You are on page 1of 20

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті


Педагогика және психология кафедрасы

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ ЕСЕБІ

Аты-жөні: Кошембаева Мерей Ерболатовна


«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4-курс студенті

Қостанай
2023 жыл
Мектеп: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин
атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ
Машықкердің аты-жөні: Кошембаева Мерей Ерболатовна
Мектеп директоры м.а.: Келинбердиева Ы. С.
Сынып жетекшісі: Тулегенова А. Т.
СТУДЕНТТІҢ ПРАКТИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ
АПТАЛЫҚ ЖОСПАРЫ.

1-ші апта
Апта күндері Тәрбие жұмысының мазмұны

Дүйсенбі Педагогикалық кеңестердің шешімімен мектеп ісі меңгерушісі


23.01.2023 сынып жетекшілікке 5-«B» сыныбын берді;
5 -«B» сыныбының жетекшісі Төлебаева Айгүл Төлебаевнамен
кездесіп, өзімді студент машықкер ретінде таныстырдым;
Сынып жетекшінің міндеттеріне шолу жасадым;

Таңғы сағат 8де келдім. 5в сыныбын қарсы алып, еркін оқу


уақытында, оқушылармен жақынырақ таныстым;
Сейсенбі Төлебаева Айгүл Төлебаевнамен сынып бұрышын реттеу жайлы
24.01.2023 келісімге келіп, «кітап жан азығы» тақырыбында материал жинай
бастадым;
Бесінші сынып соңғы сабағы ағылшын болғандықтан түскі асқа
шығардым;
Сынып бұрышына байланысты материалдарды Төлебаева А.Т
өткіздім;
Сәрсенбі
Сынып жетекшінің міндеті оқушыларды қарсы алып, шығарып
25.01.2023
салу болғандықтан, мектепте соңғы сабаққа дейін болдым.
Сыныптағы бар жоқ оқушыларды тексердім;

5-«B» сынып оқушыларының сабаққа түгел қатысуларын бақылап


отырдым. Сабақ үзілістерінде оқушылардың өздерін қалай
Бейсенбі ұстайтынын, тәртібін қадағалап, сыныптың тазалығына мән
26.01.2023 бердім. Төлебаева А.Т айтқандай, оқушыларға қатысты
құжаттарды жинап, көшірмесін әдіскерлік бөлмеде жасап,
өткіздім;

2-ші апта
Апта күндері Тәрбие жұмысының мазмұны

Дүйсенбі Таңғы сағат 8-де келіп, сынып жетекшілікке 5-«B» сыныбын


30.01.2023 математика сабағына дайындық уақытында тексерірдім. Соңғы
сабақ, сынып сағатын 5-«B» сыныбының ата аналары келіп, құқық
және міндет тақырыбында оқушыларға сабақ өткізді.

Сынып түгелдігін тексеріп, үзіліс уақыттарында оқушылардың


Сейсенбі
отбасылары жайында өздерімен әңгімелесу арқылы мәліметтер
31.01.2023
алдым. Сынып сағатына байланысты тақырып алып, ҚМЖ
дайындауды бастадым.
5 -«B» сыныбының жетекшісі Төлебаева Айгүл Төлебаевна
оқушыларға бір ай ішінде оқылаған кітапқа байланысты проект
Сәрсенбі
жасауға тапсырма берді. Оқушылардан проект жайлы
01.02.2023
сұрастырдым
Таңғы сағат сегізде келіп, сыныптағы бар жоқ оқушыларды
Бейсенбі тексердім; Сабақ беруден тыс уақытымда оқушылардың
02.02.2023 сабақтарына қатыстым.

3-ші апта
Апта күндері Тәрбие жұмысының мазмұны

Дүйсенбі Таңғы сағат сегізде келіп, сыныпты түгендедім. Оқушылардың


06.02.2023 түскі ас уақытынан кейін әлімжеттік жасау әлсіздік тақырыбына
сынып сағатын өткіздім. Сабақ барасында оқушылармен жақсырау
танысу үшін кішігірім тренинг жүргіздім.

Сыныппен байланыста болып, сынып санын тексеріп, жоқ


Сейсенбі оқушылардың анықтамасын жинаумен айналыстым.
07.02.2023 Сабақтарымды өткіздім.

Сынып түгелдігін тексеріп, сыныппен үнемі байланыста болдым.


Сәрсенбі Ағылшын сабақтарын өткізген соң, оқушыдардың пән
08.02.2023 сабақтарына қатыстым

Сабақтарымды өткізіп, үзіліс уақытында сынып түгелдігін


тексердім. 5- “В” сыныптарына ҚМЖға сәйкес сабақ өткіздім.
Бейсенбі
Сабақ үстінде әртүрлі методикалар қолданып, балалардың
09.02.2023
қызуғышылығын арттыруға ат салыстым

4-ші апта
Апта күндері Тәрбие жұмысының мазмұны

Дүйсенбі Таңғы сағат сегізде келіп, сыныпты түгендедім. Алғыс айту


13.02.2023 күніне байланысты оқушылармен дайындық жүргізілді. Сынып
сағаты уақытында плакат дайындадық Оқушыларға
психологиялық тест туралы қандай екенін түсіндіріп, «Сишор
бойынша топтық бірлік индексін анықтау» тестілеуін өткіздім .
5- “A”, 5- “В” сыныптарына пән мұғалімінің бақылауында сабақ
Сейсенбі
жүргіздім; Үлкен үзіліс уақытында оқушылармен бірге асханаға
14.02.2023
бардым.

Сәрсенбі Екінші сабақ уақытында мектепке келіп, балалар алғыс айту


15.02.2023 күніне дайындалды.Сыныбымның сабаққа қатысуын қадағалап,
сынып жетекшіммен кері байланыс жасап отырдым.
Берілген сыныптың жартысына, яғни берілген топқа ағылшын
Бейсенбі тілін өткіздім. Үзіліс уақытында сыныбымды қадағаладым.
16.02.2023
5-ші апта
Апта күндері Тәрбие жұмысының мазмұны

Дүйсенбі Таңғы сағат сегізде келіп, сыныпты түгендедім. “Кітап беру”


20.02.2023 шарасына байланысты оқушыларды жұппен бөлдім. Сынып
жетекшінің сабағына қатыстым. Ең соңғы сабақта, «Достық
қымбат өмірде» тәрбие сағатын өткіздім.

Әдеттегідей екі бесінші сыныпқа сабақ өткіздім. Электорнды


Сейсенбі күнделікті толтырып, оқушыларға баға қойдым. Келесі студент
21.02.2023 машықкердің сабақтарына қатыстым.

Сыныбымның сабағына қатысып, үлгерімдерін, белсенділіктерін


Сәрсенбі бақыладым.Топтардағы адамдардың өзара қарым-қатынасын
22.02.2023 білуге арналған «Социометрия» тестін алдым.

5сыныпқа сабағымды өткіздім. Сыныппен әрдайым байланыста


болып, сынып түгелдігін тексердім. Пән мұғалімі Абикенованың
Бейсенбі
Г.А.сабақтарына қатыстым. . “Кітап беру” шарасына байланысты
23.02.2023
оқушылар бір біріне кітап сыйлады.

6-шы апта
Апта күндері Тәрбие жұмысының мазмұны

Дүйсенбі Алғыс айту күніне байланысты оқушылармен жоба дайындадық. 5


27.02.2023 -«B» сыныбының жетекшісі Төлебаева Айгүл Төлебаевнамен
кездесіп, сынып жұмысына байланысты тапсырмалар алдым.

5-сыныптарға сабағымды өткіздім. Сыныбымды үзіліс уақытында


Сейсенбі
тексердім. Алғыс айту күніне байланысты плакат, видео сыныппен
28.02.2023
дайындадық

Алғыс айту мерекесіне орай мұғалімдерге арналған құттықтау


Сәрсенбі бейнежазбасын дайындап, оқушыларға да өз алғысымды білдірдім.
01.03.2023 . Ас адамның арқауы мақал мәтеліне байланысты, мектеп
аспазшыларын құттықтадық. Құттықтау барысынд, алдын ала
дайындағам тақпақтарды балаларға бердім.
8-наурыз мерекесіне орай сынып қыздарына арналған құттықтау
Бейсенбі бағдарламасын сынып ұлдарымен қосыла отырып дайындадық.
02.03.2023 Оған қоса, әрбір ұлға қыздарды мерексімен құттықтау үшін
оларға арналған өлең шумақтарын бөліп бердім.
7-ші апта
Апта күндері Тәрбие жұмысының мазмұны

Дүйсенбі 5 сыныпқа сабақтарымды өткіздім. Үзіліс уақытында сыныбымды


06.03.2023 тексердім. Сыныптың ұлдармымен 8 наурыз мейрамына дайындық
жүргіздік

5 «В» сыныбы ұлдарының 8-наурызға арнаған қыздарды


Сейсенбі құттықтау бағдарламасына қатысып, оқушылардың аналарына
07.03.2023 арнап жаттаған өлеңдерін бейнетаспаға түсіріп, құттықтауды ата-
аналар чатына жіберіп, аналарды да мерекесімен құттықтадық. Өз
практика жетекшімді де құттықтадым.
Сынып ішіндегі қарым-қатынасты білуге арналған тесттердің бірі,
Бейсенбі
«Біздің сынып» эксперименталды шығармасын алдым.
09.03.2023

8-ші апта
Апта күндері Тәрбие жұмысының мазмұны

Дүйсенбі Таңғы сағат сегізде келіп, сыныпты түгендедім. Наурыз


13.03.2023 мейрамына сәйкес оқушыларды іс шараға дайындауды бастадық.
Әр оқушыға белгілі бір тапсырма бердім

Сейсенбі Сыныбымның тоқсан бойынша жиынтық бағалауларын


14.03.2023 қадағаладым. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауларын өткізуге
жетекшіме көмектестім.

Сәрсенбі Сынып жетекшімнен мінездеме сұрап, өндірістік тәжірибеде


15.03.2023 өзімді қалай көрсеткенім жайлы, болашақта ата-аналармен қалай
жұмыс жасау керегі жайлы ақыл-кеңесін алдым.
Наурыз мерексіне орай ұйымдастырылған бағдарламаласына қызу
Бейсенбі дайындық өткіздік. Ата аналармен қосылып, сыныпты безендірдік.
16.03.2023

Машықтанушы құжаттарын жинаумен айналысып, ресми


құжаттарға қол қойғыздым. Наурыз мейрамына қарсы іс шараны
Жұма өткіздім. «Абай ауылы» деген атпен сынып өз өнерлерін
17.03.2023 коммиисяға барынша көрсетті.
Өндірістік практика туралы есеп

Мен, Кошембаева Мерей Ерболатовна, педагогикалық тәжірибем мен


шеберлігімді қалыптастырып, арттыру мақсатында 23.01.2023 - 31.03.2023 уақыт
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ мектебінде өндірістік
машықтанудан өттім. Машықтану барысында 5 «В» сыныбына сынып жетекшісі ретінде
бекітілдім.
Өндірістік машықтану барысында алғашқы күні 5 «В» сыныбының оқу-тәрбие
жұмысымен, оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық
ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Кәсіби
машықтануымның нәтижесінде мен сыныптағы тәрбие жұмысын зерттеп, оның мақсат-
міндеттерін белгілеу, педагогикалық әрекеттерді ұйымдастыра алу, оны бағалау,
нәтижесін алдын ала айқындау , іс-шараларға оқушылардың бәрін белсенді қатыстыруға
ұмтылдыру, іс-шара дайындықтарын ұйымдастыру сияқты әрекеттерді жетік меңгере
алдым деп есептеймін. Сондай-ақ, бекітілген сыныптағы тәрбие жұмыстарын жүргізіп,
оқушылардың даму, білімділік және тәрбиелік деңгейін анықтай алдым.
Өзіме бекітілген 5 «В» сыныбына «Әлімжеттік жасау- әлсіздік», «Достық қымбат
өмірде», «Қыз қылығымен сүйкімді» тақырыбындағы сынып сағатын өткіздім. Сынып
сағатындағы тапсырмаларды, ақпараттарды, жалпы жоспарды балалардың жас
ерекшелігіне, білім деңгейлеріне сай етіп таңдап алдым. Оқушылар сынып сағаттарында
өте белсенді болып, өз ойларын еш қысылусыз айтып, сынып сағатының сәтті өтуіне
жағдай жасап отырды. Ал сынып жетекшісі өткізген тәрбие сағатыма, оқушылармен
жақсы қарым-қатынас құра білуіме, іс шараларға балаларды тарта білуіме, жалпы атқарған
істеріме оң бағасын берді. Сабақ үзілістерінде оқушылармен көңілді сәттер өткізу үшін
сыныппен жиналып ойындар ойнадық. Ойындар білім мен ойын-сауық, сергіту сәттерін
қамтиды. Сабақ үзілістерінде балалардың орыс тілінде қарым-қатынас құратынын
алғашқы аптада байқап, оларға қазақ тілінде жұмбақатар жасыру, артық сөзді табу секілді
ойындар ұйымдастырдым. Мектепте машықтануда болған уақытымда сынып
оқушыларына қоғамдық қауіпсіздік, кішіпейілділік, болашаққа нақты жоспар құра білуге
және өздерінің құқықтары мен міндеттерін айқын түсіндіре және ұғындыра алдым деген
ойдамын. Оқушылар барлық іс-шараларға белсене атсалысты. Әсіресе, әрбір іс-шараларда
олардың белсенділіктері, жағымды бәсекелестікке түсе білу қабілеті, өнер мен оқуды,
спортты қатар алып жүре алуы, жан-жақтылығы таң қалдырды.
Сынып оқушылары ақкөңіл, диалогқа қандай да бір қысулусыз шығады. Балаларға
ауыр сөйлеу немесе дауыс көтеру, өктемдік көрсету деген қылықтардан аулақ болып,
ұстазға лайықты мінезді көрсете алдым деп ойлаймын. Сондықтан да болар, балалар тез
бауыр-басып, тіл табысып кетті және тәрбие сағатын өткізуімді өздері сұрайтын болды.
Жалпы, осы өткен машықтануым сынып оқушыларының да, сынып жетекшісіне де
ұнап, өзімнің де ойлағанымдай өтті. Тәрбие жұмыс жоспарларын қазіргі заманауи
технологияларды, сабақ басында психологиялық ахуалды ұйымдастыру мен түрлі
қызығушылықты оятатын көрнекіліктерді қолдана отырып сәтті өткіздім. Өзім үшін
болашақта керек болатын көптеген ойларды түртіп, практика барысында келген
идеяларды болашақта қолдану мақсатымен жазып алып, оқушылармен қалай байланыс
орнатуға болады, оларды қалай сабаққа қызықтыруға болатынын үйрендім. Машықтану
нәтижесінде жоғарғы оқу орнында алған теориялық білімді сәтті қолдана отырып, педагог
маманы болу үшін үнемі ізденісте жүру керектігін үйреткен білім орнымның берген
теориялық білімін, іскерлік дағдылары мен сөйлеу өнерін мектепте тәжірибе өткізу
барысында көрсетіп, өз кәсіби шеберлігімді шыңдай алдым деп ойлаймын. Практиканың
сәтті аяқталуына оқушылардың оқуға деген ынтасы, жетекшімнің бағыт-бағдары үлкен
әсерін тигізді. Мәселен, сынып жетекшісі Гаухар Сатыбаевна, балалардың мінездері
жайлы сипаттап өтіп, оқушыларға қандай тапсырмалардың ұнайтынын атап, мысалдар
көрсетіп, өткізген тәрбие жұмыстарыма әрдайым кері байланыс беріп, бөлісіп отырды.
Практика барысында берілген уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалдым.
Машықтанудан өту барысында болашақ мұғалімдік мамандығыма қажетті мол
тәжірибе жинақтадым, дарынды балалармен қалай жұмыс жасау керектігін үйреніп, сол
тәжірибемді алдағы уақытта Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатын тұлғалар
тәрбиелеймін деп сеніммен айта аламын.

СЫНЫПҚА БЕРЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ

Мен Кошембаева Мерей Ерболатовна «Ы. Алтынсарин атындағы


мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ мектебінде 23.01.2023 –
31.03.2023 күндер аралығында өндірістік іс-тәжірибеден өттім. Осы уақыт аралығында
бекітілген 5 «В» сыныбымен жұмыс жасадым. Сынып жетекшісі тәжірибелі, білікті де
білімді тарих пәні мұғалімі Тулегенова АйгульТулегеновна Сыныпта жалпы саны 25
оқушы, оның он алтысы ұл бала және тоғызы қыз бала. Сыныпта барлық бала өнерлі,
белгілі бір қызығушылықтары бар, оқуға ынталары зор балалар. Сынып Жамиля,
мұғалімнің оң қолы десекте болады, үнемі мұғалімге көмектесіп, сынып тыныштығын
қадағалайды. Онымен қоса сыныпта сынып басшысының көмекшілері, оқу секторы, спорт
секторы, еңбек секторы, тазалық секторы қызметтерін иеленіп, өз жауапкершілігін
ұстанатын сынып белсенділері қызмет атқарады.
Оқушылар, оқудан тыс әртүрлі іс-шараларға қатысады. Оған дәлел, қандай да бір іс-
шара болмасын, құттықтау бейне жазбасын түсірседе сынып таңдалынып алынады. Одан
бөлек мұғалімдерге де көмек қолын созуға даяр. Оқушылар, өз ойын ашық жеткізеді,
жылдам жауап беріп, сабақты жоғары деңгейде алып шығады. Сыныптағы жалпы тәртіп –
жақсы. Оқушылардың еңбекке деген көзқарасы жақсы қалыптасқан, көптеген оқушылар
қол еңбегіне бейім. Барлық оқушылар мектеп формасын сақтайды, үнемі таза жүреді.
Сынып белсенділері өздеріне тапсырылған жұмысты тиянақты орындайды. Сынып
басшысы үнемі сынып оқушыларын түгендеп, кезекшілік қызметін қадағалап отырады.
Тәрбие сағаттарын және мектепішілік шараарда оқушыларды ұйымдастырып, сынып
жетекшісіне үнемі қолғабыс жасайтын белсенді оқушылар бар. Олар: Алшозаров Данияр,
Арыстанбек Алдияр, Бахытбек Алихан және т.б.
Қорыта келе, сыныпқа жүргізілген психологиялық тест негізінде сынып ішіндегі
ынтамақстастық, татулық, достық, кішіпейілділік, сыйластық жоғары деңгейде екенін
білдім. Өздеріне бұл қарым-қатынас сезілмеседе, сыныптың әрдайым сынып ішіндегі,
сынптан тыс-іс шараларда өздеріне көрсетуіне қарай, үнемі алда болуына, жетістігіне
байланысты сыныпты еңбекқор, тату деп айтар едім. Оқушылардың ішінде сынып
санының көп болуынан туындайтын шуға байланысты кішігірім түсінбестік болса да,
сынып ішіндегі жақын достар тобы болса да алдағы уақытта бұл пікірлері, бірін-бірі әліде
тани бастағанда шешіледі дегенге нық сенімдімін.
Практика кезеңіндегі сыныппен тәрбие жұмыс жоспарының сызбасы

Сынып оқушыларының Сыныппен атқаратын тәрбиелеу Сыныппен атқаратың


тәрбиелілігі туралы жұмысының міндеттері жұмыс түрлері және
мәселесі мен күйі негізгі бағыттары

Сынып оқушылары жан-  оқушыларды азаматтылыққа, • сынып ұжымының


жақты, әр оқушының отансүйгіштікке, алуан түрлі бірлескен
сабақты жақсы оқып қана зиялылыққа, адам іс-шаралары
қоймай айналысатын құқықтары мен барысында өзара
қызығушылықтары бар. бостандықтарын, ынтымақтастық
Мысалға, оқушылар неміс, мемлекеттік рәміздері мен қарым-қатынасының
ағылшын тілдерін үйренеді, ұлттық дәстүрлерді сыйлауға қалыптастыру;
домбыра үйірмесіне тәрбиелеу; • оқушы тұлғасының
қатысады. Сонымен қатар,  мектеп, отбасы және қалыптасуына
ұлдар мен қыздар арасында мектептен тыс әлеуметтік қолайлы жағдай
оқу үлгерімдері бойынша институттардың күшін жасау мақсатымен,
бір-бірімен бәсекелесу өте біріктіру; олардың дамуын
жоғары болғанымен, бір-  білім беру жүйесінің барлық бақылау; тәрбие
біріне деген деңгейлерінде тәрбиенің жүйесіне қажетті
сыйластықтары, үздіксіздігі мен өзгерістер енгізу,
құрметтері, ұйымшылдығы, сабақтастығын қамтамасыз мектеп психологымен
кез-келген іске бірлесе ету; бірігіп оқушының
отырып ат салысатын  отбасылық тәрбие жүйесін қоғамдық өміріне
қасиеттері бар. Бір-бірімен қайта жандандыру және кейбір түзетулер
қарым-қатынастары жақсы, отбасын білім беру жасау;
сыныптың көп бөлігі досқа мекемелерінің тәрбие • оқушының
адал, сөзі берік оқушылар. жүйесіне араластыру; күнделікті өмірі мен
Үлкендерге ізетпен,  қазіргі заманғы қоғамдық әрекетін
кішілерге құрметпен өмірге және тиімді кәсіби іс- ұйымдастыруда,
қарауды сынып оқушылары әрекет пен жеке басының кәсіби бағдар беруде,
жақсы біледі. және әлеуметтік кәсіби қоғам өмірінің
Жанұялардың балаларға тұрғыда үздіксіз пісіп әлеуметтік-
көзқарасы нық, қадағалану жетілуіне қажетті маңызды экономикалық, саяси
процесі жақсы жүреді деп тұлғалық және кәсіби ерекшеліктерін
айтуға болады. сапаларын қалыптастыру; түсінуде көмек беру;
 оқушылардың өзін-өзі • сыныпта қолайлы
басқарудың қазіргі заманғы моральдық-
формаларын дамыту және психологиялық ахуал
оқушылардың саламатты қалыптастыру үшін
өмір салтын ұйымдастыру. сынып
ерекшеліктерін ескере
отырып, қажетті
тәрбиелік ықпалдар
жасау;
• оқушының дамуы
мен жетілуіне ықпал
жасайтын тәрбиелік
күштердің (мектеп,
отбасы, қоғам) басын
қосу.
Тәрбиелік іс-шараның технологиялық картасы сызбасы №1
1. Тәрбиелік іс-шара тақырыбы: «Әлімжеттік жасау - әлсіздік»
2. Тәрбиелік іс-шара мақсаты:
Оқушыларға Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты
сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-
зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіру.
3. Тәрбиелік іс-шара жоспары

Іс-шара өткізуші: Кошембаева Мерей

Тақырыбы: «Әлімжеттік жасау - әлсіздік»


Күні: 06.02.2023 ж
Негізгі А) Білімділік: Оқушыларды желідегі пайда болуы мүмкін әртүрлі
мақсаттар: қауіптер туралы білімдерін нығайту, тиянақтау;
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой
қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге
қызығушылығын арттыру;
Б) Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп,
сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын
тыңдай білуге тәрбиелеу, өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету.
Әдісі сұрақ – жауап, ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер
келтіру.
Көрнекілігі тақырыпқа байланысты бейне-ролик, таныстырылым, көрнекіліктер
Сынып Сынып сағатындағы жоспарланған іс-әрекет Пайдаланылған
сағатының ресурстар
кезеңдері:
Ұйымдастыру Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Қалдарың
қалай? (Оқушылармен кішігірім әңгімелесу)
- Амандасып, шеңберге тұрғызып,
оқушылар гүл ұсына отырып, бір- ДК экраны
бірінің жақсы қасиеттерін айтады. Презентация
Түс бойынша қағаз қиындыларын таңдау арқылы
топқа бөлінеді.
Негізгі кезең Мұғалім: балалар біз бүгін сабағымызда ДК экраны
«Әлімжеттік жасау – әлсіздік» тақырыбында ой
қозғамақпыз. Олай болса Әлімжеттік жасау –
әлсіздік деген сөзді қалай түсінеміз?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

1. Бейне ролик көрсету арқылы


оқушылардың пікірін тыңдау.
1-ші бейнероликте 11 сынып оқушылары 9
сыныпта оқитын оқушыны ұрып өлтіреді.
2-ші бейнероликте қыздар арасында болған
жағдай 10 сыныптың оқушысы 7 сынып
оқушыларынан әлімжеттік жасап, ақша талап
еткен.
Осы екі бейнероликті көріп, өз ойларын
ортаға салып талқылайды.
1. «Қарғысқа ұшыратқан балық» мәтінін
тыңдай отырып осы мәтіннің мән-
мағынасын ашып, ой түйу. Өз ойларын
ортаға салып, талқылау.
2. Жағдаяттар: «Мен заңды қаншалықты
жақсы білемін?»
Деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды
оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды
қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер
де, себебін алдарыңыздағы параққа жазасыздар,
егер қылмыс емес десеңіздер сол қолдарыңызды
көтересіздер, себебін тағы параққа жазасыздар.
Әр жағдайға жеке тоқталып, түсініктеме
бересіздер.
1. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе
жатыр.
2. Бір оқушы сыныптасына: «ертең 50 теңге
әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз»
деп күш көрсетті.
3. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.
4. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын
ақтарды. (Оқушылар түсініктеме берген соң заң
қызметкерлері заңға сүйене отырып, өз ойын
айтады.)

Қорытынды - Сонымен оқушылар Әлімжеттік


жасау дегеніміз не екен?
Оқушылар тәрбие сағатынан түйген ойларымен
бөлісіп, сабақты қорытындылайды.

4. Тәрбиелік іс-шара мазмұнының негізгі элементтері: оқушыларға Әлімжеттік


жасау туралы түсінік беру және оқушылардың білімдерін нығайту үшін дайындалған
көрнекіліктер мен сұрақтар; оқушылардың әлімжеттікке арналған ситуациялық сұрақтар.
5. Оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері: жеке жұмыс, топтық жұмыс
6. Тәрбие құралдары: бейне көрнекіліктер, сұрақтар, таныстырылым (Канва)
7. Тәрбиелік іс-шараны өзіндік талдау: Бұл тақырып олар үшін – актуалды тақырып
Тәрбиелік іс-шараның технологиялық картасы сызбасы №3
Іс-шара тәрбиесінің технологиялық карта сызбасы
1. Іс-шара тәрбиесінің тақырыбы: Ғаламтор әлемі;
2. Іс-шара тәрбиесінің мақсаты
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек- Ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру,
пайдасы мен зиянын түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық , іздемпаздылық қасиеттерін жетілдіру,
шығармашылыққа баулу;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіптіболуға
, басқаны тындай білуге тәрбиелеу.
3. Іс-шара тәрбиесінің түрі: Араалас;
4. Іс-шара тәрбиесінің жоспары:
 Ұйымдастыру кезеңі:
 Оқушылармен амандасу;
 «Шарады» әдісі;
 Кіріспе кезеңі:
 «Өз ойынмен бөліс»
 Сенімді ақпарат жүйесінен алынған, баяндамамен танысу.
 «Сен білдін бе?» миға шабуыл әдісі;
 Топтық жұмыс. Топқа бөлу
 Негізгі бөлім:
 Кроссворд шешу;
 «Кім жүйрік» ойыны;
 Сергіту сәті. «Кім озат» ойыны;
 Сабақтың қорытынды бөлімі:

 Рефлексия «Табыс баспалдағы».


5. Тәрбиелеу әдістері: іс- шара барысында оқушыларға топтық жұмыс жасауды, бір-
бірін тындай білуге баулыдым.
6. Оқушылардың қызыметкерлік ұйымдастыру түрі: топтық
7. Тәрбие құралы: мультимедиалық тақта, ақпараттар, А4,слайдтар;
8. Іс-шара тәрбиесінің өзін-өзі талдау: іс- ара барысында қойылған барлық алдыға
қойылған мақсаттар орындалды. Оқушылар пайдалы ақпарат біліп қана қоймай,
тәрбие сағатында бір- бірін сыйлай білуді, топпен жұмыс жасай білуді үйренді.
Және де әртүрлі ойындар арқылы бір- бірімен жақындаса білді.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин


атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ
Күні: 10.03.2022 Оқытушы: Кошембаева Мерей Ерболатовна
Сынып: 5 Қатысқандар: 22 Қатыспағандар: 3
Тақырыбы: «Ғаламтор әлемі»
Мақсаты:  Бүкіләлемдік өрмек- Ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой
қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру
Дамытушылық:  Оқушылардың тапқырлық , іздемпаздылық қасиеттерін жетілдіру,
шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік:  Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта білуге, өздерін сабырлы
әрі тәртіптіболуға , басқаны тындай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  Мультимедиалық тақта, ақпараттар, А4,слайдтар.
Сабақтың әдіс-  Талдау, сұрақ- жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
тәсілдер:
Сабақтың Сабақ барысы Ресурстар
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтың басы I. Ұйымдастыру кезеңі:

1 мин 1. Оқушылармен сәлемдесу.

10 мин 2. «Шарады» әдісі.


Оқушыларға бірнеше сөздер беріеді. Берілген сөздерді
кезекпен орындайды. Ал сыныптастары оның не екенін
анықтауға тырысады.

1 мин II. Кіріспе кезеңі: Слайд 1

Мультимедиалық тақтада сынып сағатынығ


тақырыбы беріледі, оқушылар тақтаға қарап, бүгінгі
сабақтың тақырыбымен танысады..

4 мин 1. Өз ойыңмен бөліс. Слайд 2


Оқушылар «ғаламтор деген не?» деген сұраққа жауап
береді.

7 мин
2. Сенімді ақпарат жүйесінен алынған,
баяндамамен танысу.
Оқушылар толық ғаламтор жүйесі туралы ақпаратпен
танысады.
Слайд 3

7 мин
3. «Сен білдін бе?» миға шабуыл әдісі. Слайд 4-5
Оқушыларға ғаламтор туралы қызықты мәліметтер
айтылады. Мәліметтерді талдап, өзара байланыс
жүргізеді.

1.Әлемде 2,4 миллиардтан астам адам интернетті


пайдаланады.
2.1991 жылы Интернет жалпыға ортақ болды.
3. info.cern.ch — 1991 жылы пайда болған әлемдегі
алғашқы веб-сайт. Бұл сайтты Тим Бернерс-Ли жасаған.
4. Әлемдегі ең жылдам интернет Оңтүстік Кореяда
(орташа жылдамдық – 25,3 Мбит/с), екінші орын:
Гонконг (орташа жылдамдық – 16,3 Мбит/с), үшінші
орын: Жапония (орташа жылдамдық – 15 Мбит/с) .
5. Google - әлемдегі ең танымал веб-сайт.
6. Facebook мемлекет болғанда халық саны бойынша 3
3 мин орында болар еді.

4. Топтық жұмыс. Топқа бөлу


«Жыл мезгілі» әдісі көмегімен оқушылар 4 топқа
бөлінеді.

5 мин
ІІІ. Негізгі бөлім

1. Кроссворд шешу.
Оқушылар топпен жұмыс орындайды.
1) Ғаламтор гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын қандай
тор?
2) Ресейлік әлеуметтік желі?
3) "Link" сөзінің қазақшасы?
4) 2010 жылы ашылған әлеуметтік желіні ата.
5) Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы?
6) Мәлімет сөзіне синоним?
7) Сөйлейді жан жоқ кеудесінде ,
Қызықты мағына бар кеңесінде.
5 мин Суретін шежіре етіп тартып берер,
Болғанын қанды майдан егесінде.Ол не?
8) "Ғаламтор" сөзінің орысша аудармасы?

2. «Кім жүйрік» ойыны.

Топтарға бөлінген оқушылар белгілі уақытта ғаламтордың


зияны мен пайдасын туралы постер құрап, қорғайды.

https://
3. Сергіту сәті. «Кім озат» ойыны wordwall.net/ru/
Алдын ала дайындалған викторина сұрақтарына жауап беру.
resource/
Викторина арнайы бағдарлма арқылы жасалған. Сұрақтар
28636852/%d0%b
пән сабақтарына байланысты.
a
%d1%96%d0%bc
2 мин
-%d0%be
%d0%b7%d0%b0
%d1%82

ІІІ. Сабақтың қорытынды бөлімі.


Рефлексия «Табыс баспалдағы».
Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатында қаншалықты
ақпаратты түсінгендерін бағалайды.

Қорытынды:
- Іс-шара тәрбиесінің мақсаты толықтай қамтылды деген ойдамын, себебі жоспар
бойынша өткізуге тырыстым;
- Іс-шараның ұйымдастыру мен дайындық сапасы жоғары деңгейде болды, барлық
құрал-жабдықтар іс- шара басталмас бұрын дайындалып, іс- шараның әр минуты
ойластырылды.
- Іс-шара кезінде оқушылардың қызыметкерлігін тәрбиелеу, өзіндік басқару мен
белсендігі өте жақсы болды. Әр бала сабақ уақытында тапсырмалармен қамтылып,
сабаққа белсенді қатсыты. Әр оқушы мен қойған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын
толық жеткізе алды.
- ХХІ ғасыр- ақпараттық заман болғандықтан, сынып жетекшілікке алынған сыныпқа
тандалған іс-шара тақырыбы қызықты болды. Себебі, тақырыпты таңдамас бұрын,
оқушылармен ақылдасып, бір шешімге келдік.сол себепті, әр оқушы сабақ үстінде
белсенді болды.

Қатысқан тәрбиелік іс-шараны талдау


Тақырыбы: Экология
Сыныбы: 7 «А»
Өткізген студенттің аты-жөні: Мұрат Ақжол
Мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:  Оқушылардың экология және оның адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы
қалыптастыру, экологиялық сауаттылық негіздеріне үйрету.
Білімділік:  Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның
барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде біз
және табиғат байланыстылығын білуге үйрету.
Дамытушылық:  Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз
бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін
дамытуға бейімдеу.
Тәрбиелік:  Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  Интертақта, табиғат туралы суреттер, ақпараттар, слайдтар, бейнебаян.
Іс-шара өткізу дайындығын талқылау: Мұғалім интерактивті тақтаға видеоны,
презентацияны қосып, интерактивті тақтаны сабақ басталмас бұрын тексеріп, сабақты
бірден бастау мақсатымен дайындап қойды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы машықтанушы Ақжол, тақырыпты жетінші -сынып
оқушылары үшін жоғарыдан келген тәрбие сағатының тақырыбын алып қана қоймай,
олардың қызығушылықтарын және жас ерекшелігін, тәрбиелік деңгейін ескере отырып,
сабақ жоспарын лайықты құрастырған. Ол заманауи технологияларды пайдалана отырып,
сынып ішінде топқа бөлу арқылы оқушылардың оқуда бір-бірімен бәсекеге қабілетті
екенін көрсете алды. Сабақта тек мұғалім баяндап қана қоймай, оқушыларда
презентациядан баяндап, слайдты оқуға ұмтылды. Жалпылама айтсақ, сабақ өте қызықты
және ақпаратқа толы болды.
1. Іс-шара өткізу дайындығын талқылау:
Іс- шараға толықтай сынып оқушылары қатысты. Іс- шара 7 сыныптың оқушыларына
жүргізілді. Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, іс-шараның тақырыбы анықталған
болатын. Сол себепті сабақ барысында, олар өте белсенді болды.
2. Іс-шара барысын талдау:

Іс- шара пән сабақтары біткен соң болғандықтан, оқушылар шашыраңқы болды. Алайда,
оқушыларды сабақ барысына қызықтыру үшін көптеген әдіс тәсілдер қолданылды. Сол
себепті, іс- шара соңында оқушылар көтеріңкі көңіл күйде болды. Оқутышының алдына
қойған мақсаттары толықтай қамтылды деп, толық сеніммен айта аламын. Алдын ала
дайындалған тапсырмалар мен құрал жабдықтар ьолықтай қамтылды. Оқушылар көптеген
мәлімет біліп, көптеген топтық жұмыс атқарды.
Жалпы қорыта келе, іс шара жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Іс шара соңында
оқушылар оқытушыға алғыстарын білдіріп, көптеген тілектер айтты. Бұнын барлығы іс-
шараның арқасында деп білемін.

Сабақтан тыс іс-шара психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талдау


Өзіңіз қатысқан сабақтан тыс іс-шараны бағаланыз 10-балдық шкаламен:
Өлшем 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
Мақсаттың сәйкестілігі +
Қойылған мақсаттың +
нәтижеге сай болуы
Мазмұнының +
формасына сай келуі
Оқушылардың +
ұйымшылдығы
Оқушылардың +
белсенділігі
Іс-шараның өту ахуалы +
Сынып оқушылардың +
әрекеттестік дәрежесі,
бір-бірімен қарым-
қатынасы
Оқушыларға іс-шараның +
эмоционалдық күш
ықпалы
Сыныптағы тәрбиелік +
шараның бүкіл
сыныптағы тәрбие
жұмысына
маңыздылығы

ТОПТАРДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ


(СОЦИОМЕТРИЯ)
Оқушылар:

1) Кіммен бір партада отырғың келеді?


2) Кіммен бірге саяхатқа шыққың келеді?
3) Кімді туған күніңе шақырғың келеді?

Талдау матрицасы
Кімді Кімді таңдады
таңдайд
ы

№ Есімдері 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 12 13 14 15 1 17 1
1 6 8

1 Ақылтаев Ахмет + + + + +
2 Алшозаров Данияр + + + + + + +
3 Аманжол Дарина + + + + +
4 Арыстанбек Алдияр + + + + +
5 Бахитбек Әлихан + + + + + + + +
6 Егинбай Назерке + + +
7 Елеусинова Нуржанар + + + + + + + +
8 Ерғали Мұстафа + + +
9 Ермағамбет Ернар + + + +
10 Есқожа Алдияр + + + + + +
11 Жандарбеков Бахтияр + + + + + + +
12 Ибраев Жандос + + + + + + +
13 Исен Султанбек + + +
14 Карымсакова Арилана + + + + + + + + + +
15 Мержакупова Айдана + + + + + + +
16 Мустапаев Алихан +
17 Нургалеев Галинур + + + +

18 Нурумова Айнара + + +
Таңдағандар саны 7 7 3 3 7 3 1 6 5 7 6 4 4 4 7
0

Бір-бірін таңдағандар 4 6 3 3 7 3 7 3 3 6 4 3 3 4 6
Талдау: Сынып оқушыларының татуластығы жоғары деңгейде. Барлығы бір-бірімен
жақсы араласады. бір-біріне, ұлдар бір-біріне жақынырақ. Арасында сыныптың ортасына
белсенді араласпайтын оқушылар да бар

СИШОР БОЙЫНША ТОПТЫҚ БІРЛІК ИНДЕКСІН АНЫҚТАУ

Талдау:
№ Аты-жөні Көрсеткіштері
1 Ақылтаев Ахмет 15
2 Алшозаров Данияр 12
3 Аманжол Дарина 13
4 Арыстанбек Алдияр 19
5 Бахитбек Әлихан 14
6 Егинбай Назерке 17
7 Елеусинова Нуржанар 15
8 Ерғали Мұстафа 18
9 Ермағамбет Ернар 13
10 Есқожа Алдияр 11
11 Жандарбеков Бахтияр 16
12 Ибраев Жандос 12
13 Исен Султанбек 16
14 Карымсакова Арилана 17
15 Мержакупова Айдана 14
16 Мустапаев Алихан 18
17 Нургалеев Галинур 18
18 Нурумова Айнара 15
19 Сабижан Дария 17
20 Сағитжан Жамиля 18
21 Садвакасов Алижан 13
22 Сеилхан Алинур 17
23 Темірхан Дәмелі 16
24 Түгел Сағындық 15
25 Хозедияс Дархан 19

Сишор бойынша топтық бірлік индексіне қарай отырып, оқушылар өздерін топ
мүшесі ретінде сезінеді.

«ТОП ІШІНДЕГІ АТМОСФЕРА» СҰРАҚТАМА


Шкала-сауалнама «Топтағы психологиялық атмосфера»
Әдістеменің мақсаты: ұжымдағы психологиялық атмосфераны бағалауға қолданылады.

Әдістемені жүргізу және өңдеу: «Төмендегі кестеде бір-біріне қарама-қарсы


мағынадағы сөздер келтірілген, сол арқылы класстағы атмосфераға сипаттама беруге
болады. Класстағы атмосфера Сіздің пікіріңізше оң жақтағы немесе сол жақтағы сөзге
жақын деп есептесеңіз соған мына белгіні қоясыз *, сол арқылы класстағы психологиялық
атмосфера анықталады».
Нәтижелер:
№ Аты-жөні Көрсеткіштері
1 Ақылтаев Ахмет 39
2 Алшозаров Данияр 41
3 Аманжол Дарина 36
4 Арыстанбек Алдияр 56
5 Бахитбек Әлихан 45
6 Егинбай Назерке 34
7 Елеусинова Нуржанар 45
8 Ерғали Мұстафа 46
9 Ермағамбет Ернар 35
10 Есқожа Алдияр 47
11 Жандарбеков Бахтияр 27
12 Ибраев Жандос 56
13 Исен Султанбек 46
14 Карымсакова Арилана 56
15 Мержакупова Айдана 46
16 Мустапаев Алихан 55
17 Нургалеев Галинур 46
18 Нурумова Айнара 35
19 Сабижан Дария 53
20 Сағитжан Жамиля 35
21 Садвакасов Алижан 65
22 Сеилхан Алинур 34
23 Темірхан Дәмелі 56
24 Түгел Сағындық 36
25 Хозедияс Дархан 65
14 Серік Айдос 46
15 Шынболатұлы Мәди 56
Топ ішіндегі атмосфера деңгейі сыныпта оқуға ыңғайлы, достық, ынтымақтық деген
сияқты қасиеттер басымырақ. Егер 80 баллға жақын болғанда сыныптың бір-бірмен
қарым-қатынасы өте нашар дер едім, алайда мұнда 10 баллмен белгіленген жауапта
табылды. Және сыныпқа қарап, жұмыс жасау барысында да, сыныптың жақсы қасиеттері,
ұжымда жұмыс істей алу қабілеті дамыған деп айтар едім.

You might also like