You are on page 1of 1

Жеті бауыр туыспыз

Атымыз өзге демесең,


Жұмған жұдырық уыспыз.
Апта күндері

Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,


Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?
Айна

Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.


Басыңмен ісі бар. Бұл не?
Тарақ

Көктемде ақ гүлге оранады,


Күзде қолға доп боп оралады.
Алма

Гуілдейді құлаққа
Оны ешкім көрмейді.
Жел

Қойған жеріңде жатады,


Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.
Кітап

Ағашта жабысып тұрады


Тұмсығын алмай ұрады. (Тоқылдақ)

Қыста киімін тастайды,


Көктемде киіне бастайды.  (ағаш)

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. (Зымыран)

Қалың киім ұнатады Шешіндірсең жылатады. (жуа)

Сырты жасыл қатты Іші қызыл тәтті. (қарбыз)

Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған. (бор)

Үш тілі бар, Тықылдаған үні бар (сағат)

Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (күн)

You might also like