You are on page 1of 2

1-тапсырма

Электронды хат жазу ережелерін ескере отырып, хат жазу процесін PowerPoint бағдарламасына
ресімдеңіз. Көпшілік алдында қорғаңыз.

2-тапсырма

«Сетикет» дегеніміз не? Сөзіңізді PowerPoint бағдарламасымен рәсімдеңіз.

3-тапсырма

Телефонмен сөйлесу әдебі жайлы не білесіз? (Ауызша айтып беру)

4-тапсырма

Жұпқа бөлініп келісіп, электронды іскери хат жазысыңыз. Үлгісін скриндеп әкеліңіз.

5-тапсырма

Телефонмен сөйлесу әдебіне қатысты өзіңіз меңгерген ережелерді пайдаланып, өзіңіз қалаған 2
мекемеге (банк, дүкен, университет, т.б.) қоңырау шалыңыз. Сіздің қоңырауыңызға жауап
берушілердің және өзіңіздің сөйлеуіңізге талдау жасаңыз. Қаншалықты кәсіби деңгейде
сөйлестіңіздер? Қорытынды шығарыңыз. Сұхбаттың транскрипциясын жасаңыз.

6-тапсырма

Ескерту хат дегеніміз не? Қандай жағдайда жазылады? Құрылымы қандай?

7-тапсырма

Шағым хат пен наразылық хат дегеніміз не? Қандай жағдайда жазылады? Айырмашылықтары
қандай? Сөздік қолданыстары қандай?

8-тапсырма

Баяндау хат дегеніміз не? Не үшін жазылады? Құрылымы мен сөздік қолданыстары қандай?

9-тапсырма

Посткриптум дегеніміз не?

10-тапсырма

Төмендегі мәтіндегі мәліметті пайдаланып, баяндау хат дайындаңыз.


Бөлім басшысы бағдарламашы А.Барақовтың іссапардан белгіленген мерзімнен 2 жұмыс күніне
кешіккенін бірінші басшыға хабарлап, басшының тиісті шара қолдануын өтінді.

11-тапсырма

109-бет 20-тапсырма

12-тапсырма

«360 компания» ЖШС сіздің ұйымға компьютерлерді 1 ай бұрын әкелуі тиіс болатын. Соған
байланысты уақыттың өтіп кеткенін баяндап, ескерту хатын жазыңыз.

13-тапсырма

Төмендегі постскриптум белгісінің қойылу себебін анықтап көріңіз. Осы жағдаятқа сәйкес
постскриптум қойылған хат мәтінін дайындаңыз.

р.s. 4- квартал бойынша жасалған есепті жаңа ғана қабылдап алдым. 2015 жылғы желтоқсанның
30-ы сағ. 17.30. (сигнатура, факсимиле).

14-тапсырма

«Асан қайғыға салыну» фразеологиясының мағынасын ашыңыз.

15-тапсырма
108-бет 18-тапсырма

You might also like