You are on page 1of 10

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы
“Adal Smile” стоматологиялық клиникасы

Ғылыми жоба құрастырған: интерн-дәрігер Асанұлы Жандос

Тақырыбы:

ПАРОДОНТ АУРУЛАРЫН ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ЖӘНЕ ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ


ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ

Бағыты: «Пародонт ауруларын емдеуде физиотерапиялық емнің тиімділігін көрсету»

Пәні: Балалар жасындағы стоматология:Терапиялық бөлім

Аннотация
Студент пародонт ауруларын емдеу жоспарында физиотерапиялық емді кірістіру мен
қолдану эффективтілігін жеткізе білді және ем барысында қаншалықты көрсету жиілілігі
мен көрсеткіш бойынша тағайындалу кезеңдерін ашып көрсетті

Тәлімгер:
Терапевт-дәрігер Тұрарбеков А.

1
Мазмұны
Кіріспе... ................................................................................................................

1.Зерттеудің мақсаты мен міндеттері......................................................

2.Зерттеу материалдары мен әдістері...................................................................................

3. Өзіндік бақылау нәтижелері мен оларға анализ


жасау..................................................................

4. Зерттеу нәтижелерін салыстыру.......................................

5. Қорытынды.Ғылыми жаңалығы.Тәжірбиелік
ұсыныстар.........................................................................

6.Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Кіріспе
Тақырыптың маңыздылығы: пародонт аурулары кезінде физикалық емдеу
түрлерін қолдану дәрігер стоматологқа дұрыс ем жүргізу үшін тиімді. Физикалық емдеу
түрін аурудың түріне , дәрежесіне патогенезіне байланысты тағайындалады.
Мақсаты:әсер ету механизмін үйрету, пародонт аурулары кезінде қандай
физиотерапиялық емдеу түрін қолдану, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін ескере
отырып емдеу жоспарын құру.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын
бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізі: емдеудің заманауи әдістері және емдеу үрдісіндегі әрекеттік және
құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеудің болжамы:Таңдалған ем шара түріне қарайоның эффективтілігін бағалау
Зерттеу пәні: Терапиялық стоматология
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері
пайдалану.
Зерттеудің объектісі: Физиотерапиялық аппараттар
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік

Тақырып бойынша:

-сәулелі толқындар, адам ағзасы мен тіндерге әсер ету механизмі;

-тұрақты электрлік токтар, адам ағзасы мен тіндерге әсер ету механизмі;

-ауыспалы электрлік токтар, адам ағзасы мен тіндерге әсер ету механизмі;

-озон, адам ағзасы мен тіндерге әсер ету механизмі;

Зерттелуші әдістер бойынша:


2
1. Пародонт ауруларын кешенді емдеу үшін физикалық факторлардың адам
ағзасына әсерінің рөлі. Физиоемнің жалпы көрсеткіштері мен қарсы
көрсеткіштері. Кабинетте жұмыс жасау қауіпсіздігі;

2. Сәулелі толқындар (лазерлік, биотронды терапия,УФО), әсер ету механизмі,


көрсеткіштері, аппаратурасы, жасалу әдісі;

3. Электрлік емдеу (электрофорез, СВЧ, УВЧ емдеу, Дарсонваль) , әсер ету


механизмі, көрсеткіштері, аппаратурасы, жасалу әдісі;

4.Пародонт ауруларында магниттік емдеу мен магнитті-лазерді қолдану;

5.Озонмен емдеу әсер ету механизмі, көрсеткіштері, аппаратурасы, жасалу әдісі;

6. Массаж әсер ету механизмі, көрсеткіштері, аппаратурасы, жасалу әдісі;

7. Пародонт ауруларын дәстүрлі емес емдеу әдістері.

Физикалық факторлар пародонт ауруларын кешенді емдеуінің кез келген сатысында,


патологиялық үрдісті жою үшін қолданады.

Физикалық факторлармен пародонт ауруларын емдеу физиотерапиялық емдеудің келесі


түрінін қолданып, жіктейміз.

Пародонт ауруларын физиоем жүргізудің жіктемесі.


1. Жарықпен емдеу
Ультра күлгін сәулесі (УФО)
Инфрақызыл сәулесі (ИФО)
Лазерлік ем
Биоптронды ем
2. Тұрақты электрлік токтар
Дәрілік электрофорез
3. Айнымалы электрлік токтар
Дарсонвализация
УВЧ терапия (Ультра жиіліктегі электр алаңы)
Микротокты толқындар
4. Ультрадыбыстық емдеу
5. Магниттік емдеу
6. Озонмен емдеу
7. Массажбен емдеу
Қолмен-аутомассаж
Вибромассаж
Сулы массаж
Вакуумды массаж
8.Вакуумдық емдеу
9.Гипо,- криотерапия
10.Гидротерапия
3
11.Парафиндік-озокериттік емдеу
12.Балшықпен емдеу
13.Физикалық факторларды араластырып қолдану

Физиоемдік әдістердің абсолюттік қарсы көрсеткіштері:


-өкпе туберкулезі (активтік формасы);
-гемофилия;
-геморрагиялық диатездер;
-лейкоздар;
-обыр алды аурулар;
-бүйрек жетіспеушілігінің декомпенсирленген түрі;
-психикалық аурулар;
-токсикалық жағдайлар;
-жедел инфекциялық аурулар;
-қант диабетінің декомпенсирленген түрі;
-гипотония;
-физикалық факторларды көтере алмау;
Жергілікті физиоемге қарсы көрсеткіштер:
-жедел және созылмалы қабыну үрдісінің өршуі;
-пародонт қалтасынан жалқықтың шығуы немесе іріңдеуі;
-ауыз қуысында металды құрылымдардың көп болуы;
1. Жарықпен емдеу
Электромагниттік толқындардың сәулелі ағымның ұзындығы 1-760нм дейін екені
белгілі
Жарықпен емдеудің негізгі инфрақызыл және УК жарықтарын қолданады.
Жарықтың әсер ету механизмі: Электромагниттік қуат жылуға ауысып, физико-
химиялық, биологиялық үрдістердің жеделдеуіне, ал ол болса тамыр кеңейіп, қан
айналымының жеделдеуіне, тіндердің өткішгіштігі мен электрлік өткізгіштің артуына, зат
алмасудың, фагоцитоздың, тотығу тотықсыздану үрдісінің жақсаруына ет тонустары мен
тамырдың тарылуынның себтігін тигізеді.
Инфрақызыл сәулелер - ұзындығы 400 ден 760-қа дейін,инфра қызыл сәулелерін
өткізу үшін 14 мм терең еніп, сіңіреді.
Көрсеткіші:пародонттың созылмалы қабыну үрдістері, қызыл иектің созылмалы
катаральді қабынуы, созылмалы пародонтит.
Лазерлік сәулелену-оптикалық кваттық генераторлық сәулелер кеңінен
қолданады.Сәулеленудің әсерінен тіндердің жасушаларында күшті электромагниттік
тербеліс пайда болады. Лазер сәулесі жан –жаққа шашырамайтын болғандықтан, керекті
жерге ғана бағытталады. Оның электромагниттік тербелісінің ұзындығы бірдей
болғандықтан монохроматикалық деп аталады.
Әсер ету механизмі:жасуша ішілік мембрана жүйесіне енген соң лазерлік сәулелер
энергияға ауысып, жасуша ішіндегі белсенді энергетикалық алмасуға химиялық жолмен
әсер етеді. Лазерлік сәуленің қасиеті: ауру сезімін басады, қабынуға қарсы, тіндердің
регенерациялық үрдісін жақсартады, сонымен қатар қан тамырларын кеңейтеді.
Көрсеткіші: қызыл иектің жаралы, катаральды қабынулары, пародонтитте.
Ультра күлгін сәулесі - толқын ұзындығы:180-400нм, тіндерге енудің тереңдігі: 0,5-
1мм.

4
Әсер ету механизмі: фотохимиялық әсерден ақуыздың денатурациясы мен коагуляциясы
жүріп, биологиялық белсенді заттарды түзеді.УКС қабынуға, десенсибилизациялық және
тіндердің регенерациясын жақсартады.УКС нің сәулесі С (180-280нм) бактерияларға қарсы
әсер етеді, ал В сәулесі (280-320нм) витаминдік қасиетті.
Көрсеткіші: қызыл иектің жаралы, катаральды қабынулары, пародонтитте.
Биоптронды ем- Биоптрон лампасы арқылы жарық жібереді. Пайлер сәулесі-яғни,
күн сәулесіне жақын. Биоптрон сәулесі-полихромды,когерентті емес, интенсивтілігі төмен.
Әсер ету механизмі: жарықтық энергиядан алынған жылулық пен химиялық әрекеттерсу
әсерінен тіндер дем алады, зат алмасу үрдісі жақсарады, ағзаның қарсы түру жағдайы
жақсарады, ағзаның резистентілігі жоғарылайды.
Көрсеткіші: қызыл иектің жаралы, катаральды қабынулары, пародонтитте және
пародонтозда.
2. Тұрақты электрлік токтар

Электрофорез - тұрақты ток арқылы тіндерге дәрілік заттардың иондарын енгізу. Бұл
тәсіл күрделі заттардың электролиттерде оң және теріс иондарға ыдыратыа, заряд
бөлшектердің қабыну ошағына ықпал етеді. Электродқа теріс зарядты иондар бағытталып,
тері мен тіндерге жиналып депотүзеді. Емдік дәрілік заттар қанға осы арқылы аяу үздіксіз
түсіп отырады. Дәрілік заттардың консентрациясы 1-6% дейін.
Көрсеткіші: қызылиектің созылмалы катаральді қабынуы, қызылиектің өсе қабынуы,
пародонтит пен пародонтозда.
Қарсы көрсеткіштері: жедел қабыну үрдісі, пародонт қалтасында жалқықтың немесе
іріңнің болуы, жеке дара токты немесе дәрілік заттарды көтере алмауы.
Жасау әдісі:”Поток-1”, “ГР-2”және басқада аппараттарды қолданады. Қызылиек үстіне
жасалатын белсенді электродтардың жоғарғы және төменгі тіс доғасыеа сәйкес
табақшалары болады. Белсенді табақшаға дәрілік затты енгізеді. Ал белсенді емес
қорғасынды табақшаны қолға қояды. Аппаратты қосып, токтың мөлшерін анықтап 3 мА .
Сеанстың уақыты 10-20 мин, емдеу курсы 10-12 процедура.

3. Айнымалы электрлік токтар.


Дарсонвализация-жиілігі 100-300 к Гц, кернеуі 20гВ бірақ күші төмен 0,02 мА
ауыспалы токтың импульсынан пайда болады.
Әсер ету механизмі:жоғарғы жиілікті токтың әсерінен маятник тәрізді және молекулалар
өсі бойынша айналуы нәтижесінде тіндерде эндогендік жылу тудырады. Аз мөлшерде, көп
жылу бөлінбейді, ал физиологиялық жағынан маятник тәрізді айналуы маңызды. Жоғарғы
дәрежедегі заряд әсерінен нерв талшықтарын тітіркендіріп, тіндердің трофикасын
жақсартып, спозмалитикалық және жергілікті қорғаныш факторларын жоғарылатады.
Жанаспалы және искралы дарсонвализацияны ажыратады. Пародонтологияда жанаспалы
қызылиекке дарсонвализацияны қолданады. Аз мөлшердегі электрлік зарядтар беткей
қызылиекті тітіркендіреді. Ал афференттік импульстар ОЖЖ барып, пародонт тінінің
трофикасын жақсартатын қасиетіне әсерін тигізеді.
Көрсеткіші: қызыл иектің созылмалы катаральді қабынуы, қызылиектің өсе қабынуы,
пародонтит пен пародонтозда.
Емдеу курсы: 15-20 сеанс, 10 минуттан.
Ультра жиіліктегі электр алаңы (УВЧ)-емдік шаралар үшін ауыспалы электр тоғы
(40мгц) қолданады.
Әсер ету механизмі:электр алаңы арқасында иондар мен зарядталған бөлшектердің
тербелісі туындайды. Соның әсерінен электр қуаты жылуға айналып, тіндердің терең
қабатына тамырларды кеңейтіп, қан және лимфа тамыр жақсартуына, зат алмасу үрдісі мен
ферментативтік әрекеттері де артады. Пародонтологияда атермиялық дозасы қолданады.
Көрсеткіші:пародонталдық абсцессте.
5
Жасау әдісі:УВЧ-30, УВЧ-66 аппараттарын қолданады. Науқасқа басына кейгізетінін
кигізіп, бекітеді. Ал конденсаторлық табақшаны ошақ орналасқан маңайға қояды.
Төменгі жиілікті емдеу-емдік шаралар ретінде электромагниттік токтың 2,38 ГГц
қолданады.
Әсер ету механизмі:электромагниттік толқындар ұзындығына байланысты 5-7см еніп,
электромагниттік толқындар жылу бөліп ,сол аймақта дене қызуын көтереді 3-4 градусқа
дейін. Сол аймақта қан тамырлар кеңейеді, қан мен лимфаның жүруі жылдамдайды,
жергілікті қорғаныш факторларының белсенділігі жоғарылайды. Шеткері нерв
талшықтарын тітіркендіріп, орталық нерв жүйесіне әсер етіп, жергілікті трофиканы
жақсартады.
Көрсеткіші: пародонталдық абсцессте.Жасау әдісі:Луч-2 аппараты, күші 20вт.
Зақымданған аймаққа қояды, жылуды науқас сезеді, мөлшері-7Вт. Емдеу курсы 10-12
сеанс, 3-5 минуттан.

4. Магниттік емдеу.

Бұл емдік шаралар үшін төменгі жиіліктегі магнит алауын пайдаланамыз.


Әсер ету механизмі:зарядтардың әсерінен қан айналымы белсенділігі жоғарылап,
жергілікті тіндерде зат алмасу жақсарады. Тіндердің трофикасы жақсарады. Оның нәтижесі
қабыну мен жансыздану әсері.
Көрсеткіші: қызыл иектің катаральді қабынуы мен пародонттың қабынуы.
Жасау әдісі: Полюс-1 аппараттың көменгімен. Емдеу курсы 10-12 процедура, 10 минуттан.
5. Озонмен емдеу.
Озонотерапия - емдік мақасатта озонды қолдану, ол-күшті тотықтырғыш.Әсер ету
механизмі:бактериялардың жасушаларын өлтіреді, осының әсерінен оттегінің мөлшері
көбейеді. Тіндерде гипоксияны төмендетеді, қан айналымды жақсартады, инфекцияға
қарсы тұру қызметін жақсартады.
Көрсеткіші: қызыл иектің жаралы қабынуы мен мен пародонттың қабынуы.
Жасау әдісі: ОТРИ-1 озонаторы қолданады. Емдеу курсы 4-7 процедура, 10-15 сек.

Іс-әрекет Жағдайлар мен заттар Бақылау критерийлері

1. Жарықпен емдеу.
1.Ультра күлгін Қолданатын Микроорганизмдердің мөлшерін
сәулесі (УФО) аппараттар:ОКУФ-5М, ОКН- азайтады, жергілікті қорғаныш
11, ОКБ-30, ОН-7. факторларын жоғарылатады.
Емдеу биологиялық дозаны
енгізгеннен кейін жүргізеді.
Емдеу курсы 5-7 процедураны
құрайды.
2.Инфрақызыл Қолданатын Қанның келуін белсендетеді, зат
сәулесі (ИФО) аппарат:СОЛЛЮКС-200-ден алмасуды жақсартады, жергілікті
10000Вт дейін,лампа. қорғаныш факторларына әсер
Емдеу курсы 15-20 процедура, етеді. Қан тамырын кеңейтеді,
10-40 минуттан. ауру сезімін басады.
3.Лазерлік ем Қолданатын аппарат: УФ-01, Қабынуға қарсы,
АФЛ-2. Галамед-ИГНЛ. жансыздандырады және
Ұзындығы-0,63мкм, тіндердің жазылуын тездетеді.
қуатылығы-10, 15, 25мВт.
Емдеу курсы-6 процедура, 10-
30 сек.

6
4.Биоптрон-терапия Биоптрон лампасын Қабынуға қарсы, репаративтік
Пайлер. қолданады. Экспозициясы-5 әсер етеді және пародонт
минут, емдеу курсы 5-10 тіндерінің жергілікті қорғаныш
процедурадан. факторларын жоғарылатады.

2. Тұрақты электрлік токтар


Дәрілік Қолданатын аппараттар: Қабынуға қарсы және
электрофорез. Поток-1, ГР-1М, ГР-2. жансыздандырғаштық әсер етеді.
Қызылиек үсті электроды,
дәрілік ерітінділер.
Активті және пассивті
электродтарды қосамыз,
токтың қуаты 3 мА. 15-20
минуттан, емдеу курсы 10-12
процедура.
3. Айнымалы электрлік токтар.
1. Дарсонвализация Қолданатын Қабынуға қарсы және пародонт
қызыл иекке аппарат:ИСКРА-1. абсцесстерін кеңейтіп, бөлінісін
жанаспалы. Емдеу курсы -15-20 сеанс, 10 тез шығарады.
минуттан бір жаққа.
2. Ультра жиіліктегі Қолданатын Қабынуға қарсы және пародонт
электр алаңы (УВЧ) Аппараттар: УВЧ-30, УВЧ-66. абсцесстерін кеңейтіп, бөлінісін
Емдеу сеансы 5-тен 20 минут тез шығарады.
арасында.
3. Төменгі жиілікті Қолданатын Сол аймақта қан тамырлар
емдеу аппарат:ЛУЧ-2 кеңейтеді, қан мен лимфаның
Зақымданған аймаққа жүруі жылдамдатады, жергілікті
орнатамыз. қорғаныш факторларының
Емдеу курсы 10-12 процедура, белсенділігі жоғарылатады.
3-5 минуттан. Жансыздандырғыш және
тіндердің қайта қалпына келуін
жақсартады.
4. Магниттік терапия.
Магниттік емдеу Қолданатын Қабынуға қарсы және
аппарат: ПОЛЮС-1. Емдеу жансыздандырғаштық әсер етеді.
процедурасы -10 минут.
5. Озонмен емдеу.
Озонотерапия Қолданатын Бактериоциттік
аппарат:ОТРИ-01. Қабынуға қарсы және
Зақымданған ошаққа 10-15 сек, тіндердің қайта қалпына келуін
емдеу курсы 4-7 процедура. жақсартады.

6. Массаж.

7
Қарсы көрсеткіштері: пародонт тіндеріндегі жедел және созылмалы үрдістің өршуі,
пародонт қалтасында жалқық пен іріңдіктің болуы.

Саусақты ауто Ауыз қуысын гигиеналық Қызыл иекті тітіркендіру қан


массаж. өңдеу. айналымды ұлғайтып, зат алмасу
Жоғарғы жақ қызылиекгіне сұқ мен пародонт тінінің қорғаныш
және ұлкен саусақтың қызметін жақсартады.
көмегімен жылжымалы
әдіспен жоғарыдан төмен
жасалынады.
Төменгі жақта-жоғары және
альвеолды сүйек маңында
дөңгелекті қозғалыспен.
Сипау, үйкеу, қағу, дірілдету
арқылы жасалынады. Емдеу
процедурасы әр жақта 2-5
минуттан.
Дірілді Арнайы дірілді аппарат
массаж.(ВИБРО қолданады. Аппаратың басын
МАССАЖ) өтпелі қатпарға қояды, дірідеу
арқылы қызыл иектен мойын
тұсына жасалынады.
Емдеу курсы 15-20 процедура,
1-2 минуттан.
Вакуумды массаж. Вакуумды құрылғы АЛП
арқылы жасалады. Емдеу
курсы 15-20 процедура, 5-10
минуттан.
Физикалық факторларды араластырып қолдану
Магниттік-лазерлік Тұрақты магниттік толқын мен Лазерлік емдеуге ұқсас.(
емдеу. гелий–неон сәулесін жоғарыдан қара)
қолданады. Магниттік
қуатылық пен лазерлік
сәуленінің мөлшері 5-10 мТл,
қолданылуы лазерлік емдеуге
ұқсас болып келеді.

Пародонт ауруларын дәстүрлі емес емдеу әдістері.

8
Лазерлік рефлекстік терапия. Дәстүрлі емес пародонт ауруларын емдеуге рефлекстік
лазерлік терапия жатады.Лазерлік гелий-неонды сәулелер биологиялық белсенді нүктелерге
әсер етеді, яғни –хе-гу, ди-цан, да-ин, ся-гуань, цзу-сань-ли, и-фэн, хуа-чай, чэн-цзян.

Әсер ету механизмі: арнайы нүктелерге рефлектірлі әсер етуінен тотығу тотықсыздан үрдісі
жақсарып, қан айналым мен жергілікті қорғаныш факторды жоғарылатады.

Көрсеткіші: қызыл иектің катаральді қабынуы, пародонттың қабынуы.

Қарсы көрсеткіші: жедел және созылмалы қабыну үрдісінің өршуінде.

Жасау әдісі: АПЛ-1 аппараты қолданады.

Нүктелі массаж: Нүктелі массажды жоғарғы және төменгі ерін аймағында және сол және
оң жақ ерін бұрыштарында терінің биологиялық белсенді нүктелерінде (чен-цзян, дицан,
т.б. ) жасалады. Нүктелерге әсер күнде жеңіл саусақпен басып сағат тілінің бұралуы
бойынша жүргізіледі. Бір нүктеге 2-ден 5 минутқа дейін әсер етеді.

Әсер ету механизмі:Рецепторлардың механикалық тітіркенуі зат алмасу үрдісінің, қан


айналымның микроциркуляциясына және пародонт тіндерінің жергілікті қорғаныстық
активациясына рефлекторлы бағаланады.

Көрсеткіші: қызыл иектің катаральды қабынуы,пародонтит, пародонтоз.

Қорытынды:

Пародонт ауруларын емдеуде негізгі дәстүрлі жалпы немесе жергілікті дәрілік емдеу
барысында кешенді емге қосымша физиотерапиялық аппараттар көмегімен ем жүргізу өз
кезегінде қаншама жылдар мен қаншама клиникалық жағдайларда өз нәтижелілігін
көрсетті.Бірақ қазіргі жағдайда аппараттардың қолжетімсізділігі мен дәрігерлердің ем
жоспарға оны қоспау олардың өз маңыздылығын жоғалтуға әкеліп соқты.Кей жағдай
физикалық ем әдістері басты емдеу әдісі рөлін атқаруы мүмкін.Сол себептенде осы жобада
оның қандай жағдайда қандай мәселелерді емдеп шеше алатындығын көрсетуге тырыстым.

Әдебиеттер:

1. Борисенко А.В. Заболевания пародонта: учеб. пособие (Секреты терапевтической


стоматологии). К.: ВСИ «Медицина», 2013
2. М.А.Шустов Физиотерапия в стоматологии и чеюстно лицевой хирургии СпецЛит
г.Санкт-Петербург 2015

2. Цифровая стоматология: /Ряховский АН./.- ISBN: 978-5-86093-351-5.- 2010 . – 282 с.ил

9
3. Заболевания пародонта: / Орехова Л.Ю./- 2004.- С 187-203

4. Заболевания пародонта / Под ред. проф. Л.Ю. Ореховой. – М.: Поли Медиа Пресс

10

You might also like