You are on page 1of 4

М.Х.

Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

СӨЖ
Тұтыну қоржыны жайлы түсінік

Қабылдаған: Жаналиева Лидия


Орындаған: Каржаубаева Мунира
Тобы: Шт 20/1А

2022-2023
1) Тұтыну қоржыны деген не?
Тұтыну қоржыны – елде (мемлекетте) қалыптасқан нақты
жағдайлар мен ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, белгілі бір уақыт
бөлігінде адамның нақты атқарымдық қажеттерін қанағаттандыратын
тауарлар мен қызметтердің ғылыми тұрғыда негізделіп, теңдестірілген
жиынтығы.
2) Қазақстанның тұтыну қоржыны
Елімізде 2020 жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін тұтыну
көрсеткіші азайған.
2020 жылмен салыстырғанда былтыр қант және кондитер өнімдерінен
басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну
көрсеткішінің төмендеуі байқалды, деп хабарлайды Ұлттық статистика
бюросы.

Азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтынуы

Маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының ішінде тұтыну


көрсеткіші сүт және сүт өнімдеріне 6,3%, нан және жарма өнімдеріне 4,7%,
ет және ет өнімдеріне 1,7% төмендеген.
2021 жылы бір айда орташа есеппен халықтың жан басына
шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы:
картоп – 3,9 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,8 кг,
сиыр еті – 2кг, алма - 1,6 кг, күріш, құмшекер – 1,3 кг, шикі сүт, айран – 1,3
л, жұмыртқа – 16,2 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе
салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг.
Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын
тұтыну көрсеткішін салыстырғанда ең жоғары айырмашылық жұмыртқа,
нан және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтыну бойынша
байқалады.
Қалалық және ауылдық жерлерде азық-түлік өнімдерін тұтынуы

ҚР адам басына шаққанда ЖІӨ ж/е ЖҰӨ қанша пайыз құрайды?

Әлем елдерінің жан басына шаққандағы ІЖӨ-нің номиналы

3) ҚР адам саны неше? Әйел/еркек. Неше пайыз өседі жыл


сайын?
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың басында Қазақстан халқының
саны 1,3 процентке өсіп, 19,12 миллион адамға дейін жеткен. Соның ішінде
әйелдер - 9,84 миллион, ал еркектер - 9,29 миллион. Осылайша, жылдың
басында әйелдердің үлесі 51,44 процент болған. Бір жыл бұрын осы
көрсеткіш 51,48 процент еді. Бес жыл бұрын 51,62, ал он жыл бұрын 51,77
болған.
Биыл үш айдың қорытындысы бойынша халықтың саны 19,18
миллионға дейін өсті. Соның ішінде әйелдер - 9,86, еркектер - 9,31 миллион
адам. Осылайша, әйелдердің үлесі тағы азайып, 51,43 процентке дейін
түскен.
Әйелдердің жалпы саны еркектерден басым болып тұрса да, жас
санатына қарай жағдай мүлдем басқаша. Мәселен, 14-28 жас аралығындағы
әйелдердің саны 0,1 процентке азайып, жыл басында 1,83 миллион болған.
Ал осы санаттағы еркектердің саны, керісінше, 0,1 процентке өсіп, 1,92
миллионға дейін жеткен. Бұл да тұрақты динамика болып отыр. 2022
жылдың басында жас әйелдердің үлесі 48,87 процентті құрады. Сондай-ақ,
осы санаттағы қыздардың саны жыл сайын азайып келеді.
Мәселен, бір жыл бұрын көрсеткіш 48,92 процент болған, бес жыл
бұрын — 49,5%, ал он жыл бұрын 49,88% деңгейінде тұрған.
"Осылайша, "статистика бойынша 10 қызға 9 жігіт" деген
стереотиптің Қазасқтанға ешбір қатысы жоқ. Қазіргі статистика бойынша
Қазақстанда қыздар емес, ұлдар көп туылады. 2021 жылы 216,2 мың қыз
дүниеге келсе, ұлдардардың саны 230,3 мың болған. Қыздардың үлесі 48,4
процент", - делінген талдауда.
Ал неке жасындағы (28 жасқа дейін) мың жігітке 956 қыз келеді екен.
Жыл сайын осы айырмашылық артып барады. Статистика бойынша
Қазақстанда әйелдердің саны еркектерден артық. Себебі әйелдер ұзағырақ
өмір сүреді.
4) Өмір сүру ұзақтығы
Адамның өмір сүру ұзақтығы — бұл бір жылы туған адамдар
тобының орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін көрсеткіш. Бұл жағдайда
әр жастағы адамдар тобындағы өлім деңгейі бір қалыпты қалады.
5) Адам даму индексі туралы
Адам даму индексі (АДИ) адамдардың дамуы бойынша
мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму
дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді
дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі.
АДИ үш басты қағидалардан тұрады:
• Өмір Ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді
• Білім деңгейі мен білім бері жүйесі
• Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен
өлшенеді.
6) Уровень счастливости

You might also like