Байтұрсынұлы «Əдебиет танытқышымен» қазақ əдебиеттану
ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – əдебиет тарихының мұрасын, ауыз əдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым.
Көркемдігі айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау» жинағын (1926)
кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Б. «əдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл
алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кəсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер.
Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тəуелсіз елге аса қажет
нəрсе екенін жанкешті іс-əрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық
ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс əкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды.
Байтұрсынұлы – əлеум. мəселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми
байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы
туралы ойларын дамытып, саяси-əлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мəселелерді қозғады. Қазақ
зиялыларының жан-жақты білімдар əрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Б-тың публицист, баспасөз
ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық əліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған
реформатор. [3]
Байтұрсынұлы əліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының
тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы əліпбидің қажеттілігін, құндылығын
жан-жақты тұжырыммен дəлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл əліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мəдени
жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға
күш салды. Орыс, татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «[[Əр
жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан
не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да
қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912)
– қазақша жазылған тұңғыш əліппелердің бірі. Бұл əліппе оқытудың жаңа əдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін
бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі əдістеме тұрғысынан əлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде
бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929):
«…Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге
кірістім; одан кейін қазақ əліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба
тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат əсерінен тазартуға
əрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тəжірибесіне ыңғайластыру
үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында
қазақ тілін пəн ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының
фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап
жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды.
«Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік
ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дəлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат.
терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш,
пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді.
Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген əдістемелік
кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту əдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік
категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы əдістеме
ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ. Б-тың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, əдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі
өз дəуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент қ-ларында салтанатты
түрде аталды. С.Сəдуақасов, С.Сейфуллин, М.Əуезов, Дулатов, Е.Омаров сияқты замандастары баспасөзде мақалалар
жариялап, Б-тың қазақ халқына сіңірген еңбегін өте жоғары бағалады. Өмірі мен қызметіне, шығармашылығына ғылыми
пікір-тұжырымдар айтылды. Əуезов Б. туралы «Ақаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «[[…Кешегі күндерге дейін
бəріміз жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі əлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік өр
зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға салған пікірі … əлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы
ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды. 1929 ж. шыққан «Əдебиет энциклопедиясында]]» (Мəскеу)
Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі жəне педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің реформаторы жəне
қазақ əдебиеті теориясының негізін салушы» деген ғылыми əділ баға берілді. 1933 жылы шыққан М.Баталов пен
Сильченконың «Қазақ фольклоры мен қазақ əдебиетінің очерктері» деген кітапшасында: «оның негізгі бағыты қазақ
халқының қоғамдық-мəдени оянуына ықпал ету болды» деп Б-тың қоғамдық қызметін қорытындылады. Кейінгі коммунистік
идеология Б. есімін ауызға алуға көп жылдар бойы тыйым салып, ол туралы сыңаржақ пікірлер айтылды. Саяси қысымның
қаупіне қарамастан белгілі түркітанушы, академиг А.Н.Кононов «Отандық түркітанушылардың биобиблиографиялық сөздігі»
деген еңбегінде (1974) Байтұрсыновтың толық өмірбаянын беріп, əлеум.-қоғамдық қызметін, басты еңбектерін нақты айтты.
Оның қазақ əліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, əдебиет теориясы мен
мəдениет тарихы оқулықтарын жазғандығы көрсетілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге
Байтұрсын есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай университеті Байтұрсыновтың есімімен аталды. 1998 жылы оның
туғанына 125 жыл толған мерейтойы салтанатпен атап өтіліп Алматы қаласынданда республика ғылыми конференция
өткізілді, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.
1882—84 жж. ауыл мектебінде оқыды.
1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895—1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет
атқарады.
1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.
1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі
құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.
1918-19 жж. Алашорда қатарында болады.
1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Əскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-əдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту
комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде
қызметкер.
1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) жəне ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.
1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет
Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет
Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.
Сəкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті:
…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын
жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез,
губерния соттарына күш салып, тілмəш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын
аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бəйгеге тікті.
Мұхтар Əуезов былай депті:
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған əдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ;
«Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ
та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін
де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық
жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бəрібір олар мақсатына жете алмады.
Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң,
Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.
Шығармалары
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін,
мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мəдениетті көтеруге, еңбек
етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған
шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы
арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды.
Ақын əрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мəселесін халқымыздың сол кездегі
тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сəйкес қосып отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға
енжарлық, кəсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес
болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дəстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше
жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ
салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің
мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тəн өзіндік жаңалық, ерекше
өзгеріс əкелді.
Əдебиеттану
Халық ауыз əдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Əдебиет саласындағы
алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді
мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының
мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс əдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын
мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер
жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды.
Қазақ ауыз əдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен
жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ əдебиеттану ғылымы мен əдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді
еңбегі — «Əдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа
терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз əдебиеті
мен жазба əдебиетінің əлеуметтік, қоғамдық мəн-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық əсемдік əуенін талдауға
көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба əдебиеттегі ағымдар, əдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші
бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар,
тіл əуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мəнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары»,
«бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре,
заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи əңгіме, «əліптеме, əліптеу тəртібі — мəнді əліптеме, сəнді əліптеме, жол
əліптемесі, байымдама, байымдау əдістері, түрлері — пəн, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді
шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, əңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дəуірі, онда
шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге
болады.
Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар əдебиетінің бай тəжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз
ізденістерінде сəйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы əдебиет зерттеушісі ретінде қазақ əдебиетінің даму
процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар əдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.
Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дəуірдегі үлгілері,
15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын,
Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Əбубəкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан,
Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
[өңдеу] Аудармалары
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ
тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ
тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің
«Балықшы мен балық», «Алтын əтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны
С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Түркітану
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб əліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту
əдістемесі туралы мақалалар жазды.
1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген
тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы
мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Əліпби» (1924), «Жаңа əліпби»
(1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың əрқайсысына қазақша
ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тəсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы
мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады.
Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына
негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі
мен əдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің
мүшесі. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін,
арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мəдениетті
көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында
құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы
арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды.
Ақын əрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мəселесін халқымыздың сол кездегі
тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сəйкес қосып отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға
енжарлық, кəсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес
болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дəстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше
жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ
салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің
мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тəн өзіндік жаңалық, ерекше
өзгеріс əкелді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ əліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады.
Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мəдени дүниесінде көп ғасырлық
дəстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады.
Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы
жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дəйекші белгі
жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық
графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін əліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы
жаппай мойын бұрды.

Қазақ білімі мен ғылымының Хантəңірі атанған халқымыздың бір туар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының өз халқының
алдында сіңірген еңбегі туралы аз жазылған жоқ жəне алдағы уақыттада жазыла берері сөзсіз. Өйткені, Ахмет
Байтұрсынұлы бүкіл саналы өмірін ұйықтап жатқан халқын қараңғылықтан оятуға, отарлық езгіден құтқарып, бостандыққа
жеткізуге арнады. Əсерлеп айтпай-ақ турасын айтқанда сол жолда жанын құрбандыққа берді.

Бүгін біз ұлы тұлғаның саяси күрестегі өмір белестерінің бір кезеңі оның Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық
комитеттің мүшесі ретінде қызметіне тоқталмақпыз.
1919 жылдың шілде айынан 1920 жылдың қазан айына дейін жұмыс істеген Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық
комитет өз қолына Қазақстандағы əскери-азаматтық біріктіру мен ұйымдастыру, орталық кеңнстің биліктің қарулыларын іске
асыру, жергілікті кеңестердің қызметін бақылау, қазақ өлкесін шаруашылық жəне мəдени жағынан көтеру, жергілікті
маңыздағы пайда болған барлық мəселелерді шешу, жалпы сьездің қарауына жəне бекітуіне қазақ автономиясы туралы
жобаны дайындау, қазақ өлкесі мен Ресей федерациясы жəне Түркістан кеңестік республикасы арасында қарым-қатынасты
реттеу міндеттерін іске асыруы қажет еді.
Таптық қарсылықтан туындаған Азамат соғысының бел ортасында құралған бұл Ревкомның алдында жоғарыда аталған
міндеттерімен қатар, Ресей империясының кезіндегі „бөлшекте де, билер бер” саясатының салдарынан жанжақты
бөлшектеніп кеткен байырғы қазақ жерлерін біріктіру, жинастыру сияқты қасиеттті де, қажырлы жұмыстар тұрған еді.
1919 жылы Кеңес өкіметі кешірім жариялағаннан кейін Алашорданың шығыс бөлігі кеңес өкіметі жағына шығып, оның
кейбір көрнекті мүшелері кеңестік қызметтерге тартылды. Бұдан былайға өзінің -əрекетін, халқының жарқын болашағы
кеңес өкіметімен байланыстырғылары келіп, өз еркімен кеңестер жағына шыққандардың бірі –Ахмет Байтұрсынұлы
болатын. Бар жоғы он бес айдай жұмыс істеген революциялық комитеттің құрамына кірген –Ахмет Байтұрсынұлы оның
белді мүшесі болып, төрағаның орынбасары ретінде ревком шешкен, қараған барлық мəселелерге белсенді араласып,
өзінің ұлт мүддесін қорғауға бағытталған ұсынысын –пікірлерін батыл білдіріп отырғанын ревкомның құралған кезінен
бастап, автономияға айналғанға дейінгі бүкіл қызметінен мол хабар беретін ревком мəжілістерінің хаттамаларынан анық
байқауға болады .
Қазақ автономиясын құруға дайындық барысында үлкен талас тудырған мəселенің бірі жер мəселесі болды. Əсіресе,
Ақмола мен Семей облыстары, Қостанай уезі үшін Сібір ревкомымен арадағы талас-тартыс барысының алдыңғы шебінде
Ахмет Байтұрсынұлы тұрды.Ревком 1991 жылғы 12 қыркүйектегі мəжілісінде Сібір ревкомына қарасты Челябы
губерниясының құрамына берілген Қостанай уезін Қазақ өлкесіне қайтару жөнінде мəселе қарайды. Ресей империясы
кезіндегі əкімшілік территориялық бөліс бойынша Қостанай уезі орталығы Орынбор қаласы болған Торғай облсының
құрамында болды. Азамат соғысы жылдарында Қостанай уезінің еліміздің батысындағы Орынбормен байланысы
нашарланғаннан кейін уезд 1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің шешімімен Челябы губерниясының
құрамына беріледі. Қазақ жерлерін біріктіру жұмысын бастағанда шовинизммен уланған Сібір ревкомы басшылары
Қостанай уезін Қазақстанға қайтаруға қарсы шықты. Мəжілісте қабылданған қаулыда Қостанай уезін Қазақ ревкомының
құрамында қалдыру жөнініде орталық билікке жеделхат жолдау жəне үш күн ішінде Қостанай уезін Қазақ ревкомының
құрамына қалдырудың қажеттгі туралы баяндама дайындауды Ахмет Байтұрсынұлына тапсырылады. Ахмет
Байтұрсынұлына бұл баяндама дайындауды тапсыру оның білімділігі мен өз көзқарасын табанды қорғай алатын қазақ жері
тарихының білгірі екендігі ескерілсе керек. 1919 жылы 16 қыркүйекте дайындалған баяндамасында: Ахмет Байтұрсынұлына
Қостанай уезін байырығы қазақ жері екендігін басты негізге ала отырып, уездің тұрмыстық жəне экономикалық жағынан
Торғай облысының басқа уездерімен сондай-ақ , Сырдария Қазалы Перовск уездерімен де өте тығыз байланысып
жатқандығын дəлелдеп берді. Сонымен қатар Қостанай уезінің тарихы географиялық жағынан да Қазақстанда қалдырылуы
керек екендігіне назар аударады . Ахмет Байтұрсынұлының баяндамасы негізінде ревком 16 қыркүйекте Халық Кмиссарлар
Кеңесіне Қостанай уезінің Қазақстанға қайтарылуының саяси экономикалық жағынан тиімділігін ұсынған баяндама
жолдайды. 1919 жылы қараша айында ревком төрағасы С.С. Пестковский Кеңестердің 7-бүкілресейлік сьезіне байланысты
Москвада болғанда сьезден кейін ревком алдында тұрған көптеген мəселелермен қатар , Қостанай уезі жөніндегі мəселені
де шешуге тиіс болатын. 1919 жылы қараша айының 21 күні блоған ревкомның мəжілісінің қаулысы бойынша Москвадағы
сьезге Пестковскиймен бірге Ахмет Байтұрсынұлы барсын деген қаулы қабылданады . Бірақ бұл кезде белгілі бір
себептерге байланысты Ахмет Байтұрсынұлы аталған сьезге бара алмай қалады.
Қазақ өлкесін басқару жөнінде революциялық комитеттің 1920 жылы 10 сəуірде болған мəжілісі де көңіл аударарлық
Мəжілісте Қостанай уезіне жəне Қазақстанның басқада талас тудырып отырған жерлеріне байланысты А. Байтұрсынұлын
Москваға іс сапарға жіберу керек пе мəселені Москвадан төраға Пестовский келгенше кейінге қалдыра тұр керекпе деген
пікірталас өрбиді.Ревком мүшесі Седельников қордаланған мəселені шешу үшін тез арада А. Байтұрсынұлын Москваға
жіберуді табанды түрде ұсынып, бұған дейін Москвада бірнеше рет болған Пестовский ештеңе шеше алмады, оған үміт
арттырудың қажеті жоқ деген ой айтады. Т. Седельниковтың А. Байтұрсынұлын Москваға тез арада жіберу керек деген
ойының екінші бір себебі ревкомның өз ішінде алдағы құрылғалы жатқан қазақ кеңестік автономиясының құрылымы мен
əдіс тəсілдері жөнінде қарам-қайшылық күшейіп келе жатқан болатын. Бұл кезде Москвада жүрген ревком төрағасы
Пестовскийдің өзі байланыс арқылы ревком мүшелерімен сөйлескенде БОАК – нің жанындағы қазақ ревкомының тұрақты
өкілдігін қайта құру үшін, Қазақстандағы материалдық жəне қаржылық жағынан қамтамассыз етуді жақсарту мақсатында
оның қызметін күшейту үшін беделді тұлға А. Байтұрсынұлының тез арада Москваға келуін жатқанды. Сонымен 1919 –
жылы сəуір айында Москваға аттанған
А. Байтұрсынұлы кеңес елінің басшысы В.И. Ленинмен кездескенде Қазақ жерінің шекарасын айқындау барысында талас
тудырып отырған Семей мен Ақмола обылыстары, Қостанай уезі. Орынбор губерниясын экономикалық, саяси, тарихи,
этнографиялық тұрғыдан қазақстанға қосудың тиімділігін нақты көрсетіп, Ресей империясы кезінде қазақтардан тартып,
орыс шаруаларына дəлелдеп береді. Жалпы бұл талас тудырған даулы жерлер 1920 жылы тамыз айында Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасы құрылғанға дейін де, бірнеше рет талқыланғаны белгілі. А. Байтұрсынұлы байырғы қазақ
жерлерінің біртұтастығын сақтау жолында табанды түрде күрескен жəне соған қол жеткізуі жолында бар күш жігерін
аямаған нағыз халқын сүйген қайраткер болды. Яғни, ата-бабаларымыздың қа.нымен орныққан қасиетті жеріміздің
териториялық тұтастығын қайта қалпына келтіру жолындағы күресте А. Байтұрсынұлы еңбегі де зор. Ревком мүшесі ретінде
А. Байтұрсынұлының саяси қызметінің екінші бір қыры оның ақ гвардияшылар жағында кеңес қарсы күресіп жүрген
Алашордалықтарды кеңес үкімет жағына тартуда көрінді. Əрине бұл іс əрекеттер бірден іске асып, оңайлықпен орындалған
жоқ. Қолына қару алып, бір-біріне қарсы күресіп жүрген екі қарсыластарды ымыраластыру үшін қаншама тер төгу қажет еді.
1919 жылы 4 сəуірде Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің қаулысында алаштықтарға амнистия жарияланып, қаулыда
аталған: Аталған мəжілісте А. Байтұрсынұлы ұсынысы мақұлданып, қабылданғанымен де кешегі Алаш қайраткерлеріне
деген сенімсіздік, оларды қуғындау əрекеттері жалғасты.Қайраткерлеріне деген сенімсіздік, оларды қуғындау əрекеттері
жалғасты . Мəселен Ревком өзінің 1920 жылы наурыз, тамыз айларында болған мəжілістерінде Семей , ақмола
облыстарында қазақтың ұлттық зиялы өкілдерін кешегі саяси қызметтері үшін қуғындаулар тоқталмай отырғандығы жөнінде
мəселе қаралып , бұдан əрекеттердің аймақта кеңес өкіметін орнатуға кедергі жасалып отырғандығы айтылады. Тіпті А.
Байтұрсынұлының өзіне Қазрпевкомның құрамында жұмыс істеу оңайға түспегенін бағамдаймыз. Большевиктер Еуропада
ымырашұыл саясат ұстанып, байқап қимылдаса, Азияда орталықтан келген өкілдер жергілікті большевиктермен
санаспастан, белден басып, ұлт мəселесінде ұлы державашыл шовинизмді ұстанды. Мəселен орталықтан жіберілген Түрік
комиссиясы мен Түркістан республикасы басшыларының арасындағы айтыс тартыс Мəскеуге дейін жеткен. Осындай айтыс
тартыстар Қазревком ішінде де жүріп, орталықтың өкитем өкілдері жергілікті халық өкілдеріне тізесін батыруға тырысты.
1919 жылы қазан айының 28-і күні Ревком мүшесі Лукашевтің ісі жөнінде мəселе қаралып, анайы хаттама толтырылады.
Хаттамада Түріккомиссияның, үркістан майданының революциялық əскери кеңесінің жəне Қазревкомның біріккен мəжілісі
аяқталғаннан кейін ревком мүшесі В. Лукашов мəжіліс барысында өзінің тарапына қарай айтылған А. Байтұрсынұлы сөзін
қайтып алмайтынын, өзінің ойында қалатынын айтқанда В. Лукошев, А. Байтұрсынұлына тақап келіп жағдайды қауіпті
болып бара жатқандығынан ревком мүшелері Мендешов, Сидоров, Пестковскийлер оның қолынан қаруын тартып алып,
сыртқа алып кетеді. В. Лукашов сияқты кейбір ревком мүшелерінің ақ гвардияшылар жағындағы Алашорданың батыс
бөлігін соғыс арқылы талқандауды белсенді жақтауы айтыстың басты, өзегі болуы əбден мүмкін екендігін жоққа
шығармаймыз. Осы оқиға жөнінде оқиғаның басы қасында болып, өз көзімен көрген Түркістан майданының қолбасшысы
М.В. Фрунзе 1919 жылы 30 қазанда Ленинге былай деп жеделхат жолдапты:
“..Қазревком əрекетсіз жəне орыс – қазақ екі жақ. Пестовский ревкомға басшылық ете алмай отыр. Ревком мүшесі Лукашев
мəжіліс үстінде Байтұрсыновты револьфермен атуға оқталды, біз оны Москваға қайтарып жіберуге мəжбүр болдық. Егер
Казревкомдағы жолдастар талап етсе оны соттау керек ” Казревком мүшелері А. Байтұрсынұлының, С. Мендешовтың жəне
Бегимбетовтың батыс басшыларымен бірнеше рет жүргізілген келісөз барысында оларды өкімет жағына тартуға мүмкіндік
туып, 1920 жылы 5 наурызда Қазревкомның қаулысы бойынша батыс Алашорда үкіметі таратылады. Батыс Алашорда
қайраткерлерін қантөгіссіз кеңес өкіметі жағына шығаруды А. Байтұрсынұлының қазақтар арасындағы беделі, саяси
қайраткерлер ретіндегі өмір тəжірибесі септігін тигізгені дауыссыз.
Өз халқының өзгенің құлы болмай азат өмір сүруін аңсаған
А. Байтұрсынұлының өз сөзімен айтқанда “өз ауылының иттері үріп қапты”. Сол кездегі қоғам əділсіздігіне налыған А.
Байтұрсынұлы:
Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр?
Кім шыдап жолдастыққа төзіп жатыр?
Сасық ми салқын жүрек, санасыздар
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр, деп ішкі күйзелісін қашық білдіреді.
А. Байтұрсынұлы 1891 – 1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер мектебінде оқып, оны бітіргеннен кейін қазақ
балаларына білім берумен айналысты. Халық арасына ағартушылық қызметімен зор беделге ие болып, аса байып кетпесе
де, көптеген озық жанына жайлы өмір сүрді. Солай тыптыныш солай өмір сүре беруіне болатын да еді. Бірақ өз өмірінен
ұлт мүддесін жоғары қойған А. Байтұрсынұлы мехнатты халқының болашағы жолындағы қастерлі күресті таңдап алды. Сол
жолда отқа да түсті, суға да түсті. Осындайда немістің ойшыл ақыны Гетенің: “Бостандық пен билікке сол үшін күн сайын
күресетін адам ғана лайық” – деген бəрінен де ұлт мүддесін жоғары қойған, сол жолда құрбан болған қазақтың арыстарына
лайықты айтылғандай.
Түркі əлемі бірлігінің бір жолы – ортақ тарихи тұлғалар арқылы бірігу. Бүгін біз Манасымызды, Орхан жазуымызды, Деде
Қорқытымызды, Жүніс Эмремізді, Несимиді, Алишир Науайымызды, Физулиімізді, Абайымызды, Махтумқұлымызды жəне
Байтұрсынұлымызды жəне басқа да зиялыларымызды мақтанышпен əрі қуанышпен айтамыз…

Біз əрдайым түркі əлемінің ортақ ұлы тұлғаларына қарыздармыз…


Қазақ ғылымы мен ұлттық ой-пікірінің алдыңғы қатарлы тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы – XX ғасырдың басындағы
қазақтар арасында ең маңызды зиялылардың бірі. Байтұрсынұлы қазақтың тəуелсіз болуын, мəдениеті мен өркениеті
арқылы заманауи елдердің қатарынан орын алуын армандаған зиялылардың көш басында болды. Мақсатына жетудің
бірінші шарты білім екенін түсініп, саналы ғұмырының елеулі бөлігін білім саласына арнады. Ұзақ жыл ұстаздық етті,
мектепке қажетті кітаптарды өзі жазды. Сонымен бірге қазақ фольклорын жинақтап, басып шығару арқылы қазақ
мəдениетін сақтап, ұрпаққа жеткізуге күш салды.
Ол қазақ тілі мен əдебиет ғылымының көшбасшысы болды. Оның осы саладағы маңызды еңбектерінің бірі – араб əліпбиі
негізінде жасаған қазақ əліпбиі. Сөйтіп, қазақ диалектісінің өз алдына жазба тілге айналуына жол салды. Оның тағы бір
маңызды жұмысы – шет тілдерінен енген терминдердің қазақша баламасын табу. Қазақтың қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік
ізін қалдырған «Қазақ газетінің» ұзақ жылдар редакторы болды. Ол – қазақтың тұңғыш тəуелсіз партиясы «Алаш» партиясы
мен Алаш Орда үкіметінің маңызды тұлғаларының бірі.
Қазақ əдеби ортасының қалыптасуына, ұлттық-əдеби ойдың өркендеуіне қазақ ғылыми-қоғамдық ой-өрісі тарихындағы
көрнекті тұлғалардың бірі Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі зор.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазіргі қазақ тілі мен əдебиетінің негізін қалаған адам. Байтұрсынұлының еңбектері өте көп зерттеуді
қажет етеді. Қазақтың қоғамдық өмірін дамытуға бағытталған зерттеулер, əліпби терминдерін, тіл үйрету əдістемесін,
фольклортануды, қазақ грамматикасы мен əдебиетін қамтиды. Қазақ грамматикасы мен əдебиеті терминдері жөніндегі
зерттеулер де А.Байтұрсынұлына тиесілі.
Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымы жөніндегі еңбектерін профессор Вахит Түрік былайша жіктеді:
1. Əліпбиге байланысты зерттеулер
2. Мектептерге арналған оқулықтар
3. Жазу, емле терминологиясын зерттеу
4. Халық тəрбиесі мен мəдениеті туралы зерттеулер.
Бұл аталғандардың əрқайсысы жеке тақырып болғандықтан, біз бұл мақалада тек бөлімдер туралы ақпарат бердік. Ахмет
Байтұрсынұлының ең көп ізденістері мен қызметі білім беру саласында болды. Бірақ сол кезде бүкіл түркі əлемінде
басталған əліпби ауыстыру, əліпби реформасы мəселесінің маңыздылығы сонша, Байтұрсынұлы да бұл талқылауға өте
жақын араласып, өз ұсыныстарын айтты.
Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын 1910 жылдары қазақ тіліне бейімдеп, əліпби жасады. Осы мақсатта ол мектептерге
арнап жазған тұңғыш кітабы «Оқу ережесін» шығарды. Байтұрсынұлы əліпбиі – қазақ тілін түркі тілінен тікелей бөлек жазған
алғашқы əліпби. Патшалық дəуірдегі XIX ғасырдың ортасында қазақ түрік тілін жазба тілге айналдыруға көп күш
жұмсалғанын айта кеткен жөн. Бұл кезеңде орыс түркологтары қырғыз немесе қазақ-қырғыз деп атаған қазақ мəтіндерін
алғаш рет орыс əліпбиінде (кириллица) жариялаған ғылыми еңбектерінде жазды. Ахмет Байтұрсынұлы дайындаған əліпби
қазақ ауызекі тілінің дыбыстары мен дыбыстық құрылымына негізделген.
Ғалым 24 əріптен тұратын түркі жазуынан 16 таңба алып, араб жазуы негізінде 8 таңба ойлап тауып, 24 əріптен тұратын
əліпби жасайды. Бұл əліпбидегі дыбыстардың 5-еуі – дауысты, 17-сі дауыссыз, 2-еуі жартылай дауысты дыбыс.
Байтұрсынұлының бұл əліпбиі алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылған. Бұған дейін Қазақстандағы татар тілінің
ықпалынан құтылып, жаңалық енгізу мақсатында бірі 1906 жылы «Үлгі» баспасында (баспаханада) «Қазақ əліпбиі», екіншісі
Байтұрсынұлы əліпбиімен басылған. Уфадағы «Шарик» басылымында екі бөлек, Жаңа əліпби тəжірибесі де жасалды.
1924 жылы шілдеде Орынборда қазақ-қырғыз зиялыларының бірінші съезі өтті. Ахмет Байтұрсынұлы жиналыстың əліпби
сессиясында баяндамасын ұсынады. Əуелі латын əліпбиіне көшеміз деп асықпау керек екенін, бұл бағытта əлі жұмыс
атқарылған жоқ деп есептейтінін айтады. Оның орнына ол бұрыннан қолданылып жүрген араб əліпбиінің кейбір
кемшіліктерін түзету оңай əрі ыңғайлы болатынын түсіндіреді. Байтұрсынұлы жақсы əліпбидің ең маңызды қасиетіне тілдегі
төл дыбыстардың болуы, үйренуге жəне қолдануға оңай, тез жазылатын, əріптері бөлек көрінетін, баспа жұмыстарына
қолайлы болуын ескертеді.
Көрнекті түркітанушы А.Кононов
А.Байтұрсынұлы жазған грамматикалық кітаптарды жоғары бағалаған, ол атақты түркітанушы ғалымдардың бірі болған.
1924 жылы Орынборда өткен қазақ-қырғыз ғалымдары мен мəдениет қайраткерлерінің съезінде араб əліпбиі негізінде
А.Байтұрсынұлы əзірлеген жаңа əліпби қазақ-қырғыздың ресми əліпбиі болып қабылданып, 1928 жылға дейін қолданылды.
1926 жылы Бакуде өткен Бірінші Баку түркологиялық құрылтайының VI мəжілісінде А.Байтұрсынұлы «Емленің негізгі
қағидалары мен социологиялық мəні» тақырыбында баяндама жасады. Ол өзінің түркі халықтарына арналған əліпби
жобасын съезд талқылауына ұсынғанымен, оны қабылдата алмады. Съезге Ф.Көпрулузаде, Əли бей Хусейнзаде жəне тағы
басқа адамдар келеді. Олар арқылы айдауда жүрген бұрынғы əріптестерімен байланыс орнатып үлгереді. Сонымен қатар
Қазақстанда Ахмад Байтурсуноглудан басқа Лидес Омаров, Азиз Байсейдуллин, Білəл Сүлеев сынды ғалымдар да
қатысты.
Ахмет Байтұрсынұлының Бакудегі түркологиялық конгресте «Қазақ терминологиясының негіздері туралы» баяндамасы
қызығушылықпен тыңдалды.
Сөз алған А. Байтұрсынұлы менің тезистеріммен барлық өкілдер таныс болғандықтан, мəселенің егжей-тегжейіне
тоқталмаймын деді. Мəдениеті төмен елдің өнімділігі де төмен, өнеркəсіп пен сауда дамымайды, ауру мен індетке күресте
əлсіз екендігін тілге тиек етті. А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі терминология тəжірибесі туралы айта келіп, қазіргі мəдениет
бір ұлттың немесе нəсілдің жемісі емес, бүкіл адамзаттың күш-жігері мен əдет-ғұрпының жемісі деді. Баяндамашы əр
халықтың мəдениетінде өзіндік мəдениетін қалыптастырғанын айтты. Мəдениеттен бөлек, меңгеру мəдениеті де бар. Сатып
алу мəдениеттері басқыншылықта да, бейбіт жағдайда да болады. Ғалым патшалық Ресей жүргізген саясаттың
салдарынан қазақ халқының мəдениеті дами алмай отырғанын атап өтті. 1905 жылдан кейін ғана қазақ мəдениетіне
қатысты кітапшалар, журналдар, газеттер, оқулықтар шыға бастады.
Ол терминология жағынан қазақ сөздеріне басымдық бердік деді. Қазақ тіліне туыс тілдерден қазақша емес сөздерді алдық.
Өйткені туыстас тілдердің сөздерін түсіну оңайырақ. Əлемдік терминдерді қабылдағанда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін
ескеру қажет. Бір қызығы, тек Байтұрсынұлы ғана емес, басқа да спикерлер, пікірталасқа қатысқан ғалымдар да
терминологияда ең алдымен халық тіліне басымдық беріп, қажет болған жағдайда басқа тілдерді де қолдану қажет деген
пікірде.
Талқылаудан кейін терминология бойынша қарар дайындауға Чобанзаде (төраға), Зифельд, Зейналли, Одабаш,
Байтұрсынұлы, Гелдиев, Мақсудов, Шакиржан Рахими, Махмуд Надим, Айюбов, Сади бастаған комиссия құрылды. Съезде
əліпби мəселесін талқылауға қатысқан Ахмет Байтұрсынұлы бұл талқылауларда «кириллица» əліпбиін қолдаушы ретінде
əрекет етеді.
Ахмет Байтұрсынұлы – «Қазір біз дайындаған қазақ əліпбиінен артық ештеңе жоқ. Латынға көшсек те бұдан артық
болмайды. Сондықтан латынға көшудің не қажеті бар?», – деп түйіндеді сөзін. Сол жиында қазақтардағы əліпби ауыстыруға
қатысты; «…арабша жетіспейтін əріп; əр əріптің үш-төрт емлесі бар. Əліпбиді ауыстырғаннан гөрі бұл кемшіліктерді жою
оңайырақ. Осы əліпбиді біраз реформалар арқылы қолдануға ыңғайлы етейік. Біз де осы əліпбимен басып шығара аламыз
жəне бұл үшін көп ақша жұмсадық. Латынға көшетін болсақ, біз оларды жаңартуымыз керек, сондықтан латынға көшу бізге
экономикалық тұрғыдан қиын болады» – деген пікір білдірді.
Жиында əліпбиге қатысты қызу талқылау болады. Ахметті қолдайтындар түрлі себептер айтып, жаңа əліпбиге қарсы екенін
түсіндіреді.

Ахмет Байтұрсынұлының мектептерге арналған оқулықтары


Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары – қазақ тілі туралы алғашқы еңбектердің бірі. Оның зерттеулері қазақ тіл ғылымы
тарихының негізін қалады. Байтұрсынұлының талай рет басылып шыққан оқулықтары; Оның «Тіл Құрал», «Тіл танытқыш»,
«Оқу құралы», «Əліп би», «Əдебиет танытқыш» жəне қазақ дауысты дыбыстары, оқу жүйесі, оқу түрлері туралы көптеген
ғылыми-əдістемелік мақалалары, түркологияға қатысты зерттеулері бар. Оның жұмысы негізінен тіл ғылымына арналды.
Ахмет Байтұрсынұлының мектеп оқушыларына көбіне жаңа əліпбиді үйрету мақсатында жазған «Оқу ережесі» атты еңбегі
жəне оның алғашқы кітабы 1912 жылы Орынборда басылған. Бұл жұмыс мəтіндердің үлгілерімен жəне тақырыптардың
орналасуымен таңғалдырады. Бұл жұмыста ол оңайдан қиынға қарай ауысып отыратын жүйені қолданды. Оқулықтың ең
бір қызық тұсы – мақал-мəтелдермен мысал келтіре отырып, түрлі дүниелер мен оқытудың өзіндік жүйесін түзеді.
Осылайша оқу мен жазуды үйретумен қатар білім беруді де мақсат еткен. Тағы бір айта кететін жайт, балалардың намаз
оқуын ынталандыру үшін халық поэзиясын қолдануы.
Тарихта өз ұлтын оқытып, оны ағарту жолында ауыр зардап шеккен тұлғалар көп емес. Ахмет Байтұрсынұлы жоғарыда
айтқанымыздай, білім саласын ұлттың жарқын болашағының негізі деп есептеп, осы жолда аянбай еңбек етті. Еңбектері
мен шығармаларына үңілгенде оның қандай ұлы тұлға екеніне тағы бір мəрте көз жеткіземіз.
Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын сүйген, оның жолында небір қиыншылықтарға төзе білген, қазақтың ұлттық ой-өрісін, салауатты
əдеби ортасын қалыптастыру жолында аянбай тер төккен, осы жолда бар қауіп-қатерлерді ескерген нағыз зиялы болды.
Жазушы, аудармашы, баспагер, тіл жанашыры, жазушы ретінде А.Байтұрсынұлы қазақ халқының əлеуметтік жəне мəдени
оянуына қызмет еткен, өмірі мен шығармашылығы арқылы түрік зиялыларына бағыт-бағдар берген көрнекті қазақ ғалымы
ретінде əлі күнге дейін ұрпақ есінде.

You might also like