You are on page 1of 2

ТАРИХ ӨТКЕНІМІЗ БЕН БҮГІНІМІЗ!

Тарих дегеніміз белгілі бір қоғамның өткені және казіргі


замандағы дамуы жөніиде мәлімет беретін ғылым. Тарих ғылымы осы
салада білім өндіретін ғылыми- әлеуметтік институттардың басын
біріктіреді.
Тарих ғылымының ішкі құрылымы өте күрделі. Ол бірнеше
салалар мен бағыттардан тұрады. Әлемдегі бүгінге дейін жекеген және
казіргі кезде омір сүріп жатқан адамзат қоғамы тарих ғылымының
объектісі болып еспептеледі. Ал енді тарих ғылымының пәніні- белгілі
бір қоғамның белгілі бір уақыт аралығындағы әрекетін баяндау.
Тарих алдымен эмпирикалық ғылым ретінде қалыптасты. Негізгі
мақсаты белгілі бір мемлекеттің саяси өмірін зерттеу еді. Уақыт өте келе
ол адамзат қоғамын жан-жақты динамикалы түрде қарастыратын пәнге
айналды.
Тарихымызды білмей тұрып алға жылжудың қиын екені белгілі.
сондықтан бүгін де өткенімізді ой елегінен өткізіп, барымызды екшеп,
жоғымызды іздеп жатқан жайымыз бар. Бұны, әсіресе, биылғы халық
тұтастығы мен ұлттық тарих жылы талап етіп отыр.
Бүгінде тәуелсіз еліміздің тарихын қайта жаңғыртып, оның
маңыздылығын арттыру біздің қолымызда. Осы мақсатта келешек жас ұрпақ
өзінің өткенін жеьік меңгеруі үшін Отан тарихына аса басты назан аудару
бүгінде біздің қолымызда.

Шәкір С.Е., Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі Кәрібаев Б.Б.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

ТАРИХИ КЕҢІСТІК
Тарихи кеңістік дегеніміз белгілі бір уақыт шеңберінде ортак әлеуметтік - эко-
номикалық, саяси және мәдени кұндылық-тар негізінде қалыптаскан адамзат қауымы
мекендеген географиялық аймак.
Кеңістіктің екі түрі болады. Бірі - географиялық кеңістік, екін-шісі тарихи.
Екеуінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Біріншісі көп өзгеріске ұшырай
коймайды, ал екіншісі тарихи даму-дың эр дәуірінде этникалық және экімшілік
өзгерістерге ұшырап жа-тады. Мұндайда қазақ «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда жер жаңа»
дейді.
Географиялық кеңістіктің шеқарасы табиги кедергілермен бөлі-ніп жатады.
Мысалы, олардың арасында тау, теңіз, мұхиттар жатуы мүмкін. Еуропа мен Азияның
арасында Орал тауы жатыр. Америка, Еуропа, Африка, Австралияны су бөліп жатыр.
Кейде бір контнентің өзі бірнеше географиялық аймактарға бөлінеді. Бұл жерде
табиғи кедргілер ролін оның географиялық ерекшеліктері орындайды. Қазақстан жері
табиғат ерекшеліктеріне қарай
Арқа, Атырау, Жетісу, Бетпакдала, Маңғыстау, Мырзашөл, Сібір. Торғай даласы
тағы сол, сияқты аймактарға бөлінеді.
Ал енді тарихи кеңістік туралы түсінік жиі-жиі өзгеріп тұрады. «Қазақстан»
түсінігі ХҮғасырдың орта шенінде Шу өзенінің алабын-дағы кішкене ғана территорияны
қамтыды.
Тарихи кеңіспгіктің шеқарасы турақсыз. Ол уақыт еткен сайын өзгеріп
отырады. Белгілі бір географиялық кеңістікте әр заманда әртурлі мелекеттік, саяси
кұрылымдар өмір сүреді. Қазақ тарихының көне дәуірін зерттегенде, біз тек бүгінгі
Қазақстан алып жатқан географиялық кеңістікпен шектеле алмаймыз.
Географиялық ашуларға, жаулап алу саясатына, аннекция, тәуелсіздік алу сияқты
саяси оқиғаларға байланысты тарихи кеңістіктің шекарарсы өзгереді.

You might also like